Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата08.02.2017
өлшемі1,23 Mb.
#3663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Сейдімбек А. Қазақ әлемі (этномәдени пайымдау). – Алматы.: - Санат, 1977. 

– 464 б.

2. Мусабаев Г. Кегенская надпись. Эпиграфия Казахстана. Алма-Ата.: Наука., 

1971. – 205 с.

3. Құрбанғали Х. Тауарих хамса (Бес тарих) / Ауд. Төтенаев. Б., Жолдасов А. 

– Алматы., Өнер., 1992, - 189 б.

4.  Қондыбай  С.  Арғы  қазақ  мифологиясы.  Төртінші  кітап,  Алматы.:  Дайк-

Пресс., 2004. – 504 б. 

5. Кондыбай С. Казахская мифология. Краткий словарь. – Алматы., Нурлы 

Алем., 2005. – 272 с.

6. Жанузаков Т. Очерк казахской ономастики. – Алма-Ата.: Наука., 1982. – 176 с. 

7. Жанұзақов Т. Қазақ тіліндегі жалқы есімдер. Алматы. Ғылым. 1965.  – 224 б.

8. Досжанов Б. Қазақ тіліндегі көне тұлғалы  антропонимдер: Филол. Ғыл. 

Канд. Дис. Автореф. – Астана., 2001. – 24 б. 

9. Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники как источник по 

истории Среднй Азии. М.: Мысль., 1964. – 289 с.

10.  Махрипов  В.  Имена  далеких  предков  (источники  формирования  и  осо-

бенности функционирования древнетюркской ономастики) – Алматы.: Институт 

востоковедения МН-АН РК., 1997. – 302 с.

11. Мырзахметұлы М.  Қазақ топонимдері (өткені, бүгіні және ертеңі) // Оно-

мастика:  бүгіні  мен  болашағы.  Республикалық  ғылыми-практикалық  конфе-

ренцияның  материалдары. – Астана., 2002. – 20-30 б.


62

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Айжан Серікбаева 

А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты 

Ономастика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, 

гуманитарлық ғылымдар магистрі 

Латын және кирил әліпбиімен таңбаланған қазақ есімдері

Қазақ кісі аттарын, жер-су аттарын дұрыс жазуда қазақ әдеби тілінің нормасы, 

емле ережелері басшылыққа алынады. Қазіргі таңда өзекті болып тұрған қазақ 

емле  ережесі  туралы  мәселелер  өткен  ғасырда  да  өзектілігін  жоғалтпағанын 

қазақ зиялыларының еңбектерінен байғауға болады. Қазақ емле ережесі тура-

лы Р.Сыздық былай дейді: «Қазақ емлесі мен сөзді дұрыс дыбыстауға қатысты 

күні  бүгінге  дейін  орын  алып  келген  қиындықтардың  түп-төркіні  1929  жылы 

араб  жазуынан  латынға,  1940  жылы  латыннан  криллицаға  көшкен  кезде  әрі 

қауырттықтан  (екі  сәттің  де  саясат  тоқпағынан  «от  ала  келгендей»  тездікпен 

орын далғанын білеміз), әрі сол кезде тіл, жазу, сөзді дұрыс айту мәдениеті де-

гендердің  ғылыми  танымдары  қалыптаса  қоймағандығынан  туған  жайттарда 

жатқанын айту керек. Тіпті бұл күндердің өзінде тіл мәдениетінің оның өзекті 

проблемасы – норма дегеннің теориялық негіздері түгел қаланып, практикалық 

шешімдері түгел жүзеге асып болған дей алмаймыз»[1, 49].

С.Аманжолов әліпби тарихы жайында мынадай мәлімет айтады: «Араб әліп -

песін  жамаудан  түк  шықпайтынын,  латынға  көшудің  керектігін  ХІХ  ға сыр-

да  Персияда  бірінші  рет  қойған  Малкомхан  болса,  түрік  системалы  тілі  бар 

халықтар  ішінен  әзірбайжандық  жазушы-драмматург  Мирза  Фетх-Али  Ахун-

дов  (1863)  деген  адам  болды.  Бірақ  олардың  заманында  бұл  сияқты  ірі  ре-

формаға жол берілмейтіні мәлім ғой. Араб әліппесі қанша кесірі болса да, көп 

заман  қолданылып  келді.  1922  жылы  Октябрь  революциясының  артынан-ақ, 

Әзір байжанда араб әліппесіне қарсы қозғалыс қайта басталады. Мұны бастау-

шы  революциенер,  болшевик  Ағамалы  оғлы  деген  адам  болды.  Мұның  идея-

сы бүкіл Советтер Одағының елдерге оның ішінде біздің қазақ еңбекшілеріне 

келіп жетеді....1926 жылы Бакуда бүкіл түрік системалы тілі бар елдердің бүкіл- 

одақтық съезі болды. Мұндағы күрделі мәселенің бірі – латын әліппесіне көшу 

мәселесі еді. Съезге қатынасушы ұлтшылдар мейлінше қарсылық пікірлерін айт-

ты. Бірақ Совет оқымыстыларының көпшілігі болып, латын әліппесін қуаттап, 

қарсы алды. Қаулыда: «латын әліппесі прогессивтік нәрсе, оның алынуы, оның 

іске  асу  жағы  жергілікті  жерлерде  қарастырылып,  баспалардың  тәжірибелері 

пайдаланылсын...»  деген  еді.  Ұлтшылдар  латын  әліппесін  алдыртпау  жағын 

ерекше  қадағалады.  Осының  салдарынан  да  біз  латын  әліппесін  басқалардың 

көбінен кейін көштік (1929 жыл, январь)... Араб әліппесінің қиыншылықтары, 

ауырлықтары, азаптары арқасына батқанның бірі болған қазақ еңбекшілері, 1929 



Антропонимика

63

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

жылы латынға көшіп, көзі жарқ етіп ашылғандай болды. Бірақта, бұл көшудің 

өзінде де кемшіліксіз боғанымыз жоқ» [2, 248].

Жұмысымыздың  материалы  ретінде  1931  жылы  шыққан  «Әйел  теңдігі» 

журналынан  және  1940  жылы  шыққан  «Социалистік  Алтай»  газетінен  қазақ 

есімдерінің латын әліпбиі бойынша жазылуын қарастырдық.  

1931  жылы  шыққан  «Әйел  теңдігі»  журналының  №1-2-3  нөмірлерінде 

пунк туацияға  аса  мән  берілмеген.  Журналдағы  мақалаларда  бас  әріп  мүлдем 

кездеспейді. Жалқы есімдердің барлығы кіші әріппен жазылған. Бұлайша жа-

зу  үрдісі  араб  жазуының  әсерінен  болуы  мүмкін.  Араб  жазуындағы  тыныс 

белгілер жайында Р.Сыздық мынандай пікір айтады: «Жазба мәтіндерде тыныс 

белгілерінің  ережелерін  түзу  (жасау)  және  оны  пайдалану  проблемасы  қазақ 

мәтіндерінде ХІХ ғасырдың соңғы онжылдықтарында көтеріліп, ХХ ғасырдың 

басында дұрыс, сауатты жазу үшін пунктуация өте қажетті проблема екендігі 

орнықты. Араб таңбалы жазуда тыныс белгілерінің жоқ болғандығы, бас әріп 

таңбасының жоқтығы мәтінді дұрыс жазуға, түсініп оқуға кедергі келтіретіндігі 

сөз болды. Әсіресе «Түркістан уалаяты» мен «Дала уалаяты» газеттері жарық 

көре  бастағанда,  тыныс  белгілерін  қолдану  әрекеті  басталды.  «Синтаксистік 

тұтастық» (период) деп аталатын мәтін сегменттерін (бөліктерін) айырып азат 

жолдан  (абзацтан,  жаңа  жолдан)  бастап  жазу  да  осы  кезде  көрінді.  А.  Бай-

тұрсыновтың  оқулықтары  мен  еңбектерінде,  ХХ  ғасырдың  басында  шығып 

тұрған  «Қазақ»,  «Айқап»  газеттерінде  кеңінен  орын  алды.  Араб  жазуымен 

ұсынылған мәтінде орын алмаған (және орын алуы мүмкін де емес) мәселе – 

бас әріптің қолданылуы болып қала берді, сондай-ақ дефис пен сызықшаның 

қолданысы,  оқшау  сөздердің  сөйлемдегі  өзге  сөздерден  тыныс  белгілерімен, 

көбінесе үтірмен бөлектетіліп көрсетілуі сияқты пунктуацияның жеке тұстары 

да әлі айқындалып, тұрақталмағандығы көрінді» [3].

Журналда барлық сөйлемдер кіші әріппен басталғанымен, мақала мәтініндегі 

жаңа логикалық ой азат жол арқылы бөлініп отырған. Ал журналдың №11-12 

нөмірлерінде  кісі  аттары,  жер-су  аттары,  жалпы  жалқы  есімдер  бас  әріппен 

беріліп отырған.

1929 жылы қабылданған латын әліпбиінде сөздердің жуан не жіңішке айты-

луына байланысты қабылданған ij, ьj, uv, yv қос дыбыстар біраз дау тудырған. 

Кейінірек бұл қос дыбыстарды бір ғана «i», «u» таңбаларына ауыстырылды. 

«Әйел  теңдігі»  журналында  ij,  ьj,  uv,  yvқос  дыбыстармен  жазылған  антро-

поним, топонимдер кездеседі: nurim kelini qazьjna, Qanapьja  ǝjeli Bǝʙic, ijbano 



basnesen, ʙǝkyv.

Журналдың аталған нөмірінде Çetpispaj qьzь және Çetpisʙaj qьzь деп екі түрлі 

жазылған, яғни алғашқысында «р» (п) таңбасымен берілсе, соңғысында «в» (б) 

таңбасымен берілген.



Антропоним__Кирил_жазуы__бойынша__транскрипциясы__Қазіргі_кирил_жазуы__бойынша'>Антропонимика

64

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

«Әйел теңдігі» журналы, 1931 ж., №1-2-3



Антропоним

Кирил жазуы 

бойынша

транскрипциясы

Қазіргі кирил жазуы 

бойынша 

транскрипциясы

deʙǝt   ulь

дебәт ұлы

Дебәтұлы


ǝʙdikǝrim  kelini q.

әбдікәрім келіні қ.

Әбдікәрім келіні Қ.

naƣaj   kelini

нағай келіні

Нағай келіні

nurim  kelini  qazьjna

нұрім келіні қазыйна

Нұрым келіні Қазина

toqtaʙaj  ulь

тоқтабай ұлы

Тоқтабайұлы

өtep  ulь

өтеп ұлы


Өтепұлы

«Әйел теңдігі» журналы, 1931 ж., №11-12



Антропоним

Кирил жазуы бойынша

транскрипциясы

Қазіргі кирил жазуы бой-

ынша транскрипциясы

Aqьmet ulь

Ақымет ұлы

Ахметұлы


Bajmaƣamʙet ǝjeli

Баймағамбет әйелі

Баймағамбет әйелі

Cajmardan kelini 

Zaƣьjla

Шаймардан келіні 



Зағыйла

Шаймардан келіні Зағила

Cajsultan qьzь

Жайсұлтан қызы

Жайсұлтанқызы

Çangeldi ulь

Жангелді ұлы

Жангелдіұлы

Çoldaʙaq ǝjeli

Жолдабақ әйелі

Жолдабақ әйелі

Çolman qьzь

Жолман қызы

Жолманқызы

Çumaƣul qьzь

Жұмағұл қызы

Жұмағұлқызы

Çyrgenʙaj ǝjeli ʙǝdece Жүргенбай әйелі Бәдесе Жүргенбай әйелі Бәдесе

Galacөkin

Галашөкін

Голощёкин

Qalaʙaj kelini

Қалабай келіні

Қалабай келіні

Qanapьja ǝjeli Bǝʙic

Қанапыйа әйелі Бәбіш

Қанапия әйелі Бәбіш

Qultajǝjeli Turьmca

Құлтай әйелі Тұрымша

Құлтай әйелі Тұрымша

Qьrçigit kelini Sylkylke Қыржігіт келіні Сүлкүлке Қыржігіт келіні Сүлкүлке

Tөlegen ǝjeli Beʙarap

Төлеген әйелі Бебарап

Төлеген әйелі Бебарап

Tөlek ulь

Төлек ұлы

Төлекұлы

Әʙeken qьzь

Әбекен қызы

Әбекенқызы

Өteʙaj

Өтебай


Өтебай

Антропонимика

65

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Өtep qьzь

Өтеп қызы

Өтепқызы


Ьjsaulь Oraz

Ыйса ұлы Ораз

Исаұлы Ораз

Берілген кісі аттарының тізімінен байқағанымыз 1931 жылы кісі есімдерін 

жазуда ер кісі есімін жазғанда ulь-ұлы (өtep ulь, toqtaʙaj ulь, Çangeldi ulь, Aqьmet 

ulь)  деп  көрсеткен,  ал  әйел  адамның  есімін  жазуда  қызы  не  әйелі,  не  келіні 

(Çetpispaj qьzь, Çumaƣul qьzь, Әʙeken qьzь, Çolman qьzь, Çyrgenʙaj ǝjeli ʙǝdece, 

Çoldaʙaq ǝjeli, Sǝrsemʙaj ǝjeli, Bajmaƣamʙet  ǝjeli, ǝʙdikǝrim kelini. q., naƣaj kelini,  

Qalaʙaj kelinі, Cajmardan kelini Zaƣьjla) деп көрсетіп отырған. Қазіргі кезде кісі 

аттарында «ұлы», «қызы» бірге жазылып жүр. Ал «келіні» сөзі ресми сипаттан 

гөрі, ауызекі сөйлеу стилінде көп қолданылады.

«Әйел теңдігі» журналы, 1931 ж., №1­2­3

Топоним

Кирил жазуы бойынша 

транскрипциясы

Қазіргі кирил жазуы 

бойын ша транскрипциясы

ʙǝkyv


бәкүу

Баку


Leuingirat

леұінгірат

Ленинград

Maqancь


мақаншы

Мақаншы


mǝskev

мәскеу


Мәскеу

qazaƣьstan

қазағыстан 

Қазақстан

qostanaj

қостанай


Қостанай

stalingirat

сталінгірат

Сталинград



«Әйел теңдігі» журналы, 1931 ж., №11­12

Almatь qalasь

Алматы қаласы

Алматы қаласы

Arьs aydanь

Арыс ауданы

Арыс ауданы

Maqtalь avdanь

Мақталы ауданы

Мақталы ауданы

Qaskeleŋ kǝmyvnasь

Қаскелең кәмүунасы

Қаскелең коммунасы

Qazaƣьstan

Қазағыстан

Қазақстан

Sozaq aydanь

Созақ ауданы

Созақ ауданы

Temir aydanь

Темір ауданы

Темір ауданы

 

1941 жылы шыққан «Социалистік Алтай» газетіндегі кісі аттарына келсек, бұл 



жылы шыққан мақалаларда кісі аттарының көбі қазіргі қазақ әдеби тілінің нор-

масына сай латын әліпбиі бойынша жазылған.  1940 жылғы латын әліпбиі 1931 



Антропонимика

66

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

жылғы  баспасөз  беттеріндегі  латын  жазуына  қарағанда  едәуір  жеңілдетілген. 

1940 жылғы латын жазуларында қос дыбыстар мүлдем кездеспейді, оларды (қос 

дыбыстарды)  «i»,  «u»,  «ū»  таңбаларымен  алмастырған.  Есесіне  қазіргі  таңда 

қолданыста жүрген «х» (х), «v» (в) таңбалары енгізілген. 1931 жылы қазіргі қазақ 

тіліндегі «у» таңбасының рөлін атқарған «v» 1940 жылы «в» таңбасының орны-

на қолданылған.

1940  жылғы  «Социалистік  Алтай»  газетіндегі  мақалаларда  кездесетін 

кісі  есімдері  1931  жылғы  мақалаларда  кездесетін  кісі  есімдерінен  қарағанда 

айтарлықтай айырмашылықтар бар. 1940 жылғы мақалаларда орыс тілінен ен-

ген ­ov, ­ev, ­ ovа,­ eva (­ов, ­ев, ­ова, ­ева) фамилия жасаушы аффикстер жаппай 

қолданыла бастаған. 1931 жылғы мақалаларда мұндай фамилия жасаушы аффик-

стер мүлдем кездеспейді. Бұл факт орыс тілінің фамилия жасаушы аффикстері 

қазақ есімдер жүйесіне 1940 жылы «мықтап еніп» алғанын көрсетеді. Бұл кезеңде 

орыс тіліндегі әке атын жасаушы ­ович, ­евич, ­овна, ­евна аффикстері мақалада 

кездеспейді. Қазіргі кезде қазақ азаматтары КСРО кезінде ата-анасының, өзінің 

құжаттарында тегі мен әкесінің аты ­ов, ­ев, ­ова, ­ева,­ович, ­евич, ­овна, ­евна 

аффикстерімен жазылғандықтан, осы аффикстерден өз еріктерімен бас тартып, 

тегі мен әкесінің атын қазақ ұлттық есімдер жүйесінде қалыптасқан дәстүр бой-

ынша қайта рәсімдетіп жүр.

1940  жылғы  «Социалистік  Алтай»  газетіндегі  мақалаларда  кездесетін  жер-

су аттарының транскрипциясы қазақ тіліндегі жер-су аттарының қазіргі кездегі 

таңбалануымен сәйкес келеді. Дегенмен, 1940 жылғы мақалаларда жер-су атта-

рын латынша таңбалауда орыс тілінің ықпалы көрініп тұр. Күні бүгінге дейін 

орыс  тілінде  бұрмаланып  жүрген  қазақ  тіліндегі  тарихи  жер-су  аттарының 

бұрмалану  үдерісі  сол  кезден  бастау  ала  бастағанға  ұқсайды.  Мақалаларда 



Alma­ata qalasь, Bolce­Narьn, Sarь­өzek сияқты атаулардың таңбалануында орыс 

тілінің ықпалы сезіледі. Жалпы қазақ тілінің емле ережелеріне қатысты сол кез-

де С.Аманжолов жер-су аттарына байланысты дұрыс жазу ережелерін ұсынған. 

«Қазақстанның географиялық атаулары транскрипциясының негізгі ережелері» 

жобасында: «Составные нерусские названия географических объектов Казахста-

на (казахские, узбекские, киргизские, уйгурские, туркменские, татарские, баш-

кирские, калмыцкие, дунганские, корейские, немецкий и др.) во всех случаях 

пишутся слитно. Например: Всегда пишется Атбасар, Тарбагатай, а не Ат-Басар, 

Тарбага-Тай. Соответсвенно нужно писать Актау (Ақтау), Каракум (Қарақұм), 

Сарысу, а не Ак-Тау, Кара-Кум, Сары-Су (и не Ак-тау, Кара-кум, Сары-су)» [2, 

317] деп көрсеткен. Қазіргі күнге дейін Алматы атауы интернет желідегі фейс-

бук парақшада орналасқан жерді көрсеткенде «Алма­ата» деп шығады. 



Антропонимика

67

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Социалистік Алтай, 1940 жыл 

Топонимдер

Кирил жазуы бойынша

транскрипциясы

Қазіргі кирил жазуы бой-

ынша транскрипциясы

Accьsai

Ашшысай


Ащысай

Alma-ata qalasь

Алма-ата қаласы

Алматы қаласы

Altai

Алтай


Алтай

Aqtөʙe


Ақтөбе

Ақтөбе


Bolce-Narьn

Болше-Нарын

Үлкен Нарын

Ḉapon


Жапон

Жапония


Cjmkent

Шімкент


Шымкент

Emʙa


Емба

Ембі


Ertjs

Ертіс


Ертіс

Germania


Германиа

Германия


Leninaʙad

Ленинабад

Ленинабад

Mǝskeu


Мәскеу

Мәскеу


Qaraƣandь

Қарағанды

Қарағанды

Qьtai


Қытай

Қытай


Sarь-өzek

Сары-өзек

Сарыөзек

Stalinaʙad

Сталинабад

Сталинабад

Zaisan

Зайсан


Зайсан

Zirǝn


Зирән

Зырян


Тәḉjkstan

Тәжікстан

Тәжікстан

Қорыта келгенде, кісі есімдерін, жер-су аттарын жазуда 1931 жылғы латын 

әліпбиі  мен  1940  жылғы  латын  әліпбиінің  арасында  едәуір  айырмашылықтар 

бар. 1931 жылғы латын әліпбиінің кемшіл тұстары көп болғанымен, қазақ ұлт-

тық есімдер жүйесіндегі дәстүр жалғастығы сақталған. Яғни кісі аттарын жаз-

ғанда  ulь-ұлы  (өtep  ulь,  toqtaʙaj ulь,  Çangeldi ulь, Aqьmet  ulь),  қызы,  әйелі,  не 



келіні (Çetpispaj qьzь, Çumaƣul qьzь, Әʙeken qьzь, Çolman qьzь, Çyrgenʙaj ǝjeli 

ʙǝdece,  Çoldaʙaq  ǝjeli,  Sǝrsemʙaj  ǝjeli,  Bajmaƣamʙet    ǝjeli,  ǝʙdikǝrim  kelini.  q., 

naƣaj  kelini,    Qalaʙaj  kelinі,  Cajmardan  kelini  Zaƣьjla)  деп  көрсетіп  отырған. 

1940 жылғы мақалаларда латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуы анағұрлым 

жетілдірілгендігі, толықтырылғандығы көрініп тұр. Дегенмен, осы тұста мақала-

ларда қазақ азаматтарының аты-жөндерінде орыс тілінен енген ­ov, ­ev, ­ ovа,­ eva 



(­ов, ­ев, ­ова, ­ева) фамилияжасаушы аффикстер жаппай қолданыс тапқан. Жер-

су аттары орыс тілінің әсерінен бұрмалана бастаған, екі сөзден бірігіп жасалған 

топонимдерді дефис арқылы жазу белең алған. 

Антропонимика


68

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Сыздық Р.Тілдік норма және оның қалыптануы (кодификациясы). Көптом-

дық шығармалар жинағы. – Алматы: Ел-шежіре, - 2014 

2. Аманжолов С. Тіл және жазу. – Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 

баспасы, 2005. – 404 б.

3. Сыздық Р. «Байтұрсынов жазуы» және емле ереже тарихы // http://adebiportal.

kz/bayt-rsynov-zhazuy


69

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Жоба

Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды 

ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды ұйым-

дас тыратын  әдістемелік  ұсынымдар  (бұдан  әрі–Ұсынымдар)  Қазақстан  Рес-

публикасы  Үкіметінің  1998  жылғы  21  сәуiрдегi  №368  қаулысымен  бекітілген 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық ономастика ко-

мис сияcы туралы Ережесінің 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Ұсынымдар ішкі мазмұнына орай бірнеше бөліктерге жіктеледі.

Сонымен қатар жергілікті жерлерде ономастикалық объектілерге, әкімшілік-

аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау 

кезінде елімізге белгілі аса танымал тарихи тұлғалар мен байырғы жер-су атаула-

рын беруді негізге алу қарастырылған. Сондай-ақ сыртқы жарнама мен көрнекі 

ақпарат  мәселесін  үнемі  бақылауда  ұстау,  жергілікті  жерлерде  үгіт-насихат 

жұмыстарын жүргізу мәселесі қамтылады.

Ономастикалық жұмыстың нормативтік құқықтық базасы  Қазақстан Рес пуб-

ликасы Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақ-

стан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңына, «Қазақстан Рес пуб ли-

ка сының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республи касының 

1993  жылғы  8  желтоқсандағы  Заңына,  Қазақстан  Республикасы  Үкіме тінің 

1998  жылғы  21  сәуірдегі  №  368  қаулысымен  бекітілген  Қазақстан  Республи-

касы  Үкіметінің  жанындағы  Республикалық  ономастика  комиссиясы  туралы 

ере же ге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 

қаулысымен бекітілген«Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, 

порттарға, теміржол  вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стан-

саларына,  автовокзалдарға,  автостансаларға,  физикалық-географиялық  және 

мем ле кет меншігіндегі басқа да объектілерге  атау беру, сондай-ақ оларды қайта 

атау, олардың транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды 

тұл ғаларға,  мемлекет  қатысатын  заңды  тұлғаларға  жеке  адамдардың  есімін 

беру туралы» тәртібіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 

24ақпандағы  №  138  қаулысымен  бекітілген  Әкімшілік-аумақтық  бірліктерге, 

елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ 

олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту  кезінде  тиісті 

аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына негізделеді.

1.2. ОсыҰсынымдарда пайдаланылатын негізгі түсініктер:

1) ономастика–жалқы есімдерді, олардың қалыптасу және түрлену тарихын 

зерделейтін тіл білімі саласы;

Орайлы ұсыныс


70

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

2) топонимика–географиялық объектілердің атауларын, олардың  қалыптасу, 

өзгеру, жұмыс істеу заңдылықтарын зерделейтін ономастика саласы;

3) оним– жалқы есім;

4) топоним–онимнің түрі, географиялық атаулар;

5) гидроним–топонимнің түрі, су объектілерінің атаулары;

6) ороним–топонимнің түрі, таудың, қыраттың, шоқының атаулары;

7) ойконим–топонимнің түрі, елді мекендердің (ауыл, кент, қала) атаулары;

8) астионим – топоним түрі, қала атаулары;

9) хороним–топонимнің түрі, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атаулары;

10) транслитерация– бiр графикалық жүйедегi мәтiндер мен жекелеген сөз-

дердi басқа графикалық жүйенiң құралдарымен әріппе-әріп арқылы беру;

11) объектілер–Қазақстан Республикасының аумағындағы 

объектiлер,мемлекеттiк заңды тұлғалар, мемлекет қатысатын заңды

тұлғалар;

12) әкімшілік-аумақтық бірліктер – қала, аудан, ауылдық округ, ауыл, елді ме-

кендер;

13)  әкімшілік-аумақтық  бірліктердің  құрамдас  бөліктері  –  шағын  аудандар, 



алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, орамдар, тұйық көшелер, саябақтар, 

скверлер, көпiрлер және басқа елді мекендердің бөлiктері;

14) физикалық-географиялық объектілер–қолданыстағы немесе пайда болған 

біршама тұрақты, белгілі бір жерде тұтас қалыптасқан жер сипатындағы: мате-

рик, мұхит, теңіз, шығанақ, бұғаз, арал, тау, өзен, көл, шөл, шөлейт және тағы да 

басқа табиғи объектілер.



2. Ұсынымдардың негізгі бағыттары

2.1. Ұсынымдарды мынадай бағыттар бойынша іске асыру көзделеді:

1) объектілерге атау беру және қайта атау тәртібі;

2) физикалық-географиялық объектілерге атау беру және қайта атау тәртібі;

3) әкімшілік-аумақтық бірліктерге атау беру  және оларды қайта атау тәртібі;

4)  әкімшілік-аумақтық  бірліктердің  құрамдас  бөліктеріне  атау  беру    және 

оларды қайта атау тәртібі;

5) атау беру және қайта атауда халықтың пікірін ескеру тәртібі;

6) облыстық өкілді және атқарушы органдардың қызметі;

7) қалалық өкілді және атқарушы органдардың қызметі;

8) аудандық өкілді және атқарушы органдардың қызметі;

9) көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнама мәселелері;

10)  өзгертілген  әкімшілік-аумақтық  бірліктердің,  физикалық-географиялық 

атаулары  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  жанындағы  Республикалық 

ономас тика  комиссиясы  мақұлдаған 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет