Алматы 2011 Мұхитдин исаұлы мәҢгі мұҒжиза ислам мәдениеті мен білімін



Pdf көрінісі
бет17/29
Дата07.02.2017
өлшемі1,61 Mb.
#3609
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29

7.     َ

نيِّلا َّضلا َلاَو ْمِهيَلَع  ِبو ُضغَملا ِريَغ ْمِهيَلَع  َتمَعنَأ َنيِذَّلا  َطاَر ِص



«Бізді 

әрқашан 

да 

ырыс-береке 

мен 

жақсылықтарыңды  берген  салиқалы  құлдарыңның 

жoлымен  жүргіз.  Ашуыңа,  қаһарыңа  ұшырағандар 

мен  тура  жoлдан  тайып,  адасқандардың  жoлына 

түсірме».

ْمِهيَلَع  َتمَعنَأ  َنيِذَّلا  َطاَر ِص

 «Нығмет берілген адамдар»

Нығмет берілген адамдардың кімдер екендігі бұл аят-

та  айтылмаған.  Құранның  кейбір  аяттары  мағынасы 

астарлы  кейбір  аяттарды  тәпсірлейді.  Бұл  аятты  да 

«Ниса»  сүресінің  69-аяты  тәпсірлеп  түсіндіреді. 

ْنَمَو 


َنيِقيِّد ِّصلاَو  َنيِّيِبَّنلا  ْنِم ْمِهْيَلَع ُ َّللا َمَعْنَأ  َنيِذَّلا َعَم  َكِئَلْوُأَف  َلو ُسَّرلاَو َ َّللا  ْعِطُي 

268

Мәңгі мұғжиза

اًقيِفَر  َكِئَلْوُأ  َن ُس َحَو َني ِحِلا َّصلاَو ِءاَدَه ُّشلاَو

 – «Кімде-кім Аллаһ пен 

елшісіне  мойынсұнса,  олар  Аллаһ  Тағаланың  нығмет 

берген  пайғамбарларымен,  сыддықтарымен,  шейіт-

терімен,  салиқалы  кісілерімен  бірге  болады.  Бұлар 

қандай жақсы дос-бауырлар!»

ْمِهيَلَع  ِبو ُضغَملا 

 – «Ашуға 

ұшырағандардың» – еврейлер, َ

نيِّلا َّضلا

  – «Адасқандардың» 

да  –  христиандар  екені  риуаят  етілген.  Тура  жолдан 

ауытқу мен Аллаһ Тағаланың қаһарына тек еврей мен 

христиандар ғана ұшырамайды, оған барлық тура жол-

дан  адасқандар  мен  Аллаһтың  қаһарына  ұшыраған 

қауымдар және адамдар осы топқа жатады

286


Сөз ақыры, «Фатиха» сүресі Құранның мазмұнын 

қамтыған. Оған кейбір тәпсіршілер томдап кітап жазған. 

Хазіреті Әлінің: «Қаласам «Фатиха» тәпсіріне қатысты 

түйеге  жүк  боларлық  еңбек  жазар  едім»

287


  деуі  тегін 

емес. Иә, ғұлама Елмалылы да: «Құран – ғажайып дене, 

«Фатиха» – соның басы, «бисмиллаһ» – оның тәжі» де-

ген. 


«Фатиха»  сүресінен  кейін  «әмин»  деу  –  аяттан 

емес, сүннет. 



«фатиха» сүресінің ерекшелігі

1. Аллаһ  Елшісі  (с.а.с.)  «Фатиха»  сүресі  –  әрбір 

дерттің дауасы»

288


 – деген.

2. Басқа бір хадисте: «Фатиха» сүресі – Құранның 

ең үлкен сүресі»

289


 – деп айтылады.

286


 әр-Рази. әт-Тәфсирул-кәбир, 1-том, 211-бет; Мухаммәд Али 

әс-Сабуни. Сафуәтут-тәфәсир, 1-том. 25-бет.

287

 Суити. Итқан, 4, 200.



288

 Сонда.


289

 Бухари.  Әбу  Абдиллаһ  Мухаммәд  ибн  Исмайл.  әл-Жамус-

Сахих, Станбул, 1907.. Фәдәлиул-Қуран 9.


269

Құран бақтары

3. Тағы бір хадисте: «Фатиха» сүресі мен «Бақара» 

сүресінің  ақыры  маған  Арштың  астындағы  бір 

қазынадан берілді»

290

, – дейді. 



4. Әнәс  ибн  Мәликтің  риуаятында  Аллаһ  Елшісі 

оған былай дейді: «Жатарда «Фатиха» мен «Ықылас» 

сүресін  оқысаң  өлімнен  басқа  барлық  нәрседен  аман 

боласың»


291

.

5. Әбу  Сағид  Ибнул-Муалла  былай  дейді:  «Мен 



пайғамбар  мешітінде  намаз  оқып  жатыр  едім.  Аллаһ 

елшісі  мені  шақырды.  Бірақ,  мен  (намазда  болғаным 

үшін)  жауап  бере  алмадым.  Сосын  жанына  келіп: 

Пайғамбарым,  намаз  оқып  жатыр  едім  (сондықтан  да 

жауап  бере  алмадым  деп  кешірім  сұрадым).  «Аллаһ 

Тағала  кітабында:  «Ей,  иман  келтіргендер!  Аллаһ  пен 



елшісі сендерді шақырған сәтте дереу жауап беріңдер» 

демеп  пе  еді?!  («Әнфәл»,  24),  –  деді  де:  «Сен  мешіт-

тен шықпай тұрып, саған Құранның ең үлкен сүресін 

үйретейін бе?» – еп қолымнан ұстады. Мешіттен шығып 

бара жатқанда мен: «Сіз ең үлкен сүрені үйретемін» де-

меп пе едіңіз? – дедім. Ол маған: «Ол сүре – Әлхамду 

Лиллаһи  Раббилаламиндағы  (намазда  көп  оқылатын) 

жеті аят және маған берілген ұлы Құран», – деді

292



6. Ибн Аббас айтады: «Жәбірейіл Аллаһ елшісінің 



жанында  отырған  кезде  жоғарыдан  есік  ашылғандай 

бір  дыбыс  естілді.  Сонда  Жәбірейіл  басын  көкке 

көтеріп: «Міне, көктен бір есік ашылды. Бүгінге дейін 

бұл  есік  ашылмаған  еді»,  –  деді.  Сөйткенше  болған 

жоқ, көктен бір періште түсті. Жәбірейіл сөзін жалғап: 

290


 Хәйсәми. Нуриддин Али ибнул Әби Бәкир. Мәжмауз-Зәуәид. 

Бәйрут, 1967.

291

 Зәуәид.


292

 Бухари.Тәфсир 1.



270

Мәңгі мұғжиза

«Міне, жерге бір періште түсті. Бүгінге дейін бұл пе-

ріште жерге түспеген еді», – деді. Періште сәлем бер-

ді  де  Пайғамбарымызға:  «Саған  берілген  екі  нұрды 

сүйіншілеймін. Бұлар сенен бұрын ешбір пайғамбарға 

берілмеген еді. Олардың бірі – «Фатиха» сүресі, екін-

шісі  –  «Бақара»  сүресінің  ақырғы  бөлімі.  Олардың 

оқылған әрбір әрпіне саған сөзсіз үлкен сауап беріледі», 

– дейді

293


.

«шӘМІС» СүРЕСІ

ِمي ِحَّرلا ِناَم ْحَّرلا ِ َّللا ِم ْسِاِب

 )3(اَه َّلا َج اَذِإ ِراَهَّنلاَو )2(اَه َلاَت اَذِإ ِرَمَقْلاَو )1(اَها َح ُضَو  ِسْم َّشلاَو

 )6(اَها َحَط اَمَو  ِضْرَ ْلأاَو )5(اَهاَنَب اَمَو ِءاَم َّسلاَو )4(اَهاَشْغَي اَذِإ ِلْيَّللاَو

  ْنَم  َحَلْفَأ ْدَق )8(اَهاَوْقَتَو اَهَرو ُجُف اَهَمَهْلَأَف )7(اَهاَّو َس اَمَو  ٍسْفَنَو

 )11(اَهاَوْغَطِب ُدوُمَث  ْتَبَّذَك )10(اَها َّسَد  ْنَم  َبا َخ ْدَقَو )9(اَهاَّكَز

 )13(اَهاَيْق ُسَو ِ َّللا َةَقاَن ِ َّللا ُلو ُسَر ْمُهَل َلاَقَف )12(اَهاَق ْشَأ  َثَعَبْنا ْذِإ

  ُفا َخَي  َلاَو )14(اَهاَّو َسَف ْمِهِبْنَذِب ْمُهُّبَر ْمِهْيَلَع َمَدْمَدَف اَهوُرَقَعَف ُهوُبَّذَكَف

)15(اَهاَبْقُع

Мағынасы: 

1.  «Күнге және оның жарығына,

2.  Ай күнге ерген сәтте,

3.  Жарқыраған сәтте күндізге,

4.  Оны бүркеген сәтте түнге,

5.  Аспанға және оны жасағанға,

6.  Жерге және оны жайғанға.

293


 Муслим. Мусафириин 254.

271

Құран бақтары

7.  Нәпсіге және оны толықтырғанға,

8.  Сонда оған жамандық пен ізгілік қасиетті бергенге 

серт!


9.  Расында нәпсісін тазартқан кісі табысқа жетті.

10.  Әлдекім оны кірлетсе, қор болды.

11.  Сәмүдтің азғындары жалғанға,, теріске шығарды.

12.  Оның ең жауызы қарсы шыққанда.

13.  Сонда Аллаһтың елшісі оларға: «Аллаһ Тағаланың 

түйесіне  әрі  оның  суарылуына  килікпеңдер»,  – 

деді. 

14.  Бірақ,  олар  оны  жоққа  шығарып,  түйені  өлтіріп 



тастады.  Сонда  Раббылары  оларға  күнәларының 

салдарынан апат жіберіп, жермен-жексен етті. 

15.  Аллаһ Тағала оның ақырынан қорықпайды».

Мекке кезеңінде түскен. Он бес аяттан тұрады. 

1. 

اَها َح ُضَو  ِسْم َّشلاَو



 – «Күнге және оның жарығына»

Бұл аятта алдымен күн не көрінсін, не көрінбесін, оның 

барлық  ерекшеліктерімен  бірге  жалпы  өзіне,  сосын 

көкжиектен  найза  бойы  көтеріліп  айналаға  шашқан 

жарығына  серт  етумен  бастаған

294


.  Өйткені,  күннің 

шығуы да, батуы да, жалпы күн жүйесі жер бетіндегі 

өмірдің өсіп-өркендеуінің негізгі арқауы мен қайнары. 

«Ясин» сүресінде де айтылғандай, күн өз орбитасы мен 

шеңберінде тілдерін орнымен жүргізген сағаттай он екі 

планетаны  Ұлы  Жаратушының  әмірімен  қозғалысқа 

294

 әл-Имам Мухис-Суннә Әби әл-Хусәйн ибн Мәсууд әл-Бәғәуи. 



Тәфсирул-Бәғәуи,  Рияд,  1993.  8-том,  437-бет;  Абдуррахман 

ибн  Наср  әс-Сади.  Тәйсирул-Кәримир-Рахмән  фи  тәфсири 

кәләмил-Мәннәән, Бәйрут,  5. 406; Қараңыз: Уәһбә Зухәйли. 

әт-Тәфсирул-мунир,  15-том,  642-бет;  әр-Рази.  әт-Тәфсирул-

кәбир, 31-том, 171-172-беттер.


272

Мәңгі мұғжиза

келтіреді.  Негізінде  барлық  істі  жаратып  жүргізетін 

Ұлы Жаратушы. Бірақ, Ол себеп-салдар заңдылықтарын 

Өзінің  ұлылығына  перде  еткен.  Осы  Ұлы  Жаратушы  

«тартылыс  күші  заңдылығы»  арқылы  ғаламшарларды 

күнге  байлап,  осы  күш  арқылы  түрлі  бағыт,  жүйелі 

әрекетпен  оларды  хикмет  шеңберінде  айналдырып, 

күннің  өз  орталығындағы  әрекетін  сол  тартылыс 

күшінің  пайда  болуына  арқау  еткен.  Күн  өз  шеңбері 

жүйесінің тұрақтылығы мен тепе-теңдігін сақтау үшін 

қозғалады

295


.  Міне, Аллаһ Тағала күнге серт ету арқылы 

Өзінің күн арқылы адамзатқа нәсіп еткен нығметін һәм 

шексіз  құдіретін  білдіруде.  Бізден  әлдеқайда  қашық 

күннің  пайдасын  санап  тауысу  мүмкін  емес.  Аллаһ 

Тағала бізді күнге серт ету арқылы назарымызды соған 

аударып, ондағы Өзінің жаратқан шексіз нығметіне ой 

көзімен үңілуге шақырады. Хақ Тағаланың қолда бар-

да «алтынның» қадіріне жете бермейтін ғапыл құлдары 

бәрібір күн арқылы берілген шексіз несібені пайымдай 

алмайды. Бұны күн шықпай, жер бетін айлап-жылдап 

қараңғылық  басқанда  ғана  терең  ұғынып,  сезінетін 

шығар. 


Әрі  осы  аятта 

اَها َح ُضَو

  –  «жарығы»  деу  арқылы 

күннің  жарығына  ерекше  мән  беріп  арнайы  серт  ет-

кен.  Күннің  жарығы  дүниені  жарыққа  бөлеп,  Хақ 

Тағаланың шарапаты мен шексіз құдіретін танытудың 

ғибратты дәлелі. Яғни, ол жаз бен көктемде жер бетін-

де тоқылған түрлі-түсті кілемнің арқауы һәм күндіз бен 

түннің парақтарында жазылған Ұлы Жаратушының өз 

ұлылығын таныту мақсатымен кестеленген хаттардың 

сиясы, төгілген нұры

296


. Жалпы күннің бізге беймәлім 

295


 Мұхитдин Исаұлы. Құран кімнің сөзі?, Алматы, 2005. 95 бет.

296


 Сол бетте.

273

Құран бақтары

пайдалы  жақтары  бар.  Бізге  мәлім  ең  негізгі  пайдасы 

– жылуы мен жарығы. Міне, осы екі ерекшелік сәске 

уақытында  айрықша  білінеді.  Күн  көкжиектен  арқан 

бойы  көтерілгенде  жер  бетіне  жылуы  мен  жарығын 

шашады. Осы екі қасиеттің келе жатқанын сезіп, жер 

бетіндегілерді  сүйінші  сұрап  оятқандай  елең-алаңнан 

құс біткен шулап, сайрай бастайды. Осы екі нығметке 

адам  баласы  аса  мұқтаж.  Ешбір  пенде  қараңғылықта 

қалғысы  келмейді.  Суық  пен  қайнаған  ыстықты 

жаны  сүймейді.  Қашан  да  нұрға  бөленіп  жүргісі  ке-

леді. Сондай-ақ ол жылулық пен рақым-шапағатқа да 

аса  зәру.  Бақыттылық  та  осы  екі  ерекшелікте  жатыр. 

Міне,  осы  екеуі  жәннәтта  бар.  Мына  пәни  дүниенің 

суығы  мен  аптап-ыстығында,  қараңғы  түнегінде  адам 

осы екі қасиет арқылы бақыттылыққа жете алады. Ол 

әлбетте – иман. Задында барлығының қайнары – Ұлы 

Жаратушының екі сипаты, рақымдылығы мен нұрында. 

Міне, күннің жарығы Жаратушы Жаппар Иенің осы си-

паттары хақында бізге жар салуда. 

2. 

اَه َلاَت اَذِإ ِرَمَقْلاَو 



–  «Және  оған  ерген  сәттегі  айға 

серт». Яғни, күнге еріп, ол көкжиекке қызарып батысы-

мен артынша көп ұзамай оның орнын жоқтатпай туған 

айға серт. Мұның уақыты да айдың он төртінен он ал-

тысына дейінгі толған ай түндері. Қалған күндері туған 

айдың көрінісі дәл бұлай болмайды. Ал ай ортасындағы 

толған ай бейне бір күн артынан күн туғандай нұрланып 

туып  жер  бетін  жарық  сәулесіне  бөлейді  де,  осы  бір 

ғажап  жарығы  таңға  дейін  жалғасады.  Міне,  осыған 

«күннің артынан еруші» яғни, күннен кейін туған екін-

ші күн деуге әбден болады. Сондай-ақ, жер бетінде «ақ 

түн»  болып  тұратын  аймақтардағы  ай  да  осы  екінші 

күнге жатады. Сондағы ай бейне бір күндей болып, тіп-



274

Мәңгі мұғжиза

ті кітап оқуға боларлықтай айналаны сүттей жарыққа 

бөлейді. Һәм бұл аятта ай жарығын күннен алатындығы 

жайында  хабар  беріп,  күннің  шағылуына  қарай 

жарығы  өзгеретіндігін  айтуда.  Яғни,  ай  өзінен  жарық 

шығармайды.  Күннің  сәулесіне  қарай  өзгеру  қарекеті 

арқылы толықсып, ақырында толған ай деңгейіне жетіп, 

жер  бетін  жарыққа  бөлейді.  Сондықтан  аятта  жаңа 

туған ай емес, яки, оның толудан бұрын немесе кейін-

гі жағдайына емес, дәл толған кезеңіне серт етілуінде 

үлкен сыр жатыр. Неге десеңіз, аятта серттер арқылы ең 

басты мәселеге назар аудартқан. Ол, әлбетте, адамның 

«толық адам» мәртебесіне жетуі. Жұмыр басты пенде 

осы кемелдікке нәпсісін Исламның нұры мен жарығына 

бағындырып нәр алуы  арқылы ғана жете алады. Яғни, 

адам  жамандыққа  да,  жақсылыққа  да    бейім.  Міне, 

Аллаһ Тағала өздігінен жарық шашпайтын айдың күн 

арқылы бірте-бірте толысатындығын айта отырып, дәл 

солай  адам  да  өз  нәпсісін  Ислам  жарығымен  кемел-

дендіруге үндейді. «Мұсылман болу әсте-әсте» демек-

ші,  адам  баласы  Ислам  ақиқатын  бірте-бірте  үйрену 

арқылы, күндердің бір күнінде сол Ислам дінін танып-

білген өкілі болып шығады. 

Әрі 


لاَت

 – «тәлә» сөзін тіләуәт, оқу мағынасына сай 

деп түсінуге де болады. Онда ай күнді, күннің жарығын 

жер бетіндегілерге оқиды. Яғни, күннің бізге көрінбейтін 

жарығын  алып,  бізге  күннен  хабар  береді.  Негізі  күн 

де, ай да, ол екеуінің қозғалысы да, Хақ Тағаланың аят-

тары.  Яғни,  белгілері  мен  дәлелдері.  Міне,  ай  да  осы 

аяттарды  оқу  арқылы  Ұлы  Жаратушының  құдіреті 

жайлы жер бетіне, әсіресе ондағы ақыл иелеріне паш 

етеді. Сондай-ақ ауыспалы мағына тұрғысынан Аллаһ 

Тағаланың аятын оқып, оны айналасына илаһи шабыт 


275

Құран бақтары

арқылы түсіндіріп нұрға бөлеген, нәпсісін тәрбиелеген 

мұсылманмен  салыстыруға  да  болады.  Өйткені, 

Құранның бір атауы – Нұр емес пе?!

3. 

اَه َّلا َج  اَذِإ  ِراَهَّنلاَو



  –    «Күнді  ашып,  жарқыратқан 

сәтте  күндізге».  Аяттағы  «жәллә»  сөзі  жарқыратып 

ап-айқын көрсету деген мағынаға саяды. Бұл уақыт – 

күннің шайдай ашық аспан аясында жарқырап көрініп, 

шөкімдей бұлттың немесе тұманның болмаған күндізгі 

шақ. Яғни, бұл жерде күн жарығының жер бетіне толық 

жайылған кезеңіне ант етілген. 

Бұл  аяттағы  күндіз  күн  сәулесінің  жер  бетіне 

шағылысуының  нәтижесі  бола  тұра  күндіздің  күнді 

ашып,  жарқыратты  деуінде,  яғни,  күндіздің  күнге 

әсер етуші етіп «күндіз күнді ашқан сәтте» деп күннің 

жарығы мен айдан кейін қосымша осыған серт етілуін-

де  терең  мән  жатыр.  Күн  біздің  тіршілігімізге  жарық 

беруі  үшін  оған  еш  нәрсе  кедергі  жасамауы  шарт. 

Сондай-ақ жасалған нәрсенің белгілері де сол нәрсені 

жасағанға дәлел бола алатындығына назар аударған. Біз 

көрген күндіз күннің жарығына, жарық болса, күннің 

бар екендігіне дәлел. Күннің көрінуі оның жарығының 

көрінуіне қатысты. Сол арқылы білінеді. Жарық та біз-

ге күндіз арқылы білінеді. Күндіз қаншалықты айқын, 

кедергісіз  болса,  жарық  та  соншалық  айқын  білінбек. 

Ал,  жарық  қаншалықты  кедергісіз  және  айқын  болса 

күндіз  де  соншалықты  айқын  да  анық  көрінеді.  Егер 

күндіз тұманды яки бұлтты болса, күн бұл кезде тікелей 

емес, тек  ақыл арқылы білінеді. Ендеше күндіздің бұл 

жерде осындай маңыздылығы бар. Күн тәрізді Ислам, 

Құранның қадір-қасиеті мейлінше білінуі үшін күндіз 

секілді оны көрсете білетін лайықты мұсылман жамағаты 

керек.  Мысалы,  сахабаларды  күндізге  ұқсатуге  бола-



276

Мәңгі мұғжиза

ды. Олардың ой-санасы мен жүректері ашық аспан ая-

сындай таза, пәк болғандықтан Ислам күнінің жарығы 

мол төгіліп, Хақ Тағаланың нұрлы діні айқын білінді. 

Көптеген ел осы күндізге қарап ақиқатты айқын көріп, 

мұсылмандықты  жан-жүректерімен  тез  қабылдай  біл-

ді. Бұл кейінгі ғасырларда да жалғасын тапты. Алайда 

қазіргі кезеңді олай деп айта алмайсың. Қазіргі шақта 

Күн мен күндіздің арасын көлгейлеген кедергілер мың-

сан. Исламға күйе жағылуда. Күндіздің тұманды, қара 

бұлтты  болуы  арқылы,  күннің  жылуы  мен  жарығы 

түспей  қалғанына  қарап,  күннің  жарығы  мен  жылуы 

жоқ,  қайта  қараңғылықтың  өзі  деп  түсінгені  тәрізді 

қазіргі кезеңде кейбір дін дұшпандары күндіздің шуағын 

көлегейлеп,  Ислам  жарығы  мен  нұрын  бүркемелеп, 

әлемге оны жаман етіп көрсетуге тырысып, қаралауда. 

Яки  оның  әлемге  танылмауына  Ислам  әлеміндегі 

мұсылмандардың  айқын  күндіздей  нағыз  мұсылман 

бола алмауы себеп болып отыр. Құранға бейқам қарап, 

оның тұңғиық тереңіне бойламай ой жүгіртпегендіктен, 

шынарға қарап бой түзейтін шыбықтай Құранға қарап 

нәпсісін тәрбиелей аламағандықтан; жік-жікке бөлініп, 

өзара  дауласқандықтан;  өзгелерге  тұманды,  бұлтты 

күндіз-қоғамы болып көрінуде. Осыдан Ислам өз жы-

луы мен жарығын, нұры мен рақымын айқын көрсете 

алмауда.  Ендеше  бүгінгі  таңда  әлемге  Ислам  дінінің 

жарығын  таныта  білу  үшін  мұсылман  қоғамы  өз  ой-

санасы  мен  нәпсілерін  тазартып,  бойындағы  жаман 

қылықтарын  тұмандай  сейілтіп,  санасын  тұмшалаған 

өзімшілдік  қара  бұлттарынан  айығуы  қажет.  Яғни, 

мұсылман  қоғам  қаншалықты  Құранға  мұқтаж  болса, 

бүгінгі  таңда  Құран  да  өзін  танытатын,  үлгі  алатын 

өнегелі идеал Құран жамағатқа сондай мұқтаж.


277

Құран бақтары

4. 


اَها َشْغَي  اَذِإ   ِلْيَّللاَو

  –  «Оны  (күнді)  бүркеп  жатқан 



сәттегі  түнге  серт».  Бұл  да  «түннің»  күнді  және 

барлық  көкжиектерді  бүркемелеп,  нұр  мен  жарықты 

түгелдей тұмшалай бастаған, яки, бүркеп жатқан кез-

дегі  қою  қараңғылық  заманға  серт

297

.  Осы  аятта  Хақ 



Тағала қараңғылық басқан түнмен ант еткен. Бұл жерде 

де үлкен мән бар. Яғни, түн мен қараңғылық күндіз бен 

жарыққа қарама-қарсы ұғымдар. Ал «болмыс қарама-

қайшылықтар арқылы білінеді». Мысалы, бейбітшіліктің 

қадірі ел арасында бүлік басталғанда, яки соғыс кезінде, 

тоқшылық та ашаршылық жайлағанда білінеді. Қазақта 

«ашаршылықта  ішкен  ашыған  айранның  қырық  жыл 

ауыздан  дәмі  кетпес»  деген  сөзінің  мәні  сонда  жа-

тыр. Сондай-ақ тауда түнімен тоңған адам күннің жы-

луын, оның қадірін ерекше сезінеді. Ендеше бұл аятта 

қараңғылықты  айту  арқылы  нұр  мен  жарықтың  ерек-

шелігіне назар аудартуда

298



Сонымен қатар, бұл жерде нұр мен жарықтан көз 



жазып қалған, соны іштей жабырқап, оның жоқтығын 

іштей  сезінген  нәпсілік  сананың  маңыздылығына 

да  назар  салуда.  Бұл  аятта  қою  қараңғы  түн  –  айдың 

ақырғы  түндері.  Өйткені,  айдың  аяғында  ай  бір-

те-бірте  кішірейіп  жоғалып,  жер  бетін  қараңғылық 

басады.  Алдыңғы  аяттардағы  күн,  жарық  –  Ислам, 

мұсылмандарға  ишарат  етілсе,  бұл  аятта  сол  Ислам 

нұрынан мақрұм қалып, өз нәпсісін надандық, күпірлік, 

қайғы-қасірет,  жалқаулық  және  нәпсіқұмарлықтың 

297


 Тәфсирул-Бәғәуи.  8-том,  437-бет;  әс-Сағди.  Тәйсирул-

Кәримир-Рахмән,  5-том,  406-бет;  Уәһбә  Зухәйли.  әт-

Тәфсирул-мунир, 15-том, 643-бет.

298


 Елмалылы  М.  Хамди  Языр.  Хақ  діні  Қуран  ділі,  Станбул.  

9-том. 238-бет.



278

Мәңгі мұғжиза

қара  шәлісімен  бүркеп,  қараңғылықта  қалып  қойған 

пенденің  күйіне  меңзелген.  Алдыңғы  аяттар  қуаныш 

пен сүйінішке толы серт болса, бұл сертте қорқыныш 

пен ескерту бар. 

5. 


اَهاَنَب  اَمَو  ِءاَم َّسلاَو

  –  «Көкке  және  оны  жасағанға 



серт». Көктегі жұлдыздарды жаратқан, арасын қашық 

болса да оларды тұтас бөлменің кірпіштері тәрізді бір-

бірімен байланыстырып, әшекейлі бір сарай етіп, ғажап 

жүйе енгізген Аллаһ Тағалаға, яки, оны солай жасағанға, 

жасаған тәсіліне, заңдылықтарына серт

299


6. 


اَها َحَط اَمَو  ِضْرَ ْلأاَو

 – «Жерге және оны жайғанға 



серт».  Әсіресе,  оның  ішінде  адамзат  ғұмыр  кеш-

кен жерге және соны жайғанға, яғни, жерді бейне бір 

көрпедей төсеп, оның үстінде өмір сүруге мүмкіншілік 

жасаған Жаратушыға, яки, жердің жаратылған теңдессіз 

тәсіліне серт. 

7. 


اَهاَّو َس اَمَو  ٍسْفَنَو

  –  «Нәпсіге  және  оны  түзегенге 



серт».  Бұл  жерде  адамның  нәпсісі  туралы  сөз  болып 

отыр. Ал адамның нәпсісі – рух пен тәннен тұратын бол-

мыс, яки тәнді басқарған рух. Нәпсіні осылай түсінеміз. 

Тәннің түзелуі рухтың сол тәнге енуіне дайын болуын 

білдіреді.  Немесе  бұл  жердегі  нәпсінің  түзелуі  адам 

бойындағы барлық мүше мен ішкі-сыртқы сезімдердің 

орын-орнына қойылуы. 

Иә  бізді  жоқтан  жаратқан  Жаратушы  Жаппар 

Ие  осы  сүреде  жалпы  адам  баласының  бұл  дүниеге 

келуінің  сырын  баяндауда.  Адам  баласы  жер  бетіне 

үлкен бір мақсатпен келтіріліп, ауыр міндет жүктелген. 

299


 Уәһбә  Зухәйли.  әт-Тәфсирул-Мунир,  15-том,  643-бет;  әр-

Рази.  әт-Тәфсирул-Кәбир,  31-том,  173-бет;    Елмалылы  М. 

Хамди Языр. Хақ діні Қуран ділі, 9-том. 239-бет.


279

Құран бақтары

Міне,  осы  жүкті  пенде  көтере  алса,  ақыретте  шексіз 

нығмет,  бақыт  берілмек.  Алайда,  көтере  алмай,  яки 

көтеруден қашқақтап, өз бетінше ғұмыр кешсе, өз мін-

детіне немқұрайды қарағандықтан, ақыр соңында аза-

пталып,  мәңгілік  құрдымға  кетпек.  Сол  себепті  осы 

жүктің ауырлығын, ертеңгі есебінің қиындығын сезген 

хазіреті Әбу Бәкір, Омар тәрізді сахабалар «Әттең-ай, 

адам  болмай,  бір  құстың  аузында  кеткен  бір  тал  шөп 

болғанымда  ғой!»  деп  аһ  ұрып  өмірден  өткен.  Аллаһ 

Тағала  алдымен  иман  келтіріп,  салиқалы  амал  етудің 

маңыздылығын  білдіру  мақсатында  күнді,  толған  ай 

және  күндізді  мысал  қылып  түсіндіреді.  Содан  кейін 

күпірлікті  сол  жарық  пен  нұрды  тұмшалап,  бүркеген 

қою  қараңғылық  түнге  теңеп  көрсетеді.  Алдыңғы  үш 

жарық  пен  нұрды  өткен  шақта  айтса,  түнге  келгенде:  

اَها َشْغَي اَذِإ  ِلْيَّللاَو

 – «Жарықты бүркеп жатқан кезде» – деп 

осы  шақта  береді.  Адам  айнала  қас  қарайып,  ымырт-

танып,  түн  қоюлана  бастаған  сәтіне  қарап  таңның 

қаншалықты  ғажаптығын,  күндіздің  де  қаншалықты 

нығмет пен берекет екендігін ұғынады. 

 Міне, осы аяттардан кейін Хақ Тағала біздің на-

зарымызды көкке және оны ғажап етіп жаратқан Өзіне 

аудартады.  Яғни,  бұл  жерде  Өзінің  шексіз  ұлылығын 

таныту  мақсатымен  жасағандығын  аңғартады.  Со-

дан кейін бізге жерді және оны адамның өмір сүруіне 

ыңғайлы  жаратқандығын  баяндайды.  Үшінші  кезекте 

адамның  жаны  мен  тәнінің  қалай  жаратылғандығын 

және  оны  пайымдауға  жер  бетінің  халифасын  осын-

дай ауыр сынақты көтеруге лайықты жаратқандығына 

зер салдырады. Пендеге ауыр міндет жүктелгелі отыр. 

Бірақ, қолында қаруы болмаған адам қалай қарсыласа 

алсын?  Міне,  Хақ  Тағала  үшінші  кезекте  адамның 



280

Мәңгі мұғжиза

жаны мен нәпсісін жаратып, оның бойына барлық сезім 

мүшелерін және оны екі мүшені беріп, бес қаруын сай 

еткендігін білдіреді. «Оны түзелтіп рухымнан үрлеген 

кезімде» – деп адам рухын ерекше етіп жаратқандығын 

ұқтырады. Яғни, адам баласына жүкті көтере алмаймын 

деп қашқақтайтын ешбір жөні жоқ. Өйткені, оның рухы 

барлық  сынаққа  төтеп  беруге  сақадай  сай  жасалған. 

Оның  рухы  –  Хақ  Тағаланың  әмірімен  жаралған  рух. 

Құранда: 

يِّبَر ِرْمَأ  ْنِم  ُحوُّرلا  ْلُق

  – «Айт: рух Аллаһ Тағаланың 



әмірінен»

300


, – делінген.

Хақ Тағала адамды Өзінің ұлылығын танып, Оған 

құлшылық  қылсын  деп  жаратқан.  Ол  әуелі  жер  мен 

көкті,  одан  кейін  адамның  соларға  қарап,  шүкіршілік 

ете алатын саналы рухы мен денесін жаратып, бір-бірі-

не  сай  қылды.  Соның  бәрін  Өзі  жаратқандығын  осы 

аяттарда айқын баяндайды.

8. 


اَهاَوْقَتَو اَهَرو ُجُف اَهَمَهْلَأَف

  – «Сонда оған жамандық әрі 



ізгілік қасиетін бергенге серт!» 

Аяттағы  «фужур»  –  тура  жолдан  адасу,  ақиқат 

жолының  жүйесінен  шығып,  күпір  пиғылымен  қарсы 

келу, бас көтеру деген сөз. Бұл сөз барлық жамандық 

атаулыны қамтиды. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бір ха-

дисінде осы «Фужур» сөзіне қатысты: 

َّنِإَف  َبِذَكْلاَو ْمُكاَّيِإَو 

ِراَّنلا ىَلِإ يِدْهَي َرو ُجُفْلا َّنِإَو ِرو ُجُفْلا ىَلِإ يِدْهَي  َبِذَكْلا

 – «Жалғаннан 

сақтаныңдар.  Жалғандық  адамды  –  жамандыққа, 

жамандық  –  жаһаннамға  апарады»,  делінген.  Бұл 

жердегі  сөз де дәл аяттағы мағынаны береді. 

«Тақуалық»  «Фужур»  ұғымына  қарама-қарсы 

мағынаны  береді.  Ол  нәпсісін  құтқарып,  Аллаһ 

300

 «Исра» сүресі, 85.



281

Құран бақтары

Тағаланың қорғанына сиынып, жамандық пен кесапат-

тардан сақтану деген сөз. Яғни, Аллаһ Тағала сынаққа 

әзір тұрған адамның бойына бірі жақсы, бірі жаман осы 

екі қасиетті салған. Адам баласы өз жүрегін екі жаққа 

да бұру мүмкіндігі бар. Яғни, оның пейілі жақсыға да, 

жаманға да қарай өзгере алады. Міне, осыны адамның 

өзі  шешеді.  Оның  жаратылыс  мақсатының  сыры  да 

осында. 

 Сол себепті оған ақыл мен ерік берілген. Ал ерік бар 

жерде жамандық пен жақсылық орын алады. Адам сол 

еркін жақсылыққа қарай бағыттап, күллі жамандыққа 

бейім тұрған нәпсісін тазартып, Хақ Тағаланы танып, 

Оған құлшылық қылуы тиіс. Яғни, Оған нағыз лайық 

құл болсын. Оған құл бола білу үшін Оны жақыннан 

тану қажет. Сонда ғана ол «толық адам» болмақ. Міне, 

хакім Абайдың «көкірек көзі ашық», «толық адам» де-

гені де осы. 

Қорыта  айтқанда,  жұмыр  басты  пенде  өмірінің 

мақсұты, ғұмырының маңызы мен сыры, ақиқаты және 

кәміл бақыттылығы мыналар:

Әуелгісі – пенде өзінің бойындағы сезім таразыла-

ры арқылы Хақ Тағаланың берілген шексіз нығметтерін 

өлшеп, жалпы түрде шүкіршілік қылу. Сондай-ақ адам өз 

жаратылысындағы қасиеттер арқылы Құдай Тағаланың 

көркем есімдерінің құпия қазыналарын ашып, сол есім-

дері арқылы тану. Һәм мына сынақ дүниесінде адам өз 

бойындағы Аллаһ Тағаланың есімдерінің шағылдарын 

зерттеп біліп, Оның сол есімдерін өмірі арқылы жалғанға 

жар салып, паш ету. Пенде өзінің мінез-құлқы мен сөзі 

арқылы  Жаратушысының  құзырында  тұрып,  өзінің 

пенделік құлдығын жария етіп, терең тағзым ету. Әрі 

Хақ Тағаланың өзінің бойында көрінген сипаттарының 


282

Мәңгі мұғжиза

шағылдарын,  адамдық  қасиеттері  арқылы  өлшеп, 

өзін  сол  арқылы  Хақ  Тағалаға  көрсету.  Жалпы  жара-

тылыс  та  Жаратушыға  бас  иіп,  өз  тілінде  зікір  етіп, 

құлшылық  қылады.  Міне,  адам  баласы  жерге,  әсіресе 

сол  жер  бетіндегі  жанды-жансызға  көз  тастап,  одан 

көктерге қарап, ондағы сансыз жұлдыздардың бір-бірі-

мен қақтығыспай, соқтықпай ғаламат бір жүйе арқылы 

қозғалып Аллаһ Тағалаға құлшылық қылып тұрғанын 

көріп, Хақ Тағаланың шексіз ұлылығын ойлауы керек. 

Пенденің міндеті – өзіне берілген мысқалдай ілім және 

ерік-жігерін  Жаратушының  шексіз  ілімі,  еркімен  са-

лыстырып, өзінің ілімі мен еркінің шектеулі, ал, Оның 

ілімі мен еркінің өлшеусіз екендігін түйсіну. Сондай-

ақ,  басқа  сипаттар  арқылы  да  Оның  сипаттары  мен 

есімдерінің  құдіреттілігі  мен  жаппарлығын  тану.  Һәм 

адамның өзіне тән тілі болғанындай, мына ғаламзаттағы 

әрбір  жаратылыстың  өзіне  тән  тілі  бар.  Ол  сол  тілі 

арқылы  Жаратушы  Жаппар  Иенің  жалғыздығы  мен 

күллі әлемнің Раббы екендігіне куәлік етеді. Міне, адам 

баласы ой-санасы арқылы сол тілдерді оқып, үйреніп, 

олардың  сөздеріне  құлақ  қойып,  терең  ұғына  алады. 

Осылайша  пенде  өзінің  қауқарсыздығы,  әлжуаздығы 

және дәрменсіздігімен Хақ Тағаланың шексіз құдіреті 

мен ешкімге мұқтаж емес, қайта күллі әлем Оған мұқтаж 

екендігін  танып  ұғу.  Оның  ешкімге  мұқтаж  еместігін 

түсіну. Мысалы, адам баласы ашыққан сайын тамақтың 

ләззәті  мен  дәмінің  ерекшелегін  сезеді.  Сол  сияқты 

пенде  де  өзінің  қауқарсыздығы  арқылы  Оның  шексіз 

құдіреттілігін ешкімге мұқтаж болмайтын мәртебелері 

арқылы аңғарады.

Міне,  адам  баласы  өзіне  жүктелген  осы  міндет-

ті  атқарса,  Хақ  Тағаланың  разылығына  бөленбек. 


283

Құран бақтары

Ал  егер  өз  еркі  арқылы  осынау  ғаламзаттың  өзіне 

бағындырылғандығын, шексіз нығмет берілгендігін біле 

тұра, Ұлы Жаратушысына қарсы шығып, жамандыққа 

бұрылып, пейілі өзгерсе, ынсапсыздығы мен надандығы 

үшін  Жаратушы  Жаппар  Иенің  рақымдылығынан 

қуылады.  

9. 


اَهاَّكَز  ْنَم  َحَلْفَأ ْدَق

 – «Расында нәпсісін тазартқан 



кісі  азаттыққа  жетті».  Ендеше  аяттың  басын-

да  айтылғандай,  жарықты  жаратып,  олармен  бірге 

көптеген  нығметтерді  қамтыған  көк  аспанды  бей-

не  бір  шаңырақтай  құрған  және  жерді  төсеніштей 

төсеген, осынау нығметтердің парқын ұғып, жаман мен 

жақсылықты аңғара білетін нәпсіні жаратып түзеген – 

Аллаһ Тағалаға серт; кімде-кім өз нәпсісін күнәлардан 

арылтып,  тақуалықпен  тәрбиелеп,  нұрдың  шарапаты-

на бөлесе, ол расында нағыз азаттыққа жетті

301


. Яғни, 

يِتَّن َج يِل ُخْداَو يِداَبِع يِف يِل ُخْداَف

 – «Құлдарымның арасына кір, 

жәннатыма  кір»

302


,  –  деген  Хақ  Тағаланың  разылық 

сөзіне  иелік  етіп,  нағыз  аңсаған  арманы  мен  мақсат-

мұратына жетеді. Пайғамбарымыз осы аятты оқығанда: 

«Аллаһым!  Менің  нәпсіме  тақуалығын  бер  және  оны 

тазарт.  Сен  оны  тазартушылардың  ең  жақсысың. 

Сен оның қорғаушысы және иесісің»

303


 – деп, дұға етіп 

отырған. 

301

 Тәфсирул-Бәғәуи,  8-том,  439-бет;  әс-Сағди,  Тәйсирул-



Кәримир-Рахмән,  5-том,  407-бет;  Уәһбә  Зухәйли,  әт-

Тәфсирул-мунир,  15-том,  644-бет;  әр-Рази,  әт-Тәфсирул-

Кәбир, 31-том, 175-бет.

302


 «Фәжр» сүресі, 89/29-30.

303


 Нисаи,  әл-Хафиз  Әбу  Абдиррахман  ибн  Шуайб.  Сунән. 

Египет, 1964., Истиазә. 13, 65; Муслим. Зикр, 73; Ахмәд ибн 

Ханбәл. Муснәд. Египет, 1949.


284

Мәңгі мұғжиза

10. 


اَها َّسَد  ْنَم  َبا َخ ْدَقَو

 – «Әлдекім оны кірлетсе, қор 



болды». Яғни, кімде-кім оны сақтай алмай, күнәлармен 

шайқап, қадірін түсіріп, өлшемін бағалай алмаса, нағыз 

қайғы-қасіретке душар болады. Басқа сөзбен айтқанда, 

Хақ  Тағала  оны  теріс  жолға  салып,  адастырып,  шыға 

алмас  шыңырауға  тастайды.  Мақшар  күнінде  екі  көзі 

шарасынан шығып жан-жағына алақтап, қордың қоры 

болғанын  сезіп,  Аллаһ  Тағаланың  рақымынан  күдер 

үзіп, 


يِتاَي َحِل  ُتْمَّدَق يِنَتْيَلاَي ُلوُقَي

 – «Әттең-ай, өмірім үшін әу 



бастан жақсылық жасағанымда ғой»

304


! – деп зарлап, 

мәңгілік азап пен қайғы-қасіреттің ұйығына құлайды.  

Тәпсіршілердің  басым  көпшілігінің  тұжырымы 

бойынша,  алдыңғы  серттердің  жауабы  осы  екі 

сөйлемнен табылады. 

Бұл жерде илаһи шабыт арқылы нәпсіні тазартудың 

нұр, жарық және көкпен, ал нәпсісін кірлеткен адам түн 

қараңғылығымен  салыстырылған.  Сондықтан  да  Хақ 

Тағаланың  адам  бойына  үрлеген  сол  бір  рухты,  яғни, 

илаһи  нұрды  осылайша  қараңғылыққа  көмуі  неткен 

орны толмас қасірет десеңізші! Осыны мысал арқылы 

жандандыру үшін былай дейді:

11. 

اَهاَوْغَطِب  ُدوُمَث   ْتَبَّذَك



  –  «Сәмүд  қатты  азғындап 

жоққа  шығарды».  Аяттағы  Сәмүд  халқы  –  жер  беті-

нен жойылған араб тайпасы. Хақ Тағала оларға Салих 

пайғамбарды  жіберген.  Һәм  оларға  мұғжиза  ретінде 

ғажайып  түйе  жаратқан.  Бұл  түйе  Сәмүд  халқы  үшін 

сынақ  болатын.  Аллаһ  оның  емін-еркін  жайылуын, 

халыққа  құдықтың  суын  түйемен  алма-кезектесіп 

пайдалануын бұйырды. Яғни, құдықтың суын бір күн 

халықтың өзі ішсе, бір күн түйеге ішкізуі қажет болды. 

304

 «Фәжр» сүресі, 89/24.



285

Құран бақтары

Осы түйенің үш түрлі мұғжизасы болған. Бірінші: Хақ 

Тағаланың құдіретімен бір күні жартас жарылып, ара-

сынан осы түйе шыға келген. Екіншісі: бұл түйе өз кезе-

гі келген күні барлық құдықтардағы суды түгелдей ішіп 

тауысатын. Сол күні халық су ала алмайтын. Үшіншісі: 

ғажайып түйе су ішкен күні күллі халыққа жететіндей 

сүт беретін болған. Міне, осындай түйеге Хақ Тағала 

ешқандай  жамандық  жасамауын  әмір  етті.  Егер  оған 

қандай бір залал жасаса, жермен-жексен болатындығы 

ескертілді. Яғни, оған жамандық жасау Аллаһ Тағалаға 

қарсылық  саналып,  түйеге  зиянын  тигізгендер  Оның 

қаһарына ұшырайтын еді. Сондықтан, түйенің жараты-

лысы қалай мұғжиза болса, оған жамандық жасағанның 

азапқа  душар  болатындығы  да  мұғжиза  еді.  Алай-

да,  Салихтың  елі  бұған  сенбей,  айтқандарын  жоққа 

шығарып, жалған деп қарсы шыққан. Ендеше жалғандық 

жаман әдет болғандай, шындық пен ақиқатқа тұнған бір 

хабарды жоққа шығарып, өтірік деп айту да өте жаман 

әрекет әрі қиянат. Ал, бір пайғамбардың жеткізген ха-

барын жоққа шығару – оны жіберген Аллаһ Тағаланы 

мойындамау, теріске шығару болып саналады. 

Аяттағы 

اَهاَوْغَطِب

 – «тағуа» азғындық деген мағынаға 

саяды. (Бәлкім қазақ тіліндегі «тағы», «тағылық» сөзі 

осы сөздің өзгерген түрі болса керек). Сәмүд халқы тау 

тастарын ойып кәсіп қылған күшті, қуатты ел болған. 

Сондықтан да олар осы күштеріне әбден сеніп азғындап 

кеткені сонша өздеріне жіберілген пайғамбарға сенбей, 

сөздерін де өзін де жоққа шығарды

305


305


 Қараңыз;  Уәһбә  Зухәйли,  әт-Тәфсирул-мунир,  15-том,  647-

бет. 


286

Мәңгі мұғжиза

 12. 


اَهاَق ْشَأ  َثَعَبْنا ْذِإ

 – «Олардың ең азғын жауызы бас 



көтеріп қарсы шыққан сәтте». Яғни, жоққа шығарудың 

ең  айқын  белгісі  сол  сәтте  болды.  Халықтың  арасын-

да  тағылығымен  танымал  болған  Қудар  ибн  Салиф 

деген  бір  адам  топ  арасынан  атылып  шығып,  Салих 

пайғамбардың  «Түйеге  тиген  ауыр  азапқа  душар  бо-

лады» деген ескертуін «өтірік» деп жай тұрған түйені 

сабалап,  соққыға  жыға  бастайды.  Міне,  бұл  әрекет 

олардың әбден шектен шыққандарының белгісі болды. 

Өйткені, ғажайып түйені әлгі адам жанындағы қорқау 

серіктерімен  бірге  ұрып  жатқанда,  халық  жайбарақат 

қарағандықтары  үшін  олар  да  қарсы  шыққандардың 

қатарынан саналды. 

13. 

اَهاَيْق ُسَو ِ َّللا َةَقاَن ِ َّللا ُلو ُسَر ْمُهَل َلاَقَف



 – «Сонда Аллаһтың 

елшісі оларға: «Аллаһ Тағаланың түйесіне әрі оның суа-

рылуына килікпеңдер» деді. Сол кезде Салих пайғамбар 

араша түсіп: «Бұл Құдай Тағаланың сендерге жібер-

ген сынағы. Оған жолаушы болмаңдар. Болмаса ауыр 

азапқа душар боласыңдар», – деп тағы ескертті. 

14. 


اَهوُرَقَعَف  ُهوُبَّذَكَف

  –  «Бірақ,  олар  оның  сөздерін 



жоққа  шығарып,  түйені  өлтіріп  тастады».  Олар 

пайғамбарларының  айтқандарына  құлақ  аспады. 

Күндіз-түні  араларында  жүріп,  насихат  айтқанмен, 

халқы тым құрыса бір рет: «осының айтқаны дұрыс бо-

лып шықса жағдайымыз не болмақ?» – деп ойланып та 

көрмеді. Қайта 

اَهوُرَقَعَف

 – «ақара» сөзі бір малды құлатып, 

аяқтарын  байлап,  сойып,  өлтіру  деген  мағынаға  ке-

леді. Ендеше олар жазықсыз түйені ұрып қана қойған 

жоқ,  жерге  жығып,  байлап  бауыздап  өлтіреді.  Бұл 

іс-әрекеттері  олардың  азғындықтарының  ең  шектен 

шыққан түрі еді. 


287

Құран бақтары

Иә, бұл барлық пайғамбарларға қарсы шығып, жер 

бетінен  жоқ  болуға  айналған  қауымдардың,  Исламға 

қарсы  келіп,  шариғатты  «өткен  ғасырлардың  дәстүрі, 

қазіргі жаңа заманға сәйкес келмейді» – деп, Исламға 

күйе  жағып  азғындаған  әрбір  адам  мен  қоғамның 

шектен  шыққан  көрінісінің  де  мысалы.  Хадистерде 

айтылғандай,  Хақ  Тағала  бір  дінсіз  қоғамды  яки  бір 

кәпірді,  жермен-жексен  етпестен  бұрын  оларға  бел-

гілі бір уақытқа дейін тәубесіне келсін деп мүмкіндік 

береді.  Бірақ,  олар  әбден  шектен  шығып,  Қаһһар 

Тағаланың ашуына бір тисе, одан кейін ешқайда қашып 

құтыла  алмайды.  Бұл  олардың  бар  мүмкіндіктерін 

жоғалтқан  сәттері.  Және  бұл  мысал  қазіргі  кезеңдегі 

өздерін  жаңа  заманның  «Ислам  ғұламаларымыз»  деп 

жүрген кейбір мұсылмандарға да қатысты әңгіме. Олар 

мұсылмандарды христиандармен салыстырып, жаңаша 

ойлауға  шақырады.  Олардың  пайымдауынша,  бізден 

бұрынғы өткен Ислам ғұламалары, атап айтқанда, Рази 

тәрізді  тәпсіршілер  және  Имам  Ағзам  секілді  мазһаб 

имамдарының айтып және жазып кеткен кітаптарының 

бәрі де сол заманға ғана тән ғылым. Олардың бұл күнге 

беретін ешқандай пайдасы жоқ. Олар мұнымен де шек-

телмей  Имам  Бухари,  Муслим  тәрізді  хадисшілердің 

миллиондаған  хадистердің  ішінен  таңдап  жазған 

хадистерін  өздерінің  ойлары  деп  жартысын,  тіпті 

бәрін түгелдей «сахих» емес, тіпті жалған деп, жоққа 

шығарады. Жоққа шығарып қана қоймай, «

اَهوُرَقَعَف

» «фә 


ақаруһә»  мәселесіндей  хадистерден  мысал  келтіріп, 

олардың ақылға қонымсыздығын дәлелдемекке тыры-

сады.  Міне,  бұлардың  іс-әрекеттері  Сәмүд  халқының 

Хақ  Тағаланың  жіберген  мұғжиза-түйесін  бауыздап, 

жоққа шығарғандықтарымен бірдей. 


288

Мәңгі мұғжиза

15. 


اَهاَّو َسَف ْمِهِبْنَذِب ْمُهُّبَر ْمِهْيَلَع َمَدْمَدَف

 – «Сонда Раббыла-



ры  оларға  қылмыстарының  салдарынан  апат  жі-

беріп,  түгелдей  жермен-жексен  етті».  «Хижр» 

сүресінде: 

ُة َحْي َّصلا ْمُهْتَذ َخَأَف

  – «Сонда оларды ащы дауыс 



бас  салды»

306


  –  деп  айтылғандай,  Сәмүд  халқының 

үстіне ауыр азап найзағайдай жарқ етіп түсіп, бәрін бір 

сәтте  жермен-жексен  етіп,  жер  бетінен  жоқ  қылды

307


Көп жылдар, бәлкім, ғасырлар бойы ғұмыр кешіп келе 

жатқан  қоғам  бір  сәтте  жер  бетінен  жоғалып,  Сәмүд 

халқы бұрын-соңды өмір сүрмегендей ізім-қайым кет-

ті. Иә, Хақ Тағаланың қаһарына ұшыраған ел, не жеке 

тұлғаның  ақыры  осылай  болмақ.  Өйткені,  олар  киелі 

түйені  бауыздағанындай өз тағдырларын өздері шеш-

кен  еді.  Аллаһ  Тағаланың  ашуына  тиген  елдің  ажалы 

кейде су тасқыны, кейде жерден шыққан от, енді бір-

де зілзала, тағы басқа біз білмейтін орасан пәлекеттер 

арқылы  болады.  Міне,  Сәмүд  халқы  да  ащы  дауыс 

арқылы  бізге  беймәлім  бір  пәлекетке  тап  келіп,  тау-

ды  ойып  салған  үйлерімен  қоса  түгелдей  тып-типыл 

болды.  Аллаһ  Тағаланың  түйені  жартастан  шығарып, 

күллі  құдықтардың  суын  бір  өзіне  ішкізіп  көрсеткен 

мұғжизасында  құдіретінің  шексіздігін  түсінер  деген 

ғибрат  жатыр  еді.  Өйткені,  олардың  өмірі  тау-таспен 

тікелей  қатысты  болған.  Олар  сол  тауларды  тесіп  са-

райлар тұрғызып, өмір сүрген. Ал тасты ойып, үй салу 

деген  екінің  бірінің  қолынан  келе  бермейтін  іс.  Олар 

тас  дегеннің  не  нәрсе  екендігін  жақсы  білетін.  Және 

түйе олардың малының төресі, яғни, тіршілік көзі еді. 

306

 «Хижр» сүресі, 15/83.



307

 Тәфсирул-Бәғәуи.  8-том,  440-бет;  әс-Сағди.  Тәйсирул-

Кәримир-Рахмән,  5-том,  407-бет;  Уәһбә  Зухәйли.  әт-

Тәфсирул-мунир, 15-том, 649-бет.



289

Құран бақтары

Аллаһ Тағала олардың ең қатты деген жартасты жарып, 

түйе яғни, жанды нәрсені жаратып көз алдарына қойды. 

Аллаһ  Тағаланың  құдіретімен  жартас  екеш  жартас  та 

қақ  айырылып,  қақпадай  ашылады.  Ендеше  ең  қатты 

нәрседен ең жұмсақ тіршілікті жаратқан Құдайдың бұл 

құдіреті  олардың  көкірек  көздерін  ашуға  жетпей  ме? 

Бірақ,  олардың  жүректері  сол  жартастардан  да  қатты 

болып  шықты.  Хакім  Абайдың  «Жартасқа  бардым, 

күнде  айқай  салдым»  дегеніндей,  Аллаһ  Тағаланың 

құдіреттілігіне жартас тағзым етіп, қақ айырылғанмен 

олардың тас жүректері міз бақпай қойды.

اَهاَّو َسَف

 – «Әрі оларды түп-түзу, бірдей етті». Яғни, 

сол  халықтың  арасындағы  ең  азғындары  мен  оның 

серіктерін ғана емес, Салих пайғамбарға иман келтір-

мей, түйеге тиген кезде үнсіз қалған адамдардың бәрін 

де  бала-шағасымен  қосып  тып-типыл  етті.  Аллаһтың 

пәлекеті  бір  елге  келгенде  сол  елдің  бейкүнәларын 

да  бірге  алып  кетеді.  Өйткені,  пәлекетті  шақырған 

сол  елдің  үлкендері,  ата-аналары.  Кінә  да,  обал  да 

солардың мойнында. Неге десеңіз пәлекетті шақырған 

егделері.  Қандай  да  бір  қоғам  пәлекетті  де,  берекет-

ті  де  іс-әрекеттерімен  және  мінездері  арқылы  өздері 

шақырады. 

16. 


اَهاَبْقُع  ُفا َخَي  َلاَو

 – «Аллаһ Тағала оның ақырынан 



қорықпайды». Яғни, Хақ Тағала берген азабы мен жа-

засынан кейін: «бұның ақыры қалай болар екен, обал 

болып  залалы  тиіп  жүрмей  ме?»  –  деп  абыржымай-

ды

308



.  Өйткені,  Ол  –  ғаламзаттың  Ұлы  Жаратушы-

сы. Жаратқанын не істеймін десе, өзі біледі. Ол – 

ٌلاَّعَف 

308


 Елмалылы М. Хамди Языр, Хақ діні Қуран ділі, 9 том. 240-

250 бет.


290

Мәңгі мұғжиза

ُ

ديِرُي اَمِل



  –  «Қалағанын  жасаушы»  және 

ُلَعْفَي اَّمَع  ُلَأ ْسُي  َلا

 

–  «Жасағанынан  сұралмайды».  Аллаһ  Тағаланың 



жаратқан  ісінде  ешқандай  мін  жоқ.  Ол  –  мін  мен 

нұқсандықтан  мүлдем  ада.  Пенде  өзін  жамандыққа 

тартса да, Аллаһ Тағала оларды әрдайым жақсылыққа 

үндейді. Демек, адам, қоғам өзіне-өзі зұлымдық істей-

ді. Тағдыр да оған әділдік жасайды.  

Сәмүд  халқы  тәрізді  Аллаһ  елшісін  жалғанға 

шығарып, нәпсісіне еріп азғындағандар ақыр соңында 

айықпас ауыр азапқа кезігеді Ал, адам баласы Ақырғы 

елшіге иман келтіріп, оған берілген мұғжизаларды рас-

тап,  Құран  мен  сүннет  нұрына  малынып,  нәпсілерін 

тақуалыққа баулыса, мәңгілік азаттыққа жетеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет