Т. Хакімова компьютерлік өҢдеудің


Форматтардың сәйкес келуі



Pdf көрінісі
бет5/14
Дата06.02.2017
өлшемі1,16 Mb.
#3504
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Форматтардың сәйкес келуі 
Басқа бағдарламалық ортада дайындалған мәтіндік файлды 
Word  редакторы  дұрыс  оқи  алмайды.  Сол  себептен  мәтіндер 
мен  сәйкестілік  болу  ‰шін RTF форматын  қолдану  керек.  Бұл 
форматта  кейбір  DОС  бағдарламаларынан  басқа  мәтіндік  бағ-
дарламалардың барлығы жақсы т‰сінеді. Және олардын барлы-
ғыда  осы  форматты  бірдей  қабылдайды. RTF форматындағы 
файлдарды, Word редакторында  терілген  мәтінді  бөтен  фор-
матқа айналдыруға, мәтінді қабылдауға арналған с‰зулер, бағ-
дарламаларды көшіруді жеңілдетеді.  
Графиктік объетілерді енгізу 
Көптеген  құжаттардың  құрамында  әрт‰рлі  безендірілген 
суреттер орналасқан. Word редакторында мәтіндік құжат ішіне 
алдынала  басқа  бағдарламаларда  дайындалған  фирмалық  таң-
балар,  диаграммалар,  графиктер,  суреттер  сияқты  объектілер-
ды  енгізуге  болады.  Ол  ‰шін  меню  жолынан  Вставка-Рисунок 
командасын таңдау керек.  
Графиктік форматтар 
Әр т‰рлі графиктік объектілерді Word ортасындағы мәтінге 
енгізу оның құрамындағы сыртқы форматты т‰рлендіре алатын 
бағдарламалар арқылы немесе графиктік с‰зулер көмегі арқы-
лы орындалады. Алдын ала орнатылған ішкі графиктік с‰зулер 
биттік  карталар  форматындағы  файлдарды  (ВМР)  немесе 
векторлық  графика  файлдарды (WMF) оқи  алады.  Ал  басқа 
форматтағы  файлдар  сыртқы  с‰зулік  бағдарламалар  көмегі 
арқылы т‰рлендіріледі.  
Биттік графика 
Биттік  графика  файлдары  бейненің  әрбір  н‰ктесін  белгілі 
бір жиынның қатарласа орналасқан тізбегі ретінде қарайды. Әр 
н‰кте  туралы  информацияда  оның  т‰сі  жайлы  да  мәліметтер 
болады. Paіnt–  осы  биттік  графика  бейнелерін  өндеуге  арнал-
ған  Wіndows  ортасының  қарапайым  қалыптағы  бағдарламасы. 
Осындай  ВМР  форматындағы  файлдармен  бірге  биттік  гра-
фика  тобына  жататын  РСХ  немесе  TІFF  форматындағы  файл-
дар  да  болады.  Биттік  графика  тобына  жататын  файлдардың 

 
47
негізгі  кемшілігі  сурет  мөлшерін  өзгерту  барысында  олардың 
сапасының төмендеуінде.  
Мысалы,  ВМР  форматындағы  суретті  меню  жолындағы 
Вставка-Рисунок  командасы  арқылы  мәтіннің  ішіне  орналас-
тырып,  мөлшерді  өзгерту  жақтауын  шығарып  тышқанмен  ба-
сып,  суретті  тігінен  және  көлденеңінен  ұлғайтуға  болады. 
Осыдан кейін бейне біршама өзгереді. Биттік графикадағы бей-
не н‰ктелердің жиынтығы т‰рінде көрсетілгендіктен, салынған 
шеңбер  суреті  біртұтас  обьект  т‰рінде  өңделмейді.  Бұл  жағ-
дайда  бейне  құрамындағы  көрсетілген  жеке  н‰ктелерді  өз  ал-
дына бөлек өңдеп алу қажет.  
Векторлық графика 
Векторлық графика суреттің әр жеке элементі вектор т‰рін-
де  немесе  сандар  массиві  т‰рінде  болады.  Фигура  жайлы  ин-
формация-  оның  мөлшері,  центрінің  координаталары  және 
т‰сі,  қарапайым  геометриялық  фигуралардан  (сызықтар,  тік-
төртбұрыштар,  дөңгелектер  және  т.  с.  с.)  тұрады  және  мате-
матикалық  сипаттамасы  болады.  Мысалы,  дөңгелекті  сақтау 
‰шін оның центрінің координаталары ( x=0, y=5,) радиусы (34), 
т‰сі  (көк)  туралы  информация  қажет  болу  керек.  Бейне 
мөлшерінің  өзгеруі  (өсуі  немесе  кемуі)  оның  сапасына  әсерін 
тигізбейді. WМF  форматы — бұл  к‰рделі  векторлық  графика 
форматы,  сондықтан  ол WORD редакторында,  оның  құра-
мында  бірге  орнатылған  графиктік  с‰зу  арқылы  іске  асыры-
лады.  
Кезкелген  графиктік  редакторда  сурет  салып,  оны WMF-
форматында сақтаса, онда мөлшерін өзгерту барысында ешбір 
сапасы төмендемейді.  
Енгізу 
Мәтінге  сыртқы  ортадан  енгізілген  обьект,  оны  өңдеуге 
қажетті  барлық  мәлеметтерді  сақтайды.  Мұндай  обьектінің 
айырықша  бір  файлмен  байланыста  болуы  қажет  емес.  Оны 
өңдеу ‰шін сурет салынған негізгі бағдарлама автоматты т‰рде 
іске қосылады.  
Суреттерді мәтінге енгізу және олардың көшірмесін алу 
WORD  редакторына  суретті  мәтінге,  кадрға  немесе  кесте 
ішіне  орналастыруға  болады.  Бұл  тәсілдердің  ең  қарапайым 
т‰рі.  Басқа  әдіс-тәсілдерді  қолдану  қиын  емес,  бірақ  сурет-

 
48
термен  жұмыс  істеуге  арналған  қосымша  жабдықтар  қажет 
болады.  Мысалы,  суретті  кадр  ішіне  енгізу  барысында  мәтін 
фрагменттері  безендірудің  белгілі  бір  элементтерін  көрсетіп 
тұрады.  Ал  сурет  кестенің  бір  бағанасына  орналасса,  онда  ке-
лесі бағанаға т‰сіндірме мәтін фрагментін жазуға болады. Бұл 
тәсіл  саймандар  тақтасында  құралдар  қызметін  көрсету  бары-
сында кеңінен қолданылады.  
 Сурет салу саймандар тақтасымен жұмыс істеу барысында 
суретті  мәтін  жазылатын  терезе  ішіне  немесе  сурет  қобди-
шасына (контейнерге) орналастыруға болады. Мұндайда сурет 
мәтін  ‰шін  фон  қызметін  атқарады  немесе,  керісінше,  суретті 
тек ‰стінен қоюға болады.  
WORD редакторында мәтін ішіне суретті енгізу ‰шін мына-
дай тәсілдер қолданылады: 

 
Вставка-Рисунок  командасының  көмегімен  суретті  ен-
гізу, яғни сурет орналасқан файлдың атын көрсетсе жеткілікті. 
Бұл  тәсіл  суретті  әрі  қарай  өзгертпейтін  кезде  немесе  сурет 
салған негізгі бағдарлама болмаған жағдайда қолайлы.  

 
Вставка-Обьект  командасының  көмегімен  суретті  енгізу, 
мұндайда жаңадан сурет салуға немесе дайын суреттірдің бірін 
алуға  болатын  бастапқы  бағдарламаны  пайдаланудың  м‰мкін-
дігі туады. Бұл тәсілдің кемшілігі, негізгі бағдарламаның қажет 
болуы, бірақ оның орнына мәтінге енгізілген кезкелген суретті 
сол бағдарламаның көмегімен өңдейге м‰мкіндік болады.  
Осы әрекеттер нәтижесінде көрсетілген сурет бағыттауыш-
тың  ағымдағы  позициясына  қойылады.  Суреттің  алдындағы 
мәтінді  ұлғайтуда  немесе  өшіруде,  суреттің  орналасуы  авто-
матты т‰рде өзгереді. Мәтінмен жұмыс істеу барысында сурет 
орны  өзгеріссіз  қалуы  ‰шін,  суретті  кадр  ішіне  орналастыру 
қажет.  
Графиктік элементтерді графиктік обьект ретінде пайдалану 
тәсілі,  негізінен  алғанда,  мәтінге  енгізілгенннен  кейін  де  өз-
гертіле беретін суретті көрсетеді. Графиктік обьектілер  әрт‰р-
лі.  Егер  компьютерде PhotoFіnіsh (Photoshop немесе Corel 
DRAW) графикалық редакторы орнатылған болса, онда Photo-
Fіnіsh-те  де (Photoshop не Corel DRAW, CorelCHATT немесе 
CorelPHOTOPAІNT  бағдарламаларында)  дайындалған  график-

 
49
тік  элементтерді  мәтінге  енгізіп  қоюға  болады.  Графиктік 
элементтердің  тек  сурет  болуы  міндет  емес.  Мысалы,  егер 
компьютерде MS Excel (немесе PowerPoіnt) бағдарламасы бол-
са,  онда  мәтінге  осы  бағдарламаларда  құрылған  обьектерді  де 
енгізуге болады.  
  
2.5. Құжатқа суретті қою 
 
Графикалық  бейне  дегеніміз  дискіде  графика  т‰рінде  бей-
нелейтін  файл. Word редакторынының  құрамында  суретті  құ-
ратын  бірнеше  қосымша  бағдарламалар  орнатылған. Word 
бағдарламасын  орналастырғанда  санаулы  суреттер  кітапха-
насын отырғызылады. Мысалы: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 2. 5. 1.  
 
Word құжатына суретті қосу ‰шін келесі әрекеттерді жасау 
керек 

1.
 
Бағыттауыш  сілтемені  суретті  орнататын  тұсқа  әкеліп 
қою керек  
2.
 
Меню  жолынан  Вставка–Рисунок–Из  файланы  таңдау 
керек 
3.
 
Осы ашылған тізімнен қажетті суреті бар буманы таңдап 
алу керек 
4.
 
Сұхбат  терезесінің  ортасында  орналасқан  файлдар  тізі-
мінен қажетті т‰рін таңдау керек 

 
50
5.
 
Мәтіндік құжаттың файл аты өрісіне суреттің атын жазу 
немесе соны көрсету керек 
6.
 
Таңдалған  суретті  қарау  ‰шін,  Просмотр  командасына 
басу керек 
7.
 
Файлмен байланыс жасау, ол ‰шін 


 
Дискідегі графикалық файл өзгергенде сурет өзгеріп тұру 
‰шін, файлмен байланыс жалаушасын орнату қажет 

 
Егер  файлмен  байланыс  жалаушасы  орнатылған  болса, 
онда  құжатта  суреттің  көшірмесін  сақтайтын  сақтау  құжаты 
жалаушасын орнатуға болады 

 
Мәтіннің  жоғарғы  бөлігіне  суретті  орналастыру  ‰шін 
немесе  мәтіннен  кейін,  басқа  объектілерді  орналастыру  ‰шін 
мәтіннен жоғары жалаушаны орнықтыру керек 
8.
 
Соңында OK-ға  басу  қажет.  Осы  сәтте  сурет  құжатқа 
орналастырылды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 2. 5. 2.  
 
Суреттерді қосу 
Құжаттың т‰рін өңдеп көрсету ‰шін суреттер қолданылады. 
Word редакторында бұл ‰шін өте көп м‰мкіншіліктер бар.  
Суретті құжатқа қою ‰шін мына әрекеттерді жасау керек

1. Бағыттаышты құжатта суретті қоятын жерге орнату керек 
2. Mіcrosoft Clіp Gallery сұхбат  терезесін  ашу  ‰шін,  меню 
жолынан Вставка-Рисунок-Картинки таңдау керек.  
3.  Сол  жақтағы  өрістен  қажетті  суреттің  категориясын 
таңдау керек немесе барлық бөлігін таңдау керек 
4. Суреттер тізімін ақтарып қажеттісін таңдау қажет 

 
51
5.  Суретті  құжатқа  қою  ‰шін  Қою-Вставка  командасын 
орындау керек 
Графиктерді шығару 
Сурет  орнатылған  құжаттармен,  суретсіз  құжат  сияқты 
жылдам  істеу  қиын.  Беттерді  бөлу  және  құрылым  режімінде 
жұмысты  жеделдету  ‰шін  суреттерді  жасырып  қойып,  оның 
орнына  бос  төртбұрыштарды  немесе  белгі-толтырғыштарын 
көрсетуге  болады. (Суреттер  жәй  және  электрондық  құжат 
режімінде автоматты т‰рде жасырынып тұрады. ) Егер жұмыс 
барысында,  суретті  қоярда  файлмен  байланыс  жалаушасы  ор-
натылған  болса,  онда Word редакторы  құжатқа  өрістің  кодын 
қояды.  Осы  сәтте  мониторда  сурет  орнына  осы  код  бейне-
ленеді.  
Графикті шығару ‰шін келесі әрекеттер жасалады: 

 
Параметрлер  сұқбат  терезесін  ашу  ‰шін,  Серис  коман-
дасынан Параметрлерді таңдап, яғни Сервис-Параметры  

 
Параметрледі көру ‰шін, Вид менюін ашып 

 
Көрсету аумағыда, суреттердің бос жақтаушаларын және 
өрістің кодын орнату немесе алып тастау қажет 

 
Соңында OK-ға басу керек 
Суреттің өлшемін өзгерту
 
Құжатта суретпен жұмыс істеу ‰шін, оны бегілеп алу қажет. 
Ол ‰шін: 

 
Суретті тышқанмен басу керек 

 
Суретті перненің көмегімен де көрсетуге болады, ол ‰шін 
бағыттауышты  оның  сол  жағына  орналастырып, Shіft+… 
пернесіне  басу  қажет.  Бөлініп  алынған  суреттің  жан-жағында 
сегіз кішкене қара т‰сті квадраттар пайда болады, оларды мар-
кер өлшемі деп атайды 
Құжаттағы  суреттің  өлшемін  өзгертіп  және  қиып  алуға 
болады, ол ‰шін: 

 
Суретті бөліп таңдау керек 

 
Тышқан  бағыттауышын  маркер  өлшемінің  біріне 
орнатса, бағыттауыш екі бағыттағы стрелка т‰рінде көрінеді 

 
Тышқанның  сол  жағын  басып  отырып,  жылжытып,  мар-
кер өлшемін қалағанша таңдауға болады 

 
52

 
Соңында тышқанды босату керек 
Графиктерді жою, алмастыру және көшіру 
Суретті жою ‰шін, оны белгілеп алып Delete пернесіне басу 
керек. Алмастыру және көшіру ‰шін: 

 
Суретті бөліп көрсету қажет 

 
Көшіру  ‰шін,  Правка  менюынан  Копировать-ты  таңдау 
керек немесе Ctrl+C пернесін басу керек 

 
Алмастыру ‰шін, Правка менюынан Вырезать-ты таңдап 
немесе Ctrl+Х  пернесін  басса  жеткілікті,  саймандар  тақ-
тасындағы қайшыны алса да болады 

 
Бағыттауышты суретті орнататын тұсқа әкеліп қою керек  

 
Правка  менюынан  Вставить  командасын  таңдап  немесе 
Ctrl+V  пернесін  басып,  саймандар  тақтасындағы  Вставить-ті 
алса да болады 
Құжатта суретті құру 
Word  редакторы  стандартты  суреттерден  басқа,  құжатта 
қалаған  суретті  құруға  м‰мкіндік  жасайды.  Сурет  салуды 
бастау ‰шін, саймандар тақтасынан  Рисоване-Сурет сайманын 
экранға  шығарып  алу  керек,  ол  ‰шінВид  менюынан  Панел 
инструментов және рисованиені таңдау қажет 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 2.5.3.  
 

 
53
Суретті құру мынадай ‰ш бөліктен тұрады: 

 
Дайын  обьектілерден,  яғни  автофигуралардан  (т‰зусы-
зық, бағыттауыш, фигуралар, жазуды орналастыру)  

 
Құжаттағы суретті қозғалта отырып, оның өлшемін және 
пропорциясын өзгерту 

 
Сызықтың қалыңдығын, т‰сін, т‰рін өзгерту 
Word  редакторында  суретті  салу  ‰шін  келесі  әдістер  жиі 
қолданылады:  

 
Саймандар тақтасындағы Сурет сайманына басып, перне 
арқылы автофигурдан қажетті обьектіні таңдап, оны қою ‰шін 
құжаттың  кез-келген  жерінен  басу  керек.  Обьектінің  биіктігі 
мен кеңдігі бірдей болу ‰шін Shіft пернесін ұстап тұру қажет.  

 
Салынған  обьектіні  бөліп  көрсету  ‰шін,  оған  тышқанды 
апарып  басу  керек.  Осы  сәтте  оның  жан-жағында  маркер 
өлшемі пайда болады. Бірнеше обьектілерді бөліп көрсету ‰шін 
Shіft  пернесін  ұстап  тұрып,  сол  обьектілерді  көрсету  керек. 
Бөліп  алынған  обьектілерді  жою  ‰шін Delete пернесіне  басу 
қажет.  

 
Бөлініп  көрсетілген  сурет  обьектісін  бір  орыннан  келесі 
орынға  жылжыту  ‰шін,  оған  тышқанды  апарып  қойып,  қайда 
қаласа сонда апаруға болады.  

 
Обектінің  пропорциасы  мен  өлшемдерін  өзгерту  ‰шін 
тышқанды өлшем маркерлерінің біріне апарып қойып, керекті 
нәтижеге жеткенге дейін оны жылжыту қажет.  

 
Обьектідегі  сызықтың  т‰сін  өзгерту  ‰шін,  суреттің 
саймандар  тақтасындағы  сызықтың  т‰сі  сайманының  т‰ріне 
басып, қажеттісін таңдау керек.  

 
Обьектідегі толтыру т‰сін өзгерту ‰шін, суреттің сайман-
дар  тақтасындағы  толтыру  т‰сі  сайманының  т‰ріне  басып, 
қажеттісін таңдау керек.  

 
Обьектідегі  сызықтың  қалыңдығын  және  стилін  өзгерту 
‰шін, суреттің саймандар тақтасындағы сызықтың т‰рі немесе 
штрихын таңдау қажет.  

 
Обьектіге  жазуды  қосу  ‰шін  саймандар  тақтасындағы 
Жазу пернесіне басып, осы сайманды керекті орынға орналас-

 
54
тырып, құжатты теру керек. Соңында тышқанды құжаттың мә-
тін терезесінің сыртынан кез-келген жерден басу қажет.  
 
2.6. Word бағдарламасындағы формулалар редакторы 
 
Word бағдарламасындағы формулалар редакторы (Редактор 
формул-Equatіon Edіtor) көмегімен қ‰жат мәтініне математика-
лық формулалар мен нұсқауларды қолданудың м‰мкіндіктерін 
береді.  Формулалар  редакторының  көмегімен  жазылатын  объ-
ектілерге  интегралдар,  матрицалар,  бөлшектер,  т‰бірлер,  көп-
м‰шеліктер, т. б. жатады және олардың монитор бетіндегі сырт 
бейнелері,  баспадан  басылып  шығарылатын  көшірме-лерімен 
бірдей болады. Формулаларды форматтау барысында қолданы-
латын  әріптер  мен  олардың  сызылымы  баспа  қабылдайтын 
шрифтерге байланысты өзгертіледі.  
Формулалар редакторын іске қосу 
Word  ортасында  формулалар  редакторын  іске  қосу  ‰шін, 
енгізу  бағыттауышын  мәтіннің  формула  енгізілетін  тұсына 
орналастырып, Вставка-Объект Mіcrosoft Equatіon менюі арқы-
лы командаларды орындау қажет. Осы әрекеттен кейін, теңдеу-
лер  редакторының  терезесі  пайда  болып,  сол  терезе  арқылы 
қажетті  формуланы  енгізуге  болады.  Егер  енгізілетін  объекті-
лер тізімінде формулалар редакторлары жоқ болса, онда келесі 
әректтерді орындауға тура келеді:  

 
Mіcrosoft Word Folder бумасында Word Commands деп 
аталатын ішкі буманы ашу керек; 

 
Формулалар редакторын бейнелейтін суретті тышқанмен 
екі рет басу керек; 

 
Формулалар редакторы терезесін одан шықпай жабу керек; 

 
Word редакторынан формулалар редакторын шақыру керек. 
Формулалар  редакторы  отырғызылғаннан  кейін,  оның  қол-
данбалы  терезесі  ашылады.  Ол  терезе,  құрылымы  жағынан 
Word терезесіне ұқсас болып келеді.  
Математикалық символдар қатары 
Формулалар  редакторы  терезесіндегі  математикалық  сим-
волдар  шарт  белгілері  берілген  жоғарғы  жолдан  тұрады,  ол 

 
55
негізінен формуланы енгізуде қолданылатын символдар менюі 
қызметін атқарады: мысалы, шексіздік белгісі, вектор символы, 
т.с.с.  таңбалар  жиыны.  Олардың  ішінен  қажетті  символдарды 
таңдауға және оларды формула ретінде енгізуге болады. Мате-
матикалық  символдар  функционалдық  ұқсастығы  бойынша 
жеке  топтарға  біріктіріліп  орналастырылған.  Символды  енгізу 
‰шін  керекті  символ  т‰рған  өріс  элементін  тышқан  бағыт-
тауышымен  белгілеп  көрсетсе,  осы  өріске  кіретін  символдар-
дың толық тізімі ашылады. Тышқан бағыттауышымен тізімдегі 
қажетті символды таңдап, оны бір рет басса, символ мәтіндегі 
формулалар қатарына енгізіледі.  
Нұсқаулар  қатары  математикалық  символдар  шартбелгі-
сінен  төменірек  орналасады.  Оның  көмегімен  мәтінге  матема-
тикалық қатынастар, қадамдар және интеграл, матрица, жақша 
ішіндегі өрнектер сияқты к‰рделі объектілер және тағы басқа-
ларды  енгізуге  болады.  Мысалы,  интеграл  белгісінен  кейін, 
т‰бір белгісін қоюға, ал т‰бір белгісінің ішіне (астына ) бөлшек 
белгісін қоюға болады.  
Формулалар редакторында енгізу бағыттауышы бастапқыда 
L  әрпі  т‰рінде  болады.  Көлденең  және  тік  сызықтар  форму-
ланың  келесі  элементі  қай  жерге  енгізілетінін  көрсетеді.  Фор-
мулаларды  жазуда  математикалық  символдар  мен  белгілер 
қатары қосымша құралдар ретінде қолданылады, себебі таңба-
ларды тікелей пернелерден де енгізуге болады.  
Редакторда терілген формула, мәтінге формулалар редакто-
ры терезесі жабылған соң ғана енгізіледі.  
Теңдеуді енгізу 
Формулалар  редакторы  іске  қосылғаннан  кейін,  белгілі  бір 
теңдеуді  енгізуге  болады.  Теңдеуге  тікелей  пернелер  тақта-
сының  көмегімен  қарапайым  мәтінді  және  формулалар  редак-
торындағы менюден арнайы символдарды таңдап алып, оларды 
енгізуге болады.  
Формулалар редакторының менюінен тиісті таңбаны таңдап 
алғаннан кейін, оны жіңішке пунктирмен шектелген тіктөртбұ-
рышты  енгізу  ұясына  орналастыру  керек.  Бұны  осы  нұсқау 
арқылы  енгізілетін  символдардың  ұясы  деп  те  атауға  болады. 
Бағыттауышты тиісті ұяға апарып, керекті таңбаларды енгізуге 

 
56
болады.  Ұяға  енгізілген  таңбаларға  байланысты  тіктөртбұрыш 
өз мөлшерін автоматты т‰рде өзгертіп отырады.  
Қойылған нұсқаулар қабаттасып орналасқанда бағыттауыш-
тың  қай  ұяда  орналасқанын  анықтау  қиынға  т‰суі  м‰мкін. 
Бұған бағыттауышқа дейінгі өрнектің асты сызылып тұратыны 
және бағыттауыштың биіктігі символмен бірдей болып жыпы-
лықтауы  көмектеседі.  Символдардың  бірінен  екіншісіне  өту 
немесе  қазіргі  нұсқаудан  шығу  бағыттауышты  жылжыту  пер-
нелерімен  ж‰зеге  асырылады.  Бір  нұсқау  орналасқан  ұядан 
басқасына ауысу ‰шін Tab пернесін  пайдаланған жөн. Қандай 
бір өрнек белгіленіп тұрса, онда нұсқауды шақыру барысында 
енгізілуге  тиісті  символ,  автоматты  т‰рде  белгіленген  өрнек 
тұрған ұяға барып орналасады.  
Кейбір  нұсқаулық  белгілерді  қоспернелер  арқылы  жылдам 
теруге болады.  
Қоспернелер әрекетерінің нәтижесі 
Ctrl+R т‰бір белгісін енгізу; 
Ctrl+І интеграл белгісін енгізу; 
Ctrl+ ((не Ctrl+)) ашылған (жабылған) тік жақшалар белгісін 
енгізу; 
Ctrl+9 (не CtrО+0)  ашылған  (жабылған)  жай  жақшалар 
белгісін енгізу;  
Ctrl+{ (не CtrО+})  ашылған  (жабылған)  ж‰йелі  жақшалар 
белгісін енгізу; 
Ctrl+F көлденең сызығы бар бөлшек белгісін енгізу; 
Ctrl+/ қиғаш сызықты белгісін енгізу; 
Ctrl+G грек символдарын енгізу режиміне көшу (символ ен-
гізілісімен автоматты т‰рде бастапқы режим қайта орнатылады);  
Ctrl+Н дәрежелік таңба нұсқауын енгізу (жоғарғы индекс);  
Ctrl+L индексті таңба нұсқауын енгізу (төменгі индекс);  
Ctrl+J жоғарғы да және төменгі де индекстері бар нұсқауды 
енгізу; 
Ctrl+T, S қосынды нұсқауын енгізу (S);  
Ctrl+Т, Р көбейтінді нұсқауын енгізу (Р);  
Ctrl+Т, М матрица нұсқауын енгізу; 
Ctrl+T, U жол  астындағы  төменгі  символдар  нұсқауын  ен-
гізу.  

 
57
Формуланы форматтау 
Формулалар редакторының бағдарламасы формуланы даяр-
лауда  әрт‰рлі  стильдерді  қолданады.  Нақты  стильді  қолдану 
енгізілетін  формуланың  т‰ріне  байланысты  автоматты  т‰рде 
анықталады. Формуланың сыртқы т‰рі теңдеудегі кейбір сим-
волдар  ‰шін  өзге  т‰рмен  сипатталуы  м‰мкін,  бұл  жағдайда 
оларға басқа т‰р тағайындалады. Формулалармен жұмыс істеу 
барысында: 
—  Белгіленіп  көрсетілген  объектіге  басқа  т‰рді  тағайын-
дауға  болады.  Безендіру  т‰рін,  символдарын  белгілеп,  оларға 
басқа  т‰рді  Стиль (Style) менюіндегі  командалардың  көмегі 
арқылы тағайындауға болады; 
—  Жалпы  т‰рдің  сипатын  өзгертуге  болады.  Басқа  форму-
ладағы символдар арасындағы бос орын, енін реттеуге болады. 
Көп  қатарлы  өрнектер  терілгенде  кейбір  қатарларды  сол  жақ 
шетке,  ал  кейбірін  оң  жақ  шетке  (ортаға),  әйтпесе  теңдік 
белгісінің орналасуына байланысты жылжытып орналастыруға 
болады; 
—  Жеке  (өзіндік)  безендіру  тәсілін  қолдануға  болады,  ол 
‰шін  символдарды  алдын  ала  белгілеп,  Стиль-Другой  коман-
дасын  орындау  қажет.  Команда  орындалысымен,  көрсетілген 
элементтерге  басқа  шрифт  тағайындауды  талап  ететін  терезе 
пайда  болады.  Осы  терезеде  шрифтің  көлемін  өзгертуге  бол-
майды,  өйткені  шрифт  өлшемі  енгізілетін  элементтер  т‰рлері 
арқылы  автоматты  т‰рде  анықталады.  Өлшемді  өзгерту  Раз-
мер-Sіze командасы арқылы немесе өлшемге қатысты вариант-
ты енгізу жолымен ж‰ргізіледі.  
— Мәтінге  енгізілген формуланы белгілеп, өшіріп тастауға 
немесе басқа қатарға жылжытуға болады. Оны кішірейту қажет 
болса, онда белгіленген формула аумағында тышқанды екі рет 
басу  арқылы  автоматты  т‰рде  формула  редакторын  шақыруға 
болады. Кейін формуланы тікелей белгілеп, Размер-Другой ко-
мандасымен  қажетті  шрифт  мөлшерін  енгізіп,  формула  редак-
торынан шығу қажет.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет