Алматы 2011 Мұхитдин исаұлы мәҢгі мұҒжиза ислам мәдениеті мен білімін



Pdf көрінісі
бет15/29
Дата07.02.2017
өлшемі1,61 Mb.
#3609
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29

ОСПАН КЕЗЕҢІНДЕ КөБЕЙТІЛУІ

Халифа  Оспан  кезеңінде  Ислам  мемлекеті 

Арабстаннан тыс өлкелерге қанат жайды. Сол жаққа ар-

найы мұғалімдер жіберіліп, олар өздері үйренген Құран 

қырағаттары  мен  «қаріптерін»  жаңа  мұсылмандарға 

оқыта  бастады.  Әр  түрлі  Құран  қырағаттары  мен 

«қаріптерін»  үйренген  адамдар  өзара  дауласып, 

өздерінікін жақтап, басқаларды жоққа шығара бастады. 

Өйткені, олар хазіреті Пайғамбардың (с.а.с.) Құранның 

әр  түрлі  оқылуына  не  үшін  рұқсат  бергенін  әрі  оның 

бірнеше қырағатпен түскенін білмейтін еді. Сондықтан 

бұл  жердегі  ең  үлкен  бірінші  мәселе  «жеті  қәріп» 

мәселесі.  Аллаһ  Елшісі  сахабаларға  түсініксіз  келген 

кейбір  сөздерді  өз  диалектіндегі  сөзбен  алмастырып 

оқуларына уақытша рұқсат берген еді. кейіннен саха-

балар осы үйренген Құрандарын жаңа мұсылмандарға 

да дәл солай үйреткен еді. Алайда жаңа мұсылмандар 

«жеті  қаріптен»  хабарсыз  болатын.  Негізі  осы  «жеті 

қаріп»  Әбу  Бәкірдің  заманында  жиналған  Құраннан 

да  орын  алған-ды.  Сондықтан  да  сахаба  Хузәйфа 

Куфалықтардың «Абдуллаһ ибн Мәсғудтың қырағаты», 

Басралықтардың «Әбу Мұса әл-Әшғаридың қырағаты» 

деп  дауласқандарына  әбден  төзімі  таусылып:  «Аллаһ 

Тағала  атымен  ант  етейін!  Осыдан  Халифаға  барсам, 

осы  айырмашылықтардың  жойылуын  талап  етем»,  – 

деген еді

250

.

249



 Зәркәши, 1 том, 234 бет.

250


 Ибн  Әби  Дауд,  Әбу  Бәкир  Абдуллаһ,  Китабул-Мәсәхиф, 

Египет, 1936, 13 бет.



228

Мәңгі мұғжиза

Екінші  мәселе  Құранда  бірнеше  қырағаттың 

болғандығын басқа аймақтағы мұсылмандардың білме-

улері.


Ақырғы мәселе кейбір сахабалардың қолдарындағы 

түпнұсқаларда  аяттардың  тәпсірлері  мен  түсіндірме-

лерінің жазылуы. Араб емес кейбір мұсылмандар осы 

жазуларды аят деп ойласа керек.

Әбу Қилабә былай дейді: «Халифа Оспан заманында 

әр мұғалім өз ұстазынан алған қырағатты шәкірттеріне 

үйрететін еді. Кейіннен шәкірттер бір-бірімен кездескен-

де,  әркім  өзінікін  жақтап,  пікір  таластыра  бастаған. 

Олар  мұғалімдеріне  айтып,  олар  да  ұстаздарынан 

алғаны  бойынша  өздері  білетін  қырағатты  жақтап, 

қарама-қайшылық туа бастады». Қазіргі мұсылмандар 

арасындағы қарама-қайшылық пен пікірталас та осыған 

ұқсайды. Мысалы, сүнниттерде жалпы төрт мәзһәб бар. 

Кеңес үкіметі тарап, қазақ елі егеменді ел болғанда, ел 

жастары әр түрлі елге барып, Ислам дінін үйреніп елге 

келіп,  үйренгендерін  халыққа  үйрете  бастады.  Шет 

мұсылман елінен келген мұғалімдер де дінді жастарға 

өз мәзһабтары бойынша үйретті. Бірақ дінді үйренген 

ел азаматтары бір-бірімен жолыққанда өздері үйреткен 

мұғалімдерінің пікірлерін жақтап, бөгде пікірді жоққа 

шығарып, ақыры дауға айналды. Бәрінің де мұғалімдері 

өз көзқарастарының дұрыстығын айтып бақты. Олардың 

түсінігі бойынша ұстаздарының ұстанған мәзһабтары-

ның  көзқарасы  ғана  дұрыс  болып  көрінді.  Алай-

да  ұстаздары  «менің  мәзһабым  басқа  мәзһабтардың 

көзқарастары мен Құран мен сүннет қайнарынан үкім 

шығару тәсілдерінен қарағанда абзалырақ» дегендерін 

ұғына  алмады.  Пайғамбарымыздың  «Үмбетімнің  әр 

түрлі көзқараста болуы – рақымдылық» хадисін де іш-


229

Құран кімнің сөзі?

тей терең сезіне алмады. Дәл осылайша, сол уақытта да 

әр түрлі қырағаттар мен «қаріптердің» болуын түсіне 

алмаған. Осы дау Халифаға да жетіп жатқан еді.

Өзіне келіп жеткен осындай әр түрлі шағымдар Ха-

лифаны қатты толғандырды. Ақыры Кавказ аймағы-нан 

келген  Хузәйфәтул-Ямәнның  жеткізген  хабары  оның 

әрекетке көшуіне түбегейлі ықпал етті.

Кавказ  аймағында  Шам  әскерлері  мен  Ирақтың 

әскерлері  бірге  болған  еді.  Шамдықтар  Құранды 

Убәй  ибн  ибнул-Кабтан  үйренген.  Ирақтықтар  болса 

Құранды Ибн Мәсғудтан үйренген болатын. Екеуі екі 

түрлі қырағат болғандықтан екі әскер арасында қатты 

дау  туды.  Тіпті  олар  бір-бірлерімен  шайқасуға  шақ 

қалды.  Сонда  дереу  Хузәйфа  Мәдинадағы  Халифаға 

келіп:  «Ей,  Халифа!  Мұсылмандарға  жәрдем  ет!  Бол-

маса  Құран  еврейлер  мен  христиандардың  кітаптары 

тәрізді қарама-қайшылыққа ұшырайды» деп, жағдайды 

түсіндіріп, қырағатта бірлік болуын сұрады.

Халифа  дереу  іске  көшіп,  халық  үшін  «Имам 

Мұсхаф»  жаздырып,  қырағатты  анықтатып,  «жеті 

қаріпті» бірге түсіруге қаулы қабылдады. Осыдан кейін 

Халифа хазіреті Омардың қызы Хафсаға хабар жіберіп, 

қолындағы  түпнұсқаны  көбейтіп  қайтып  беру  үшін 

уақытша сұрады. Осы істі жасауға Құрайштықтар (мек-

келік) мен Әнсарлықтардан (мәдиналық) он екі кісілік 

топ құрып, төраға етіп Зәйд ибн Сәбитті тағайындады. 

Алқа құрамында Абдуллаһ ибн Зубәйір, Сайд ибн иб-

нул-Ас,  Абдуррахман  ибнул-Харистай  үлкен  сахаба-

лар бар еді. Бұл алқа Құранды Құрайш диалектісімен 

қайта жазып, көбейту жоспарын жасады. Жазу үстінде 

кейбір аяттарда қарама-қайшылық туса,  Құрайш диа-

лектін негіз етіп алатын болды. Халифа Құрайштың үш 


230

Мәңгі мұғжиза

кісілік тобына: «Сендер мен Зәйдтің арасында Құранға 

қатысты  мәселе  туындаса  Құрайш  тілін  негіз  етіп 

алыңдар. Өйткені, Құран солардың тілімен түскен», – 

дейді

251


.

«Имам Мұсхаф» хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) пайғам-

бардың өмірінің ақырында Рамазан айындағы «ақырғы 

арзада»  Жебірейілден  алған  соңғы  Құран  оқылуына 

негіз етілген. Іс біткенде, ескі түпнұсқаларды жойып, 

әкімдеріне  хат  жіберіп:  «Мен  мынадай  бір  іс  жасап, 

қолымдағы  бұрынғы  Құран  түпнұсқаларының  бәрін 

жойдым. Сендер де нұсқаларыңды жойыңдар. Ал, мына 

қайта жазылған Құранды көбейтіп таратыңдар», – дей-

ді

252



.

Халифа Оспанның «Имам Мұсхафтағы» принцип-

тері былайша:

1. Әбу Бәкірдің заманында жазған мұсхаф кітапты 

негіз ету.

2. Ақырғы арзадағы оқылған «қаріп» бойынша жа-

зылып, қалған алты «қаріп» тасталады.

3. Егер  диалект  айырмашылығы  туа  қалса,  онда 

Құрайш диалектісі негіз етіледі.

4. Сүрелер  қазір  қолымыздағы  жүйе  бойынша 

жүйеленеді.

5. Осы түпнұсқалар жан-жаққа таратылып, осыған 

ұқсамаған нұсқалар жойылады

253


.

6. Тәфсир мен түсіндіру мақсатымен жазылған кей-

бір жеке сөздер мұсхафқа алынбайды. 

Бұл  іс  һижраның  жиырма  бесінші  жылы  болған. 

Іс біткенде түпнұсқа Құранды Хафсаға қайтарып бер-

251


 Бухари, Фәдәилул-Қуран, 3.

252


 Бухари, Фәдәилул-Қуран, 3.

253


 Мухсин Демиржи, Куран тариһи, Ыстанбұл, 1997, 155 бет.

231

Құран кімнің сөзі?

ді.  Жазылған  жаңа  «Имам  Мұсхаф»  кітап  мешітте 

оқылып, мұсылмандардың бәрі бірауыздан мақұлдаған. 

Бұл  «Имам  Мұсхаф»  төртеу  болып  жазылды.  Біреуі 

Мәдинада  қалып,  қалған  үшеуі  Шам,  Куфа,  Басраға 

жіберілді.  Кейбір  хабарда  осы  кітаптардың  жетеу 

болғандығын айтады. Сонда қалғандары Мекке, Йемен 

және Бахрейінге жіберілген

254

.

ҚҰРАНҒА ҚАРЕКЕТ ПЕН НОҚАТТАРДЫҢ 



ҚОЙЫЛУЫ

Ислам  діні  келген  заманда  арабтардың  жазуы 

қазіргі  кездегідей  емес  еді.  Яғни,  сол  дәуірдің  жа-

зуында әріптердің ноқаттары мен қаракеттері жоқ бо-

латын.  Бірақ  сахабалар  Құранды  қателіксіз  оқыған. 

Өйткені, олардың өз тілдері еді. Бірақ һижраның бірін-

ші  ғасырының  екінші  жартысынан  бастап,  арабтан 

өзге  халықтың  Ислам  дініне  кірулері  және  бұлардың 

араб  тілін  білмегендіктерінен  Құранды  жаңылыс  оқу 

белең  ала  бастады.  Бұл,  әлбетте,  Құранның  қарекеті 

мен  ноқаты  болмағандығынан  туындаған  жағдай  еді. 

Өйткені, араб жазулары жазылғанына қарай оңай оқыла 

салатын қазіргі қазақ әріптері секілді емес еді. Бірінші-

ден,  араб  әріптерінің  дауыссыз  дыбыстары  жазылады 

да, ал «ә», «и», «у» дауысты дыбыстарын адам сөздің 

мағынасына  қарай  өздері  ойдан  қойып  оқыған.  Екін-

шіден  сол  жазылған  дауыссыз  дыбыстарының  жазу 

таңбалары  көбінесе  бір-біріне  ұқсаған.  Мысалы,  «б», 



«т», «с» әріптерінің жазылуы бір-біріне қатты ұқсайды. 

Бұны араб тілін жетік білмегендер айырып оқи алмай-

ды. Сондықтан кейіннен «б» әрпінің астына бір ноқат, 

«т»  әрпінің  үстіне  екі  ноқат,  «с»  әрпінің  үстіне  үш 

254


 Зәркәши, 1 том, 240 бет.

232

Мәңгі мұғжиза

ноқат  қойып,  бір-бірін  ажыратып,  оқылуы  жеңілдігін 

жасаған.  Әрі  дауысты  дыбыстары  қойылмағандықтан 

да араб тілін білмеген адам дұрыс оқи алмайтын еді. 

Осы мәселені алғаш ойлаған Басраның әкімі Зияд 

ибн  Сумәйя  (ө.53\673)  болған.  Ол  Әбул  Әсуәд  әд-

Дуәлиді (ө.69\688) шақырып, жұрт Құранды дұрыс оқу 

үшін бір тәсіл табуды ұсынды. Әсуәд хазіреті Әліден 

араб грамматикасын үйренген, араб тілін жетік білген 

адам еді. Бірақ ол әкімнің мұндай ұсынысын әу баста 

қабыл  етпеді.  Кейіннен  бір  адамның  «Тәубе»  сүресін 

дауысты  дыбыстарын  өзгертіп,  Құранның  мағынасын 

басқаша  беріп  оқығанын  естіп,  қатты  ойға  қалды. 

Өйткені, ол адам «Аллаһ және Елшісі пұтқа табынушы-

лардан пәк» деген мағынаға сай аятты грамматикалық 

қателік жасап, «Аллаһ пұтқа табынушылар мен Елшісі-

нен пәк» деп оқығаны оған қатты әсер етті. Ол дереу 

қайта  барып,  әкімнің  ұсынысын  қабыл  етіп,  одан  жа-

зушы сұрады. Әкім оған отыз жазушы жіберді. Ол отыз 

адамның ішінен біреуін ғана таңдап алды. Ол оған бір 

қолыңа Құранды, бір қолыңа кітаптың сиясынан басқа 

бір сияқалам алып, менің оқығаныма қарай әріптердің 

асты-үстіне  қарекеттерді  қой  деп,  қарекеттердің  жа-

зылуын  үйретті.  Әрбір  бетке  қарекет  қойылған  кез-

де  өзі  тексеріп  отырды.  Осылайша  Құран  қарекеті 

қойылды


255

.

Келесі мәселе Құран әріптерінің бір-бірінен ажы-



ратып  оқитын,  ноқаттарының  қойылуы.  Бұны  алғаш 

байқаған  Ирақтың  әкімі  Хажжаж  ибн  Юсып  еді 

(ө.95\703). Кейбір адамдардың Құранды қате оқығанын 

көрген ол дереу өз заманының үлкен ғұламасы Насыр 

ибн  Асымды    шақырды.  Кейбір  хабарда  ол  Яхия  ибн 

255


 Субхи әс-Салих, 92 бет.

233

Құран кімнің сөзі?

Ямәрді шақырған деседі. Негізі екеуі де Әбул Әсуәд әд-

Дуәлидің шәкірттері. Осы ұсынысты қабыл еткен На-

сыр  яки  Ямәр  Құран  әріптерін  бір-бірінен  ажыратқан 

ноқаттарды  қойды.  Бұны  ғалымдар  «Ижам»  деп 

атаған


256

.

ҚҰРАННЫҢ ТАРИхИ ТүПНҰСҚАЛАРЫ

Құран  Исламның  алғашқы  кезеңінен  бастап 

жазылған. Бұл тақырыпта айтылатын мәселе солардың 

сақталуы. Ең алғашқы бір мұсхаф кітап болып Әбу Бәкір 

заманында  жазылған  еді.  Осы  мұсхаф  Әбу  Бәкірден 

кейін халифа Омардың қолында болды. Ол бұл өмірден 

өткенде  қызы  Хафсаның  үйінде  сақталды.  Кейіннен 

хазіреті Оспан уақытша сұрап алып, Зәйд ибн Сәбиттің 

төрағалығымен құрылған топ арқылы көбейтіп, Хафсаға 

қайтып берген. Оның қолында сол нұсқа көп жыл бойы 

сақталған. Кейіннен Мәруән Хафсаға адам жіберіп, сол 

түпнұсқаны сұрады. Бірақ ол мұсхафты бермеді. Арадан 

жылдар өтіп, Хафса қайтыс болғанда, мұсхаф Омардың 

баласының қолына өтті. Міне осы кезде Мәруән тағы 

да  адам  жіберіп,  Омардың  баласынан  түпнұсқаны 

сұрап алған. Осылайша алғашқы түпнұсқа Омяттардың 

қолына өткен

257

. Кейбір ғалымдар Омяттар оны сақтық 



үшін жағып жіберсе керек деген тұжырымдар жасайды. 

Бірақ Омяттардан кейін сол түпнұсқаның қайда кеткені 

хақында ешбір мағлұмат жоқ. 

Халифа Оспан көбейтіп, негізгі бес қалаға таратқан 

Құран түп нұсқалары жайлы баян етелік:

256


 Зәркәни, 408 бет.

257


 Осман  Кескіоғлу,  Нүзүлүнден  гүнүмізе  Куран  Керим 

билгилери, Анкара, 1987, 133 бет.



234

Мәңгі мұғжиза

1. Мәдина мұсхафы. Халифа Оспанның заманында 

көбейтілген Құранның біреуі Мәдина қаласында қалған. 

Ол  кейіннен  Мәдина  қаласында  Пайғамбарымыздың 

мешітінде  ұзақ  жылдар  бойы  сақталған.  Оның  сол 

жерде  сақталғаны  жайлы  көптеген  ғасырдың  саяхат-

шылары  баян  етеді.  Солардың  бірі  Ислам  ғалымы 

Мәуләна  Шибли  «Тәһзибул-ахлақ»  жинағында  осы 

нұсқаның  735  жылы  сол  жерде  болғандығын  жазады. 

Кітаптың  үстінде:  «Аллаһ  Елшісінің  сахабаларының 

бір  жамағатының  жинағаны  осы.  Бұлардың  арасында 

Зәйд ибн Сәбит, Абдуллаһ ибн Зубәйір және Сайд ибн 

Ас  болған!»  деп,  нұсқаның  екінші  жағында  жинауға 

қатысқан  басқа  сахабалардың  да  есімдері  жазылған. 

Осы түпнұсқа бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін сол 

жерде сақталып келген. Соғыс уақытында ғана сақтық 

жасап, арнайы мықты жерде сақтауға алынған. Соғыс 

аяқталғанда  қайта  орнына  қойылған.  Мұса  Жаруллаһ 

1930  жылы  большевиктерден  қашып,  мұсылман  ел-

дерінде  жүргенде  Құран  түпнұсқалары  жайлы  зерт-

теп,  Үндістанда  басқан.  Сол  кітапта  ол  Мәдинадағы 

түпнұсқаның Пайғамбары-мыздың мешітінде тұрғанын 

жазады. 

2.  Куфа  мұсхафы.  Халифа  Оспан  көбейтілген 

Құранның  біреуін  Куфаға  жіберген  еді.  Осы  нұсқа 

кейінгі  ғасырларда  Тарсус  қаласында  сақталады. 

Ғалымдар  оның  Аббаситтер  заманында  барған  болса 

керек  деп  жорамалдайды.  Өйткені,  Аббаситтер  хали-

фалары сол жерде өмір сүрген. Кейіннен осы түпнұсқа 

Сирияның Хумус қамалына өтіп, сол жерде сақталған. 

Атақты Наблуси 1689 жылы сол қамалдан көргенін жа-

зады. Ол да бірінші дүниежүзілік соғысына дейін сол 



235

Құран кімнің сөзі?

жерде  сақталып,  соғыс  уақытында  арнайы  бір  жерде 

қорғалған. 

3.  Мекке  мұсхафы.    Мәуләнә  Шибли  кітабында 

һижраның 735-інші жылы сол жерде болғанын жазады. 

Бұл мұсхаф жайлы терең мағлұматтар өте аз.

4. Басра мұсхафы: Бұл мұсхаф Басрадан Куртуба 

қаласына  апарылған.  Кейінгі  жылдары  Португалияға 

апарылған.  Ол  жерден  бір  саудагер  сатып  алып  Ма-

рокко  қаласына  жеткізген.  Ол  сол  жерде  мемлекет 

қазына-сында ұзақ уақыт сақталған. Бірақ одан кейін не 

болғаны беймәлім. 

5. Шам мұсхафы. Иерусалим мен Дамасктың ара-

сында  орналасқан  Табәрия  деген  жерде  сақталып, 

кейіннен  Шам  қаласына  жеткізілген.  Мәуләнә  Шиб-

ли  жинағында  Әбул-Қасым  әс-Сәбти  һижраның  657 

жылы  Шам  қаласының  мешітінде  хазіреті  Оспанның 

сол жерге жіберген мұсхафын көргенін жазады. Басқа 

ғалымдар  кейінгі  жылдарда  сол  қалада,  бірақ  басқа 

мешітте  көргендерін  жазады.  Бірақ  Сұлтан  Хамит  за-

манында мешітте өрт шығып, ол да бірге жанып кет-

кендігі жайлы хабарлар да бар. 

Бұдан басқа да хазіреті Оспанның мұсхафы деген 

түпнұсқа бар. Бұл түпнұсқа жайлы Мұса Жаруллаһ бы-

лай  дейді:  «Құран  Кәрімнің  бұл  нұсқасы  1868  жылы 

Самарқандтан Хажей Ахзар «Убәдуллаһ Хазрет» медре-

сесінен Петрбург кітапханасына апарылып, төңкеріске 

дейін сол жерде тұрды. 1917 жылы большевик төңкері-

сінен  кейін  Ресей  мұсылмандары  ұйымы  үкіметтің 

рұқсатымен сол мұсхафты орталық кітапханадан алып 

Уфа қаласына апарады. Ол осында алты жыл сақталды. 

Кейін Түркістан мұсылмандары қатаң талап етіп, үлкен 

мұсхаф ресми бір топтың бақылауымен арнайы бір ва-


236

Мәңгі мұғжиза

гонмен  Уфадан  Ташкент  қаласына  апарылып,  Ресей 

мұсылмандарының  Ислам  Шейхінің  қолымен  1923 

жылы Түркістан мұсылмандарына тапсырылады. Қазір 

сол  үлкен  мұсхаф  Ташкентте  Бейлербейі  мешітін-

де  салынған  бір  бөлмеде  сақтаулы»  (Мұса  Жаруллаһ, 

1927)

258


Бұдан басқа да  қәзіргі уақытта Ыстанбұлда сақтал-

ған хазіреті Оспанға тән һижраның отызыншы жылда-

ры  жазылған  мұсхаф  және  хазіреті  Әлидің  жазуына 

ишарат етілген мұсхаф, һәм хазіреті Омарға тән тері-

ге  жазылған  мұсхаф,  басқа  да  сол  алғашқы  жылдары 

жазылған сүрелер бар. Бұдан басқа Мысырда да хазіреті 

Әли жазған және жаздырған Құран нұсқалары бар. 

Құранның түпнұсқалары ғасырдан ғасырға көбей-

тіліп,  бізге  жеткен.  Құранның  түпнұсқалары  жай-

лы  зерттелген  кітаптарда  қазіргі  мұсылман  әлемінің 

Түркия,  Мысыр,  тіпті  еуропаның  Париж,  Лондон, 

Ватикан,  Берлин,  Петербург  т.б.  кітапханаларын-

да  әр  ғасырда  жазылған  Құрандар  бар.  Міне,  Құран 

осылай  бұрынғы  кітаптарға  ұқсамай,  толықтай  біз-

ге  жеткен.  Оның  айғағы  егер  сіз  жоғарыда  айтылған 

Құран  нұсқаларының  бәрін  бір  жерге  жинап,  саралап 

қарасаңыз, ешбірінен өзгешелік таба алмайсыз. Сонау 

хазіреті Оспан заманында жазылған Құранның нұсқасы 

мен  қазіргі  қолыңыздағы  нұсқаның  бір  әріп  те  бол-

сын  өзгешелігі  жоқтығына  кәміл  куә  боласыз.  Сонда 

сіз Аллаһ Тағаланың «Расында, Құранды Біз түсірдік, 

әлбетте, оны Біз сөзсіз сақтаймыз» (Хижыр, 15:9) деп 

берген  уәдесінің  орындалып  жатқанын  аңғарып,  бас 

иіп тағзым етесіз. Егер сол заманғы мен қазіргі заманғы 

нұсқалардың  арасында  бір  әріп  те  болсын  өзгешілік 

258

 Осман Кескиоғлу, 138 бет.



237

Құран кімнің сөзі?

болса  еді,  батыстың  шығыстанушы  зерттеушілері 

құйындай  құтырып,  әлемге  «бұл  адамның  сөзі»,  «та-

лай өзгеріске ұшыраған» деп жар салар еді. Бірақ олар 

да  күндердің  бір  күні  қателектерін  мойындап,  Құран 

ақиқаттарына  бас  иер!  Негізінде  сол  зерттеушілердің 

арасында  Құранның  ақиқатын  аңғарып,  қазір  мойын-

сұнып жатқан ғалымдар да бар.

Сөз қорытындысы, Құран – жаратылысты жоқтан 

жаратқан  Ұлы  Жаратушы  Аллаһ  Тағаланың  өзгермес 

сөзі. Хаким Абай айтқандай: «Алланың өзі де рас, сөзі 

де рас. Рас сөз ешуақытта жалған болмас». Жаратушы 

Жаппар Ие оны қияметке дейінгі жалпы адамзаттың екі 

дүниелік бақыты үшін, Жебірейіл елшісі арқылы адам-

дар  арасындағы  ақырғы  елшісі  хазіреті  Мұхаммедке 

(с.а.с.)  уахимен  жеткізген.  Ол  да  өзінің  елшілік  мін-

детін қалтқысыз атқарып, адамдарға Құранды толықтай 

ұсынған.  Оның  сахабалары  мен  кейінгі  үмметтері  де 

Құранды  көздерінің  қарашығындай  сақтап,  кейінгі 

ұрпақтарға аманат етіп келуде. Бұдан кейін де қияметке 

дейін бұзылмай сақтала бермек. Өйткені, бұл – Аллаһ 

Тағаланың  уәдесі.  Ол  ешуақытта  серті  мен  уәдесін 

бұзбақ емес.


238

Мәңгі мұғжиза

Пайдаланылған әдебиеттер

1.  Ахмәд ибн Ханбәл. Муснәд. Египет, 1949.

2.  Әбиари. Тарихул-Қуран, Бәйрут.

3.  Бақилани, Әбу Бәкр Мухаммәд ибн Тәииб. И’жазул-

Қуран. Египет, 1963. 3 бет.

4.  Бәйхақи. Дәләилул–Нубууә.

5.  Бухари. Әбу Абдиллаһ Мухаммәд ибн Исмайл. әл-

Жамус-Сахих, Станбул, 1907.

6.  Ват Монтгомери. Модерен Дүнияда Ислам Ваһиі, 

(трж. Меһмет С. Айдын), Анкара.

7.  Дамира Өмірзаққызы. Адамзаттың асыл тәжі. Ал-

маты, 2004.

8.  Жәләуддин әс-Суюти. әл-Итқан фи Улумил-Қуран. 

Бәйрут, 1996.

9.  Зәркәни. Мухаммед Абдулазим, Мәнәһилул-Ирфан 

фи Улумил-Қуран. Бәйрут, 1996.

10.  Зәркәши.  Мухаммәд  Бәдруддин.  әл-Бурһан  фи 

улмул-Қуран. Бәйрут, 1958.

11.  Ибн  Әби  Дауд.  Әбу  Бәкир  Абдуллаһ.  Китабул-

Мәсәхиф. Египет, 1936.

12.  Ибн Кәсир. әл-Бидаиә уән-Ниһаиә. Станбул, 1994.

13.  Ибн Манзур. Лисанул-Араб.

14.  Ибн Хажар әл-Әсқалани. Фәтхул-Бәри би Сахихил 

Бухари. Египет, 1978.

15.  Ибн Хишам. Сиратул-Расул. Египет, 1929.

16.  Идрис Шенгүл. Куран үзеріне. Измир. 1994.

17.  Изутсу Тошиһико. Куранда Аллаһ ве Инсан. Анка-

ра, 1975.

18.  Исмайыл  Жарраһоғлу.  Тефсир  усулу.  Анкара, 

1995.


19.  Китаб-ы Мукаддес. 

239

Құран кімнің сөзі?

20.  Қады Иаз. әш-Шифа.

21.  М. Хамди Языр Елмалили. Кураны Керим тефси-

ри.


22.  Махмуд  Есад.  Ислам  тарихы  исламиет  өнжесі      

араб-лар. Станбул. 

23.  Мәннәнул-Қаттан.  Мәбәһис  фи  Улумил-Қуран. 

Бәйрут, 1997.

24.  Меһмет Килежи. Куран мужизесі. Станбул, 1997.

25.  Муслим. Әбул Хусәйн ибн Хажжаж. Сахих. Стан-

бул, 1973.  

26.  Мухаммәд  Абдуллаһ  Драз.  Куранын  анлашылма-

сына доғру. Анкара, 1993. 

27.  Мухаммед  Абдуллаһ Драз. Ен мүһим месаж Куран 

(ауд:Суат Йылдырым). Анкара, 1985.

28.  Мухаммәд  Тахир  ибн  Абдилқадир  әл-Курдил-

Мәккил-Хаттат.  Тарихул-Қуран  уә  Ғараибу 

Рәсмиһи уә Хукмиһи.

29.  Мухәммәд  Али  әс-Сәбуни.  әт-Тибян  фи  Улумил-

Қуран. Бәйрут.

30.  Мухсин Демиржи. Куран тариһи. Станбул, 1997.

31.  Нешет Чағатай. Ислам дөнеміне дек араб тариһы.  

Ан-кара, 1989.

32.  Нисаи,  әл-Хафиз  Әбу  Абдиррахман  ибн  Шуайб. 

Сунән. Египет, 1964.

33.  Осман Кескіоғлу. Нүзүлүнден гүнүмізе Куран Ке-

рим билгилери. Анкара, 1987.

34.  Рази. Мухаммед ибн Омар ибн Хусәйн Фахрәддин. 

Мәфәтихул-Ғайб. Бәйрут.

35.  Салих. Субхи. Мәбәһис фи улумул-Қуран, Бәйрут, 

1979.

36.  Сахабилер ансиклопедиси. Ыстанбұл, 1993.



240

Мәңгі мұғжиза

37.  Суат  Йылдырым.  Кураны  Керим  ве  Куран  илим-

леріне гириш, Станбул, 1983.

38.  Тирмизи, Мухаммәд ибн Иса. Сунән. Египет.

39.  Фазлур Рахман. Ана конуларыйла Куран. Анкара. 

2000. 


40.  Хаким. әл-Мустәдрәк.

41.  Халифа Алтай. Құран Кәрім қазақша және түсінігі. 

Сауд Арабия, 1991.

42.  Хамидуллаһ. Ислам Пейгамбери, (ауд: Салих Туғ) 

Станбул, 1990.

43.  Хәйсәми.  Нуриддин  Али  ибнул  Әби  Бәкир. 

Мәжмауз-Зәуәид. Бәйрут, 1967.

44.  Юсуф Нәбһәни. Хужжәтуллаһ алал-Аламин,

45.  Явуз. Юсуф Шевки, «Жебрайл» ДИА. 1993.

            



241

Құран кімнің сөзі?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет