«АСЫР» СүРЕСІ
ِمي ِحَّرلا ِنم ْحَّرلا ِللا ِم ْسِب
اوُلِمَعَو اوُنَمآ َنيِذَّلا َّلاِإ }2{ ٍر ْس ُخ يِفَل َناَسنِ ْلا َّنِإ }1{ ِر ْصَعْلاَو
}3{ ِرْب َّصلاِب اْو َصاَوَتَو ِّق َحْلاِب اْو َصاَوَتَو ِتا َحِلا َّصلا
Мағынасы:
Рахман да Рахымды Аллаһтың атымен
1. «Ғасырға ант етейін:
2. Шындығында адам баласы зиянда.
3. Бірақ, иман келтіріп көркем амал жасағандар, бір-
бірлеріне ақиқат пен сабырды насихаттағандар
бұдан тыс болмақ».
422
Суити. әд-Дуррул-мәнсур, 8/615.
386
Мәңгі мұғжиза
Меккеде түскен «Асыр» сүресі үш аяттан тұрады.
Бұл сүре аса қарапайым және қысқа болса да өткен
сүрелердің барлық насихаттарының мазмұнын қамтыған.
Сүреде барлық адамдардың зиянда қалатындықтарын,
алайда, азаттық пен бақыттылық тек қана иман келтіріп,
көркем амал жасап, ақиқат пен сабырды насихаттау
арқылы келетінін айтады. Имам Шафиғи: «Құрандағы
басқа сүрелер түспегенде, осы сүренің өзі адамдардың
дүние мен ақыретте бақытты болуына септігін тигізер
еді. Бұл сүре Құранның барлық насихаттарын қамтиды»
деген.
1.
ِر ْصَعْلاَو
– «Ғасырға ант етейін!». Қазақ тілінде
ғасыр деп жүз жылдық бір заманды айтады. Осы сөзге
тәпсіршілер: Намаздыгер намазы, намаздыгер уақыты,
заман, әсіресе, хазіреті Пайғамбарымыздың ғасыры,
яғни, Аллаһ елшісінің жіберілген заманы, ақырзаман
мағыналарында қолданған
423
.
Аллаһ Тағала сәске уақытына ант еткені тәрізді
ғасырға да ант еткен. Дұха күннің бір ұшы болса,
ғасыр (асыр) – күннің ақырғы ұшы. Бұдан адамдардың
өмірінің бітуге жақындағанын ишарат еткен. Сондықтан
да «Қасас» сүресіндегі:
اَن ْكَلْهَأ اَم ِدْعَب ْنِم َباَتِكْلا ى َسوُم اَنْيَتآ ْدَقَلَو
َنوُرَّكَذَتَي ْمُهَّلَعَل ًةَم ْحَرَو ىًدُهَو ِساَّنلِل َرِئا َصَب ىَلوُ ْلأا َنوُرُقْلا
– «Расы -
да, бұрынғы ұрпақтарды жоқ еткеннен кейін, Мұсаға
адамдардың түсінулері үшін Кітапты көрнеу дәлелдер,
туралық және мәрхамат түрінде бердік»
424
– аятын
мысал етіп көрсеткен кейбір тәпсіршілер Құранда адам-
423
Уәһбә Зухәйли. әт-Тәфсирул-мунир, 15-том, 789-790-бет.
424
«Қасас» сүресі, 43.
387
Құран бақтары
зат тарихы үш заманға бөлінгендігіне ишарат бар деген
пікір айтады:
1. Хазірет Мұсаға Тәурат түспестен бұрын
перғауынның өлімімен аяқталған заман – «алғашқы
ғасырлар» заманы.
2. Тәураттың
түсуімен
басталып,
ақырғы
Пайғамбарға дейінгі «орта ғасыр» заманы.
3. Ақырғы Пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.с.) келуі-
мен басталған «ақырғы ғасыр», «ақырзаман», яғни,
Мұхаммед (с.а.с.) және үмбетінің ғасыры. Ендеше,
аяттағы «ғасыр» сөзі осы ғасыр жөнінде айтылса ке-
рек
425
.
Тәпсіршілердің пікірлерінің нәтижесі мынау: Ей,
Мұхаммед (с.а.с.)! Ғасырға, әсіресе, барлық заманның
мазмұны саналған ақырғы – осы ғасырға ант етейін;
2.
ٍر ْس ُخ يِفَل َنا َسنِ ْلا َّنِإ
– «Шындығында адам баласы
зиянда». Яғни, келесі аятта айтылған адамдардан өзге
әрбір адам, барлық адамзат, ұлттар, әрбір ғасырда,
әсіресе, ақырзаманда келген адамдардың барлығы зи-
янда
426
. Өйткені, адамдардың қазынасы – өмірі. Ал сол
баға жетпес ғұмыр әрбір сағат босқа өтіп түгесілмек.
Тыныс алынған сайын сол нығметтің ақыры мен есебі
жақындай түсуде. Осы бір ғұмыр, һәм алған тыныстар
адамның өз дүниесі болғанда, яғни, оны өзі жасап ала-
тындай күш-қуаты болғанда пенденің өмірі түгесілмес
еді де, оны қалағанынша жұмсар еді. Оны қайда
жұмсаса да өз еркінде болып, ешқашан зиянға душар
425
Елмалылы М. Хамди Языр. Хақ діні Қуран ділі, 9-том. 429-
бет.
426
Тәфсирул-Бәғәуи, 8-том, 525-бет; Уәһбә Зухәйли. әт-
Тәфсирул-мунир, 15-том, 789-бет; Қараңыз; әр-Рази. әт-
Тәфсирул-кәбир, 32-том, «Асыр» сүресі.
388
Мәңгі мұғжиза
болмас еді. Алайда, өмір адамның өз меншігі емес, сол
өмірді жаратқан Хақ Тағаланың меншігі. Ол сол мен-
шігін Өзінің атынан жұмсап, пайда тапсын деп адамға
шектеп және есептеп аманат етіп берген қазынасы.
Адамн өз өмірін дұрыс жолға жұмсау арқылы табыс
таба білуіне қатысты.
3.
اْو َصاَوَتَو ِّق َحْلاِب اْو َصاَوَتَو ِتا َحِلا َّصلا اوُلِمَعَو اوُنَمآ َنيِذَّلا َّلاِإ
ِ
رْب َّصلاِب
– «Бірақ, иман келтіріп көркем амал жасағандар,
бір-бірлеріне ақиқат пен сабырды насихаттағандар
бұдан тыс болмақ». Мына саналған төрт ерекшелікке
иелік еткендер зиянға ұшырамай, қайта мол табысқа
кенелмек.
1.
اوُنَمآ َنيِذَّلا
– «Иман келтіргендер». Барлық
әлемдердің Раббы, дін күнінің иесі Аллаһ Тағаланың
даралығы мен түсіргендерін растап, Оған ықыласты
түрде құлшылық етіп, мойынсұнып сөз берген жандар.
2.
ِتا َحِلا َّصلا اوُلِمَعَو
– «Және иман арқылы көркем
амалдар жасағандар». Яғни, имандары тек қана
көңілдері мен тілдерінде қалып қоймай, жасаған іс-
терін имандарына сай, Аллаһтың ризалығына, түскен
үкімдерге сәйкес, ақиқат пен қайыр екендігіне сеніп
427
,
әрбір жақсылықты отбасы, туыстары, елі, тіпті жалпы
адамзаттың бақытылығы үшін жасағандар. Әмір етілген
уазипаларды орындап, тыйым салынған үлкен күнәлар
мен жиіркенішті қылықтардан іргесін аулақ салғандар.
Құран бойынша, тамыры иман емес барлық амалдар
салиқалы амалдарға жатпайды. Сондықтан да Құранның
қай жерінде салиқалы амалдар хақында сөз қозғалса, со-
нымен бірге иман да айтылған. Һәм әрқашан салиқалы
427
Тәфсирул-Бәғәуи, 8-том, 525-бет.
389
Құран бақтары
амал, иманнан кейінге қалдырылған. Сондай-ақ еш
жерде, жақсы да болса имансыз іс-әрекетке сый-сияпат
үміті берілмеген. Пайдалы және бағалы иман – амал
арқылы анықталған иман екендігін көрсеткен. Өйткені,
амалсыз иманға иелік еткен адам өзін қаншама иман-
дымын дегенімен негізінде ол Аллаһ және елшісінің
көрсеткен жолынан өзге бір жолға түскен болып сана-
лады.
Салиқалы амал негізінде екі түрлі:
Біреуі – тәнге қатысты құлшылықтар. Яғни,
жауапкердің тікелей өзіне пайдалы және өзінің
жақсылығы үшін болған амалдар.
Келесісі – зекет және садақа тәрізді басқаларға пай-
дасы тиетін амалдар. Бұның ең маңыздысы да ақиқатқа
шақыру және хақ жолында күш-қайрат жұмсау. Бұлар
иман және көркем амал арқылы бір-бірлеріне және
басқалардың да мәңгілік бақытқа жетулеріне күш-
қайрат жұмсап, оларды Хаққа шақыруды негізгі мін-
деті санамақ.
3.
ِّق َحْلاِب اْو َصاَوَتَو
– «Және Хақты өзара
насихаттағандар». Яғни, барлық күш-жігерлері Хаққа
арналып, имандары да, амалдары да, сөздері де түгелдей
Хақ жолында сарп етілгендер. Қандай әрекетке бар-
са да ақиқатты негізге алып, оны насихат еткен. Әр
кез халықты ақиқатқа шақырып, жақсылыққа баулып,
жамандықтан тыюға күш салысқандар.
Жоғарыда айтылған екі сипат әрбір адамда болуы
тиіс. Бұлар иман етіп, салиқалы амал жасағаннан кейін
бір-бірлеріне ақиқатты айқындап, сабырды насихатта-
улары тиіс. Бұның мағынасы мынау: біріншісі, иман
келтіріп, салиқалы амал жасағандар осы істерімен шек-
теліп қалмай, мұсылман һәм салиқалы бір қоғам құруы
390
Мәңгі мұғжиза
ләзім. Екіншісі, қоғамды бұзылудан сақтап қалу үшін,
сол қоғамның әрбір мүшесі өзінің жауапкершілігін
ұғынулары керек. Сондықтан, қоғамның барлық
мүшелеріне, бір-бірлеріне ақиқат пен сабырды дұрыс
насихаттап отырғандары жөн.
«Хақ» сөзі – «жалғанға» қарама-қарсы ұғым.
Әсіресе, бұл сөз мына екі мағынада қолданылады:
Біріншісі – шындыққа, әділдікке лайық шынайы сөз.
Екіншісі – адам мойнының борышы мен парызы болған
ақиқат. Хақты насихаттаудың мағынасы – мұсылман
қоғамына жалғанның таралуына тосқауыл болуы.
Қоғамның әрбір мүшесі өзі ғана ақиқатты, туралықты
және әділдікті іске асырып қоймай басқаларға да үлгі-
өнеге көрсетуі тиіс. Қоғамды құлдыраудан осындай
жолмен ғана сақтап қалуға болады. Егер қоғамда осы
рух жоқ болса зияннан көз ашпайды. Тек өз басы ғана
ақиқатты ұстанып жүргендердің қоғамның бұзылуына
жайбарақат қарауының ақыры – бір күні олар да тура
жолдан тайқып, зиянға ұшырайды. Сондықтан, «Маи-
да» сүресінде хазіреті Дәуіт және хазіреті Исаның тілі-
мен Израйыл ұрпақтарына лағнет еткен. Өйткені олар
жайылған зұлымдық пен күнәларды көре тұра бір-бір-
леріне тосқауыл жасап, ақиқатты насихаттамаған еді
(«Маида», 78-79).
4.
ِرْب َّصلاِب اْو َصاَوَتَو
– «Және сабырды өзара
насихаттағандар». Яғни, Хақ пен ақиқат жолын-
да сабырға бір-бірлерін шақырғандар. Ақиқатты на-
сихаттаумен қатар мұсылман қоғамының зияннан
құтылулары үшін, қоғам мүшелері бір-бірлерін сабырға
үндеулері тиіс. Яғни, ақиқат және оны сақтау жолында
кездескен барлық қиыншылықтарға төтеп беріп, бір-
біріне көмек беру.
391
Құран бақтары
Сабырлық етуде тәрбиенің, еріктің ең бастысы –
иманның орны ерекше. Сабыр ете білу жауапкершілік
арқалаған адамдардың діттеген межесіне жетуі үшін
аса қажетті қасиет. Сондықтан Құранда:
َنيِرِبا َّصلا َعَم َ َّللا َّنِإ
– «Аллаһ сабыр етушілермен бірге»
428
,
َنوُرِبا َّصلا ىَّفَوُي اَمَّنِإ
ٍبا َس ِح ِرْيَغِب ْمُهَر ْجَأ
– «Сабыр еткендердің сауабы есе -
сіз беріледі»
429
– деп насихатталған. Хадистерде де:
«Сабыр – кеңдіктің кілті»
430
; «Сабыр – жарық», деп
айтылған.
Ендеше, бұл аяттағы мақталған сабыр – иман мен
көркем амал жолындағы сабыр. Бұл нағыз батырлық пен
мәрттіктің рәмізі. Болмаса, әрбір қорлыққа мойынсұну,
жамандыққа ризалық білдіруді сабырлық деуге келмей-
ді. Өйткені, жамандыққа ризалық – жамандық, күпірге
ризалық – күпірлік саналады.
Міне, ендеше осындай иман, көркем амалдар, ақиқат
пен сабырды насихаттап төрт ерекшелікке ие болғандар
зиянға ұшырамайды. Бұның төртеуі де Хақ Тағалаға
толық иманның белгісі. Имансыздардың ешбірі жазадан
құтыла алмайтындықтары айқын. Бірақ, бұл аят бойын-
ша Хақ Тағалаға иман келтірсе де салиқалы амалдар
жасамаған, ақиқат пен сабырды насихаттамаған адам-
дар да зияннан толықтай құтыла алмайды. Сондықтан,
сүнниттердің көзқарасына қарай – иманы болса да
салиқалы амалдары болмаған пасықтар мен күнәкарлар
үшін кәпірлерден әлдеқайда күнәлары жеңілірек бол-
са да бастарына келетін қасірет бар. Өйткені, мәңгілік
қалмаса да күнәкар мұсылмандар үшін де жаһаннам бар.
428
«Бақара» сүресі, 2\153.
429
«Зүмер» сүресі, 10.
430
Кәшфул-Хафа, 1. 27.
392
Мәңгі мұғжиза
Имандары ақыр соңында құтқарғанмен, жамандықтары
ауыр басқан мұсылмандар күнәлары тазарғанға дейін
жаһаннам азабын тартады. Хақ Тағала бізді жаһаннам
қасіретінен сақтасын!!!
«һУМӘЗА» СүРЕСІ
ِمي ِحَّرلا ِنم ْحَّرلا ِللا ِم ْسِب
َّنَأ ُب َس ْحَي }2{ ُهَدَّدَعَو ًلااَم َعَم َج يِذَّلا }1{ ٍةَزَمُّل ٍةَزَمُه ِّلُكِّل ٌلْيَو
ُةَمَط ُحْلا اَم َكاَرْدَأ اَمَو }4{ ِةَمَط ُحْلا يِف َّنَذَبنُيَل َّلاَك }3{ ُهَدَل ْخَأ ُهَلاَم
مِهْيَلَع اَهَّنِإ }7{ ِةَدِئْفَ ْلأا ىَلَع ُعِلَّطَت يِتَّلا }6{ ُةَدَقوُمْلا ِ َّللا ُراَن }5{
}9{ ٍةَدَّدَمُّم ٍدَمَع يِف }8{ ٌةَد َصْؤُّم
Мағынасы:
Рахман да Рахымды Аллаһтың атымен
1. «Кілең ғайбаттаушы мен бетке жамандаушылардың
түбі қорлық!
2. Мұндайлар мал жинап, соны санайды да тұрады.
3. Негізінен малы, өзін мәңгі жасатады деп ойлайды.
4. Әсте олай емес, сөзсіз ол «Хутамаға» тасталады.
5. «Хутаманың» не екенін білесің бе?
6-7. Ол жүректерді өртейтін Аллаһ Тағаланың жағылған
оты.
8-9. Расында олар сол отқа қамалып, ұзын діңгектерге
байланады».
Меккеде түскен «Һумәза» сүресі тоғыз аяттан
тұрады. Есімі алғашқы аяттан алынған. Бұл сүреде
біреудің артынан өсектеп, келеке еткен адамдардың
393
Құран бақтары
қылықтарының жиіркеншітілігі мен оларды күткен
жаһаннамның қорқыныштылығын суреттейді.
Тәпсірі
6. 1. ٍ
ةَزَمُل ٍةَزَمُه ِّلُكِل ٌلْيَو
– «Кілең ғайбаттаушы мен
бетке жамандаушылардың түбі қорлық!»
Қасы, көзі және қолы мен тілі арқылы біреудің
сыртынан жамандап келеке еткен, адамның айыбын
бетіне басып, кемсіткен адамдардың ақыры жаһаннам
болмақ
431
. Олардың ақыреті неткен жаман.
Түсу себебі
Ибн Аббастың хабарына қарай бұл сүренің түсуіне
адамдарды ғайбаттап, келеке еткен, бір пұтқа табы-
нушы себепкер болған еді
432
. Бірақ, басқа тәпсіршілер:
бұл аят тек бір адамға ғана емес, ғайбаттаушылардың
барлығына қатысты, – дейді. Осылайша, аят адам
құқығына құрметтің негізі болған, өзгелерге тіл тигіз-
беу, келеке етпеу, құқығын сақтау секілді ұстанымдарды
қойған.
Адамдардың арасына іріткі салу және өзгелерді
айыптауға итермелейтін себептер мынау:
2. ُ
هَدَّدَعَو ًلااَم َعَم َج يِذَّلا
– «Мұндайлар мал жинап,
соны санайды да тұрады». Қашан да мал жинап, сол
жиған-терген дүниесін түгендеумен таң атырып, күн
батырған. Есіл-дертінде сол дүниесін есептеп, көбейтіп
тұрады. Аяттағы малын санауы, оның сараңдығы мен
дүниеге табынған бір адам екендігін көрсетеді. Яки
айналасындағыларға дүние-мүлкін санатып, соны-
431
Қараңыз; Тәфсирул-Бәғәуи, 8-том, 529-бет; Мухаммәд Али
әс-Сабуни. Сафуәтут-тәфәсир, 3-том. 602-бет.
432
Тәбари, 15, 293.
394
Мәңгі мұғжиза
сымен тәкаппарланып, мақтану. Яғни, екі көзі мал-
мүлкінде, әрекеті – адамдарды бір-біріне айдап салып,
қызықтау.
3.
ُهَدَل ْخَأ ُهَلاَم َّنَأ ُب َس ْحَي
– «Негізінен малы өзін мәңгі
жасатады деп ойлайды». Мыңғыртып мал айдаған
байшыкештің бар сенері де сүйенері де алдындағы
малы болғандықтан, ерте ме, кеш пе бір күні ажалдың
құрығына ілініп, Хутамаға тасталатыны айтылады
433
.
4.
ِةَمَط ُحْلا يِف َّنَذَبْنُيَل َّلاَك
– «Әсте олай емес, сөзсіз
ол «Хутамаға» тасталады». Жо-жоқ. Іс оның
ойлағанындай емес. Адамды құтқарып, мәңгілікке
апаратын мал емес, алдыңғы сүреде айтылғандай Хақ
Тағалаға иман, ілім мен салиқалы амалдар. Аллаһ
Тағалаға ант етейін, малына сеніп, әрқашан соны есеп-
теп, өзгелерді қор көріп ренжіткен, олардың құқығы
мен намысын аяққа таптаған адамдар сөзсіз жаһаннамға
жіберіледі. Аяттағы «Нәбәз» сөзі жай ғана тастау емес,
бір нәрсені көзге ілмей, түкке тұрғысыз лақтырып
тастау деген мағынаға саяды. бұл дүниеде өзін үстем
санап, өзге жандардың үстінен өктем қарағандар, сөзсіз
жаһаннамға лақтырылады.
Аяттағы
ةَمَط ُحْلا
– «Хутама» сөзінің мағынасы – бір
нәрсені таптап, түгелдей жоқ қылу, қырып-жоя деген-
ге саяды. Лапылдаған от та алдына келгенін тұтастай
жұтып, күлге айналдырғандықтан, жаһаннамның бір
атауы «Хутама» деп айтылған. Яғни, бұл жерде «Ху-
тама» сөзінің әлгі адамдарға тікелей қатысы бар. Ол
адамдар бұл өмірде малына сеніп, өзін бай, өзгелерді
қор санап, келеке етіп, алдына келген әлсіздерді таптап
433
Тәфсирул-Бәғәуи, 8-том, 530-бет.
395
Құран бақтары
кетуші еді. Міне, оларды осы қылықтарына сай «Хута-
ма» жазаламақ.
Бірақ, осы оттың өзге оттарға ұқсамайтынын, яғни,
мүлдем басқа от екендігін көрсетіп қорқытуы үшін:
5.
ُةَمَط ُحْلا اَم َكاَرْدَأ اَمَو
– «Сен Хутаманың не екенін
білесің бе?», дейді. Немесе «Қандай қорқынышты ху-
тама!».
6. ُ
ةَدَقوُمْلا ِ َّللا ُراَن
– «Аллаһтың жағылған оты». Бұл
аятта «Аллаһтың оты» деп айтылған. Яғни, «Құдайдың
жіберген бәлесі, қарғысы» деген сөз. Аятта «Муқадаһ»
дейді. Яғни, Аллаһтың әмірімен жағылған от. Тек де-
нелерді өртеп қоймай, сонымен қатар рухы мен рухани
нәрселерін де өртейтін от.
7.
ِةَدِئْفَ ْلأا ىَلَع ُعِلَّطَت يِتَّلا
– «Бұл от жүректерге дейін
өртейді», деп жеткізеді. Яғни, лапылдаған бұл от –
жүректердің ішкі әлемі мен рухтардың тереңіне дейін
дендеп, түгел жағып, жанды азапқа салады.
Құранда осы сүреден басқа сүрелерде жаһаннам
отына «Аллаһтың оты» деп айдар тағылмаған. Осы
жерде ғана осылай жазылған. Бұның себебі, сол оттың
қаншалықты қорқыныштылығын ғана емес, сонымен
қатар дүниеде байлығымен мақтанып, тәкаппарланған
адамдардың Аллаһ үшін қаншалықты жиіркенішті
екендігін білдіру мақсатымен айтылған.
Хутама үшін, әсіресе,
ةَدِئْفَ ْلأا ىَلَع
– «жүректердің»
ішін өртейтін от деп көрсетілуінде терең екі ой бар: 1.
Жүрек тәннің ең нәзік жері және ауыртпалықтың ең
кішкенесіне дейін сезеді. 2. Сондай-ақ, күллі ой атаулы
алдымен адамның осы тұсында туады. Жаман ниеттер,
ойлар, бос сенімдер ұялаған жүректерді от өртейді.
396
Мәңгі мұғжиза
8.
ٌةَد َصوُم ْمِهْيَلَع اَهَّنِإ
– «Шындығында олар сол отқа
қамалады». Негізінде аяттағы «Мусада» – жабылу,
қамалу деген сөз. Яғни, олар сол жерден қайта шыға
алмай, мәңгі бақи қалып қояды.
9.
ٍةَدَّدَمُم ٍدَمَع يِف
– «Өздері де ұзын діңгектерге
байланады». Яғни, бұл аят ұзын ағаштарға байла-
нып, азапталған адамның халі арқылы от азабының
қаншалықты қорқыныштылығын бейнелеген
434
.
Кейбір тәпсіршілердің сөзіне қарай, жаһаннамның
есіктері жабылған соң азаптанушылардың қол-аяқтары
шынжырларға байланып, есіктер жабылғаннан кейін
қайта шығатын үміттері қалмайды. Мәңгі бақи сол
жерде денесі мен рухы азап тартып, дүниедегі жасаған
қылықтарын еске алған сайын «аһ» ұрып, өзегі одан
сайын өртене бермек. Адам ауыртпалыққа ұшырағанда
содан күндердің бір күнінде құтылармын деген дәмемен
өмір сүреді. Алайда, пенде басына түскенінен құтыла
аларынан күдер үзсе, ең қиыны да сол – ақыры жоқ
Аллаһтың мәңгілік азабын тартады. Міне, бұл аятта
да есіктердің жабылу мәселесі бар. Есіктер жабылып,
қамауда қалу, енді есік мәңгі бақи ашылмайды деген
сөз. Ендеше, жаһаннамның ең ауыр азабының бірі де –
сол жердегі есіктің қайта ашылмастай болып жабылуы.
Хақ Тағала бізді жаһаннам азабынан сақтасын!
434
Уәһбә Зухәйли. әт-Тәфсирул-Мунир, 15-том, 798-бет;
Қараңыз; әр-Рази. әт-Тәфсирул-кәбир, 32-том, «Һумәза»
сүресі.
397
Құран бақтары
«ПІЛ» СүРЕСІ
ِمي ِحَّرلا ِنم ْحَّرلا ِللا ِم ْسِب
يِف ْمُهَدْيَك ْلَع ْجَي ْمَلَأ }1{ ِليِفْلا ِبا َح ْصَأِب َكُّبَر َلَعَف َفْيَك َرَت ْمَلَأ
نِّم ٍةَرا َج ِحِب مِهيِمْرَت }3{ َليِباَبَأ ًارْيَط ْمِهْيَلَع َلَسْرَأَو }2{ ٍليِل ْضَت
}5{ ٍلوُكْأَّم ٍف ْصَعَك ْمُهَلَع َجَف }4{ ٍلي ِّج ِس
Мағынасы:
1. Раббыңның піл иелеріне не істегенін көрмедің бе?
2. Олардың айлакерліктерін босқа жібермеді ме?
3. Оларға топ-топ құстар жіберді.
4. Құстар оларға балшықтан жасалған тастар таста-
ды.
5. Сонда оларды желінген егін тәрізді қылды.
Меккеде түскен бұл сүре бес аяттан тұрады. Сүре
атауын алғашқы аяттан алған. Бұл сүре – «Піл әскері»
оқиғасын баяндайды. Олар Қағбаны қиратпақ ниетімен
жолға шығып, Меккеге тақаған кезде Хақ Тағала оларға
бізге беймәлім, аяқтары мен тұмсықтарына шағын
тастар ілген құстарды жіберіп, сол арқылы оларды жер-
мен-жексен жайратып Қағбаны қорғаған.
1.
ِليِفْلا ِبا َح ْصَأِب َكُّبَر َلَعَف َفْيَك ىَرَت ْمَلَأ
– «Раббыңның
піл иелеріне не істегенін көрмедің бе?» Бұл жерде
«Көрмедің бе?» деп, Аллаһ елшісіне айтып тұр. Өйткені,
бұл оқиға Пайғамбарымыздың өмірге келуінің бір бел-
гісі ретінде орын алған. Ол туатын жылы болған оқиға.
Бірақ, кейбір тәпсіршілер: «Бұл сөз Меккелік құрайыш
тайпасы мен жалпы Араб түбегіндегі арабтарға қарата
айтылған» дейді.
398
Мәңгі мұғжиза
ِليِفْلا ِبا َح ْصَأِب َكُّبَر َلَعَف َفْيَك
– «Сенің Раббың оларға
қалай істегенін?». Бұл жерде екі ұғым бар. Біріншісі:
َكُّبَر
– «сенің Раббың» деу арқылы сол оқиғаның жа -
дан-жай емес екендігін оның әлемдер Раббысының
әмірімен болғандығын баяндайды. Және сол оқиғаның
Аллаһ елшісінің пайғамбарлығына дәлел екендігін
көрсетеді. Екіншісі: Аллаһ Тағаланың құдіреттілігінің
шексіздігіне назар аудартады. Яғни, Ұлы Жаратушы
Өзіне қарсы келіп, Қағбаны яғни, дінді жойғысы келген
дұшпандарды құстардай күш-қуаты шамалы тіршілік
иесі арқылы-ақ жермен-жексен ете алатындығын таны-
тады. Ендеше, бұл аяттың осылай айтылуында шексіз
мән жатыр. Құстардың өз алдына жеке тіршілік иелері
екені Құранда арнайы айтылған. Яғни, құстар мен жан-
жануарлар, құрт-құмырсқалар, жәндіктер т.б. бәрі өз
алдына жеке тіршілік иелері. Бір жағынан алғанда Хақ
Тағалаға мойынсұнған әскерлер. Ендеше, жер бетін-
дегі Аллаһ Тағалаға қарсы шығып, астамшылыққа
бой ұрған кәпір, дінсіздерге Құран қатаң ескерту жа-
сауда. Мысалы, бір қоғам астамшылдық етіп, діннен
безуі ықтимал. Осы кезде Аллаһ олардың егініне ше-
гірткелерін қаптатып, жазалауы кәдік. Мұның салда-
рынан әлгі елдің экономикасы дағдарысқа ұшырамақ.
Ұзаққа бармай-ақ, осы ғасырда болған «Цунами апаты»
соның бір айғағы деуге әбден болады. Міне, «Сенің
Раббың оларға қалай істегенін көрдің бе?» деу арқылы
тарихтағы сол тәрізді оқиғаларға назар аудартады. Әрі
«Сенің Раббың» деген аят, әрбір мұсылман мен әрбір
адамға да айтылып тұр. Яғни, ей, пенде, сенің Раббың
аса ұлы. Оның құдіретінде шек жоқ. Сен өзіңді күнәға
батырып, астамшылдыққа салынба! Тәубеңе кел.
399
Құран бақтары
ِليِفْلا ِبا َح ْصَأِب
– «Піл иелеріне?». Бұл жерде Аллаһ
Тағала олардың кім екендігін айтпаған. Өйткені, олар-
ды сол замандағы адамдардың бәрі де білетін еді.
Піл иелері Йеменді жаулап алған Эфиопияның әкімі
Әбрәһәнің
435
әскері болатын. Ол қалың әскерімен «Мах-
муд» («мамуд») деп аталған пілдеріне сеніп, алдынан
шыққанын езіп, жаншып Қағбаны құлатуға келген
болатын. Бірақ, ниеттері іске аспай, бәрі де құрдымға
кеткен ді. Сондықтан, олар «Піл иелері» деп аталған-
ды. Арабтар да сол жылды «Піл жылы» деп жаңа тарих
жылын бастаған еді. Аллаһ Елшісі (с.а.с.) сол аты шулы
жылы дүниеге келген.
Бұл сүренің «Піл сүресі» деп аталуында да терең
мән жатыр. Яғни, «піл» – күш-қуат, тірек деген сөз.
Кәпірлер оны күш-қуат етіп арқа сүйеген еді. Ендеше,
өмірде өзінің экономикалық, әскери күш-қуатына сеніп,
Аллаһ Тағаланың дінін жоймаққа ниеттенген қаншама
арам пиғылды дінсіздер болған. Бірақ, барлығы да
ақырында өздері қазған орға құлап құрыған. Қазіргі
кезеңде де Ислам-қағбасын құлатуға жанталасып,
бірігіп жатқан күш-қуатты, арам пиғылды, лаңкестік
топтар көп ұзамай, өз тұзақтарына өздері түсіп, Ислам-
қағбасының Иесі бар екендігіне бүкіл әлем тағы бір
мәрте көз жеткізбек. Міне, келесі төрт аятта бұндай
күштерді қалай жермен-жексен еткенін баяндайды. Осы
тәрізді күштерді де қалай құрдымға тастайтындығына
ишарат етеді.
2.
ٍليِل ْضَت يِف ْمُهَدْيَك ْلَع ْجَي ْمَلَأ
– «Олардың айлакерліктерін
босқа жібермеді ме?». Яғни, олардың арам ниеттері
іске аспай, өздері түгелдей қырылмады ма? Бұл жерде
435
Тәфсирул-Бәғәуи, 8-том, 535-бет.
400
Мәңгі мұғжиза
де сауал қою арқылы олардың ақыры не болғандығына
назар аудартуда. Тарихи көздерге зер салсақ, Әбрәһә
Санға деген біреу жерге бір шіркеу салып, арабтарды
сол жерге құлшылық еттірмек болады. Сол үшін де ол
күллі арабтардың тауап еткен Қағбасын жығуға ниетте-
неді. Егер оны құлатса, халық өзінің салған шіркеуіне
келетініне бек сенімді еді. Ол әскерімен Меккеге жақын
Мұғаммас деген жерге келген кезде әлгі «Махмуд» атты
пілі кенеттен кілт тоқтап қалып, қанша зорлағанмен іл-
гері бір қадам да баспай қояды. Олардың құрған жос-
парлары осы кезден бұзыла бастаған. Артынша өздері
жел жапырған егіндей күйге ұшырады. Ендеше, «олар
Қағбаны жығу былай тұрсын, өздері түгелдей құрып
кеткен жоқ па? Міне, жоспары осындай болған қара ни-
етті залымдарды діттеген межесіне жақын қалған сәтте,
аяқ астынан өздері сенім артқан піл-күштерін жарамсыз
етіп, не істерін білмей дағдарып тұрғанда түгелдей тас-
талқанын шығарған тек қана «Сенің Раббың» дейді.
Аятта
دْيَك
– «кәйд» сөзі қолданылған. Бұл біреудің
аяғын шалу үшін жасалатын «құпиялы қулық айла»,
«құпиялы саясат» мағынасына саяды. Ал бұл жерде
олардың құпия мақсаты қандай болуы мүмкін? Әбрәһә
шіркеу салып, арабтарға Қағбаға емес, сол шіркеуге
тауап етуге үндейді. Кейбір арабтар оған күйініп, әлгі
шіркеуге түнде жасырын барып, ластап кетеді. Міне,
Әбрәһә осыған ашуланып, кегін алмақ болып, Қағбаны
құлатуға шығады. Бірақ, бұл оның сыртқы саясаты ғана.
Ал жасырын ішкі саясаты: Қағбаны құлату арқылы
құрайыштардың Араб түбегіндегі беделін жою тұғын.
Өйткені, сол кезде Мекке, Араб түбегіндегі ең мықты
сауда орталығы еді. Арабтар меккеліктерге Қағбаның
қызметшілері болғандықтан ғана қатты құрмет тұтатын.
401
Құран бақтары
Егер олар Қағбадан айырылса, барлық беделден жұрдай
болмақ. Эфиопиялықтар құрайыштықтарды жойып,
Оңтүстік Арабстаннан Шам мен Мысырға дейін созылған
сауда жолын өздеріне аударуды мақсат тұтқан болатын.
Бірақ, олар бұл саяси мақсаттарын құпия сақтаған еді.
Бұл тәрізді арам пиғылды күштер әр заманда да орын
алуы ықтимал. Исламды әлсіретіп, мұсылмандардың
жер асты байлықтарын қарату мақсатымен, өздерінің
шіркеу тәрізді ғимаратын құлатып, соны мұсылман
әлеміне жауып, кек аламын деп, араларынан кінәліні із-
деген лаңкестік топтар қазіргі заманның кейіпкерлері.
Құран аяттарында бұндай оқиғалар мысал үшін ғана
берілген. Ол тарихи нәрседен ғана хабар беріп тұрған
жоқ. Яғни, Құран, негізінде жалпы адамзат пен күллі
заманға түскен. Сондықтан, ондағы аяттардан әрбір
адам өз заманына қатысты оқиғалар мен мәселелердің
шешімін таба алады. Құранға терең көз салып қараған
адам одан өз заманының хал-ахуалын анық байқайды.
3. َ
ليِباَبَأ اًرْيَط ْمِهْيَلَع َلَسْرَأَو
– «Оларға бірінен кейін
бірі келген топ-топ құстар жіберді». Бұл құстардың
қандай құстар екендігі беймәлім. Тарихи деректерде
бұл құстардың бұрын-соңды сол маңайда болмаған,
үлкенді-кішілі, қара, жасыл, ақ түстерге оранған өзгеше
екендігі және олардың Йемен мен теңіз жақтан дауыл-
дай қаптап келіп, барлығын талқандап өте шыққандығы
жайлы баяндаған.
4.
ٍلي ِّج ِس ْنِم ٍةَرا َج ِحِب ْمِهيِمْرَت
– «Құстар оларға балшықтан
жасалған тастар тастады». Бұл жердегі «балшықтан
жасалған тастардың» не екендігі белгісіз. Тарихи дере-
ктерге үңілсек, құстардың тұмсығына тістеген бір және
аяқтарына қысқан екі ноқаттай, яки, құмалақтай ғана
402
Мәңгі мұғжиза
тастары кімге тисе, сол адамның денесін тесіп өткендігі
байқалады.
5.
ٍلوُكْأَم ٍف ْصَعَك ْمُهَلَع َجَف
– «Сонда оларды желінген егін
тәрізді қылды». Бұл аяттағы
ف ْصَع
– «асфин» сөзін –
тәпсіршілер «егін топаны» деп түсіндіріп бұл хақында
бірнеше көзқарастарын білдірген
436
.
1. Науқаннан кейінгі егін даласында қалып, желге
ұшып, мал жеген егін топандары.
2. Қиқымдалып желге ұшқан сабан.
3. Төгіліп, құрт-құмырсқа жегендіктен шұрқ тесігі
шыққан жапырақтардай денелері боратылған оқтардан
сау тамтығы қалмаған Әбрәһә әскерінің өлімі бейне-
ленген.
Міне, Ұлы Жаратушы піл иелерінің, жеңілу тұрмақ,
бізге біреулер қарсы тұрады-ау деген ой бір сәт санасы-
на кірмеген Әбрәһә мен оның қалың қолын бір демде
жусатып, жермен-жексен етіп, «құрт-құмырсқаға жем
болып, желге ұшқан егіндей» күлін көкке ұшырды.
Аталмыш оқиға Аллаһ елшісінің дүниеге келуіне
елу күн қалғанда болған. Бұған тарихи деректер де куә.
Және осыған ұқсас бір оқиға болашақта да қайталанбақ.
Ақырғы елші бірде былай дейді: «Әскер Қағбаны
қиратпақ ниетпен жолға шығады. Олар (Қағбаға
қарай жақындап) сақарадан өтіп бара жатқанда,
жер жарылып түгелдей батып кетеді»
437
, – дейді.
Бұл – Аллаһ елшісінің, келешекте болатын бір жайттан
хабар берген ғайыпқа қатысты мұғжизасы. Иә, ендеше
әрқашан да Қағба мен Исламды жықпаққа ниеттенген
Әбрәһәлардың қайысқан қалың қолы шыға береді де-
436
Тәфсирул-Бәғәуи, 8-том, 541-бет.
437
Бухари. Буйу, Муслим. Фитән.
403
Құран бақтары
ген сөз. Бірақ, бәрі қара ниетіне жұтылып, жер бетінен
жойылып кете бермек.
Қағба хазіреті Адам ата дүниеге келмей тұрғаннан
бар. Бірақ, оның жер бетіндегі белгісі ретінде алғаш
рет іргетасын қалап, адамдарға тауап етуге мүмкіндік
туғызған – хазіреті Адам. Ғасырлар өтіп, орны тағы да
білінбей кеткен кезеңде хазіреті Ибраһим пайғамбарға
Аллаһ Тағала Жәбірейіл періштесі арқылы хабар беріп,
баласы екеуіне салдыртады. Иә, Қағба Хақ Тағаланың
қасиетті еткен орны, Оның ұлылығы мен дінінің ны-
шаны, Өзіне құлшылық қылушы пенделерінің бас
бұратын құбыласы. Мұсылман бірлігінің рәмізі мен
байрағы. Хақ Тағала Құранды қорғағаны тәрізді, оны
да сақтамақ. Ал сол Қағбаға дұрыс тауап ету, оның ай-
наласын ширк, ортақ қосу тәрізді сасық иістерден та-
зартып, тәухидтің жұпар иісін шашып, оны жер бетінің
«бейбітшілік рәмізі» ету – пайғамбарлардың уазипасы.
Құранда Аллаһ Тағала хазіреті Ибраһимге:
َميِهاَرْبِ ِل اَنْأَّوَب ْذِإَو
ِعَّكُّرلاَو َنيِمِئاَقْلاَو َنيِفِئا َّطلِل يِتْيَب ْرِّهَطَو اًئْي َش يِب ْكِر ْشُت َلا ْنَأ ِتْيَبْلا َناَكَم
ِدو ُج ُّسلا
– «Сол кезде Ибраһимге Қағбаның орнын әзірлеп:
«Маған ешбір нәрсені ортақ қоспа! Тауап етушілер-
ге тік тұрып, еңкейіп және бас қойып, құлшылық
қылушылар үшін үйімді тазала»
438
, деп әмір береді.
Жоғарыда айтылғандай оқиға Пайғамбарымыз дүниеге
келудің алдында ғана болып өткен. Міне, Хақ Тағала
Ақырғы пайғамбары дүниеге келмей тұрып, Қағбаны
сақтау арқылы Өзінің Жаратушы Ие екенін көрсеткен.
Ендігі іс, яғни, оның айналасын шірік пен пұтқа
табынушылықтан тазартып, Аллаһ Тағалаға құлшылық
етушілерге дайындық жасау сол Ақиық елшінің міндеті
438
«Хаж» сүресі, 26.
404
Мәңгі мұғжиза
еді. Осыған орай, Хақ Тағала: «Раббыңның піл иелеріне
не істегенін көрмедің бе?» деп әрі Өзінің Қағбаны қалай
сақтағандығын әрі елшісіне берілген міндетін толық
атқару қажеттілігін меңзеп тұр. Аллаһ Тағаланың дінін,
Қағбасын ешкім жоя алмайды. Ал сен – Оның елшісісің.
Ендеше, ешбір күштер мен азғын кәпірлерден тайсал-
май, өзіңе тиісті міндетіңді толықтай атқар. Өйткені,
бұл дінді сақтайтын сол діннің Иесі «Раббука», «Сенің
Раббың» дейді. Және осы аяттың мағыналары әрбір
заман толқынында ғұмыр кешкен әрбір мұсылманға да
айтылып тұр. Ислам-қағбасының Иесі – Хақ Тағала.
Оны сақтайтын Сол. Ал, сен «Тауап етушілерге тік
тұрып, еңкейіп және бас қойып, құлшылық қылушылар
үшін үйімді тазала»
439
дегеніндей, сен Ислам-
қағбасының айналасын «бидғат», күпірден тазалауға
күш-қайратыңды жұмса.
Сөз түйіні, бұл сүре Пайғамбарымызға – сый,
мұсылмандарға – сүйінші, кәпірлерге – қатаң ескерту.
Сол заманда өмір сүрген құрайыш кәпірлеріне де ерекше
ескерту. Құрайыш кәпірлері мұсылмандардың Ислам-
қағбасын қиратуды ниет еткен-ді. Күпірлік ол кезеңде
үлкен күш болатын. Бірақ, Хақ Тағала мұсылмандардың
иман күші арқылы күпірлікті Меккеден түгелдей жоқ
қылып жіберді. Аллаһ Тағала – Аса Ұлы
440
.
439
Хаж сүресі, 26.
440
Тереңірек мағлұмат үшін қараңыз; Уәһбә Зухәйли, әт-
Тәфсирул-мунир, 15 том, «Піл сүресі», 801-809 беттер.
405
Құран бақтары
Достарыңызбен бөлісу: |