малардың басты
кейіпкері өз заманының батыры, сымбатымен
көз тартады, қазіргі заманғы түсінік бойынша, супермен, олар өз
халқын барлык, жамандықтан, айдаьардан, диюдан,
құбыжықтар-
дан, түрлі стихиялық апаттардан қорғайды. Бұл кейіпкерлер қандай
да бір жоғары тылсым күшті иеленеді, жоқ жерден оның алтын қа-
натты тұлпары, алмас қылышы немесе қасиеттілігімен ерекшеле-
нетін заты пайда болады. Ол Робин Гуд секілді сұр мерген, Илья Му
ромец сынды таңғажайып күшке ие батыр болып келеді.
Мұндай
кейіпкерлер халықтың арман-тілегінен туындайтыны белгілі.
Орыс фольклорлық шығармалары мұндай кейіпкерлерге өзін-
дік құрметін көрсетеді, орыс халқының батырлары туған жерін, елін
«Калевалы» шығармасының кейіпкерлеріндей немесе грузиялық
Давид Сосунский, «Жолбарыс терісін жамылған жиьангез» секілді
қаьармандар бар ынта-жігерімен қорғай білді. Бұл жолда батырлар
үнемі жеңіске жетіп отырды.
Орыс халық ертегілеріндегі кейіпкерлер бірегей саналады, олар-
дың қазіргі супермендерден көптеген ерекше ңасиеттері бар. Орыс
халқының ішкі жан дүниесінің, ұлттық мінезінің сыры да осында жат-
қан шығар. Мәселен, тырнақшаның ішіндегі «Иван-дурак» (ақымақ
Иван) немесе еркелете айтқанда «Иванушка-дурачок» сынды таны-
мал кейіпкерді алайық.
Бір жағынан, бул кейіпкер жоғарыда аты
аталған «Батырларға» мінез-құлқы тұрғысынан мүлде қарама-қар-
сы. Ол батыр да, сымбатты да емес, оған қоса ақымақтығы тағы бар.
Ұсқынсыз, күлкілі, ебедейсіз, ақымақ, қорланған, өзін төмен санай-
тын кейіпкер қатал әрі зулым адамдарға бас ұрады. Дегенмен басқа
түскен барлық қиыншылықтарды үнемі жеңіп отырады. Бұған қарап
Иванушка-дурачоктің ішкі қарама-қайшылықтан тұратын образ еке-
нін байқаймыз. Ол
ақымақ болып көрінгенімен, өте қиын сәттерде
ең ақылды болып шыға келеді; оның түріне қарасаң жалқау әрі ен-
жар көрінеді, алайда шешуші кезенде белсенді түрде шапшаң әрі
батыл қимылдайды; дөрекі
және сыпайы, бейқам және қамқор, қу
және сенгіш адам. Ертегінің соңында ол бәрін өзінің шыдамдылығы-
мен, қайырымдылығымен, тапқырлығымен жеңеді. Өзінің мейірім-
ділігі мен тәжірибесіздігі арқылы айналасындағы ашкөз адамдарға
әлсіз, ақымақ болып көрінеді, сол себепті оны жынды деп санайды,
өзге
адамдар оны ақылды, тапқыр, батыл адам ретінде көре ал-
майды. Халық ертегілерін тындап өскен балалар адамның сыртқы
бет-әлпетіне, істеген іс-әрекетіне қарап оның мінін табуға асықпау-
ды үйренеді.
Осындай «кішкентай» батырдың образын қалыптастырған ха-
лық - ұлы халық. Орыс ақыны Владимир Солоухин Ресей үшін
қиын-қыстау заманы туғанда өз жерін қорғай алмайтын қазіргі за-
манның «Иванушкалары» туралы өкінішпен жазады:
Старик хворает. Ткет холсты старуха,
Румяна дочка. Полон сундучок.
А на печи, держа в
руках краюху,
Иванушка - простите - дурачок.
В тонах доброжелательных и красках,
Русоволосы, мыслями легки,
На всех печах, во всех народных сказках,
Иванушки - простите - дурачки.
На теплых кирпичах, объяты ленью,
Считая мух, они проводят дни.
Зато потом - по щучьему веленью -
Все моментально делают они.
Драконов страшных тотчас побеждают
И, огненные головы рубя,
Невинных из темниц освобождают,
Берут царевен замуж за себя.
Забыв о печках, мамках и салазках,
На Сивках-Бурках мчат во все концы.
Как хорошо: во всех народных сказках
Иванушки выходят-молодцы.
Ан нет, и впрямь: и царство все проспали,
И отдали в разор красу земли...
Царевен в сказках доблестно спасали,
А подлинных царевен не спасали.
(«Иванушки»)
Халык, ауыз әдебиетінде батырға тән мінез-қулык, орыс ханшайы-
мына да тән болып келеді. Орыс ертегілеріндегі ханшайымының ішкі
жан сұлулығы мен дарындылығы өте тереңде сақталған. Қарапайым
қурбақадан
- сулу әйеліңді, ңұбыжықтан патша күйеуіңді тани білу
үшін көзбен емес, жүрекпен сезе білуің керек. Көзі тірі кезінде бір-
де-бір шығармасы жарық көрмеген мәскеулік орыс тіл мен әдеби-
еті пәнінің муғалімі Иван Игоревич Соловьев орыс ертегілеріндегі
ханшайым мен патшайымдар туралы жақсы жазбалар қалдырады.
Оның «Русская красавица» (Орыс аруы) этюдінен үзінді келтірейік:
«Орыстың сулу ханшайымының міндетті түрде ұяты
бар болып
келеді. Ол өзінің ажарлы келбетін өзгелерге көрсетпес үшін қо-
лымен бүркемелеп жасыруға тырысады, жүргені білінбейді, кешке
ұясына батып бара жатқан күн секілді өз қамалында елеусіз ғана
өмір сүреді. Гректің Афродитасы секілді сулулығына тамсанбайды,
179