Жасару құпиясы. Ауру


  Табиғи тамақты тепе-теңдікте ұстауға тырысыңыз



Pdf көрінісі
бет17/18
Дата01.02.2017
өлшемі1,05 Mb.
#3171
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

 152. 
Табиғи тамақты тепе-теңдікте ұстауға тырысыңыз 
       
Дұрыс  тамақтанудың  бағдарламасын  жасау  баспалдақпен  жоғарлау  сияқты.  Бірінші 
баспалдақ  –  барлық  витамині  жоқ  өлі  тамақтардан  кофе,  шәй,  ішімдік  т.б.  бас  тарту. 
Сондай-ақ  жануарлардың өнімі еттен, сүттен бас тарту. Осылардың орнын біртіндеп шикі 
көкөністермен,  жемістермен  50...60  пайызға  жеткенше  толтыру.  Витамині  жоқ 
өркениеттің өлі тамақтарынан, шикі көкөніс пен жемістерге біртіндеп көшуді өтпелі кезең 
дейді. 
       
Көптеген  адамдар  бала  күнінен  бастап,  ағзаға  қышқылдық  әкелетін  тамақтармен 
тамақтанады. Қышқылдық тамақтар ағзаның өзінен-өзі улануына әкеледі, аурудың, зардап 
шегудің,  мезгілсіз  қартаюдың  себепкері  болатын  уларды  шоғырландырады.  Егер  сіз 
негізінен  пісірілген  ет,  жұмыртқа,  әр  түрлі  нан,  макарон  сияқты  тамақтармен 
тамақтансаңыз,  бірден  көп  мөлшерде  көкөністерді  қоспаңыз.  Әрбір  апта  сайынғы 
ашығудан кейін, неге ынтық бола бастағаныңызды өзіңіз сезетін боласыз. 
      
Сеніммен  өткізген  3  айлық  апталық  ашығудан  кейін,  сіз  қалыпты  тамағыңыздың 
құрамының 40 пайызын көкөніс пен жемістерге алмастыра аласыз. Шикі көкеністер мен 
жемістер өзіндік тазалағыш екенін ұмытпаңыздар. Олар шоғырланған удың астына кіріп 
алып, ағзадан шығуына себепкер болады, тамаша денсаулыққа жету үшін ең керекті осы. 
Өзіңіз  байқағандай,  егер  ішкі  тазалыққа  қол  жеткізгіңіз  келсе,  тамақтың  құрамы  үнемі 
өзгеріп тұруы тиіс. 

 
133 
     
Адамдар  жетілген  мәзір  беруді  жиі  сұрайды.  Бұны  мен  істей  алмаймын,  себебі 
тамақтану әркімнің жеке ісі. Адамның ұнататыны да, ұнатпайтыны да көп, егер адамның 
соңғы 5 жылда қалай тамақтанып жүргенін білсем ғана кеңес бере аламын. 
     
Тамақтану бір бірімен байланысып жатқан шынжыр сияқты. Егер осының бір қоспасы 
үзілсе,  қалғаны  түкке  жарамайды.  Адам  тамағының  құрамында  ең  керекті  40  қоспа  бар, 
егер  осының  біреуі  жетіспесе,  тамағыңның  қажеттілігінің  жартысын  жоққа  шығарады. 
Ұзақ уақыт біреуінің немесе бірнешеуінің жетіспеуі ауруға, кей кезде өлімге алып келеді. 
Бір  қоспаның  жетіспеуі  осал  жасаушаны  ауруға  ұшыратады.  Әрбір  тамақтың  түрінде 
қоспалар түгелдей болуы міндет емес, себебі біздің ағзамызда керекті қоспалардың қоры 
әрқашанда  бар.  Бірақта  осы  қорлар  ерте  ме,  кеш  пе  міндетті  түрде  толықтырылып 
отырылуы керек. 
       
Сіздің апталық тамағыңыздың құрамын құрайтын тамақпен таныстырайын. Сіз күніне 
бір,  не  екі,  не  үш  қабат  тамақ  ішумен  шектелуіңізге  болады,  Мен  өзім  таңертең  тамақ 
ішпейтінімді  айтып  кеттім.  Егер  жаңа  жұлынған  жеміс  таңғы  асқа  есептелсе  менің 
тамағым осы. Мен осы әдетті қабылда деп ешкімге нұсқау бере алмаймын. Кейбір адамдар 
таңертең тоя ішіп, түсте аздап ішкенді ұнатады. Әркімнің әдеті әртүрлі. 
 153. 
Көкөніс пен жемістер – ең сау тағам 
       
Мен өз тізімімді жаңа жұлынған жемістерден бастаймын, жемістерді адамның бағалы 
тамақтарына  жатқызамын.  Жаңа  және  кептірілген  жемістерді  жеке  де,  басқа  тамаққа  да 
қосып жеуге болады. 
Алма (6 сорты) , абрикос (жаңа жұлынғаны және кептірілгені) 
Банан, голубика, шие, құлпынай, діңке. 
Фигалар (жаңасы немесе кептірілгені). 
Лимон (4 сорты) , авакадо. 
Манго, апельсин (3 түрі). 
Өріктер (кептірілгені не жаңасы). 
Алмұрт (6 сорты) жаңасы не кепкені. 
Ананас (жаңасы) , құрма. 
Слива (3 сорты) жаңасы, кепкені. 
 
Чернослив 3 түрі) жаңасы не кепкені. 
Қой және сиыр бүлдіргендері (4 сорты) , қауын. 
Грейпфрут (3 сорты) , бал татыған діңке, жүзімдердің (7 сорты). 

 
134 
 154. 
Көкеністер тазалағыш және қорғағыш 
     
Осы  тізімдердің  ішінен  шикі  көкеністерді  салатқа  таңдап  алуыңызға  болады.  Таңғы 
тамаққа  бір  көк,  бір  сары  көкөністің  болғаны  жөн.  Осылардың  ішінен  пісіруге  басқа  2 
түрін таңдап алуыңызға болады. 
Брюссель капустасы, артишок, жамбас бұршақ, капустаның (5 сорты). 
Памидордың (3 сорты) , баклажан, у сармысақ, көк бұршақ. 
Кольраби, бөрттірілген бидай тұқымы, спаржа, свекла, көк пияз, салат – латук. 
Сәбіз, гүлді капуста, сельдерей, пияз, жүгерінің (6 түрі) 
Пастернак, картофель, көк бұрыш, редистің (3 сорты). 
Шпинат, асқабақ, қауашақ, турнепс. 
 155. 
Жаңғақтар мен дәндер 
      
Жаңғақтар  мен  дәндер  өте  жоғары  сапалы  майлар  мен  белоктарға  бай.  Сіз  өзіңіздің 
таңғы  асыңызға  осылардың  2  түрін  қосуыңызға  болады.  Егер  сіз  ет  жесеңіз  аптасына  3 
қабаттан артық жемеңіз. Ал қалған күндері жаңғақтар мен дәндер жақсы белоктық тамақ 
болады. 
Миндаль, бразилия жаңғағы, кешью жаңғағы, каштандар. 
Кокс жаңғағы, арахис, грек жаңғағы. 
Барлық аталған тағамдарды тұз қоспай, шикілей жеңіз. 
 156. 
Бұршақ тұқымдастар 
      
Бұршақ  тұқымдас  өсімдіктер  –  тамақтың  көне  түрлерінің  бірі,  олардың  құрамында 
өсімдік белогы көп болғандықтан, аптасына бірнеше рет жеуге болады. 
Бұршақтардың (9 сорты) , чечевица, құрғақ бұршақ. 
Жармақталған бұршақ, соя бұршақтары. 
 157 
. Майлар 
     
Мен  ұсынып  отырған  майлардың  құрамында  тұз  жоқ,  тамаққа  пайдалануға  болады. 
Май сатып алғанда этикеткасына мұқият қараңыз, егер құрамында химиялық қоспалар бар 
болса алмаңыз. 
Жүгері майы, соя майы, күнбағыс майы. 
Грек жаңғағының майы, оливканың майы. 
 158. 
Табиғи тәттілер 
      
Осы  жерде  айтылатын  табиғи  тәттілер,  аса  жоғары  қанықтырылған  тамақ 
болғандықтан аз мөлшерде қолдану керек. 

 
135 
Таза шикі қант, сары қант, финиктелген қант, бал. 
Үйеңкі шырыны, тазаланбаған патока (қант қызылшасының шырыны). 
 159. 
Ірі ұнтақталған табиғи дәнді дақылдар 
        
Егер  сіз  ауыр  қара  жұмыс  істемесеңіз,  дәнді  дақылдардың  өнімдерін  аптасына  3 
қабаттан  артық  жемеңіз.  Осы  өнімдерге  жоғарыда  аталған  табиғи  тәттілерді  қосуға 
болады. 
Арпа, қара күріш, гречиха, ірі ұнтақталған ұн (қоңырқай және ақ) 
Кендір тұқымы, тары, бүтін бидай, бүтін қара бидай, жүгері. 
 160. 
Ет өнімдері 
         
Сиырдың,  қойдың,  тайыншаның  еттерін  аздап  жеуге  болады.  Қан  құрамыңыздағы 
холестеринді бақылап отырыңыз. 
      
Майлы жерін, қабырғаның етін, тілді, үйректің етін жеуге болмайды, себебі құрамында 
май мен холестерин өте жоғары деңгейде, сондай-ақ: 
Консервленген ет, шұжық, шошқа етін, тауық еті, сүрленген етті. 
Сосискалар, ливер шұжығы, ысталған шұжық, шошқа майы. 
      
Осы ет өнімдерді ұзақ сақталуы үшін маймен қанықтырылып, көп тұздалған. Сақтауға 
шыдау  үшін  осы  ет  өнімдеріне  улы  химиялық  қоспалар  қосылған.  Егер  сіз  ет  жесеңіз 
аптасына  3  қабаттан  артық  жемеңіз.  Қалған  уақытта  белоктың  орнын  толтыру  үшін 
жаңғақты, жаңғақтың майын және әр түрлі дәндерді қолданыңыз. 
     
Есіңізде  болсын,  өндіріске  жіберетін  ет  өнімдерін  өсіргенде,  салмағын  көбейту  үшін 
малдардың тамағына гармондар қосады. Бұл улы зат. Ет құрамында ағзадан шығарылуға 
тиіс улы кіші дәрет қышқылы болады. Етте малды сойған кездегі улардың бәрі болады. 
 161. 
Балық 
        
Тағамға  жарамды  балықтардың  25  түрі  бар.  Балықта  холестерин  аз  және  майлары 
қанықтырылмаған.  Ол  аптасына  2  –  3  қабат  жеуге  болатын  тамаша  белоктық  тамақ. 
Тұздалған  және  ысталған  балықты  жемеңіз,  себебі  құрамында  тұз  бен  холестерин  көп. 
Тамаққа су тасбақасын, шаянын т.б. жеуге болады. Олардың құрамындағы холестерин 100 
граммына  миллиграм  есебімен  берілген.  Устрицаларда  –  325,  Креветкаларда  –  150, 
Шаяндарда – 200, Крабтарда – 150. 
 162. 
Нан 
         
Менің ойымша, нанның қандай түрін болмасын байқап қолдану қажет, әсіресе ұнға 
бүтіндей  тартылғанын.  Осыған  бәрі  бірдей  шыдай  алмайды.  Арықтағысы  келген  адамға 
нанды  мүлдем  қолданбағаны  жөн  болар  еді.  Егер  осылай  істеу  қиын  болса,  онда  нанды 
кептіріп  барып  жеу  керек.  Отырып  жұмыс  істейтін  адамдар,  нанды  аз  жеуге  тырысуы 

 
136 
керек. Күніне 2 тілім нан жетіп жатыр. Тек қана, таза ауада ауыр жұмыс істейтін адамдар 
ғана қанша жеймін десе өз еріктері. 
163. Мөлшерлі тамақ мәзірі 
 
Күніне 3 мезгіл тамақтануға дағыланған адамдарға: 
№1 мәзір 
Таңғы ас 
Жаңадан  жұлынған  көкөністен  дайындалған  тамақ,  бал  жағылған  қара  нан,  шөптен 
қайнатылған бал қосылған шәй. 
 
Түскі ас 
Шикі жеміс салаты. Қуырылмаған ет, балық не құс еті, 1 не 2 бұқтырылған жеміс. Шөптен 
қайнатылған шәй. 
 
Кешкі ас 
Шикі  жеміс  салаты  немесе  жаңа  жұлынған  жемістер.  Еттің  қандай  дайындалған  түрлері 
болмасын, балық, құс еттері буландырып, бұқтырып, асып пісіргендері, екі қайнатылған 
жеміс, тәттіге – жаңа үзіп алынған алма т.б. шөптен қайнатылған шәй. 
 
№2 мәзір 
 
Таңғы ас 
Жас және кептірілген жемістер, 1 қатты қайнатылған жұмыртқа, қара нанның кептірілген 
2 тілімі, шөптен қайнатылған шәй. 
 
Түскі ас 
Шикі жеміс салаты. Қақталған сиыр еті, буға пісірілген картофель, қайнатылған бұршақ 
тұқымдастар, бал қосқан алма қойыртпағы, шөптен қайнатылған шәй. 
 
Кешкі ас 
Авокадодан,  памидордан,  қиярдан  жасалған  жеміс  салаты,  қызылша  салаты  (майонез, 
өсімдік  майы  не  лимон  қосса  болады)  ,  күріш  араластырған  көк  бұрыш,  қалауыңша 
қайнатылған жеміс, құрма, шөптен қайнатылған шәй. 
 
№3 мәзір 
Таңғы ас 
Жаңа  немесе  қайнатылған  жеміс,  жарқышақ  бидайдан  пісірілген  бал  қосылған  тоқаш, 
шөптен қайнатқан шәй. 
 
Түскі ас 
Шикі жеміс салаты, собығымен асылған жүгері, ыстық картошка, тәттіге – алма, шөптен 
қайнатқан шәй. 
 
Кешкі ас 
Жаңа жеміс не жидек салаты, еттен, балықтан, құс етінен дайындалған тағам, пісірілген 
жұмыртқа, баклажан, көк горчица, бұқтырылған памидор, тәттіге – жаңа жұлынған алма 
т.б. жидектер, шөптен қайнатылған шәй. 

 
137 
 
164. Табиғи тамақ әр түрлі болуы керек 
 
Жоғарыда  көрсетілген  тамақ  тізімдерінен  әркімнің  жанына  жағатын  мәзір  дайындау 
мүмкін емес. Осы тағамдарды негізге ала отырып өз мәзіріңізді дайындап алыңыз. Біздің 
әрқайсымызда  белгілі  бір  тамақ  түріне  дағдыланғанбыз,  осыдан  көбінесе  бас  тарта 
алмаймыз.  Бірақта  есіңізде  болсын,  табиғи  тамақтарды  неғұрлым  мол  пайдалансаң, 
денсаулығың  соғұрлым  мықты  болады.  Ашығу  бағдарламасын  ұстап,  осы  тамақтарды 
қолдансаңыз, өмір бойы сыңғырлаған денсаулыққа ие боласыз. 
  
165. Табиғат аяуды білмейді
 
 
Бұл кітаптың мақсаты 
– 
сіздің табиғи заңдылық жолымен жүруіңізге жәрдемдесу. 
Егер біз, өзіміздің өмірімізді және денсаулығымызды табиғаттың басқаратын 
заңымен жүргізе білсек, керексіз бейнеттен құтыламыз, денсаулығымыз мықты, 
ұзақ ғұмыр, тамаша өмір сүруге қол жеткіземіз. Біз ішкі тазалығымызды сақтауға 
тиіспіз. Өз ағзамызға ауру тудыратын уларды және зиянды қалдықтарды жинауға 
тиіс емеспіз.
 
Осы кітапта айтылатын, қайталанатын ашығу бағдарламасын ұстансақ, ағзамызды 
тазалауды үйренеміз. Өзіңді сақтау 
– 
табиғаттың керемет заңы. Егер біз бақытты
зор денсаулық пен ұзақ өмір сүргіміз келсе, біз табиғатқа қарсы келмей, онымен 
бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Егер сіз заңдылықты бұзуға әрекеттенсеңіз, онда ол 
сізді бұзады. Табиғат заңдылықтары ақиқат заңдылық! Егер біз осымен жүрсек, 
тамаша денсаулықпен марапатталамыз! Ағзаның ішкі тазалығын қалай да сақтау 
керек, өз денеңді таза сақтаудың төте жолы: дүркін
-
дүркін ашығу.
 
 
166. Сіз қандай адамсыз 
 
Дүниеде  адамның  екі  түрі  ғана  бар.  Сіз  қайсысына  жатасыз?  Нағыз  адам  өзі  үшін  өзі 
ойлайды, ал екіншісі өзі үшін біреулерге ойлаттырады. Өз өміріңмен ғұмыр кешу үшін, 
қажымас ерлік керек. Ашығу мен салауатты бағдарламаны іске асыру үшін, мына уланған 
әлем мен ауру орта ерлікті қалайды. Өзіңізге жоғары тұрмыс деңгейін жасаңыз! 
Сыңғырлаған денсаулыққа ұмтылыңыз! Өзіңізді жасық адамдардың деңгейіне түсірмеңіз. 
Қуатты да күшті болыңыз! Ұзақ өмір сүріп, ширақ, тың қалпыңызды жоғалтпаңыз! Осы 
кітап  ұзақ  және  деніңіз  сау  өмір  сүру  жолында  тәрбиелеушіңіз  болсын.  Осы  кітаптан 
жинайтын  білім  мен  даналық,  сізді  жаңа  өмірге:  қиналудың  зардабын  шекпейтін, 
жастыққа толы жарқыраған саналы да, қуанышты өмірге жетелеп жеткізсін. 
 
Осы  кітапты  оқып  шықсаңыз,  бұл  кітап  сіздің  ағзаңызды  қайта  түзеуге  көмектеседі. 
Денсаулықты тілеп қана қоймаңыз, бүгіннен бастап әрекет, тағы да әрекет етіп, іске кірісу 
керек! 
                                       
167. 
БАУЫРДАҒЫ, ӨТТЕГІ ТАСТАРДЫ ТҮСІРУ. ПЫШАҚСЫЗ ОПЕРАЦИЯ 
 
 
«Дәрігерлік ілімді игермеген адам өтірік емшілік жасаса, ол адамдарға жасалған 
зұлымдық болады». 
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
 
  

 
138 
Бауыр  мен  өтті  –  тастардан  тазалау,  денсаулықты  қалпына  келтірудің  ең  маңызды  және 
бірден-бір  тиімді  тәсілі.  Емге  кірісердің  адында  алты  күндік  дайындық  керек.  Ем  16-20 
сағатқа созылады. Бауырдағы, өттегі тастарды түсіру үшін, сізге мына нәрселер қажет: 
 
Көк алманың шырыны (қанытсыз) , алты литр қажет. Күніне 1 л ішесіз. 
Дүкендерде 1 литрлік пакеттермен не 1 л шыны шишалармен сатылады. 
Іш өткізетін ағылшын тұзы. (Магний сульфаты, дәріханаларда сіресіп тұр). 
Үш 200 граммдық  ыдысқа (стаканға) 4 үлкен қасық  тұзды ерітесіз. 
Табиғи оливко (зәйтүн) майы – оливковое масло. (Дүкендерде толып тұр). 
1/2 стакан. 200 г үлкен стаканның жартысына оливко майын құясыз. 
Лимон,  апельсин  не  грейпфрут  (қызғылтымы  жақсы).  Қолыңызда  қайсы  бар  соны 
қолданасыз. 
Жемісті  сыққанда  стаканның  2/3  бөлігін  толтыратын  шырын  шығатын  мөлшерде  болса 
болғаны. 
1 литрлік және жарты литрлік шыны банка, жабылатын қақпағымен қажет. 
1 литрлік банкаға ерітілген тұзды, ал 0, 5 л банкаға жеміс шырыны (лимон, апельсин) мен 
0, 5 жарты стакан оливко майын құйып араластырасыз. 
 
168. ТАЗАЛАУҒА ОЛИВКО (зәйтүн) МАЙЫНЫҢ ҚАЙ ТҮРІ ЖАРАЙДЫ 
 
 
Сендердің  жақсылықтарың  –  ұзақ  өмір  сүрумен  бірге,  кейінгіге  игілікті  іс 
қалдырғандарың.                   Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
  
Оливко  майы  суықтай  тығыздатылған  әрі  міндетті  түрде  100  пайыз  таза  болуы  тиіс. 
Дүкендерде  сатылатын  майлардың  «EXTRA  VIRQIN»  деген  белгі  таңбасы  болуы  шарт. 
Ол  үшін  этикеткасын  мұқият  оқыңыз.  Кейбір  елдердің  шығаратын  майларының 
құрамында 80 пайыз сояның майы араласқан. Нақтылы таза «оливко майы» жасыл түстес 
болады. Алтын түстес болса алмаңыз. Себебі, ол май 100 % (пайыз) таза емес. 
  
169. ДАЙЫНДЫҚ 
 
 
Жеу үшін өмір сүрмеу керек, өмір сүру үшін жеу керек. Тамақ көп болған сайын, ауру да 
көбейеді.            Бенджамин Франклин 
 
 
АЛТЫ  КҮН  БОЙЫ  КӨК  АЛМАНЫҢ  ШЫРЫНЫН  КҮНІНЕ  1  (БІР)  ЛИТРДЕН 
ІШЕСІЗ. (ұнаса бұдан да көп мөлшерде ішуге болады). Алма қышқылы запыран тастарын 
жұмсартып,  запыран  жүретін  арналардан  тастардың  өтуін  жеңілдетеді.  Алманың 
қышқылы өте тамаша тазалағыш. 

 
139 
 
Кейбір  аса  сезімтал  адамдарда  шырынды  ішкен  бастапқы  күндері  іші  кеуіп,  тіпті 
тышқақтауы  мүмкін.  Бұл  жағдайда  үлкен  дәретімен  бауырдан  және  өттен  бөлінген 
запыран шығуы мүмкін (осы кезде үлкен дәреттің түрі сары қоңырқай түстес болады). 
 
Алма  қышқылының  ферменттік  әсері  запыран  жүретін  арнаны  кеңейтеді.  (Егер  өзіңізді 
жайсыз сезінсеңіз, онда алма шырынына су қосып араластырып ішуге болады). Шырынды 
аз-аздап, там-тұмдап күні бойы тамақтану  аралығында ішіңіз. (Тамақ ішер алдында, тамақ 
ішкен кезде, тамақ ішкеннен кейін екі сағат уақыт өтпей алма шырынын ішпеңіз). 
 
Алма  шырыны  сіздің  күнделікті  ішіп  жүрген  сұйығыңызды  алмастыруға  тиіс емес.  Бұл 
оған қосымша толықтыру. (Ескерту: Негізі табиғи шырын ішуге тырысыңыз. Жоқ болса 
концентраттан дайындалғаны да жарай береді). 
 
Алма  қышқылы  тісіңізді  бүлдірмес  үшін,  тісіңізді  тазалап  содамен  күніне  бірнеше 
қайтара  шайыңыз.  (Егер  сізде  алма  шырынына  аллергия  болса,  онда  оны  алмастыратын 
жайттқа  жүгініңіз.  Осы  тақырыптың  соңында  «Мүмкін  болатын  шырғалаңдар»  атты 
тарауда айтылады). 
 1.     
ТАМАҚ МӘЗІРІНЕ ҰСЫНЫСТАР: 
«Адам  баласы  жаратылғанда  өлімнің  99  себебі  бірге  жаратылған.  Егер  осыдан 
сақтанып өмір сүрсең ғана кәрілікке жетесің».     Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)   
 
 
Емге дайындық аптасында 6 күн суық тамақ пен тоңазытқыштан алынған сұйық ішпеңіз. 
Сіз бүйрегіңізді салқындатып алсаңыз тазалануға бөгет жасайды. Ішіп жеміңіздің бәрі де 
бөлмеңіздің  температурасынан  төмен  болмасын.  Бауырыңызды  толықтай  тазалау  үшін 
апта бойы мал өнімдерінің тағамдары – ет, сүт, кілегей, сары май, айран, ірімшік, құрт, 
сүзбе  т.б.  және  қуырған  тамақтарды  ішіп  жемеңіз.  Қалған  жеміс-жидектерді,  дәнді 
дақылдар өнімдерін қалыптағыдай жей беріңіз. Бірақ, тым қомағайланбай тартына жеңіз. 
 2.     
ТАЗАЛАНУҒА ЫҢҒАЙЛЫ УАҚЫТ: 
 
Ең  бастысы  тазалануды  демалыс  күні  өткізіңіз.  Себебі,  ешқайда  асықпай  толық 
демалуға уақытыңыз болады. Тазалануға барлық кезең қолайлы, дегенмен де жаңа ай 
туғаннан  кейін  бастасаңыз  тіптен  тамаша  болады.  Бауырдағы  тастарды  түсіріп 
тазалайтын  алдын  ала  алты  күндік  дайындықты  жаңа  ай  туарға  6-7  күн  қалғанда 
бастаңыз. 
 3.     
ЕГЕР СІЗ ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚОЛДАНЫП ЖҮРСЕҢІЗ 
 
Тазалану  барысында  қандай  болмасын  дәрілерден,  витаминдерден,  биологиялық 
қарқынды  тамақ  қоспаларынан  бас  тартыңыз.  Бауырға  қосымша  салмақ  салудың  қажеті 
жоқ. Бұл тазалануға бөгет жасауы мүмкін. 
 4.     
ТАЗАЛАНУҒА ДЕЙІН ДЕ, ТАЗАЛАНҒАННАН КЕЙІН ДЕ ІШЕГІҢІЗДІ ЖУЫҢЫЗ 

 
140 
 
Уақтылы  үлкен  дәретке  отыруыңыз,  сіздің  ішегіңіздің  ішінде  қатып  қалған  немесе 
кептеліп  қалған  қоқыр-соқыр  қалдықтардың  жоқтығына  кепіл  бола  алмайды.  Тік  ішекті 
алдын  ала  сумен  жуып  шайу,  бауырды  тазалау  барысында  жеңілдік  әкеледі.  Тазалану 
барысында шыққан қоқыс-қалдықтардың ішек жолдарымен жоғары көтеріліп кетпеуінің, 
жүрегіңіздің  айнымауының,  өзіңізді  жайсыз  сезінбеуіңіздің  алдын  алады.  Ағзаңыздың 
(организм) тастардан тазалануын тездетеді. 
Тік  ішекті  тазалаудың  жолы  –  мамандандырылған  жуу.  (профессиональная 
гидротерапия). 
Екінші жолы әр түрлі клизмалар қою. 
Үшінші ең төте әрі тиімді жолы – сұйықты өте көп мөлшерде ішіп, ішіңді сарылдатып 
өткізу   (Магний  сульфаты,  ағылшын  тұзын  үлкен  қасықпен  алып,  бір  стакан  жылы  суға 
ерітіп,  таңерең  ерте  ішіңіз).  Біраздан  кейін  ішіңіз  сарылдап  ағып,  10-12  метр  ішек 
жолдарыңыз толық тазаланады. 
 5.     
ДАЙЫНДЫҚТЫҢ СОҢҒЫ АЛТЫНШЫ КҮНІ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? 
 
Егер  таңертең  қарныңыз  ашып  тұрса  жеңіл  ғана  тамақтаныңыз.  Ыстық  ботқа:  күріш, 
қарақұмық,  тары.  Сұлы  ботқасы  болса  тіптен  керемет.  Тәтті  жемеңіз.  Қант,  тәтті 
тоқаштар,  қандай  болмасын  майлардың  түрі  (өсімдік  майы  да)  ,  ет,  ірімшік,  макарон 
өнімдері,  жұмыртқа,  жаңғақ,  суық  тамақ,  сүт,  май,  құрт,  кілегей,  нан  (нанды  кептіріп 
барып 1-2 тілім сухарь жеуге болады) , белок өнімдерін т.б. 
 
Жемістерді  жеп,  шырынын  ішуге  болады.  Түскі  тамаққа  екі  жеміспен  күріштен  ботқа 
жеңіз.  Бұл  ережені  сақтамасаңыз  бауырыңыз  тазаланып,  тасы  түсіп  жатқан  кезде  сізге 
ауыр болады. Қиналасыз. 
 
САҒАТ  14-ТЕН  КЕЙІН  АУЗЫҢЫЗҒА  НӘР  САЛМАҢЫЗ.  Ешнәрсе  ішіп  жемеңіз.  Тек 
таза су ғана ішуге болады. Әйтпесе бауырыңыздағы тастар түспей қояды! Бауырыңызды 
толық тазалап, тастарын түсіргіңіз келсе төменгі нұсқауларды мұқият сақтап, көрсеткен  
сағатында істеңіз. 
 
170. БАУЫР ТАЗАЛАУДЫҢ ШАРТТАРЫ 
 
КЕШКЕ 
 
18.00: Үш таза су құйылған 200 граммдық стакандағы суды 1 литрлік банкаға құйыңыз. 
Сонан  кейін  үлкен  қасықпен  төрт  қасық  ағылшын  тұзын  (магний  сульфаты)  осы  суға 
қосып ерітіңіз. Осы ерітінді суды төрт стаканға бөліп құйыңыз (мөлшері 180 мл). 
 
Бірінші  стакандағы  ерітіндіні  ішіп  алыңыз.  Кермек  ащы  дәмнен  құтылғыңыз  келсе, 
артынан лимон шырыны қосылған суды аз-аздап ішіңіз. Кейбір адамдар тұздың ащы дәмі 
білінеуі үшін, ертіндіні түтікше арқылы ішеді. 
 
Ағылшын  тұзының  басты  міндеті  –  запыран  жүретін  арнаны  кеңейту.  Осы  кеңейген 
арнамен  бауырдан  түскен  тастар  бөгетсіз  сыртқа  үлкен  дәретпен  шығарылып 

 
141 
тасталынады.  Сондай-ақ,  бауырды  тазалауға  бөгет  жасап  тұрған  ағзадағы  қоқыр-соқыр 
қалдықтарды шығарады. 
 
20.00: Екінші стакандағы ағылшын тұзы ерітілген тұнбаны ішіп алыңыз. 
 
21.30:  Егер  осы  уақытқа  дейінгі  24  сағаттың  аралығында  сіз  үлкен  дәретке  отырмаған 
болсаңыз, клизма жасап ішіңізді тазалаңыз. 
 
21.45:  Лимон,  апельсинді  мұқият  тазалап  жуыңыз.  Сізге  стаканның  2/3  бөлігіндей  ғана 
шырын  қажет.  Лимоннан  не  апельсиннен  сығып  алған  шырынды  0,  5  литрлік  банкаға 
құйыңыз. Бұған жарты 0, 5 стакан оливка майын құйыңыз. 
 
Банканың қақпағын тығыздап жауып: шырын мен май біркелкі болып араласып кеткенше 
20 рет шайқаңыз. Осы тұнбаны сағат 22.00-де ішу керек. Бірақ,   дәретханаға бару қажет 
болса, онда бұл шараны 10 минутқа шегере тұруға болады. 
 
22.00:  Төсектің  жанында  түрегеп  тұрыңыз,  отырмаңыз!  Енді  қолыңыздағы  апельсин 
шырыны мен оливко майы қосылған тұнбаны бірден ішіп алыңыз. Егер бірден жұта алмай 
қиналсаңыз, жұтым-жұтымның аралығында аздап бал жеуіңізге болады. 
 
Адамдардың  басым  бөлігі  бұл  сұйықты  қиналмай  қылқ  еткізеді.  Енді  5  минуттың 
аралығында төсегіңізге жата қалыңыз. 
 
БІРДЕН ТӨСЕГІҢІЗГЕ ЖАТЫҢЫЗ! БҰЛ ТАСТАРДЫҢ ШЫҒУЫНА ӨТЕ МАҢЫЗДЫ. 
Шамды  өшіріп,  шалқаңнан  түсіп  жатыңыз.  Басыңыз  ішіңізден  жоғары  болуы  тиіс, 
сондықтан бір немесе екі жастық жастаныңыз. Егер шалқадан жату ыңғайсыз болса, екі 
тізеңізді бауырыңызға тартып, оң қырынан жатыңыз. 
 
20  МИНУТ  ТЫПЫР  ЕТПЕЙ  ЖАТЫҢЫЗ,  ҚОЗҒАЛМАҢЫЗ!  ЖАН  БАЛАСЫМЕН 
СӨЙЛЕСУШІ БОЛМАҢЫЗ! 
 
Барлық  ынта  жігеріңізді,  санаңызды  бауырыңызға  бағыштаңыз.  Осы  сәтте  Сіз  запыран 
жүретін  арнамен  тастардың  жылжып  келе  жатқанын  сезуіңіз  мүмкін.  Ауырсыну 
болмайды.  Себебі,  ағылшын  тұзының  құрамындағы  магнийдің  арқасында  запыран 
жүретін арнаның клапаны – қақпағы ашық, болбырақ бос болады. 
 
Осы  арнамен  тастармен  қоса  аққан  запыран  арнаны  жып-жылмағай  етіп  майлайды 
(қолайсыз  жағдай,  тастар  қозғалған  кезде  магниий  жеткіліксіз  болса  ғана  байқалады). 
Ұйықтап қалуға тырысыңыз. 
 
Егер  түн  жарымында  үлкен  дәретке  шыққыңыз  келсе  барыңыз.  Осы  сәтте  үлкен 
дәретіңізден тастар шығып жатыр ма (жасыл не қоңыр түстес) тексеріңіз. 
 
Тексеру  үшін  үлкен  дәретке  горшокқа  не  легенге  отырыңыз.  Сонда  бауырыңыздан 
бөлініп  шыққан  тастарды  санап,  жиып  алып,  сақтай  аласыз.  Әр  тазаланғанда  шыққан 
тастарды  санап,  күні  мен  айын,  жылын  жазып  қойыңыз  Бұл  өзіңіз  үшін  қажет.  Тастар 
шыққан сайын денсаулығыңыз жақсарып, ауруыңыздың себебін тауып, талдауға болады. 

 
142 
 
Түн  ортасында  не  таң  ата  жүрегіңіз  айнуы  мүмкін.  Себебі,  бауырдан,  өттен  қуылып 
шыққан  тастар  мен  улар  –  сіз  ішкен  май  мен  шырынның  қоспасын  қайта  асқазанға 
айдайды. Таңертең жүрегіңіздің айнығаны басылады. 
 
ТАҢЕРТЕҢ 
 6.00–
6.30:  Ояна  салысымен  сағат  6-дан  кейін  ағылшын  тұзы  қосылған  үшінші  тұнбаны 
ішіңіз. (Егер шөлдеп тұрсаңыз алдын-ала бір стакан жылы су ішуге болады). Демалыңыз, 
рухани  кітап  оқыңыз,  намаз  оқыңыз,  ұюмен  (медитация)  шұғылданыңыз.  Тік  жүріп.  Тік 
тұруға тырысыңыз. Егер ұйқы қысып бара жатса, амал жоқ жатыңыз. Адамдардың басым 
бөлігі осы кезде өздерін өте жеңіл, жақсы сезініп жеңіл жаттығулар жасайды. 
 8.00–
8.30: Соңғы төртінші стакан 3/4 тұнбаны ішіңіз (ағылшын тұзы қосылған су). 
 10.00–10.3
0:  Бір  стакан  жеміс  шырынын  ішіңіз.  Жарты  сағаттан  кейін  1-2  жеміс  жеңіз. 
Тағы бір сағаттан кейін жеңіл түскі тамақ ішіңіз. Кешке таман немесе ертеңгісін қалыпты 
жағдайыңызға  келесіз,  денсаулығыңыздың  жақсара  бастағанын  сезесіз.  Бірнеше  күн 
тамаққа қомағайланбаңыз. Ұмытпаңыз, сіздің бауырыңыз бен өтіңіз жанама әсері жоқ өте 
күрделі операциядан өтті. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет