Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата08.02.2017
өлшемі1,23 Mb.
#3663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Маргулан  А.Х.  Бегазыдандыбайская  культура  Центрального  Казахстана, 

Алма-ата, 1979. – 337 с.

2. Куанганов Ш.Т. Арий – гунн сквозь века и пространство: свидетельства, 

топонимы, Астана, Фолиант, 2001. – 252 с.

3. Лун-ли.Е. Цидан  го чжи/перевод В.С.Таскина/, Москва, 1979. – 350 с.

4. Мишель Х. Чингис хан, Ростов-на-Дону, Феникс, 1977. – 313 с.

5. Қашқари М. Девону луғатит турк. Ташкент, 1960, Т.1, - 499 б.

6. Ал Идриси. Сурат ал-Ард, Багдад, 1951. – 151 с.

7. Маргулан А.Х. Остатки оседлых поселений в Центральном Казахстане // В 

кн. Археологические памятники Казахстана, Алма-ата, 1978. – 7-16 с.

8. Рашид-ад-Дин. Сборник  летописей, М.: Л, 1952, Т.1, Изд. АН СССР. – 315 с.

9.  Әбілғазы.  Түрік  шежіресі  /Аударған:  Б.Әбілқасымов,  Алматы,    Ана  тілі, 

1991. – 208 б.

10. Кумеков Б.Е. Государство кимаков ІХ-ХІ вв. По арабским источникам. Ал-

ма-ата, 1972. – 156 с.



18

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

11. Смаилов Ж.Е. Памятники археологии Западной Сары-Арки (Средневеко-

вые городища и поселаения), Балхаш, 1997. – 63 с.

12. Бартольд В.В. Извлечения из сочинения Гардизи Зайн ал-ахбар, Т.8. Мо-

сква, 1973. – 723 с.

13. Сербина К.Н. Книга большому Чертежу. М.; Л, 1950 – 229 с.

14. Қорқыт ата кітабы. / Аударған Б.Ысқақов, Алматы, Жазушы, 1994. – 160 б.

15. Короглы Х. Огузский георический эпос, Москва, Наука, 1976. -239 с.

16. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар / Құраст. Р.Бердібаев, Алматы, Жазушы, 

1985. – 368 б.

17. Радлов В.В. Алтын сандық, Алматы, ана тілі, 1993. – 254 б.

18. Бөкейханов А. Шығармалар, Алматы, Қазақстан, 1994. 384 б.

19. Омари Ж.Бұқар жырау: он екі тарих, Қарағанды, 1994. – 317 б.

20. Утемиш-хаджи, Чингиз-наме, Алма-ата, 1994. – 296 с.

21. Кудайберды-улы Ш.Родословная тюрков, киргизов, казахов и ханских ди-

настий, Алма-Ата, Жазушы, 1990. – 118 с.

22. Ахмедов Б.А. Государство кочевых узбеков, Москва, 1965. – 195 с.

23. Киргизская степная газета, Омск, 1897, №13. 14-18 с.

24. Мұсабаев Ғ. Кегенская надпись // В кн. Эпиграфика казахстана, Алма-Ата, 

1971. – 24-28 с.

25. Миллер Г.Ф. Описание Сибирского царства, СПВ., 1750. – 120 с.

26. Кзыласов Л.Р. Памятники поздных кочевников Центрального Казахстана // 

Изв. АН КазССР Серия археология, 1951, №108. 60-69 с.

27. Артықбаев Ж.О. Жакин М.С. Шет өңірінің тарихы, Қарағанды,  ҚарМУ 

баспасы. 1998. – 275 б.

28. Янушкевич А. Күнделіктер мен хаттар немесе қазақ даласына  жасалған 

саяхат туралы жазбалар, / Орыс тілінен ауд.: М.Сәрсекеев, Алматы, 1979. – 138 б.

29. Султаньяев О. Элементы этимологического анализа в сочинениях Ч.Ч. Ва-

лиханова // Проблемы этимологии тюркских языков, Алма-Ата, 1990. – 360-367 с.

30. Материалы по истории казахских ханстов ХV-ХVІІІ веков, Алма-ата, На-

ука, 1969. – 651 с. 

31. Керімбаев Е.А. казахская ономастика в этнокультурном, номинативом и 

функциональном аспектах, Алматы, 1995.  – 246 с.


19

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Айбек Сүлейменов

Қарағанды облыстық Тілдерді дамыту

жөніндегі басқарманың ономастика, 

сараптама және қоғамдық ұйымдармен 

байланыс бөлімінің  бас маманы

Тарихи топонимдер тағылымы 

Әрбір атау - тарихтың табы сіңген нысаналы белгісі. Мұндай ұлттық және 

рухани  байлығымыз  саналатын  топонимдерді  зерделеу  бүгінгі  күн  талабынан          

туындап отыр. Кез-келген өңірдің жер-су атаулары өзінің бойына көптеген тарихи 

деректерді, этнографиялық мәліметтерді, географиялық сыр-сипаттарды сақтап 

отыратыны белгілі. Топонимдегі деректер нақты бір географиялық ұғым атаулары 

болғандықтан, олар арнайы сұрыпталған лексикалық қабаттардан тұрады. Көне 

дәуір куәсі болып табылатын топонимдер халықтың этнографиялық, қоғамдық, 

әлеуметтік жай-күйінен, өткен өмір-тіршілігінен әрқилы мәлімет береді. Мұның 

өзі топонимдерді зерттеудің өте күрделі құбылыс екендігін, ол істе зор ғылыми 

ізденістермен ғана мақсат-мұратқа жету мүмкін екендігін көрсетеді. Демек, тіл-

дік құбылыстың табиғатын тек оның тілдік заңдылықтарына ғана сүйеніп емес, 

сонымен қатар сол тілде сөйлеуші этностың (халықтың) дүниетанымына, салт-

дәстүріне, ұлттық менталитетіне байланысты да айқындауға болады. Сон дықтан, 

белгілі  бір  аймақтың  топонимиясын  зерттеуді  қолға  алмас  бұрын  сол  жердің 

тарихына,  саяси-әлеуметтік  жағдайына  және  оны  мекендеуші  ха лық  өмірінің 

этникалық  мәдени  тарихына  ерекше  көңіл  бөлу  керек  екендігін  зерттеушілер 

атап көрсетеді.

Тарихи  топонимика  саласында  бірінші  кезекте  топтастыру  мәселесі  ерек-

ше  маңызға  ие.  Топтастыру  мәселесін  анықтау  арқылы  тарихи  топонимдерді 

жүйелеу  мүмкіндігі  туындайды.  Қазақстан  ғалымдары  тарапынан  түрлі  топ-

тастыру модельдері ұсынылып және қолданылып жүр. Бұл топтастырулардың 

не гізгі  принциптерін  анықтап  алмай,  тарихи  топонимия  мәселесі  өз  шешімін 

таппақ  емес.  Топонимика  саласында  алғашқы  топтастыру  нұсқасын  жасаған 

бел  гілі ғалым А.Әбдірахманов болды. Оның топонимдік атауларды мазмұнына 

қа рай бірнеше топқа біріктіруі келесідей:

1. Адам есімдері бойынша аталатын географиялық объектілер (антропонимдер);

2. Ру атаулары бойынша аталатын топонимдер (генотопонимдер);

3. Халықтың атауын көрсететін топонимдер (этнотопонимдер);

4. Өсімдік атауы бойынша қойылған топонимдер (фитотопонимдер);

5. Жануарлардың атауы бойынша қойылған топонимдер (зоотопонимдер);

6. Географиялық объектілердің түр-түсін көрсететін топонимдер;

7. Объектілердің санын көрсететін топонимдер;

Тарихи топонимика


20

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

8. Белгілі бір уақыттарда болған оқиғалар бойынша аталған топонимдер;

9. Ұқсастырылып қойылған топонимдер;

10. Географиялық немесе басқа да терминдер арқылы қойылған топонимдер;

11. Географиялық объектілердің сапасын, қасиетін және көлемін көрсететін 

топонимдер;

12. Басқа тілдерден енген және көне сөздерден қалыптасқан топонимдер;

13. Революциядан кейінгі әлеуметтік оқиғалармен байланысты қойылған то-

понимдер.

Географиялық нысандардың негізгі атауларының нақтылы сыр-сипат, себеп-

салдары нысандардың түр-түс, көркін бейнелейтін жалпы есім сөздерден, сол 

жерде тұратын адамдардың әдет-ғұрып, салт-санасын және діни, идеологиялық 

жағдайларын сипаттайтын сөздерден қойылып отыруы ономастикаға тән құбы-

лыс. Жер-су атауларының шығу тегі, ерекшелігі мен тарихи маңыздылығы әр аза-

матты қызықтырады. Сондықтан топонимдердің этимологиясын зерттеп, оларды 

топтастыра, біріктіре отырып әкімшілік-аумақтық бірліктерді орналасқан жеріне 

қарай  тарихи  атауымен  атасақ,  бұл  әрбір  азаматтың  отансүйгіштік  сезімдерін 

оятуға  әкелері  хақ.  Отанды  сүю  бүгінгі  ұрпақтың  туып-өскен  өлкесіне  деген 

сүйіспеншілігінен,  туған  тілін,  тарихын,  мәдениетін  дәріптеуден,  оны  жақсы 

білу мен құрметтеуден басталуы тиіс.

Қазіргі  таңда  ономастика  саласындағы  кезек  күттірмес  мәселелердің  бірі  

ұмыт болған дәстүрлі атауларды жаңғырту, тарихи атауларды қайтару ісін жан-

дан  дыру  қажет  деп  есептейміз.  Кеңес  заманында  көптеген  отаршылдық  пен 

тота литарлық мазмұндағы елді мекен атаулары пайда болып, дәстүрлі атаулар 

тарихи  түп-тамырынан  қол  үзді.  Саяси  тұрғыдан  алғанда,  тарихи  атауларды 

қалпына келтiру егемендiк алған елдiң ұлттық идеологиясының қалыптасуының 

ал ғашқы  белгiлерiнiң  бiрi  болып  табылады.  Осы  саяси  маңызды  шараны  iске 

асыруда салмақты зерттеу жұмыстарын жүргізу аса маңызды.

Тәуелсіздік  алған  алғашқы  жылдары  Қарағанды  өңірінде  атау  беру,  қайта 

атау жұмыстары қарқынды жүзеге асырыла бастады. Әрине, көптеген елді ме-

кендерімізге тарихи атаулары қайтарылып, көптеген ұлы тұлғалармыздың есім-

дері ұлықталғаны қуанышты жағдай. Дегенмен, Первое Мая, Ростовка, Петров-

ка,  Дубовка,  Новокарповка,  Майоровка,  Крещеновка,  Святогоровка,  Русская 

Ивановка, Чапаев, Комсомольское, Тельман, Пионер секілді халқымыздың ұлт-

тық сипаты мен елдігімізге сын болар елді мекен атауларын облыс аумағынан 

әлі де болса кездестіруге болады. Осы секілді елді мекен атаулары тәуелсіз елдің 

мүддесіне сай неге толық өзгертілмей жатыр деген пікірлердің туындауы да заң-

ды. Бұл тұрғыда ескеретін біраз жайттар бар. Соның  бірі аталған  атаулардың 

қа зіргі заман талабына сай емес екенін, олардың моральдық тұрғыда ескіргенін 

халық арасында түсіндіру жұмыстары мейлінше қарқынды жүргізілуі тиіс. Бір 

атауға (қандай болса да) құлағы үйреніп қалған қалың жұртшылық оның мәніне 

Тарихи топонимика


21

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

бара бермейді. Енді біразы қайта ресімдеуге қаржы жұмсаймыз деп даурығады. 

Алайда,  өркениеттің  қарыштап  дамыған  заманында  әлгіндей  мәселелер  әлде-

қашан  шешіліп қойған. Қалай болғанда да моральдық ескірген атауларды өзгер-

ту жұмыстары сол өлкенің тарихына деген жанашырлықпен жүзеге асырылуы 

қажет. Бұл өз кезегінде ономастика комиссияларына да зор жауапкершілік жүк-

теуі тиіс.

Қисынсыз  қойылған  елдімекендердің  атауын  өзгертпес  бұрын,  ғылыми  

тұр      ғыда терең зерттеу жүргізе отырып оның тарихи атауын негіздеу мәселесі 

туын дайды. Осы мақсатта, 2001 жылдан берi Республика көлемінде алғаш бо-

лып  Қарағанды  облысы  көлеміндегі  әр  ауданға  этнотопонимикалық  зерттеу-

лер жүргізіліп келеді. Тарихы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр, сондықтан, ке­



лер ұрпақ тарихтан тағылым алу үшін елдігімізді әйгілейтін, ұлттығымызды 

ұлықтайтын  тарихи  атауларымыздың  тарихи  шежіре  екендігін  санаға  құю 

–  басты  міндет.  Өлкеміздегі  әр  жердің,  судың,  елді  мекендер  мен  мәдени 

орындардың аттарының қатпарлы сыры – кейінгі ұрпаққа өнеге. Біздің мүдделі 

мақсатымыз – бабалар мұрасына байыппен қарай білу. Осы орайда, тілдерді 

дамыту  жө ніндегі  басқарманың  бастамашылығымен  облысымыздағы  та­

рихшы,  тілші  ға лымдармен,  өлкетанушылармен  бірлесіп  Қарағанды  облысы 

аудандарының  топонимикалық  карталарын  жасау  жұмысы  қолға  алынып, 

жүргізілуде. Нәтиже сінде бүгінгі таңға дейін облысымыздағы 9 ауданның ел ді 

мекендері мен жер­су атауларының тарихи негіздемелері дайындалып, кітап 

болып  жарыққа  шығып  отыр.  Топонимикалық  зерттеудiң  негізінде  бұрынғы 

орысша  атауды  немесе  нау қан  барысында  қойыла  салған  кездейсоқ  атауды 

ыңғайлы қазақшамен ауыс тыра салу емес, атаулар өзгерiсiнiң тарихи себептерi 

мен  заңдылықтарына  үңiле  отырып,  тарихи-этнографияның,  өлкетанудың 

шешiлмеген  күрделi мәсе лелерiне жауап  табуға  мүмкіндік ашылмақ. Өйткенi, 

бар рухани мұрасы сан ға сыр лар ды бойлаған елдiң тарихы жайлы дерек көзi тап-

шы келедi. Жер-судың аты – тарихтың хаты. Сондықтан, топонимикалық атаулар 

тарихын зерттеп, олардың нақты кеңiстiктегi орындарын анықтау және ғылыми 

тұрғыдан  алғанда  жаңа  тың  дерек  көздерiн  ашып,  олармен  жұмыс  iстеудiң 

әдiстерiн жетiлдiру -  тарихтың ақтаңдағын азайтуға тiкелей септiгiн тигізеді.

Ономастикалық  жұмыстарды  жандандыру  және  оны  бүгінгі  идеологиялық 

талаптарға сәйкестендіру бағытында жүргізілген талдауларға сүйенсек, бүгінгі 

таңда Қарағанды облысы бойынша моральдық тұрғыдан ескірген елді мекендер 

саны 62-ні құрайды. Оның ішінде нақты тарихи атауы бар бірқатар елдімекендер 

де бар.

Тарихи топонимика


22

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Тарихи атаулары болған елді мекендер 

Қазіргі атауы

Тарихи атауы

Шахтинск қаласы

Тентек

Октябрь ауданы (Қарағанды қаласы)



Майқұдық

Киевка кенті (Нұра ауданы)

Құндызды

Майоровка ауылы (Нұра ауданы)

Талсай

Дубовка кенті (Абай ауданы)



Қаракөл 

Целинный ауылы (Жаңаарқа ауданы)

Көктал 

Молодежный кенті (Осакаров ауданы)



Ақбұлақ

Тельман ауылы (Осакаров ауданы)

Қаракөл 

Святогоровка ауылы (Осакаров ауданы) 

Сазат 

Крещеновка ауылы (Осакаров ауданы)



Қарабұлақ 

 Покорное ауылы (Бұқар жырау ауданы)

Елібай

Ленин ауылы (Жаңаарқа ауданы)



Талдыбұлақ

Бұл  атауларды  өзгерту  –  ономастика  жұмыстарына  жарияланған  уақытша 

шектеу  шаралары  тоқтатылған  соң  атқарар  ауқымды  жұмыстың  бір  пара-

сы.  Кешегі  Кеңес  заманындағы  түрлі  тарихи  кезеңдерге  байланысты  негізсіз 

бұрмаланып кеткен елді мекендердің тарихи атауларын қайтару, егемендігімізге 

сай қайта атау мәселесі біртіндеп шешіліп келеді. Көш жүре түзелетінін ескер-

сек, жоғарыда аталған міндеттердің жүйелі түрде жүзеге асатынына сенім мол.  

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Әбдірахманов А. Қазақстан этнотопонимикасы (зерттелу тарихынан).

 Алматы: Ғылым, 1979.

2. Жер-су атауларының тарихы мен бүгінгі жай-күйі. Республикалық ғылыми-

практикалық конференция материалдарының жинағы.  – «Сарыарқа» баспасы. 

– Астана, 2013.

3. А.Е.Жартыбаев. Орталық Қазақстан аймақтық топонимиясы. – Қарағанды, 

«Болашақ – Баспа»  РББ, 2008.

4. Сәуле Иманбердиева. Тарихи ономастикалық кеңістік (Х-ХIV ғғ. түркі жаз-

ба ескерткіштері негізінде). Алматы: «Сөздік-Словар» ЖШС, 2010.



23

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Бердібек Бияров 

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті, 

филология ғылымдарының кандидаты

Қошағаш, Қатонқарағай аудандарының кейбір 

топонимдері туралы

Мақалада  тарихи  жағдайларға  байланысты  екіге  бөлініп  кеткен  Катон­

қарағай  және  Қошағаш  аудандарының  жер­су  атарына  тарихи­тілдік  шолу 

жасалады.

1. Екі аудан тарихына қысқаша шолу

Алтай  тауының  айналасын  алғаш  зерттеген  орыс  саяхатшы-ғалымдары 

Мұзтау, Қошағаш, Жазатыр, Шүй атаулы жерлерді ежелден қазақ пен ойрат  

қатар жайлағанын айтады. Мәселен, Р.Закржевский 1882 жылы жазылған "Крат-

кое топографическое описание пути между Котон-Карагаем и Кош-Агач через 

Алтайские  горы"  атты  шағын  жолжазбасында  Салқынкөл(қазіргі  Бұқтырма 

көлі),  Алғыжақбұлақ, Ақкөлкезең, Жұмалыкезең, Зердекөл, Қоңыртемір, Айғара, 

Қарашат, Желдіқара сияқты көптеген қазақша жер-су аттарын келтіреді [1;6-б]. 

Тағы бір саяхатшы-ғалым В.В.Сапожников (1905 жылдары) Мұзтаудың айна-

ласы қазақтардың жазғы жайлауы екенін, Жәшік деген қазақ байымен тамыр бо-

лып, қой сатып алып тұратынын айта келіп: "Тұнжыраған ойраттарға қарағанда 

қазақтар ашықжарқын, қалжыңға шебер болып келеді",  - деп сипаттайды. Мұнда 

да Шолақшат, Тал, Қалғұты, Терісаққан, Жаркөл, Шабырсу, Сарыалқа сияқты 

топонимдер молынан қамтылған [2;35-б].

Саяхатшылардың жазбасындағы жер-су аттарына, қазаққа тән  зираттардың 

тұрған орнына қарап, Катонқарағай­Қошағаш­Баянөлгей аймақтарында қазақ-

тар көшіп-қонып жүргенін, араларын бөлетін шекараның болмағанын көреміз. 

Кейінгі әкімшілік бөліністердің әсерінен араласып-құраласып отырған ел үш-

ке  бөлініп  кетті.  Баянөлгей  (Байөлке,  Байбесік)  Моңғолияға  қарап  кетсе,  Қо­



шағаш, Шүй, Жазатыр 1930-шы жылдары "екі арадағы жол қатынасы қиын" 

де ген сылтаумен Қазақстаннан бөлініп, Ресейдің Таулы Алтай өлкесіне бе рілді. 

"Шыңғыстай болыстығына, Катонқарағайға барып-келу қиын" деген қазақ тар-

дың өзіне жаздырған өтініштері Өскемендегі облыстық мұрағатта сақтаулы тұр. 

Дұрыс ойлағанда елдің екіге бөлініп кеткенінен гөрі екі араға жол салған әлде-

қайда жеңіл де тиімді болар еді.

КСРО кезінде бір мемлекет ішінде болғандықтан, бұл бөліністер көп біліне 

қойған жоқ. Кейін қошағаш қазақтары басқа мемлекет құрамында қалғандарын 

анық  сезіне  бастады.  Оның  үстіне  Қазақстанның  дәл  осы  тұсындағы  біраз 

жердің тағдыры тағы да Ресей пайдасына шешілді. Мәселен,  1990-шы жылдары 

қасиетті Мұзтау, маңындағы Жуантөбе, Қасқаайғыр, Тоқыр секілді шұрайлы 

жайлауларымен бірге, Ресейдің Таулы Алтай өлкесінің ұлттық паркі болып жа-



Топонимика

24

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

рияланды.  Бұл  жерлер  Катонқарағай  ауданының  Қайыңды  бөлімшесінің  жай-

лаулары  болатын.  Кеңестік  құрылыс  құлардың  алдында  бөлімше  малшылары 

арендаға алып бір-екі жыл жайлады да, кейін мүлде кіре алмай қойды. Жерді алған 

себептері де күмәнді: кезінде Николай патшаның бір қызы туғанда тарту етілген 

жер болатын-мыс.

Қазақ  жер  мәселесін  зерттеген  Алашорда  арысы  Телжан  Шонанұлы  және 

Орта Жүз қазақтарының таралу аумағын зерттеген Марат Сәбитұлы Мұқановтар: 

"Шыңғыстай  болысының  қазақтары  200  жыл  бойы  жайлап  келген  Шабанбай 

жайлауы  1867  жылы  "кабинеттік"  жер  (яғни,  Романовтар  әулетінің  үлес  жері) 

ретінде тартып алынды да, қазақтар Бұқтырманың сол жағалауы мен Тарбағатай 

аралығына  ығыстырылды",  -  деп  жазды  [3;45-б].  Шүй  қазақтарының  тарихын 

жаз ған Пионер Мұхтасыров бұл кезеңді былайша баяндайды: «...Атышулы жер 

бөлістен  үш жыл өткенде, ақ патша жарлық шығарып: «Шындығатайға қарасты 

Шабанбай жайлауы – патшаның меншікті жері» деп жариялаған соң, жерсіз қалған 

ата-бабамыз көштің басын Шүйге бұрған» [4;10-б]. Туып-өскен жерінен тентіреп 

кеткен қазақтар:

Тағдырдың  тауқыметін тартқан елім,

Аз жүгін ала өгізге артқан елім.

Шалқыған Шабанбайын артқа тастап,

Кеттік қой бөтен жерге телім-телім, - деп жырлаған екен [4;11-б].

Алайда Кеңестік дәуірде бұл жерлер Қазақстанға қайтып берілген болатын. Енді 

міне тағы қолдан шығып кетіп отыр. Жерден қысылған Шыңғыстай болысының 

қазақтары патша қазынасына қыруар ақша төлеп ол жайлауларды арендаға алып 

жайлаған екен. Арада 123 жыл өткенде, сол аренданың елесі қайта көрініс берді. 

Қорыта  келгенде,  аталған  деректерге  қарағанда,  Қошағаш  қазақтарының  бір 

тобы  ежелден  сол  аймақты  мекендеп  келе  жатқанын  көреміз.  Келесі  бір  мол 

топты Катонқарағай, Марқакөлден 1880-ші жылдары Қытайға өтіп, одан Қобда 

арқылы Баянөлгейге келіп, одан Қошағашқа айнала көшіп келген қаратайлықтар 

құрайды. Қалдекеұлы Абдолла бастап келген көш осы болса керек. 1916 жылы 

патшаның  солдатқа  алу  жарлығына  көнбей  үдере  көшкен  бір  толқын  бар.  "Ел 

ауғанда",  "Шүйге  барғанда"  деп  аталатын  бұл  көшке  ілескендердің  біразы  сол 

жақта  тұрақтап  қалды  да,  біразы  азып-тозып  Бұқтырма  бойына  қайта  оралды. 

1920-1930-шы жылдары болған ашаршылық пен колхоздастыру кезінде ауған ел 

де жоқ емес. Қазақ халқының басына түскен қилы замандарда Алтайдың қойнына 

кіре орналасқан Қошағаш қазақтарының құрамы осылайша қалыптасты.

Тарихты  термелеудің  мақсаты  өткендегі  қателіктерді  қайталамауды  көздейді. 

Қолдан шығып кеткен соң, енді ол жерлерді қайтарып алу қиын. Шекара сызы-

лып,  екі  жақты  қолдар  қойылып  қойды.  Қытайдағы,  Моңғолиядағы,  Ресейдегі 

тағдырлас  қазақтарды  Қазақстанға  көшіріп  алып,  біртұтас  мықты  мемлекет 

құрудан  басқа  жол  қалған  жоқ.  Басқа  бір  елдің  мұңын  жырлағанша,  өз  еліңнің 

жоғын жоқта, ағайын!



Топонимика

25

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

2. Екі ауданның кейбір жер-су аттарының мәні



АЛТАЙ  -  таулы  қырат,  Шығыс  Қазақстан  облысы.  Түркілердің  атамекені 

болған  көне  Алтай  қазір  Орыс  Алтайы,  Монғол  Алтайы,  Қазақ  Алтайы  деп 

бө лініп  кеткен.  Алтайдың  үштен  бірі  ғана  Қазақстанның  үлесінде.  Қазақ  Ал-

тайы өз ішінде Өр Алтай, Кенді Алтай болып Ертіс өзені арқылы екіге бөлінеді. 

Оларды  Қалба  жотасы  жалғастырып  тұр.  Алтай  оронимі  (тау  аты)  туралы 

көптеген пікір бар. Мәселен, В.В.Радлов ал (биік) + тайга (орманды тау) де-

ген сөздерден шығарса, Э.М.Мурзаев, В.А.Никоновтар "ала тау" мағынасымен 

байланыстырады.  М.Рясянен  ал  +  той  "алып  тау"  десе,  Е.Жанпейісов  ал  сөзі 

"үздіксіз,  тізбектелген"  мағынасын  береді  дейді.  Ғалымдардың  көпшілігі  бұл 

атаудың  негізінде  алтын  сөзінің  жатқанын  мойындайды  (Б.Я.Владимирцов, 

Э.В.Севортян,  Г.Дерфер,  Г.Рамстедт,  Г.Вамбери,  А.Щербак,  А.Әбдірахманов, 

Ғ.Қоңқашпаев,  Т.Жанұзақов,  т.б.).  Оның  ішінде  Ғ.Қоңқашпаевтың  келтірген 

дерегі дұрыс деп есептейміз. Монғ. алт (алтын) + тай (туынды сын есім жұрнағы), 

сонда Алттай>Алтай "алтынды" болып шығады. Біздің қосарымыз академик 

В.В.Бартольдтың "Алтай оронимі кейін шыққан тәрізді" деген пікіріне сүйеніп, 

Алтай атауының көне түркі тілінен монғол тіліне аударылған атау екенін ескер-

ту. Өйткені, Орхон жазбаларында Алтын йыш (732-735жж.), Қытайдың "Таншу" 

жылнамасында Алтынтағ (647ж), Монғолдың "Құпия шежіресінде" Алтынтау 

(XIII ғасырдан бері) түрінде көрсетіледі де, Алтай атауы кездеспейді. Түркілік 

атауды монғолдар жаулап алғаннан кейін, өз тілдеріне аударып атаған тәрізді. Ал 

мағынасы сақталып қалған. Жаулап, отарлап алған елдердің тілі келмегендіктен 

немесе әдейі саясатпен жер-су аттарын өзгертуі тарихта бар оқиға.



АРАСАН - е.м. Катонқарағай ауд. Рахманов қайнарлары деген ресми аты бар, 

суы шипалы демалыс орны. Атаудың негізінде санскрит тіліндегі раашан "қа-

сиетті су" деген сөзі жатыр. Монғ. аршан, қазақша арасан түрінде келіп, шипа-

лы  суы  бар  жерлерге  қойылады.  М:  Арасан  талды  (Зайсан),  Барлық  арасан 

(Мақаншы),  Арасан  (Жарма  ауд.),  т.б.).  Рахманов  деген  аңшы  тапқанға  дейін, 

бұл жер қазақ, қалмаққа әйгілі болған. 



АРҒҰТ - өзен, Таулы Алтай. Тілі бір алтайлықтардың арқыт "торсық", "саба" 

сөзінен жасалған гидроним: Арқыт>Арғут. Көбінесе бір арнаға бірнеше су сала-

сының келіп қосылған тұстарына беріледі. "Сабалы, арналы" мағынасын береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет