тын. Демалыс кезіндегі туристердің мінез-құлқы, түрлі жағдаяттар
болған кездегі өзін-өзі ұстай алу ерекшеліктері жасырын бейнека-
мераға түсірілді.
Мәселен, автобус жүргізушісі рөлінде ойнаған актер туристерді
экскурсияға алып бармақ болып, мае күйінде рөлге отырады. Мұны
көрген ағылшындар автобусқа отырудан бас тартады. Жапондар
тыныштықтың шырқын бузғысы келмеген, алайда жапондык, топ-
тын, жетекшісі жүргізушінің аяқ жағында турған ішімдікті көрсетеді.
Немістер «шу көтеретін болсақ, жумыстан қуылатын шығармыз»
деп уайымдап тұрып қалады. Экскурсия кезінде автобустың ішін-
де темекі шегуге тыйым салынса да, автобус жүргізуші актер темекі
шегеді. Ағылшындар жүргізушіден темекісін сөндіруді өтініп сұрай-
ды. Жапондар тыныштықты бузбас үшін ундемеуді жөн көреді.
Немістер алғашында аздап дауыс көтереді, тек біраз уақыт өткен-
нен кейін ғана өздерінің бул жағдайға риза емес екенін айта бастай-
ды. Ал америкалықтар автобус салонында жүргізушімен қосылып
темекі шегіп отырады.
Барға кірген кезде бармен өзі турған орнынан басқа бір жаққа
кетіп ңалғанда автобус жүргізушісі рөліндегі актер ақшасын төле-
местен, бардан сыра алып ішеді. Муны көрген америкалықтар мен
ағылшындар оның қылығына риза болғандай, өздері де сырадан
алып іше бастайды. Немістер сыраға мүлде қол сұқпайды, ал жа
пондар мұндай тегін сыраға ңол суқпақ турмақ, болған жағдайды
пансионат әкімшілігіне айтып береді.16
Кейбір әдебиеттерде ұлттык, мінез-құлык, туралы үлкен сақ-
тықпен, ескертулермен айтылады. Халықаралық сипаты бар қал-
жыңға құрылған әңгімелер мен анекдоттар сол мәдениет өкілі не-
месе өзге мәдениет өкілі тарапынан туындайтыны белгілі.
Ұлттық мінез-қулықтың сипатталуын көрсететін екінші цай-
нар көз ретінде классикалык, көркем әдебиетті айтуға болады.
Осы мәнмәтіндегі классикалық сөзі кездейсок, алынып отырған
жоқ. Мундай жоғары дәрежені иеленетін туынды қайсыбір ұлттың
ақыл-ойы мен ішкі жан дүниесіне эсер еткен, уақыт сынынан өт-
кен деуге болады. Ұлттық классикалық шығармалардағы ұлттық
кейіпкерлер халықаралық сипаттағы қалжың әңгімелердегі стерео-
типті персонаждарымен қарама-қайшылығы қайран қалдырады.
Шынында да қыз бен шарап туралы ойлайтын жеңіл ойлы фран-
цуздардың әлемдік деңгейдегі Стендаль, Бальзак, Гюго, Мопассан,
Золя сынды классиктердің шығармаларындағы драмалық кейіпкер-
лермен ешқандай ортақтығы жоқ, керісінше бұл шығармалардағы
кейіпкерлер адамгершілік тұрғыдан күрделі саналатын мәселелерді
шешеді.
Сондай-ақ өте устамды әрі тәкаппар ағылшындар сарказм,
Достарыңызбен бөлісу: