Алматы 2011 Мұхитдин исаұлы мәҢгі мұҒжиза ислам мәдениеті мен білімін



Pdf көрінісі
бет11/29
Дата07.02.2017
өлшемі1,61 Mb.
#3609
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29

ҚҰРАННЫҢ ОҢАЙ ЖАТТАЛУЫ

Құран шамамен алты мыңнан астам аятттан тұрады. 

Әрі онда бір-біріне ұқсаған аяттар бар. Сондықтан да 

Құранды бастан-аяқ жатқа білетін қаридың бір сүрені 

жатқа оқығанда басқа сүредегі аяттармен шатастырып 

алуы  мүмкін  жағдайлары  бар.  Сол  себепті  сырттай 

қарағанда  жатталуы  мүмкін  еместей  көрінген  Құран 

оңай жатталады. Құранды үлкен тұрмақ миллиондаған 

жас  балалардың  оңай  жаттап  алулары  –  Құранның 

теңдесі жоқтығына айқын куәлік етеді. Әрі бір адам өз 

тіліндегі жыр-дастандарды оңай жаттап алуы мүмкін. 

146


 Елмалили, «Бақара» сүресінің тәпсірі.

151

Құран кімнің сөзі?

Мысалы,  кейбір  қазақтың  жас  балалары  да  қазақша 

жырларды  жатқа  айтқаны  осының  куәсі.  Алайда  бір 

адамның, әсіресе, жас баланың өзі білмейтін мағынасы 

мүлдем  түсініксіз  ағылшын  яки  жапон  тіліндегі  ұзақ 

жыр шумақтарын тез арада жаттап алып, жатса да тұрса 

да жалықпай қайталап тұрулары қисынсыз. Ал Құранды 

исі мұсылман әлемінде миллиондаған адамдар тілі мен 

мағынасын білмесе де, ұғынбаса да, тез арада жаттап 

алып, жалықпай күндіз түні қайталап жатады. Бұл араб 

тілінің ерекшелігінен туындаған қасиет емес, сол тіл-

мен  түскен  Құранның  мұғжизалық  қасиеттілігі.  Хақ 

тағаланың «Расында, Құранды Біз түсірдік, әлбетте, 

оны  Біз  сөзсіз  сақтаймыз»

147


  деп  уәде  еткеніндей  Ол 

Құранға  оңай  жатталу  мұғжизалық  ерекшелік  берген. 

Әрі Құранның жатталу мұғжизалығы оның көктен уахи 

болып, түскен қалпында. Сондықтан да біреу Құранның 

басқа  тіліне  аударылған  мағыналық  сөздерін  жатқа 

білулері мүмкін емес. Мысалы, бір қазақтың жас бала-

сы жарты яки бір жылда Құранды жаттап қари болуы 

әбден  мүмкін,  алайда  Құранның  қазақша  мағыналық 

аударма-сын жаттауы аса қиын һәм қисынсыз. 

Әлемде  мұсылмандар  тәрізді  кітаптарын  жатқа 

біліп,  күндіз-түні  қайталаған  ешбір  дін  өкілдері  жоқ. 

Өздерін  илаһи  діннің  мүшелері  санайтын  еврей  мен 

христиандар да қасиетті кітаптарын дәл бұлай жаттаған 

емес. Әлемде бір еврей яки христиан дінінің пәленше 

деген  ғалымы  кітабын  жатқа  біліп,  тынбай  қайталап 

оқиды екен деген сөзді ешкім естіген де емес. 

Иә,  Құранның  оңай  жатталуы  –  оның  Аллаһтың 

сөзі  екендігінің  дәлелі.  Бұл  Құранға  ғана  тән  қасиет. 

Болмаса, бір адам араб дастанын жаттап айтпақ тұрмақ, 

147


 «Хижр», 15\9.

152

Мәңгі мұғжиза

хадистің  өзін  әрең  жаттайды.  Құран  мен  хадистің 

айырмашылығы – Құранның оңай, хадистің қиын жат-

талуында.  Мұсылман  әлемінде  Құранды  жаттағандар 

көп  болғанмен  хадисті  жаттағандар  одан  аз.  Өйткені, 

Құранды  кез  келген  адам  жаттап  алу  мүмкіндігі  бол-

са,  хадисті  сол  саланың  арнайы  еске  сақтау  қабілеті 

мықты мамандары ғана жатқа білген! Мысалы, Имам 

Ахмәд  ибн  Ханбәл  миллионнан  астам  хадисті  жатқа 

білген.  Сондықтан  да  оның  Исламдағы  орны  ерекше. 

Сондай-ақ, хадис кітаптарын жатқа білетін адамдар көп 

болған. Бірақ Құранмен салыстыруға келмейді. Сіз егер 

Құранның қысқа бір сүресі мен сол шамалас бір хадисті 

жаттап көрсеңіз, Құранды бірінші жаттап аласыз. Ал, 

хадисті  мағынасын  біліп  қана  жақсы  жаттай  аласыз. 

Әрі көп ұзамай қайталамай қалсаңыз Құран санаңызда 

ұзақ  сақталады  да  хадис  ұмытылып  кетеді.  Алайда 

хазіреті Мұхаммедтің (с.а.с.) өз сөздерінің де ерекшелік 

жағы бар. Оның сөздері басқа араб сөздерінің жанын-

да бәрінен де үстем тұрады. Оның сөздерінде ерекше 

ғажайып әсер бар. Әсіресе, оның дұғаларында балдай 

тәттілік бар. Оқыған адам қайталай бергісі келеді. Бірақ 

Құранмен  салыстыруға  келмейді.  Өйткені,  Құранда 

мұғжизалық қасиет бар.     



ҚҰРАННЫҢ «УММИ» хАТ ТАНЫМАҒАН 

АДАМНАН шЫҒУЫ

Құранның  хат  танымаған  пайғамбар  арқылы 

адамзатқа  келуі  оның  Аллаһ  сөзі  екендігіне  ап-анық 

дәлел. Құранда хазіреті Мұхаммедтің уммилігі хақында 

көптеген аяттар бар. Хақ Тағала оның уммилігін баса 

айту арқылы, пенденің ақылы жетпес шексіз ілім мен 

ғылымға  толы  мұндай  кітаптың  оқу-жазу  білмейтінге 


153

Құран кімнің сөзі?

түсуі – қисынға келмейтіндігін дәлелдеп санаға терең 

ой  тастайды.  Құранда  «Олар  қолдарындағы  Тәурат 

пен  Інжілде  жазылған  сол  бір  умми  Елшіге  ілескен 

жандар»

148


  және  келесі  аятта  «Ей,  адамдар!  Мен  – 

сендердің  барлығыңа  түгелдей  көктер  мен  жердің 

иесі Аллаһтың елшісімін. Одан өзге құдай жоқ. Өмірді 

берген де, өлімді жаратқан да Сол. Ендеше, сендер де 

Аллаһ Тағалаға және Оның барлық сөздеріне иман ет-

кен сол бір умми Елші пайғамбарға иман келтіріңдер»

149


Міне,  осы  аяттарда  оның  оқу-жазу  білмегендігі  баса 

айтылған.  «Анкабут»  сүресінде  де  былай  дейді:  «(Ей, 

Мұхаммед)  сен  бұдан  бұрын  кітап  оқуды  да  қалам 

тартуды  да  білмейтін  едің.  Егер  солай  болғанда 

(Аллаһтың  сөзін  жоққа  шығаруға  тырысқан)  бұзақы 

кәпірлер  күдіктенер  еді.  Жоқ,  олай  емес.  Расында, 

Құран – ғылым берілгендердің көкіректерінде ап-айқын 

(мұғжиза) аяттар. Біздің аяттарымызды залымдар-

дардан өзге ешкім жоққа шығармақ емес. Олар: «Оған 

Раббыңнан  неге  мұғжизалар  түсірілмейді?»  –  дей-

ді.  «Мұғжиза  жасау  Аллаһ  Тағалаға  ғана  тән  нәрсе. 

Мен айқын ескертуші ғанамын» – де»

150


 деген аяттар-

да хазіреті Елшінің (с.а.с.) ешбір кітап оқымағандығы 

мен жазбағандығы бар болғаны пайғамбарлық міндетін 

атқарғандығы айқын байқалады. 

Ендеше,  хазіреті  Мұхаммедтің  (с.а.с.)  уммилігі 

айқын  болса,  Құранның  Ұлы  Жаратушы  сөзі  екен-

дігі  де  айқын  болмақ.  Өйткені,  Ұлы  Жаратушының 

барлық  есім  мен  сипаттары  және  иман  мен  Исламға 

тиісті  ақиқаттарды  һәм  күллі  жаратылыстың  тылсым 

сырлары  мен  адамзаттың  өміріне  тән  қажеттіліктерді 

148

 «Ағраф», 7\157.



149

 «Ағраф», 7\158.

150

 «Анкабут», 29\48-50



154

Мәңгі мұғжиза

баян  етуі  умми  адам  тұрмақ  оқыған  ғалымдардың 

да  қолынан  келер  іс  емес.  Һәм  умми  оқу-жазу  білме-

ген бір адамның кітабын өзінен кейінгі миллиондаған 

кемеңгер адамдардың оқып, толғанып, өз ғасырларының 

мәселелерін шешетін том-том кітаптар жазып, тарихқа 

өз  аттарын  алтын  әріптермен  жазып  қалдырулары 

да  мүмкін  емес.  Имам  Шафиғи,  Ханафи,  Ғазали,  әл-

Фараби,  Ибн  Сина,  Ибн  Рушд  т.б.  секілді  мыңдаған 

кемеңгер ғұламалар ілімдерін сол Умми Кісінің (с.а.с.) 

қолындағы  кітаптан  алып,  өрістерін  кеңейтіп,  толық 

адам  шыңына  қанат  қаққан.  Қазіргі  заманда  да  жара-

тылыс ғылымын зерттейтін ғалымдар сан жылдар бойы 

еңбектеніп  ашқан  жаңалықтарын  сол  Умми  Елшінің 

қолындағы кітаптан көріп, таңданысын жасыра алмай, 

ақырында  оған  шәкірт  болуға  ынтығып,  оның  алып 

көшінің  соңынан  ілесуде.  Осы  жайттарға  қисынмен 

терең көз салып қарасаңыз, Ұлы Иесінің мөрі басылған 

Құран ескірмей, қайта жылдар мен ғасырлар өткен сай-

ын,  мән-мағынасы  жаңара  түсіп,  жаңа  заманның  пер-

зенттеріне  кіршіксіз  таза  пікірлер  ұсынып,  ұстаздық 

етіп, жарқын ғұмыр мен асқақ бақыттылыққа жетеле-

генін көресіз. Иә, Құран – Ұлы Жаратушының кітабы. 

Умми  Кісі  (с.а.с.)  Оның  сол  кітабын  адамзатқа  қаз-

қалпында жеткізуші. 

Бұдан  басқа  да  Құранның  мұғжизалық  жақтары 

бар.  Алайда  олардың  кейбірі  араб  тілінің  шешендік 

өнеріне қатысты болып, араб тілін білмейтін оқырманға 

ауыр  келмес  үшін,  жазуды  жөн  көрмедік.  Кейбір 

мұғжизалық  жақтарын  да  кітаптың  екінші  томында 

жан-жақты терең талдау жасайтын болғандықтан, бұл 

тақырыпта  олардың  қақпасын  ашпадық.  Сол  атал-

мыш  тақырыптарды  оқып,  таразыға  салып  қараған 


155

Құран кімнің сөзі?

жан  Құранның  хақтығын  аңғарады.  Әлбетте,  егер 

Құранның  мұғжизалық  жақтарының  кейбір  тұстары 

түсініксіз келіп жатса, ол түсіндірушінің кемшілігінен 

туындаған  нәрсе.  Ал  Құранда  ешқандай  нұқсандық 

болуы мүмкін емес. Онда кемістік пен нұқсандықтың 

болмауы  да  оның  Хақтың  кітабы  екендігінің  дәлелі. 

Адамзаттың екі дүниелік бақыты үшін түскенін білсе 

де,  көре  алмай,  Құранды  пенде  кітабы  етіп  көрсетіп, 

оны  жоққа  шығаруға  тырысқан  Құран  дұшпандары 

қанша жанталасқанмен, оның мәңгілік жарығын өшіре 

алмақ емес. Құранда: «Олар Аллаһтың нұрын ауызда-



рымен үрлеп өшіруге тырысады. Алайда Аллаһ кәпірлер 

қаламаса да нұрын толықтырады» дейді

151


. Сондықтан 

да  Құранға  қарсы  сын  айтып,  Құдай  тағаламен  сөз 

таластырмақ болғандар мәңгілік сөнбес нұрдан мақрұм 

қалмақ.  Ал  Құранның  хақтығына  қалтқысыз  сеніп: 



«Раббымыз!  Біз  «Раббыларыңа  иман  етіңдер»  деп 

шақырған (Пайғамбар, Құран) шақырушыны естіп, де-

реу иман еттік»

152


 дегендер сол бір мәңгілік  нұрдың 

бақытына бөленіп: «Раббымыз! Бізге пайғамбарларыңа 



уәде еткендеріңді бер. Һәм бізді қиямет күні қорлама. 

Күдіксіз, Сен берген уәдең мен сөзіңнен айнымайсың»

153


 

деп  дұға  етіп,  ақыретте  Ұлы  Жаратушының  уәдесі 

бойынша Оның түгесілмес қазына мен сарқылмас сый-

сыяпатына қол жеткізбек.  Ақырғы сөз, Құран – жеті 

қабат ғаламзатты жоқтан жаратқан Жаратушы Жаппар 

Ие Аллаһ Тағаланың мән-мағынасы шексіз, мәңгілік кі-

табы демек – дүр. 

екІНШІ БӨЛІМ

151


 «Саф» сүресі, 61:8.

152


 «Әли Имран» сүресі, 3\193.

153


 «Әли Имран» сүресі, 3\194.

156

Мәңгі мұғжиза

ҚҰраН тариХы

«Нұхқа және одан кейінгі пайғамбарларға 

уахи еткеніміздей саған да (Мұхаммед) уахи 

еттік. Ибраһимге, Исмайылға, Исхаққа, 

яқубқа, яқубтың ұрпақтарына, Исаға, 

Әйүп, Юныс, һарун және Сүлейманға да 

уахи еттік. Дәуітке Зәбурді бердік»

«Ниса» сүресі

157

Құран кімнің сөзі?

БІРІНШІ

 

таРау

УАхИ

Аллаһ Тағала адамзатты тура жолға салып, Өзіне 

құлшылық  етулері  үшін  жарлықтарын  уахи  арқылы 

адамдар арасындағы пайғамбарларына түсірген. Бұл – 

Оның махаббатымен жаратқан адамзатына деген ерек-

ше рақымдылығы. 

Адам  баласы  өзінің  шектеулі  ақыл-ойымен 

дүниедегі  жаман  мен  жақсыны  ажырата  алмайды. 

Әсіресе, өз нәпсісіне табынғандар үшін жақсылық ата-

улы  жамандыққа  айналмақ.  Уахи  келместен  бұрынғы 

арабтардың құндылықтары – қызын тірідей жерге көму, 

әйел затын мүлік ету, жарлының қанын сүліктей сору, 

бұрыс та болса жақынына болысудың әділдік саналуы, 

шарап ішу, зина жасау, пұттарға табыну т.б. еді. Қазіргі 

заманда  да  батыс  мемлекеттерінде  адамның  рухына 

жат нәрселер олар үшін құндылық саналады. Мұндай 

адам болмысына қайшы мінез-құлықтар бейне бір ви-

рустай  теледидар,  интернет,  радио  т.б.  арқылы  жал-

пы әлемге тарап, бұл әсіресе үш ғасырдан бері өзінің 

төлқұжатын іздеп жүрген мұсылман елдерінің ішкі ни-

етіне қатты әсер етуде. Ендеше, нәпсісінің қалауымен 

жүріп,  бойындағы  барлық  құмарлық  сезімдерді  кез 

келген  жолмен  қанағаттандыруды  құндылық  санаған 

әрбір қоғам ақыр соңында азғындықтың шыңырауына 

құламақ.  Жалаң ақылды ғана ұстанып, әлемге материал-

дық  көзқараспен  қараған  қоғамның  барар  межесі  де 

қаратүнек  құрдым  болмақ.  Өйткені,  Ұлы  Жаратушы 

мен ақыретке сенімі болмаған ондай қоғамның күмбезі 



158

Мәңгі мұғжиза

көркем  мінезділікпен  қамтылуы  екіталай.  Әрі  олар 

ғұмырға  не  үшін  келіп,  қайда  баратынын,  бойындағы 

сансыз  қабілеттерін  қалай,    қандай  нәрсеге  пайдала-

натынын шектеулі санасымен таба алмақ емес. Ондай 

сұрақтың тылсым жауабын Жаратушысы ғана білмек. 

Демек,  жақсы  мен  жаманды  айыру,  түпкі  мақсатты 

айқындау «адами өлшеммен» емес, «илаһи өлшеммен» 

болмақ. Міне, Хақ Тағала жер бетіне Өзінің ұлылығы 

мен  құдіреттілігін  паш  ететін  өкілі  етіп  жаратқан 

ардақты адам баласына «илаһи өлшемді» уахи арқылы 

білдірмек. 



УАхИДЫҢ ТЫЛСЫМ-СЫРЫ

Уахи  –  Аллаһ  Тағаланың  адамдарға  жеткізетін 

хабары.  Бірақ  Жебірейіл  періштесі  арқылы  арнайы 

жіберілген  пайғамбарына  жетпек.  Елшісі  де  келген 

хабарды  адамдарға  жеткізбек.  Бірақ  ақыл  уахидың 

ақиқаттығын  білгенмен,  оның  қандай  нәрсе  екенін 

біле  алмайды.  Өмірде  көптеген  нәрселер  бар,  ақыл 

олардың қандай екенін біле алмаса да оның барлығын 

қабылдайды.  Басқаны  былай  қойғанда  ақыл  өзінің 

ақиқатын  дәлелдегенмен  көзбен  көрсетіп,  қолмен 

ұстатуға  шарасыз.  Рух  та  ақыл  тәрізді.  Ақыл  және 

қисын жолымен адам рухтың барлығын біледі. Мұны 

Абай атамыз «Мені мен менікі» деп екіге бөлген. Адам 

өзінің барлық мүшесін иеленіп «менікі» дейді. Сонда 

адамның  өзі  қайда?  Өзі  сол  рухы.  Сондай-ақ  айнала-

мызда жалаң көзбен көре алмайтын, қолға ұстай алмай-

тын көптеген құбылыстар бар. Бұлар ғылыми жолдар 

арқылы  қазір  анықталған.  Мысалы,  әлемде  тартылыс 

күші бар. Магниттің де темірлерді тартатын күші бар. 

Бұлардың  ақиқаттығын  атеистер  де  қабыл  еткенмен, 



159

Құран кімнің сөзі?

сол  тартылыс  күшін  ешкім  көрсетіп  бере  алмайды. 

Сондай-ақ  адамдар  бір-бірлерімен  алшақтан  телефон, 

радио,  теледидар  арқылы  тілдеседі.  Егер  бұларды 

өткен ғасырлардың адамдары көргенде, қабыл ете ал-

май жоққа шығару мүмкін еді. Жан-жануарлар әлемі, 

тіпті адамдар да телепатия арқылы бір-бірімен байла-

ныса алады. Ұзақтан бір-біріне сигнал жіберу арқылы 

да адамдар хабарласып жатады. Түсінбеген жанға сол 

сигналдар мүлдем түсініксіз. 

Дәл осылайша Аллаһ Тағаладан келген илаһи ха-

барларды пайғамбарлар естіп, уахиды еліне сөзбен жет-

кізуінде ешқандай таңғаларлық нәрсе жоқ. Сондықтан 

біз біле алмайтын уахидың тылсым-сырлылығын зерт-

теуге мәжбүр емеспіз. 

УАхИ ЕЛшІСІ ЖЕБІРЕЙІЛ

Хазіреті  Мұхаммед  пайғамбарға  (с.а.с.)  келген 

періште Құранда Жебірейіл, Рухул-Әмин және Рухул-

Қудус деп аталған. Құранда: «Кім Жебірейілге дұшпан 



болса, мынаны жақсы білсін: Ол Аллаһтың бұйрығымен 

Құранды  туралық  жетекшісі  және  бұрынғы 

түскен  кітаптарды  растаушы  һәм  мұсылмандарға 

сүйіншілеуші етіп жүрегіңе түсірді»

154


. Басқа бір аят-

та оны «Рухул-Әмин» деп атаған: «Сөзсіз,  бұл Құран 



әлемдердің  Раббысының  түсіргені.  Оны  Рухул-Әмин 

(сенімді Рух) әкелді»

155


. Осы аятта аты аталған «Рухул-

Әмин»  –  Жебірейіл  періште.  Хақ  Тағала  оны  рухтан 

жаратқандықтан «Рух» деп атаған

156


. Бірақ бұл аяттағы 

154


 «Бақара» сүресі, 2\97.

155


 «Шұғара» сүресі, 26\193.

156


 әр-Рази,  Мухаммед  ибн  Омар  ибн  Хусәйн  Фахрәддин, 

Мәфәтихул-Ғайб, Бәйрут, 24 том, 142 бет.



160

Мәңгі мұғжиза

оның «Әмин» (сенімді) деген лауазымы – уахиға деген 

сенімділігі үшін берілген.

Пайғамбарларға уахи әкелген періштенің басқа бір 

есімі «Рухул-Қудус». Құранда: «Қасиетті Рух Құранды 

иман  еткендерге  тұрақтылық  һәм  мұсылмандарға 

туралық пен сүйінші болу үшін Раббыңның құзырынан 

ақиқатпен    түсірді»  де»

157


.  Бұл  аятта  Қасиетті  Рух 

ешқандай  дақ  жұқпаған  пәк  рух,  сенімге  лайық,  кір-

шіксіз  таза  рух  деген  мағынаға  саяды.  Аллаһ  Тағала 

кәпірлердің  хазіреті  Пайғамбарға  жапқан  жалала-

рын жоққа шығару үшін оны осылай атаған. Яғни, ей, 

Мұхаммед! Құранның қасиетті кітаптылығы сол – оны 

саған кірден ада, кіршіксіз таза, пәкиза «Рухул-Қудус» 

Ұлы  Раббыңның  құзырынан  түсірген.  Әрі  иненің  жа-

суындай да жалғандықтан ада ақиқатпен түсірген. 

Хазіреті Жебірейіл періштенің Исламда Рухуллаһ, 

Хамидуллаһ, әр-Рухул-Ағзам, әл-Ақлул-Әкрәм, Намус 

Әкбар т.б. есімдері де бар

158

.

Құранның  басқа  аятында  болса,  хазіреті 



Пайғамбарға  елшілік  еткен  осы  періштенің  мынадай 

ерекшелігі бар: «Ол (Құран) – сөзсіз қадірлі, қуатты 



және «Арш» иесінің (Аллаһтың) құзырында беделді бір 

елшінің  (Жебірейілдің)  әкелген  сөзі»

159


.  Міне,  хазіреті 

Мұхаммедке (саллалу аләйһи уә сәлләм) уахи осындай 

елден ерек беделге ие періште арқылы келген. 

Қорытындыласақ,  уахиды  хазіреті  Пайғамбарға 

Аллаһ Тағаладан жеткізген періште елші болған. Осы 

періштенің есімі – Жебірейіл. Ол жаратылыстағы сан-

сыз періште арасындағы ең беделдісі һәм сұлтаны. Ұлы 

157


 «Нахыл» сүресі, 16\102.

158


 Явуз, Юсуф Шевки, «Жебрайл» ДИА, Ыстанбұл, 1993.

159


 «Текуир» сүресі, 81\19-21.

161

Құран кімнің сөзі?

Жаратушы Құранында мадақтаған сенімді де берік пе-

ріштесі.

УАхИДЫҢ СөЗДІК МАҒЫНАСЫ

Уахи  сөзі  –  жасырын  сөйлесу,  іштей  білдіру, 

көкейіне салу,  ишарат ету, белгі беру, әмір ету, дау-

ыстау,  сыбырлау,  азғыру,  жазу  мағыналарына  саяды. 

Құрандағы  уахи  сөздерінің  сөздік  мағынасына  көз 

салайық:


1. Ишарат, белгі беру мағынасы: «Сонда Зәкәрия 

мінажатханадан  шығып  еліне:  «Ертелі-кеш  Аллаһ 



Тағаланы дәріптеп, пәктеңдер» деп уахи етті»

160


. Бұл 

аяттағы оның уахи етуі – оларға ымдап белгі беруі.

2. Аллаһ Тағаланың періштелеріне әмір ету мағы-

насы:  «Сол  уақытта  Раббың  періштелерге:  «Расын-



да, Мен сендермен біргемін. Иман еткендерге жәрдем 

етіңдер деп уахи еткен еді»

161


. Аяттағы уахи «әмір ету» 

мағынасында берілген. 

3.  Адамдарға  тән  іштей  құпия  білдіру,  көкейіне 

салу мағынасы: «Мұсаның анасына «Оны еміз де оған 



бір нәрсе болады деп қорықсаң, онда оны дарияға са-

лып жібер. Қорықпа да күйінбе? Расында, оны саған 

қайтарамыз  да  оны  пайғамбарлардан  қыламыз»,  деп 

көкейіне  салдық»

162


.  Осыған  ұқсас  хазіреті  Исаның 

достарына  да  құпиялай  білдіреді:  «Сол  уақытта 

Хауариларға:  «Маған  және  Елшіме  иман  етіңдер» 

деп жүректеріне (уахи еткен)  білдірген едім»

163


. Бұл 

аяттағы  «уахи»  сөзі  терминдік  мағынада  берілмеген. 

160

 «Мәриям» сүресі, 19\11.



161

 «Әнфал» сүресі, 8\12.

162

 «Қасас» сүресі, 28\7.



163

 «Маида» сүресі, 5\111.



162

Мәңгі мұғжиза

Аллаһ Тағаланың оларға рақымдылық етіп, иманға ке-

лулерін құпиялай білдіруі.

4.  Жан-жануарларға  білдіруі:  «Раббың  бал  ара-

сына: «Таулардан, ағаштардан және лапастардан ұя 

жасап ал» – деп уахи етті»

164


. Бұл аяттағы «уахидың» 

мағынасы  араға  ұя  жасау  қабілетін  беруі.  Сондай-ақ 

барлық жан-жануарларға Аллаһ Тағала өздеріне лайық 

міндет берген. 

 

5.  Шайтанның  адам  нәпсісін  азғыруы:  «Осылай-



ша  әр  пайғамбарға  адамдардың  және  жынның  шай-

тандары-нан  дұшпан  еттік.  Олар  алдап,  бір-біріне 

жалтыраған  сөздерді  (уахи  етеді)  сыбырлайды»

165


Аяттағы уахи «азғыру» мағынасында берілген.

«Уахи»  –  Исламнан  бұрын  араб  өлеңдерінде 

жиі  кездесетін  сөздің  бірі.  Ол  заманда  көбінесе 

«жазу»  мағынасында,  әсіресе,  тасқа  жазылған  жазу 

ұғымында көп қолданылған

166

. Сондай-ақ «хабарласу» 



мағынасында да пайдаланған. 

ИСЛАМДАҒЫ ТЕРМИНДІК МАҒЫНАСЫ

Уахи – Аллаһ Тағаланың адамдарға білдіретін илаһи 

әмірі, жарлығы мен тыйым салуы және басқа да барлық 

хабарларын  Жебірейіл  арқылы  яки  бізге  беймәлім 

жолмен тікелей пайғамбарларына жеткізуі

167


. Хазіреті 

Мұхаммед (с.а.с.) уахи алған алғашқы пайғамбар емес. 

Хазіреті  Адамнан  бастап  күллі  пайғамбарларға  уахи 

келген.  Бұлардың  кейбірі  Құранда  берілген.  Мысалы: 

164

 «Нахыл» сүресі, 16\68.



165

 «Әнғам» сүресі, 6\112.

166

 Ват,  Монтгомери,  Модерен  Дүнияда  Ислам  Ваһиі,  (трж. 



Меһмет С. Айдын), Анкара, 1982, 33 бет.

167


 әз-Зәркәни,  Мухаммед  Абдулазим,  Мәнәһилул-Ирфан  фи 

Улумил-Қуран, Бәйрут, 1996, 1 том, 55 бет.



163

Құран кімнің сөзі?

«Нұхқа  және  одан  кейінгі  пайғамбарларға  уахи  ет-

кеніміздей саған да (Мұхаммед) уахи еттік. Ибраһимге, 

Исмайылға, Исхаққа, Яқубқа, Яқубтың ұрпақтарына, 

Исаға, Әйүп, Юныс, Һарун және Сүлейманға да уахи 

еттік. Дәуітке Зәбурді бердік»

168


.

Хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.) тікелей айтылған уахи 

Құранда былайша берілген: «Саған бұл Құранды уахи 

ету арқылы өзіңе тарихи әңгімелердің  ең жақсысын 

баян етеміз»

169





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет