БЕРЕЛ - өзен; е.м. ШҚО, Катонқарағай ауд. Күні бүгінге дейін Берел топо-
нимі туралы «бергі ел» мағынасында-мыс деген халықтық этимологиядан басқа
ғылыми болжам не нақты пікір айтылмай келеді.
Мағынасын ашу қиынға соғатын Берел гидрониміне біз Г.Шухардттың «зат-
тан сөзге қарай» деген принципіне сүйеніп, географиялық нысаннан (өзеннің
өзінен) бастап бардық. Берел өзені басын Мұзтаудан алып, Бұқтырма өзеніне
құятын шағын тау өзені. Оның көзге бірден түсетін басты ерекшелігі – суының,
әсіресе жазда, сүттей ақ болып ағуы. Суға ақ түс беретін Мұзтаудың ақ балшығы
еке ні анықталған. Түсіне қарап жергілікті тұрғындар Ақбұлқақ деп атайды:
Топонимика
26
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Ақбұлқақ < Ақбұлғақ «Бұқтырманың мөлдір суын ақ түске айналдырып, бұл-
ғайтын, лайлайтын өзен» мағынасында қолданады. Саяхатшы-ғалымдар Белая
Берель түрінде картаға түсірген.
Атау беруші (қай тілде болса да) өзеннің бұл ерекшелігін байқамауы мүмкін
емес. Осы ойдан келгенде, Мұзтау атауын берген сақтар не ғұндар, не түріктер
бор (боз) «ақ, сұр» анықтауышын пайдаланған да, Борел (мұндағы ел, ыл, іл өте
көне дәуірде «өзен», «су» гидротермині болған: Елек, Іле, Ойыл, Қиыл т.б.) ата-
уын жасаған секілді. Борел түркі тілдеріне тән үндестік заңына байланысты
кейінді ықпалға ұшырап, Борел>Бөрел>Берел тұлғасын қабылдайды. Сонымен
Берел «ақ, сұр түсті су, өзен» мағынасында тұр деуге негіз бар. Ал түркілердің
ұрпағы қазақтар көне атау Берелдің мәнін ұқпаған соң, кейін атаудың уәжін
сақтай отырып, Ақбұлғақ>Ақбұлқақ деп қайтадан атаған.
БҰҚТЫРМА - өзен, е.м. Қатонқарағай ауд. Ж. Болатов пен А. Әбдрахманов
Бұқтырма гидронимін бұқ (етістік)+тыр (өзгелік етіс жұрнағы)+ма (етістіктен зат
есім тудыратын жұрнақ) деп талдайды да мағынасын суға түскен нәрсені тастан
тасқа соғып, бұқтырып әкететін касиетінен шығарады. Орыс тіліне ауысқан көне
түркі сөздерін зерттеген Е.Н.Шипова сөздігінде: "Бахтарма-бухтарма"(архаизм.)
внутреняя сторона шкуры, прилегающая к телу животного" деген түсініктеме
бар. Біз де өзеннің аты осы көнерген сөзден жасалған деп есептейміз, өйткені
жаңа сойылған малдың терісін аударып қарағанда, қан тамырларының ізі тарам-
тарам болып көрініп тұрады. Бұқтырма өзені де дәл солай сала-салаға бөлініп
ағады. Ұқсату арқылы жасалған атаудың түбірі бүк, бүктеу сөздерінен шығып,
кейін жуандаған секілді. Бүк+тір+ме >Бұқ+тыр+ма.
ЖАЗАТЫР - е.м., Қошағаш ауд. Халықтық этимология жаз+отыр "жаз-
да ғана отыр" деген ұғымға әкеліп тірейді. Ал Таулы Алтайдың жер-су атта-
рын арнайы зерттеген ғалым О.Т.Молчанова көне түркі тіліндегі жазы+төр
сөздерінен шығарады: "жазықтың төр жағы". Біздің ойымызша, жазы "жазық"
+ адыр сздерінен біріккен, яғни "жазықтағы адыр немесе үсті жазық адыр".
Қазақ тілінде қатар келген екі дауыстының алдыңғысы түсетін заң бар: жа
зыадыр>жазадыр>жазатыр.
ЖАҢААУЫЛ- е.м., Қошағаш ауд. Жаңа (сын есім) + ауыл (зат есім) сөздерінің
бірігуі арқылы жасалған; Бұрынғы елді мекен астынан ыза су (жерасты суы)
шыға берген соң, жаңа жерге салынған ауылға берілген атау.
ИТӨЛГЕН - асу, Катонқарағай ауд. Мұзтаудағы асу. Н.С.Ядринцев картаға
Проездная деп түсірген. Ит (зат есім) + өлген (есімше) сөздерінен бірігіп жасалған.
"Қиын асу" мағынасында тұр. М.: "Ит өлген жер" тұрақты тіркесі сияқты. Тағы
бір орыс саяхатшысы В.В.Сапожников асудың қазақша атын өзгертпей береді,
сон дықтан оны Н.С.Ядринцевтен әлдеқайда зиялы деуге болады. .
ИЫҚТЫ - тау, Мұзтаудың бір сілемі. Иық (зат есім) + ты (сын есім жұрнағы)
сыңарлары арқылы жасалған . "Шоқтығы, иығы биік тау" деген мәнде тұр.
КАЛМАЧИХА - өзен, Катонқарағай ауд. Қалмақ этнонимін женский родпен
Топонимика
27
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
атап, өзенге берген. Ресейдің солтүстігі мен шығысында жиі кездесетін -их(а)
суф фиксі көбінесе өзен аттарына жалғанады. Тауды ер адамға, өзенді әйел адам-
ға теңеу әр халықта кездеседі. Демек, Калмачиха - "қалмақ өзені" деген мағына
береді.
КАТОНҚАРАҒАЙ - е.м. Катонқарағай ауд. Кейбір жазушы, зерттеушілердің
бұл ойконимді Қатынқарағай деуінде ешқандай ғылыми негіз жоқ. Бұл атау
қотан+қарағай сөздерінен жасалып, орыс тілінде катон түріне бұрмаланып
кеткен. Тура мағынасында "қойдың қотанына ұқсап топтанып, дөңгеленіп өскен
қарағай" дегенді білдіреді. Қотан сөзі көне түрі тілінде "топ","дөңгелек","қой
қора" мағыналарын берген. Елді мекен орналасқан жерде топ-топ болып жіңішке
қарағайлар өскен екен. 1936 жылға дейінгі карталарда және Закржевскийдің
жолжазбасында Катон-Карагай деп анық жазылған.
ҚАЛҒҰТЫ - өзен, Катонқарағай ауд. Атаудың негізіңде монғ. галуу "қоңыр
қаз" сөзі жатыр. Галуу+т (бір нәрсенің, мол екенін білдіретін туынды сын есім
жұрнағы). Галлут>Галлуты>Қалғұты болып қазақыланған. Атаудың мағынасы
- "қазды, қоңыр қазы мол өзен" болып шығады.
ҚАРАГЕМ – көл, Катонқарағай ауд. Мұндағы қара (сын есім) + гем (зат есім).
Көне түркі тілінде қам/кем/гем/жем нұсқалы сөз "өзен", "көл", "су" мағынасын
берген. Қарагем тура мағынасында "қара көл" деген мәнді аңғартады. Суы
мөлдір, терең көлдер карауытып көрінетіні белгілі.
ҚАТЫН - өзен, Катонқарағай, Қошағаш ауд. П.Чихачев, Н.М.Ядринцев,
О.Т.Молчанова т.б. зерттеушілер түркі тіліндегі қатын "ханым, әйел" мағына-
сын да тұр деп табады. Алайда өзен атының дәл этимологиясын берген - ал-
тайлық зерттеуші В.Н.Тадыкин. Мұзтаудан басталатын өзендердің барлығы жаз-
да ақ айран түстес болып ағатыны белгілі. Сүт түстес Қатын өзені Обь өзеніне
құй ғанда, оны лайлап түсін өзгертеді. Ендеше түркі тіліндегі қат түбірі "қос,
араластыр" мәнін берсе (м.: шайға сүт қат), қат+ын туынды сөзі "қосылған" де-
ген мән береді (м.: қатын - ерге қосылған, шыққан әйел" ). Сонда Қатын гид ро-
нимі "екінші бір өзенге қосылған өзен" ұғымын тудырады, сондықтан қазақтар
Қа тын суы, алтайлықтар Қатын суу деп атайды. Қатын су "қосылған су" мәнін
бе ре ді де, тұнық су, жайық су секілді ұғымдармен теңеседі. Түркі елдерінің бі-
разында кездесетін Қатын топонимдері түгелдей осы мағынадан шығады. Алтай-
лықтардың Мұзтауды Қатын басы деп атайтыны «Қатын өзенінің бастауы» де-
ген мәннен шықса, Ақсуулы деп атайтыны Қатын, Берел өзендерінің жазда ақ
айран түстес болып ағуынан деп ұққан жөн.
ҚОШАҒАШ - е.м., Таулы Алтай өлкесі. Жергілікті қазақтар қос (екі) + ағаш
сөздерінен жасалғанын айтады. Сол өңірді зерттеген В.Л.Попов, В.Н.Тадыкиндер
Қошағаш пен Тошантының арасындағы жазықта бір-бірінен алшақ тұрған екі
ағаш өсетін, сол екі ағаш атауға себеп болған деседі.
19 ғасырдың аяғында Алтайды сегіз рет аралап зерттеген ғалым-сахатшы
В.В.Сапожников мүлде басқа пікір келтіреді: "Қошағаш - ағашы жоқ тақыр тау-
Топонимика
28
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
лы жерлерден көшкенде, жол-жөнекей қонатын кезде от жағу үшін отындыққа
тастап кететін ағашқа байланысты туған Көшағаш сөзінен пайда болған", - дейді.
Осындай отын қойып кететін бекет сияқты аялдама жерге елді мекен орнаған
соң оны Қошағаш деп атап кеткен.
Бұл пікірдің шындыққа жақын келетін себебі мынада. Қазақ ағаш деген жал-
пы есімді көбінде "отын" мәнінде қолданады, ал өсіп тұрған ағашты түріне қарай
Қостерек, Қосқарағай деп жіктеп айтар еді. Тіліміздегі кейінді ықпал әсерімен
Көшағаш>Қошағаш деп жуандап айтылуы да заңды құбылыс.
ҚҰРАҒАН - өзен, асу (2700 м), Мұзтау. Ауданға көршілес, туысқан алтай
тілінде құраған сөзі "қозы" мағынасында қолданылады. Биік асудан (Мұзтаудан)
қозыдай шулап ағатын тау өзеніне берілген атау.
МҰЗТАУ (Белуха) - тау (4506 м), Катонқарағай ауд. Алтай тауының ең биік
шыңы. Мұз (зат есім) + тау (зат есім) түбірлерінен біріккен. Мәні "мұзы бар,
мұзды тау" мағынасын береді. Карталарға орысша Белуха деп түсіріліп жүр.
Түркілердің атамекені болған таудың тарихи аты Мұзтау (Мұзтағ) еді. Бұдан
басқа орысша Катунские столбы, алтай тілінде Қатын бажы (басы), Ақсулы
деген атаулары бар. Мұзтау деп ең негізгі белгісін бірінші атаған ел сол жерді
ежелден мекендеген деген сөз. Түркі-монғол қасиетті тау деп табынған Мұзтауға
қазір де туристер көп барады.
МҰҚЫР - өзен, төбе, Қошағаш ауд. Мұқыр сөзі түрік-моңғолға ортақ болып
келеді де "тұйық", "мұқыл", "тоқал", "шолақ" мәндерінде қолданылады. Аласа
бойлы тау, төбелерге; шолақ, қысқа өзендерге берілетін атау.
ҮГІЛГЕН - тау, Мұзтау. Үгілген (өткен шақ есімше тұлғасында тұр), "тасы
немесе топырағы үгіліп жататын тау" мәнін береді.
ҮКЕК - үстірт (2300м.), Қошағаш ауд. Атау монғолдың ухэг "сандық" сөзінен
жасалған. "Сандық тау» деген мағынаға сай келеді. Осы жердегі сақ қорғанынан
атақты «Үкек ханшайымы» табылған.
ШАБАНБАЙ - жайлау, Катонқарағай ауд. Бұқтырма өзенінің оң жағалауынан
солтүстікке қарай орналасқан жайлауларды жалпы атпен Шабанбай деп атай-
ды, Бұл - антропоним, яғни кісі атынан жасалған атау. 19 ғасырда керей мен
найманның жайлауға таласқан бір қақтығысында қаза тапқан керейдің батыры
Шабанбайдың атымен аталып кеткен.
Ал Бұқтырманың сол жағалауындағы жайлауды Тарбағатай деп атайды.
Шыңғыстай болысын 25 жыл басқарған Әбдікерім Ережепұлы Қытайда жүріп
елін, жерін сағынып шығарған толғауында: «Тарбағатай, Шабанбай айырылдық
елден баға алмай», - деп өкінген екен. Орта жүз руларының орналасуын зерттеген
Марат Сәбитұлы Мұқанов Шабанбай жайлауын Шопан таулары деп келтірген.
Алайда Шопан таулары деген атау қолданылмайды.
ШЫНДЫҒАТАЙ - тау (1757м), Катонқарғай ауд. Атау моңғолдың чандага
«ақ қоян» + тай (туынды сын есім жұрнағы) тұлғалары арқылы жасалған. Чанда
гатуй > Шындығатай «ақ қоянды, ақ қояны мол тау» дегенді білдіреді.
Топонимика
29
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Закржевский Р. Краткое топографическое описание пути между Котон-Ка-
рагаем и Кош-Агач через Алтайские горы. Томск, 1882.
2. Сапожников В.В. Монгольский Алтай в истоках Иртыша и Кобдо. Путеше-
ствие 1905-1909 гг. Томск, 1911.
3. Мұқанов М.С.Қазақ жерінің тарихы. Алматы, 1994.
4.Мұхтасыров П.Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы: деректі кітап /
П.Мұхтасыров. – Астана: Фолиант, 2013. – 368 б.
30
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Алмагүл Әділова
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университетінің профессоры,
филология ғылымдарының докторы
Қала ономастикасындағы менсонимдер
Алаш зиялылары көңіл бөлген басты мәселенің бірі – ұлт тілі арқылы
этностың мәдениетін, рухани байлығын сақтап қалуы. Осы тұрғыда аса құнды
мәліметке бай, ел тарихының сан алуан кезеңінің түрлі өзгерістерін танытатын
тілдік деректерді қамтитын сала ономастика екені белгілі.
Ономастикадағы соны құбылыстардың қатарына қаладағы мекеме
атауларының жиынтығы болып табылатын урбанонимдер мен эргонимдерді
жатқызуға болады.
Көптеген коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, мекемелердің
шоғырланған аймағы болып табылатын қаланың тілдік-әлеуметтік кеңістігін
урбанизмдер құрайды. Ал олар өз ішінде мекемелердің спецификаларына бай-
ланысты жекелеген топтарға ажыратылады. Латынның «urbanus» - «қалалық»
деген сөзінен шыққан урбанизм терминіне қаладағы мекемелер, ұйымдар,
бірлестіктер, білім беру мекемелері және дүкендердің атаулары эргонимдер,
қалаішілік желі нысандары - көше, даңғыл, бульвар атаулары годонимдер, қала
аудандарының атаулары хоронимдер біріктіріледі. Урбанонимдердің бір түрі –
менсонимдер дегеніміз «ас» ұғымының аясына біріктірілетін азық-түлік сату
және қоғамдық тамақтану нысандарының атаулары.
Менсонимдердің тегіне қатысты екі түрлі пікір бар. С. Қ. Иманбердиева
өзінің «Қаладағы тағамхана атаулары» атты зерттеу еңбегінде: «Менсоним (ла-
тын тілінде mensa «тамақ, түстену, асхана, науа (лоток), дүкеншік (лавка)» +
грек тілінде onyma, onoma «ат, атау, есім») – азық-түлік сату, көпшілік тамақтану
орындарын атайтын жалқы есім, эргонимнің бір түрі» [1:3], - десе, Г. Б. Мади-
ева «Теория и практика ономастики» атты еңбегінде: «Различные классы ИС,
имеющие денотаты в практической деятельности человека, условно объединены
под термином прагматоним, который являетя родовым по отношению к эргони-
мам, СТЗ (словесные товарные знаки), хрематонимам, порейонимам, фалерони-
мам и др.» [2:78-79] деп, перифериялық онимдердің бір түрі болып табылатын
менсонимдерді прагматонимдер қатарына жатқызады.
Қоғам бір басқыштан екінші басқышқа ауысып, алмасып отыруымен байла-
нысты қала ономастиконы да өзгерістерге ұшырайды. Қала ономастиконын, то-
понимиконын құрайтын менсонимдер мен годонимдер және т. б. қала аумағына
қарасты нысандардың атаулары қоғамда болып жатқан өзгерістердің ықпалымен
стихиялы түрде ауысып отырады. Жалпы алғанда, ономастиканың антропонимия
Топонимика
31
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
және топонимия салаларын және олардың кейбір пласттары консервативті деп
танылатын болса, эргоурбанонимдер тілдің экстралингвистикалық факторларға
аса тәуелді динамикалы, нәзік, яғни перифериялық қабаты болып саналады.
Қаланың ономастикалық кеңістігінің елеулі қабаты болып табылатын менсо-
ним - аса нәзік, динамизмге бейім өзгермелі тілдік құбылыс.
Менсонимдердің функцияларын шартты түрде үшке, яғни номинативті неме-
се атауыштық, ақпараттық және жарнамалық не жарнамалық- шақырушы деп
бөлуге болады.
Менсонимдердің негізгі қызметтерінің бірі – жарнамалық-шақырушы қызметін
спецификалы функция деп тануға болады. Денотаттың онимі тұтынушының на-
зарын өзіне аударып, ассортименттегі тауардың өтімділігіне, яғни нысанның
нарықтағы әлеуетін танытуға шешуші әсер етеді. Сол себепті номинациялау
актісі адекватты ойлау үдерісінің нәтижесінде нысанға дұрыс атау беруді талап
етеді және білімділік, креативтілік, жауапкершілік секілді сапаларға сүйенетін
күрделі үдеріс.
Қарағанды қаласының ономастикалық кеңістігінде заман талабына лайық та-
лу үдерісін жүріп жатқанымен, қаланың шет аймақтарында, әсіресе Майқұдық
бө лі гінде, тіпті орталық көшелердің өзінде кеңес кезеңіндегі атаулар кездесіп
жатады. Советтік қоғамда эргоурбанонимдер нақты мағынаға ие, қосымша реңк-
кон нотацияларсыз тілдік бірлікпен берілді. Ондай атаулардан мекеме специфи-
касын анықтау қиынға соқпайды. Бұл кезеңдегі менсонимдер мекеме иесіне не
объектінің орналасқан жеріне және тауарлық ассортиментке, денотат түріне
нұсқау функцияларын атқаратын. Мысалы, «Кулинария Аспазхана», «Блин-
ная», «Пельменная», «Продукты Азық-түлік», «Гастрономия молоко», «Степной
гастроном», «Гастроном», «Нан Хлеб», «У Зули», «У Ксюши» дүкендері, «У
Пет ровича» мейрамханасы, «Пельменная чп Мырзаболтаев» т.б.
Тұтынушы назарын аударту үшін адресант өз меншігіндегі денотат, объектіні
өзі типтес нысандардан ерекшелеу мақсатында ешкімге ұқсамайтын креативті
атау тудырып, таңдауға талпынады. Бұл орайда атаудың мағынасымен қатар оның
берілу тәсілі де өзіндік рөлге ие. Қазіргі таңда номинаторлар атаудың берілімін
түрліше ұсынады. Атауды узуализациялауда графикалық амалдар қолданылады.
Солардың бірі – графикалық каламбур жасау.
Графикалық каламбурды (ойын) біз екі түрлі графикамен таңбаланған «Кули-
нария» аспазханасы, «Tezтамақ» дүңгіршегі, «Www coffee in дәмхана», «Ақ
otau» мейрамханасы атауларынан және «Мясная лаффка» сияқты атаулардан кө-
ре аламыз. Соңғы мысалда «лавка» детерминативі грамматикалық бұрмалауға
ұшыраған, бұндағы мағына көпшілікке түсінікті болғанымен, орфографиялық
заңдылық мақсатты түрде бұзылған, ал қалғандарын гибридті атаулар деп атауға
болады. Ұсынылған мысалдар негізінде менсонимдердің жарнамалық функция-
сы оның графикалық берілімінен айқын аңғарылады деген қорытынды шығады.
Топонимика
32
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Қала менсонимдерінің едәуір бөлігін антропонимдерден және топонимдер-
ден жасалған атаулар құрайды. Бұл трансонимизация процесінің жемісі. Антро-
понимдік менсонимдер көбінесе әйел есімдерімен берілетінін байқауға болады.
«Асем», «Айнура», «Айжан», «Мика», «Риза», «Арнагүл», «Бибігүл», «Нияз»,
«Анжелика», «Лева», «Алатау» т.с.с. дүкендер атаулары мен «Қазығұрт», «Те-
мирлан», «Алмагуль» мейрамханаларының атаулары - осының мысалы. Бұндай
шартты-символдық атаулар тәуелсіздікке дейінгі кезеңдерде де номинациялау
актісінде ұшырасып отырды деуге болады.
Менсонимизациялаудағы қазіргі үрдіс – өзге тілдік кірме атаулар десек, қа-
те леспейміз. Қазіргі заман талабы мен тынысы көшедегі атаулардан айқын
көрінеді.
Жат тілді менсонимдерді үш топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі
- менсоним-варваризмдер. Оларға донор тіл графикасымен таңбаланған атау-
лар жатады. Ондай атаулар қала көшелерінде жиі кездеседі, мысалы, «Avalon»,
«Shkiper», «Bomond», «Empair sity» мейрамханалары. Осы секілді атаулардың
са ны күннен-күнге артуда, алайда олардың мағынасы барлығына бірдей түсінікті
деп айтуға болмайды. Егер шет тілін меңгерген адам үшін назардағы оним
түсінікті, ұғынықты болса, өзге тілді білмейтін қатардағы қала тұрғыны үшін ол
уәжсіз болып табылады.
Екінші топқа менсоним-экзотизмдер жатады. Бұл біз қолданатын кириллица
графикасымен берілген кірме аталымдар. Мысалы, «Мерси» азық- түлік дүкені
немесе «Арт-кафе», «Дэвачан» мейрамханасы.
Үшінші топта латын графикасындағы орыс не қазақ сөздерінен жасалған мен-
сонимдер: «Sozvezdie» мейрамханасы немесе «Salem» дәмханасы.
Бұл қатарды екі түрлі тілдік тұлғалардан жасалған гибридтің менсонимдер-
мен толтыруға болады. Ондайларға «Смакfood», «www coffee in дәмхана» т.с.с.
атаулар жатады.
Біздің мемлекетіміз көпұлтты, көпэтносты мемлекет және Қарағанды қала-
сы полимәдени аймақ болып табылады. Полимәдениеттілік әсіресе басқа ха лық-
тардың ұлттық тағамдарының жиынтығын ұсынатын мейрамханалар мен дәм-
ханалардың субкеңістігінен көрінеді. Ондай атаулардан номинатордың шыққан
тегін, ұсынылатын ас мәзір ассортиментін ажырату қиынға соқпайды. Мыса-
лы, «Ясар» мейрамханасы (шығыс тағамдары), «Мой Тбилиси» (грузин дәмі),
«Наири» (армян кухнясы), «Арзу» (ұйғыр асы) т.с.с. Полимәдениеттілік
компоненті қаланың ономастикалық кеңістігінен орын табуы бұл орайда заңды
құбылыс деп айтқымыз келеді. Қаланың кейбір көшелеріндегі атауларға назар
аударсақ, сан түрлі атаулардың өрісінде негізгі халық мәдениеті бұлыңғыр тар-
тып қалатын секілді болып көрінеді. Ұлттық рухтағы менсонимдер жоқ емес,
бірақ сұранысқа ие нысандар атаулары көбінесе шет тілдік болып келеді.
Қаланың орталық бөлігінде орналасқан азық-түлік дүкені «Матросская тиши-
Топонимика
33
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
на» деп аталады. Бұл тіркестің мағынасын білетін адамда атаумен байланысты
теріс ассоциациялар қалыптасатыны күмән тудырмаса керек. Себебі бұл оним-
дік тіркес Мәскеу қаласындағы қылмыскерлер жазасын өтейтін түрменің атауы
болып табылады.
Қазіргі менсонимдерге гиперболикалылық тән. Қала ономастикалық ландшаф-
тында заттың ең жоғарғы сапа-белгісін атайтын абсолюттік мағынадағы ата-
улар қолданыс тапқан. Менсонимдерде мир немесе әлем, сити, планета сияқты
ауқымдылық, кеңдік мағынасындағы сөздерді қолдану кең өріс алғандығын бай-
қауға болады. «Гигант» атауы да соған мысал бола алады. Алайда ондай тіркесімді
элементпен берілген онимдердің денотаттары аталмыш сөздердің мағыналық,
лексикалық қырларына жауап бермейді. Мысалы, Н. Әбдіров даң ғы лындағы «Мир
вкуса» дәмханасы немесе «Doner city» дүңгіршектерінің атау лары бұл талапқа жа-
уап бермейді деп айтуға болады. Аталмыш сөздердің ма ғыналық аясына сай бо-
луы үшін объектінің көлемі үлкен болуы тиіс деп ойлаймыз.
Қала менсонимдерінің ішінде көп кездесетін детерминатив шағын маркет не-
месе мини-маркет болып табылады. Аты атап тұрғандай, бұндай нысандардың
масштабы шағын, кішігірім болуға тиісті. Алайда бұл заңдылық сақтала бер-
мейді. Мысалы, Мұқанов көшесінде жолдың бойында орналасқан тауарлық
ассор тименті кең әмбебап дүкен деп атауға келетін «Алатау» нысанын шағын-
мар кет детерминативімен берген дұрыс емес.
Осы орайлас тағы бір мысал: Строителей көшесіндегі саябақтың қақ ортасын-
да «Акрополис» атты жазғы дәмхана орын тепкен. «Акрополис» дегенде Ежелгі
Грекия төңірегіндегі ассоциациялар пайда болады. Сөздің мағынасы жоғарғы
қала немесе ежелгі грекиялық қаланың жоғары орналасқан бекіністі бөлігі, цита-
дель дегенді білдіреді [3]. Осы аттас топоним, яғни ойконим Украина территори-
ясында, яғни Қырымда да бар. Бірақ мекеме атауы екінші топонимға байланыс-
ты қойылмағаны әсте анық. Онимнің нысанға сәйкестігі тиісті дәрежеде емес
және және үлкен раритеттік мәнге ие атаудың мейрамханаға көбірек келетінін
атап айтқымыз келеді.
Объектілерге атау қойғанда меншік иесі номинациялау актісін белгілі бір
заңнамалық құжат ережелерін қатаң ескеру, заңдық шарттармен шектеуді мақсат
етпейді. Бұл жағдайда атау тек номинатордың құзіретіндегі субективизм жемісі
болып табылады дегіміз келеді. Адресанттың басты мақсаты – тұтынушының
назарына ілігетіндей атау таңдау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін
денотатқа атау беруде түрлі лексикалық және лексикалық емес графикалық
(мысалы, параграфиялық (шрифт, түс) айла-амалдар қолданыс табады. Гиб-
ридтік атауларды да осы қатарға жатқызуға болады. Билингвалды социумға,
по лимәдени аймаққа тән ондай типтегі онимдерді адекватты ойлаудың, тілдік
туындыға тән лингвистикалық және одан тыс эстетикалық т.б. ережелерді
қатаң ескеріп, сақтаудың нәтижесінен туындаған деп тану дұрыс емес деп ой-
Топонимика
34
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
лаймыз. Орыс тіліндегі предлог деп аталатын грамматикалық категорияның
қазақ тілінде баламасы жоқ. Тілімізде оның қызметін жатыс септігінің жалғауы
атқарады. Мекендік мағынаны білдіретін жатыс септігін орысша местный па-
деж деп атайды. «У» предлогы атауларда да қолданылғанын байқаймыз. «У
Петровича» мейрамханасының маңдайшасындағы атауға қарағанда билинг-
вальды типке жататын «У апашки» атауы лингвистикалық білім-дағдылармен
қаруланған тілшінің, сонымен қатар потенциалды тұтынушының назарын ауда-
рары сөзсіз. Бұндағы түркі тілдеріне ортақ туыстық қатынасты білдіретін «апа»
сөзі орысша мәнерге салынып, «апашка» деминутивті түріне деформацияланған.
Тіркесті атаудағы доминант сөздің негізінде адресат меншік иесінің қазақ
және ұсынылатын тағамдар мәзірі шығыс, соның ішінде қазақтың ұлттық
тағамдарынан құралатынын болжай алады. «Апа» сөзінің орыс тілінде балама-
сы болса да, «сестра, бабушка» аударма вариантының мағынасы туыстық қаты-
насты ерекше бағалайтын және сыйластық, үлкенге құрмет қағидаларын берік
ұстанатын қазақ халқының тілдік лексиконындағы «апа» сөзінің мағыналық
реңкін толық бере алмайтындықтан, номинатор бұл сөзді оригинал нұсқасында
ұлттық колоритті сақтау үшін стильдік мақсатта қолданған болар деп ойлаймыз.
«У апашки» гибридті онимін қазақ сөзімен берілген орысша атау деп сипаттап,
тануға болады.
Сонымен, қаланың ономастикалық кеңістігі лингвистикалық соны құбылыс-
тардың қатарына жатады. Қарағанды қаласының ономастикалық кеңістігі атау
қоюдағы қазіргі тенденция, соның негізінде қоғамда болып жатқан өзгеріс,
жаңалықтардың көрсеткіштері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |