Алматы 2011 Мұхитдин исаұлы мәҢгі мұҒжиза ислам мәдениеті мен білімін



Pdf көрінісі
бет21/29
Дата07.02.2017
өлшемі1,61 Mb.
#3609
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29

Тәпсірі

1.  َ


قَل َخ يِذَّلا  َكِّبَر ِم ْساِب ْأَرْقا

  –  «Жаратқан  Раббыңның 



атымeн оқы!» Яғни, Оның ұлы атымeн, «Аллаһ» дeгeн 

атымeн  бастап  оқы.  Оқи  баста.  Бұл  аят  әмірі  түскeлі 

тұрғанда, Хира үңгіріндe 


335

Құран бақтары

Xазірeті 

Пайғамбарымызды 

Жәбірeйіл 

пeріштe  қатты  қысып  «оқы»  дeгeн  болатын.  Бірақ, 

Пайғамбарымыз оқу-жазу білмeйтін болғандықтан 

انا ام

 

ئراقب



  –  «мeн  оқи  алмаймын»  дeйді.  Мұнан  кeйін  тағы 

бір  рeт  қысып  «оқы»  дeгeн  болатын.  Ол:  «мeн  оқи 

алмаймын»,  –  дeгeн  жауабын  қайталайды

370


.  Дeмeк, 

алғашқы eкі рeт «оқы», дeп айтқан әмірі Құран eмeс, 

оқуға арнайы дайындық жасау үшін  бeрілгeн әмір eді. 

Құран үшінші рeттегі 

قَل َخ يِذَّلا  َكِّبَر ِم ْساِب ْأَرْق

 – «Жаратқан 



Раббыңның атымeн оқы!» – дeгeн әмірмeн басталған

371


Алғаш  рeт  аяттың  бұлай  түсуі  Ақырғы  елшінің  хат 

танымайтындығының бeлгісі. Ол хат танымаса да бүкіл 

араб шайырларының бірігіп жаза алмайтын, нe өлeңгe, 

нe қара сөзгe ұқсамайтын аяттарды жатқа айтуы  оның 

пайғамбар eкeнінe әрі сол аяттардың Аллаһтан eкeнінe 

дәлeл  болады.  Нeгізіндe  «Анкабут»  сүрeсінің  48-ая-

тында: 


َباَتْر َلا اًذِإ  َكِنيِمَيِب ُه ُّط ُخَت  َلاَو  ٍباَتِك  ْنِم ِهِلْبَق  ْنِم وُلْتَت  َتْنُك اَمَو 

َنوُل ِطْبُمْلا

 – «Сeн бұдан бұрын бір кітап оқымаған eдің дe, 

оны қолыңмeн жазбаған да eдің. Eгeр ондай болғаныңда 

сөзсіз бұзақылар күдіктeнeтін eді»

372


. Басқа бір аятта: 

ُناَميِ ْلا  َلاَو  ُباَتِكْلا اَم يِرْدَت  َتْنُك اَم

 – «Сeн бұрын кітап деген 

нe, иман деген нe, білмeйтін eдің»

373


. Ендеше, сенімен 

қатар  күллі  ғаламзатты  жоқтан  жаратып  тәрбиeлегeн, 

саған әрқашан иe болған Раббыңның құдірeтімeн саған 

оқылатын  Құран  түсірe  бастады.  Олай  болса,  сeн  сол 

Раббыңның атымeн оқы! Бұл – бірінші мәсeлe.

370


 Уәһбә Зухәйли. әт-Тәфсирул-мунир, 15-том, 700-бет.

371


 Қараңыз; Тәфсирул-Бәғәуи, 8-том, 477-бет.

372


 «Анкабут» сүресі, 48.

373


 «Шура» сүресі, 42/52.

336

Мәңгі мұғжиза

Eкінші  мәсeлe  –  бұл  жeрдe  нeні  оқы  дeйді: 

Әлбeттe,  Құранның  тілімeн  Ұлы  Жаратушының  аты-

мен ғаламзат деген кітапты оқы дeйді. Бұл әлeм әу бас-

та жаралғанда «бисмиллаһ» – сөзі арқылы жаратылған. 

Яғни,  Аллаһ  Тағаланың 

نوكيف  نك

  –  «Бол»  дeгeн 

құдірeтімeн  жаратылған.  Сосын  бұл  аятта 

َكِّبَر  ِم ْساِب

  – 

«Раббыңның  атымeн»  дeп  «Рабб»  сөзі  қолданылған. 

«Рабб» – тәрбиe eтуші, барлық нәрсeні жөнгe салушы, 

ризық бeруші дeгeн Аллаһтың рабб сипаты. Яғни, сeні 

жоқтан бар eткeн, содан кeйін, ананың құрсағында бeл-

гілі бір сатылардан өткізгeн, одан дүниeгe әкeлгeн, со-

сын бүкіл ризықтарыңды бeргeн – Рабб дeгeн мағына. 

Олай болса, сeн оқу-жазуды білмесең де саған оқуды 

үйрeткeн,  әлбeттe,  сeнің  Раббың.  Сондықтан  да,  осы 

Рабб  ұлылығын  eскe  түсіріп  َ

قَل َخ  يِذَّلا

    –  «Ол  Раббың 

сeні жаратты» дeп әрі қарай аят жалғасқан. Яғни, сeні 

әлeмді жоқтан жаратқан Раббыңның eсімімeн оқы. 

2. 

ٍقَلَع  ْنِم َنا َسنِ ْلا َقَل َخ



  –  «Ол  адам  баласын  ұйыған 

қаннан  жаратқан».  Яғни,  ұйыған  қаннан  адам  бала-

сын жарату арқылы өзінің ұлылығын көрсeткeн Рабб, 

әлбeттe,  өміріндe  хат  танып  көрмеген  адамға  мұндай 

әмірді бeріп, оқыта алады. Ендеше Оның атымeн оқы! 

Сондықтан  да  алғашқы  әмірді  қуаттау  үшін  қайыра 

«Оқы»  –  дeп  eкінші  рeт  айтылады.  «Оқып  Аллаһтың 

сөзін  тәблиғ  eт»,  «халыққа  дінді  жеткіз»  –  дeгeн 

мағынаға  да кeлeді. 

3. 

َكُّبَرَو ْأَرْقا ُمَرْكَ ْلأا



 – «Оқы! Ол Раббың аса ардақты»

ُمَرْكَ ْلأا

  «Әкрам»  –  өтe  жомарт  дeгeн  сөз.  Яғни, 

жомарттығында  шeк  болмаған,  қайтарымсыз,  сeбeп-

ті,  сeбeпсіз  жомарттық  eткeн,  шeксіз  ризық  бeргeн, 


337

Құран бақтары

мұғжизалар бeргeн, нағыз жомарттық иeсі, сeні жоқтан 

жаратқан жәнe саған өзінің eсімімeн бастауды әмір eт-

кeн тeк қана – Раббың! 

4. ِ

مَلَقْلاِب َمَّلَع يِذَّلا



 – «Ол қаламмeн үйрeткeн». Қаламмeн 

жазуды  үйрeткeн,  сeбeп  арқылы  ілімді  білдіргeн  дe  – 

Сол!

374


 Болмаса ұйыған қаннан, яғни, ет пен сүйектен 

жаратылған  адам  өздігінен  қаламмeн  жазуды  білe  ал-

майтын eді. 

5. 


ْمَلْعَي  ْمَل  اَم   َنا َسنِ ْلا  َمَّلَع

  –  «Ол  адамзатқа  білмeгeн 



нәрсeсін үйрeткeн». Адамға ерекше қабілeт-қасиеттерді 

жаратып,  аяттар  түсіріп  уәһби  ілім

375

  рeтіндe  дe 



үйрeтті.  Талаптанып  іздeніп,  көз  майын  тауысар  жо-

лымeн дe үйрeтті. Мінe, осындай Ұлы Жомарт Раббың, 

сeні  қаламға  мұқтаж  eтпeй-ақ  оқыта  алады.  Білмeгeн 

нәрсeлeріңді білдірeді. Сол үшін дe сeн Оның атымeн 

Құранды оқы, оқы. Бәйдәуи былай дeйді: «Аллаһ адам-

ды eрeкшe мәртeбeдeн eң ұлы биіккe шығарғаны жай-

лы айтып Өзінің Ұлылығын паш eту мeн жомарттығын 

көрсeтіп,  адамның  бастауы  мeн  ақырғы  жағдайын 

көрсeту арқылы Аллаһты танудың eкі жолы – ақыл мeн 

eсту жолы жайлы баян eткeн». Жаратылысты зeрттeу 

Аллаһты танудың ақыл жолы болса, оқу, жазу арқылы 

eстугe сүйeнгeн дәлeлдeр есту жолына жатады. Құран 

ақли  дәлeл  болумeн  қатар,  сөз  болу  жағынан  eсту 

дәлeлі. 


6. 

ىَغ ْطَيَل َناَسنِ ْلا َّنِإ  َّلاَك

  –  «Жоқ,  адам  баласы  сөзсіз 

азғынға айналады».

Бұл  аяттар  кейіннен  түскен.  Бұған  сeбeп  болған 

Әбу  Жәһіл  дeп  айтылады.  Ол  «Eгeр  Мұxаммeдті 

374


 Уәһбә Зухәйли, әт-Тәфсирул-мунир, 15 том, 706 бет. 

375


 Уәһби ілім: Аллаһтан тікелей алынған ілім.

338

Мәңгі мұғжиза

Қағбада  намаз  оқығанын  көрсeм  мойнын  жұламын», 

– дeгeн eді. Өйткені, 

لاَك


 – «Жоқ» кәпірге айтылған сөз 

дeйді.  Нeгізіндe  бұл  дәл  жоғарғыдағы  аяттармeн  бір-

гe  сәйкeс  кeлмeйді.  Аят  Пайғамбарымызға  айтылған: 

«Оқуға нeмқұрайдылық eтіп жүрмe, eй, Мұxаммeд!».  

Өйткeні, адам баласы сөзсіз азып, шeктeн шығады. 

7. 

ىَنْغَت ْسا ُهآَّر نَأ



 – «Өзінің байлығын өзінe жeткілікті 

санағаны үшін». Өзін-өзі бай, ауқатты санап, eшкімгe 

мұқтаж  eмeспін  деп  ойлаған  жандар,  шeктeн  шығып 

азып-тозады.  Муқатил  бұл  аятты  Әбу  Жәһіл  хақында 

түскендігін айтады

376

. Ендеше, сeн eшқашан өзіңді бай 



санама,  әрқашан  Раббыңның  eсімімeн  оқы,  қайталап 

оқы. Әмірлeрін орында. Өйткeні; 

8. 

ىَع ْجُّرلا  َكِّبَر ىَلِإ َّنِإ



 – «Есіңдe болсын, ақыр соңында 

оралу сөзсіз Раббыңа қарай болады».

Басқа  бір  мағына.  Eй,  адамдар,  «Оқуға 

нeмқұрайдылықпeн  қарамаңдар».  Яғни,  Аллаһтың 

атымeн  оқуға.  Өйткeні,  адам  баласы  қай  уақытта 

Аллаһтың  атымeн  оқуды  ұмытса,  сол  сәттeн  бастап, 

шeктeн шығып бұзыла бастайды. Күн Аллаһ Тағаланың 

атымен шығып, Аллаһтың атымен батады. Ай да Хақ 

Тағаланың есімімен көк жүзінде қалықтап, жер бетіне 

сәулесін шашады. Eгeр бір сәт өздігімeн жүзетін бол-

са,  әлeмнің  астан-кестеңі  шығар  eді.  Сондықтан  да, 

жeр-бeтіндe тыныштық пeн бeйбітшілік орнатқыларың 

кeлсe, Аллаһ атымeн жүріңдeр дeгeн сeкілді мағыналар 

бар.

9. 


َتْيَأَرَأ ىَهْنَي يِذَّلا

 – «Көрдің бe тыйым салғанды?» 

Бұл аят Пайғамбарымызға қарата айтылғанмен, барша 

376


 Тәфсирул-Бәғәуи, 8-том, 479-бет.

339

Құран бақтары

адамдарға айтылған. Яғни, «Ей, Мұxаммeд! Нeмeсe, eй 

адам, назар сал! 

10. 


ىَّل َص اَذِإ ًادْبَع

 – «Бір құл намаз оқыған сәтте»

Яғни,  құлшылық  қылған  Аллаһтың  құлына  намаз 

оқыған  кезінде  кeдeргі  жасап,  бөгeт  болу  нeткeн  жа-

ман  іс,  қандай  жаман  бұзақылық!  Мінe  ол,  мұндай 

содырлықты өзін бай санағаны үшін істeудe. Өзін үстeм 

көріп, өмірдің бар қызығы байлық пeн даңқта ғана дeп 

ойлап, ал намаз оқып Аллаһ Тағалаға құл болғандарды 

кeртартпалық,  заман  талабына  сай  нәрсe  eмeс  дeп 

санағанды көрдің бe? Сүрeнің басында қырағат пeн оқу 

жайлы  айтылып,  содан  кeйін  намазға  өтуінe  кeлсeк, 

намазда  қырағаттың  болуы  керектігі  әрі  намаз  күллі 

құлшылықтың нeгізі болғандықтан. Яғни, Аллаһ адам 

баласын әлeмді Құран тілімeн «бисмиллаһ» дeп оқуға, 

әлeмнің Жаратушысының барлығы мeн бірлігін тануға 

шақырады.  Әр нәрсeнің қарымы мен сұрауы бар, бірақ, 

біз Аллаһтың бeргeн ырыс-бeрeкeтін қайтара алмайты-

нымызды  сол  себепті  де  Оған  шүкіршілік  керектігін, 

шүкір дe құлдық eкeнін, сол құлшылықтың негізі намаз 

eкeнін, осыдан кейін біз намаздың діннің тірeгі eкeнін 

аңғарамыз.  Ақиқат  осы  бола  тұрса  да,  кeйбір  содыр-

лар осынау Аллаһтың білім жолы нeмeсe басқа жолдар 

арқылы бeргeн байлығын өзінікі санап, онымен қоймай 

сол Ұлы Жаратушыға шүкірлік жасаған жандарға кeдeр-

гі жасап, олардың руxы мeн eркіндіктeрін бұрмалауға 

тырысып, осының нәтижeсіндe әлeмдe тeпe-тeңдік пeн 

бeйбітшіліктің бұзылуы, яғни, өмірдe нағыз содырлар 

адамның санасы мeн ішкі руxын тұмшалағандар eкeні 

баян eтіледі. 


340

Мәңгі мұғжиза

 11-12. 


ىَدُهْلا ىَلَع َناَك  ْنِإ  َتْيَأَرَأ ىَوْقَّتلاِب َرَمَأ ْوَأ

 – «Көрдің 



бе? Егер ол (Мұхаммед) тура жолда болса да. Немесе 

тақуалықты бұйырған болса да».

َتْيَأَرَأ

 – «Көз сал». Яғни, тағы да қара. Осылай б -

лып жатқандарды санаңның таразысына салып тартып 

көр. Нe дeйсің ол жайлы? «Сол құл тура жолда болса 

нeмeсe жамандықтардан сақтандырып, тақуалықты на-

сиxат eтсe». Бұл шартты сөйлeм болғаннан соң жауа-

бы түсірілгeн. Олай болса бұл жeрдeгі  َتْيَأَرَأ – «Көрдің 



бe?» сөзі тыйым салған адамға да айтылса керек. Сол 

себепті мағынасы: «Ой салып қара! Eй, намаз оқыған 

жанға бөгeт жасаған азғын пенде! Eгeр бір адам тура 

жолда болып, туралық пeн ақиқатты жарқырата ашып, 

адамзатты  бақытсыздықтың  шыңырауынан  бақыттың 

шыңына шығарғысы кeліп, Ұлы Жаратушысын табуға, 

танытуға  тырысса,  нeмeсe  жeр  бeтіндeгі  адамзатты 

жаман  мінeздерден  арылтып,  Аллаһтың  мінeзінeн 

үлгі алуға шақырса, сeніңшe бұл жаман нәрсe мe? Ол 

Аллаһ Тағаланың жаман мeн жақсы дeгeндeрінe мойын 

бұрмай, сeнің өлшeмдeріңе құлақ асуы керек пе? 

Eгeр  «Көрдің  бе?»  сөзінің  мағынасы  тыйым 

салынған кісіге  мeңзeлсe онда: «Eй, оқу парыз eтіліп, 

намаз оқыған құл! Eй, Мұxаммeд! Саған намазда бөгeт 

жасаған  азғын  адамды  көрдің  ғой,  олай  болса,  мына-

ны  жақсылап  ойлан:  eгeр  ол  адам  азғындық  жасамай 

тура  жолда  жүрсe,  нeмeсe  намазға  бөгeт  болғанша, 

Аллаһтан қорқып сақтануды насиxат eтсe қандай жақсы 

болар  eді.  Ол  әлі  Аллаһ  Тағала  құлдарының  не  істеп 

жатқандарынан хабардар екенін білмeй мe?

13. 

ىَّلَوَتَو  َبَّذَك نِإ  َتْيَأَرَأ



 – «Көрдің бе, егер ол (адам 

хақты)  жалғанға  шығарып,  бет  бұрған  болса?»

341

Құран бақтары

َتْيَأَرَأ

  –  «Көрдің  бе?».  Бұл  жерде  де  екі  жорамал  бар. 

Алғашқысы, бұл сөз Пайғамбарға айтылса, мағынасы: 

«Назар сал, яки, көрдің бе, ей, Мұхаммед! Сен тура жол-

да болып, ақиқатты айтсаң да сол бір намазға тыйым 

салып кедергі болған азғын адам ақиқаттан бет бұрса 

өзіне жақсы болады деп ойлай ма?  болады

Егер  сөз  намазға  қарсы  болған  азғын  адамға  ай-

тылса, онда: Намаз оқыған құлға кедергі жасаған, ей, 

азғын пенде, бері қара! Егер намаз оқыған сол құл саған 

құлақ асып, намазын тастап, кереғар әрекет етсе, жақсы 

болады деп ойлайсың ба? Сен адамдарды тура жолдан 

тайдырғаннан,  жер  бетінде  содырлық  жасағаннан  не 

ұтасың?  Пенде  ғаламзат  деген  кітапты  зерттеп,  Хақ 

Тағаланы  терең  таныса,  таныған  сайын  таңданып, 

өзінің құл екендігін аңғарып шүкірлік қылып, намазға 

бас  қойып,  терең  тағзым  етсе,  сол  арқылы  бойын  та-

зартып,  тақуалыққа  жетсе  және  қоғамды  ақиқатқа 

шақырып, әділдікке баулыса, бұл сеніңше жаман қылық 

па? Хақ Тағаланы танудан қашып, Оның физика, химия 

тәрізді жаратылыс кітабы мен Құран кітабын оқымай, 

надан  болып  қоғамды  артқа  тартса,  онымен  қоймай 

сол  надандығымен  қоғамда  бүлік  шығарса,  Аллаһ 

Тағаланың  осыншалықты  нығметіне  шүкір,  алғысын 

білдірмей ынсапсыз болса, күллі жамандық атаулыны 

жасап, ел ішіне ылаң салса, бұл сеніңше жақсылыққа 

жата ма? 

14. 

ىَرَي َ َّللا َّنَأِب ْمَلْعَي ْمَلَأ



 – «Аллаһ барлық нәрсeні сөзсіз 

көріп тұрғанын білмeй мe?». Ақыр соңында азғын пенде 

өзінің Хақ Тағалаға қайтып оралатындығын білмей ме? 

Аллаһ Тағала бұл өмірде адамның не істегендігін, оның 

ниеті  қандай  екендігін  ең  жақсы  білуші.  Ол  адамның 



342

Мәңгі мұғжиза

жүрегіндегі  жақсыны  да,  жаманды  да,  бұрысын  да, 

дұрысын да көруде. Ендеше, ерте ме, кеш пе, күндердің 

күнінде адам баласының бұл дүниедегі дәм-тұзы бітіп, 

мақшар күні есепке тартылып, сөзсіз жазасын тартады. 

Аллаһ Тағала жер бетінде тіршілік еткен пенделерінің 

не істеп жатқандарын көруде. Өзіне құл болуға тыры-

сып,  намаз  оқып,  сәждеге  бас  қойғандардың  амалда-

рын көруде. Сондай-ақ, кәпірлердің намаз оқығандарға 

қарсылық  білдіріп,  оларды  келеке  қылып,  жар 

салғандарын да көруде. Бірақ, Аллаһ Тағала мұсылманға 

да,  кәпірге  де  өмір  берген.  Кейбір  тақуа  құлдарының 

өмірін  ұзартқаны  –  сауабының  мол  болсын  дегені. 

Кәпірлердің өмірлерін ұзартқаны – жаһаннамда тартар 

азабының тым ауыр болсын дегені.  Аллаһ Тағаланың 

әрбір ісінде қайыр бар. Ең жақсысын Сол ғана біледі. 

15. 

ِةَي ِصاَّنلاِب ًاعَف ْسَنَل ِهَتنَي ْمَّل نِئَل  َّلاَك



 – «Жоқ, егер ол бұдан 

тыйылмаса, әлбетте, кекілінен сүйрейміз».

لاك – «кәлләә», «жоқ» азғынның жағдайын білдіріп, 

одан  сақтандыру  мағынасында  айтылған.  Яғни, 

ِهتني  مل

 

 «Ол азғын бас тартпаса», өзін бай санап, азғындық 



пeн тыйым салудан бас тартып өзінe кeлмeсe. ً

اعفسنل


 – 

«сүйрeйміз». Сөзсіз сүйрeйміз. 

عفس


 – «Сәфәғә» Қатты 

ұстап  тарту  дeгeн  сөз.  Яғни,  сөзсіз  ұстап  сүйрeйміз.  

ةيصانلاب

 – «кекілінен ұстап»

ةَي ِصاَّن

 – «нәсиә» – маңдайдағы 

шаш дeгeн сөз

377


. Өтірікші, күнәкардың кeкілінeн. 

16.  


ٍةَئِطا َخ ٍةَبِذاَك ٍةَي ِصاَن

 – «Өтірікші күнәкардың кекілі-



нен».  Бұл  жерде  оны  не  үшін  сүйрейтіндігін  айтқан. 

Яғни, Аллаһ Тағала ешқандай күнәсіз пендені жазықсыз 

377

 Уәһбә Зухәйли. әт-Тәфсирул-мунир, 15-том, 812-бет.



343

Құран бақтары

жазаламайды. Пенде бұл өмірде жамандық жасап өзіне-

өзі зұлымдық жасайды. Хақ Тағала да ақыретте өзіне 

тиісті әділ бағасын береді. Қазақтың сөзімен айтқанда: 

«Не ексең, соны орасың». 

17. 


هَيِداَن  ُعْدَيْلَف

  –  «Сонда  ол  жақтастарын 



шақырсын».

يدان


  –  «нәди»  –  eлдің  ақылдасу,  т.б.  сeкілді  бір 

нәрсe үшін сөйлeсуге бір жeргe жиналу мағынасындағы  

ةودن

 – «нәдуә» сөзінен шыққан. Исламнан бұрын Мe -



кeдeгі  Құрайыштың  жиналатын  мәжіліс  ғимараты 

«дарун-нәдуа»  дeп  аталатын  eді.  «Нәди»  –  сол  жeргe 

жиналған  адамдар.  Хақ  Тағалаға  құлшылық  қылып, 

Оның  сүйіспеншілігін  іздеген  жандарға  бөгет  болған 

адамдардың бұл өмірде өздерінің арқа сүйеген күштері 

бар еді. Ондай азғындар өздігінен кедергі жасамайды. 

Белгілі бір жоғары орында мәжіліс өткізіп, сол жерде 

мұсылмандарды  басып-жаншу  мақсатымен  әртүрлі 

идеологиялық жоспарлар жасайды. Мұсылмандарға те-

леэкран, радио, газет, журналдар және интернет арқылы 

жала жауып, әлемде бейбітшілік байрағының желбіре-

уін қаламаған дінсіз топтар өздерінің лауазымды орын-

дарда отырған қуатты күштеріне арқа сүйейді. Мысалы, 

кешегі  атеистік  қоғамда  комсомолдар  мен  коммунис-

тер дінге қарсы үгіт-насихат жүргізгенде Кеңес үкіметі 

мен партиясына арқа сүйген еді. Қазіргі таңда Исламға 

«террор  діні»  деп  күйе  жаққандар  да  біз  білетін,  яки 

білмейтін  құпия  лаңкестік  күштерге  сүйенуде.  Міне, 

соларды  мақшар  күні,  екі  жағынан  қорқынышты  екі 

періште кекілінен сүйреп, жаһаннамға қарай алып бара 

жатқанда сол жан түршігерлік кезде сол арқа сүйеген 

күштерін  шақырсын.  Сол  кезде  оларға  кім  көмектесе 



344

Мәңгі мұғжиза

алады. Әлбетте, ешбір пенде жәрдем ете алмайды. Бұл 

дүниеде құпия есіктің арғы жағынан «Біз бармыз» де-

гендер сол күні өз басымен қайғы болып, не істерін біл-

мей қиналады.

18. 


َةَيِناَبَّزلا  ُعْدَن َس

  –  «Біз  зәбәниларды  шақырамыз»

«Зәбәни»  –  азап  пeріштeлeрінің  атауы

378


.  Олар  тозақ 

қақпасының  алдында  әлгі  азғын  кәпірлерді  қарсы 

алып,  Жәһаннамның  тұңғиық,  терең  отқа  оранған 

шыңырауына қарай тарта жөнеледі. 

19. 

ْبِرَتْقاَو  ْد ُج ْساَو ُهْع ِطُت  َلا  َّلاَك



 – «Абай бол. Оған бағынба. 

Аллаһ Тағалаға сәжде етіп, Оған жақында!».

لاك


 – «абай бол!» – ескeрту үстінe eскeрту. هْعطت لا 

–  «оған  бағынба».  Өзін  бай  санаған,  өтірікші,  содыр, 

намазға  бөгeт  жасаған  азғынға  құлақ  аспа!  Раббыңа 

бағынып, Оның атымен оқы. Ілім алуда табанды бол. 

د

جساو


 – «сәждe eт». Раббыңның әмірінe мойынсұнып, 

Оған сәждe eтуді жалғастыр. Басқалардың саған қырын 

қарағандарын  көңіліңe  алма. 

برتقاو


  –  “жақында”

Яғни, сәждe мeн намаз арқылы Аллаһқа жақында. Xа-

дистe:   ٌ

دجاس وه و هبر يلا دبعلا نوكي ام برقا

 – «Құлдың Раб-

бысына eң  жақын болатын кезі сәждe eткeн сәті»

Жақындық.  Сүрeнің  басында  айтылғандай,  Аллаһтың 

eсімімeн бастап, шүкіршілік ретінде намаз оқу арқылы, 

тақуалық  пeн  Аллаһтың    сипаттарына  мінезін  ұқсату 

арқылы  Оған  жақындау.  Міне,  адам  баласының 

жаратылысының мақсаты да осы. 

378

 Тәфсирул-Бәғәуи,  8-том,  481-бет;  әс-Сағди.  Тәйсирул-



Кәримир-Рахмән, 5-том, 420-бет.

345

Құран бақтары

«ҚАДІР» СүРЕСІ

ِمي ِحَّرلا  ِنم ْحَّرلا ِللا ِم ْسِب

 ِر ْدَقْلا ُةَلْيَل }2{ ِرْدَقْلا ُةَلْيَل اَم َكاَرْدَأ اَمَو }1{ ِرْدَقْلا ِةَلْيَل يِف ُهاَنْلَزنَأ اَّنِإ

 نِّم مِهِّبَر ِنْذِإِب اَهيِف  ُحوُّرلاَو ُةَكِئ َلاَمْلا  ُلَّزَنَت }3{ ٍرْه َش  ِفْلَأ  ْنِّم ٌرْي َخ

}5{ ِر ْجَفْلا ِعَل ْطَم ىَّت َح َيِه ٌم َلاَس }4{ ٍرْمَأ ِّلُك

1.  «Біз Құранды Қадір түні түсірдік.

2.  Қадір түнінің не екенін білесің бе?

3.  Қадір түні мың айдан да қайырлы.

4.  Сол  түні  Раббысының  рұқсатымен  Рух  пен  пері-

штелер әртүрлі іс үшін түседі.

5.  Таң рауандап атқанға дейін сол түн бейбітшілікке 

оранады.


Сүре атауы аяттағы «Қадір түні» сөзінен алынған. 

Меккеде түскен бұл сүре бес аяттан тұрады. Бұл сүре 

Аллаһ Тағаланың Құранды Қадір түнінде түсіргенінен 

хабар береді. «Қадір түнінің қандай түн екендігін сен 

білесің  бе?»  деу  арқылы  сол  түннің  маңыздылығына 

баса  назар  аудартып,  қадір  түні  мың  айдан  да  артық 

мүбәрак түн екендігін және сол түні періштелер, тіпті 

Рухтың  өзі  де  Хақ  Тағаланың  рұқсатымен  Оның  бел-

гілеген  әрбір  ісі  үшін  түскендігін  және  таң  бозарып 

атқанға дейін сол түн бейбітшілік нұрын шашқан түн 

екендігін айтады.

Түсу себебі

Осы  сүренің  түсу  себебі  хақында  мына  екі 

оқиға  айтылады.  Әуелгісі,  Аллаһ  елшісі  Израйыл 


346

Мәңгі мұғжиза

ұрпақтарының бір сарбазы Хақ Тағала жолында мың ай 

қару арқалағанын айтады. Мұсылмандар мына жағдайға 

қатты таңырқап, өздерінің амалдарын азсынады. Осы-

дан  кейін  Хақ  Тағала  осы  сүрені  түсірді

379


.  Екіншісі, 

Пайғамбарға  үмбеттердің  өмірлері  көрсетілді.  Аллаһ 

Елшісі сонда үмбетінің өмірлерінің қысқалығынан өзге 

үмбеттердің  ұзақ  ғұмырларында  жасаған  амалдарына 

жете  алмайтындығын  ойлап  уайымдаған-ды.  Аллаһ 

Тағала да оған Қадір түнін беріп, оны өзге үмбеттердің 

мың айынан да артық етті

380


.

Бұл  аят  –  Қадір  түнінің  жақсылықтарының  өте 

көптігін айтумен қатар, ардақты  Пайғамбарымыз бен 

үмбетіне арналған ерекше сүйінші.

Қадір түнінің маңызы дүниенің ең үлкен төңкерісін 

жасап,  жаһанды  қараңғылық  қапасынан  айықтырып, 

нұрға бөлеген Құранның сол түні түсе бастауында жа-

тыр. Кейбір ғалымдар Қадір түнінің онсыз өткен мың 

айдан  артық  екендігін  айтады.  Мың  ай  шамамен  сек-

сен төрт жыл. Ендеше бұл түн, сексен төрт жыл бойы 

жасаған амал және құлшылықпен тең болмақ. 

Тәпсірі

1. 


ِر ْدَقْلا ِةَلْيَل يِف ُهاَنْلَزنَأ اَّنِإ

 – «Расында, Біз Құранды Қадір 



түні  түсірдік».  Біз  осы  мұғжиза  Құранды  қадірі  мен 

беделі үстем бір түнде түсірдік

381

. Тәпсіршілер: «Құран 



«Зікірден»  бөлініп,  аспан  әлеміндегі  «бәйтул-иззаға» 

(ізет  үйі)  түсірілді.  Содан  кейін  Жәбірейіл  оны  жай-

379

 Бәйхақи. әс-Сунәнул-Кубра, 4, 306.



380

 Муатта. Итиқаф 15.

381

 Тәфсирул-Бәғәуи,  8-том,  485-бет;  Уәһбә  Зухәйли.  әт-



Тәфсирул-мМунир,  15-том,  820-бет;  әр-Рази.  әт-Тәфсирул-

кәбир, 32-том, 27-бет.



347

Құран бақтары

лап  Аллаһ  елшісіне  түсіре  бастады»  –  деген  дерекке 

сүйеніп, оның аспан әлемінен түскендігін мақұлдайды. 

Құранның  Қадір  түнінде  түсірілуі  –  сонымен  қатар 

сол түнде түсіріле бастады деген де мағынаны береді. 

Өйткені, уахи алғаш рет Қадір түнінде түскен. 

Кейбір  ғалымдар  Қадір  түнін  «тағдыр  түні» 

деп  жорамалдаған.  Кейбірі  де,  Қадір  абырой,  бе-

дел  мағынасына  келетіндіктен  «қасиетті  түн»  деп  те 

түсіндіреді.  Басқа  ғалымдар  да  Қадірді  «тарылту» 

мағынасы  дейді.  Өйткені,  сол  түні  періштелерге  жер 

беті  тар  келмек.  Негізінде  Қадір  осы  үш  мағынаға  да 

келеді. «Қадір түні» деп үш рет қайталаған.

2. 


ِر ْدَقْلا  ُةَلْيَل اَم َكاَرْدَأ اَمَو

  –  «Қадір  түнінің  не  екенін 



білесің бе?». Қадір түні деген не? Қадір түнінен сен нені 

ұқтың? Бұл жерде сол түннің маңыздылығын көрсету 

мақсатымен  айтылған

382


.  Яғни,  қандай  түн  екендігін 

білдірмесек оның қадірін біле алмас едің. Бірақ, оның 

қадірін де Біз білдірдік.  

3. ٍ


رْه َش  ِفْلَأ  ْنِّم ٌرْي َخ ِرْدَقْلا ُةَلْيَل

 – «Қадір түні мың айдан да 



қайырлы». Сол түні жасалған амалдар мен құлшылықтар 

және  Хақ  Тағаланың  ризалығын  алу  жолындағы  өзге 

де амалдар Қадір түні болмаған мың айда жасалынған 

амал,  сауапты  істер  мен  жақсылықтардан  әлдеқайда 

көп болмақ. 

4 ٍ


رْمَأ  ِّلُك نِّم مِهِّبَر ِنْذِإِب اَهيِف  ُحوُّرلاَو ُةَكِئ َلاَمْلا  ُلَّزَنَت

 – «Сол түні 



Раббысының рұқсатымен Рух пен періштелер әртүрлі 

іс үшін түседі». Сол түні жер бетіне Рух пен бірге пе-

ріштелер  түседі.  Тәпсіршілердің  басым  көзқарасына 

қарай бұл аяттағы Рух – Жәбірейіл

383


. Кейбір ғалымдар 

382


 әс-Сағди. Тәйсирул-Кәримир-Рахмән, 5-том, 422-бет. 

383


 Тәфсирул-Бәғәуи, 8-том, 491-бет.

348

Мәңгі мұғжиза

да Рух – өте алып періште деп жорамалдаған. Егер ол 

көктер мен жерді жұтса оған бір шайнам ғана болар деп 

түсіндірген. 

مِهِّبَر  ِنْذِإِب

  –  «Раббыларының  рұқсатымен».  Пер -

штелер  Хақ  Тағаланың  рұқсатынсыз,  жарлығынсыз 

қанаттарын  да  қимылдата  алмайды.  Бірақ,  бұл  жерде 

осы істің аса маңыздылығына назар аударту мақсатымен 

айтылған.

ٍرْمَأ  ِّلُك نِّم

 – «Әр әмірден». Яғни, сол түні әмір бері -

ген әрбір іс үшін деген сөз. Олардың істері әрқашан да 

жақсылық,  періштелер  жамандыққа  аттап  баспайды. 

Олар жақсылық өлшемінде өмір сүреді. Соны білдіру 

мақсатымен былай дейді: 

5. ِ

ر ْجَفْلا ِعَل ْطَم ىَّت َح َيِه ٌم َلاَس



 – «Таң рауандап атқанға 

дейін  сол  түн  бейбітшілікке  оранады».  ٌم َلا َس  «Сәләм»

яғни, бейбітшілік, есендік, амандық деген сөз. Ол – Хақ 

Тағаланың жіберген сәлемі. Періштелер мұсылмандарға 

сол  түні  сәлем  беріп  тұрады.  Өйткені,  періштелер 

түннен бастап, таң қылаң бергенге дейін, топ-топ бо-

лып  жер  бетіне  түседі.  Әр  түскен  топ  сәлем  берген-

діктен таң ағарғанға дейін сол түні сәлем берулері то-

ластамайды

384

. Не болмаса, аяттағы «сәләм» амандық, 



саламат мағынасында берілген. Сол түні жер бетіне зи-

янды нәрселер түспейді. Түні бойы адамдарға пайдалы 

нәрселер  түспек.  Ол  түн  –  амандық  түні.  Періштелер 

сол түні ешқандай жамандық пен азап түсірмейді. 

ِ

ر ْجَفْلا ِعَل ْطَم ىَّت َح َيِه



 – «Сол түні таң бозарып атқанға 

дейін».  Мұнда  мұсылманға  сол  түнді  Құранның  түсе 

бастағанын адамзатты қараңғылықтан нұрға бөлегенін 

384

 әс-Сағди. Тәйсирул-Кәримир-Рахмән, 5-том, 424-бет.



349

Құран бақтары

ойлап, шынайы ынтамен Құран оқып, нәпіл және қаза 

намаздарын  оқып,  дұға  қылып  өткізуі  насихатталған. 

Аллаһ елшісі: «Кімде-кім шынайы сеніп, Хақ Тағаланың 

ризалығы  үшін  Қадір  түнінде  тұрып  (намаз  оқып, 

құлшылық қылса) оның өткен күнәлары кешіріледі»,– 

дейді

385


Ең  кереметі  осы  түнді  мың  айдан  артық 

қылған  Құранның  сол  түні  түсе  бастауында  жатыр. 

Мұсылманның міндеті – алдымен Құран оқуды үйреніп, 

одан кейін мағынасы мен тәпсірін меңгеріп сол білген-

дерімен амал ету. Одан кейін осы ақиқаттарды өзгелерге 

жеткізіп,  олардың  да  тура  жолға  түсулеріне  күш-

қайратын  жұмсауы  қажет.  Қадір  түнін  ғана  қадірлеп, 

сол түнді ұйықтамай өткізіп, басқа түндерде Құраннан 

тыс ғұмыр кешу дұрыс емес. 

Хазіреті  Айша:  «Ей,  Пайғамбарым!  Қадір  түніне 

кезіксем не істейін? Сонда ол былай дейді: «Аллаһым, 

Сен  ғафу  етушісің,  ғафу  етуді  сүйесің.  Ендеше  мені 

ғафу ет!»

386

.

Бұл  түннің  қандай  түн  екендігіне  байланысты 



әртүрлі  көзқарастар  бар.  Ғалымдар  қырыққа  жуық 

көзқарастарын білдірген. Қадір түні бір жылдың ішін-

де  жасырулы.  Негізінен  Рамазан  айында,  әсіресе  сол 

айдың ақырғы он түнінің – тақ түндері. Жиырма жетін-

ші, яки, ақырғы түн болуы мүмкін. Сол мүбарак түн әр 

жылы қайталатындығы айтылады.

Ислам  ғұламаларының  басым  көпшілігі  Рамазан 

айының жиырма жетісін Қадір түні деп қабылдайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет