Ағзаға судың жетіспеуі
Су жетіспегенде ағза қарсыласады. Біріншіден без кішірейіп, сілекей азайып, ауыз
кеберсіп шөлдейміз. Осы сезім ағзаға тез су кіргізу керек екенін хабарлап тұр. Егер судың
жетіспеуі ұлғая түссе, басқа белгілер пайда болады – бас аурады, жүйке жұқарады, асқазан
бұзылып т.б. көптеген келеңсіздіктер келеді. Су осылардың бәрін тез арада қалпына
түсіреді.
144. Төртінші дәрігер – табиғи тамақтану
Сіздің денеңіз бүкіл ғарыштағы ең жетілген құрал. Егер оны жақсы отын, таза ауамен
қамтамасыз етіп, дене, күн шуағымен шынықтырып, ашығу арқылы ішкі тазалығын сақтап
отырсаңыз, осы құрал өзінің қызметін мінсіз атқаратын болады.
125
Сау дене – ең жетілген химиялық фабрика. Біз оны сапалы шикізатпен қамтамасыз ете
отырып, тамаша дене жасауына көмек беріп, көптеген бактериялар мен вирустарға және
қоршаған ортаның келеңсіздіктеріне қарсы төтеп беретін қабілетін арттырамыз. Адам
ағзасы – барлық машиналардың ішіндегі ең жетілгені. Қалыпты жағдай тудырсаңыз,
тамаша жұмыс істейтін өзінің жөндейтін шеберханасы бар. Ағза үнемі сізге жұмыс
жасайды. Оның клеткалары секунд сайын жойылып, қайта пайда болып отырады.
Биологиялық жас шектеуі жоқ, адам қартаятындай биологиялық себеп те жоқ. Адам
ағзасына мәңгілік өмір сүру тұқымы салынған. Адам өлмейді, ол табиғатқа қарам- қайшы
әдеттерімен өзін-өзі біртіндеп өлтіреді. Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, біздің
ағзамыздағы әр жасауша (жасауша) 11 айда жаңаланып тұрады екен. Сонда біз неліктен
қартаямыз? Адам қайтсе қартаяды, тозады, саудырап барып өледі десе сенбеңіз. Егер адам
табиғи өмір сүрсе, дұрыс тамақтанса – онда уақыт соған жұмыс жасайды, керісінше емес.
Адамдар минералдар мен витаминдердің жетіспеуінен қартаяды. Зерттеулер
көрсеткендей, мыңдаған адамдар артық жеген тамақтарының құрбаны болады. Ағзада
миллиондаған қызыл қан түйіршіктері үзбей жойылып және пайда болып жатады,
кейбіреулері секунд сайын. Бірақта олар белгілі заттар болмаса қайта қалпына келе
алмайды. Осы керекті заттар толыққанды табиғи тамақтардан алынады.
Бүгін кім болсаң, ертең де солсың, келесі аптада да, келесі айда да, 10 жыл өткеннен соң
да, тек не жеуіңе байланысты. Сіз – бұл жеген тамағыңыздың жиынтығысыз. Өзіңізді
қалай сезінесіз, қалай көрінесіз, өз жасыңызды қалай сезінесіз, бәрі ішкен тамағыңызға
байланысты. Басыңыздағы шашыңыз, көзіңіз, тісіңіз, сүйегіңіз, қаныңыз бен тәніңіз,
ағзаңыздағы әр бөлік тамақтан құралады. Тіпті бет әлпетіңізге дейін немен
тамақтанатыныңызға байланысты, себебі дені сау адам – бақытты адам.
Біз жиі айтамыз: «Қандай әдемісің! » – деп, біз оның бет әлпетін ғана айтпаймыз,
сондай-ақ оның денсаулығының жалпы жақсы екенін білдіреміз.
Барлық мүшелердің негізі қаңқадан бастайық. Біздің сүйектер минералдарды ең көп
қолданады – кальций мен фосфорды. Қаңқа құралып болса, сүйектерге қорек керек жоқ
деп пайымдайды, бұл дұрыс емес. Зерттеулерге изотопты қолданғаннан кейін, әбден өсіп
жетілген сүйектің өзі тұрақты түрде минералдармен қоректенетінін биохимиктер
анықтады.
Бұл дегеніміз, сүйектер тіршілік етіп қоректенеді, қанша мөлшерде емес, қалай
тамақтанғанында. Сүйектер тірі сүйек клеткаларынан тұрады, олар да басқа клеткалар
сияқты минералдармен қоса басқа қоректік заттарды қажетсінеді. Сүйек сынғанда, осы
қажеттілік арта түседі. Егер сүйек өсуі мен өмір сүруін тоқтатса, сынған сүйек өмір бақи
бітпеуші еді. Осы кезде клеткалар тек минералдарға емес, өзін өзі сақтау үшін қалыпты
тамаққа да зәру болады. Сүйек еттеріне де әртүрлі тағам қажет.
Сүйектердің бітісіуіне осының маңызы зор. Тамақтану клетканы қалпына келтіруде
маңызды жұмыс атқарады немесе дұрыс тамақтың алатын орны ерекше. Оташы дәрігер,
сынған сүйектің қайта қалпына келуі үшін, тамақ басты орында екенін біледі.
126
145.
Сіздің ағзаңыз табиғи тамаққа зәру
Терінің, шаштың жасаушалары тағамның үзбей келуін тілейді. Теріңіздің үнемі
түлейтінін, шашыңыздың күні түні жылдап өсе беретінін есіңізге алсаңыз, осы тіпті
түсінікті бола бастайды.
Үйлерінде мал немесе ит пен мысық ұстайтындар біледі, хайуандардың терісі олардың
айнасы екенін. Егер терісі мен жүні жақсы қорек алса, онда ағзаның басқа да
жасаушаларының жағдайы жақсы болғаны. Әр түрлі тағамдардың тері мен жүнге де
тигізетін әсері әртүрлі болатыны лабораториялық тәжірибелерден белгілі. Тамақтану
жөніндегі мамандар, адамның қандай тамақпен қоректенетінін терісіне қарап ажырата
алады. Әр түрлі витаминдердің жетіспеуін, адамның терісінің аурушаңдығы көрсетеді,
терінің түрі өзгеріп кетеді.
Асқазан мен ішектің жиырылу жұмысын атқаратын ішек жолдары, тәуелсіз теп тегіс
жылтыр бұлшық еттерден тұрады. Ол толқынның қозғалысы секілді қозғалып, қортылған
ас қойыртпағы мен қалдықтарын тоқ ішекке алып келіп, шығарып тастайды. Осы теп тегіс
бұлшық еттердің жасаушалары жұмысын жақсы істеу үшін, өте жақсы тамақ керек.
Ішектің жұмысын жақсарту үшін, қоздырғыштар мен іш өткізетін дәрілер жиі
қолданылады. Осы «жеделдеткіштер» бұлшық еттің жасаушаларын зорлайды, ал осы
жасаушаларға бар болғаны табиғи өмірмен ұштасқан жақсы тамақ қана керек.
Қанды ағзаның түпкір түпкіріне апаратын қан тамырлары мен тамыршықтары да
тәуелсіз жұмыс істейді. Олардың жасаушларына да қалыпты жұмыс жасау үшін жақсы
тамақ қажет. Қан тамырларының қабырғаларына қақ тұрып қалуына байланысты, дұрыс
тамақтанбаудың салдарынан, жұмыс ырғағы бұзылады. Қан айналымының орталығы
жүрек – өте жұмыскер, оның тамақтануының маңызы аса зор. Жүрек қанды бүкіл денеге
айдайды, ол өте алапат бұлшық ет, осыны жұмыс істету үшін зор мөлшерде қуат керек.
Сондықтан да жүректің бұлшық ет жасаушаларына да аса сапалы мәзір қажет.
Егер жүректі қоректендіретін тамырлардың қабырғаларына қақ тұрып қалса, онда
жүректің бұлшық ет жасаушалары ашыға бастайды. Егер оттегінің жетіспеуі минуттың бір
сәтіне ғана созылса, адам жүрегі қысылып өліп кетуі мүмкін. Бұл жағдайда қанның
мөлшері жеткілікті болуы мүмкін, бірақта ол жүректің бұлшық етінің жасаушалары
арқылы өтпегендіктен оларға қорек жеткізе алмайды, жүрек жасаушалары өле бастайды,
нәтижесінде бүкіл ағза өледі.
Өздеріне ерекше тамақ қажет ететін, арнайы мүшелер бар. Бұлар гормондар – ішкі
бездің өнімдері, қалқаншақ бездің гормоны, адреналин, жыныс бездерінің гормоны,
инсулин, т.б. Олар да жасаушалардан тұрады, осылар да басқа жасаушалар сияқты үзбей
дұрыс тамақтануды тілейді. Толыққанды гормонды құру үшін, әсіресе осы жасаушаларға
сапалы табиғи тамақ өте қажет.
Тироксиналдық гормон шығаратын жасаушалар йодқа зәру. Кейбір аймақтарда, Тынық
мұхитының солтүстік-батыс жағалауы, Ұлы Көл маңы немесе Швейцарияның
топырақтары мен өсімдіктерінің құрамында йодтың деңгейі төмен. Нәтижесінде, осы
араның адамдары мен жануарларының қалқаншақ бездерінде йод үнемі жетіспейді. Тамақ
құрамында йодтың жетіспеу салдарынан бездері дұрыс жұмыс жасамайды. Егер де теңіз
127
капустасын, ирландия мүгін немесе теңіз балығын жесе қалқаншақ бездер кішірейіп
қалпына келіп, ауру жоғалады.
146.
Тамақтың миға әсері
Бір қарағанда ойлауыңыз мүмкін, тамақтану мен ойланудың арасында қандай
байланыс болуы мүмкін деп, бірақ сізді сендіре аламын, тамақ басқа мүшелердің қимыл
қозғалысына қалай әсер етсе, біздің ой өрісімізге де солай әсер етеді. Осы себепті, біздің
ой өрісіміз тұрақты түрде жейтін тамағымызға тікелей тәуелді. Ми ойлау ағымымызға
әсер етеді, кейбіреу күмәнданатын шығар, ой бізден тыс жерде пайда болады деп. Қайда
пайда болмасын, ой ағымы біздің әр мүшемізге әсер етеді. Ми ағзада ең басты бағдарлама
беретін орында. Ол сезім, ырғақ және дұрыс пайымдаудың заттық орталығы
Ми аса керемет рефлектор орталығы, одан барлық қозғалыс пен сезімдерді бақылайтын
жүйке жүйесі тарайды. Мидың жұмысы қанмен келетін оттегінің мөлшеріне байланысты,
сондықтан біздің тамақтануымыз оған тікелей әсер етеді. Қанымыздың сапасы, ішкен
тамағымызға тәуелді.
Әртүрлі уларман уланған қанмен қоректенген мидың жақсы жұмыс жасай алмайтыны
белгілі. Улар миды соншалықты топастандырып жібереді, айқын ойлау қабілетінен
айрылып қалады, бас мүлдем істемей қалуы мүмкін. Айқын, таза, өткір ақылға ие болу
үшін қанды таза, жақсы қалыпта ұстау керек. Ол үшін, мидың әр жасаушасын табиғи
тамақпен қоректендіретін мәзір қажет. Осыған дүркін-дүркін ашығу жақсы көмектеседі.
Қазіргі тамақ өндірісі ауру балалардың санын көбейтуде. Улар мен нашар тамақтың,
оқуға қабілеті жоқ балаларға тигізетін әсерін анықтау үшін, мен осы балалармен жұмыс
істеген көптеген ұстаздармен әңгімелестім. Осылардың миының әлсіз болуының себебі,
қазіргі қалыпты дейтін амарикандық тамақ мәзіріндегі улардың әсерінен болып шықты.
Өзінің балаларына тамақтарды сатып алып пісіретін аналар – теледидар, радио, газет,
журнал насихаттарымен уланған.
Осы насихат көздері сіздің балаларыңызға құрамы өлі крахмал консервідегі көже, қант,
майлар жеуге кеңес береді. Осы тағамдар керексіз – минералы, витамині жоқ, баланың
тәбетін тез ашатын калориямен қанықтырылған. Аналарға әртүрлі еттерден,
майсыздандырылған ұннан пісірілген нанды, сосиканы жегізуге кеңес береді, ал бұлардың
құрамында химиялық қоспалар бар. Қазіргі балалар кока-кола ішіп, кептірілген пайдасыз
калориясы бар жүгері жейді.
Қазіргі балалар ағзаға керекті витамин, минералдары жоқ балмұздақ, құрамында неше
түрлі қоспалар бар тоқаш, торт, самса, басқа да тәттілерді жейді. Осы тамақтар балаларды
семіртіп жібереді, бірақта оның ағзасы үнемі аш болғандықтан, өскен сайын мешкей бола
береді. Осындай тамақтармен баланы қалай ғана ақылды қылып өсіріп жеткізуге болады?
147.
Бесінші дәрігер – ашығу
Ашығу емдеудің ең бір көне әдістері. Інжілде 74 қабат қайталанады. Осы әдіс бәріне
бірдей, әсіресе жабайы аңдар кең қолданады. Емдеу туралы көне жазбаларда – ашығу
табиғи әдіспен емделудің тізімінде бірінші орында тұр. Бірақ ашық айту керек, ашығу
128
белгілі бір аурудың емдеу әдісі емес. Ашығудың мақсаты – бүкіл ағзаны сауықтыру және
қайта құру мен қайтадан жаңалау.
Жаңалау ішкі биологиялық қызмет. Ашығу ағзаға физиологиялық демалыс береді және
сауығу ағымының жүруіне себепкер болады. Ашығу терең біліммен қамтамасыз етілгенде
немесе дұрыс бақылауға алынғанда – ауруды білмейтін денсаулыққа жетелейтін ең
қауіпсіз жол.
Ашығу барысында, ағзаның бүкіл өмірлік күші тазалану мен сауықтырылуға
жұмсалады. Біз, ашығу іліміне бүкіл өмірін арнағандар және мыңдаған ашығуларды
басымыздан өткізгендер, толық ашығу кезеңінде ағзаның ғажайып жасайтынын білеміз.
Ол ағзаның ішкі мүшелерінің жұмыс істеуіне ерекше қабілет береді.
Өткен уақыттың пайғамбарлары рухани емделу үшін ашығуға жүгінген. Олар
ашығудың ақылды ұшқырлап, ойлау қабілетін арттыратынын білген. Ашығу біз дұрыс
қолданбайтын ас қорту мүшелерінің және бүйректің жұмыстарын жетілдіреді.
Бүйрек ашығу барысында біртіндеп өзгере беріп, жұмыстарын жақсартады. Бүкіл сезім
мүшелері қалпына келіп, қызмет істеу қабілеттері жоғары деңгейге жетіле түседі. Осыдан
басқа денсаулықты түзейтін бірде-бір әдіс, ағзаға осындай көп жақсы өзгерістер
әкелмейді. Ашығудан кейін қан айналымы жақсарып, өмірлік күш көбейеді, ас жақсы
қортылады, шыдамдылық пен күш арта түседі. Ашығудан кейін ерік жігеріңіздің өсетіні
сонша, санаңыз тәніңізді толық бағындырып, бақылауға алады. Ашығу – ішкі рухани
тазалыққа апаратын жол.
148.
Алтыншы дәрігер – сана
Мынадай көне нақыл бар: «Құдай үштікті жақсы көреді».
Рухани – бұл адамның бірінші бастауы, пенденің өзіндік қайталанбас ерекшелігі.
Сана – адам жанын көрсететін екінші бастауы. Сана – адам жанын айқындайтын құралы.
Дене – тәндік көрінетін, адам санасының деңгейін көрсететін үшінші бастауы, адам
санасының қоршаған ортамен араласатын құралы. Осы үш бастау, адам деп аталатын бір
бүтінді құрайды.
Біз білеміз, тән ет мүшелерінен құралатын, өзара байланысқан жеке жасаушалар, олар
бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын бөлінбейтін бір бүтінді құрайды. Осы әр түрлі мүшелерді
бір-бірінен бөліп қарау көзқарасы өте ұзаққа созылды, егер бір мүше ауырса қалғандары
да зардап шегетінін түсінбей, әр мүшені жеке бөліп емдеуге бейімделді.
Тән неше түрлі қызмет атқаратын, таңқаларлық бір бүтін. Бір бөлігіне жақсы болса
бәріне жақсы, біреуіне жаман болса бәріне жаман. Егер аяғыңның бір бармағы ауырса,
бүкіл денең зардап шекпей ме? Тек қана денең ауырып қоймайды, тәбетің жоғалып басың
ауырады, ұйқың қашып, бір суып, бір ысып қалтырайсың, ал бармақ тәннің кішкентай
ғана бөлшегі.
129
Біз ашығу ілімінде адамның жанымен, санасымен және тәнімен істес боламыз.
149. Ойлау және денсаулық
Ауру адам ешуақытта жазылмаймын деп ішінен қайталай берсе, ол ешуақытта
жазылмайды, оның ойлағаны дәл келіп, өзінің зардабын көрге бірге ала кетеді.
ТӘН АҚЫМАҚ. Осыны еш уақытта есіңізден шығармауыңызды сұраймын.
Сондықтан да осыны қайта-қайта қайталаймын. Бізді нақ басқаратын санамыз! Міне
сондықтан да сіз, ылғи жақсы ойларды ғана ойлауыңыз керек. Тәнді әрқашанда жан
басқаруы керек!.
Біз өзіміздің жаман ойларымызды, жақсы ойлармен алмастыруымыз керек. Мысалы,
егер сізді мынандай жаман ой билеп алса: «Менің көз жанарым тая бастады, себебі
қартайғанда бәрібір көрмей қалады», осыны жақсы оймен алмастырыңыз: «Адамның
жасаған жасы у емес, ол менің көзімнің көрмеуінің себебі емес. Бұның себебі басқада, мен
осымен күресуге тиіспін».
Ми мылқау денені басқарады, тән мидың соңынан ереді. Ми тәнді арбап тастайды. Өз
санаңыздың тәніңізді басқаруына мүмкіншілік беріңіз, егер керісінше болса, тәніңіз
санаңызды басқарса сіз ауру құлға айланасыз.
Бәңгіге (наркотик) әдеттену, тәннің сананы басқаруының айқын мысалы. Тәннің
бәңгіге құмарлығы, мидың денеге қылмыс жаса деп бұйрық беруіне әкеп соғады, бәңгінің
көмегімен тән мен сана теңеседі. Осының ішімдікке, шәйға, кофеге т.б. қоздырғыштарға
қатысы бар. Осы жағдайда сана емес тән уланады. Біздің жаман әдеттерден құтыла
алмауымыздың себебі, санамыз тәннің құлы болғандықтан.
Тән мынандай жалған философиямен басқарады: «Іш, же көңіл көтер, ертеңгі күнді
ойлама». Бұл адасу. Сіз ертеңіне өлмейсіз, бірақта осы бағдарламамен жүріп 15...20
жылдан кейін күндіз-түні аурудың азабын тартатын, мезгілсіз қартайған адамға
айналасыз.
Есіңізде болсын, сіз жаман әдеттеріңіз үшін жазаланасыз. Бұл заңдылық. Ауру, азап,
тәннің зардап шегуі сіздің қандай адам екеніңізді көрсететін көрсеткіш. Сіз өз денеңізге
қарсы қылмыс жасадыңыз, себебі сананың және табиғаттың заңдары басқару
мүмкіншілігін пайдаланбадыңыз. Денсаулық пен ұзақ өмір сүру үшін санаңыз не істей
алады? Осының көптеген еркектер мен әйелдердің де санасына қатысы бар. Өз ойыңызды
пайдалану әдісіне байланысты тартып алатын немесе итеріп жіберетін магнит деп
есептеңіз.
Көптеген адамдар жақсы да, жаман да ойлай алмайды. Жақсы ой табысқа алып келеді,
жаман ой талқандалуға, нәтижесіздікке, жамандыққа жетелейді. Сондықтан әрбір адам
жақсы ой ойлауға әдеттенуі керек. Бұған табандылықпен, бірбеткейлікпен қол жеткізуге
болады. Көптеген адамдарды бұзатын, әр жасаушаға әсер ететін ойлар бар.
Ең күштісі қорқыныш және оның өнімдері – мазасыздану, үміт үзу, шарасыздық, көре
алмаушылық, қызғаныш, жігерсіздену, ынжықтық, ашу-ыза, аямшақтық, ерегесу, жауығу,
130
өкпелеу, өзін-өзі мүсіркеу. Осының бәрі ми мен дененің қуат жоғалтатын қозуына,
жүйкенің жұқаруына, біртіндеп немесе жылдам улануына әкеп соғады. Жаман әсерге,
ойға берілуді өз өзінен улану іске асырады.
Қорқыныш пен мазасыздану тағы басқа жаман ойлар, ой-өрісті бейберекетсіздікке алып
келеді. Дұрыс ойлау мен дұрыс шешім қабылдау үшін мидың таза болуы қажет.
Былғаныш ми дұрыс шешім қабылдай алмайды, не мүлдем қабылдамайды.
Дұрыс пайымдау дегеніміз не? Бұл дегеніміз тыныштық, талқандайтын күштерге
қарсы тұратын сана мен ішкі мамыражайлылық. Өз миыңыздың денені басқаруына
мүмкіншілік беріңіз.
Ми өзіңіздің кім екеніңізді жиынтықтайтын орын. Табиғаттың 9 дәрігерін өзіңізге
көмекші қылып алып, өзіңіздің қалай болуын қаласаңыз, солай қылып жасап шығара
аласыз. Жақсы ойға сеніңіз, теріс ойлардың санаңызды жаулап алуына жол бермеңіз. Егер
сіз осылай өмір сүрсеңіз, миыңызды дұрыс ойдың ошағына айландырасыз. Әрбір ашыққан
сайын, өз санаңызды күшейтіп жақсарта бересіз. Әрбір ашыққан сайын, қорқыныш пен
мазасызданудан құтыла бересіз. Ашығу рухыңызды, санаңызды, тәніңізді жоғарғы
деңгейге көтере береді. Өмірден осыдан артық не тілеуге болады?
Ашығудың көмегімен өзіңізден өзіңіз ойлағандай адам жасап шығаруыңызға болады.
Осыған тек қана өзіңіз алдыға жақсылыққа қарай ұмтыла берсеңіз ғана жетесіз.
Тән мен сана жымдасқанда ғана, рухани тепе-теңдікке қол жеткізесіз. Еш уақытта
ұмытпаңыз, адамда рухани бірінші, ойлау екінші, тән үшінші орында екенін, екінші мен
үшінші екеуі сәйкескенде ғана рухани сау өмірге қол жеткізуге болады. Рухани бастау,
ойлауға қарағанда, адамның басқа да болмысынан көп тәуелді, біз әрқашан естен
шығармауымыз керек, біз осы үш бастаудың байланысын терең түсінсек, бізде осы тепе
теңдікті сақтайтын мүмкіншілік жасырынып жатыр.
Өзіңіз жаңа даналық ілімімен үнемі алға жылжи беруіңіз үшін, санаңызды
пайдаланыңыз. Денсаулықтың жақсы жағын ғана ойлаңыз. Бұл сіздің рухани өміріңіз үшін
керек. Егер осы бағытпен жүрсеңіз рухтың, сананың, тәннің саулығы қамтамасыз етіледі.
Ашығу мен өмірлік дұрыс бағдарлама, жер бетінде санаулы ғана адамдар ләззатанатын
өмірдің ақиқатын түсінуге алып келеді. (Санаңды түземей, денеңді түземейсің –
аудармашыдан).
150. Жетінші дәрігер – дененің түзулігі
Сіздің бұлшық еттеріңіз мықты болғанда, омыртқаңызды күш түсірмей, қиналмай-ақ
ұстап тұрады. Жердің тартылысымен күресуден бұлшық еттеріңіз босады. Мүмкін,
мезгілсіз қартаюыңыз немесе артық салмағыңыз, денеңізді не еркін, не бос қалыпта ұстай
алмауыңызға кінәлі шығар.
Арқаңызды тіктеймін, шалқаямын деп талпынған кезде, омыртқаңыз аурды ма? Егер
осылай болса, тездеп қолға алу керек. Ең алдымен босаған бұлшық еттерді қатайту керек.
131
Айнаға өзіңізге қараңыз! Еңкіш тартқан жоқсыз ба? Жотаңыз бүкірейіп бара ма?
Арқаңыздың ауыратын себебін түсіндіңіз бе? Егер арқаңыз бұлшық еттің босағанынан,
омыртқаның қисықтығынан ауырса, тіпті асқынып кетсе де қыңқ етпеңіз, жағдайды
жөндеп алуға болады. Арқаның ауруы – екі аяқпен жүру артықшылығына ие болғанға
немқұрайлы қарағаныңыз үшін берілген жаза. Пайымдауымша, адамзаттың арғы аталары
төрт аяқты болған сияқты. Түзу тұру мен жүру адам үшін табиғи қалып. Қызық, бізден
басқа ұсақ қоректілерден, тіпті маймылдар шимпанзе мен горилла да екі аяқпен жүрмейді.
Адамның омыртқасындағы табиғи иін, жердің тартылыс заңына қарсы тұратын
қабілетке ие, бұлшық етке арқаны түзу ұстауға мүмкіндік береді. Осы бұлшық еттер күшті
болғанша арқа түзу болады. Бұлшық еттер әлсіреген кезде, омыртқа майысып, ауру пайда
болады.
Егер сіз дұрыс тамақтансаңыз, өз ағзаңызға қамқорлықпен қарасаңыз, сымбатты болу
мәселе емес. Ағза ең қажетті керектісінен айырылғанда, омыртқа қисая бастайды. Егер
теріс әдеттерге әдеттеніп алсаңыз, онда түзету шараларына, арнайы жаттығулар жасауға
және омыртқаны бақылауға үнемі бақылауға кірісу керек.
151
. Сілтілік тағамдар денсаулықты түзейді
Сіз, осы тақырыпты тамақтануыздың бағдарламасы етіп алуыңызды қалар едім. Бұл
бағдарламаның сізге жақсы денсаулық беруге мүмкіншілігі бар. Шикі көкөніс пен
жемістерден тұратын тағамдар – тазалағыш. Көкөніс пен жемістер, тек қана витамаиндер
мен минералдарға және басқа да қоректік заттарға ғана бай емес, ол қышқылдықты
түсіретін сілтілік әрекет те береді. Тамақтану мәселелерімен әуестенетін адамдар, әр түрлі
пікірлердің көптігінен, кей кездері милары да ашып кетеді.
Кейбіреу белогы жоғары тамақты, енді біреуі төменгі көміртекті, үшіншісі шикі
көкөністерді немесе өсімдік, сүт аралас мәзірлерді ұсынады. Әркім өзінікін мақтайды.
Мен өз басым, осы пікірлердің бәрімен санасамын. Осы мәзірлердің бір де біреуін
мүлтіксіз сақтау мүмкін еместігіне мен сенімдімін. Қазір мөлшермен 200 түрлі азық-түлік
бар. Осылардың санына сәйкес тамақ дайындауға болады. Біз ашыққан уақытымызда өз
ағзамызды тазалаймыз, тазаланғаннан кейін ол өзіне қажетті тамақты таңдайтын болады.
Ең бастысы – тамақ құрамынан қазіргі өркениеттің жексұрын тамақтарын алып тастау.
Олар, өзіңіз жейтін тамақтың санымен салыстырғанда онша көп емес. Мен осы кітапта
қашып құтылатын тамақтардың тізімін бердім.
Мынадай көне мақал бар: «40 жасқа жеткенде адам өзіне-өзі дәрігер, немесе ақымақ».
Егер адам 30 жасқа толғанда өзі ішетін тамақтарды таңдай алмаса, келешекте қатты
кеселге ұрынады.
Біздің денелік және ақыл-ойлық іс әрекетіміз өмірлік күш қорымызбен қоректенеді,
бірақта әркімнің сұранысы әртүрлі. Мысалы, мен дене қимылын жақсы көремін, себебі
тынымсызбын. Маған ой өрістің де тынымсыздығы ұнайды. Бәріне күмәнданғанды,
шырғалаңды шешуді жақсы көремін. Бірақта ақыл-ойдың тоқырауын, дененің
қимылдамауын, өмірдің жеңіл болғанын жек көремін. Дененің қимылына басқа қуат,
ақыл-ойға одан басқа қуат, рухани дамыуға тіптен басқа қуат қажет.
132
Тамақтану маманы сіз үшін тамақ ішіп қорыта алмайды, бірақта қандай болмасын
кеңес бере алады. Менің жегенім сізге мүлде ұнамауы мүмкін. Әрбір адам, жапалақтап
жауған қар суретінің бірін-бірі қайталамайтыны сияқты, ол да әртүрлі. Мен сіздерді
тамақтың белгілі бір түрімен ғана тамақтан деп үгіттемеймін, егер сіз мықты денсаулыққа
ие болғыңыз келсе, аса сапалы тамақ ішіңіз. Мен сіздерді тек қана шикі көкөніс, ет жеме,
өсімдік пен сүт аралас тамақ қана ішіңіз деп үгіттемеймін.
Сіз ашығуды өткізіп тазаланып алғаннан кейін ішкі даусыңыз, болмысыңыз не жеу керек
екенін өзі айтады. Сіз жоғары жансыздандырылған өлі тамақтан, бірден 50....60 пайызы
көкөніс пен жемістерден тұратын табиғи тамаққа секіре аласыз деп ойлай алмаймын.
Табиғат бірден секіргенді жақтыртпайды. Сіз ұзақ жылдар бойы белгілі бір тамақпен
тамақтандыңыз, ас қорту және басқа да мүшелеріңіз осыған бейімделген. Сіз біртіндеп
асықпай, белгілі мерзімде ашығу арқылы ағзаңызды тазалап, көмекке табиғаттың 9
дәрігерін шақырып барып көшуіңіз керек, олар менің және басқа да жүздеген адамдардың
өзгерулерімізге себеп болғандай, сізге де себеп болады. Бұл болмысыңызбен, табиғи
тамақты біртіндеп таңдауға көмектеседі.
Сіз бір күні жақсы салат жеп, келесі күні крахмалы бар лағманға лықа тойып
алуыңызға болмайды. Сізге бір күн жеміс жеп, келесі күні шұжық пен самсаға көшуге
болмайды. Сіздің тамағыңыз біркелкі болуы керек. Енді осыны түсіндірейін. Егер сіз ет
жесеңіз, аптасына 3 қабаттан артық жемеуге кеңес беремін. Егер жұмыртқа жесеңіз
аптасына 4 қабаттан артық жемеңіз. Егер сүт ішсеңіз, басқа да сүт тағамдарымен қоса
біртіндеп тамақ құрамынан алып тастаңыз. Тіршілік иелерінің ішінде, тек адам ғана,
емшектен шығарғаннан кейін сүт ішеді.
Достарыңызбен бөлісу: |