«ҚҰРАЙЫш» СүРЕСІ
ِمي ِحَّرلا ِنم ْحَّرلا ِللا ِم ْسِب
او ُدُبْعَيْلَف }2{ ِفْي َّصلاَو ءاَتِّشلا َةَل ْحِر ْمِهِف َلايِإ }1{ ٍشْيَرُق ِف َلايِ ِل
}4{ ٍفْو َخ ْنِّم مُهَنَمآَو ٍعو ُج نِّم مُهَمَع ْطَأ يِذَّلا }3{ ِتْيَبْلا اَذَه َّبَر
Мағынасы:
1. «Құрайыштың амандығы мен бейбітшілік келісім-
шарттарын нығайту үшін.
2. Олардың қысы-жазы жасаған сапарларындағы
келісім шарттың қадірін білу мақсатымен.
3. Олар осы үйдің (Қағбаның) Раббына құлшылық
қылсын.
4. Ол оларды аштықтан (құтқарып) тойдырып, қауіп-
қатерден аман қылған».
«Құрайыш» сүресі Меккеде түскен, төрт аят-
тан тұрады. Алғашқы аятында құрайыш хақында
айтылғандықтан осылай аталған. Бұл сүре, алдыңғы
«Піл» сүресіндегі тақырыппен тығыз байланысты, оның
жалғасы тәрізді. Қағбаны қорғау арқылы Құрайыш
тайпасының қол жеткізген нығмет пен ырысын білдір-
ген.
Түсу себебі
Піл оқиғасы айтылып, Меккеде өмір сүрген
құрайыштар сол Қағба мен өздерін сақтап қалған
Ұлы Жаратушының елшісіне жәрдем етудің орнына
қасарысып, қарсы шыққандықтан осы сүре оларға тағы
бір рет ескерту ретінде түсірілген.
406
Мәңгі мұғжиза
1.
ٍشْيَرُق ِف َلايِ ِل
– «Құрайыштың амандығы мен бей-
бітшілік келісім-шарттарын нығайту үшін». Аллаһ
Тағала олардың жік-жікке бөлініп жүргенде бірік-
тіріп сауда жолдарын нығайтып, ахуалын жақсартып,
дәулетті еткен. Осыны біле тұра құрайыштықтар Аллаһ
Тағалаға шүкіршілік етіп, құлшылық қылудың орны-
на пұттарға жөнсіз алғыс білдіріп, соларға шүкіршілік
етіп, олардың басында құрбан шалып, Құдай Тағаладан
теріс айналады. Алайда, құрайыштарға берілген сан-
сыз ырыс пен нығметтерді былай қойғанда, тек Аллаһ
Тағаланың шарапатымен керуен жолдары арқылы сауда-
саттық жасаулары, өз алдына бір жақсылық тұғын. Тым
құрыса осы үшін Аллаһ Тағалаға шүкіршілік білдірсе
болар еді
441
.
2.
ِفْي َّصلاَو ِءاَتِّشلا َةَل ْحِر ْمِهِف َلايِإ
– «Олардың қысы-жазы
жасаған сапарларындағы келісім шарттың қадірін
білу мақсатымен». Яғни, Аллаһ Тағала қыста Йе-
менге, жазда Сирияға жасаған сауда сапарларын
құрайыштықтарға жеңілдеткендігі үшін Оған құлшылық
қылсын. Құрайыштар сауда үшін қыста Йеменге, жаз-
да Шам жаққа, Басраға сапар шегетін. Сондай-ақ жазда
сауда яки дем алу мақсатымен Тайыфқа көшіп, қысқа
қарай Меккеге қайта оралатын. Аллаһ Тағаланың сан-
сыз нығметін былай қойғанда құрайыштар ең болмаса
осы нығметі үшін
3.
ِتْيَبْلا اَذَه َّبَر اوُدُبْعَيْلَف
– «Олар осы үйдің (Қағбаның)
Раббына құлшылық қылсын». Ақырғы елшінің шақыруын
жауапсыз қалдырмай, ақиқатты танып, ортақ қосудан
бас тартсын. Піл иелерінің зұлымдығынан сақтаған
мына Қағбаның ортағы мен ұқсасы болмаған Раббы-
441
Мухаммәд Али әс-Сабуни.Сафуәтут-тәфәсир, 3-том. 606-бет.
407
Құран бақтары
сына, құлшылық қылсын
442
. Оны Құдай санап, Оның
әміріне қарай қалтқысыз құлшылық етсін. Құлшылық
Қағбаны құбыла етіп, оның Раббысына жасалуы қажет.
Алайда құрайыштар Қағбаға құрмет көрсетіп, оны та-
уап ететін де, Аллаһ Тағалаға құрмет көрсетпейтін.
Қазірде де кейбір дінін толық түсінбеген мұсылмандар
Қағбаны қатты жақсы көріп, құрметтегенмен оның Раб-
бысына және Хақ Тағаланың елшісі мен Құранына дәл
солай құрмет көрсете алмайды. Бар ғұмырын құбылаға
бет бұрып, басын сәждеге қойып өткен тақуа кісілердің
рухына құрбан шалып, олар қатты дәріптеліп, ал
құрметтелуге нағыз лайық, барлық ырыс-берекенің
Иесі, Хақ Тағала қалыс қалуда. Ұлы Жаратушы біздің
құрметіміз бен құлшылығымызға мұқтаж емес. Бірақ,
оны орындамаған адамдар үшін бұл – үлкен күнә.
4.
ٍفْو َخ ْنِم ْمُهَنَمآَو ٍعو ُج ْنِم ْمُهَمَع ْطَأ يِذَّلا
– «Ол оларды
аштықтан (құтқарып) тойдырып, қауіп-қатерден
аман қылған (Раббысына құлшылық қылсын)». Бұл
аяттағы қауіп-қатер дегені, «піл иелерінен» аман сақтап
қалуы. Олар келсе Қағбаны ғана емес, меккеліктерді де
таптап, ерін – құл, қызын – қүң етер еді. Бұдан басқа
да:
ِل ِطاَبْلاِبَفَأ ْمِهِلْو َح ْنِم ُساَّنلا ُفَّط َخَتُيَو اًنِمآ اًمَر َح اَنْلَع َج اَّنَأ اْوَرَي ْمَلَوَأ
َنوُرُف ْكَي ِ َّللا ِةَمْعِنِبَو َنوُنِمْؤُي
– «(Мекке халқы) маңындағы
адамдар өлтіріліп яки тұтқындалып жатқанда, Мек-
кені ардақты және бейбіт орын еткенімізді көрмеді
ме? Соны біле тұра бос нәрсеге сеніп, Аллаһ Тағаланың
нығметіне күпірлік ете ме?»
443
аятында айтылғандай,
Меккенің айналасындағы елді мекендерде халық
қорқыныш күйін кешіп жатқан-ды. Дүркін дүркін бір
442
Тәфсирул-Бәғәуи, 8-том, 547-бет.
443
«Анкабут» сүресі, 67.
408
Мәңгі мұғжиза
ел көрші елге шабуыл жасап, үйлерін өртеп, малын
барымталап, қызын күң, ерін құл етіп, қарсы келгенін
өлтіріп тастайтын. Басқа елдер осылай болып жатқан
Мекке халқы бейбіт өмір кешкен. Өйткені, Мекке
халқына ешкім тимейтін. Бұл бір жағынан да хазіреті
Ибраһим аталарының жасаған батасының арқасында
болған еді. Ол:
اًنِمآ اًدَلَب اَذَه ْلَع ْجا ِّبَر ُميِهاَرْبِإ َلاَق ْذِإَو
– «Сол
кезде Ибраһим: «Иә, Раббым! Бұл қаланы бейбіт қала
ет» деген еді»
444
. Және ол:
ِتاَرَمَّثلا ْنِم ْمُهْقُزْراَو
– «Оларға
жемістерден ризығыңды бер»
445
– деген болатын. Ен-
деше, Аллаһ Тағаланың құрайыштарды бәле-жаладан
аман сақтап, мол ризық бергені үшін ғана Оған
құлшылық қылуларына жетпей ме?
Аллаһ Тағала олар араб түбегінде, адамдар
тыныштықтың не екенін ұмытқан кезде тыныштық
өмір нәсіп еткен-ді. Жалғыз жолаушы бір қаладан екін-
ші қалаға аман-есен барулары мұң болған. Саудагер-
лер де әрқашан табысты бола бермейтін. Жолдарын
тосқан қарақшылар әрқашан торуылдап жүретін. Тек
қана жолдағы араб тайпаларының көсемдеріне мол
ақша беріп өте алған. Алайда меккеліктер бұлардан
тыс еді. Олар қалаған жерлеріне аман-есен баратын.
Жолдағы қарақшылар бұлардың керуеніне тиіспейтін.
Һәм меккеліктер қалада да бейбіт өмір сүрген. Ешбір
жан Меккеге келіп зұлымдық жасамаған. Өйткені,
араб түбегіндегі халықтар меккеліктерді «Қағбаның
қызметшілері» деп құрмет көрсетіп, тиісуге Құдайдың
қаһарынан қорыққан. Әрине Әбрәһаның қайысқан
қалың қолы бір сәтте талқандалғанын естігеннен
444
«Бақара» сүресі, 126.
445
«Ибраһим» сүресі, 37.
409
Құран бақтары
кейін, оларға деген өзгелердің құрметтері арта түсуі
әбден түсінікті. Меккеліктер жалғыз сапарға шыға
алатын. Қарақшылар жолын тосып, тұтқындаса оның:
«Мен Қағбаның қызметшісімін, яки, меккелікпін» де-
ген жалғыз ауыз сөзі жеткілікті болған. Оларға бейне
бір қасиетті адам ретінде қараған. Қағбаға өздері де
мұқтаж, һәм сол аймақ сауда орталығы болғандықтан,
меккеліктердің беделі әрдайым үстем тұғын. Міне,
өзгелер күтпеген жерден жау шауып қызы мен баласы
тұтқындалып бақытсыз ғұмыр кешкен кезеңде, Аллаһ
Тағала бұларға осындай бейбіт ғұмыр бергендігін ай-
тып, жалғыз Өзіне ғана құлшылық қылуға әмір етуде.
Бұл жерге дүниенің төрт бұрышынан саудагер-
лер келіп, жылда Уқазада жәрмеңкеге жиналған.
Сондықтан, меккеліктерге бір жағынан саудадан,
бір жағынан Қағбаға зиярат етушілерден көп қаржы
түсіп тұрған. Осы мол ырыстың «Оларды аштықтан
тамақтандырған» деп, Өзінің меккеліктерге деген ша-
рапатын төккен Аллаһ Тағала оларды шүкіршілікке
шақыруда. Және де өткен ғасырда әлемде алапат соғыс
болып, жер бетіндегі адамдар сеңдей соғылып, тар
жол тайғақ кешіп жатқанда, олар бейбіт өмір сүрген.
Ендеше, бұл сүренің қазіргі кезеңге де тікелей қатысы
бар. Құран жалпы адамзатқа түскендіктен, бұл сүренің
барлық мұсылмандарға да берер тағылымы мол.
410
Мәңгі мұғжиза
«МАҒҰН» СүРЕСІ
ِمي ِحَّرلا ِنم ْحَّرلا ِللا ِم ْسِب
َلاَو }2{ َميِتَيْلا ُّعُدَي يِذَّلا َكِلَذَف }1{ ِنيِّدلاِب ُبِّذَكُي يِذَّلا َتْيَأَرَأ
نَع ْمُه َنيِذَّلا }4{ َنيِّل َصُمْلِّل ٌلْيَوَف }3{ ِنيِك ْسِمْلا ِماَعَط ىَلَع ُّض ُحَي
}7{ َنوُعاَمْلا َنوُعَنْمَيَو }6{ َنوُؤاَرُي ْمُه َنيِذَّلا }5{ َنوُهاَس ْمِهِت َلا َص
Мағынасы:
1. «Мына дін мен мақшарды жоққа шығарғанды
көрдің бе?
2. Ол жетімді итеріп, қақпайлайды.
3. Жоқ-жітіктерді тойдыруға ынталандырмайды.
4. Мынадай намаз оқығандардың халі қандай жаман!
5. Олар намаздарын немқұрайды оқиды.
6. Құлшылықтарын рияшылдық үшін жасайды.
7. Зекет және өзге де нәрселерін беруге қимай
сараңдық жасайды».
Бұл сүре жеті аяттан тұрады. Бірқатар тәпсіршілердің
пікірінше, бұл сүре Меккеде түскен. Кейбір ғалымдар
осы сүренің алғашқы үш аяты – Меккеде, қалғандары
– Мәдинада түскендігін айтады. Сүренің атауы
«жәрдемдесу» мағынасына келетін ақырғы аятынан
алынған. Сүреде дін мен салиқ амалдардың ақыретте
қарымы қайтарылатынына, иман етудің негізгі мәселе
екендігіне назар аударылған және қоғамда бір-біріне
қол ұшын берудің көмектесудің шарт екендігі баянда-
лады.
Сүренің жалпы мазмұны екі топ:
1. Аллаһ Тағаланың ырыс-нығметін жоққа шығарған
көрсоқырлар мен мақшарға сенбеген кәпірлер.
411
Құран бақтары
2. Жасаған амалдарынан Аллаһ Тағаланың
ризалығын көздемей, қайта рияшылдық мақсатпен амал
етіп, намазға жығылған мұнафықтар жайында өрбиді.
Тәпсірі
1.
ِنيِّدلاِب ُبِّذَكُي يِذَّلا َتْيَأَرَأ
– «Мына дін мен мақшарды
жоққа шығарғандарға көз салып көрдің бе?»
َتْيَأَرَأ
– «Көрдің бе?» Бұл сөз былай қарағанда,
Пайғамбарға айтылып тұр. Алайда Құранның тәсіліне
сай бұл сөз әрбір саналы жанға яғни, сөздің мәнін
ұғына алатын адамға арналған. «Көрдің бе?» сөзінің
мағынасы – көзбен көру. Өйткені, одан кейінгі айты-
латын мәселелер зағип емес, әр адамның көре ала-
тын нәрселері. Сонымен қатар, бұның мағынасы
ұғыну, ойлану, тұшыну да болуы мүмкін. Адамның
болатын мәселеге тереңнен назарын аударту мақсаты
жатуы мүмкін. Ендеше, «Сен мақшар күнін жоққа
шығарғандардың қандай адамдар екенін білесің бе?»
яки, «Мына адамның халіне қара! Ол амалдардың
қарымы қайтарылатын күнді жоққа шығаруда». Неме-
се «Ей, Мұхаммед! Құрайыш арасында кәпірлердің не
істегендерін анық біліп, олардың кімдер екенін білдің
бе?» – мағынасына да келеді.
Түсу себебі
Риуаятта былай айтылады: Әбу Жәһіл бір
жетімнің мирасының сақтаушысы еді. Бір күні әлгі
жетім жалаңаш оған келіп, өз малынан аздап беруін
сұрайды. Әбу Жәһіл оны көзге ілмей итермелеп, адам
ғұрлы көрмейді. Құрайыштың үлкендері де әлгі балаға:
«Мұхаммедке бар. Ол саған қолұшын берер» деп оны
келекеге айналдырды. Жетім бала олардың мазақтап
412
Мәңгі мұғжиза
тұрғанын түсінбей, Аллаһ Елшісіне келіп көмек
сұрайды. Мұқтаж жанның меселін қайтаруды білмей-
тін Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны ертіп Әбу Жәһілдің
үйіне келеді. Әбу Жәһіл оны жақсылап қарсы алып,
жетімнің малын дереу қайтарады. Құрайыштар мына
жайттан хабар алған соң Әбу Жәһілге барып: «сен де
дініңнен безіп, Мұхаммедтің дініне кірдің» деп ашулы
қабақ танытады. Әбу Жәһіл: «Жоқ, мен дінімнен безген
жоқпын. Бірақ, оның екі жағында қолына қару ұстаған
сарбаз көрдім. Егер бермесем, өлтіріп кетер деп қатты
қорықтым», – дейді.
Ибн Аббастың бір хабарына қарай бұл сүре сараң
да, рияшыл бір мұнафық хақында түскен дейді. Ендеше
бұл сүре жалпы осы тәрізді адамдардың хал-ахуалын
білдіру үшін түскен.
Аяттағы
نيِّدلا
– «дін» сөзі ақыретте амалдардың
қайтарымы ретінде және Ислам үшін де айтылады.
Бірақ, бұл жерде бірінші мағынаға әлдеқайда жақын
келеді. Өйткені, ақыретке сенген адам жетімге бұлай
қарамайды. Жетімнің жағасынан алып, көкірегінен
итермелеп, жоқ-жітіктерге тамақ беруден қашқан
адам ақыретке сенбейтін, Құдай Тағаланың қаһарынан
қорықпайтын болғаны.
2.
َميِتَيْلا ُّعُدَي يِذَّلا َكِلَذَف
– «Ол жетімді итеріп,
қақпайлайды». Яғни, мынаны жақсылап біл! Дін мен
ақырет күнінде есепке тартылатынын ойламаған адам-
дар, қашанда да дінсіз келеді. Имансыз болғандықтан,
жетімнің көкірегінен қағып, мысын басады. Құдайдан
қорықпағандықтан ынсап пен рақымдылықтан жұрдай
болып, әлсіздердің малын жеп, оларды келеке етеді.
413
Құран бақтары
3.
ِني ِك ْسِمْلا ِماَعَط ىَلَع ُّض ُحَي َلاَو
– «Жоқ-жітіктерді
тойдыруға ынталандырмайды». Яғни, міскін, кедей,
жоқ-жітік, бейшара жандарға азық беруге ешкімді
шақырмайды
446
. Алдымен өзі тамақтандырайын демей-
ді. «Өзгеге де «бейшара жандарға қол ұшын берсеңдер
дұрыс болар еді» деп те айтпайды. Аяттағы адамның
біреуді ынталандыра алатындай күші болғанына
қарағанда, елге сөзі өтерлік, жоғары лауазымды кісі
болса керек. Ендеше, бұл арада қоғамның кейбір
қайраткер, іскер, т.б, елге белсенді жандары меңзелген.
Олар алдымен өздері өнеге көрсетіп, халық арасында
жақсылыққа үндеуі керек. Бірақ, өкінішке қарай, олар
тек өздерінің қарақан бастарының пайдаларын ғана ой-
лайды. Жетім-жесірлер мен жоқ-жітіктердің ақысын
өздері жейді. Аяттағы «Тағамул-мискиннің» мағынасы
қазақ тілінде «Міскіннің тағамы» дегенге келеді. Яғни,
бай адамның байлығының бір бөлігі міскіннің ақысы.
Құранда:
ِموُر ْحَمْلاَو ِلِئا َّسلِل ٌّق َح ْمِهِلاَوْمَأ يِفَو
– «Олардың мал-
мүліктерінде тіленші мен жоқ-жітіктердің ақысы
бар»
447
деп айтылады. Дәулеті – иесінің малы емес.
Мысалы зекет – байдың өзінің дүниесі емес. Ол Аллаһ
Тағаланың жоқ-жітіктерге бер деп, оны себепкер еткен
кедейдің дүниесі. Сондай-ақ, бір қоғамда да жағдайы
нашар жандарға көмек ретінде бөлінген қорлар болады.
Олар да жетім мен жоқ-жітіктердің үлесі. Алайда иман-
сыз, һәм дінсіз жандар сол мүліктің үлесін өздері жеп,
әлсіздерге қол ұшын беруге ниет қылмайды.
446
Тәфсирул-Бәғәуи, 8-том, 551-бет; әр-Рази. әт-Тәфсирул-
кәбир, 32-том, «Мағұн сүресі».
447
«Зәрият» сүресі, 19.
414
Мәңгі мұғжиза
Бұл сүренің мазмұнын алдындағы екі сүренің
мағынасымен ұштастырып айтар болсақ, бір қоғамда
бейбіт ғұмыр кешіп, Аллаһ Тағаланың жәрдемі арқылы
аштықтан құтылып, амандыққа жеткен адамдардың
Хаққа бағынып және осы құлшылықты жасау үшін
жетім мен жоқ-жітіктерге қарап, аш, бейшара жандарға
тамақ беріп, киіндіріп, басқа да көмек беру Хақ діннің
талабы. Шамалары келе тұрып мұны жасамағандардың
Аллаһ Тағаланың қаһарына ұшырайтыны сөзсіз. Жетім-
дерді қақпайлап, ақысын жеп және айналасындағы бей-
шара жандардың қажеттіліктері хақында ынталандыр-
мау мейірімсіздік. Бұнымен қатар олардың жетімдерді
қақпайлап, жоқ-жітіктерді көзге ілмей, мақшар күнін
жоққа шығаруы астамшылық.
4.
َنيِّل َص ُمْلِل ٌلْيَوَف
– «Мынадай намаз оқығандардың халі
қандай жаман!». Яғни, бұлайша намаз оқығандардың
ақыреттегі халі неткен жиіркенішті. Олар осы іс-
әрекетімен жаһаннамның түпсіз тұңғиығына батып,
қан мен ірің болып аққан өзенге түспек. Бұлар –
намазға жығылған сияқты көрініп, өздерін мұсылман
танытқысы келген адамдар.
5.
َنوُها َس ْمِهِت َلا َص ْنَع ْمُه َنيِذَّلا
– «Олар намаздарын
немқұрайды оқиды».
َنو ُها َس
– «сәһу» – қазақ тілін-
де «жаңылысу» мағынасына саяды. Яғни, аяттың
мағынасы: «Олар намаздарын жаңылысып оқиды».
«Намаздарын жаңылысып оқу» аятына тәпсіршілер
көптеген түсіндірмелер жасаған. Намаздың қадірін біл-
мей немқұрайды қарап, негізгі уазипа деп қарамағандар.
Намаз уақыттарына да бәлендей мән беріп жатпай-
ды. Әлдеқашан азан шақырылып қойса да және әлден
уақыттан кейін келесі азан шақырылса да, «Осы менің
415
Құран бақтары
намазым қаза болды-ау» деп асығуды, өкінуді білмейді.
Намазын оқыған күннің өзінде де жәй әншейін оқып,
халықтың қарапайым салт-дәстүріндей көріп, оған
салғырттық танытады. Намазға Ұлы Жаратушының
аса маңызды жарлығы ғой деп, өмірінде бір сәт көңіл
бөлмейді. Яғни, намазын Аллаһ үшін ықыласпен
емес, дүниеге тиесілі бір мақсатпен мұнафықша оқу.
Көпшілік намазға тұрып жатса бұл да сапқа тұрып,
жалғыз қалғанда есіне де алмау. Бұған Пайғамбармыз
төмендегі екі хадисін дәлел еткен.
1. «Сағд ибн Әби Уаққас деген сахаба
448
: «Аллаһ
елшісінен осы аят хақында сұрағанымда ол маған:
«Олар намазды мезгілін кейінге қалдырғандар»
449
– деп
жауап берген.
2. Әбу Бәрзәлә әл-Әсләми осы аят түскенде
Пайғамбарымыздың: «Аллаһу Әкбар, бұл сендердің
әрқайсыларыңа үлкен байлық берілгеннен әлдеқайда
артық. Олар – намаз оқыған кезде сол намаздан жақсылық
келетініне сенбей, Құдайдан қорықпайтындар», деп
айтқанын жеткізген
450
.
Намаз кезінде өзге дүниелік ойға бату басқа нәрсе,
намазына ешбір көңіл бөлмей, намазда әрқашан өзге
нәрселерді ойлау басқа нәрсе. Кейде адам намазда тұрып
байқаусыз әлдебір ойларға батып, өз-өзін ұстай алмауы
мүмкін. Бірақ, мұсылман кейіннен өзіне келгенде дереу
есін жинап, көңілін Хақ Тағалаға аударып, намазын ары
қарай шынайылықпен жалғастырады. Екіншісі болса,
намазды әрқашан селқос оқығандар. Өйткені, олардың
оқыған намаздары жаттығу тәрізді. Бұндай адамның
448
Бұл сахаба қазақта «Сәдуақас» деп аталып кеткен.
449
Бәухақи. әс-Сунәнул-Кубра, 2, 214.
450
Суити. әд-Дуррул-Мәнсур, 8, 642.
416
Мәңгі мұғжиза
жүрегінде Аллаһ Тағаланы зікір ету, Оған жалбарыну
ниеті болмайды. Өйткені, намаздың парыз екендігіне
сенбейді. Намазға тұрғанда бір сәт те Хақ Тағаланы
ойламайды. Қандай дүниелік оймен бастаса, сол ой-
мен намазын аяқтайды. Ал көпшілікпен бірге мешіттен
шығып бара жатқан кезде төңірегіндегілерге өзін әулие,
тақуа кісі көрсетіп, «Жаңа көрдіңдер ме, менің намаз
оқығанымды?» – дегендей паңданып, әлдекімдерге
намаздың маңызы хақында сөз қозғайды.
Құранда Осы аятты қуаттайтын:
َ َّللا َنو ُعِدا َخُي َنيِقِفاَنُمْلا َّنِإ
َنوُرُكْذَي َلاَو َساَّنلا َنوُءاَرُي ىَلا َسُك اوُماَق ِة َلا َّصلا ىَلِإ اوُماَق اَذِإَو ْمُهُعِدا َخ َوُهَو
لايِلَق َّلاِإ َ َّللا
– «Мұнафықтар Аллаһ Тағаланы алдағысы к -
леді. Алайда Аллаһ Тағала олардың айлаларын жарам-
сыз етеді. Олар намазға тұрғанда жалқауланып әзер
тұрып, мұсылмандарға рияшылдық жасайды. Олар
Аллаһ Тағаланы өте аз естеріне алады», деген аят
бар
451
. Олар намаз оқиды. Бірақ, намаздың ақиқатынан
мүлде аулақ.
6.
َنوُءاَرُي ْمُه َنيِذَّلا
– «Құлшылықтарын рияшылдық
үшін жасайды». Яғни, жасаған барлық құлшылықтарын
елге көрсетіп, рияшылдық мақсатпен ғана орындай-
ды. Бұл аятты мұнафықтар мен меккелік кәпірлерге
қатысты десек те жалпы мұсылмандарға да қатысы
бар. Кейбір мұсылман кісілер барлық құлшылықтарын
өзінің дүниелік мақсаты үшін жасайды. Мысалы, Құран
жаттаса оны «ел мені қари деп атасын» деп жаттайды.
Зекетін берсе, елге көрсетіп, өзін жарнамалап береді.
Қажылыққа барса өзін ел «қажы» атасын деп барады.
Аятта айтылғандай Аллаһ Тағаланы болар-болмас зікір
451
«Ниса» сүресі, 142.
417
Құран бақтары
етіп, көбінесе өзін ойлайды. Аллаһ Тағалаға жақын
құл болуды емес, өзінің нәпсісіне «жақын құл» болу-
ды ойлаған бейшара мұсылман-мұнафық. Мұнафық
екі түрлі болады. Әуелгісі – ақидада мұнафық. Іші
кәпір сырты мұсылман көрінген адам. Екіншісі – «ама-
ли мұнафық». Бұл өзі мұсылман. Бірақ, іс-әрекеті
мұнафықша. Ісін Аллаһ үшін емес, көбінесе өзі үшін
істейді.
6.
َنو ُعاَمْلا َنوُعَنْمَيَو
– «Зекет және өзге де нәрселерін
беруге қимай сараңдық жасайды». Аяттағы «Мағуун»
сөзінің мағынасына сөздік пен тәпсірлерге көз салсақ,
зекетке, жақсылыққа, сый-сияпатқа және көршілер
арасында ауыс-түйісте жүретін отбасы, ошақ қасында
қолданылатын қасық, ожау, балта, орақ, күрек, т.б.
тұрмыстық заттарға қатысты айтылады
452
. Міне,
мінез-құлықтары жоғарыда айтылған бұл адамдардың
тағы бір ерекшелігі – заттарын беруге қимайтын
сараңдықтары. Яғни, сұрап барған көршісіне уақытша
қасығы мен балтасын да беруге қимай, әр нәрсені сы-
лтауратып шығарып салмақ. Ендеше, бұлар зекеті мен
пітір садақасын шығармайтын, қоғамға мүлдем қол
ұшын бермейтіндердің қатарына жататындар
453
. Бол-
машы нәрсесін қимаған, қомақты жәрдемді қалай ғана
берсін.
Мұндай кісілердің мінезі былайша болмақ.
1. Ақыретке және ғарасат майданында бұл дүниедегі
істерінен сұраққа тартылатынына сенбейтін мұнафық.
Яки сене тұра, ертең не боларын ойламаған немесе
жүрегімен сезбеген дүниеге батқан әлсіз мұсылман.
452
Уәһбә Зухәйли. әт-Тәфсирул-Мунир, 15-том, 824-бет.
453
Тәфсирул-Бәғәуи, 8-том, 552-бет.
418
Мәңгі мұғжиза
2. Жетімнің малын жегенімен қоймай, оны
қорлаушы. Яки ата-анасы жоқ жетімдерге бөлінген ар-
найы қаражатты оларға жеткізбей, жымқырып, онымен
ғана тоқталып қалмай сол жетімнің малына семіріп,
мастығып оларды келеке етуші.
3. Төрт-түлігі сай дәулеті тасыған адам бола тұра,
жоқ-жітіктерге қол ұшын беруді білмейтін тас жүрек
адам. Халықтың жағдайын емес, өзінің қу құлқынын
ойлап, аз уақытта отырған лауазымын пайдаланып,
қымқырып қалуға тырысып, өзгенің халіне пысқырып
та қарамаған шолақ белсенді.
4. Намазын Аллаһ Тағала үшін емес, өзінің дүниелік
пайдасы үшін ғана оқып, оған мүлде зейін қоймай
«өткен ғасырдың дәстүрі» деп қараған жаһаннамға
лайық адам.
5. Басқа да құлшылықтарын мұсылман халыққа
көрсетіп, сол арқылы елге діндар көрініп бедел жи-
наушы. Жасаған қажылығын, салған мешітін өзінің
дүниелік құпия мақсатына жету үшін амал етуші.
Адам баласын жамандықтардан тыйып, ізгілік-
ке баулып, әлсіздерге мейірім-шапағатын оятатын ең
үлкен себеп ол сөзсіз – ақыретке деген сенім. Ақыретке
деген сенімі болмаған адамның жетім-жесірлерді ойла-
уы әсте мүмкін емес. Олар тек қана өз қарақан бастарын
ойламақ. Сондықтан да бұл сүреде ақыретке сенбеген,
намазға маңыз беріп қарамаған, рияшылдық жасап,
өзгелерге көмектеспейтіндері хақында баяндалады.
Ақыретте есепке тартылатынына анық сенген адам
– жетімге жаны ашып, жоқ-жітікке көмектесіп, нама-
зын ықыласпен оқымақ.
419
Құран бақтары
Достарыңызбен бөлісу: |