Алматы 2011 Мұхитдин исаұлы мәҢгі мұҒжиза ислам мәдениеті мен білімін



Pdf көрінісі
бет29/29
Дата07.02.2017
өлшемі1,61 Mb.
#3609
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Тәпсірі

1. 


ِساَّنلا  ِّبَرِب ُذوُعَأ  ْلُق

 – «Айт: Адамдардың Раббына 



(сыйынамын)».  «Фәлақ»  сүресінде  айтылғандай  бұл 

жерде  «әузу»  (сиынамын)  деп  айтылып,  Аллаһтың 

үш  сипаты  хақында  сөз  қозғалып,  Оған  сиыну  кере-

ктігі  әмір  етілген.  Біріншісі: 

ِساَّنلا   ِّبَرِب

  –  «би  Раббин-



Нас».  Адамдарды  өсіріп,  жетілдірген,  тәрбиелеушісі, 

иесі Аллаһ  Тағала. Екіншісі: «Мәликин-Нас».  Барлық 

адамдардың патшасы мен билеушісі Аллаһ. Үшіншісі: 

«Илаһин-Нас».  Адамдардың  нағыз  құлшылық  етуіне 

лайық Аллаһ. 

«Илаһ»  сөзі  Құранда  екі  мағынада  берілген. 

Біріншісі:  ешқандай  құдайлық  құдіретке  лайық  емес 

бола  тұрса  да,  құдайлық  дәрежеге  шығарып,  кейбір 

пенделердің құлшылық қылған жеке тұлғасы, яки, зат. 

Екіншісі:  өзіне  құлшылық  қылуға  лайық  нағыз  Илаһ-

Құдай. Оған құлшылық кылса да, қылмаса да Ол – илаһ. 

Міне,  Құранда  Аллаһ  үшін  айтылған  «илаһ»  сөзі  осы 

екінші ұғымда берілген.

Бұл  аятта  Ұлы  Жаратушы  негізінде  барлық 

жаратылыстың Раббы бола тұра, адамдардың абыройын 

көтеріп,  оларға  жоғары  баға  беру  үшін  «Адамдардың 

Раббы»  деген.  Жалпы  Аллаһ  Тағаланың  адамның  бе-

делін  үстем  етуі  былай  болған:  Ғаламзаттағы  барлық 

нәрсені  олардың  әміріне  беріп  бағындырған.  Оларға 

ақыл  мен  ілім  беріп  қуаттаған.  Періштелеріне  оларға 

сәжде  еттірген.  Сондықтан  да,  адамдар  сөзсіз  барлық 

жаратылыстың ең үстемі саналады.



458

Мәңгі мұғжиза

2. 


ِساَّنلا  ِكِلَم

  –  «Адамдардың  жалғыз  Иесіне  (сиы-



намын)».  Яғни,  сол  бір  адамдарды  тәрбиелеп  өсірген 

және  адамдардың  бәрін  бірдей  заңына  бағындырып, 

ілім мен хикметіне сай әмір беріп, тыйым салу арқылы 

басқарған адамдардың Патшасына сиынамын. Ол – тек 

қана біздің мына көрген дүниеміздің Раббы мен Патша-

сы емес, сонымен қатар Құранның: 

يِت ْؤُت  ِكْلُمْلا  َكِلاَم َّمُهَّللا  ْلُق 

ُءا َشَت  ْنَم  ُّلِذُتَو ُءا َشَت  ْنَم ُّزِعُتَو ُءا َشَت  ْنَّمِم  َكْلُمْلا  ُعِزْنَتَو ُءا َشَت  ْنَم  َكْلُمْلا 

ٌريِدَق ٍء ْي َش  ِّلُك ىَلَع  َكَّنِإ ُرْي َخْلا  َكِدَيِب

 – «Айт: «Ей, мүліктің Иесі 



Аллаһым! Сен қалағаныңа мүлік бересің, қалағаныңнан 

мүлікті аласың, қалағаныңды үстем етіп, қалағаныңды 

төмендетесің. Сенің барлық нәрсеге күшің жетеді»

488


 

аятында  айтылғандай,  қалағанына  мал-мүлік  беріп, 

патша  еткен,  қалағанда  патшаларды  бір  сәтте  тақтан 

тайдырып, жермен-жексен еткен, қалағанының мерейін 

үстем етіп, қалағанын қор қылған ұлы құдыретке иелік 

еткен патшалардың Патшасы, сұлтандардың – Сұлтаны, 

иелердің – Иесіне сиынамын. 

Кейбір  тәпсіршілер  былай  дейді:  «Адамдардың 

Раббысына,  адамдардың  Патшасына,  адамдардың 

Құдайына  (сиынамын)»  деп  әмір  етілуінде  мынадай 

сыр бар: Адамдардың ішінде небір патшалар бар. Аллаһ 

Тағала  Өзінің  олардың  да  Патшасы  екендігін  айтып 

тұр. Және адамдар арасында Өзінен өзгеге табынушы-

лар бар. Олардың да Құдайы мен Иесінің Өзі екендігін 

айтып сол үшін патшалар мен көсемдерге емес, Өзіне 

сиыну қажеттілігін білдірген.  

3. 

ِساَّنلا ِهَلِإ



  –  «Адамдардың  Құдайына  сиынамын»

Адамдардың  құлшылық  етуге  лайық  Құдайына.  Ол  – 

488

 «Әли Имран» сүресі, 26.



459

Құран бақтары

жарату мен әмір қылу, бар ету мен жоқ ету, өмір беру 

мен өлім беру, сауап пен жаза беруші құдіретке ие һәм 

ешбір  жаратылысқа  мұқтаж  болмаған,  қайта  барлық 

жаратылыс  Оған  ғана  мұқтаж  –  Жаратушы  Жаппар 

Ие. Міне, осындай ұлы құдірет Өзіне ғана тән болған, 

Жалғыз да Сәмәд Аллаһ Тағалаға сиынамын. 

Біз бұл жерде мынаны айқын байқаймыз. Алдыңғы 

сүреде  үш  нәрсенің  жаманшылығынан  «Таңның  Раб-

бына  сиын»  деп,  Аллаһ  Тағаланың  бір  ғана  сипаты 

айтылған  мына  аятта  бір  нәрсенің  жаманшылығынан 

Аллаһ  Тағаланың  «Рабб,  Патша,  Құдай»  тәрізді  үш 

бірдей сипатына сиынуды аса қажет етіп тұр. Ендеше, 

ақырғы сүредегі бір ғана жаманшылық алдыңғы сүредегі 

үш жаманшылықтан әлдеқайда қауіпті де қатерлі екен-

дігін ескертіп тұр. Адам баласы осы жаманшылықтан 

өмірінің  барлық  кезеңдерінде,  әсіресе,  ақырғы  ақтық 

сәтінде сақтануды негізгі мақсат етуі тиіс. 

4. 

ِساَّن َخْلا   ِساَو ْسَوْلا  ِّر َش   ْنِم



  –  «Сол  бір  азғырушы 

шайтанның кесірінен». Яғни, адам баласын ақиқат жо-

лынан тайдырып, адастыру үшін әр түрлі айла тәсілдер 

арқылы  жасырын  түрде  азғырған  шайтаннан  –  Аллаһ 

Тағалаға сиынамын. 

ِساَو ْسَوْلا

 – «уасуас» өте көп азғырушы деген сөз. Бұл 

жерде шайтанның бір есімі ретінде берілген. Өйткені, 

оның барлық ісі мен өнері, жалпы өмірі – адамдарды 

азғыруға арналған. 

ِساَّن َخْلا

  –  «ханнас»  сөзі  де  бір  іс-әрекетті  көп 

қайталаушы  мағынасына  саяды.  Қайта-қайта  келіп, 

адамның басын айналдырып, азғыруға тырысу. Кейбір 

тәпсіршілердің пікірі бойынша «Ханнастың» мағынасы 

былай: Кейде жасырынып, кейде көрнеу түрде, әртүрлі 


460

Мәңгі мұғжиза

жолдар арқылы адамдарды жолдан тайдырушы. Сүренің 

аяғында  «жын  мен  адамдардан»  деу  арқылы  адамдар 

арасында да осындай «Ханнастар» бар деген сөз. Яғни, 

әртүрлі  азғындық  жүйелері  арқылы  қоғамның  көркем 

мінезін  жермен-жексен  етуге  тырысып  бағу.  Белгілі 

бір  уақыт  өткен  соң  жаңа  азғындық  жоспарлар  құру 

арқылы, қоғам арасына ірікті салу. Қоғамды азғындық 

жолға салу үшін сол ғасырдың барлық құралдарын сол 

бағытқа пайдалану. Ел ішіне лаңкестік жолдар арқылы 

бүлік  салып,  айрандай  ұйыған  бір  ұлтты  жік-жікке 

бөліп, бір-біріне айдап салу. Қоғамның қаймағы аталған 

зиялыларының  да  санасына  қарама-қайшы  пікірлер 

салып,  бір-бірімен  айтыстырып,  сөз  таластыру.  Міне, 

осы тәрізді іс-әрекеттің барлығына осы аяттағы 

ِساَو ْسَوْلا 

ِساَّن َخْلا

 – «Уасуасул-Ханнас» (Азғырушы Ханнас) себе -

кер болмақ. 

Адам уасуаса-азғыру басталған сәттен-ақ,  Аллаһ 

Тағалаға  сиыну  қажеттілігі  осы  аяттан  білінеді. 

Өйткені,  азғыру  алдымен  бейқам,  ойсыз  күй  кешкен 

адамдарға қатты әсер етеді. Мұндай адамның жүрегіне 

үрлеп,  жамандыққа  деген  пейіл  туғызады.  Осы  арам 

ниет  ақыр  соңында  сананың  қалауына  айналады  да, 

азғырудың әсері арқылы әбден қатайып, жетіліп-піседі. 

Осының кесірінен әлгі пенденің арам амалы жарыққа 

шығады.  Азғырудың  жаманшылығынан  Аллаһ 

Тағалаға  сиынудың  мәнісі  әуел  бастан-ақ  азғырудың 

жүректе  қылтитқан  жаманшылығын  жоқ  етуі.  Өртті 

жана бастағанда су сеуіп өшіргендей адам да жүрегінде 

азғыру  басталғанда  Аллаһ  Тағалаға  сиынып,  уасуаса 

отын өшіруі тиіс. Болмаса, құрғақ қамысқа лап етіп ти-


461

Құран бақтары

ген өрттей адам жүрегі мен санасындағы уасуаса өртін 

сөндіруі қиынға соқпай. 

Уасуаса-азғырушының  азғыру  жолдарын  былай-

ша  да  беруге  болады.  Ол  алдымен  адамға  күпірлік, 

атеисттік, ширк келтіру, Аллаһ пен елшісіне қарсы ке-

луге, мұсылмандарға дұшпандық жасауға айдап сала-

ды. Арам ойы іске аспай, өзі нысанаға алып, азғырған 

адамы  мұсылмандықтан  бас  тартпаса  онда  ол  бұдан 

кейін оны Ислам ішіндегі «бидғаттарға» қызықтырып, 

соны  жасатуға  күш  салады.  Осы  арқылы  кішкене 

күнәлар  жасатып,  осы  күнәларының  үлкен  күнәларға 

айналуына  жанын  салып  бағады.  Бірақ,  ол  бұнда  да 

мақсатына жете алмаса, әлгі мұсылманның өзінің Ис-

лам түсінігін ғана дұрыстатып, өзге мұсылмандардың 

барлығының исламдық түсінігін жоққа шығартуға ай-

дап  салады.  Мысалы,  «Сен  ғана  нағыз  мұсылмансың, 

өзгелерінің  бәрі  де  кәпірлер.  Сондықтан,  сен  оларды 

өзіңе бағындыруың қажет» деген тәрізді. Бұған да ырық 

бермей, алданбаса адам мен жындардың барлық шай-

тандарын  қозғап,  барлығы  бірдей  халыққа  әлгі  адам-

ды жаман етіп көрсетуге тырысады. Осы кезде шайтан 

әлгі мұсылманға келіп: «Сенен елдің бәрі безіп отыр. 

Олардың ойынша сен өте жаман адамсың. Ал сен қалай 

бұл қорлыққа шыдап отырсың. Бір нәрсе деп, қарсылық 

көрсетпейсің  бе?»  дейді.  Бұл  да  шайтанның  ақырғы 

құрған  тұзағы.  Алайда  шайтан  адамды  ақырғы  демі-

не дейін әртүрлі жолдар арқылы азғыра бермек. Бірақ, 

пенде әрқашан Аллаһ Тағала сиынып жүрсе, олардың 

ешбірінің әсері болмайды. Олардың құрған тұзақтары 

Хаққа сиынған мұсылмандарға өрмекшінің торы тәрізді 

ғана.  


462

Мәңгі мұғжиза

5. 


ِساَّنلا  ِروُد ُص  يِف   ُسِو ْسَوُي يِذَّلا

  –  «Oл  –  адамдардың 



жүрегіне  жаман  oй  салып  азғырады».  Адамдардың 

жүректеріне  не  болмаса  қоғамның,  Аллаһ  Тағаланы 

ұмытқандардың  көкіректеріне,  ішкі  және  сыртқы 

сезімдеріне  әртүрлі  жаман  ойлар  тастайды

489

.  Аңдып 



басып  келіп,  ақырын  түртіп,  азғындыққа  итермелей-

ді. Адамның жан дүниесіне жыландай жылжып кіріп, 

оның әрбір қалтарыстарына азғындық жұмыртқаларын 

тастап, жемтігін аңдыған жыртқыштай нәтижесін күтеді. 

Ақырында қабығын жарып шыққан азғындық ниет, ой-

лар бойдағы сансыз сезім иірімдерімен бірге ирелеңдеп, 

санасын шарлап, у мен зәрін шашып, пендені сансыра-

тады. Егер осы кезде адам дереу Хақ Тағалаға сиынып, 

Оған арқа сүйемесе, көп ұзамай адасып, ақырында дін 

мен иманнан біржолата айырылады.  

6. 

ِساَّنلاَو  ِةَّن ِجْلا   ْنِم



  –  «Oл  шайтан  жындардан  да, 

адамдардан да шығады». Азғырушы бізбен қатар өмір 

сүрген  жындар  арасынан  да,  адамдар  арасынан  да 

шығады

490


. Уасуаса-азғырушы шайтан екі түрлі болмақ: 

Бірі  –  метафизикалық  әлемде  ғұмыр  кешкен  жындар 

мен  кәдуілгі  адамдар  ұрпағынан  болады.  Бұл  мағына 

«Әнғам» сүресінде де кездеседі: 

اًّوُدَع  ٍّيِبَن ِّلُكِل اَنْلَع َج  َكِلَذَكَو 

اًروُرُغ ِلْوَقْلا  َفُر ْخُز  ٍضْعَب ىَلِإ ْمُه ُضْعَب ي ِحوُي ِّن ِجْلاَو  ِسنِ ْلا َنيِطاَيَش

 – 

«Осылайша, Біз әрбір пайғамбарға адам мен жын шай-

489


 Тәфсирун-Нәсәфи, 4-том. 387-бет.

490


 Тәфсирул-Бәғәуи.  8-том,  599-бет;  әс-Сағди.  Тәйсирул-

Кәримир-Рахмән, 5-том, 453-бет; Уәһбә Зухәйли. әт-Тәфсирул-

мунир, 15-том, 886-бет; әр-Рази. әт-Тәфсирул-кәбир, 32-том, 

181-бет; Мухаммәд Али әс-Сабуни. Сафуәтут-тәфәсир, 3 том. 

626 бет.


463

Құран бақтары

тандарын  дұшпан  қылдық.  Олар  алдап  бір-бірлеріне 

жылтыраған сөздер сыбырлайды»

491


Әрбір адамның өзін жамандыққа сүйреп, азғындық 

істерді көзіне әдемі етіп көрсетуге тырысқан бір шай-

таны бар. Аллаһ елшісі: (с.а.с.): «Арнайы уазипаланған 

жын шайтаны мен періштесі болмаған ешбірің жоқ», –  

дейді. Сонда біреу: «Пайғамбарым! сенікі ше?» – деп 

сұрайды. Ол: «Иә, бар. Бірақ, Аллаһ Тағала мені одан 

үстем етіп  жеңгізді», – дейді

492



Сүренің  ақырғы  осы  аяты  барлық  адам  мен 



жындардың  жаманшылығынан  сақтануды  үйретеді. 

Сөзсіз  адамдардың  шайтандары  жын-шайтандарға 

қарағанда  әлдеқайда  қауіпті.  Аллаһ  Тағалаға  сиынған 

кезде  жын  шайтандар  аулақ  кетіп  жасырынады. 

Адамның  шайтандары  көріксіз  нәрсені  оған  ғажайып 

көрсетіп, оған жамандық жасауға ынталандырады. 

Шайтан уасуаса-азғыруының дәрісі – үшеу. Бірін-

шісі:  Аллаһ  Тағаланы  көп  ойлап,  зікір  ету.  Екіншісі: 

Аллаһ  Тағалаға  сиынып,  хадис  пен  Құрандағы  сиы-

ну  дұғаларын  оқу.  Мұның  ең  мықтысы  да  осы  аят. 

Үшіншісі: шайтанға қарсы шығып, оның жаса дегенін 

керісінше жасау. Адамдардың Раббы, адамдардың Пат-

шасы, адамдардың Құдайы болған Аллаһ Тағалаға сиы-

ну қажеттілігі әмір етілген.

Міне,  Құран  осы  аятпен  осылайша  аяқталады. 

Бірақ,  осы  аятты  оқып,  Аллаһ  Тағалаға  сиынған  бір 

мұсылман,  өзін  қорғаған  Аллаһ  Тағалаға  шүкіршілік 

ету  мақсатымен  «Хамд  пен  мадақ  әлемдердің  Раббы 

Аллаһ  Тағалаға  лайық»  деп  қайта  бастайды.  Ақырғы 

аят  пен  «Фатиханың»  арасында  бір-бірімен  тығыз 

491

 «Әнғам» сүресі, 112.



492

 Дарими.Риқақ 25; Муснәд, 1, 385.



464

Мәңгі мұғжиза

байланыс  бар.  Бұдан  басқа  да  осы  сүреде  бір-бірін 

қайталамай жиырма екі араб әрібі қолданылған. «Фати-

ха» сүресіндегі әріптер де осылай, бір-бірімен қатынас, 

ұқсастық жатыр. 

«Фәлақ»  пен  «Нас»  сүресі  Құранның  ақырғы 

сүрелері.  «Фатиха»  –  алғашқы  сүресі.  Бұл  сүрелердің 

бір-бірімен  тығыз  байланысты  екенін  көрсетеді.  Мы-

салы, Құран «Фатиха» сүресімен ашылып, ақырғы екі 

сүремен  аяқталады.  Екеуі  де  дұға  сүрелері.  «Фати-

ха»  сүресінде  құл  Аллаһ  Тағалаға  жалбарынып:  «Ей, 

Аллаһым!  Саған  ғана  құлшылық  қылып,  Сенен  ғана 

жәрдем тілеймін. Сенің маған ең үлкен жәрдемің, тура 

жолды көрсетуің, мені сол жолдан адастырмауың» дей-

ді. Аллаһ Тағала да оған тура жол ретінде «Әлиф, Ләм, 

Мим.  Міне,  Кітап.  Онда  күмән  жоқ.  Тақуалар  үшін 

жол  көрсетуші»  деп,  Құран  түсіріп  сол  кітап  арқылы 

тура жолдарды нұсқайды. Одан кейін «Таңның Раббы, 

адамдардың Раббы, адамдардың Патшасы, адамдардың 

Құдайы болған Аллаһ Тағала бізге: «Жаратылыстың әр 

түрінің бүлігі мен жаманшылығынан Саған сиынамын. 

Тура жолдан адастыратын ең үлкен кедергілер солар», 

– деп әмір етеді.

Сөзімізді  түйіндесек,  осы  сүреде  ғажайып  дауыс 

үндестіктері  бар.  Сүрелердің  әрбір  аяты  «с»  әрібімен 

аяқталған.  Осы  сүрелерді  оқысаңыз,  құлағыңызға 

сыбырлаған  дауыс  естіледі.  Шайтанның  адамға  сез-

дірмей,  оятып  алмай,  сыбырлап  азғыратынын  да-

уыс  үндестігі  арқылы  да  білдірген.  Құран  сөздің 

мағынасын  дауыс  үндестігіндей  әуезбен  бізге  жеткіз-

ген. Бұл Құранның мұғжизалығының бір сыры. Бұндай 

ғажайыптылықты басқа сүрелерден де көруіңізге әбден 

болады. Иә, солай. Өйткені, Құран – ғаламзаттың Раб-


465

Құран бақтары

бы,  Аллаһ  Тағаланың  жер  бетіндегі  күллі  адамзатқа 

түсірген ақырғы сөзі.   


466

Мәңгі мұғжиза

Пайдаланылған әдебиеттер

1.  Абдуррахман  ибн  Наср  әс-Сади.  Тәйсирул-

Кәримир-Рахмән  фи  тәфсири  кәләмил-Мәннәән, 

Бәйрут.


2.  Ахмәд ибн Ханбәл. Муснәд. Египет, 1949.

3.  Әбу Хаян. Бахрул-Мухит.

4.  әз-Зәрқани.  Мәнәһилул-Ирфән  фи  улумил-Қуран, 

Бәйрут, 1995.

5.  әт-Тәбәри. Жамуил-Бәян, Бәйрут, 1998.

6.  Бәйхақи. әс-Сунәнул-Кубра.

7.  Елмалылы  М.  Хамди  Языр.  Хақ  діні  Қуран  ділі, 

Станбул.


8.  Жәләуддин  әс-Сиуити.  әл-Итқан  фи  Улумил-

Қуран. Бәйрут, 1996.

9.  Ибн  Кәсир.  Тәфсирул-Қуранил-азим,  Бәйрут, 

1997.


10.  Ибн Манзур. Лисанул-Араб.

11.  әл-Имам  Алауддин  Әбу  Бәкр  ибн  Мәсғуд  әл-

Кәсәнил-ханафи, Бәдәиус-Санаии.

12.  әл-Имам Мухис-Суннә Әби әл-Хусәйн ибн Мәсууд 

әл-Бәғәуи, Тәфсирул-Бәғәуи, Рияд, 1993.

13.  әл-Имам  Фәхруддин  әр-Рази,  әт-Тәфсирул-кәбир 

әу мәфәтихул-ғайб, Бәйрут, 1990.

14.  Исмайыл  Паша  әл-Бағдади,  Һәдиятул-арифин, 

Станбул 1951.

15.  Қуртиби. Ахкамул-Қуран.

16.  Мәжмауз-Зәуәид. Бәйрут, 1967.

17.  Мәннәнул-Қәттән.  Мәбәһис  фи  улумил-Қуран 

1997.

18.  Муслим. Әбул Хусәйн ибн Хажжаж. Сахих. Стан-



бул, 1973.

467

Құран бақтары

19.  Мухаммәд Али әс-Сабуни, Рәуәиул-бәян  тәфсиру 

әяәтил-ахкәм минәл-Қуран, Станбул.

20.  Мухаммәд  Али  әс-Сабуни.  Сафуәтут-тәфәсир, 

Станбул.

21.  Сайд Қутуб, Фи зилалил-Қуран, Бәйрут. 1995.

22.  Суити. Дуррул-Мәнсур.

23.  Тирмизи, Мухаммәд ибн Иса. Сунән. Египет.

24.  Уәһбә Зухәйли, әл-Фиқһул-Исләмия уә әдилләтуһу, 

Димашқ. 1996.

25.  Хаким. Мустәдрәк.

26.  Хафизуддин  Әбул-Бәрәкәт  Абдуллаһ  ибн  Ахмәд 

ибн  Махмуд  ән-Нәсәфи,  Мәдәрикут-тәнзил  уә 

Хақаиқут-т Тәуил, Станбул, 1991.



468

Мәңгі мұғжиза

469

Құран бақтары

МАЗМҰНЫ

ҚҰРАН КІМНІҢ СөЗІ? .....................................................

4

Алғы сөз .....................................................................................................

5

Автордан  ...................................................................................................



7

Құранға дейінгі арабтардың өмірі ...........................................................

10

 БІРІНшІ ТАРАУ ................................................................

17

Құран хақында жалпы түсінік .................................................................

17

Құранның Ұлы Жаратушының кітабы болуының дәлелдері ...............



21

Құранның қайнар көзі ...............................................................................

23

Құран қайнар көзінің зерттелуі ...............................................................



24

Ханифтер ...................................................................................................

24

Пұтқа табынушылар .................................................................................



26

Сабиилер  ...................................................................................................

32

Монах Бахира ............................................................................................



33

Тәураттағы хабарлар .................................................................................

34

Құранның Інжілмен қатынасы .................................................................



41

Құранның Тәуратпен қатынасы ...............................................................

44

Шабыт, яки ой-қиял хақында ...................................................................



53

Құран мен Пайғамбар сөзінің айырмашылығы .....................................

54

Құран стилі ................................................................................................



54

Мұхитдин ИСАҰЛЫ

МӘҢГІ МҰҒЖИЗА



Редакциялағандар:   

Корректоры: 

Көркемдеуші дизайнер: 

Компьютерде беттеген: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет