ҚҰРАННЫҢ ҰЛЫ ЖАРАТУшЫНЫҢ
КІТАБЫ БОЛУЫНЫҢ ДӘЛЕЛДЕРІ
Құранның 6 ғасырда Меккеде басталып, 23 жыл-
да Абдулмутталибтің немересі және Абдуллаһтың ұлы
Мұхаммед (с.а.с.) атты хат танымаған умми
23
кісіден
23
Умми: Хат танымаған адам. Бірақ умми сөзін қазақ
21
Құран кімнің сөзі?
араб тілінде адамзатқа таблиғ
24
етілгені баршаға аян.
Бұл мәселе жайында мұсылман мен дінсіздер арасында
ешқандай қайшылық жоқ. Алайда хазіреті Мұхаммед
(с.а.с.) осы кітапты қайдан алды? Ұстазы кім еді?
Әуелі осы сұраққа Құранның өзі: «Арыш
25
иесінің
қасында беделді, күшті, сөзі тыңдалатын сенімді,
ардақты елшінің әкелген сөзі», – деп жауап береді
26
.
Аяттағы елші – Жәбірейіл Ұлы Жаратушыдан Құранды
алып, хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.) тұтастай жеткізген.
Пайғамбарымыздың ешқандай алып-қосары болмаған.
Құранда: «Аяттарымыз оларға ап-анық оқылған кез-
де, Бізбен қауышуға үміттенбегендер: «Бұдан басқа
бір Құран әкел, яки мынаны өзгерт», – деді. Оларға
айт: «Оны өзгертуге менің шамам әсте жетпейді.
Мен тек уахи етілгенге ғана еремін»
27
. Уахи етілгені-
не байланысты бұдан басқа да аяттар Құранда көп кез-
деседі. Әрі Құранның сөз тұрғысынан да уахи етілгені
жайлы аяттар жеткілікті. «Біз оны арабша Құран етіп
тіліне «сауатсыз» деп аударуға болмайды. Қазақ тіліндегі
«сауатсыз» сөзі хат танымаған адамға айтылумен қатар,
сана-сезімі төмен, білімі саяз адамға да айтылады. Әрбір
хат танушының сауатты, ал әрбір хат танымағанның да
сауатсыз болуы шарт емес. Олай болса, зағиптың барлығы
сауатсыз болар еді. Аллаһ Елшісі пайғамбарлықтан бұрын
хат танымаса да пайғамбарлыққа лайық ғұмыр кешкен. Ол
пайғамбарлықтан кейінде де хат танымаған. Оның умми
болуы - пайғамбарлықтың белгісі.
24
Таблиғ: Хақ дінін адамдарға қалтқысыз жеткізу, түсіндіру.
25
Арыш: Аллаһ Тағаланың Арышы. Жеті қат әлемнен тыс
Құдай Тағаланың құдіреттілігін танытқан тылсым нәрсе.
Күллі ғаламды онымен салыстырсақ, күннің жанындағы
моншақ тәрізді.
26
«Текуир», 81/19-21.
27
«Юныс», 10/15.
22
Мәңгі мұғжиза
түсірдік»
28
. «Раббыңның Кітабынан саған уахи етіл-
генді оқы. Оның сөздерін өзгертетін ешкім жоқ»
29
.
«Мүзәмміл» сүресінде: «Құранды анықтап, салмақтап
оқы»
30
. Аяттардың арабша болуы мен тіләуат етіп
оқылуы Құранның әріптерден тұратынына дәлел. Ен-
деше, Құранның мағынасы да, сөзі де Аллаһ Тағаладан
келгені айдан анық.
Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Құранды
алғаннан кейінгі міндеттері төмендегідей еді:
1. Жатқа білу.
2. Адамдарға жеткізіп, таблиғ ету.
3. Түсіндірме жасап тәпсірлеу.
4. Іске асыру
31
.
Ендігі кезекте Құранның Аллаһтың кітабы екен-
дігін ақыл таразысына салып, Пайғамбарымыздың
өмірі мен өскен ортасына және Құранға ден қойып,
пайымдап көрейік.
ҚҰРАННЫҢ ҚАЙНАР КөЗІ
Құран – Ұлы Жаратушының сөзі. Біз барлық
жағынан ой салып қарасақ, оның илаһи қайнардан кел-
генін анық байқай аламыз. Құранның Аллаһ сөзі екен-
дігіне оның өзі дәлел. Оның қырық түрлі мұғжизалық
жағы бар. Бірақ бұл жағын әзірге қоя тұрып, оның
сыртқы қайнарларына көз салып көрейік. Яғни,
Құранның он төрт ғасыр бұрынғы түскен аймағын зерт-
теп, оның уахи жолымен түскеніне күмәнмен қараған
28
«Юсып», 12/2.
29
«Кәһф», /27.
30
«Мүзәмміл», 73/4.
31
Мухаммәд Абдуллаһ Драз, Куранын анлашылмасына доғру,
13бет.
23
Құран кімнің сөзі?
адамдарға қисын жолымен жауап берейік. Ендеше, осы
мәселеге тереңнен талдау жасайық:
ҚҰРАН ҚАЙНАР КөЗІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Құранның уахи жолымен түскеніне күмәнданған-
дардың оның негізгі қайнар көзі турасындағы пікір-
лері мынадай: Ханифтер, пұтқа табынушылар, саби-
лер, еврейлер мен христиандар, хазіреті Мұхаммед
пайғамбардың (с.а.с.) саяхаттары, хазіреті Мұхаммед
пайғамбардың (с.а.с.) умми болуы, өзіндік жеке пікір-
лер.
хАНИфТЕР
Кейбір батыс шығыстанушылары хазіреті
Пайғамбар Құранды ханифтерден алғаны жайлы пікір
айтады. Алайда Араб түбегінде ғұмыр кешкен ха-
нифтер кімдер еді? «Ханиф» деп аталған бұл адамдар
сол қараңғы дәуірде тек қана Ұлы Жаратушыға ғана
тағзым етіп, пұтқа табынуды бұрыс санаған, сол кез-
дегі надандық сенімдерге қарсы шыққан жандар еді.
Бұлардың бар мақсаты – халықты күллі жамандық
атаулыдан ада етіп, жалғыз ғана Хақ Тағалаға
мойынсұндыру болған. Бірақ олардың бұл арманда-
ры бар жоғы аңсау ғана еді. Олардың қоғамдық сана-
сезімге реформа жасайтын нақты пікірлері мүлдем жоқ
еді. Ендеше, ханифтер қалай ғана Құранның қайнары
бола алмақ. Керісінше, олар келетін жаңа діннің нағыз
аңсаушылары ғана еді. Алайда олардың Құранның
негізгі пікірлері жайында ешқандай хабарлары жоқ
еді. Зәйд ибн Амр секілді ханифтер таяуда бір діннің
шығатынын бұрынғы түскен кітаптар арқылы біліп,
сүйіншілесе де Ұлы Жаратушының атын да толық атай
алмай, Оған қалай ғибадат етерін де білмей өзегі өртке
24
Мәңгі мұғжиза
толып құсамен өткен адамдар еді
32
. Қорыта айтқанда
ханифтер елді қараңғылықтан құтқаратын жаңа дін-
ді қатты қалап, ынтызар көңілдерімен күткен адамдар
болған. Әрі хазіреті Мұхаммедті (с.а.с.) меккеліктер
бала шағынан өте жақсы таныған. Әбу Жаһил, Әбу
Ләһаб секілді ең адуынды дұшпандары оның жақын
туысқандары еді. Сондықтан, Құранның ханифтермен
аз ғана байланысы болғанда, олар Құранды сиқырлы
сөз демей-ақ, негізгі пікірін ханифтерден алған дер еді.
Бірақ тарихқа қарасақ, меккелік пұтқа табынушылардың
ханиф жайлы бір ауыз сөз де қозғамағанына куә бола-
мыз. Меккелік пұтқа табынушылар Құран хақында
«сиқыр», «өлең» т.б. деп жала жапқандары болмаса,
олар Құранды ешқашан ханифтермен байланыстырған
емес. Негізінде ханифтердің ең атақтысы Зәйд ибн
Амр жуық арада бір діннің шығатыны жайлы сөз
қозғағаны рас. Бірақ ол сол діннің қандай дін және не-
ндей жарлықтармен келетінін біле алмаған. Әрі оның
хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбармен ешбір байла-
нысы болмаған. Бұған тарих куә.
Үлкен сахабалардың бірі болған Амр ибн Рәбианың
хабарына қараңыз: «Бір күні маған Зейд ибн Амр:
«Мен Ибраһимнен жалғаса келіп Абдулмутталибтің
нәсілінен келетін бір пайғамбарды күтудемін. Де-
генмен, Оған жете алатыныма көзім жетпейді. Бірақ
пайғамбар екеніне иман келтіріп, растап, қабыл етемін.
Егер сенің өмірің жетіп кездессең, менен сәлем айт!
Сондай-ақ, саған Оның түр-түсінің қандай екенін ай-
тайын. Байқа, жаңылысып қалма!» – деді. Мен оған
«Тыңдап тұрмын, айт», – дедім. Ол сөзін жалғастырды:
32
Қараңыз: Ибн Хишам, Сиратул–Расул, Кайр, 1929, 1 том, 144
бет.
25
Құран кімнің сөзі?
«Орта бойлы. Ұзын да емес, аласа да емес. Шаштары
түп-түзу я бұйра да емес. Туған жері – Мекке. Есімі
– Ахмед. Пайғамбар болып келетін орны – осы жер.
Бірақ кейін елі ол әкелген қасиетті дінді ұнатпай, Оны
Меккеден шығарады. Ол Ясрибке (Мәдина) һижрат
етіп (көшіп), әкелген діні сол жерден тарайды. Одан
бейхабар қалма. Мен сан елді аралап, Ибраһимнің
дінін іздедім. Кездесіп, әңгімелескен яһуди мен хрис-
тиан ғалымдарының бәрі маған «сенің іздегенің кейін
келеді» деді. Барлығының да сөздері: «Ол – ақырғы
пайғамбар. Одан кейін ешқашан пайғамбар келмейді!»
деген сөздерімен аяқталды»
33
.
Мінекей, оның жаңа дін жайында бар білгені осы.
Әрі оның бұл сөздері хазіреті Мұхаммедтің (с.а.с.)
пайғамбарлығына дәлел. Әуелі ол жаңа діннің Мек-
кеден шығатынын бұрынғы кітаптардан біліп хабар
берген. Екінші, оның Мәдинаға көшіп, сөзсіз діннің
сол жерден тарайтыны жайлы ғайып хабарын берген.
Үшінші, оның «Ақырғы пайғамбар» екендігінен хабар
берген. Ал сол айтылған жаңа дін яғни Құран келген-
де жаңа діннің келетінін сүйіншілеген Зәйд ибн Амр
Исламға жете алмай, бұл фәниден озып кеткен еді.
ПҰТҚА ТАБЫНУшЫЛАР
Енді бір көзқарас бойынша, жаңа дін Араб
түбегінде өмір сүрген пұтқа табынушылардың көп
тәңірлік әр түрлі діни нанымдарынан шыққаны хақында
пікір айтады. Ендеше, біз сол заманның тарихына көз
тастайық. Барлық шығыс пен батыс жазған тарих кітап-
тарына қарасақ, Құраннан бұрынғы Араб түбегіндегі
арабтар «бәдәуи-көшпелі» және «қалалық» болып екіге
33
Ибн Кәсир, әл-Бидәя, 2\298.
26
Мәңгі мұғжиза
бөлінген. Бірақ мінез-құлқы жағынан екі топ та бір-бірі-
нен ешқандай айырмашылығы болмаған. Яғни, күллі
тарих кітаптары бізге олардың ол заманда қараңғылық
дәуірді бастан кешіргенін жазады. Әсіресе, сол дәуірдің
хал-ахуалын Құран жақсы баяндаған. Арабтардың ең
басты қателіктері – Ұлы Жаратушыдан өзге кейбір жа-
ратылысты тәңір санап, оған табынулары еді. Задында
арабтардың ата-бабалары хазіреті Ибраһим мен хазіреті
Исмайылдан жеткен Аллаһ Тағалаға деген сенімдері
бар еді. Кейінгі ғасырларда пұтқа табынушылық бір-
те-бірте белең алды да, артынан жауыннан кейінгі
саңырауқұлақтай сансыз пұттар қаптаған. Кейіннен
Ұлы Жаратушыға деген сенім мүлдем әлсіреп кеткен
34
.
Хақ тағалаға тек қана қатты қысылтаяң шақта жалбары-
нып
35
, Оған шалған құрбандарының өте аз бөлігін ғана
арнағайтын
36
. Олар тек өз қолдарынан жасаған пұттарға
емес, ай, күн, жұлдыздарға да тәңірлік сипат берген
37
.
Арабтарда періштеге деген сенімдері болса да, Құдай
тағаланың қыздары санап, оларға да ғибадат еткен
38
.
Әрі олардың мінез-құлықтары да тым нашар-
лап кеткен еді. Оларда қыздарын тірідей жерге көму
39
жай нәрсе саналып, зина жасау кең жайылған
40
.
Әйелдердің құқы аяқ асты болып, жетімдерге зұлымдық
жасалған
41
. Жамандық жасау марапатталып, ізгілік-
тер қараланған. Күштілердің әлсіздерді езіп, адам
34
«Жүсіп», 12: 106.
35
«Жүніс», 10:22.
36
«Әнғам», 6:136.
37
«Нәжм»,:53:49; «Фуссилат», 41: 37.
38
«Зухруф», 43:19–20.
39
«Әнғам», 6:140.
40
«Нұр», 24:33.
41
«Ниса», 4:127.
27
Құран кімнің сөзі?
айтқысыз қанаушылық әрекеттері игі іс саналған
42
.
Арабтарда жомарттық пен мәрттік жасау бар еді. Бірақ
олар осы қасиеттерін мақтану, рияшылдық, даңқын
шығару жолына пайдаланған. Екі бай кейде мырзалық
көрсетіп, түйе союдан жарысып, біреуі тоқтағанға дейін
созылған. Бұлардың саны кейде бес жүз, тіпті одан да
асып түсіп отырған. Алайда арабтар осы мырзалығын
тек өз бас пайдасы үшін жасаған. Оларда өз баласы
үшін, руы үшін т.б. өзіне қатысты ұғым болғанымен
Ұлы Жаратушы үшін әрекет ету деген ұғым – түсінік
мүлдем жоқ болған. Хақ Тағала үшін жақсылық жасау,
жомарттық көрсету деген құндылық-өлшемді олар еш
уақытта түсіне алмаған. Өйткені, арабтар ақыреттік
дүниеге деген сенімдері жоқтығынан бүгінгі еккеннің
жемісін көру ниетімен шектеліп қалған. Олардың тек
осындай пиғылын Уқаз жәрмеңкесінде жылда өтетін
мүшайралық жарыстардағы өлеңдерінен көруге болады.
Әр тайпа тек қана өз ата-бабаларын, соғыста жасаған ер-
ліктерін, мал-мүлкінің көптігін т.б. жырлап мақтанған.
Араб ақындарының ешбір өлеңдерінде Аллаһ, ақырет
т.б. діни тақырыптар болмаған. Ендеше, осындай бір
адамдық қасиеттер аяққа тапталып, Аллаһқа ортақ қосу
етек алған қоғамның жасанды құндылықтары теңізден
терең Құранға қалайша қайнар болмақ?! Кейбіреулер
Ұлы Жаратушыға деген сенімді қалдырып, жалған
тәңірлерге табынуға тыйым салу оңай деуі мүмкін.
Алайда Құран Аллаһ Тағаланы Ол – Жалғыз деп ай-
тумен шектелмей, Оның жалғыздығын саналы жанды
ғаламзатқа көз тастату арқылы ақли, ғылыми т.б. жол-
мен дәлелдеген. Әрі Құран Хақ тағаланың есім мен си-
паттарын баяндап, жаратылыс әлемі солардың айнасы
42
Қараңыз: «Фежр», 89:17–20.
28
Мәңгі мұғжиза
екенін сипаттайды. Мысалы, Құран Ұлы Жаратушының
рақымдылығын айтып қана қоймай, соны ғаламзат
арқылы айқындайды. Айқын дәлелдегені соншалық –
Оның рақымдылығын жоққа шығарушы жан ғаламзатты
да жоққа шығаруына тура келеді. Ұлы Жаратушының
бірлігі мен жалғыздаралығы да дәл сондай. Құран са-
налы жанға ақыл мен қисын арқылы жалпы ғаламдағы
Аллаһ Тағаланың бірлігі мен жалғыздығының мөрі
қалай басылғанын көрсетсе, дәл сол мөрдің ғаламның
әрбір бөлшегі мен атомында да бар екенін айқын баян
етіп, қолмен ұстатқандай болады. Ол мөрді көрген ақыл
иесі ғаламзаттың тек қана Ұлы Жаратушының өнері
екеніне көзі жетіп, өзгенің араласа алмайтынын анық
аңғарады. Сондай-ақ, Құран Хақ тағаланың зати һәм
субути сипаттарын
43
да баян етеді. Сондай-ақ, Құран
ақырет пен ондағы жәннат, жәһаннам, таразы, мақшар
т.б. адам санасынан тысқары тылсым-құпиялардан сыр
шертеді. Бұлардың бар екендігін айтып қана қоймай,
жер мен көктердердің жаратылысынан мысал беріп,
оны ақыл мен сананың таразысына салып, айғақпен
дәлелдейді. Қай ғасырда болмасын өз халқының адам-
гершілікті аяқ асты етіп, құрдымға бет бұрғаны жанына
батып, елі үшін еңіреген ерлер шығып құндылықтарды
қорғауы әбден мүмкін. Бірақ та, елінің бақыты үшін Ұлы
Жаратушының атынан сөз сөйлеп, Оның барлығы мен
бірлігін, жалғыздығы мен даралығын һәм Оның сипат-
тарын ғаламзат арқылы айқын баяндауы мүмкін емес.
Әсіресе, Оның адам ақылы жетпес жаратылыстан тыс
43
Аллаһ Тағаланың жаратылыстан пәк, Өзіне тән сипаттары.
Мысалы, қидам Оның зати сипатына, есту, көру субути
сипаттарына жатады. Толығырақ мағлұмат үшін қараңыз;
Қайрат Жолдыбайұлы. Ақиқат шуағы. Алматы, 2004.
29
Құран кімнің сөзі?
зати һәм субути сипаттары хақында сөз қозғауы әсте
мүмкін емес. Әрі метафизикалық құпия-ғалам жайлы
көзбен көргендей баян етуі де адамның санасынан туа-
тын нәрсе еместігін ақылға бай, жүрек көзі өткір жандар
сезе алады. Сол ғасырдың пұтқа табынушы атақты бір
шайыры хазіреті Мұхаммедтің (с.а.с.) Құран оқығанын
естігенде «жо-жоқ, мен өлең мен сөздің қандай екенін
аса жақсы білемін. Мен білсем бұл адамнан туған сөз
емес» – деп таңданысын жасыра алмаған. Оны таңдан-
дырған Құранның сөз өнері жағынан құдіреттілігі
еді. Алайда Құранның тереңіне ой-сана иелері сүңгіп,
ондағы інжу-маржандарды тамашаласа, онда олар аят-
маржандарын адам баласы жасай алмайтынын аңғарып,
Құранның пенде бойлай алмас шексіз мән-мағынаға
иелігін іштей мойындап, Жаратушының сөзі мен Өзін
растап, тағзым етер еді.
Әрі пәлсапашы мен ойшылдарды қатты толған-
дырып, жүрегін күпті еткен, ой-санасына сансыз ма-
садай үймелеп мазалаған сауалдар көп. Оның негізгісі:
«Мен кіммін? Қайдан келдім? Қайда бармақпын?».
Міне, Құран ғаламзат пен адамзаттың жаратылыс
мақсаты мен межесін айқын баян етіп, ақыл мен қисынға
қанағат қанатын қақтырып, нақты жауаптар береді. Бұл
жауаптардың шеңбері шектеулі жаратылған ақыл мен
сананың мөлшерінен тыс, тылсым әлем жақтан кел-
генін көкірек көзі ашық жан ә дегеннен аңғара алмақ.
Құран түсуден бұрынғы Араб түбегіндегілердің
дүниеге деген көзқарасына көз салып көрейікші! Күллі
жаратылыс әлеміндегі өзгерістер, табиғаттағы түрлі
қозғалыстар, аспан денелерінің жүйелі айналуы, өлім,
өмір т.б. болмыстардың қаракеттілігі олар үшін мән-
мағынасыз бекершілік еді. Оларға жалпы дүние тір-
30
Мәңгі мұғжиза
шілігі бір-бірінен қашық, қашанда жағадан алар жа-
удай көрінетін. Ақылы бар адам өмірі олар үшін өзге
тіршіліктен ешқандай айырмашылығы жоқ еді. Бар-
жоғы денеден жан шыққанға дейінгі алдамшы ғұмырда
бақытты өмір сүру жолында еді. Бұндай түсінік-ұғым
арабтарда ғана емес, сол заманның күллі пендесінің са-
насын қаумалаған. Құран түскеннен кейін көзқарастар
мүлдем өзгеріп сала берді. Жалпы ғаламзат адамзат
үшін жаратылып, Жаратқанның ұлылығын танытқан
айна екендігі, адамзат сол айнаны тамашалап, Жара-
тушы Жаппарға тағзым етіп, жер бетіндегі Оның жар-
шысы екендігін аңғарды. Өзінің жаратылудағы мақсаты
– Хақ тағалаға мойынсұнып, достыққа толы жүрегін
ұсыну екендігін ұқты.
Және де адам баласы өз парасатымен құндылық-
тарды табуы мүмкін бе? Яғни, жақсылық пен жаман-
дықты айырып, әділдік пен зұлымдықты тани білуі
пенденің қолынан келетін іс пе? Әлбетте, келмек емес.
Өйткені, қауымдар арасындағы құндылықтар әр қилы.
Кейбір қоғамда жаман деген нәрсе басқа елде жақсы бо-
лып саналады. Бүгінгі өлшем ертеңгі күнмен теңеспейді.
Негізгі атазаң да заманына қарай өзгеріп отырады. Ен-
деше, құндылықтар заман мен мекендерге қарай өзгеріп
отырмақ. Құранда «Сендердің жек көргендерің жақсы
болуы мүмкін» дейді. Адам – өз заманының төл пер-
зенті. Сондықтан, оның қойған өлшемі келесі ұрпаққа
сай келмеуі әбден ықтимал. Демек, адам баласының
өз ақылымен жаман мен жақсыны толық ажыратуы
қиын. Ал, Құранның қойған құндылық-өлшемдері өз
ғасырына сай болуымен қатар кейінгі ғасырлардың да
таразысына тең келуде. Оның қойған заңдары қазіргі
заманның да күллі түйіндерін шешетін дәрежеде. Ен-
31
Құран кімнің сөзі?
деше, осындай кітаптың қайнар көзі қалайша Араб
түбегінің пікірлері қым-қиғаш пұтқа табынушы ара-
бтары болмақ?! Ақыл таразысына салып қарасақ,
тағылығы жыртқыштан асқан ел қайда, Ұлы Жара-
тушыны мадақтап, бүге-шүгесіне дейін түсіндіріп, жар
сала келген Құран қайда?! Қайта Араб түбегінде ғұмыр
кешкендер ата-баба әдет-ғұрыптарын қатты ұстанатын,
жүрегі бейне бір тасқа айналған, қыздарын тірідей жер-
ге көмгенде еш нәрсе болмағандай сазаратын қатал
қоғам еді. Міне, сол уақытта Құран нұры арқылы бір
умми Пайғамбар аз уақытта-ақ осындай қоғамды жаман
қылықтардан арылтып, көркем мінездің шыңына жет-
кізді. Құран арқылы ол елдің тек қана тұрмыстық салт-
санасын өзгертіп қоймай, олардың жан дүниесін баурап
алып, әлдебір тылсым сұлулықтарға тартып ғажайып
күйге бөледі. Сондықтан, ол қолындағы Құран арқылы
жүректердің нұры мен сүйіктісі, руханияттың ұстазы,
тән мен нәпсінің тәрбиешісі, ал Құран бүтін тағылым-
мағрипаттың қайнар көзі атанды.
Бір қоғамдағы жаман әдеттерінің бірі саналған
темекі шегудің өзін тоқтату аса қиын іс. Ал, хазіреті
Мұхаммед (с.а.с.) Құран арқылы тоқтатуы мүмкін емес-
тей көрінген, тұла бойына әбден сіңген шарап пен пайыз,
пайдакүнемдік т.б. әдеттерді қысқа мерзімнің ішінде
түбірімен тазартып, орнын ғажайып қасиеттермен тол-
тырды емес пе?!
САБИИЛЕР
Ендігі кезекте сол замандағы Сабиилер жайлы
да сөз қозғай кетейік. Сабиилер еврей мен христиан-
нан шыққан бір ағым ба, әлде басқа ма? Олар жайлы
әр түрлі көзқарастар бар. Бірақ пұтқа табынушы екені
32
Мәңгі мұғжиза
анық. Бұлардың негізгі іс-әрекеттері Құранға мүлдем
теріс. Олардың сенімдері Құрайыш тайпасына да әсер
еткен. Мысалы, олар періштелер мен жұлдыздарды
құдайлар деп сенген. Табиғаттағы құбылыстарға да
тәңірлік тылсым деп қараған. Құрайыш тайпасының
қажылық жолда Аллаһ Тағалаға ортақ қосулары Са-
биилерден енген сенімдер еді. Тіпті олардың пұтқа та-
бынушы арабтары мен Исламнан мүлдем өзге әдеттері
де бар. Мысалы, Сабиилерде қажылық Қағбаға емес,
Ирактағы Харранда жасалады. Әрі оларда екі әйел
алуға тыйым салынған. Оларда құрбан түгелдей отқа
жағылған. Тіпті, Сабиилерде сүндет ету де жоқ. Олар
күн шыққанда, күн тас төбеде тұрғанда, күн батуға
тақағанда жұлдыздарға да табынған. Бұл – Исламда
намаз оқу мәкрүһ саналған мезгілдер. Қысқасы, Араб
түбегіндегі пұтқа табынушыларының Құран қайнары
болатындай бір түйір де негіздері жоқ.
МОНАх БАхИРА
Кейбір шығыстанушылардың қисынсыз сөзіне
құлақ салсақ, хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) Құранды хрис-
тиан монах Бахирадан алған деген тұжырым жасайды.
Алайда сол заманның тарихынан аз ғана хабары бар адам
да бұның қисынсыз екендігін аңғарады. Тарихи дерек-
терге қарасақ, хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) он екі жасын-
да немере ағасы Әбу Талібпен бірге Сирияға саяхатқа
шыққан. Жолда Әбу Талібке жолыққан монах жас
баланың пайғамбарлық нышанын байқап қалып, оның
болашақта пайғамбар болатынын айтады
44
. Өйткені,
44
Қады Иаз, әш-Шифа, 1:308; Али әл-Қари, Шәрхуш-Шифа,
1:631; Тирмизи, Мәнәқиб:3; әл-Хаким, әл-Мустәдрәк, 2:615;
Ибни Хишам, Сирәтун-Нәби, 115 бет; Бәйхақи, Дәләилул–
Нубууә, 2:24; Юсуф Нәбһәни, Хужжәтуллаһ алал-Аламин,
33
Құран кімнің сөзі?
христиан кітаптарында оның келетіні мен сипаттары
жайлы мағлұматтар бар еді. Міне, ол сонда жазылған
деректер бойынша хабар береді. Бірақ бұл кездесу аз
уақыт қана болған. Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.с.) екін-
ші сапары жиырма жасында болған. Бұл кезде хазіреті
Хадишаның керуен басы болып шығады. Ол жолда
жас күнінде көрген монахпен қайта жолығады. Әбден
қартайған Бахира хазіреті Мұхаммедті (с.а.с.) көріп
қатты қуанып: «Сен көп ұзамай пайғамбар боласың. Сол
күнге өмірім жетсе, сенің аяқ киіміңді тасып, қызмет
етер едім», – деп іштегі шерін білдірген
45
. Бірақ ол ар-
манына жете алмай кеткен. Хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.)
пайғамбарлық сол кездесуден соң он бес жылдан кейін
келген. Бар-жоғы екі рет қысқа уақытта кездескен мо-
нах қалай ғана Құранның қайнар көзі бола алмақ? Тіпті,
ол оның болашақтағы пайғамбарлығы жайлы айтуы –
өзінің Құранның қайнар көзі болуын жоққа шығарумен
қатар, хазіреті Мұхаммедтің (с.а.с.) ілгеріде пайғамбар
болуына куәлік етіп, оны растап отыр емес пе?! Монах
Бахира оның пайғамбарлығын Інжіл мен Тәурат кітап-
тарынан оқып білген. Сол екі илаһи кітапта хазіреті
Мұхаммед (с.а.с.) хақында көптеген хабарлар болған.
Өкінішке орай, ол пайғамбар болып келгеннен кейін,
ондағы шынайы мағлұматтарды еврейлер мен христи-
андар өз қолдарымен әдейі бұрмалаған.
Достарыңызбен бөлісу: |