Б І р І н ш І б ө л ім тарихи грамматика пәНІ



Pdf көрінісі
бет14/46
Дата18.09.2022
өлшемі2,52 Mb.
#39425
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46
Байланысты:
кіріспе

30
Е к і н ш і б ө л і м
ТАРИ Х И Ф О Н ЕТИ КА  
ТАРИХИ ФОНЕТИКА, ОНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ, ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Тіл тарихы тіл құрамындағы жеке элементтердің тарихы ғана 
емес — тілдік құралдар жүйесінің, солардың өзгеріп, дамуының 
тарихы. Тілдің фонетикалық жүйесінің тарихы немесе тарихи фо- 
нетика жеке дыбыстардың немесе жеке фонетикалық құбылыс- 
тардың езгеру, даму тарихы ғана емес, ең алдымен фонетикалық 
заңдылықтар, фонетикалық құбылыстар жүйесінің тарихы болып 
табылады. Тарихи фонетика бүгінгі тіліміздің фонетикалық жүйе- 
сінің құрылымы мен жүйелік заңдылықтарының қалыптасуын, да- 
му ерекшеліктерін түсіндіруі қажет. «Даму ерекшеліктері» дегенде 
бір тілдің өзімен ұялас, өзімен түбірлес жеке тілдерден, тілдер то- 
бынан ерекшелену, айрықшалану, соның нәтижесінде дербестену 
жолдары еске алынады.
Тарихи фонетика тарихи тіл білімінің дербес саласы ретінде 
тарихи-салыстырма тіл білімінің даму процесінде қалыптасты. Фо- 
нетикалық заңдылықтарды диахрондық тұрғыдан зерттеу тарихи- 
салыстырма тіл білімінде тарихи фонетикалық езгерістердің бір 
семьяға жататын барлық тілдерге қатысты түрлерін анықтады. Тіл 
білімГнде «жас грамматизм» ағымының ықпалымен анықталған 
мұндай заңдылықтар кейбір бір жақтылығына қарамай, тарихи 
фонетиканың өз алдына пән, дербес сала ретінде орнығуына ғана 
әсер етіп қойған жоқ, тарихи-салыстырма тіл білімінің теориялық 
жағынан жетіле түсуіне де зор себепкер болды.
Тарихи фонетика сөйлеу тілінің (яғни, қазіргі, осы мерзімдегі 
тілдің) дыбыстарын, дыбыстық заңдылықтарын қарастырмайды. 
Ол тек тілдік дыбыс (звук языка) жайлы ұғымды негізге алады, 
ал дыбыс жайлы ұғым" (немесе дыбыстық ұғым) фонетикалық 
белгілерді салыстыра қорытындылау барысында қалыптасады. 
Дыбыстық ұғым немесе дыбыс жайлы ұғым тарихи салыстырма 
әдісімен және іштей қайта күру, реконструкция әдісімен туыс тілдер 
мен диалектілер материалдарын зерттеудің соңғы, ақырғы нәти- 
жесі болып табылады. Айталық, отандық түркология «тірі» және 
«өлі» тілдерді тарихи-салыстырма әдіспен зерттеу арқылы түркі 
тілдері тарихында р > з > й , д//т > з> й, ағІІығІІуғІІегІ/ігІІ>уІІй
31


ауысуларының болғандығын анықтаса, қазіргі тіл фактілерін өза-' 
ра салыстыру арқылы (яғни, ішкі қайта құру әдісімен) қазақ ті- 
лінде сол ауысулардың р > з, д> й, к//қ, у//й тәрізді іздері сақтал-1 
ғандығын айқындады. Ал мұндай сәйкестіктер қазақ тілінің көне 
түркі тіліне, тіпті жалпы алтайлық (түркі-монғол) тіл бірлестігінеі 
қатыс дәрежесін көрсетеді. Салыстыра зерттеу, сондай-ақ, түркіі 
тілдерінің өзара айырым белгілерін айқындаумен бірге, бір тіл мен* 
екінші тілдің байланыс дәрежесін, ондай байланыстардың жекеі 
тілдердің құрылымына ықпалының қандай болғанын да айқындай-1 
ды. Айталық, қазақ тілінде сөз басында айтылатын ғ, г, д, з] 
кейде б дыбысы да таза түркілік кұбылыс еместігі тарихи салыс'1 
тырулар арқылы ған& белгілі болды. Сондай-ақ ішкі кайта кұру] 
әдісін қолдану арқылы қазіргі қазақ тілінде кейбір сөздердің б ас| 
шенінде айтылатын ж және н, а және ьі, а және е, ы және і дыбыс- 
тары бір-бірінен ерекше фонетикалық құбылыс емес, бір ғана ды<1 
быстың әр түрлі көріністері екенін айқындауға да болады. Мыса-1 
лы: жайқалу және найқалу, арс-арс және ырс-ырс, жалт етті, жылт\ 
етті, аңқаңдау және еңкеңдеу, ырқ-ырқ және ірк-ірк тәрізді парал-| 
лельдер құрамында аталған дыбыстар бірінің орнына екіншісі і 
айтылған, бірақ бір-бірінен лексикалық дербес мағыналы сөз жа- ] 
салмаған. Қысқасы, бұл сөздер құрамында сәйкес қолданылғані 
дыбыстар бір ғана фонетикалық құбылыстың әр түрлі көрінісі дә-] 
режесінде ғана. Егер осы фактілерді жалпы түркілік аяда салыс-1 
тырып қарастырсақ, тілдердің даму тарихында й>дж//ж дыбысі 
ауысулары болғандығын көруге болады. Прототүркілік д дыбысыі 
Сібір мен Алтайдағы түркі тілдерінде (якут, т. б.) қатаң дыбысқаі 
айналса, Орта Азияға орналасқан тілдерде әлсізденіп, ұяңдап кет-І 
кені белгілі. Сәз басында айтылатын ж дыбысы сондай өзгерістер-| 
дің нәтижесі деп қаралады. Бұл езгеріс Сібірдегі кейбір тілдердеі 
басқа да сыпат алған: сөз басында н дыбысы айтылатын болған:! 
сағай тілінде нан (жан, ж ақ, жаны, ж ағы ), ніске (жіңішке), наманщ 
(ж аман), наңмыр (жаңбыр), нузрух (жұмырық), т. б. Сағай, қой-І 
бал тілдерінің ерекшелігі деп қаралатын осы әзгеріс ж оғары дағы і 
сөздер құрамында қазақ тілінде де жаңғырық берген. Ә рине,| 
қазақ тілінде мұндай езгеріс оқшау қаралатын құбылыс д әреж е-| 
сіне жетпеген. Ал а ~ е , а ~ ы , ы ~ і сәйкестіктері жалпы түркілікі 
аяда қарастырғанда екі түрлі жайды аңғартады: түркі тілдері м ені 
монғол тілдері арасындағы жіктелістің ізі болумен бірге, чуваш і 
тілі мен басқа түркі тілдері арасындағы жіктелістің көрінісі. Е кін -1 
ші жағынан, дауысты дыбыстардың осындай сәйкестіктері олар-1 
дың (дауыстылар жүйесінің) фонологиялық жүйе ретінде кейін ] 
қалыптасқандығының да белгісі деп қаралады. Дегенмен, ^цауыс-1 
/т ы лардың сапалык белгілері сөз мағынасына экспрессивтік, эмо-1 
Т цйоналдық әр береді дейтін пікірдің жаны бар: ақыраңдау м ен і 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет