Мына төмендегі ерекшеліктерді қамтыған
сүрелер мәдиналық сүре тобына жатады:
1. Қоғамға қатысты шариғат заңын қойған
сүрелер.
2. Жиһатқа рұқсат пен жиһаттың заңдарын
қамтыған сүрелер.
3. Мұнафықтар жайлы айтылған әрбір сүре. «Ан-
кабут» сүресі меккелік болғанмен, оның басындағы
мұнафықтар жайлы айтылған он бір аят мәдиналық.
4. Әһли кітапқа насихат айтып, оларды ақырғы кі-
таппен жүруге шақырған сүрелер. (Бақара, Әли Имран,
Ниса, Маида, Тәубе, Бәййіна)
232
.
ҚҰРАН КӘРІМНІҢ ЖАЗЫЛУЫ МЕН
ЖАТТАЛУЫ
Уахи хатшылары: Хазіреті Мұхаммед (с.а.с.)
пайғамбар умми кісі болған еді. Сондықтан да
пайғамбар болып, уахи келгенде оны жанында саха-
баларынан оқу-жазу білетіндер жазып отырған. Уахи
хатшылары қашанда Аллаһ Елшісінің жанында дайын
тұрған. Ғалым Суат Йылдырым бұл туралы былай дей-
ді: «Аллаһ тағаланың Құранға берген екінші есімі –
«Кітап». Аллаһ Тағаланың бұлай атауындағы хикметі
уахиды жазу арқылы нықтау қажеттілігін тұспалдап
білдірген. Әрі алғаш уахи етілген аяттарда да қалам
жайлы айтып, ондағы мақсат жазудың адамдардың
232
Суат Йылдырым, Кураны Керим, 50-53 беттер.
211
Құран кімнің сөзі?
ең маңызды ерекшелігі ілім үйрену мен үйретудің
рөлін білдірілген. Демек, адамзатты қараңғылықтан
мағрипатқа, ілімге жеткізуді мақсат тұтқан Құранға
«жазулы мәтін» мағынасына саятын «кітап» атын беріп,
«адамзатқа қаламмен үйреткен» Раббымыз («Алақ», 4)
осы илаһи жарлықтың қаламмен жазылуын тұспалдап
бұйыруда еді»
233
.
Құранның алғаш түскеннен бастап жазы-
ла басталғаны айдан-анық. Өйткені, Құран пұтқа
табынушылардың қарсылықтарын былай баяндайды:
«Олар «Құран бұрынғылардың аңыздары. Оны жазып
алып, ертелі-кеш оқиды» дейді»
234
. Һижраттан бұрын
сегізінші ғасырда хазіреті Омардың мұсылман болу
тұсында уахидың жазылғаны байқалады. Өйткені, ол
қарындасының үйінен «Таһа» мен «Текуир» сүрелері
жазылған парақтарды тауып алған еді. Хазіреті
Оспанның мына сөздері де осыны қуаттайды: «Аллаһ
Елшісі (с.а.с.) уахи келген кезде хатшыларының бірін
шақырып алып: «Мына аяттарды пәлен аяттарды
қамтыған сүреге қой» дейтін»
235
.
Хазіреті Пайғамбар уахи келіп тоқтаған замат
хатшыларын шақырған. Хатшылар жазып біткенде,
жазғандарын дауыстап оқуларын талап еткен. Егер жа-
зушы кейбір жерде қателессе, дереу дұрыстаған.
Зәйд ибн Сәбит бұл жайлы бізге былай дейді:
«Аллаһ Елшісі (с.а.с.) келген уахиды маған жаздыра-
тын. Егер бір жерде қателік яки нұқсандық болса, дереу
233
Суат Йылдырым, Кураны Керим, 57 бет.
234
«Фұрқан» сүресі, 25\5.
235
Ахмәд, Муснәд, 1, 368.
212
Мәңгі мұғжиза
түзеттіретін. Ақырында іс аяқталғанда, мен жаңа кел-
ген уахиды адамдарға жеткізетін едім»
236
.
Уахи жазушыларының саны шамамен қырыққа же-
теді. Бұлардың атақтылары мыналар: Әбу Бәкір, Омар,
Оспан ибн Аффан, Әли ибн Әбу Тәліп, Абдуллаһ ибн
Сад, Зәйд ибн Сәбит, Зубәйір ибн Аууам, Убәй ибн Каб,
Халид ибн Сайд, Әббән ибн Сайд, Муғауия ибн Әбу Су-
фиян, Ханзала ибн әр-Рәбиғ, Муайқыб ибн Әбу Фатима,
Абдуллаһ ибн Әркәм, Шуранбил ибн Хасана, Абдуллаһ
ибн Рәуәха
237
. Ибн Хажар Әсқалани Құранды алғаш рет
Меккеде жазған Абдуллаһ ибн Сад ибн Әби Сарх деген
сахаба болғандығын жазады. Мәдинада алғаш рет уахи
жазушысы болған Убәй ибн Каб. Убәйден кейін үнемі
Зәйд ибн Сәбит жазған
238
.
ҚҰРАН ЖАЗЫЛҒАН НӘРСЕЛЕР
Хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарға уахи
келгенде уахи жазушылары сол заматта аяттарды
парақтарға жазып отырған. Бірақ бұл парақтар қазіргі
заманда пайдаланған қағаз парақтар емес. Бұлар жа-
зылу мүмкіншілігі бар заттар еді. Деректер бойынша
Құран мынадай нәрселерге жазылған:
1. Иленген тері.
2. Түйе мен қойдың жауырын сүйектері.
3. Ақ тастар. Бұған аяттарды оңай ойып жазған.
4. Иленбеген тері.
5. Тақтайшалар.
6. Керамика тастарының жарықшақтары.
236
Хәйсәми, Нуриддин Али ибнул Әби Бәкир, Мәжмауз-Зәуәид,
Бәйрут, 1967, 1том 152 бет.
237
Ибн Хажар әл-Әсқалани, Фәтхул-Бәри би Сахихил-Бухари,
Египет, 1978, 10 том, 397 бет.
238
Сонда,
213
Құран кімнің сөзі?
7. Мата. Ахмет ибн Ханбәл Зәйд ибн Сәбиттен «Біз
Құранды Аллаһ Елшісінің жанында маталарға жаза-
тынбыз» алған хабары осының дәлелі
239
.
8. Құрма ағашының жапырақтары.
Мекке кезеңінде тері мен мата басқаларына
қарағанда өте аз табылған. Сондықтан да тас, құрма
ағаштары мен сүйектерге жазылған. Ол уақытта
мұсылмандар әлсіз еді. Бірақ Мәдина кезеңінде мұндай
қиыншылық болмаған. Жазылатын нәрселер өте көп
болған. Уахи бұрынғыдан қарағанда әлдеқайда жақсы
жазылатын нәрселерге түсірілген.
ҚҰРАННЫҢ ОҚЫЛУЫ МЕН ЖАТТАЛУЫ
Құранның бөлек-бөлек түсуінің бір хикметі де
оның оңай жатталуына жағдай жасалуы еді. Хазіреті
Пайғамбар жаңа түскен аяттарды алдымен ерлерге,
содан кейін әйелдерге оқып, жеткізетін еді. Сахаба-
лардан хат танитындар түскен мәтіндерді әрі жазып,
әрі жаттайтын да жазғандарын үйлеріне сақтаған. Хат
танымағандар болса, хазіреті Пайғамбардың намазда,
уағыз-насихатта оқыған Құранын естіп, жаттап алып
отырған. Құранды сақтауда, жазудан қарағанда жаттау
әлдеқайда қолайлы тәсіл еді. Сахабалар әрі намазда, әрі
жеке қалғанда, өз араларында Құранды үнемі қайталап
отырған. Түнде мешіттің жанынан өткендер, іштен
аралардың ызыңындай Құран үнін естіген. Жаңадан
мұсылман болғандарды Аллаһ Елшісі Құранды жақсы
білетін кісілерге жіберген. Сахабалар барлық өмірін
Құранмен өткізіп, уахи шаңырағында тәлім-тәрбие
алған. Олардың тақуалық өмірлерінен бастап, Аллаһ
жолындағы күрестерге, қоғамдық қарым-қатынас және
239
Ахмәд, Муснәд, 5, 185.
214
Мәңгі мұғжиза
Пайғамбарымызға қалай сөйлеу керектігіне, тамақ ішу
әдептілігіне тіпті сыбырлап сөйлескендері мен іш-
тей ойлағандарына дейін білдіріп, тәрбиелеп отырған.
Міне, Құранға соншалық жақын болған олардың күллі
өмірі осылайша Құранға айналған еді.
«АРЗА» ЖОЛЫ
«Арза» деген терминде хазіреті Пайғамбардың әр
жылы Рамазан айында Құранның сол уақытқа дейінгі
түскен бөлімін Жебірейілмен бірге бір-бірлеріне оқуы.
Яғни, «арзада» Құранды тек қана бір жақты емес, бір-
біріне қайталап оқылуы. Ибн Аббас былай дейді: «Аллаһ
Елшісі жақсылық жасауда адамдардың ең жомарты еді.
Әсіресе оның көңілінің дархан болған кезеңі Рамазан
айы болатын. Өйткені, Жебірейіл Рамазан айының әр
түні Аллаһ Елшісіне келіп, одан Құран тыңдап, тексе-
ретін...». Әбу Һурайра Жебірейіл Рамазанда әр жылы
Аллаһ Елшісіне Құранды бір рет оқығанын, ал қайтыс
болар жылы екі рет оқығанын айтады
240
.
Хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбар сол күнге
дейінгі түскен аяттардан тұратын Құранды бастан-
аяқ оқығанда, сахабалар да қолдарындағы Құранның
түпнұсқаларын алып келіп, қателіктері болса, түзетіп
отырған. Хазіреті Пайғамбардың ақырғы Рамазан
айындағы «арзасын» «ақырғы арза» дейді. Бұл жылы
Жебірейіл екеуі бір-біріне Құранды екі рет қайталап
оқып тексерген. Бұл жайында Аллаһ Елшісі: «Жебірейіл
Құранды маған бастан-аяқ екі рет оқытты. Мен осыған
қарап, жақында көз жұматынымды аңғардым» дей-
ді
241
. Бұл жерде айта кетер бір мәселе, ол осы арзаның
240
Бухари, Фәдәилул-Қуран, 7.
241
Сонда,
215
Құран кімнің сөзі?
хикметі. Жебірейіл Аллаһ Елшісін тыңдаудағы мақсат
– оның қателіктерін, яки ұмытқандарын түзету емес,
біріншіден, Құранның сақталу жолын мұсылмандарға
үйретіп, оның Аллаһ үшін қаншалықты маңызды
екенін білдіргендігі. Екінші, мәселе сол жылға дейінгі
аят пен сүрелердің қалай бір-бірінің жалғасын тауып
орналасқанын тағы бір анықтау. Үшінші, сахабалардың
жазған, яки жаттағандарын түзелтіп, бірлікке шақыру.
Һәм Құранның кейіннен бір кітап болып жиналуына
жағдай жасау.
Ақырғы ең маңызды мәселе – Құранда Аллаһ
Тағаланың әмірімен кейбір аяттардың үкімі жойы-
лып, аяттың өзі де оқылудан алынып қалған. Аллаһ
Тағала уақытша кейбір үкім беріп, кейіннен оның ор-
нына жаңа үкім қойған. Міне, «арзада» осы аяттардың
Құраннан шығарылғанын халыққа жариялап, Құранның
ең соңғы қалпын көрсеткен. «Ақырғы арзаның» екі рет
қайталанып оқылуында да осындай ерекшеліктер бар.
Қазіргі кезде Рамазан айында мешіттерде
қарилардың Құранды хатым етуі де «арза сүннеті».
Осылайша «арза» Құранды бастан-аяқ жатқа білмейтін
яки оқи алмайтын жай халыққа бастан ақырына дейін
тыңдатып, қияметке дейін жалғаспақ.
«ЖЕТІ ҚӘРІП» МӘСЕЛЕСІ
«Жеті қәріп» мәселесі Құран ілімінің маңызды
тақырыптарының бірі. Бұл жайлы ғалымдар көптеген
көзқарас білдірген. Бұл туралы бұлтартпас «мүтауатүр»
хадистер бар. Солардың кейбіреуінен:
1. Бұл хадисті Ибн Аббас жетізеді: «Аллаһ Елшісі:
«Құранды маған Жебірейіл «бір қәріппен» ғана оқытқан
еді. Мен онымен сөйлесіп көп «қәріп» болуын өтіндім.
Ол санын арттырды. Бірақ мен тағы да көбейтуін
216
Мәңгі мұғжиза
өтіндім. Ақыры жеті «қәріпке» шешім қабылдадық»
деді
242
.
2. Убәй ибн Каб жеткізеді: Жебірейіл Аллаһ Елшісі-
не келіп: «Аллаһ үмбетіңе Құранды бір «қәріп» етіп
оқуларын әмір етті» деді. Аллаһ Елшісі: «Аллаһтан
кешірім тілеймін. Үмбетімнің бұған шамасы жетпей-
ді», – деп өтініш білдіреді. Ол екінші рет келіп: «Аллаһ
үмбетіңе Құранды екі «қәріп» етіп оқуларын әмір
етті», – деді. Аллаһ Елшісі тағы да: «Аллаһтан кешірім
тілеймін, үмбетімнің бұған да шамасы келмейді», –
дейді. Ол үшінші рет келіп: «Аллаһ үмбетіңе Құранды
үш «қәріп» етіп, оқуларын әмір етті», – дейді. Аллаһ
Елшісі: «Аллаһтан кешірім тілеймін, үмбетімнің бұған
да шамасы келмейді», – деп көбейтуін тағы сұрайды.
Ақырында төртінші мәрте келіп: «Аллаһ үмбетіңе
жеті «қәріп» етіп оқуларын әмір етті. Осы жетеуінің
кез-келген біреуін алып оқыса, сөзсіз дұрыс оқиды», –
дейді»
243
.
Ғалымдар осы «жеті қәріп» жайлы көптеген көзқарас
білдіргенмен, басым көпшілігі «жеті қәріпті» «жеті
диалект» деп түсінген. Бұл алғашқы мұсылмандарға
жасалған жеңілдік еді. Сахабалар Аллаһ Елшісінен
есту шартымен кейбір аяттарды әр түрлі оқыған. Яғни,
Құран түгелдей араб тілінің Құрайш диалектімен
түскен. Ал Араб Түбегіндегі араб тайпаларының тілі
арабша болғанмен, араларында өздеріне тән диалект
айырмашылықтар болған. Сондықтан, Құран Құрайш
диалектімен түскендіктен тек қана өздеріне тән кей-
бір сөздерді басқа тайпалар түсіне алмаған. Мысалы,
Хайбар жылында Әбу Һурайра Аллаһ Елшісіне ке-
242
Бухари, Фәдәилул-Қуран, 5.
243
Муслим, Салатул-Мусафирун, 274; Ахмәд, Муснәд, 7, 128.
217
Құран кімнің сөзі?
леді. Сол кезде Аллаһ Елшісінің қолынан пышақ түсіп
кетіп, пышақты алуын өтінеді. Әбу Һурайра не дегенін
түсінбей жан-жағына қарайды. Ол бірнеше рет қайталап
пышақты көрсетеді. Сонда ғана Әбу Һурайра пышақты
айтып тұрсыз ба, деп өз диалектіндегі пышақ атауын
айтады. Ол Құрайш диалектіндегі пышақ сөзін алғаш
рет естігенін айтады.
Ендеше, «жеті қәріп» араб тілінің жеті диалекті.
Болмаса мағынасында ешқандай өзгешелік жоқ. Аллаһ
Елшісі дінді жеңілдетіп, оны жай қарапайым адам-
дар да түсіне білу үшін көптеген шаралар жасаған.
«Жеті қәріп» те соның бір айғағы. Сондықтан хазіреті
Пайғамбар (с.а.с.) басқа диалекттегі мұсылмандарға
олар түсінбеген кейбір аяттарды өз диалектімен оқуға
рұқсат берген. Яғни, Аллаһ Елшісі өзі көрсетіп, оқып
берген. Негізінде, арабтардың тілі арапша болғанмен
оларда ортақ әдеби тілдері жоқ болатын. Құран
түскеннен кейін Құрайш диалекті әдеби ортақ тіліне
айналды.
Құранды «жеті қәріп», яғни жеті диалектте оқу
рұқсаты қашан аяқталғаны хақында да ғалымдар арасын-
да әр түрлі көзқарас болғанмен басым көзқарас хазіреті
Пайғамбар (с.а.с.) заманында өз әмірімен тоқтатылған
дейді. Ал хазіреті Оспан заманында осы «жеті қәріп»
мәселесі «ақырғы арзаны» негіз етіп алғанда толықтай
күшін жойған. Яғни, Халифа «ақырғы арзаны» негіз
етіп, Құранды «бір қәріп» етіп жинаған. Бұл Құрайш
диалекті еді. Өйткені, Құран Құрайш диалектімен
түскен. Бірақ Аллаһ Елшісі Құрайш диалектін білмей-
тін мұсылмандар қиналмасын, Құранды оңай жаттасын
деп Аллаһ Тағаладан уақытша «алты қәріпті» алған.
218
Мәңгі мұғжиза
ҚЫРАҒАТТАР
Қырағат «оқу» етістігінен шыққан. Терминдік
мағынасы Құранның кейбір аяттарын грамматикалық
тұрғыдан қарекеттерін өзгертіп оқуы. Бұлар Құран
секілді бұлтартпас дұрыс жолдар арқылы хазіреті
Пайғамбардан (с.а.с.) бізге жеткен. Қырағат «жеті
қәріптен» басқа ілім. Жоғарыда айтылғандай ол тек
қана Құрайш диалектімен түскен Құрандағы кейбір
аяттардың өзгерістері.
Хазіреті Оспан «Мұсхафтарды» (Құран) жазды-
рып, осы нұсқаға теріс болған кейбір жеке тұлғалардың
түпнұсқаларын тастауды бұйырған. Сонда олар
бұрынғы «алты қәріпті» тәрк етіп, Құрайш диалекті-
мен түскен Құранды әр түрлі қырағаттармен оқуды
жалғастырған. Құранды қырағаттап оқу, қазақ тіліндегі
«Құранды дұрыс оқу» мағынасында емес. Толығырақ
айтқанда, жалпы Құран араб тілінің Құрайш диалек-
тімен түскен. Бірақ ол кейіннен уақытша жеті диалек-
тімен оқылған. Кейіннен негізгі Құрайш диалектімен
түскен Құраннан басқа қалған уақытша қойылған алты
диалект күшін жойды. Сонда негізгі Құрайш диалек-
тіндегі Құран қалды. Бірақ осы Құрайш диалектіндегі
Құранның көптеген аяттары әр түрлі оқылады. Бұл жер-
де аяттардың сөзі өзгермейді. Аяттардың оқылуы ғана
өзгереді. Мысалы, қазіргі біздің қолымыздағы Құран
сол қырағаттардың бірі ғана. Жалпы қазіргі бізге жет-
кен дұрыс қырағаттардың саны жеті. Бәрі де түгелдей
Аллаһ Елшісінен бізге жеткен. Кейбір аяттардың
грамматикалық тұрғыдан әр түрлі оқылуы Құранның
тереңдігін көрсетеді.
Сахабалар хазіреті Пайғамбардан (с.а.с.) әр түрлі
қырағаттар үйренген. Кейбір сахабалар бір емес, бірне-
219
Құран кімнің сөзі?
ше қырағат алған. Сахабалардан кейінгі ұрпақтар да осы
қырағаттарды үйреніп, мұсылман елдеріне таратқан.
Ол елдегі мұсылмандар үйренген қырағаттарын сол
үйреткен имам ұстаздарының атымен атаған. Имам
Шафиғи, Имам Ағзам мәзһәбі деген сықылды. Бірақ осы
қырағаттардың арасында «шаз»
244
қырағаттар да болған.
Сондықтан мұсылмандар «шаз» қырағаттардан дұрыс
қырағаттарды айырып, таңдаған. Дұрыс қырағаттар же-
теу.
Жеті қырағаттың дұрыстығын анықтайтын мына-
дай үш шарт бар:
1. Қырағат араб тілінің грамматикасына сәйкес ке-
луі қажет.
2. Бұл қырағат өте бұлтартпас жол арқылы хазіреті
Пайғамбардан (с.а.с.) келуі қажет.
3. Қырағат хазіреті Оспанның Мұсхафының жа-
зуымен бірдей болу қажет.
ҚЫРАҒАТ ИМАМДАРЫ
1. Нафиғ: Әбу Абдуррахман Нафиғ ибн Әбу Нуғайм
(ө.169\785). Өмірін қырағатқа арнаған. Жетпіске жақын
«табиғиндардан» қырағат оқыған. Қырағат ілімін
Мәдинадан алған. Имам Малик, Абдуллаһ ибн Уәһб
жән әл-Ләйс ибн Сад секілді Исламның дара тұлғалы
ғұламалары оны имам, ұстаз деп таныған.
2. Ибн Кәсир: Абдуллаһ ибн Кәсир әл-Мәкки (ө.
120/738). Бұл кісі Меккенің қырағат имам ұстаздарының
бірі. Имам Шафиғи бұл кісіні қатты сыйлап, оның
қырағатын үйренген.
244
Шаз қырағат: Бізге әлсіз хабарлар арқылы жеткен
қырағаттар.
220
Мәңгі мұғжиза
3. Әбу Амр: Әбу Амр ибн әл-Ала әл-Басри (ө.154
яки 155/771-772). Қырағатты көптеген табиғиндардан
алған. Олардың арасында Мұжаһид, Ата, Икримә, Яхия
ибн Ямәр секілді қырағат имамдары бар. Ахмет ибн
Хәнбал Әбу Амрдың қырағаты маған ең қатты ұнағаны
деп мақтаған.
4. Ибн Амр: Абдуллаһ ибн Амир әд-Димашқи
(ө.118/736). Бұл имам ұстаз жеті қырағат ұстаздарының
ішінде ең үлкені. Хазіреті Оспаннан қырағат алған.
Одан басқа көптеген сахабалардан үйренген.
5. Асым: Әбу Бәкір Асым ибн Әбин-Нәжуд
(ө.128/745). Табиғин. Куфалықтардың имамы болған.
Қырағатты Әбу Абдиррахман әс-Суләми, Зәр ибн
Хубәйш және Әбу Амр әш-Шәйбәниден үйренген.
6. Хамза: Әбу Аммара Хамза ибн Хабиб әз-Зәйиәт
(ө.156/773). Хамран ибн Айун, Сүлейман әл-Амәш, Әби
Ләйла т.б. кісілерден қырағат алған. Куфаның қырағат
имамы болған.
7. әл-Кисай: Әбул Хасан Али ибн Хамза әл-Кисай
(ө.189/805) Куфада қырағат имамы болған. Қырағатты
Хамзадан алған. Бұдан басқа Мұхаммед ибн Әбу Ләйла
және Иса ибн Омар әл-Хамаданидан қырағат алған. Ол
араб филологиясы мен әдебиетінде атақты кісі болған.
Осы жеті қырағат қазіргі заманда Ислам әлемінде
оқылуда. Қалған қырағаттар ілім ретінде ғана
оқытылады. Осы жеті қырағаттың үшеуі кең тараған.
1. Асым қырағаты: Бұл қырағатпен мұсылмандар-
дың басым көпшілігі оқиды. Қазіргі біздің қолдағы осы
Асым қырағаты.
2. Нафиғ қырағаты: Бұл қазір Солтүстік Африканың
кейбір жерлерінде оқылады.
221
Құран кімнің сөзі?
3. Әбу Амр қырағаты: Бұл қазір ең аз оқылатын
қырағат.
ҚҰРАННЫҢ БІР «МҰСхАф» (КІТАП)
ЕТІЛУІ
Әбу Бәкір кезеңінде жиналуы: Хазіреті Мұхаммед
(с.а.с.) пайғамбар шағында сахабалар Құранды жазып,
жаттап алған еді. Көптеген хатшылардың қолдарында
Аллаһ Елшісі арқылы түзетілген түпнұсқалар бар
болған. Уахи келіп біткен кезде Ол түскен аяттардың
яки сүрелерді Құранның қай жеріне қою керектігін
нұсқайтын еді. Яғни, бастан-аяқ аят пен сүрелер бел-
гілі бір жүйемен орналасқан болатын. Бірақ барлығы
біртұтас етіліп, «Мұсхаф», яғни кітап етілмеген еді
245
.
Өйткені, бір кітап етіп жинау үшін ақырғы уахи келіп,
Құранның толық болуы ләзім. Алайда хазіреті Мұхаммед
(с.а.с.) пайғамбардың өмірінің ақырына дейін уахи ке-
луі мүмкін болғандықтан, ол тірі күнінде Құран толық
бітті деп, бір кітап етіп жинақтай алмайтын еді. Ол
соңғы демі бітіп, уахи тоқтағанда ғана Құранның бір
кітап етіп жиналуы мүмкін болды. Әрі бұл жағдай ша-
мамен Аллаһ Елшісінің уахидың қашан аяқталатынын
білмеуінен туса керек
246
. Суюти, Қасталани секілді
ғалымдар осы мәселені хазіреті Пайғамбардың кейбір
аяттардың үкімі мен оқылуының Құраннан алыну әмірі
(нәсіх етілуін) келуі мүмкін деген оймен күткен деген
тұжырым айтады. Сондықтан да, ол өмірден өткеннен
кейін ғана уахи тоқталғаны айқындалып, Құран алғашқы
халифа хазіреті Әбу Бәкір кезінде бір кітап етіп жинал-
245
Драз, Куранын анлашылмасына доғру, 29 бет.
246
Хамидуллаһ, Ислам Пейгамбери, (ауд: Салих Туғ) Ыстанбұл,
1990, 2 том, 699 бет.
222
Мәңгі мұғжиза
ды. Құранның оның кезінде жиналып бір кітап етілуін-
де де бірнеше себептер болған еді. Олар:
1. Хазіреті Пайғамбардың тірі күнінде Құран жазыл-
ған парақтар бар болғанмен олар мемлекеттік істерде
ресми емес еді. Өйткені, ол уақытта хазіреті Пайғамбар
бар еді. Сондықтан да Құран мәтінінің сенімді кепілі
болған. Бірақ кейіннен келген халифаның мұндай ере-
кшелігі болмағандықтан жазылған парақтарды екі
мұхаба арасына жинап, бір кітап ету қажеттілігі туды.
Өйткені, бұдан кейінгі негізгі қайнар тұтас кітап етіп
жазылған Құран болуы керек еді.
2. Халифа Әбу Бәкір «мұсхафты» хазіреті Пайғам-
бардың (с.а.с.) уахи хатшыларына жаздырған парақтар-
дан жаздыртып алуына болар еді. Бірақ мұндай
нәрсенің арты қиыншылыққа соқтырып, мұсылмандар
арасында дау туып кетуі ықтимал. Һәм Құранның кей-
бір түпнұсқаларында кішігірім қателіктер де болуы
мүмкін. Әрі дәл қазір жинап алмаса, сахабалардың кей-
бірінде ғана болған қысқа түпнұсқалар олар бұл өмірден
өткенде солармен бірге жоғалып кетуі де мүмкін. Әрі аз
да болса, кейбір оқылуы «нәсіх» болған, яғни үкімі де,
оқылуы да жойылған аяттарды білген де, білмегендер
де бар. Сондықтан да, осы аяттардың жойылғанын біл-
ген мен білмегендер арасында қарама-қайшылық болуы
мүмкін. Сондықтан да мәтіндердің бәрін жинап, бір
кітап етуі қажет болды. Әрі ол кітапты сахабалардың
қолдарындағы жазылған түпнұсқалар мен жаттаған
Құрандар арқылы растап әрі кейбір адамдардың жеке
қателіктерін дұрыстап, нәтижеде үмбеттің бәрі біра-
уыздан қабыл еткен «Имам мұсхаф» (негізгі кітап)
жазбақ болды.
223
Құран кімнің сөзі?
3. Басқа бір себеп – Ямәмә соғысында көптеген
сахабалар шейіт болды. Осы бүлікті ұйымдастырған
жалған пайғамбар «Мусәйләмәтул-кәззәб» лақабымен
аты шыққан Мусәйләмә деген адам еді. Ол хазіреті
Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың өмірінің ақырына
таман өзін пайғамбар жариялап, Құранға еліктеп сөз
ұйқастырып, көптеген адамдарды әскер етіп алған еді.
Кейіннен һижраттың он екінші жылында мұсылмандар-
мен соғысты. Оған Құранды жатқа білетін көптеген са-
хабалар да қатысты. Міне, осы соғыста осы қарилардан
жетпіс кісі шейіт болды. Осынау жағдай хазіреті
Омарды сақтандырды. Дереу халифа Әбу Бәкірге ба-
рып, оған «Құранның жоғалып кетуі қаупі бар. Тез
арада түпнұсқаларды жинап, бір кітап етіп ал» деп
ұсыныс жасады. Алайда халифа оның осы ұсынысын
алғашқыда қабыл ете алмай терең ойға қалды. Өйткені,
хазіреті Пайғамбардың (с.а.с.) жасамаған ісін жасау
оған өте ауыр тиген. Оның бұлай екі ойлы болуы, егер
Құран бір кітап етіп жазылып, көбейтілсе адамдар оны
жаттауға немқұрайды болып кетпей ме деген күдік
еді. Ақырында, ол Құранды жинауға бел буып, Зәйд
ибн Сәбитті шақырып оған Құранды жинауға ұсыныс
жасады. Ол осы мәселені былай баяндайды: «Ямәмә
соғысынан кейін мені Әбу Бәкір шақырып алды.
Омар да жанында еді. Халифа маған: «Омар маған
келіп Ямәмә күні көптеген қари сахабалардың шейіт
болғанын, бұлай кете берсе, қарилар қалмай, Құранның
кейбір бөлігі жоғалып кетуі мүмкін деп, Құранды бір
кітап етіп жинауды ұсынды. Мен «Аллаһ Елшісінің
жасамаған ісін қалай жасамақпын?» дедім. Ақырында,
Аллаһ Тағала осыны көкейге қондырып, мен оның
пікірін мақұлдадым. «Сен жас әрі ой-өрісі кең адамсың.
224
Мәңгі мұғжиза
Сені елдің бәрі жақсы таниды. Сен Аллаһ Елшісінің уа-
хиын жазған адамсың. Ал қазір кідірме. Тез Құранды
жина» деді. Мен де «Аллаһ Елшісінің жасамаған ісін
қалай жасамақпын?» дедім. Халифа: «Аллаһ атымен ант
етейін, бұл ісің жақсылық» деді. Бірақ Аллаһ атымен
ант етейін, бір тауды маған тасы деп бұйырса, бұл істен
әлдеқайда жеңіл келер еді. Әбу Бәкір де мені көндіруге
тырысып, сөзін жалғастыра берді. Ақыры, Аллаһ Тағала
ол екеуінің жүрегіне салғандай, менің де көкейіме
қондырды. Бұдан кейін мен құрма жапырақтары мен
жеңіл ақ тастар, керамика тастарында жазылған Құран
нұсқаларын қарилардан жинай бастадым»
247
.
Осы жерде Құранның жинау ісі неге Зәйд ибн
Сәбитке берілді деген сұрақ тууы мүмкін? Өйткені, са-
хабалар арасында Абдуллаһ ибн Мәсғуд, Убәй ибн Каб
секілді Құранның бастан-аяқ түпнұсқалары бар Құранды
жатқа білетін беделді кісілер де бар еді. Демек осын-
ша маңызды істің Зәйд ибн Сәбитке берілуінде кейбір
себептер болуы мүмкін. Кейбір Ислам ғалымдары бұл
жайлы былай дейді:
1. Зәйд ибн Сәбитті хазіреті Мұхаммед
(с.а.с.) пайғамбардың арнайы уахи хатшысы етіп
тағайындауы.
2. Зәйд ибн Сәбит сахабалар арасында зеректігі-
мен көзге көрінген. Оның осы зеректігін байқаған
Аллаһ Елшісі оған жазу ісінің бақылаушысы міндетін
берген. Зәйд ибн Сәбит: «Бірде Аллаһ Елшісі (с.а.с.)
мені Мәдинада көріп қалды. Жанымдағылар менің
Нәжжар руынан екенімді айтты. Аллаһ Елшісі сол жер-
де Құраннан дәл он бес сүре оқыды. Мен де оқылған
сүрелерді сол жерде қайталап оқып бердім. Аллаһ Ел-
247
Бухари, 6, 225.
225
Құран кімнің сөзі?
шісі маған таңғалып: «Еврей әріптерін жазып үйрен», –
деді. Мен оны он бес күнде үйреніп алдым. Бұдан кейін
Аллаһ Елшісінің атынан оларға хат жазып, олардан
келген хаттарды оған оқитын болдым». Басқа бір ха-
барда Аллаһ Елшісінің айтуымен Суриани тілін он жеті
күнде үйренгені айтылады.
3. Зәйд ибн Сәбиттің Аллаһ Елшісінің тірі күнінде
Құранды бастан-аяқ жатқа біліп, қырағаттап өте дұрыс
оқи білуі. Аллаһ Елшісі Тәбук ғазауатында Нәжжәр
руының байрағын Зәйдке беріп: «Құранды ең жақсы
біліп, жатқа білетін Зәйд» деген.
4. «Ақырғы арзаға» қатысуы.
5. Жігіттік шағында болуы. Сондықтан да берілген
істі жақсы атқаратын дәрежеде.
6. Ел абыройына бөленіп, сенімділік
танытқандығы.
Зейд ибн Сәбит Құранды жинауда түпнұсқалары
бар сахабалардан қатаң шарттар талап еткен. Халифа
мен Омар оған: «Мешіттің есігінің алдына отырып,
саған кімде-кім екі куәгермен Аллаһтың кітабынан
бір аят яки сүре әкелсе, оны жаз», – деген. Зәйдтің
тәсіліндегі шарттарды былай беруге болады:
1. Қолында Құранның түпнұсқасы бар адам оны-
мен ғана шектелмей жазған Құрандарын жатқа білуі
тиіс. Әрі басқа мұсылмандар да оның жатқа білетін
Құранның сүре мен аяттарын сөзбе-сөз, айна-қатесіз
жатқа білулері қажет.
2. Жазылған түпнұсқалар хазіреті Пайғамбардың
(с.а.с.) нұсқауымен жазылып, оқытқан мәтін екендігін
екі куәгер дәлелдеу керек.
3. Егер аяттардың оқылуы «мәнсух» (үкімі
жойылған) болса жазылмауы тиіс.
226
Мәңгі мұғжиза
Суюти «екі куәгерден» мақсат – әкелген аяттың
мәтінін ақырғы арзада хазіреті Пайғамбарға (с.а.с.)
оқылғанына куәлік еткен екі куәгер» дейді
248
.
Осы мәселеде оған хазіреті Омар көмектескен.
Бір кітап етіп жиналған осы Құранға Абдуллаһ ибн
Мәсғудтың ұсынысымен «Мұсхаф» деп аталды. Бұл
мұсхаф «жеті қәріпті» қамтыған.
Жоғарыда айтылғандай Құран жазылған әрі өзінің
орналасқан жүйесі бар еді. Бірақ бастан-аяқ бәрі бір
кітап етіп жиналмаған. Хазіреті Омардың қорыққаны
да осы еді. Ақырында Зәйд ибн Сәбит парақтарда
жазылған түпнұсқаларды негіз етіп, ақырғы арзада
оқылған сүрелер мен аяттардың орналасуы тәртібіне
қарай жинап, бір кітап етті. Осылайша бір әріп те
жоғалмай, сақталды. Бұл іс Хақ Пайғамбары (с.а.с.)
бұл өмірден өткен соң алты айдан кейін жасалды. Ол
уақытта Аллаһ Елшісінің жанында болған сахабалар
тірі еді. Бұл уақыт ішінде Құранның бір аяты яки әрпі
жоғалуы мүмкін емес. Өйткені, көптеген адамдар жатқа
білген. Жазылған түпнұсқалар да қолдарында еді. Әрі
сахабалар бес уақыт намазда, басқа уақыттарда бір-бір-
леріне оқып, аяттар мен сүрелер жайлы ойларын ортаға
салатын.
Хазіреті Әбу Бәкір кезінде Құранның жиналуы
жазылған түпнұсқаларды бір кітап ету ғана еді. Яғни,
тері, құрма ағашы, сүйек, т.б. секілді әр түрлі нәрселерде
жазылған Құрандарды қағазға жазып, бір кітап еткен.
Зәйдтің осы ісі бір жылға созылған. Оған хазіреті Омар,
Әли, Оспан, Ибн Каб көмектескен. «Мұсхаф» аталған
осы кітап алдымен Әбу Бәкірде, ол қайтыс болғанда
248
Суюти, Итқан, 58 бет.
227
Құран кімнің сөзі?
хазіреті Омар алып сақтап, ол да бұл ғұмырдан өткенде
қызы Хафсаның қолында сақталды
249
.
Достарыңызбен бөлісу: |