Редакция ал қ



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата31.01.2017
өлшемі8,34 Mb.
#3088
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

 (1922-1993) – Қытай 

қазақтарынан шыққан ғұлама, тарих ғалымы, 

тіл маманы, әдебиеттанушы, ақын, аудармашы, 

қоғам қайраткері, Қытай қазақ әдебиетінің негізін 

салушылардың бірі. Зираты Үрімжі қаласында. 

Қажығұмар Шабданұлы (1925-2011) – жазушы. 

Саяси жаламен өмірінің қырық жылға жуығын 

жазалау лагерінде, түрмеде өткізген. «Қылмыс» 

трилогиясының ав торы. 2011-жылдың ақпан айында 

өмір ден озған қаламгердің сүйегі ҚХР-дың Шәуешек 

қаласындағы мұсылман қоры мында жатыр.

Мүтәліп Әміреұлы (1928-1988) – әйгілі театр 

және кино актері. «Тянь-Шань қызыл гүлі», «Қыз 

бейіті», «Жетім қыздың махаббаты» сынды атақты 

кино фильмдерде басты рөлдерді сомдаған.

Араб әмірлігі 

Абдолла қажы Сарыұлы Әл-Бұқари – қазақтың 

екінші Бейбарыс сұлтаны. Сауд елі патшасының оң 

қол уәзірлігіне және Мекке қаласының әкімі лауазы-

мына дейін көтерілген. Сауд-Арабия еліне «Еңбегі 

сіңген генарал», министр дәрежелі әскери басшы. 

Абдолланың есімі – Шәкен Сарыұлы. 1927 жылы 

Қытайдағы өр Алтайдың Шіңгіл ауданында туған. 13 

жасында туған елінен айырылып, саудагер ұйғырға 

сатылып кеткен. 1941 жылы сол ұйғырмен бірге 

Сауд-Арабияға барып, сонда қалған. Өткен ғасырдың 

70-жылдары Мекке қаласының әкімі міндетін 

10 жылға таяу атқарған, кейін Сауд патшасының 

көмекшісі, уәзірі  қызметіне дейін көтерілген. Шәкен 

қажы Сарыұлы 2000 жылы Сауд-Арабияның Жидда 

қаласында 73 жасында дүниеден өткен. 

  

Тибет

Бөке батыр Жырғалаңұлы (1846-1904) – ұлт 

қайраткері. Халқының қамын ойлаған ер, артына 

жұртын ертіп, Тибет асып, Үндістанның шегарасы-

на ат тұм сы ғын тіреп тоқтайды. Бөке батырды 1904 

жылдың жазында Тибет төрелері ел астанасы Лхаса 

қаласына шақырады. Осы сапардан еліне оралған 

тұста Бөке ауырып, қайтыс болды. Сүйегі Тибет 

авто но миялы районы Алтынтоқ ауданына жерленген.

 

 Ресей

Доспамбет жырау (1490 жылы қазіргі Ресей 

Федерациясының Ростов об лы сында дүниеге келіп, 

1523 жылы Астра хань маңындағы Азау қаласында 

дүниеден өткен) – жырау, қолбасшы. Доспам-

бет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңін-

де өмір сүрген. Дешті Қыпшақты көп аралаған. 

Бақшасарайда, Ыстамбұлда бол ған. Қырым ханының 

жағында көптеген әскери жорыққа қатысқан. Тайпа 

аралық ұрыстардың бірінде қаза тапты.

Қадырғали Жалайри (1530-1605) – атақты ғалым, 

шежіреші. Тәуекел ханның сарайында қызмет 

етіп, ақылшы міндетін атқарған. Оразмұхаммед 

сұлтанмен бірге Ресей патшасы Борис Годуновтың 

қолас тында аманатта болған. 1602 жылы жа рық 

көрген «Жылнамалар жинағының» ав  торы. Ресейдің 

Рязань облысы, Касымов қа ла сындағы мұсылман 

қорымына жер ленген.

Бөкей хан Нұралыұлы (туған жылы белгісіз-1815) 

– Бөкей ордасының ханы. Еділ мен Жайық 

өзендерінің арасындағы қазақтың атақонысын 1580 

жылдан Ресей патшалығы иеленіп келген еді. Бөкей 

хан Ресей патшасы ІІ Павелден қазақтардың осы 

жерге қоныстануына рұқсат алып, Бөкей ордасының 

іргесі қаланып, еліміздің батысындағы Ресеймен 

арадағы шегара шеген делді. Бөкей хан 1815 жылдың 

21 ма мы рында көз жұмды. Зираты қазіргі Ре сей  дің 

Астрахань облысы, Красный Яр ауданы, «Малый 

арал» ауылына жақын жерде.

Арынғазы хан Әбілғазизұлы (1758-1833) – 

көрнекті мемлекет қайраткері, дәу лескер күйші. 

Халқына жағымды болғаны үшін ел аузында «Ты-

ным хан» атанған. 1823 жылы патшалық Ресей 

үкіметі оны қапыда алдап қолға түсіріп, Калугаға 

жер аударды. Арынғазы хан айдауда жүріп, белгісіз 

жағдайда қайтыс болған.

Құрманғазы



 Сағырбайұлы (1823-1896) – қазақтың 

ұлы күйшісі. «Адай», «Сарыарқа», «Ақсақ киік», 

«Төремұрат», «Бал  бырауын», «Қуаныш», «Көбік 

шаш қан», «Кішкентай» сынды көптеген күй дің авто-

ры. Күйшінің сүйегі Астрахань об лы  сының Володар 

ауданына қарасты «Құр  манғазы төбе» деп аталатын 

жерде жатыр.

Сәлімгерей Жантөрин (1864-1926) – ұлт-азаттық 

қозғалыс жетекшілерінің бірі, меценат. Атақты 

«Ғалия» медресесін салу ға қаржылай ықпал ет-

кен, «Әл-Ғала ми әл-Ислами» (мұсылман әлемі) 

діни-саяси га зетінің құрылтайшысы һәм идеялық 

ба ғыттаушысы болған. «Алаш» партиясының көсем-

дерімен ара ласып, оларға қолдау көр сеткен. 1926 

жылы жұмбақ жағдайда өмірден озған Сәлім герей 

Жантөрин Уфада жерленді.

Әлихан Бөкейханов (1876-1937) – ұлт тарихында 

өшпес із қалдырған Алашорда көсе мі, қазақ жерінің 

астындағы, үстіндегі, көгін дегі бар байлығы қазаққа 

қызмет етуін армандап өткен аса көрнекті тұлға. 



ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ

№ 1 ( 2 0 1 6 )

70

1937 жылдың тамызында нақақ жаланың құр баны 



болып, Мәскеуде ату жазасына кесілді.

Жүсіпбек


 Аймауытов (1889-1931) – қазақ 

халқының азаттығы үшін күрес кен ұлт қайраткері, 

классик жазушы, ағартушы ғалым. 1929 жылы 

«ұлтшыл ұйыммен байланысы бар» деген жаламен 

тұтқындалып, 1931 жылы ату жазасына кесу туралы 

сырттай үкім шығарылды. Мәскеуде жерленген.

Нығмет Нұрмақов (1895-1937) – көр некті қоғам 

және мемлекет қайраткері, қалам гер публицист. 

Алаш арысы Әлихан Бөкейхановпен бір күнде, бір 

статьямен Мәскеуде атылған.

Сұлтанбек Қожанов (1894-1938) – мемлекет 

және қоғам қайраткері, ғалым, пуб  лицист. Астананы 

Орынбордан Қызыл   ордаға көшіруде, бұрмаланып 

кел  ген «киргиз» деген атты «қазақ» деп түзе ту де 

ерен қайрат көрсеткен.

Нәзір Төреқұлов (1892-1937) – мем лекет және 

қоғам қайраткері. Қазақтан шыққан алғашқы 

кәсіби дипломат. КСРО-ның Сауд Арабиясындағы 

өкілетті өкілі болған, дуайен лауазымына (сол елдегі 

елшілерге басшылық жүргізетін дәреже) жеткен 

тұңғыш қазақ. Ұлт мүддесін өз өмірінен биік қойған 

ардақты азамат 1937 жылы ату жазасына кесілді.

Тұрар Рысқұлов (1894-1938) – мемле кет және 

қоғам қайраткері. «Халық комис сарлары Кеңесі 

төрағасының орын басары» дәрежесіне дейін 

көтерілді. 1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде 

демалыста жүрген жерінде «пантүрікшіл», «халық 

жауы» деген айыппен тұтқынға алынды, Мәскеуде 

атылды.

Ахмет Бірімжанов (1871-1927) – Алаш жұртының 



азаттығы үшін күрескен тұлға. Ресейдің І және ІІ 

Мемлекеттік Думаларына депутат болып сайланып, 

Мұсылман фракциясы төрағасының орынбасары 

қызметін атқарған. Сүйегі Ленинградтағы «Волков» 

зиратында.

Қамбар Медетов (1901-1938) – атақ ты күйші, 

өнер қайраткері. Күйшілік талантымен Сталинді 

таңғалдырған. 1937 жылы репрессияға ұшырап

Солтүстік Қиыр Шығыста қайтыс болды.

Ғани Мұратбаев (1902-1925) – Орта-

лық Азия мен Қазақстан жастар қоз ға лысын 

ұйымдастырушылардың бірі, коммунистік жастар 

интернационалының қайраткері. Өкпе ауруынан 

қайтыс болып, Мәскеудегі «Ваганьков» қорымына 

жерленді.

Елизавета Әлиханқызы Сәдуақасова (1903-

1971) – «Алаш» қозғалысының көсемі Әлихан 

Бөкейхановтың қызы, ұлт қайраткері Смағұл 

Сәдуақасовтың жары. Дәрігер-терапевт, медицина 

ғылымының докторы. Екінші дүниежүзілік соғысқа өзі 

сұранып аттанған. Мәскеу қаласында қайтыс болған.

Ерік Құрманғалиев (1959-2007) – әйгілі опе-

ра әншісі, актер. 1992 жылы «Мадам Бат терфляй» 

спектакліндегі басты рөлі үшін Ресей де «Жылдың 

үздік актері» атанған. Аса си рек кездесетін дауыс 

иесі 2007 жылы көз жұ мып, Мәскеудегі «Ваганьков» 

зиратына жерленді.

    


Иран

Жарылғап Қырықмылтық (1908-1990) – Иран 

қазақтарынан шыққан әйгілі ақын. Туған елге де-

ген жүрекжарды сезім нен туған жырлары отандық 

мерзімді басылымдарда жиі жарияланған. Гүмбез-

Қауыс қаласының іргесіндегі қазақ ауылында 

өмірден озды.

  

Моңғолия

Күлтегін (684-731) – Түркі жұртының даңқты 

қолбасшысы. Ежелгі тарихи-поэзиялық жазба дерек-

тер бойынша, 7 жасында жетім қалған, 16 жасында 

бес қаруын асынып ел қорғаған. Ағасы Тоныкөк да-

наны таққа отырғызып, өзі өмірінің соңына дейін ат 

арқасында ғұмыр кешкен. 47 жасында соғыста қаза 

болған.

Хамза Ерзінұлы Зайсанов (1912-1966) – 



шетелдегі қазақтардың арасынан шы қан алғашқы 

қазақ генералдарының бірі, аты аңызға айналған 

әскери ұшқыш. 1939 жылы Жапониямен Халхин-

Голда бол ған ұрыста теңдессіз ерлік көрсеткен. 1942 

жылы Моңғолия Үкіметінің қаулы сы  мен Әуе қарулы 

күштерінің Бас қолбас шы  сы болып тағайындалады. 

1944 жылы Ұлы Құрылтай басшысының Жарлы-

ғымен оған «авиа ция генерал-майоры» шені беріледі. 

1966 жы лы қайтыс болған даңқты батыр Ұлан-Ба тор-

дағы «Алтын бесік» зиратына жерленген.

  

Өзбекстан

Ер Қосай (1507-1594) – Қазақ хандығы ның 

алғашқы кезеңінде өмір сүрген, қазақ мемлекеттігін 

нығайтуға үлес қосқан тарихи тұлға. Ер Қосай 

түрікменнің Ер Сары көсемі нің қызы Оғылмеңліге 

үйленген. Одан жорық жыршылары, ақындар, жы-

раулар, өнер шеберлері – Қал нияз, Абыл, Нұрым, 

Қашаған сынды дүлдүлдер тараған. Ер Қосай мен 

Оғыл меңлі ана Нүкіс қаласының Бес төбе жерінде 

мәңгілікке дамыл тапқан.

Тәуекел хан – 1583-1598 жылдары билік құрған 

қазақ ханы. Бұхар хандығымен күресте Мәскеумен 

одақтасуды жөн санап, 1594 жылы елші аттандырған. 

Бұхара қаласын алу үшін болған ұрыста ауыр жа-

раланып, Ташкентке келіп қайтыс болды. Самарқан 

қаласында жерленген.

Шығай хан – 1580-1582 жылдары би лік жүргізген 

қазақ ханы. Шайбани мұра герлерінің арасындағы тақ 

тартысын қазақ мемлекеттілігін нығайтуға сәтті пай-

да ланған. Самарқан қаласында жерленген.

Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлы (1576-1656) – 

батыр қолбасшы, би. Батырдың денесі Самарқан 

өңіріндегі Дағбид қыстағында жерленген.

Төле би (1663-1756) – қазақ халқының бірлігін 



ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ

№ 1 ( 2 0 1 6 )

71

нығайтуға зор үлес қосқан атақты би. Тәукені хан 



етіп сайлап, үш жүздің ұлыстарын бір орталыққа 

бағындыруға ұйытқы болған. Төле би Ташкенттегі 

Шайқантәуір зиратына жерленген.

Әйтеке би (1644-1700) – қазақ халқы ның 

атақты үш биінің бірі. Тәукені хан етіп сайлауға 

қатысқан. Әйтеке бидің қабірі Өзбекстандағы Науаи 

облысының Нұрата деген жерінде.

Сырым Датұлы (1723-1802) – қол бас шы батыр, 

би, шешен. 1783-1797 жыл дардағы орыс отаршыла-

рына қарсы ұлт-азаттық көтерілістің жетекшісі. Пат-

ша әскерінен бас сауғалаған Сырым Хиуа хандығының 

жеріне өтіп кетеді. Ел арасына атағы кеңінен тараған 

батырдан қауіптенген Хиуа ханы оны қапыда улап 

өлтірген. Сүйегі Қарақалпақстанда жерленген.

Базар Оңдасұлы (1842-1911) – жырау. Қазіргі 

Қызылорда облысының Қар мақшы ауданында 

дүниеге келген. Базар 15-16 жасынан бастап Ор 

төңірегін, Ырғыз, Сыр бойы, Қызылқұмды, Үргеніш, 

Хиуа жа ғын жырау ретінде аралай ды. Жыраудың өз 

айтуы мен хатқа түс кен 15 мың жолға жуық өлең-

жырлары, 5 дас таны сақталған. Базар жыраудың 

өлең дері 1925 жылы Таш кент те шыққан «Терме» 

жинағына, 1931 жылы жа рық көрген «Қазақтың әде-

биет нұс  қалары» атты кітапқа енді. Базар жыраудың 

зира ты Өзбекстанның Тамды ауданының Жалпақтау 

деген жерінде.

Шәді Жәңгіров (1855-1933) – ақын. Ол 30-ға 

жуық дастан және көптеген өлең жазған. Көлемді 

шығармаларынан қазірше табылғаны – 18 дастан. 

Өзбекстанның Сырдария облысы Қаратөбе елді 

мекенінде дүние салған.

Серәлі Лапин (1868-1919) Қызылорда об-

лысы, Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылында 

туған. Араб, парсы т.б. шығыс тілдерін жетік біліп

«Шаһнама», «Туһрат ал-Хани» дастандарының пар-

сы тіліндегі қолжазбаларын зерттеген, Фирдаусидың 

«Шаһнамасын» қазақша тәржімалаған. 1919 жылы 

Самарқан қаласында белгісіз жағдайда қайтыс болды.

Сабыр Рахымов (1902-1945) – Кеңес Одағының 

Батыры, гвардия генерал-майоры, даңқты қолбасшы. 

1945 жылдың наурыз айында Кенигсбергте қаза 

тапты. Кейін сүйегі майдан даласынан әкелініп, 

Ташкенттегі Кафанов саябағына жерленді.

Орал Таңсықбаев (1904-1974) – кескін демеші, 

КСРО халық суретшісі, КСРО Көркемсурет 

академиясының толық мүшесі. Өзбек КСР 

Мемлекеттік сый лығының лауреаты (1973). «Ленин» 

және басқа 4 орденмен марапатталған. Таш кенттегі 

«Шағатай» қорымына жерленген.

Әбибулла Садықов (1930-1991) – балуан. 1952 

жылы Ашхабадта Орта Азия және Қазақстан арасын-

да өткен спартакиадада күрестен абсолютті чем пион 

болған. Өзбекстанның бірнеше дүркін (1949,1954, 

1955) чемпионы. Сүйегі Нөкіс қаласындағы зиратқа 

қойылған.

Өмірзақ Қожамұратов (1936-1983) – ақын. 

Бұхара облысы, Тамды ауданында туған. Жазушы», 

«Жалын» баспаларынан «Жиделі Байсын» (1966), 

«Таңғы дауыс» (1971), «Жол аяқталмайды» (1981), 

«Ой кешу» (1989), «Күн астында – құдірет» (1998), 

«Суреттегі жұмбақтар» (1998) жыр жинақтары 

жарық көрген. Өзбекстанның Науаи облысында жер-

ленген.

  

Украина



Ғұбайдолла Бөкеев (1840-1909) – әскери 

қайраткер, Ресей армиясының инфантерия генера-

лы. Орыс-түрік соғысында айрықша қолбасшылық 

қабілет көрсеткені үшін генерал-майор атағын, 

«Ерлігі үшін» ал тын қылышын иеленген, І дәрежелі 

Анна орденімен марапатталған. Отставкаға шық қан 

соң, 1902 жылы император сыйға тартқан Ялтадағы 

иелігіне көшіп барып, сүйегі сол қалада жерленген.



Тәжікстан

Елеусіз Бұйрин (1874-1933) – ақын, қоғам 

қайраткері. 1911-13 жылдары «Қазақ стан» газетінің 

редакторы болып, «Қазақ стан» сөзін тұңғыш рет 

ресми тілге енгізді. 1932 жылы елде саяси қу ғын-

сүргіннің алғашқы толқыны бас тал  ғанда Елеусіз 

Бұйрин Тәжікстанға қоныс аударады. Сонда Орталық 

архив басқармасына инспектор болып қызметке ор-

наласады. 1933 жылы 16 сәуірде қыз метінен қуылып, 

көп ұзамай аштықтан Душанбеде дүние салады.

  

Түрікменстан

Құныскерей



 Қожахметов (1895-1964) – қызыл 

чекистерге қарулы қарсылық көрсеткені үшін 

қуғындалған, «Банды Құныскерей» атанған халық 

батыры. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, 

Тайсойған құмында туған. Кеңес өкіметі тұсында 

«қандықол қарақшы» деген жала жабылса да, 

әділдігімен, ерлігімен есімі аңызға айналған. 1933-

жылы Түрік менстанға бас сауғалауға мәжбүр бола-

ды. Сол жақта «Әбілқайыр Жаманов» деген ат пен 

өмір сүріп, 1964 жылы өмірден озған.



P.S. Жат жұртта жерленген тұлғалардың жоғары-

дағы тізіміне қосылатын әлі қан шама арысымыз бар 

екені сөзсіз. Біз бүгін тарихты зерттеушілер ге, ғалым -

дарға ұсы ныс ретіндегі ойымызды ортаға салып отыр-

мыз. Ескерте кететін бір жайт – 1941-1945 жыл  дардағы 

Ұлы Отан соғысында Ресей, Украина, Беларусия, Мол-

давия мен Венгрия, Юго  славия, Польша, Чехословакияда 

опат болып, сонда жерленгендер дерегі көп кітаптарда 

бар болған дықтан, мақалаға кір гізілмеді. Тұлғаларымызды 

толық қанды тү ген деу алдағы күннің еншісінде 

болмақшы. Оқырман тарапынан айтар ұсыныс-тілек бол-

са, құлақ қоюға әзірміз.

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ

ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ

№ 1 ( 2 0 1 6 )

72

…Este joq eski zamanda babalarımızdıñ biri bilim 



izdep, ilim qwıp Şam şaharına jol tartsa, endi biri 

tağdırdıñ tawqımetimen quldıqqa satılıp, Mısır elinen 

bir-aq şıqqan. Olardıñ twğan jerden, özderi ömir boyı 

añsap ötken jwsandı dalasınan jıraqta mäñgilik qonıs 

tebwine osınday jağdaylar sebep bolğan. Ne desek te, 

ğulama ğalım, «Şığıstıñ Arïstoteli» atanğan Äl-Farabï 

men ataqtı qolbasşı, Mısırğa bïlik jürgizgen sultan 

Beybarıstıñ qazirgi «Qazaq eli» dep atalatın irgeli 

jurttıñ perzenti ekeni – tarïxta tübegeyli tañbalanğan 

aqïqat. Basqa jurt olardıñ ulan-ğayır ulı dalanıñ 

ulanı ekendiginen, sol dalanı «qazaq» degen xalıq 

mekendeytininen beyxabar bolıp jatsa, ol – bügingilerdiñ 

kemşiligi. Qazirgi kezde älemde «toğızınşı terrïtorïya» 

sanalatın Qazaq dalasınan Äl-Farabï, Beybarıs sultan, 

Muxammed Xaydar Dwlatï sındı danalar şıqqandığın 

ğalamğa tanıta almay jatsaq, ol da – äli ornı tolmay 

jatqan osal tusımız.

Jat jurtta jerlengen atalarımızdıñ tağı biri 

émïgracïyada jürip dünïeden ötti. Twğan xalqınıñ, 

Qazaq eliniñ ğana emes, ïisi türki jurtınıñ azattığı 

üşin arpalısqan, totalïtarlıq jüyeniñ qısımına şıdamay, 

émïgracïyağa ketwge mäjbür bolğan alaş arısı – Mustafa 

Şoqay sırtta jürip te, eliniñ täwelsizdigi üşin küresin 

jalğastıra berdi.



JAT JURTTA JERLENGEN 

JAMPOZDAR

QAZAQTIÑ OTJÜREKTI AQINI ÄBDIRAŞTIÑ JARASQANI BIR JIRINIÑ 

TÜYININ: «QULPITAS QOYAR-QOYMAS BASIMIZĞA, OL JAĞIN WAQITTIÑ 

ÖZI BILER!..» – DEP BIR QAYIRATINI BAR. OSI ARQILI AQIN ÖZINIÑ ĞANA 

EMES, BURINĞI BABALARDIÑ AMANATIN DA JETKIZIP TURĞANDAY. 

ZADINDA, XALIQ ATINAN DA QULPITAS ÖZI AYRIQŞA QURMETTEGEN, 

ELGE EÑBEGI SIÑGEN TULĞASINA QOYADI EMES PE?! JARASQAN AQIN 

AYTQAN «WAQITTIÑ» ASTARINDA URPAQ PARIZI QOSA ÖRILIP JATIR. 

ÖYTKENI WAQIT ÖTKEN SAYIN NAĞIZ TULĞALARDIÑ EL ALDINDAĞI 

MÄRTEBESI DE BÏIKTEY TÜSPEKŞI. SOL ARQILI ÏGI JAQSILARDIÑ EÑBEGI 

URPAQ SANASINDA QAYTA JAÑĞIRADI, WAQIT ÖLŞEMI OSILAYŞA KIMNIÑ 

KIM EKENDIGIN TARAZILAP BEREDI. ÖTKENINE QURMETPEN QARAYTIN 

URPAQ QANA ÖMIRDEN ÖTKEN ÏGI JAQSILARI MEN JAYSAÑDARINA 

LAYIQTI QOŞEMET KÖRSETE ALADI. ÄRÏNE, OL ÜŞIN ÄWELI 

TEKTILERIMIZDI TÜGENDEP ALW, OLARDIÑ ELGE SIÑIRGEN EÑBEGIN 

SARALAW MÄSELESI ALDAN ŞIĞATINI BELGILI.

ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ

№ 1 ( 2 0 1 6 )

73

Büginde jat jurt sanalatın elderde jerlengenderdiñ kelesi bir tobı – 



atamekeniniñ topırağı buyırğandar. Taşkentti bïlegen Töle bï, Samarqanğa 

bïlik aytqan Jalañtös bahadür – osınıñ ayğağı. Arda qazaq keñ jürip, en 

jaylağan Nuratada (Özbekstannıñ Nawaï oblısı) Äyteke bïdiñ jerlenwi 

de osını däleldeydi. Qurmanğazınıñ süyegi de ata-babaları at oynatqan 

Reseydiñ Astraxan’ oblısınıñ awmağında jatır. Edil men Jayıq özenderiniñ 

arasındağı qazaqtıñ ataqonısın Resey patşası II Paveldiñ jarlığımen 

zañdastırıp bergen Bökey xan da atalğan oblıstıñ şeñberinde mäñgilikke 

damıldağan.

Zamanalar dawılınan, töñkerister topalañınan bağzı babalarımız 

keñ jaylağan qonısımızdıñ örisi tarıldı. Ustağannıñ qolında, tistegenniñ 

awzında ketti demesek te, surqay sayasattıñ kesirinen basqanıñ qanjığasına 

bökterilgeni – aşıq mäsele. Resey, Qıtay, Özbekstan awmağında jatqan 

babalardıñ süyegi – osığan kwä. Ärïne, awmaqtıq talap qoyğalı otırğan 

biz joq. Mümkindigi bolsa, süyegi jat jurtta qalğan ulılarımızdıñ basına 

eskertkiş-belgi ornatıp, jaqsılarımız ben jaysañdarımızdı ulıqtaw – bastı 

parızımız. Eñ bolmasa, olardıñ qay jerde jerlengeninen xabardar bolw, 

sonı keler urpaqqa amanattaw da tarïxï tanımnıñ bastawı bolmaqşı. Biz 

köterip otırğan mäseleniñ mañızı da osığan sayadı. «Öli razı bolmay, tiri 

bayımaydı» degendi babalarımız osığan qatıstı aytqan şığar-aw.

Täwelsizdik tusında arğı-bergi tarïxımızğa jañaşa közqarastıñ qalıptaswı 

kesek tulğalardıñ tragedïyalı häm tağılımdı tağdırın tarazılap, eñbekterin 

saralawğa mümkindik berdi. Äl-Farabï, Beybarıs sultan, Töle bïdiñ kesenesi 

qalpına keltirilip, Qurmanğazınıñ, Äyteke bïdiñ, Bökey xannıñ keseneleri 

boy köterdi. Biz el täwelsizdiginiñ 25 jıldığı qarsañında atajurttan jıraqta 

jerlengen tulğalardı eske alğandı jön körgen edik.

Sïrïya

Äbw Nasır äl-Farabï – Otırarda twıp, älemge dañqı jayılğan şığıstıñ ulı 

oyşılı. Fïlosof, matematïk, astronom, fïzïk, botanïk, lïngvïst, logïka, mwzıka 

zerttewşisi. Äl-Farabï babamız 970 jılı Şam şaharında, qazirgi Sïrïyanıñ 

Damask qalasındağı Bab äs-Sağïr zïratına jerlengen. Kesenesi 2010 jılı 

Qazaqstan Ükimetiniñ atsalıswımen qayta qalpına keltirildi.



Mısır

Beybarıs sultan 1223-1277 jıldarı Mısırda bïlik qurğan. Qıpşaq 

dalasında twğan dañqtı ämirşi Kaïrde jerlengen. 2010 jılı qayta qalpına 

keltirilgen 6 tarïxï nısannıñ tiziminde Beybarıs babamızdıñ da kesenesi bar.

Qaytpay (tolıq nıspısı – äl-Äşraf Seyit ad-Dïn Qaytpay) 1416 (18) jılı 

Deşti Qıpşaq topırağında kindigi kesilgen. Qaytpay Mısır men Şamnıñ 

(Sïrïya) mämlükterden şıqqan on segizinşi sultanı (1468-1496) bolğan. 

Ol Mekke, Mädïna, Kaïr, Qudıs (Ïerwsalïm), Damaşıq (Damask), Xaleb 

(Aleppo), Aleksandrïya sekildi şaharlardıñ qurılısında öz qoltañbasın 

qaldırdı. Sultan 1496 jılı dünïeden ötti. Süyegi özi saldırğan Qaytpay 

keşenine jerlengen.

Qawam ad-dïn äl-Ïtqanï (Ïqanï) äl-Farabï at-Türkistanï (1286-1357) 

Türkistan qalasınıñ şığısında 20, Otırardan soltüstikke qaray 40-50 

şaqırımday jerdegi, orta ğasırlarda «Ïtqan» («Atqan»), qazirgi waqıtta 

«Ïqan» dep atalatın kentte dünïege kelgen. Ol otızdan asqan şağına deyin 

Otırarda ïmam bolğan. Sonan soñ bilim izdep, äweli Samarqan men 

Buxarağa, keyin Damaskige sapar şekken. Bağdadta 25 jıl qazïlıq etken 

Äl-Ïtqanï sonda üylenip, bala-şağalı bolğan. Ömiriniñ soñında Kaïrge qonıs 

awdarıp, sonda baqïlıqqa attanğan.

ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ


№ 1 ( 2 0 1 6 )

74

Ündistan

Muxammed Xaydar Dwlatï (1499-1551) – äygili 

tarïxşı, ädebïetşi, Moğolstan men oğan irgeles elderdiñ 

tarïxı jöninde asa qundı derekter beretin «Tarïxï Raşïdï» 

kitabı men «Jahannama» dastanınıñ avtorı. Ündistannıñ 

Kaşmïr ştatındağı «Mazarï-ï Salatïn» qorımında 

jerlengen.



Türkïya

Xasen Oraltay (1933-2010) – şeteldegi qazaqtardıñ 

azattıq üşin küres sïmvolına aynalğan tulğa. Ewropadağı 

«Azattıq» radïosınıñ qazaq bölimin 40 jılğa jwıq 

basqarğan, azattıq ïdeyasın jer jüzindegi qazaq balasına 

uzaq jıldar boyı nasïxattağan. Beyiti – Türkïyanıñ Salïxlı 

qalasındağı musılman zïratında.

Mustafa Öztürik (1954-1995) – taékvon-do sportınan 

älemniñ altı dürkin çempïonı, 6-dan ïegeri. Musılman 

älemindegi osınday bïiktikti bağındırğan jalğız adam. 

Atamekenine oralğan arda azamat 1995 jılı Almatıda 

belgisiz jağdayda köz jumdı. Süyegi Istambuldağı zïratta.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет