«Жедел желі»,«CallCenter»
орнатады;
11.3. аталған мәселелерді іске асыру мақсатында үкіметтік емес ұйымдарды
тарта отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобалар
қарастырады;
11.4. облыстық тіл саясатымен айналысатын басқармалары, аудандық, қалалық
тіл және мәдениет бөлімдері жанынан консультациялық көмек көрсету бойын-
ша жедел желінің қызмет көрсететіндігі жөнінде БАҚ-тарда, оның ішінде ин-
тернет ресурстарында хабарландыру беру, сондай-ақ бейнероликтер,әлеуметтік
желілерде аккаунт орнату, байланыс желілері арқылы sms-хабарлама қызметтерін
жүзеге асырады;
11.5. жергілікті атқарушы органдар (облыстық, қалалық, аудандық) тарапы-
нан өңірлердегі сыртқы (көрнекі) жарнама мәселесін бақылаудан тыс қалдырмас
үшін еріктілерді, жергілікті мәслихат депутаттарын, үкіметтік емес ұйымдарды
және т.б. тарта отырып әдістемелік көмек көрсету мақсатын даүгіт насихат,
түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізеді;
11.6. заңнама талаптарын түсіндіру, әдістемелік көмек көрсету, насихат
жұмыстарын күшейту мақсатында жергілікті жерлердегі жеке кәсіпкерлер
палатасының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының, әділет департаментінің
жауапты мамандарын тарта отырып, түрлі дөңгелек үстелдер, жиналыстар, се-
минарлар өткізеді;
11.7. көрнекі ақпарат пен жарнамалардағы тіл нормаларын сақталуын бақы-
лау, жүйелеу, әдістемелік көмек көрсету мақсатында жылына үш мәрте рейд
жұмыстарын ұйымдастырады;
11.8. деректемелер мен көрнекі ақпараттарда тіл нормалары Қазақстан Ре-
спубликасы заңдары мен нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес дұрыс
қолданылуын қамтамасыз етеді;
11.9. нысандарға көрнекі ақпараттар мен жарнамаларды орналастыру, олардың
мәтіндерімен келісу жұмыстарын «Электрондық үкіметтің» www.e.gov.kzвеб-
порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz порталы арқылы жүргізеді;
11.10. жарнамалардағы заң бұзушылықтар мен орын алған қателіктердің алдын
алу мақсатында, рейд барысында анықталған қателер мен заң бұзушылықтарды
БАҚ-тарда жариялайды.
Орайлы ұсыныс
80
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Алдан Смайыл
Жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Жер-су атаулары: тарихы мен тағдыры
Жер дауы мен жесір дауының қиындығы әлімсақтан белгілі. Бүгінде қала мен
дала атауларының дауы одан да қиынға соғып отыр. Патшалық, одан кейінгі
кеңестік отарлаудың екпінімен байырғы халықпен есептеспей өзгертілген тари-
хи жер-су атауларын қайтару туралы айта бастағаннан жойқын қарсылыққа тап
боласың. Бұл қарсылық ұзақ уақыт үстем болып келген ел өкілдерінің тарапынан
да, өз бауырларымыздың тарапынан да жасалады. Олардың қай-қайсы да мына
ақиқатты: тарихи әділдік түбі жеңетіндігі жөніндегі шындықты, қазақ халқы
әлемдегі барлық тәуелсіз және өркениетті ұлттар секілді өткенін қадірлеп, салт-
дәстүрін аялап, алыс-жақын ғасырларда сырт ықпалдың салдарынан жоғалған
және көмескіленген рухани құндылықтарын қайтарып, өз кеңістігінде еркін
өмір сүргісі келетіндігін, оған толық құқы бар екендігін түсінбей келеді. Бәлкім,
түсініп тұрып түсінбеуге тырысады. Қалай десек те, қазақ тарихына әлі де тізе
батырылуда.
Бұған кім кінәлі? Аталған сауалға жауап іздегенде, атқарушы билікті де, зи-
ялы қауымды да, ұлттық-рухани сұраныстарға сақадай сай емес заңнаманы да
жазғыра жөнелуге болады. Бұған негіз де жоқ емес. Әйтсе де себеп-салдардың
түп-төркіні басқада, ономастика мен топонимиканы зерттейтін ғылым мен оның
қорытындыларын тарихи атауларды қайтарудың құралы ретінде пайдалануға
лайықты идеологияның жоқтығында. Осының кесірінен Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың жер атауларының сөздігін жасап, қай атау қандай жағдайда, қандай
мағынада қойылғанын, ол сөздің түпкі мәні қандай болғанын айқындау және
қалпына келтіру жөніндегі тапсырмасы әлі күнге дәйекті орындалған жоқ. Бұған
басты себеп – осы аса маңызды міндетпен тікелей айналысатын қызметтер дай-
ын емес еді. Аталған көл-көсір шаруаға Білім және ғылым министрлігінің Гео-
графия институты мен Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттікке қарайтын
Ұлттық картографиялық-географиялық қоры 2001 жылы ғана кірісті. Соған дейін
біз Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Әкімшілік-аумақтық бөліну» деп аталатын
анықтамалығын пайдаланып келдік. Онда он мыңнан астам әкімшілік-аумақтық
бірліктер мен елді мекендердің атаулары жинақталған еді. Транслитерациялық
талап бойынша ешқандай сын көтермейтін, тек орыс тілінде жасалған бұл еңбек
тарихи жер атауларын қалпына келтіруге кедергі болды. Қамтылған атаулардың
әуелгі нұсқасы бұрмаланды, кейбір тарихи атаулар әдейі енгізілмеді. Сол тұста
және одан кейінгі жылдарда еліміздегі барлық жер-су және елді мекендер атаула-
ры қамтылған қазақ тіліндегі топонимикалық сөздіктер жасау жоспарланған жоқ.
Орайлы ұсыныс
81
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Республикадағы географиялық атаулар¬дың толық ақпараттық қорын әзірлеу
мәселесі де назардан тыс қалды. Мұндай жағдайда белгілі бір атаудың тарихи
екендігін ғылыми дәлелдеу мүмкін емес еді. Бұрынғы карталар мен әкімшілік-
аумақтық құжаттарда белгіленіп кеткен атаулардың төркіні туралы сөз қозғалса,
түрлі сипаттағы даулар қоздап шыға келетін.
Өзіміздің салғырттығымыздан болған мұндай кемшілік топонимикалық
атаулардың баспасөз бен электронды ақпарат құралдарында, интернет пен
карталарда түрліше айтылып, жазылуына әкеліп соқты. Ашығын айтайық,
Қазақстан географиялық атауларды, ономастиканың мәселелерін зерттейтін
құрылымдар мен заңнама бойынша да дамыған елдерден, нақтылай түссек,
кейбір ТМД елдерінен кейін қалып отыр. Дәлел келтірейік. АҚШ-та жер-су ата-
улары мәселесімен «Географиялық атаулар бюросы», Канадада «Географиялық
атаулардың тұрақты комитеті», Германия мен Украинада «Географиялық атау-
лардың ұлттық комитеттері», Англияда Британия география қоғамының «Геог-
ра фиялық атаулардың тұрақты комиссиясы» дербес айналысады. Ресейде үш
бірдей құрылым: «Геодезия», «Аэрофототүсіру», «Картография» бас бас қар-
малары шұғылданады. Бұлардың бәріне географиялық атауларды дұрыс пайда-
лануды бақылап, түзетіп отыру үшін заңдық құқықтар берілген. Ресейдің осы
ыңғайдағы тәжірибесіне қысқаша тоқталсақ, онда 1997 жылы «Географиялық
объектілерді атау туралы» федералды заң қабылданды. Сол заң бойынша атаулар
жөніндегі мемлекеттік және жекеменшік ұйымдардың барлық ұсыныстары оно-
мастикамен айналысатын қызметтердің: аудан, облыс, қала атқару биліктері мен
сайланбалы органдарының, жоғарыда айтылған басқармалардың сараптауынан
өткізіледі. Тек содан кейін ғана шешім қабылданады. Бұл жүйе орыс жұртына
географиялық атаулар арқылы өзінің тарихын қастерлеп, ұлттық мүддесін қорғауға
мүмкіндік беріп отыр. Мұндай мазмұндағы заң көрші Қырғызстанда да бар. Сол
заңға сәйкес жергілікті кеңестер мен атқарушы органдардың атаулар жөніндегі
ұсыныстары географиялық атаулардың ведомствоаралық комиссиясы мен Ұлттық
ғылым академиясының бірлескен шешімі бойынша Жоғарғы Кеңестің қарауына
жіберіледі. Бізде ономастика мәселесіне тұтас арналған заң жоқ. Елімізде бұл
сала «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен рет-
телуде. Аталған құқықтық құжат бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық ту-
ралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы
туралы», «Тіл туралы» заңдарға жаңа баптар енгізілді. Алғаш рет ономастика
жұмысының критерийлері анықталды. Жер, елді мекен атауларын таңдау кезінде
тарихи, географиялық, табиғи және мәдени ерекшеліктері ескерілетін болды. Ба-
сты жетістік – енді атқарушы билік пен барлық деңгейдегі мәслихаттар ономасти-
ка комиссияларының келісімінсіз шешім қабылдай алмайды.
Орайлы ұсыныс
82
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Қалай десек те, алдағы уақытта ономастика туралы жеке заңның керек екендігі
анық. Ол заң қазақ ұлтының келісімінен тыс өзгертілген барлық тарихи атаулар-
ды міндетті түрде қайтаратын құдіретке ие болуға тиіс.
Өз кезегінде бұл ұсынысымыз да жүзеге асырылар, географиялық атаулардың
сірә да жасалмастай болып көрінген мемлекеттік каталогы да жарық көрді ғой
деп көңілді демдейміз. Онда 120 мыңға жуық географиялық атаулар жинақталған.
Мұның 91 мыңнан астамы дербес географиялық нысандардың атаулары.
Бізге енді не керек? Жер-су мен өңір, қала, ауылдардың әуелгі тарихи атаула-
рын түгендеп шығу парыз. Олардың қайсысы сақталған, қаншасы өзгертілген
және қай кезде нендей себеппен кім өзгерткенін зерттеп алуымыз керек. Мұнсыз
өткен ғасырлардың сан алуан оқиғалары мен шежіресін шерте алатын бағзы ата-
уларды қайтару қиын. Петропавл мен Павлодардың төңірегіндегі әңгіменің ұзын
сонарланып, сарсаңға салынуының басты себебі – әлгіндей ғылыми дәйектелген
зерттеудің жоқтығында. Оны жасауға қадау-қадау талпыныс бар, мемлекеттік
ұмтылыс аңғарыла қоймайды. Бұл мәселе зиялы қауымның арасында ауызша
талқыланғалы қашан?! Тарихқа әркімнің де бар таласы деп білек түрген кейбір
көкірегі ояулар там-тұмдап жазып та, зерттеп те жүр. Алаңдататыны – олардың
байламы бір жерден шыға бермейді. Мәселен, бір ғана Павлодардың бастапқы
атауы туралы уәждер сан алуан.
Тарих ғылымдарының докторы Қайырболат Нұрбаев: «Павлодарға көне
атауы қайтарылуы керек» деген мақаласында («Ертіс дидары», 2009 жылғы
25 мамыр) осы өңірді арнайы тапсырмамен аралаған Ресей әскерінің капита-
ны Унковскийдің Коряков бекінісі орналасқан алқапты қазақ қыстауларының
атымен атағанын атап көрсетеді. «Бұл құнды мәліметтерден, – дейді ол одан
әрі, – 1720 жылы Коряков әскери бекеті салынардан бұрын қазіргі Павлодар
қаласының орнында қазақтардың Керегежар (көне түрікше Керекужар) атала-
тын қыстауы болғаны, оны орыстар «Коряков Яр» деп бұрмалап айтқаны және
жаңадан салынған форпосты (әскери бекет) солай атағаны байқалады. Осы ата-
лым біршама уақыт құжаттық айналымда жүрген, тек кейін, «Яр» тіркесі алы-
нып тасталып, Коряков Яр Коряковскийге айналған. Сол кезеңде Ертістің оң
жағалауында «Жар» тіркесімен аяқталатын Қызылжар (қазіргі Ертіс кентінің
маңында), Қаражар (қазіргі Чернояр) тәрізді өзге де елді мекендер болған».
Ғылым докторы келтірген бұл дерек Керекудің көне атау екендігіне сендіре
алады және Жамбыл Артықбаевтың осы орайдағы уәждерімен үндес. «Кере-
ку жар немесе Кереге жар 1715-1716 жылдардағы Бухольц экспедициясының
құжаттары арасында жүр. Қоршауға түскен Бугольц экспедициясына көмектеспек
болып Сібір губернаторы М.Гагарин 1716 жылы көктемге қарай Томск, Тара және
Тобольскіден жиналған 700 адамдық керуен жібереді, – дей келіп, Ф.Усовтың та-
рихи еңбектеріндегі мына жолдарды келтіреді: «Караван с людьми, товарами и
казенными деньгами захвачен калмыками за 52 верст от Ямышевской крепости
Орайлы ұсыныс
83
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
на Корякским яру при Иртыше». Осы деректі еселей түсу үшін тарихшы 1697
жылы Ресейдің әскери экспедициялары кең қолданған Ремезевтің картасында
Кереку жар деген топоним бар екенін, ол Ертістің орта тұсындағы Жәміштен
елу шақырымдағы жердің аты екенін келтіреді. «Кереку» – «Кереге жар» сөзінің
көне түркі тіліндегі нұсқасы деп түйіндейді. КСРО Ғылым академиясының Тіл
білімі институты 1969 жылы шығарған «Древнетюркский словарьда» «Кере-
ку» сөзінің мәні «шатер, «юрта» деп көрсетілгеніне назар аударады. Жазушы
Ахат Жақсыбаев та осы тақырыпта сөз қозғап («Қазақ әдебиеті», 2008 жылғы
17 қазан), Керекудің төркінін бір кезде осы өңірді жайлаған, Ертіс бойына Қимақ
мемлекеті құлаған соң келген, кейін үдере көшіп кеткен керек халқының атауы-
нан шыққан деп топшылайды.
Ал Қазақстан Үкіметі жанындағы мемоном комиссиясының мүшесі Сламқұл
Әбдірахманов «Керекуді» қайтарсақ, бұл тірлігіміз қазақ тілін қорлағандық бо-
лар еді, деп жоғарыдағы байламдарға қарсы дерек келтіреді. Оның дәлел деуінше:
«Кереку» – орыстың Коряков деген фамилиясының қазақша қате транск-
рипцияланған түрі. Енді оны тірілтіп, өнеркәсібі қарқындап өсіп келе жатқан,
келешегі зор қалаға береміз деу – барып тұрған топонимикалық сауатсыздық».
Төркінін айқындай түсетін атаулар Алтай жағында да жоқ емес. Ресей жыл-
намашылары 1554-1800 жылдар аралығында толтырған «Историческая справка
от выдающихся событиях и правительственных актах, относящихся к истории
Акмолинской области, так и других смежных областей и губерний Западной
Сибири» деп аталатын тарихи деректер тізбесін қарап отырып, қазіргі Өскемен
қаласының Алтайға қарайғы биігін Абылай ханға қатысты айтып жүргеніміз
жаңсақтық екеніне көз жеткіздік. Ол биік Абылайкет деп аталады. Міне, соның
баянын Ресей жылнамашылары былай деп таратқан: «1643 г. Цецень Очирту
Хань, сын Бабибагась Багатура, Тайши Хошаутск калмыковь, кочевал у озера
Норь–Зайсана, а брат его Абылай расположившись на р. Иртышь построил в
Колбинских горах буддайский моностырь Абылайкить». Осы тарихи мәлімет
Өс ке меннің іргесіндегі тау ертеде Қалба (Колбинский) атанғанын, Абылайкет
жоңғарға тән топоним екендігін нақты дәлелдейді.
Аталған жылнамада Зайсан көлінің байырғы атауы да берілген. Сөз бе
сөз келтірейік. «Голодь у калмыковь. Они прокармировались рыбою у озера
Кунгхоту-норь и называют его Норь-Зайсаномь, т.е. благородным». Сонымен, За-
йсан сөзі қазақ¬тың «жайсаң» сөзімен мағыналас екенін көреміз. Оның бұрынғы
аты Кунгхоту болса, бұл қай тілден шыққаны бел-гісіз. Бәлкім, түрікше «Күн»
мен «От» болар.
Осындай түрлі пікірлер мен болжамдар Ақмола атауының төңірегінде де аз
айтылған жоқ. Оны «мола» сөзіне теліп, ұзақ уақыт адасып жүрдік. Ал тарихқа
барлау жасасақ, дәуірінде айбыны асып, қуаты тасып тұрған Ғұн көсемдері
Орайлы ұсыныс
84
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Сарыарқаның кіндік тұсына, төрт құбыланы тоғыстырған жер ортасына, Нұра
мен Есіл өзендері екпіндеп келіп іргелескен тұсқа қамал салған. Тайтөбе деп
аталатын төбенің үстіндегі қорғаннан кеңдігі бас айналатын ұлан алқапты күні-
түні қас қақпай барлаған. Ғұн тілінде «Ақ» – батыс, «Мола» – қамал ұғымын
білдірген. Қорған-шаһарға «Ақмола» деп ат қойған. Мұны ертеректе Византия
жазушысы, Ғұн тілін зерттеген Прокопий де растаған («Прокопий о постройках,
перевод с латинского. «Вестник древней историй», 1939 жыл, №4). Ол «мола»
сөзі ғұндарда «биік, қорған, қамал» деген ұғымдарда айтылған деп түйіндейді.
Осы байламға 1965 жылы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесінде
дүниеге келген, 1987 жылы Пекиндегі Орталық Ұлттар университеті филоло-
гия факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітіріп, осы оқу орнында 1992
жылға дейін қазақ тілі кафедрасында оқытушы болған, сол жылы елге оралған
ғалым Қайрат Ғабитханұлы да қосылады («Күннен туған таным», ҰҒА-ның
«Хабарлары», 1966, №1).
Иә, тарихтың бізден жасырған құпиясы көп, оның сырын там-тұмдап ашуда-
мыз. Халық та мәңгілік, оның өткен жолын шежірелейтін тарих та мәңгілік. Олар
мәңгі уақыт аясында бірін-бірі толықтырумен болады. Жаңғырғысы, аумалы-
төкпелі ғасырларда қонған шаң-тозаңнан арылғысы келеді. Біздің, өтпелілердің
парызы – тарихтың жоғалтқанын бүгінгі күннен табу, есесі кеткен күндердің
көсегесін көгерту. Бұл бағытта жеңістеріміз баршылық. 1993 жылы Қазақстан
Республикасының Президенті Целиноград қаласы мен Целиноград облысын
Ақмола қаласы және Ақмола облысы деп атау туралы Жарлыққа қол қойды. Осы
қаланың азаматтары тізе қосып, елден 12 мың қол жинап, Есіл мен Нұра жарыса
аққан, Сарыарқасы сайынданған ерен өлке тарихи тегін тауып, қайта түлесін
деген өтінішіміз өмір бақи шалқытатын ұшан-теңіз қуанышқа айналды. Қалың
ел Президентке ағыл-тегіл алғыс айтты.
Кезінде жұрт сүйіншілеген мұндай игілікті қадам бірен-саран емес. Өзгерер
сәтін, қайта жаңғыртатын кезін күткен қалалар мен өңірлер де баршылық.
Ауылдық және аудандық деңгейдегі атаулардың бағзы атауын да толық қайтарып
алған жоқпыз. Тың және тыңайған жерлерді игерген 1954-1964 жылдары тың
өлкесіне қараған бес облыста орысша қайта аталған 200 елді мекеннің талайы
әлі күнге Петровка, Семеновка, Покровка және басқа болып жүр.
«Алаш айнасы» газетінде (2013 жылғы 15 маусым) Солтүстік Қазақстан
облыстық ономастика комиссиясының мүшесі Таңат Сүгірбаевтың «Абылай
ханға бір көшесін қимаған Қызылжарда Лениннің 83 көшесі бар» деген шағын
мақаласы жарияланды. Тақырыбын оқып күрсінген біз облыстағы елді мекендерге
кеңес кезінде комсомол атауы берілген – 72, Октябрь аталған 45 көшенің сол күйі
өзгеріссіз тұрғанын біліп дал болдық. Киров, Карл Маркс, Пугачев, Калининнің ең
нашарының атында – 22, ең мықтысының атында 40 көше бар екен.
Орайлы ұсыныс
85
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Жоғарыда аталған ономастикаға қатысты заңда бір атау сол өңірде екінші
рет берілмейді деп көрсетілсе де осылай. Бұл салғырттық па, жауапсыздық па,
түсініксіз.
Аталған мәліметтерге көзқарасын білдірген облыстық тілдерді дамыту бас-
қар масы ономастика бөлімінің бастығы: «Облыстық ономастикалық комиссия
қайта құрылды. Енді білек сыбана кірісеміз», депті. Іске сәттілік тілей оты-
рып, өткен шақырылымда Парламент Мәжілісінің депутаты болған Жарасбай
Сүлейменовтің Петропавл қаласының атын Қызылжар деп өзгерту жөнінде ұсы-
ныс жасағанын, қарсылар өре тұра келгенін, жақтағандардың даусы қатты ес-
тілмегенін, сондай намысты сәтте ел азаматтары бір жағадан бас, бір жеңнен қол
шығара алмағанымыз еске оралды.
Осы тұста Қазақстан тұрғындары жер, елді мекен атауы туралы сөз болған
сайын неге қақ жарылады деген сұрақ туындайды. Бір кезде үстем болған
жұрттың ішінде қазақ халқының орынды ұсыныстары мен талаптарын ашық
қолдайтын азамат неге жоқ? Олардың тарапынан Павлодарды немесе Петро-
павлды өзгертіп, байырғы елдің, біздерді бауырындай сыйлаған дарқан елдің
көңілінен шығайық, атамекенімізде қалың тарихымыз, дәуірлеп тұрған тіліміз
бар, дәулетсіз де емеспіз, әулетсіз де емеспіз дейтін адам неге табылмай келеді?
Талайымызды осы сауал мазалайды. Ағайын санағандарымыздың сөзі же-
тістікте сергек, мәселеде кермек бола берсе, бұл ахуал әлеуметтік ғылымдар
аясында зерттелуі керек шығар. Себебі, қазақ азаматтары ұлттық мүддеден ту-
ындайтын талаптарын айтпай тұрмайды. Сондай талап-өтініштің бірін Кереку
тұрғыны, тарих ғылымдарының докторы Қайырболат Нұрбаев біраздан бері
көтеріп келеді. Ол Павлодар атауының өзгеруін көксейді. «Отаршыл патшаның
баласы Павелдің құрметіне қойылған Павлодар қаласының аты өзгермейінше
өзімізді егемен елдің азаматтары ретінде сезінуіміз қиын», деп қынжылады
(«Ертіс дидары», «Павлодарға көне атауы қайтарылуы керек» 2009 жылғы 25 ма-
мыр.) Рас шығар. Егер білдей бір облыс орталығы әлемге мәшһүр Л.Толстойдың
немесе А.Пушкиннің есімімен аталса, жақсыда жаттық жоқ деп кеңдік таныт-
паймыз ба? Ал мына атау біздің рухымызға да, тарихымызға да мүлде жат қой.
Осындай ой-ұсыныс маған С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
уни верситетінің ұстаздарынан, «Қазақ тілі» облыстық ұйымынан, басқа да аза-
маттардан келген еді. Олардың арман-мұраты – тарихи әділдіктің орнығуы,
байырғы жер атауын қайта тірілту.
Шіркін-ау! – дейсің осыдан кейін.
Қазақстанға оның бүгіні және ертеңіне саяси да, қоғамдық та, тіпті, пенделік
те тұлға болып табылмайтын, Ленин «халықтар түрмесі» атаған патшалық Ре-
сейдің билеушісі Екінші Александрдың дүниеге 1860 жылы келген баласы
Павелдің қанша қатысы бар?! Біреулер патшаның інісіне балайтын, «Қазақстан»
Ұлттық энциклопедиясы ешқандай дерек бермей айналып өткен осы пенденің
Орайлы ұсыныс
86
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
есімі су анасы – Ертіс орталық алқабын жуып жатқан, бір қапталы Батыс Сібір
ойпатымен жалғасқан, екінші қапталын Сарыарқаның сар даласы көмкерген,
қазақ ұғымында қасиетті саналатын атақты Құлынды алқабын түгел қамтыған
бағзы өңірдің атауы болуға лайық па?! Әрине, жоқ. Осынау ұлы даланың күні
бүгінге дейін солай аталып келуі тарихи да, рухани да, әлеуметтік те кемшілік.
Павлодар облысы енді өзінің тарихи ұлттық мазмұнын табуы керек. Ұлан-байтақ
өңірін көрікті таулар мен көркем көлдер кестелеген, Баянауылы Алты Алаштың
теңдесі жоқ аруындай арайланған, Әулиетауы өсіп-өркендеген елін тіл-көзден
қорғаған, тарихы аңыз, елі абыз өлке отарлық салқын атау-дан арылатын кез
жетті деп есептейміз. Бұл – ұлттық міндет, перзенттік парыз, алысып өткен,
өкініп өткен ата-бабаның аманаты емес пе?!
1720 жылы Коряков әскери бекінісіне, 1861 жылы Павлодар деген атпен ста-
ницаға айналып, әлі күнге солай аталып келе жатқан қала жайлы соңғы сөзді
кейінге қалдыра тұрып, қазіргі тілейтініміз осы. Ұлы өлке, қазақтың жойқан ер-
лері Олжабай, Малайсары, Жасыбай қорғаған ұлан өлке, туған еліне мәңгілік
ән мұра қалдырған Естай, Жаяу Мұса, Майралар әсем әуенімен аялаған қайран
өлке, ғұлама Мәшһүр, кемеңгер Марғұлан, дана Қаныш, ардақты Шәкен сүйген
киелі өлке сайда саны, құмда ізі жоқ Павелден арылып, түпкі тегін, түп қазығын
табуға тиіс.
Асылында, облыс пен оның өңірі бір атауға қосақталуы шарт емес. Орталық
Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола, Жамбыл
облыстарының орталықтары – Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Ақтау Көкшетау,
Тараз. Ендеше, қазақтың біз сөз етіп отырған ұлан өлкесі Ертіс немесе осы өңір
жұртшылығы қалаған басқа атауға ие болғаны жөн. Ел тарихына батпандап
кірген дертті осылай мысқалдап шығарсақ абзал. Аймақ азаматтары бүгінде осы
мәселеге ден қойып, өңірді жаңаша атау жөнінде қалың жұртпен және жергілікті
билік орындарымен байсалды кеңес құрса дейміз.
Әңгіме соңында әуелгі пайымымызға қайта оралсақ, тиісті мемлекеттік және
ғылыми орындар еліміздегі жер-су, қала, өңір, елді мекен аттарының бағзы
атаулары мен тарихы, олардың қайсы қашан қандай себеппен өзгертілгені ту-
ралы зерттеу жұмысын қолға алып, екі тілде академиялық анықтама шығаруға
міндетті. Қазақтың әр сүйем жерінің тарихын еңбектеген баладан еңкейген
кәріге дейін білуге тиіс.
87
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Жеңіс Сәдуақасұлы
Қорқыт ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінің профессоры,
филология ғылымдарының докторы
Достарыңызбен бөлісу: |