Алматы 2011 Мұхитдин исаұлы мәҢгі мұҒжиза ислам мәдениеті мен білімін



Pdf көрінісі
бет19/29
Дата07.02.2017
өлшемі1,61 Mb.
#3609
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29

«ДҰхА» СүРЕСІ

ِمي ِحَّرلا  ِنم ْحَّرلا ِللا ِم ْسِب

 }3{ ىَلَق اَمَو  َكُّبَر  َكَعَّدَو اَم }2{ ى َج َس اَذِإ  ِلْيَّللاَو }1{ ى َح ُّضلاَو

 ى َضْرَتَف   َكُّبَر  َكيِطْعُي  َفْوَسَلَو }4{ ىَلوُ ْلأا َنِم  َكَّل ٌرْي َخ ُةَر ِخ ْلَلَو

  َكَد َجَوَو }7{ ىَدَهَف ً ّلاا َض  َكَد َجَوَو }6{ ىَوآَف ًاميِتَي  َكْد ِجَي ْمَلَأ }5{

 ْرَهْنَت  َلاَف َلِئاَّسلا اَّمَأَو }9{ ْرَهْقَت  َلاَف َميِتَيْلا اَّمَأَف }8{ ىَنْغَأَف ًلاِئاَع

}11{  ْثِّد َحَف  َكِّبَر ِةَمْعِنِب اَّمَأَو }10{

Мағынасы

1.  «Күннің көтеріліп жарқыраған сәске мезгіліне.

2.  Тыныштық ораған түнге ант етейін!

3.  (Ей, Елшім!) Раббың сені тастамады да кейімеді.

339

 Тәфсирул-Бәғәуи,  8-том,  448-бет;  Уәһбә  Зухәйли,  әт-



Тәфсирул-мунир,  15-том,  662-бет;  Қараңыз;  Елмалылы  М. 

Хамди Языр, Хақ діні Қуран ділі, Станбул. тз. 9-том. «Ләйл» 

сүресі.  

340


 «Тәубе», 9/72.

310

Мәңгі мұғжиза

4.  Әлбетте,  сен  үшін  әрқашан  істің  ақыры 

алғашқысынан әлдеқайда қайырлы.

5.  Әлбетте, Раббың саған шарапатын төгіп, дән риза 

боласың.

6.  Ол (Аллаһ) жетім қалғаныңда қамқорлыққа алма-

ды ма?

7.  Сені  діннің  үкімдерінен  бейхабар  қалып,  қатты 



абыржып  мұңайғанда,  тұп-тура  жолға  салмады 

ма?


8.  Кедейлікке түскеніңде дәулетке кенелтпеді ме?

9.  Ендеше жетімнің ақысын жеп, басынба.

10.  Тіленші, сұраушыға дөрекілік жасап, зекуші бол-

ма.


11.  Раббыңның  ырыс-нығметтерін  тоқтаусыз,  толас-

сыз айтып түсіндір».

«Дұха» сүресі Меккеде түскен. Сүре он бір аяттан 

тұрады. Есімін бірінші аяттағы «Дұха» сөзінен алған. 

Бұл  сүреде  күннің  саф  алтындай  жарқыраған  сәске 

мезгілі  мен  түннің  қараңғылықты  жамылып,  айнала 

тыныштыққа  оранған  мезгіліне  ант  етіледі  де,  Аллаһ 

Тағаланың  Елшісін  тастамағанын,  оған  кейімегенін 

және  өмірінің  ақыры  әуелгісінен  және  ақыреті  бұл 

дүниеден  әлдеқайда  жақсы  екендігі  айтылады.  Соны-

мен  қатар,  Хақ  Тағала  мол  несібе  беріп  оны  разы  ет-

кенін айтып көңілін жұбатуда. Және Аллаһ Тағаланың 

оған берген дүние мен ақырет нығметтері үшін шүкірін 

жария етуі әмір етілген.



Түсу себебі

Пайғамбарымызға  алғаш  уахи  түскен  соң  әрі 

қарай  жалғасын  таппай  тоқтап  қалады.  Осыған  қатты 


311

Құран бақтары

абыржыған Ақиық елші көңіліне қаяу түсіп, мұңаяды. 

Уахидың тоқтауы мен себебіне қатысты әр түрлі риуа-

яттар бар.  

Бухарида Аллаһ елшісі бір күні мазасызданып, екі-

үш күн бойы түнде құлшылық жасай алмайды. Бір әйел 

Пайғамбарымызды келеке етіп: «Ей, Мұхаммед! Иеңді 

көрмей  тұрмын.  Шамасы  сені  тастаған  болса  керек», 

–  дейді.  Осыған  орай  Аллаһ  Тағала  «Дұха»  сүресін 

түсіреді. 

Муслим  мен  Тирмизиде  риуаят  етілген  хадис-

те  бірде  уахидың  кешіккені  айтылады.  Осыны  білген 

мүшріктер: «Мұхаммедті Иесі тастап кетті» деп айта-

ды.  Аллаһ  Тағала:  «Раббың  сені  тастамады  да  кейі-



меді» деп, «Дұха» сүресін түсіреді. 

Уахидың төрт күн, он екі күн, он бес күн, жиырма 

бес күн және қырық күн тәрізді әртүрлі кешігу мезгілі 

хақында деректер бар

341



Тәпсірі



1. 

ى َح ُّضلاَ

    –  «Күннің  көтеріліп  жарқыраған  сәске 

мезгіліне».  Дұха  –  күннің  найза  бойы  көтеріліп, 

жарқырап  көрінген  сәске  мезгілі

342

.  Бірақ,  бұл  жер-



де  «Дұха»  сөзі  –  түнге  қарама-қарсы  ұғымда  беріліп, 

ап-айқын  күндіз  мағынасында  айтылған.  Яки  ақиқат 

күнінің Мұхаммед көкжиегінен көтеріліп, «Әлемдерге 

рақым етіліп» («Әнбия», 107) жан-жаққа елшілік мін-

деті арқылы жарық шаша бастаған заманға ишарат. 

341

 Тәфсирул-Бәғәуи, 8-том, 453-бет.



342

 Уәһбә Зухәйли. әт-Тәфсирул-Мунир, 15-том, 667-бет. 



312

Мәңгі мұғжиза

2. 


ى َج َس  اَذِإ   ِلْيَّللاَو

  –  «Тыныштыққа  оранған  түнге 



ант етейін!». Аятта ант етілген түн мезгілі – айналаны 

түгелдей қараңғылық басып, тыныштық ораған шақ. 

Аллаһ Тағала осы екі мезгілге ант етуінің бір хик-

меті де мынау болса керек: Күн жарықта, яғни күндіз 

адамдар  қыбыр-қыбыр  тіршіліктен  шаршайды.  Түн 

қараңғылығы  шаршап,  қалжыраған  адам  баласының 

тынығып, тыныс алу үшін аса қажет. Сондай-ақ, Аллаһ 

Елшісіне уахи ауыртпалық түсіретін. Хақ Тағала уахи-

ды кешіктіру арқылы Оның ауыртпалығын жеңілдетеді. 

Уахи күндізгі жарық тәрізді. Оның тоқтауы да түннің 

тыныштығына ұқсайды.

Қысқасы, қараңғылықтан –  жарыққа, жарықтан – 

қараңғылыққа  алма  кезек  тоқтаусыз  алмасқан  заман 

мезгілдеріне, яғни, алғашқы өмір мен тіршіліктің бас-

талу сәті болған сәске шағына, сол жарықты тұмшалап, 

болашақ  жаңа  өмір  мен  бақыттылықтың  бастауы  әрі 

сүйіншісі саналған түннің қараңғылық басқан үнсіздік 

шағына ант етейін:

3. 

ىَلَق  اَمَو  َكُّبَر  َكَعَّدَو اَم 



    –    «(Ей,  Елшім!)  Раббың 

сені тастамады да кейімеді»

َكَعَّدَو

 – «Уаддаға» сөзі – 

қонақтың қоштасуы мағынасымен қатар, түгелдей тастап, 

қол үзіп кету мағынасында қолданылады. Аллаһ Тағала 

хақында  қоштасу  мағынасы  мүмкін  болмағандықтан, 

екінші «тәрк ету, қол үзу» мағынасында тәпсірленген

343


Сүренің  түсу  себебі  де  осыған  дәлел.  Яғни,  «Раббың 

сені тастамады да кейімеді».

343


 Тәфсирул-Бәғәуи,  8-том,  454-бет;  әс-Сағди.  Тәйсирул-

Кәримир-Рахмән, 5-том, 413-бет.



313

Құран бақтары

4. 


ىَلوُ ْلأا  َنِم  َكَّل ٌرْي َخ ُةَر ِخ ْلَلَو

    –    «Әлбетте  сен  үшін 



әрқашан  істің  ақыры  алғашқысынан  әлдеқайда 

қайырлы». Сенің әрбір хал-ахуалыңның ақыры, сен үшін 

бастапқысынан әлдеқайда қайырлы. Яғни, сен күннен-

күнге ілгері қарай, ізгілікке қарай биіктей бересің. Мы-

салы, өміріңнің бастапқысына қарағанда пайғамбарлық 

өмір және пайғамбарлықтың басталған кезде уахидың 

келуіне  қарағанда  оның  тоқтауы,  әрі  оның  тоқтауына 

қарағанда,  қайтадан  басталуы  әлдеқайда  жақсы. 

Және осы сүренің түсуінен кейінгі өмірлерінің ақыры 

алғашқыларынан  әлдеқайда  қайырлы.  Сондай  ақ,  бұл 

дүниеге қарағанда – ақырет абзалырақ. Міне, осылайша 

жақсыдан – жақсыға қарай биіктей бересің.

Аяттағы «Сен үшін» Пайғамбарға қарата айтылған. 

Сонымен  қатар,  оның  үмбеті  үшін  де  айтылған  десе 

қателік болмайды. Ендеше Пайғамбарға қайырлы несі-

бе – үмбетіне де қайырлы. 

Сүреде Хақ Тағала сол нығметтердің қандай екен-

дігін аша түсіп, былай дейді:

5. 


ى َضْرَتَف   َكُّبَر   َكيِطْعُي   َفْوَسَلَو

  –  «Әлбетте  Раббың 



саған  шарапатын  төгіп,  разы  боласың».  Раббың  ке-

лешекте  саған  мол  шарапатын  төгеді  де  сен  дән  риза 

боласың.  Барлық  мұң-қайғың  көшкен  бұлттай  ыды-

рап, ауыртпалықтарың тұмандай сейіледі де, сен ешбір 

күмәнің  қалмай  толайым  шаттыққа  кенеліп,  мәңгілік 

әлемде риза боласың.



«Раббың саған мол шарапатын төгіп, сен дән риза 

боласың» аятын Хасан Басри: «бұл – Аллаһ елшісінің 

үмбетіне  деген  шапағаты»  деп  түсіндіреді.  Аллаһ  ел-

шісі: «Мен Раббым маған: «Разымысың, Мұхаммед?» 

дегенге  дейін  үмбетіме  шапағат  етемін.  Сол  кез-


314

Мәңгі мұғжиза

де  «Иә,  Раббым,  ризамын»  деймін»

344


,  –  дейді.  Басқа 

бір  хадисте  де:  «Әр  пайғамбардың  қабыл  етілген  бір 



дұғасы  бар.  Барлық  пайғамбарлар  дұғаларын  шұғыл 

жасаған. Мен болсам дұғамды қиямет күні үмбетіме 

шапағат ету мақсатында сақтадым»

345


, – дейді. Ибн 

Аббас осы аятты «Оның ризалығы – үмбетінің барлығы 



жаннатқа  кіруі»  –  деп  түсіндіреді.  Аллаһ  елшісінің 

үмбеті  хақындағы  риза  мен  шапағатына  жету  де,  тек 

қана иман келтіріп, ізінен жүру арқылы болмақ

346


.

Негізінде  аяттың  кеңдігіне  көз  салсақ,  бұл  жер-

дегі  мағына  «шапағат»  қана  болмаса  керек.  Кей-

бір  ғұламалар  аталмыш  аятты:  «Ең  лайығы  оның 

бұл  дүниеде  берілген  мол  шарапатты  да,  ақыреттегі 

жақсылықтарды да қамтуы. Әлбетте ақыреттегі шара-

паттар бұл дүниедегіден әлдеқайда биік болмақ», – деп 

баяндайды.

Ары қарай аятта Аллаһ елшісі (с.а.с.) үшін әрқашан 

ақырғысы  алғашқыларынан  әлдеқайда  жақсы  екен-

дігін,  адамдарды  қалтқысыз  сендіру  мақсатымен, 

бұрынғы берілген үлкен нығметтерді мысал ету арқылы 

дәлелдейді.

6. 


ىَوآَف ًاميِتَي  َكْد ِجَي ْمَلَأ

  –  «Сені  жетім  түрде  тауып 



қорғаныш,  арқау  сүйеу  болмады  ма?».  Аллаһ  елшісі 

(с.а.с.)  әкесі  Абдуллаһтан  құрсақта  жатқанда  жетім 

қалып,  дүниеге  келген.  Дүниеге  көзін  ашқанда  жа-

нында  анасы  мен  Абдулмұтталиб  бар  еді.  Кейіннен 

алты  жасында  анасынан  да  айырылды.  Алғашында 

Абдулмұтталиб одан кейін оның өсиеті арқылы неме-

ре ағасы Әбу Талиб қамқоршысы болған. Міне, Аллаһ 

344


 Суити. Дуррул-Мәнсур, 7, 534.

345


 Бухари. Тәухид 31; Муслим, Иман 338.

346


 Қараңыз; Тәфсирул-Бәғәуи, 8-том, 455-бет.

315

Құран бақтары

Тағала  елшісін  әкесінен  жетім  қалған  кезінен  бастап, 

толықтай қамқорлығына алды. Өскен сайын ақырғысын 

алғашқысынан қайырлы қылып, оңаша тәрбиелеп, оны 

ешқашан тәрк етіп, тастамаған еді. Аят жетімді әркім 

шамасы жеткенінше қамқорлығына алуы керектігін на-

сихаттайды.  Әрі  хазіреті  Пайғамбарды  қамқорлығына 

алған  Аллаһ  Тағала  екендігін  білдіріп,  жетімді 

қанатының  астына  алған  қашан  да  Хақ  Тағаланың 

ризалығына қауышатынын меңзейді.

7. 

ىَدَهَف ً ّلاا َض  َكَد َجَوَو



 – «Сені діннің үкімдерінен бейха-

бар жүргенде тауып, таңдап тұп-тура жолға салмады 

ма?». Аллаһ Елшісі әсте сенім мәселесінде қате қадам 

жасап көрген емес. Аллаһ Тағаланың дара екеніне сеніп 

өсіп, ешбір пұтқа табынуды білмеген. Аллаһтан өзгені 

құдай  демеген,  ешқандай  жаманшылық  жасамаған. 

Ақиық  елші  пайғамбар  болмай  тұрып  та  елінің  діни 

сенімдерінің бұрыстығын терең аңғарған жан еді. Әһлі 

кітап  саналған  христиан  мен  яһудейлердің  де  шектен 

шыққанын  жақсы  сезген-ді.  Алайда,  адасқандарды 

қалай тура жолға салып, Хаққа бет бұрғызарын білмей 

қатты  ойға  батып  күй  кешкен  еді.  Сондықтан,  Аллаһ 

Тағала былай деген: Яғни, сен пайғамбарлықтан бұрын 

ақылмен табу мүмкін емес ақиқаттар мен шариғаттардан 

бейхабар қалып, тура жол іздеп қатты толғанған біреу 

едің.  Сол  кезде  Раббың  сені  таңдап,  тұп-тура  жол-

ды  көрсетпеді  ме?  Уахи  арқылы  жіберген  кітаппен 

білмегендеріңді үйретіп, ақиқатты танытпады ма?

8. 

ىَنْغَأَف ًلاِئاَع  َكَد َجَوَو



  – «Сені кедей күйінде тауып, 

соңынан  байытпады  ма?».  ً

لاِئاَع


  –  «Айыл»  –  кедей, 

жоқшылық көруші деген сөз

347

. Яғни, сен дәулеті жоқ 



347

 Уәһбә Зухәйли. әт-Тәфсирул-мунир, 15-том, 669-бет.



316

Мәңгі мұғжиза

біреу  едің.  Сол  кезде  сені  таңдап  дәулетті  етпеді  ме? 

Өйткені,  Аллаһ  елшісіне  (с.а.с.)  әкесінен  бір  ұрғашы 

түйе және бір қызметшісінен өзге ешбір мирас қалмаған 

болатын. Аллаһ Тағала оған алдымен Шамға жасаған 

саудалық сапарынан мол берекет берді. Сосын хазіреті 

Хадишамен үйленген кезде оның барлық дәулетін оған 

сыйға тартқызып байытқан-ды. Осылайша оны бөгдеге 

кіріптар болудан құтқарған. 

Аллаһ Тағала елшісіне (с.а.с.) берген үш нығметін 

атап көрсеткен соң, оның қарымы етіп оған үш нәрсені 

әмір етеді:

9. 

 ْرَهْقَت   َلاَف  َميِتَيْلا  اَّمَأَف



–  «Ендеше  жетімнің  ақысын 

жеп қорлама». Олай болса сен де Раббыңның  берген 

және  беруге  уәде  еткен  шарапаты  мен  нығметтерінің 

шүкіршілік  белгісі  етіп,  жетімдерді  қорлап,  зекуші 

болма


348

.  Жетімдерді  жұрттан  ұят  болып  жүрер  де-

ген оймен емес, тек адам болғаны үшін ғана қадірлеуі 

тиіс.  Өйткені,  бір  хадисте  Аллаһ  елшісі:  «Мен  және 



(Құдайдан қорқып) жетімге кепіл болған кісі мына еке-

уі тәріздіміз» деп екі саусағын көрсетеді

349


.

10. ْ


رَهْنَت  َلاَف  َلِئا َّسلا اَّمَأَو

  – «Тіленшіге дөрекілік жасап, 



зекуші болма». Тіленшіні, яки, сұраушыны жазғырма, 

қайта мол шарапатыңды төгіп, қажеттіліктерін бер не-

месе бере алмасаң да жылы сөйле.

Тәпсіршілердің  кейбірі  َ

لِئا َّسلا

,  «Сәйілді»  –  «дүние 



сұраған  тіленші»  деп  түсіндірген

350


.  Егер  тіленуші 

қоймай сұрап, табандылық танытса, онда жылы сөзбен 

348

 әс-Сағди. Тәйсирул-Кәримир-Рахмән, 5-том, 414-бет.



349

 Бухари.  Талақ,  25,  Әдәб  24;  Муслим.  Зуһд  42;  Әбу  Даууд. 

Әдәб 123; Тирмизи. Бирр 14; Муатта, Шир 5.

350


 Тәфсирул-Бәғәуи, 8-том, 458-бет.

317

Құран бақтары

шығарып салуы тиіс. Алайда, бұл да пайда бермейтін 

болса тіленушіге қаттырақ айтуда күнә жоқ. Өйткені, 

Құранда  нағыз  тіленушілердің қандай  екендігін баян-

дап  келіп: 

اًفا َحْلِإ  َساَّنلا َنوُلَأ ْسَي  َلا ْمُهاَميِسِب ْمُهُفِرْعَت

  –  «Оларды 

бейнесінен-ақ танисың. Олар адамдардан бетін жыр-

тып,  жабысып  сұрамайды»

351


,  –  дейді.  Яғни,  Аллаһ 

Тағаладан  ұялмай,  қайта-қайта  артыңнан  қалмай  жа-

бысып  сұраған  тіленушілерді  Ислам  діні  орынсыз 

санаған.


  Кейбір  ғалымдар 

َلِئا َّسلا

  –  «Сәйілді»  мал,  дүние, 

қайыр тілеуші емес, ілім мен дін жайлы сұрақ сұраушы 

деп те тәпсірлеген. Өйткені, қайыр тіленушіге қолынан 

келе  тұра  бермей,  бар-жоғы  жылы  сөзбен  шығарып 

салған  адамды  Исламда  жазғырмаған.  Алайда,  ілім 

сұраған адамға ілімі бар кісінің жауап бермеуін Ислам 

құптамайды. Бір хадисте: «Өзінен ілім сұрағанда, оны 

жасырған адамға (ақыретте) оттан ауыздық салынады»

352

 

дейді. 



Ендеше 

َلِئا َّسلا

  –  «Сәйіл»  (сұраушы,  тіленуші)  кім 

болса да әуел баста бірден бетін қайтармай, жылы сөз 

айтуы тиіс. Егер ұялмай бетін жыртып, артынан қалмай 

жабысқан  жағдайда  ғана  оған  лайық  сөз  айтылса 

орынды болмақ. Аллаһ Тағаланың «Оларды бейнесін-

ақ  танисың»  деп  анықтап  көрсеткен  жоқ-жітіктерге 

пенденің шамасы жеткенше көмектескені абзал.

Іздену қашан да мадақталған. Бұл жерде әдепсізке 

бармай,  шектен  шықпау  шартымен  табандылық 

көрсетіп, жалыну да ізгілік саналған. Мал мен дүние ті-

351

 «Бақара» сүресі, 273.



352

 Әбу Даууд. Илим 9; Тирмизи. Илим 3; Ибн Мәжә. Муқаддимә 

24; Муснәд, 2, 263.


318

Мәңгі мұғжиза

лену күнә. Бірақ, өз күш-қуатымен мал табуға шамасы 

жетпеген жоқ-жітіктерге арнайы рұқсат бар.

11. 


ْثِّد َحَف   َكِّبَر  ِةَمْعِنِب  اَّمَأَو

  –  «Раббыңның  ырыс-



нығметтерін  тоқтаусыз,  толассыз  түсіндір».  Тек 

қана  желбуаз  сөз  айтып,  тәкаппарлану  мақсатымен 

емес,  қадірін  біліп,  шүкіршілік  ету  үшін  Раббыңның 

бергендерін көрсетіп және одан өзгелер де пайдалана 

алатындай  түрде  сөз  және  іс-қимыл  арқылы  да  жет-

кіз.  Өйткені,  берілген  ырыс-нығметті  айту  пенденің 

жасаған шүкіршілігі. 

Нығмет  жайлы  сөз  қозғап,  оларды  паш  етудің 

әртүрлі  мағыналары  бар.  Әрбір  нығмет  құрамы 

жағынан өзіне сай түрде сипатталады. Бұл – адамның 

Аллаһ  Тағалаға  шүкіршілік  етуі  және  барлық  беріл-

ген несібелердің Құдай Тағаланың шарапаты екендігін 

білуі.  Жалпы  адамның  бейнеттенуі  мен  қайраттанып 

күш-жігер  салуы  оның  дүние  табуға  деген  дұғалық 

пейілі  ғана.  Аллаһ  Тағала  құлына  сол  ықыласты  бей-

неті үшін дұғасын қабыл етіп, табысқа кенелтпек. Хақ 

Тағаланың  берген  байлыққа  пендесі  өзім  жеттім  деп 

тасып кетпей, сол үшін шүкіршілік қылып, Оныкі екен-

дігін паш етуі тиіс.

Мысалы,  Хақ  Тағаланың  ең  сүйікті  құлына  бер-

ген  пайғамбарлығы  –  ең  үлкен  нығмет.  Ендеше 

пайғамбарлық нығметінің айтылуы: Дағуат пен тәблиғті 

(дінге шақыру) тұп-тура және толықтай іске асыру.

Кұран нығметін айту – оны оқып халыққа түсіндіру, 

әмірлерін орындап, тыйым салғандарынан тыйылу, біл-

мегендерге үйрету әрі тәлім-тағылымдарын елге жеткі-

зу.

Тура жол нығметінің айтылуы – адасқан жандарға 



тура жолды көрсету. Сонымен қатар осы іс барысын-

319

Құран бақтары

да барлық ауыртпалық пен көрген зәбір шеккен жапаға 

төзімділік танытып, сабырлық көрсете білу. 

Атақты ғұлама Алуси аятты: Сен жетім едің, дінді 

танымайтын да едің, кедей едің. Аллаһ сені қорғанына 

алып, саған тура жолды көрсетіп, дәулетті етті. Аллаһ 

Тағаланың саған берген нығметін ұмытпа. Сол себеп-

ті жетімге мейірім-шапағатыңды төгіп, жоқ-жітіктерге 

жәрдем жасап, тіленушіге жаның ашысын. Өйткені, сен 

жетімдік пен кедейліктің қандай екенін жақсы білесің. 

Раббың  саған  тура  жол  көрсеткеніндей,  сен  де  Оның 

құлдарына тура жолды көрсет, – деп түсіндіреді. 

Иә,  Құран  жалпы  адамзатқа  түскен.  Сондықтан 

да  осы  сүреден  әрбір  мұсылманның  алар  үлесі  бар. 

Мәселен,  жетім  болып,  жоқшылықтың  зардабын 

көріп  өсіп,  кейіннен  байығандар,  малының  саны-

нан  жаңылысқан  небір  ауқатты  жандар  бар.  Өмірдің 

жоқшылығын  тартып,  байлыққа  кенелген  адамдар, 

кедейлік пен жоқшылықтың қандай екенін өте жақсы 

біледі. Өйткені, өзі сондай ортадан шыққан. Олай болса, 

әлі де сондай күйде өмір сүріп жатқандардың халін бай 

баласына қарағанда әлдеқайда жақсы сезінеді. Бұл жер-

дегі аят сондай адамдарға да байлықты берген – Аллаһ 

Тағала деп тұр. Сен оның қадірін біліп, шүкіршілік қыл. 

Оның белгісі ретінде жоқ-жітіктер мен жетім-жесірлер-

ге қолұшын беріп, қолыңнан келгенін аяп қалма. 

Мұның  мысалы,  Абайдың  «Сен  де  бір  кірпіш 

дүниеге,  кетігін  тап  та  бар  қалан»  дегеніндей,  өмірде 

адасып,  орнын  таппай,  қайраңда  қалған  жайындай  әр 

нәрсеге  басын  бір  ұрып  жүргенде  тура  жолды  тауып, 

өмірге неге келгенін аңғарып, арнасын тапқан ағындай 

жан сарайына жайма шуақ көктем туып, бақыттылыққа 

оранған  небір  жандар  бар.  Ендеше,  олар  үшін  де  сол 


320

Мәңгі мұғжиза

нығметтің шүкіршілігінің белгісі – өзі тәрізді жол тап-

пай, адасып жүргендерге қол ұшын беріп, тура жолды 

таныттыруы. Өйткені, ол адасу мен қараңғылықтың не 

екендігін көзін ашқанда тақуа отбасында дүниеге кел-

ген адамға қарағанда әлде қайда жақсы сезініп, ұғына 

алады. 

Сондай-ақ,  тұтас  бір  қоғамға  да  қатысты.  Мыса-



лы, біздің қазақ елі жетпіс жыл бойы Кеңес өкіметінің 

қараңғылық  қапасында  атеистіктің  зардабын  тартып 

келді. Қайда барарын, болашағы қандай боларын біле 

алмай  қатты  дағдарды.  Дұшпандар  бұл  ел  қайтып 

мұсылман ел болмайды деп баға берді. Бейне бір Хақ 

Тағала теріс қараған ел тәрізді еді. Алайда олай болмай 

шықты. Хақ Тағала сан ғасырлар бойы Өзіне құлшылық 

қылып келген мұсылман қазақтың ұрпағын далаға тас-

тамады. Не істерін білмей қатты дағдарған кезде рақым 

етіп, мол шарапатын төгіп, тәуелсіздікті нәсіп қылды. 

Өзіне деген сенімін жүректерде көктемде қайта бүршік 

жарған көктердей қайта оятып, иман нұрын себелетті. 

Ақырғысы  алғашқысынан  әлдеқайда  қайырлы  деген-

дей, әлі талай алда мол шарапатын төге бермек. Енде-

ше, шүкіршілік етіп, қоғамның жоғары лауазымдылары 

төмендегі  қоғамның  қауқарсыз  мүшелеріне  қолұшын 

созып,  жәрдем  беруі  абзал.  Бұл  айтылғандар  аяттың 

тікелей мән-мағынасы емес. Бірақ, осы сүрені оқыған 

жандар ақыл қуатына қарай терең мәннің парқын біл-

мек. 


«Дұха»  сүресінің  ақырында  және  бұдан  кейін  де 

Құран аяқталғанға дейін әрбір сүренің соңында тәкбір 

айту (Аллаһу әкбәр) – сүннет. Бұл Аллаһ елшісінен біз-

ге жеткен хабар. Ілгеріден бері осылай айтылып келген. 

Жеті қырағат имамдарының бірі Ибн Кәсир арқылы біз-


321

Құран бақтары

ге жеткен. Бұның себебі уахидың кешігіп, бір шамадан 

соң қайта түскен кезде Аллаһ елшісі (с.а.с.) қуанышы 

қойнына сыймай, «Аллаһу Әкбәр» деген

353

.  


«ИНшИРАх» СүРЕСІ

ِمي ِحَّرلا  ِنم ْحَّرلا ِللا ِم ْسِب

  َضَقنَأ يِذَّلا }2{  َكَرْزِو  َكنَع اَنْع َضَوَو }1{  َكَرْد َص  َكَل  ْحَر ْشَن ْمَلَأ

  َعَم َّنِإ  }5{ ًار ْسُي ِر ْسُعْلا َعَم َّنِإَف }4{ َكَرْكِذ  َكَل اَنْعَفَرَو }3{ َكَرْهَظ

}8{ ْبَغْراَف  َكِّبَر ىَلِإَو }7{  ْب َصناَف  َتْغَرَف اَذِإَف }6{ ًار ْسُي ِر ْسُعْلا

Мағынасы:

1.  «Біз сенің көкірегіңді ашып кеңейтпедік пе?

2-3. Беліңді қайыстырған ауыр жүгіңді түсірмедік пе?

4.  Һәм сенің абыройыңды көтермедік пе?

5.  Қашанда ауырлықпен бірге жеңілдік бар.

6.  Шын мәнінде қиыншылықпен бірге оңайлық бар.

7.  Ендеше бір істі бітіргенде дереу жаңа іске баста.

8.  Әрқашан Раббыңа ғана белбайлап, бет бұрып, Оған 

ғана жақында». 

Меккеде  «Дұха»  сүресінен  кейін  түскен.  Сегіз 

аяттан  тұрады.  Бұл  сүренің  атауы  алғашқы  аяттағы 

сөзден алынған. Аллаһ Тағала елшісінің (с.а.с.) жүрегін 

қуантуды білдірген  ْحَر ْشَن, «нәшрах» – «сүйіндіру» сөзі 

сүре тақырыбының негізін қалайды. Өте салмақты бо-

лып, Пайғамбардың белін қайыстырған пайғамбарлық 

пен тәблиғ ауыртпалығы Хақ Тағаланың шарапатымен 

жеңілдетілген. Бұл сүре сонымен қатар Пайғамбардың 

353


 Уәһбә Зухәйли. әт-Тәфсирул-Мунир, 15-том, 677-бет. 

322

Мәңгі мұғжиза

ізімен  жүріп,  оның  тәблиғы  мен  хақ  жолына  деген 

қызмет уазипасын арқалаған барлық мұсылмандарға да 

маңызды күш-жігер беретін қайнар көз. 

Тақырыбы  «Дұха»  сүресіне  өте  қатты  ұқсайды. 

Осыған  орай,  осы  екі  сүренің  бір  кезеңде  түскендігі 

байқалады.  Хақ  Тағала  елшісінің  жабырқаған  көңілін 

сейілту мақсатымен алдымен «Дұха» сүресін, сосын осы 

сүрені түсірген. Бұл сүреде Ұлы Жаратушы алдымен: 

«Біз саған үш нығмет бердік. Бұлар болған жерде сен 

мұңаймайсың. Біреуі – «Көкірегіңді кеңейту» нығметі. 

Екіншісі  –  «Беліңді  қайыстырған  жүктен  құтылуың». 

Үшіншісі – «Абырой, беделіңнің артуы», дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет