ҚҰРАННЫҢ өЗГЕ ДЕ ЕСІМДЕРІ
Хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.) түскен ақырғы
қасиетті кітаптың «Құран» есімінен басқа де есімдері
бар. Алайда «Құран» есімі солардың арасындағы ең көп
қолданылған есім. Құранның басқа атаулары Құранда
көп берілген. Бұлардың кейбірі есім болса, кейбірі
сипаттары. Кейбір ғалымдар Құранның өзге есімдері
тоқсанға жуық десе де, Зәркәшидің «әл-Бурхан» кіта-
бында Құранның елу бес есімі бар екендігін айтады
208
.
Біз бұлардың кейбірімен танысайық:
1. әл-Китаб. Бұл сөз Құранда екі жүз отыз мәрте
кездеседі. «Міне, осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар
үшін тура жол көрсетуші»
209
.
2. әл-Фурқан. Ақиқат пен жалғанды айырушы,
бейбіт мағынасына саятын бұл сөз Құранда алты мәрте
кездеседі. «Күллі әлемге ескертуші болу үшін құлына
Фурқанды түсірген Аллаһ Тағала аса жоғары»
210
.
3. Нур, Мубин. «Расында, сендерге Аллаһтан нұр
және «мубин» ашық кітап келді»
211
.
Құранда бұдан басқа да есімдер бар: Кәләм, Һуда,
Рахмәт, Шифа, Тәнзил, Уахи, Баян, Хақ, Адл, Буш-
208
Зәркәши, әл-Бурхан, 1. 273бет.
209
«Бақара» сүресі, 2\2.
210
«Фурқан» сүресі, 25\1.
211
«Мәида» сүресі, 5\15.
197
Құран кімнің сөзі?
ра, Қасас, Азиз, Хикмәт, Хаблуллаһ, Рух, Муһәймин,
Қайим, Зикр, Бәләғ, Мәжид, Уммул-Китаб т.б.
ҚҰРАННЫҢ хАДИС ҚУДСИ МЕН хАДИС
шӘРІПТЕН АЙЫРМАшЫЛЫҒЫ
Құранның анықтамасын жоғарыда бердік. Бірақ
Құранның сол екі түрлі хадистен айырмашылығы:
Хадис шәріп: Хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.)
қатысты нәрселер. Бұлар сөзі, жасаған іс-әрекеті,
құптап, мақұлдағандары. Сөзіне мысал: «Жасалған іс-
әрекеттер ниетке байланысты» хадисі осыған дәлел.
Іс-әрекетіне мысал, Пайғамбарымыз: «Менің намаз
оқығанымдай етіп намаз оқыңдар» деп көрсеткен амал-
дары. Құптау, мақұлдауы: Сахабалар өздігінен Исламға
қатысты бір іс жасағанда егер ісі дұрыс болса, хазіреті
Пайғамбар оны құптап, мақұлдаған нәрселері.
Хадис қудси: Бұл хазіреті Мұхаммед (с.а.с.)
пайғамбардың Аллаһ Тағаланың жарлықтарын біз-
ге жеткізген хадистері. Хазіреті Пайғамбар бұл жерде
«рауи» – жеткізуші міндетін атқарады. Яғни, Аллаһ
Тағаланың жарлықтарының мағынасын өз сөзімен
жеткізеді. Мұндай хадистер былай басталады: «Аллаһ
Елшісі былай дейді: «Аллаһ Тағала былай дейді» деп әрі
қарай баян етеді. Бұл жерде Аллаһ Тағаланың Өзі Өз
атымен «Ей, құлдарым!» деп жарлық айтады. Мысалы,
«Ей, құлдарым! Мен зұлымдықты Өзіме харам еттім.
Оны сендердің араларыңда да харам қылдым. Ендеше,
бір-бірлеріңе зұлымдық жасамаңдар»
212
.
Құран мен хадис құдсидың айырмашылығы
212
Муслим, Бирр, 55.
198
Мәңгі мұғжиза
Құран мен хадис құдсидың арасында айырмашылық
бар. Біз оның ең маңыздысын ұсынамыз:
1. Құран – бастан-аяқ мұғжиза. Ол арабтарға
осыған ұқсас сөз келтіріңдер деп күреске шақырып,
ұқсасын келтіруге олардың шамасы келмеген. Яки,
соған ұқсас он сүре, не болмаса бір сүре. Әрі ол сол
замандағы арабтарды ғана емес қияметке дейінгі адам-
затты күреске шақыруда. Ал хадис құдси болса, онда
ешқандай күреске шақыру мәселесі жоқ.
2. Құран Кәрім бастан-аяқ мүтәуәтүр, яғни бұлтарт-
пас хабарлар. Оның ешбір аятынан ешқандай адам
күмәндана алмайды. Ол бізге миллиондаған қари мен
әр ғасырда жазылған миллионнан астам түпнұсқалары
арқылы жеткен. Хазіреті Оспан заманында жазылған
Құран мен қазіргі Құран арасында бір әріп те болсын
өзгешелік жоқ. Хадис құдсиге келсек, ол түгелдей
бұлтартпас хабар арқылы жетпеген. Олардың кейбірі
«ахад» (жалғыз) жолмен, кейбірі «сахих» (мығым,
нақты), кейбірі «хасан» (орта) жолмен, кейбірі «әлсіз»
жолдар арқылы жеткен.
3. Құранның мағынасы да, сөзі де Аллаһ Тағалаға
тән. Оның мағынасы да сөзі де уахи етілген. Хадис
құдсиге келсек, оның мағынасы Аллаһтан, сөздері
хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардыкі. Ол Аллаһ
Тағаладан алған жарлықты өз тілімен жеткізген. Яғни,
хадис құдси – Аллаһ Тағаланың жарлығын уахи арқылы
білдірген мағыналар.
4. Құран оқылуы ғибадатқа жатады. Ол намаз-
да оқылады. «Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар»
213
.
Сондықтан оның хадисте айтылғандай оқылуы ғибадат
саналып, оқығанына қарай Аллаһ Тағала сауап береді.
213
«Мүззәмміл» сүресі, 73\20.
199
Құран кімнің сөзі?
Хадисте былай айтылады: «Кімде-кім Аллаһтың кіта-
бынан бір әріп оқыса, оған сауап жазылады. Ол он сауап
дәрежесінде. (Кейбір сүресінің басындағы әріптерді)
«әлиф, ләм, мимді» бір әріп демеймін. Керісінше, әлиф
(ә), бір әріп, ләм (л) бір әріп, мим (м) бір әріп»
214
. Һәм
хадис құдси намазда оқылмайды. Аллаһ Тағала оның
оқылуына қарай жалпы сауап береді. Әрі хадисте
айтылғандай оның бір әрпіне он сауап берілмейді.
хАДИС ҚҰДСИ МЕН хАДИС шӘРІПТІҢ
АЙЫРМАшЫЛЫҒЫ
Хадис шәріп екіге бөлінеді: «Тәуқифи бөлім»: Бұл
мазмұнын уахиден алып, адамдарға өз сөзімен баяндаған
хадис. Мұның мағынасы мен мазмұны Аллаһтан келсе
де, Елшісіне қатысты етіп айтуға болады. Өйткені, бұл
жерде Аллаһ Тағаланың өз атымен айтқан жарлығы
жоқ. Екіншісі «Тәуфиқи бөлім». Бұл хазіреті Елшінің
Құраннан түсінгеніне қарай үкім шығаруы. Егер бер-
ген үкімі дұрыс болса, уахи келіп қуаттайды. Ал егер
қателессе, уахи келіп дұрыстайды. Хадистың бұл
бөлімі ешқандай Аллаһ жарлығына жатпайды. Мы-
салы, Бәдір соғысында жетпіс пұтқа табынушы қолға
түскен еді. Хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) оларға қандай
үкім беру хақында сахабалармен ақылдасты. Әбу Бәкір
тұтқындардан бодау алып босатылуын, ал Омар оларды
өлтіру қажеттілігі жайында пікір білдірген. Аллаһ Ел-
шісі (с.а.с.) Әбу Бәкірдің көзқарасын дұрыс деп тапқан.
Сол кезде Аллаһтан берілген үкімнің дұрыс емес-
тігін білдірген уахи келген: «Ешбір пайғамбарға жер
жүзінде жауға өктем келіп, жеңіске жеткенге дейін
тұтқын ұстау жараспайды. Сендер дүниенің фәни
214
Тирмизи.
200
Мәңгі мұғжиза
пайдасын ойлайсыңдар. Аллаһ (сендерге) ақыретті
қалайды. Аллаһ өте үстем, аса хикмет иесі. Егер
Аллаһтан алдын ала беріліп қойған үкім болмағанда,
(тұтқындардан бодау) алғандарың үшін үлкен азапқа
душар болар едіңдер»
215
.
Сондықтан оның берген үкімі я расталып, не болма-
са дұрысталғандықтан уахи шеңберіне кіреді. Құранда:
«Оның айтқандары көкейіне салынған уахи ғана»
216
.
Хадис құдсиге келсек, ол мағынасы Аллаһтан бо-
лып, хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.) уахи жолдарының
бірі арқылы жеткен хадистер. Бірақ сөздері Елшінікі.
Оның мағынасы жағынан Аллаһ Тағалаға тиесілі етеміз.
Егер сөздері де Аллаһ Тағаланыкі болғанда Құраннан
айырмашылығы қалмай, мұғжизалыққа иелік етіп,
оқылуы да ғибадат болар еді
217
.
215
«Әнфал» сүресі, 8:67–68.
216
«Нәжім» сүресі, 52\4.
217
«Мәннән, Мәбәһис», 28 бет
201
Құран кімнің сөзі?
екІНШІ
таРау
«Расында, Құранды Біз түсірдік, әлбетте, Біз оны
сөзсіз сақтаймыз».
«Хижыр» сүресі
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз еш
уақытта жалған болмас».
Хаким Абай
АяТ
1. Сөздік мағынасы: «Аят» сөздікте ишарат, анық
белгі, дәлел, мұғжиза, нышан, ғибрат мағыналарына са-
яды
218
. Негізінде Аллаһ Тағаланың барлығын танытқан
әрбір зат аят болып саналады. Өйткені, мына ғаламзат
жоқтан жаратылған. Ендеше, оның әрбір бөлшегі яки
атомы Жаратушысына куәлік етеді. Әрі сол әрбір
бөлшек яки атом қозғалады. Демек, әрбір қозғалған
нәрсе Ұлы Жаратушының қозғаушы құдіретін танытпақ.
Һәм әлемнің әрбір бөлшегі сәт сайын өзгеріп, түрден-
түрге енуде. Олай болса, әрбір қайталанбас ғажайып
түрден-түрге енген бөлшек-дара Ұлы Жасаушысына
айғақтық етуде. Әрбір атомның сансыз бөлшектері
Ұлы Жаратушының басқан мұғжизалы мөр аяттары.
Құранда бұл сөз жекеше, көпше түрінде 382 мәрте
кездеседі. Аталмыш осынау мағыналарды Құраннан
көруге болады:
а. Мұғжиза: «Исрайыл ұрпақтарынан сұра. Оларға
қаншама анық аяттар бердік»
219
.
218
Ибн Манзур, Лисанул-араб, «аиа» бабы.
219
«Бақара» сүресі, 2\211.
202
Мәңгі мұғжиза
ә. Ишарат, белгі: «Оның сендерге басшы екендігінің
аяты сендерге сандықтың келуі»
220
.
б. Дәлел: «Көктер мен жердің жаратылуы мен
түн мен күннің алмасуында сөзсіз көкірек көзі ашық
жандар үшін аяттар бар».
в. Ғажайып іс: «Мәриямның ұлын да, анасын да
аят еттік»
221
.
г. Ғибрат. «Әлбетте, мұнда бір аят бар. Бірақ сон-
да да басым көпшілігі сенбейді»
222
.
2. Терминдік мағынасы: Сүрелердің ішінде басы
мен ақыры болған, яки бір немесе бірнеше сөйлемнен
құралған сөздер жиынтығы
223
. Өйткені, Құран аяттары
әрі мұғжиза, әрі Пайғамбарымыздың пайғамбарлығына
дәлел, һәм көкірек көзі ашық, адамдар үшін ғибрат және
естігенді таңдандырар нәрсе, әрі тура жол дәлелдері.
Демек, әлемде жалпы Ұлы Жаратушыны танытқан
екі аят бар. Бірі – жаратылыс аяты. Екіншісі – Аллаһ
тағаланың түсірген сөз аяты.
АяТТАРДЫҢ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ
Құрандағы аяттардың орналасуы салыстырмалы
түрде емес. Аяттар толығымен «тәуқифи». Яғни, Аллаһ
Елшісі яки сахабалар түскен аяттарды белгілі бір тәсілге
сүйеніп орналастырған емес. Оның әрбір әрпінің өзін
Аллаһ Тағаланың бұйрығы бойынша Жебірейіл хазіреті
Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарға айтып, орналастырған.
Мысалы, Жебірейіл Мәдинада әкелген бір аятты Аллаһ
Елшісіне әкелгенде мұны Меккеде түскен сүренің
ортасындағы пәлен аяттан кейін қой дегені секілді.
220
«Бақара» сүресі, 2\248.
221
«Мұминұн» сүресі, 50.
222
«Шұғара» сүресі, 158.
223
Зәркәши, 1 том, 266 бет.
203
Құран кімнің сөзі?
Аяттардың орнын ауыстыру дұрыс емес. Жебірейілдің
әкелген аяттарын Аллаһ Елшісі сахабаларына оқып,
жаздырып отырған. Әрі Пайғамбарымыз және сахаба-
лар намазда, насихат айтқанда қайталап отырған. Және
әр жылы Рамазан айында Жебірейіл келіп, сол жылға
дейінгі түскен сүрелерді бастан-аяқ хазіреті Мұхаммед
(с.а.с.) пайғамбардан тыңдаған. Қайтыс болар жылы
Рамазан айында хазіреті Пайғамбарымыз Құранды екі
рет қайталап оқыған. Осы мәселе Исламда «Арза» деп
аталады
224
. Пайғамбарымыз Жебірейіл арқылы орналас-
тырған аяттар мен қазіргі аяттар арасында ешқандай
айырмашылық жоқ
225
.
Ең ұзын аят «Бақара» сүресінің 282-ші аяты. Ең
қысқа аяттар Ясин, 36\1; Рахман, 55\1,64; Мүддессір
74\21; Фәжр 89\1; Дұха 93\1; Асыр 103\1. Құрандағы
сөздердің саны 77934 екендігі анықталған
226
.
Құран аяттарының саны шамамен 6200 яки Ибн
Аббастан келген хабар бойынша 6600 аят бар. Сонда
да қырағат ғалымдары арасында 6204, 6214, 6219, 6225,
6236 дегендер де болған. Бұл жерде аяттардың неге әр
түрлі саны болғандығын айта кетелік:
1. Сүрелердің басындағы «Бисмиллаһир-Рахманир-
Рахимды» кейбір ғалымдар аят санаса, енді біреулері аят
санамаған. Яғни, негізінде «Бисмиллаһир-Рахманир-
Рахим» аяты сүренің ішінде бар. Міне, кейбір ғалымдар
сүре ішіндегі осы аят жүз он үш сүренің басына тәбәрік
үшін қойылған дейді. Сондықтан, қайталанып қойылған
ол сүре бастарында түскен аят болып есептелмейді
дейді. Екінші бірі «Бисмиллаһир-Рахманир-Рахим»
224
Зәркәни, Мәнәһил, 1 том, 239-240 беттер.
225
Сонда.
226
Суат, Куран илимлеріне гириш, 41 бет.
204
Мәңгі мұғжиза
сүре ішінде бар. Бірақ ол сүре бастарына тәбәрік үшін
қойылмаған. Сол сүрелермен бірге қайталанып уахи-
мен түскен дейді. Сондықтан ол қайталанса да уахимен
келгендіктен аят санының қатарына жатады дейді.
2. Кейбір ғалымдар бір аяттың аяқталған жерін
«соңғы нүктесі» деп қабыл етсе, кейбір ғалымдар қабыл
етпеген. Яғни, бірі бір сөйлемді бір аят деп қабыл етсе,
енді бірі бірнеше сөйлемді бір аят ретінде қабыл еткен.
3. Кейбір Құран сүрелерінің басында тұрған
«Мұқатта әріптері» жеке аят болуы мен болмауы
мәселесінен туындаған. Яғни, кейбір ғалымдар оларды
жеке аят емес, өзінен кейінгі тұрған сөздердің баста-
уы дейді. Енді бірі олар сүре басында жеке-дара тұрған
аяттар болғандықтан жеке-жеке аят болып саналады
дейді. Қазіргі қолымыздағы Құрандарда қойылған аят
сандары кейіннен қойылған.
Алғаш түскен аят «Алақ» сүресінің алғашқы бес
аяты екендігі ғалымдар арасында басым көзқарасқа
жатады. Онсызда уахидың қалай басталғаны жайлы ха-
барлар осыны қуаттайды. Ең ақырғы түскен аятқа кел-
сек, ғалымдар арасында біртұтас көзқарас жоқ. Ақырғы
түскен аят хақында көзқарастар мыналар:
(«Бақара», 278) «Ей, мұсылмандар! Аллаһ Тағаладан
қорқыңдар. Егер сендер шын мұсылман болсаңдар
пайыздан түскендерін алмаңдар».
(«Бақара», 281) «Аллаһ тағалаға оралатын күннен
қорқыңдар. Сонда әркімге өз табысы толықтай
беріледі. Ешбір жанға әділетсіздік жасалмайды».
(«Ниса», 176) «Олар сенен фәтуә сұрайды...»
(«Тәубе», 128-129) «Расында, сендерге араларыңнан
ардақты Елші келді...»
205
Құран кімнің сөзі?
(«Насыр», 1-3) «Аллаһ тағаланың жәрдемі мен
жеңісі келген кезде...»
(«Маида», 3) «Бүгін кәпірлер діндеріңді бұзып, жоқ
етуден күдерлерін үзді. Олардан қорықпаңдар. Менен
қорқыңдар. Бүгін діндеріңді толықтырып, сендерге де-
ген нығмет-ырысымды тәмамдадым. Сондай-ақ, сен-
дерге дін ретінде Исламды қаладым».
СүРЕ
«Сүре» сөздікте жоғары мәртебе, абырой, биік
ғимарат, яки ғимараттың қабаттары, қамал деген
мағынаға саяды
227
. Терминдік мағынасына келсек,
«аяттардан тұратын басы мен ақыры бар жеке Құран
бөлімі»
228
. Өйткені, Құран қаланған кірпіштердей бір-
бірін сүйеген аяттардан тұратын қаланың биік қамалына
ұқсайды. Құранда 114 сүре бар. Ең қысқасы – үш аят-
тан тұратын «Кәусар» сүресі. Ал ең ұзыны – 286 аяттан
тұратын «Бақара» сүресі.
СүРЕНІҢ ТӘРТІБІ
Сүрелердің қазіргі қолымыздағы Құрандағыдай
орналасқан жөнінде ғалымдар арасында үш көзқарас
бар.
1. Алғашқы көзқарас – ол сүрелер тұтастай
хазіреті Пайғамбардың бұйрығымен орналасқан. Яғни,
«тәуқифи». Ол Жебірейілдің айтуымен аяттардың
тәртібі секілді орналастырған. Өйткені, хазіреті Ос-
пан заманында жазылған «Имам» деп аталған алғаш
рет арнайы кітап етіп жиналған Құран мен кейбір
сахабалардың қолында болған түпнұсқалар да дәл
қазіргідегідей. Тәуфиқи болмағанда бұған қарсы
227
Ибн Манзур, «сур» бабы.
228
Зәркәши, 1 том, 264 бет.
206
Мәңгі мұғжиза
шығатындар болатын еді. Ғалымдар Аллаһ Елшісі
аяттардың тәртібін белгілегеніндей сүренің де тәртібін
өзі белгілеген дейді. Мысалы, Фахруддин Рази меккелік
және мәдиналық сүрелердің топқа бөлінбей араласып
орналасуы сүрелердің «тәуфиқи» екендігін көрсетеді.
Мысалы, «Насыр» сүресі Мәдинада, ал «Кәфирун»
сүресі Меккеде алғаш түскен сүре бола тұрса да екеуі
қатар орналасқан. Әрі екеуінің арасында тығыз байла-
ныс бар. Міне, осы мәселе сүрелердің орналасуының
Аллаһтың әмірімен болғандығын көрсетеді
229
.
Ғалым Субһи Салих сүрелердің бүгінгі Құрандағы-
дай орналасуы уахи арқылы болғанын айтып,
сахабалардың қолындағы кейбір басқа тәртіп бойынша
орналасқан Құрандарына қатысты мынадай көзқарас
айтады: «Сахабалардың жеке кітаптарындағы тәртіп
олардың өзіндік тәсілдеріне тән қойылған. Олар еш-
кімді өздерінде орналасқан тәртіп бойынша сүрелерді
қойыңдар деп мәжбүр етпеген. Әрі өздерінің тәртібімен
қойылмауды харам деп те айтпаған. Олар қолдарындағы
тәртіпті басқалары үшін емес өздері үшін жазған.
Кейіннен мұсылмандар хазіреті Оспанның заманын-
да қойылған сүрелердің тәртібін дұрыс көріп, соған
қарай сүрелерді орналастырған соң, бұрынғы сүрелер
жүйесінен олар да бас тартқан»
230
.
2. Екінші көзқарас болса, сүрелердің бір бөлімі
хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың бұйрығымен,
бір бөлімі сахабалардың «иштиһадымен» яғни,
фәтуалары арқылы қойылған. Мысалы, ғалым Ибн
Атииә сүрелердің бір бөлігі – тәуқифи, енді бір бөлігі
229
Рази, Мәфәтухул-ғайб, 15 том, 215 бет.
230
әс-Салих, Субхи, Мәбәһис фи улумул-Қуран, Бәйрут, 1979, 71
бет.
207
Құран кімнің сөзі?
де – иштиһади екенін айтады. Ол былай дейді: «Жеті
ұзын сүре секілді сүрелердің басым көпшілігі хазіреті
Пайғамбар заманында белгілі еді. Одан өзге сүрелер
өзінен кейінгілерге қалған болса керек»
231
.
3. Ақырғы көзқарас болса, ол сүрелердің ор-
наласу тәртібі сахабалардың иштиһадымен яғни
фәтуасы арқылы қойылған. Өйткені, хазіреті Әли,
Ибн Мәсғуд, Убәй ибн Кағб секілді сахабалардың
жеке түпнұсқаларында сүрелердің орналасу тәртібінде
өзгешеліктер бар. Егер тәуқифи, Аллаһ Тағаланың
әмірімен болғанда оларда мұндай өзгешеліктер бол-
мас еді. Демек, сахабалардың фәтуалары арқылы
қойылған.
Бұл жердегі басым көзқарас бірінші айтылған
тұжырым. Жалпы Ислам ғалымдары арасында оның
Аллаһ Тағаланың әмірімен орналасқаны хақында
бірауыздылық бар. Әрі қисынға келетіні де сол.
Өйткені жоғарыда айтылғандай хазіреті Мұхаммед
(с.а.с.) пайғамбар әр жылы Рамазан айында сол жылға
дейінгі сүрелерді Жебірейілге оқып отырған. Әсіресе,
өмірден өтер жылы Рамазан айында Құранды бастан-
аяқ екі рет Жебірейілге оқыған. Әлбетте, қолдарында
түпнұсқалары бар және Құранды жатқа білетін са-
хабалар Аллаһ Елшісінің Құран оқығанын естіп,
түпнұсқалары мен жаттағандарын тексеріп отырған.
Ендеше, сол кездегі Аллаһ Елшісінің оқыған Құранын
бастан-аяқ естіген сахабалар кейіннен өз ойларымен
сүрелерді орналастыруы мүмкін емес. Сосын әлбетте
Құранды Пайғамбарымыз бұл өмірден өткеннен кейін
көп ұзамай бір кітап етіп, жинаған сахабалар сүрелердің
тәртібін сол ақырғы оқылған Құран сүрелерінің орнала-
231
Зәркәши, 1 том, 257 бет.
208
Мәңгі мұғжиза
суына қарай жасауы әбден қисынды. Пайғамбарымыз
ақырғы рет Жебірейілге Құранды белгілі бір тәртіп
бойынша оқыса, неге сахабалар басқаша жасасын?! Ал
кейбір хазіреті Әли секілді сахабалардың қолындарында
сүрелердің орналасу тәртібі өздеріне тән Құран болса,
белгілі бір себеп бар деген сөз. Мысалы, бірі тек қана
Құранның түскеніне қарай меккелік және мәдиналық
деп жинаған болуы керек. Енді бірі түсу себептеріне
қатысты жинаған болуы мүмкін. Ондағы мақсаттары
Құранды жақсы біліп һәм терең ұғыну. Кейіннен діт-
теген мақсаттарына жеткенде, яки жоғарыдан арнайы
бұйрық шыққанда олар өздерінің қойған жүйесінен бас
тартқан.
МЕККЕЛІК ЖӘНЕ МӘДИНАЛЫҚ СүРЕЛЕР
Құран оқыған адам меккелік аяттардан мәдиналық
аяттардың мағыналарында болмаған өзгешеліктерді та-
бады. Өйткені, арабтар Исламнан бұрын қараңғылық
дәуірде Аллаһ Тағалаға ортақ қосқан, үш жүзден астам
пұттарға табынған, жамандық жасауда жарысқа түскен
ел еді. Әрі сол заманда арабтарда сөз өнері мен өлең
ең шырқау шағында еді. Міне, осындай заманда мек-
келік уахи олардың көгінен найзағайдай жарқылдап,
күндей күркіреп келіп, түскен жасындай жалған
сенімдерін жоққа шығарды. Құран оларды тәухидке,
Аллаһ Тағаланың барлығы мен бірлігіне шақырып,
пұтқа табынушылықтың жалғандығын дәлелдеп берді.
Олардың қолдан жасаған яки жаратылған нәрсені пұтқа
айналдырып, қор тіршілік кешкенін мұғжизалы тілмен
түсіндірді. Құран жалаң тілмен емес, олардың ой-са-
насына сәуле ұялатып, әлемнің Жаратушысының бір
екендігін ғаламзатқа көз тастата отырып, ондағы әрбір
209
Құран кімнің сөзі?
нәрседе басылған Ұлы Жаратушының мөрін көрсеткен.
Оларға бұрынғы өткен елдердің пайғамбарларына
мойынсұнбағандары үшін жермен-жексен болғандарын
айтып, қатты ескертулер жасап, ғибрат еткен. Яғни,
қатаң ескертіп, нәубет пен апаттардан хабар берген аят
пен сүрелер және сүре басындағы «Мұқатта әріптер»,
Аллаһ Тағаланың бірлігіне қатысты жаратылыс
дәлелдерін біз Мекке кезеңінде түскен Құраннан білеміз.
Яғни, жалпы меккелік сүрелер иман негіздері хақында
баяндалған. Ақырында, Аллаһ Тағалаға, періштелеріне,
кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет күні мен
тағдырға иман еткен Ислам қоғамы болып, Мәдинаға
һижрат еткенде уахи Ислам заңдарына қатысты заңдар
әкеліп, қоғамның жүйесі үшін ұстанымдар қойғанын
көреміз. Және мәдиналық аяттар сырт көзге мұсылман
көрініп, іштей кәпір екі жүзді мұнафықтардың жасырған
құпияларын паш ететін, христиан мен еврейлерге
ақиқатты айтып, дәлелдеген аяттар болып келеді. Бұл
да мәдиналық аят пен сүрелердің ерекшеліктері. Кей-
бір ғалымдар меккелік пен мәдиналық аят пен сүрелер
хақында мынадай өлшемдер қойған. Алғашқы мына
өлшемдер меккелік сүре мен аяттар:
1. Сәжде аятын қамтыған әрбір сүре меккелік.
2. «Кәллә» (Жоқ, ешқашан) сөзі болған барлық
сүрелер.
3. «Бақара» сүресінен басқа хазіреті Адам және Іб-
ліс хақында әңгіме бар әрбір сүре мекккелік.
4.
سانلا اهيا اي
«Ей, адамдар!» сөзі болып,
نيذلا اهيا اي
اونما
«Ей, иман еткендер!» сөзі болмаған барлық сүрелер
меккелік.
210
Мәңгі мұғжиза
5. «Мұқатта әріптер» мен басталған («Бақара» мен
«Әли Имран» сүресі бұдан тыс) жиырма жеті сүре мек-
келік.
6. («Бақара» сүресі бұдан тыс) пайғамбарлар мен
бұрынғы өткен елдер жайындағы сүрелер меккелік.
Достарыңызбен бөлісу: |