Коммуникация


ары қарай сөз арқылы бейнелеуге тартылған жол әр халықта әрқа-



Pdf көрінісі
бет35/188
Дата14.09.2022
өлшемі11,31 Mb.
#39018
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   188
ары қарай сөз арқылы бейнелеуге тартылған жол әр халықта әрқа- 
лай, бұл олардың тарихының, мекенінің, өмір салтының, сондай-ақ 
қоғамдық санасы дамуының әрқилылығымен байланысты. Біздің са- 
намыз ұжымдық тұрғыдан да (өмір салты, әдет-ғұрыптар, салт-дәс- 
түрлер, яғни этнографиялық мағынадағы мәдениет), жеке қасиетте- 
рімізге де (жеке адамға тән әлемді қабылдау ерекшелігі) байлаулы 
болғанымен, тілдің шындықты бейнелеу жолы тура емес, шындық 
өмірден ойлауға, ойлаудан тілге қарай бағытталады. Басында келтір- 
ген метафорамыз енді келіңкіремей қалды, айнамыздағы бейнеміз 
қисық болып шықты, бейненің қисық болуының себебі, тіл өкілдері- 
нің мәдениетіне, діліне, дүниетанымына байланысты.
Сөйтіп, тіл, ойлау, мәдениеттің өзара байланысының тығыз 
екені соншалық, тіпті бір-бірінен бөліп-жарылып қызмет ете алмай- 
тын, үш құрылымнан тұратын біртұтас дүние сияқты. Үшеуі бірлесіп 
шынайы өмірмен арақатынасқа түседі: оған қарсы тұрады, оған тәу- 
елді болады, оны бейнелейді және оны қалыптастырады.
Жоғарыда айтқанымыздың сызбасы мынадай болады:
Шынайы өмір
Ойлау/Мәдениет
Тіл/Сөйлеу
Ъ
Зат/Қубылыс
Түсінік/Ұғым
Сөз


Сонымен, адамды қоршаған орта үш формада көрініс табады:
- әлемнің шынайы бейнесі;
- әлемнің мәдени (немесе түсініктер) бейнесі;
- әлемнің тілдік бейнесі.
Әлемнің шынайы бейнесі - бүл адамзаттан тыс объективті 
мәліметтер, бұл адамды қоршаған орта.
Әлемнің мәдени (түсініктер) бейнесі - үжымдық тұрғыдан да, 
жеке адам түрғысынан да адам қабылдауының негізінде қалыптас- 
қан, сезім органдары арқылы алынған және оның санасы арқылы 
жеткен тусініктер сүзгісінен өткен шынайы бейненің көрінісі.
Әлемнің мәдени бейнесі ерекше және әр халықта өзгеше бола- 
ды. Бул көптеген факторларға тікелей байланысты: география, ауа 
райы, табиғи жағдайлар, тарих, әлеуметтік қүрылыс, сенім, дәстүр, 
өмір суру салты т.с.с. Мүны мысалдармен безендіріп көрелік.
1994 жылы Финляндияда өткен халықаралық SIETAR конгресін- 
де норвегиялық Мәдениетаралық коммуникация орталығы дайын- 
даған Еуропаның мәдени картасы үсынылды. Карта Еуропа елде- 
рінің географиялық және саяси ерекшеліктерін емес, керісінше, 
норвегиялықтардың мәдени қабылдауындағы стереотиптерге не- 
гізделген осы елдердегі ерекшеліктерді үсынады. Басқаша айтқан- 
да, бүл Еуропаның Норвегия түрғындары көзімен жасалған мәдени 
бейнесі.
Төменде картаның суреті усынылып отыр:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет