Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Иманбердиева С.Қ.Қаладағы тағамхана атаулары:Автореферат.– Алматы:
әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті,2001.-23б.
2. Мадиева Г. Б. Теория и практика ономастики. – Алматы: Қазақ университеті,
2003. -152 с.
3. www. Wikipedia. kz.
35
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Гүлім Чукенаева
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік
университетінің докторанты
Жетісу топонимдерінің этномәдени сипаты
Кез келген халықтың дүниетанымдық жүйесі, өзіндік салт-санасы, халықтық
рухы ең алдымен оның тілінде көрініс табады. Тіл мәселелерін мәдениетпен,
халық әдет-ғұрпымен, салт-санамен байланыстыра зерттеу XX ғасырдың 20-70
жылдарында орын ала бастады.
«Этностың басып өткен сан ғасырлық даму жолы, оның белгі-бейнелері
біздерге тас мүсіндер мен жартастарға қашалған сына жазулар арқылы, мәдени
ескерткіштер мен әртүрлі ғимараттар түрінде жетуі мүмкін. Бірақ бұлар этнос
өмірінің мың да бір елесі ғана, оның шын мәніндегі даналығы мен дүниетанымы
тек тілінде ғана сақталады. Әрбір дәуірде өмірге қажет болған құрал-сайманның,
қару-жарақтың, киім мен ішер тамақтың, тұрмыстық заттар мен салт-санаға, әдет-
ғұрып, наным-сенімге, ойын-күлкі, той-домалаққа байланысты ұғымдардың аты-
жөні, сыр-сипаты т.б. тек тіл фактілері ретінде ғана. Яғни жеке сөздер мен сөз
тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтел арқылы ғана бізге жетуі мүмкін»
дейді ғалым Ә.Қайдар[1, 34б.].
Адам баласы пайда болғаннан бері әр ұрпақ өздері ойлап тапқан және уақыт өте
қалыптасқан материалдық мәдениет пен рухани мәдениеттегі жетістіктерін мұра
ретінде қалдырып отырды. Адамзаттың қай заманда болмасын алдына қойған
ең басты мұрат-мақсаттырының бірі дәстүрді сақтау, ұлттық құндылықтарды
қадірлеу болғандығына ешкімнің де таласы жоқ. Біздің қазақ халқы да атадан
балаға сан ғасырлардан қалыптасып жеткен асыл қазынасын келешек ұрпақ
мақтан тұтып айтып, сақтап жеткізетіндей өшпес мұралар қалдырды. Олардың
қай қайсысы да тілде көрініс тауып отырды.
Адам өзінің әлемге деген көзқарасын, дүниетанымын тілдің қызметі арқылы
бейнелейді. Әрбір тілдің өзінің ішкі, ұлтық өзгешеліктері бар болғандықтан, кез
келген тіл әлемді өзінше суреттейді. Халықтық салт-сана жайлы мол мағлұмат
көзі болатын тілдік тұлғалардың бірі – топонимдер. Өмірде көрген-білгенін,
зер десіне түйгенін, өмірлік тәжірибесін, бүкіл асыл құндылығын тілінде тұжы-
рымдаған қазақ халқы көшіп-қону барысында кездескен әрбір бұлақ-бастауға,
төбе, жазыққа, ой мен қырға олардың ерекшелігін айқындап, соған сәйкес ат
берген. Еліміз егемендік алып, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болуына байла-
нысты қоғамда тарихи сана мен ұлттық таным көкжиегі кеңейе бастады. Осыған
орай, жалқы есімдердің этномәдени мәніне де назар аударыла бастады.
Топонимиялық атаулардың пайда болуына, қалыптасуына, дамуына ұлттың
мәдени өмірі әсер етеді және «атауды қалыптастырған немесе пайдаланып жүрген
халықтың мәдениетіне ешбір байланысы жоқ атау болмайды» [2, 131б.]. Себебі,
Топонимика
36
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
атаулар жүйесі ― ұлттың дүниетанымының, психологиясының, материалдық
дүниесінің тоғысқан жиынтығы.
Ұлттық топонимдер өз бойынан ұлттың этникалық құрамы мен мекендері,
шаруашылығы, дүниетанымы, әлеуметтік өмірі, наным-сенімі, әдеп-ғұрпы,
салт-дәстүрі, яғни материалды және рухани құндылықтар жайында ақпарат бе-
ре ді. Оларды 1) Материалдық мәдениетке байланысты топонимдер; 2) Рухани
мә де ниетке байланысты топонимдер деп топтастыруға болады.
Материалдық мәдениет ― жер бетінде тіршілік еткен адамдардың өзі өмір
сүруі үшін жасаған түрлі еңбек құралдарымен қоса, тұрғын үйлері, ғимараттары,
мәдени ескерткіштері, киген киімі, тіпті жүріп-тұрған көлігіне дейін, толып
жатқан көзге көрінетін, әрі өзінен кейін ұрпақтарына қалдырып отырған заттық
байлығы [3,141б.].
Топонимикалық жүйенің қалыптасуына қазақ халқының шаруашылығы,
кәсіптік іс жүргізуі, тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік жағдайы белгілі бір деңгейде
өз ізін қалдырып отырды. Жер шаруашылығымен шұғылдану Жетісуды мекен-
деген тайпалар өмірінде орта ғасырда болғаны тарихтан белгілі. Олардың жер-
гілікті өзен бойында егін салып, көбіне арпа мен тары еккендігін, сол жерлер-
ден табылған археологтар аршыған көне арықтар толық дәлелдеп отыр. Сөйтіп,
жер шаруашылығы мал бағып, иен далада көшіп-қонып жүрген елдің қосалқы
тіршілігіне айналған. Егіншілікпен айналысқан халық оған қатысты атауларды
да қалыптастырлы. Мысалы: Егінсу, Егінбұлақ, Бесқауға, Қызылегіс, Арықты,
Қараегін, Байқоныс, Алтынарық, Арантоған, Ақтоған т.б.
Топонимдердің құрамынан киім-кешек, ыдыс-аяқ, күнделікті тұрмыста қол да -
нылатын заттар да орын алып отырған: Қойсоғым, Жандорба, Ошақ, Балта, Бие-
байлаған, Қазансу, Шотқалған, Айнабұлақ, Есік, Кетпен, Күл, Қазанкөл, Қай рақ т.б.
Көшіп-қону, жол қатысы, өзен, су өткелдері туралы мына төмендегі геогра-
фиялық атаулар толық мағлұмат бере алады: Қостіккен, Өткелсіз, Қозыкөш, Құ-
мөт кел, Көшөтер, Көшкентал, Арқанкерген, Есекартқан т.б.
Рухани мәдениет ― адамдардың өмір сүру, тішілік ету барысында сол
ұлттың тұмыс салты, білімі, заңы, этикасы, ғылымы, діні, мифологиясы, рухани
дүниелері ― өнері, өлеңдері, мақал-мәтелдері, фразеологизмдері, нақыл сөздері
т.б. [3,141б.].
Кез келген ұлттық топонимдердің бойында тарихи-мәдени ақпараттар сақта-
лады және олардың кумулятивті қызметі ұлттық топонимдерде анық көрінеді.
Себебі кез келген ұлттық топоним халықтың ғасырлар бойы жинақтаған білім-
дерін көрсетеді және ол білімдері топонимнің кумулятивтік қызметі арқылы
ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Жергілікті халықтың әдет-
ғұрпы мен діни көзқарасын білдіретін топонимдерге мыналарды жатқызуға
болады: Әулие, Әулиебұлақ, Әулиебастау, Ақбейіт, Бейіттібұлақ, Молалы, Қо-
ңырәулие, Бұрханбұлақ, Мазар, Иманқұт, Қажыауыл, Бәйгетөбе, Қарамола,
Майқан, Құлтөбе, Өрнек, Жетім, Аламан, Байғазы, Бесіктас.
Топонимика
37
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Жетісу жерінің өзендері туралы Б.Нұржекеевтің берген деректері бойын-
ша Бұрқанбұлақ өзенінің басында сарқырама бар екен. Судың астында үлкен
тас бар. Жергілікті халық ол тасты киелі санап сиынған. Сондықтан ол будда
дініндегі Бурхан әулиемен байланысты деген болжам бар [4,53б.].
Есік өзенінің қыста қатпайтынын ескерген халық оны қасиетті деп санап,
«ыссы өзен» деп атаған. Кейін атау фонетикалық өзгеріске түсіп Есік болып
өзгерген. Сол сияқты Майқан өзенінің құрамындағы май – киелі, қасиетті дегенді
білдірсе, түркі тіліндегі «ған» сөзі өзен дегенді білдірген [5,14б.].
Әулиесу өзенінің бас жағындағы таста адамның намаз оқыған кезіндегі екі
алақаны, маңдайы, екі тізесінің таңбасы басылып қалған екен. Осыған байланы-
сты өзен Әулиесу аталған [6,84б.]. Қарамола, Молалы, Ақбейіт, Бейіттібұлақ ата-
улары да діни ұғымдарға, яғни өзеннің бойында мазарлардың болуына байланы-
сты қойылған. Бұл көрсетілген топонимдердің бәрінде халықтың діни сенімдері
мен нанымдары, дүниеге көзқарасы жан-жақты бейнеленіп отырғанын көреміз.
Сонымен қатар, салт-сананың кейбір көріністері кейде тотемдік ұғымдарға бай-
ланысты қойылған топонимдерде де кездесіп қалады.
В.Г.Белинский салт-дәстүрдің өміршеңдігі жөнінде «Әдет-ғұрып замандар
бойы сыннан өтеді. Өз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулетке мұра ауысып,
рудан-руға, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Олар халықтың сыртқы бейнесі болып та-
былады. Онсыз халық бет әлпетсіз бейне, болымсыз тас мүсін тәрізді» - дейді.
Дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани байлық. Жетісу жеріндегі
топонимдердің туындауына негіз болған салт-дәстүр элементтерін қарастыра
келе, адамдардың табиғаттағы әр түрлі құбылыстарды бақылап, оны өз іс-
әрекеттерімен, тәжірибесімен салыстырып, адам санасында қалыптасқан оймен
байланысқан бейнелер түрінде әр түрлі нәрселердің ұқсас жақтарын табуы, яғни
метафоралық мағынаның жетекші рөл атқарғанын көруге болады. Мәселен,
Бесік, Бесіктас атаулары метафораланып қойылған, яғни бесікке ұқсатудан туған
болса керек.
Бесік - қасиетті киелі, құтты мүлік. Сәбидің, алтын ұясы болып есептеледі.
«Ел іші алтын бесік» деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Жаңа туған баланың,
бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке жолы үлкен
елдің, тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады. Бесіктің сәбидің
денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор. Бесік ағаштан, талдан иіп жасала-
ды. Бесіктің мынадай құрал жабдықтары болады: жастық, мамық, жүргек, түбек,
шүмек, қолбау, тартпабау. Олар да өзінше қолданыс тауып отырған. Мұнда
атау тек сыртқы көріністің ұқсастығына ғана қарап қойылмаса керек. Халық
бар лығына құтты қоныс болған жерді бесікке теңеген. Ал Бәйгетөбе, Аламан
гидронимдерінің қалыптасуына сол аймақтарда аталмыш қазақтың ұлттық
ойынының өткізілуі себеп болса керек. Бәйге (дәстүр). Ұлы тойда, аста, мере-
кеде жыққан палуанға, озған жүйрікке, жеңген ақынға берілетін жүлде. Тойдың,
Топонимика
38
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
астың дәрежесін, қызығын осы бәйгеге қарап анықтауға болады. Бәйгенің
ең үлкені әдетте бас палуан мен жүйрік атқа тағайындалады. Аты озып бәйге
алғандар оның бәрін еліне айдап кетпейді. Бұл жомарттық, мәрттік, ерлік, ғұрып.
Оның біраз бөлігін әруаққа, ақсақалдарға атап, қалғанын жанындағы жолдаста-
рына бөліп береді. Бәйге казақ халқының рухани, мәдени дәрежесін көтеретін
және көрсететін үлкен дәстүр.
Айдар (ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араласты-
ра өріп қояды. Мұны —«айдар» дейді. Бұрын ел бұл ғұрыпты көп қолданған.
Мысалы Кенесарының інісі атақты Наурызбай батырдың айдары болған. Балаға
Айдар деп те ат қойылады, ол осыдан шыққан. Бұл ғұрып ер балаға жасалады.
Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады. [7, 48б.]. Өлкемізде Айдар
(ауыл), Айдарлы (ауыл) сияқты топонимдер ұшырасады. Т.Жанұзақтың айтуын-
ша, атау жердің шоқы мен биік төбенің биіктігін айдарға теңеуден қойылған.
Халықтың рухани мәдениеті жайлы мол мағлұматтарды бойына сақтаған
атау лардың бір парасы туыстық, рулық, этникалық қатынастарға байланысты
болып келеді. «Қоңыр қазақтың өзіне тән барша қасиетін ана сүтімен, жусан
иісімен, күйдің күмбірімен, саумал иісті самалдың лебімен бойына дарытқан,
көкірегі ояу, көзі ашық, халқының тарихын, өнері мен мәдениетін, тұмса тұнық
әдебиетін, ғұрпын, салтын білетін, «Мен қазақпын!» дей алатын азамат өзінің
шықкан тегін, кіндік кесіп, кір жуған ата жұртын қастерлеп, жеті атасын жадын-
да тұтуы шарт» [7,198б.]. Қазақ алысты жақын тұтқан, жақынды бауыр тұтқан.
Туыстық желіні үзбеген, береке-бірлікті бұзбаған. Қазақта туыстық қатынастарды
үш жұртка топқа бөліп атайды. Біріншісі — адамның әкесі жағынан туысатын өз
жұрты әйелдер төркін жұртым деп атайды. Екіншісі шешесі жағынан туысатын
нағашы жұрты. Ал үшіншісі әйелі не күйеуі жағынан туысатын қайын жұрты.
Туыстық атаулар да жер-суға ат қоюда назардан тыс қалмағаан. Туыстық атау-
лар негізінде қалыптасқан топонимдер: Әже, Бәйбіше, Атабайбұлақ, Әйелсай,
Жанбөбек, Бескемпір, Қатынқопа, Балаарқалық, Ұлықыз, Қызқашқан, т.б.
Қазақ даласында «қыз» сөзіне байланысты көптеген жер-су аттары кездеседі.
Жалпы даламызда әйел затына байланысты қатын, ханым, бике, бегім сияқты
дәрежені көрсететін топонимдер де бар. Мысалы: Әйелсай, Қызүшбұлақсай.
Қызға байланысты жер-су атауларының туындауына нақты тарихта болған қыз
аты, эвфемизм мен діни нанымдағы қыз образдары, метафоралы түрде қыздың
дене мүшесіне балау және қыз бұйымдары негіз болады. Әсіресе «қыз» сөзімен
байланысты гидронимдер көп кездеседі. Мәселен, Қызбастау, Қызқорған,
Қызтаусу т.б.
Топонимдердің кейбірі сол аймақты мекен еткен ру-тайпалардың атымен
байланысты аталған. Жетісудағы Алтай, Амангелдісай, Бақалы, Мұса, Айпара,
Айту, Бақалы, Балғалы, Кәлпе, Меркі, Наймансүйек, Шажа топонимдері ру аты-
на байланысты қалыптасқан. Мәселен, Бақалы өзені өтетін Сарқан ауданында
Топонимика
39
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
найман тайпасының руы Бақалыдан тараған ұрпақтар қазір де мекен етеді. Сол
сияқты Жетісу жеріндегі Матай тауының, сол аттас темір жол станциясының
және ұзындығы 13 км болатын өзеннің аттары Орта жүз Найман ішіндегі «Ма-
тай» руының атына қойылған. Ал Төлеңгіт атауына жеке тоқтала кеткен жөн.
Төлеңгіттер – Қазақ хандығындағы әлеуметтік топ, ханның жансерігі, хан билігі
сүйенетін әскери жасақ. Төлеңгіттер көмегімен хандар мен сұлтандар халықтан
салық жинаған, жайылымдарын қарап жүрген. Төлеңгіттер көбінесе жаугершілік
кезінде қолға түскен тұтқындардан құралған [7,31б.].
Академик Ә.Қайдардың пікірінше: «...тіл – қорған, тіл – қару, өнер алды –
қызыл тіл, тіл – ұлттың жаны мен тәні. Өз тілінен айрылған ел – ел емес, ұлт
– ұлт емес. Өйткені, этностың ұлт санатына қосылуы үшін қажетті де міндетті
шарттарына ортақ табиғи орта, ортақ күнкөріс көздері, ортақ тіл, ортақ психоло-
гия жататыны белгілі, сондықтан да қазақ халқы бүгінгі жержүзілік жаһандану
процесінде біртұтас ұлт болып қалуы үшін ана тілінің тас түйін етіп ұйыстыратын
ұйытқы болар құдіретті күшіне сүйену керек...» [9,32 б.].
Халықтың өзіндік дүниетанымынан, тұрмыс-салт ерекшелігінен туындаған
арнайы сөз қолданыстардың халықтың өткен өмірінде қандай мәні болса, бүгінгі
өмір тіршілігіне тигізер пайдасы одан зор. Сөз құпиясын, сөз құдіретін анықтаса,
ғасыр қойнауында жатқан немесе келмеске кеткен білім мәнінің сарасы көрінері
анық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998.-304б.
2. Әлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігі. Словарь социолингвисти-
ческих терминов. Сүлейменова Э. Д., Шаймерденова Н.Ж., Смағұлова Ж.С.,
Ақанова Д.Х. ― Астана: Арман-ПВ, 2008. ― 392 б.
3. Рысберген Қ.Қ. Қазақ топонимиясының лингвокогнитивтік және этномәдени
негіздері. Филол. ғыл. доктор.дисс.авт. Алматы, 2010. 64 б.
4. Нұржекеев Б. Өзендер өрнектеген өлке. – Алматы: Жалын, 1987. – 228 бет.
5. Жанұзақ Т. Қазақстан географиялық атаулары. Алматы облысы. – Алматы:
Арыс, 2005. – 256 бет.
6. Жүнісов Д. Өзен-көл атаулары. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 128 бет.
7. Артықбаев Ж. О., Сабданбекова Ә. Ә., Елемесов Ә. Қ., Дауенов Е. Н.
Дәстүрлі қазақ этнографиясы: оқу-әдістемелік құралы. –Павлодар: «Кереку»,
2008. – Б. 2. –260 б.
1. Керимбаев Е.А. Казахская ономастика в этнокультурном, номинативном и
функциональном аспектах. –Алматы, 1995. – 248 с.
2. Қайдар Ә. Ұлтты ұйыстыратын құдіретті ұйытқы. – Алматы, 2003. – 319 б.
40
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Бекжан Әбдуәлиұлы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің профессоры, филология
ғылымдарының докторы
Аты-жөніміз қазақша ғана дұрыс жазылады
Қазақ есімдері басынан кешірген талай-талай зобалаңды айта-айта жана-
шырлар да жалыға бастаған кез,енді оның құрылымдық жүйесінің ішкі сырла-
рын ғылыми-зерттеулер арқылы негіздеп, құжат толтыруға жауапты мекемелер
құзырына беру алдымызға елеулі міндеттер жүктеп отыр. Ұлттық құндылыққа
қатысты іс болғандықтан, жұртшылық назарын ауық-ауық осы мәселеге ауда-
рып отыру әрбір зиялы қауымның өкілінің парызы болса керек. Бас ауыртатын
басқа да күн тәртібіндегі мәселелерден өзектілігі кем болмаса да, құжаттағы
аты-жөннің ұлттық тіл нормасы өрескел дәрежеде бұзылғанына қарамай,одан
материалдық кемшілік көрінбегендіктен, жеке адамдар назарында біртіндеп
екінші орынға ығысып бара жатқаны байқалады. Бұның ар жағынан «өмірлік
бөлшегіміздің» қадірі мен қасиетін кемітіп алу қаупі бой көрсететіндей.
Кісі есімі ішкі жүйесі жағынан лингвистикалық мәселе болғанмен, оның
негізгі болмысының қалыптасуында әлеуметтік факторлардың орны үлкен. Ол
қоғамда туады, қалыптасып-қалыптанады, дамиды. Сондықтан, әсіресе қазіргі
сөз етіліп отырған қолданбалылық табиғаты тікелей қоғамдық-әлеуметтік
жағдайларға байланысты. Бүгінге дейін кісі есімдері құжаттарға тіркелу кезінде
көптеген зобалаңды басынан кешірді, қазір көбінің түпкі нұсқасы қандай
болғаны ұмытылған, этимологиялық талдауларға негіз боларлық деректер өте
аз, жасала қалғанның өзінде де болжамдардың шегінен шыға алмай қалып жата-
ды. Сондықтан, «өткенге салауат» демекші, бізге дейін жіберілген кемшіліктерді
кешіре тұрып, жаңадан туындауы мүмкін мәселелерге сақ болған абзал.
Жауапкершілікті сезіне алатын болсақ, ұлттың жоғын түгендеу, кем-кетігін
толтырып отыру шама-шарқымыздың келгенінше әрқайсымыздың міндетіміз.
Әсіресе мұндайда лауазымды тұлғалардың бүйрегінің бүлкілі аса маңызды
екенін несіне жасырамыз. Алайда, кейде істің байыбына бармастан айтыла-
тын үстірт пікірлер болады. Мысалы, аты-жөнімізді «үш тілде жазсақ» деген
секілді. «Жаңа есім ойлап табудың қажеті жоқ» деуді де осы қатарға қосуға
болады.«Жақсы ниеттен туған істің бәрі абзал» деп өзімізді жұбатқанмен, қазақ
есімінің тағдырына бір ғасыр бойы қиянат болып жабысқан жазудағы бәлекет
пиғылдың қазіргі үнсіз жүзеге асып жатқан жалғасына тоқтау қоймаса бол-
майды. Екіншіден кісі есімдері үздіксіз дамып отыратын құбылыс, оны ешкім
тоқтата алмайды. Қолданыстағы есімдеріміздің өзін бір ізге түсіру қиынға соғып
тұрғанда, жаңа есімдерді нормалаудың қиындығы тағы бар. Үшіншіден, соңғы
Антропонимика
41
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
жылдары еніп жатқан кірме есімдерді қалай жазамыз дейтін сұрақтардың жау-
абы әлі де толық жауабын таба алмай отыр. Осы қиындықтардың жауабын көп
болып ойланбасақ, тарихымыздың бейнесіндей дәстүрлі есімдерімізге теріс
ықпал ету қаупі бар екені шындық.
Лексикалық қоры атам-заманан бері жаңарып, түрленіп, толығып отыруға
бейім есімдеріміздің дамуын ХХІ ғасырда тоқтата қою оңай шаруа ма екен?!
Оның үстіне қазір ат қою десе жұрттың аузында мәтелге айналған Азияда, Сам-
митхандармен қатар, көнеден жеткен есім компоненттерін жаңаша құрастыру
арқылы жасалған Айсұлтан, Айзере, Айсана, Айтұмар, Ағұлан, Білге, Елба-
сы, Шыннұрт.б. секілді тамаша есімдер қойылып жатыр. Бұл есімдерді қойма
деп жұртқа қалай талап қоямыз. Әрине Алмагир, Камила-мелания, Кристина,
Сумая, Сурен, Ян, Яна т.б. секілді есімдердің жөні бір басқа, бірақ оларға да
тыйым сала алмаймыз. Бір ескеретін жайт ондай кірме есімдер әр кезде болған,
бола да береді. Бірақ, олардың ғұмыры ұзаққа созылмайды, басқаша айтсақ,
төл болмысымызға сіңісе алмайтындықтан, бір рет қойылады да қолданыстан
түсіп қалып отырады. Саны жағынан да дәстүрлі есімдеріміздің он пайызынан
аспайды, сондықтан замана ағымымен тілімізге кіріп, шығып тұратын мұндай
есімдерге назар аударудың аса қажеті жоқ деп ойлаймыз.
Аты-жөнді ресми құжаттарда үш тілде жазу туралы ұсынысқа да ойлана
қараған дұрыс. Мәселенің екінші жағы бар–қазақ есімі тек қазақша жазғанда ғана
дұрыс болады.Олай дейтініміз құжаттарда жиі кездесетін сиқы қашқан есімдер
орыс тілінің заңдылықтарына бейімдей жазудан пайда болған. Күнделікті айты-
лып, ести берсе, өзге емес, адамның өзі де сол қате аты-жөнге үйреніп алып, оны
өзгертуге аса құлықты бола бермейтін көрінеді.Ал көпшіліктің оған көзі мен еті
үйренгелі қашан. Умыт, Гуляй, Карбуз, Молдыр, Ляззят, Куттыкыз, Кожухова,
Трусова, Траисова т.б. толып жатқан «жаңа есімдер мен фамилиялар»ойымыз
бен тілімізде қалыптанып та үлгерген сыңайлы.
Біраз бұрын баспаханалардың бірінде жұмыс істейтін қыз баланың фамилия-
сын қазақшалауға зорға көндіргеніміз бар.Былай екен: құжаттағы нұсқасы Тру-
сова болғандықтан, бойжеткен үшін ол өзгертуге болмайтын құндылық сияқты.
– Қалқам, қазақшасы Тұрыс қой, осылай жазайық, – деймін.
– Жоқ, мен осылай жазып, айтуға үйренгенмін, сондықтан тұра берсін. Какая
разница!
– Өзің ойлап көрші, орысша жап-жақсы білесің, «трус» деген сөз намысыңа
тимей ме?!
– Даже ол туралы ойланып көрмеппін.
Шамамыздың келгенінше түсіндіріп жатырмыз. Ақыры айтқан уәжімізге
тоқтап, кітап соңында техникалық редактор ретінде Тұрысова қылып жазуға
келісті. Аты-жөніне мән бермейтін азаматтар арамызда қаншама.Мән беретін-
дерінің өзі мәселенің күрделілігіне байланысты уақыты да, төзімі де жетпей,
Антропонимика
42
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
ақыры жол ортадан тоқтайды немесе осыған бел байлағандардың қаншалықты
әуре-сарсаңға түскеніне қарап, «Қой, мынау оңай шаруа емес екен, дұрыс жа-
зылмаса қойсын, дұрыс айтсақ болды ғой!» – дегенді алданыш етіп, қате аты-
жөнмен жүріп жатқан жайы бар.
Осылай да өмір сүре беруге болатын шығар, алайда жанға бататын мұндай
мәселеге назар аудармасақ, «өзін-өзі сыйламайтын»біздің дамыған отыз елдің
қатарындағы орнымыз қандай болмақ. Адамды қорлағанда алдымен аты-жөнін
өзгертеді. Ал қазақ «Осы айтқаным келмесе, атымды басқа қой!» – деп, өз аты-
мен ант ішіп жататын еді.Ары мен иманына балап, кейінгіге аманатқа қалдырған
ұлттық есімдеріміздің қазіргі түрі мынандай жағдайға жеткен: Маямирова, Ка
расьев, Калешова, Башкеева, Долина т.б. Қазақы сұрдан айрылып, әбден азған
осындай текті (фамилияны) «өзімдікі» деп иеленіп, ұлты қазақ азаматтары ара-
мызда әлі жүр.
Жылда оқуға түсетін талапкерлердің тізіміне бір сәт үңілсеңіз, көз алдыңыз-
дан орыс графикасының ыңғайына күштеп бейімдеуден белі үзілген түрлі-түрлі
кемтар аты-жөн тізбектеліп өте бастайды.Бір қызығы ондай аты-жөн иелерінің
бәрін қазақшылығы шамалы, орысша ойлайтындардың қатарына қоюға болмай-
ды. Қазақшаланам деп жүріп-ақ, қайталап қате жазылған құжаттар қаншама.
Арнайы мекеме мамандарына сауал тастасақ, көбіне, азаматтардың өз талабы
бойынша осылай жазамыз деген уәж айтады. Ондай фактілердің бар екенін де
жоққа шығаруға болмас, алайда төмендегі мына есімдердің солай толтырылу-
ына аты-жөн иелерінің ешқандай қатысы жоқ екені анық: Калешова Мейргуль
Мырзалыкызы, Амангельдықызы Асель, Мурат Акерке, Жупарханқызы Мушел
жан, Суймкулкызы Айгерим, Тилеухан Өмирбек, Киса Досжан, Хумархан Се
рикгул, Хуанган Маржангуль, Мурат Дамели, Бахатбек Еркегуль, Казик Ермек,
Хырыхбай Мухамет, Ахболат Алпаби, Хух Ханатбай, Сагындых Ердаулет, Ха
вылаш Жанибек,Башкеева Маржан Мырзабекқызы. Қазақшаланғысы келген
азаматтарымыздың арыз-өтініштері осылай қанағаттандырылған– ов, овамен
вич, евнаны алып тастап, орысшаланған нұсқасы бойынша қате күйінде қайта
толтырып берген.
Тереңнен қазып талай-талай кемшіліктің бетін ашуға және олар туралы ұзақ-
ұзақ айтуға болады, алайда уақыт кемшілікті қазуды емес, онан шығудың жолда-
рын талап етіп отыр. Біз бұл орайда өзіміз көріп, көзіміз жетіп жүрген екі мәселеге
тоқталғымыз келеді. Бірішіден, қазақ есімдерін орыс тілінің ыңғайына бейімдей
жазғаннан кейін, қалай әспеттесең де ол қазақы болмысынан алшақтайды:
Гүләй – Гуляй, Мөлдір – Молдр немесе Мольдр т.б, Құттықыз – Куттыкыз не-
месе Коттыкыз, Жеңіс – Женис, Өмірбай – Омирбай немесе Умербай т.б. болуын
қоймайды. Басқаша жазу мүмкін де емес. Қашан да орысшаны міңгестірмесек,
жүре алмайтын әдетімізге басамыз да отырамыз. Ол әдетімізден арылмасақ, аты-
жөнімізді реттейміз деп әуре болудың қажеті жоқ. Орыс тілінде толтыру үшін
Антропонимика
43
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
қазақ есімдерінің орысша жазылуын реттейтін нормативтік ереже дайындауы-
мыз керек. Қай елде ағылшыннан өзге жазумен аты-жөнді толтырудың ережесі
дайындалды екен? Айтпақшы, біздің де ағылшынша толтыру ережесін дайын-
дайтын кезіміз келді.
Екіншіден, еліміз кирилл әліпбиін пайдаланып отыр. Бір тілден екінші
тілге аударып жазу тек әліпбиі бөлек болған жағдайда ғана жүзеге асырыла-
тын мәселе. Бір әліпбиде отырып, оның өзін қазақша, орысша деп екіге бөлу
аса ақылға қонымды бола бермейді.Қазақстанда тұратын барлық ұлттың өкілі
әріптерімізді таниды.Бұл әліпбиді қолданатын басқа елдің азаматтарына да
қазақтың өзіне тән
Достарыңызбен бөлісу: |