Ташкент аласы, Өзбек КСР-ы
(«Мәдениет және т"рмыс» журналы. №7, 1978 ж.)
62
Сапар али БЕГАЛИН
ӘН АСАРЫ - ӘМІРЕ
Әміренің туған елі тарақты, бұрынғы Қарқаралы уезі
Дегелең болысының «Атан» аулына қарасты Алакөз Шәку
деген атаның ұрпағынан болады. Ол кездегі қоныстары осы
күнгі «Қайнар» алқабында болған.
Әміренің әкесі – Қашаубай, Тергеубай екі ағайынды
Байдалы деген кісінің балалары екен. Қашаубайдың
үйленбеген кезінде жақын ағайындары Оразалы, Төстік
дейтін екі жігіт ұрлыққа әуестенген адамдар болды.
Қашаубай да солармен үйірлесіп, кейде ілесіп кеткен кездері
де болса керек. Оразалы, Төстіктің сойқанды қылығына
күйіп, қуғыншы, даушылдардың ертелі-кеш жорығынан
мезі болған ағайын, ел адамдары тыйым салмақ болады.
Олардың айтқанына көніп, бет алғанынан қайта алмаған екі
жігіт ел ішінен Қарқаралының сыртқы Ақмола жақ шеттегі
Сарым елін, Жанғұтты бидің ауылын паналайды. Олар
кеткенмен, олардың ұрлығына күйген ағайын Қашаубайға
да тісін қайрап, қыр көрсетеді. Көзге түрткі болған Қашаубай
Оразалы, Төстікті барған елінен іздеп, соларға қосылады. Бұл
да Жанғұтты балаларына малшы болып сіңеді. Қашаубай
есін жиып, мал құрап, үйленеді. Әміренің шешесі Тойғанды
алып, одан Әміре туады. Әміре есейіп келе жатқанда Оразалы,
Төстікті еті тірі ағайыны Мұса іздеп барады. Өткен-кеткеннің
бәрін жаттықтырып, Оразалы, Төстікті елінің шақыруы деп
көндіріп алып қайтады. Олардан қалмай Қашаубай да бала-
шағасымен көшіп келеді.
Көшіп келгеніне көңіл жылуын көрсеткенмен, ағайынның
бөліп берер еншісі жоқ, кілең кедей. Қашаубай жақын бай
ағайыны Дөненбай жылқысын бағады. Дөненбай ағайын
болғанымен, көзі тар, даукес, зорлықшыл болыпты. Бірде
Дөненбайдың бір жабағысын қасқыр жейді. «Сен жылқыны
дұрыстап бақпадың, жабағымды қасқырға жегіздің», -деп
Дөненбай Қашаубайдың бір жылғы ақысын бермей қояды.Өз
ағайыны, өз маңайына озбырлығымен аты әйгілі Дөненбайға
қарсы тұрар шама жоқ. Бірақ, ішінен кек тұтып, бір есебін
тапсам деп кіжінеді. Осыған іш құса болып жүрген кезінде
ел күзекке келеді. Дөненбай қойының жазғы жабағы жүнін,
63
тері-терсегін тиеп, Семейге кетеді. Осы бір кез ыңғайлы тиеді
дегендей Қашаубай Дөненбайдың бір құлтұғыр дөненін екі
аяқ арбаға жегіп, бір іңірде Семейге тартады. Сәтсіз болғанда,
Дөненбай қаладан суыт қайтып, Мұқыр өзенінде Қашаубайға
қарсы кездесіп ұстайды. Дөненбай қара жүректіктің шегінен
шығады. Бала-шағасымен Қашаубайды жаяу тастап, дөненін
алып кетеді. Бір жолшыларға ілесіп, Қашаубай Семейге
жетеді. Туысы тарақты Әренде деген насыбайшының
шаштаку үйінің бір пұшпағын паналайды.
Күнкөріс кәсібін іздеп, Шағыл бұйратының беткейіндегі
Қаражан Үкібаевтің тері жиятын, мал сойғызатын қасап
сарайына тері кептіру, шелдеу жұмысына кіреді. Еңбек ақы
өнімді болмағанымен, күнкөріске терінің шелі, қасаптың
кесіндісі дұрыс болып, ерлі-зайыпты екі адам тіршіліктерін
дұрыстап, шаштакуден үй тоқып, баспана жасап алады. Бұл
– Әміренің жасы оннан асқан, есейіп, қолғанат болып қалған
кезі еді.
Кәсіпке тұяғы ілініп, өз отының басынан ораза ашып,
өмір кешіп жүрген Қашаубайдың Әміресі де қолғанат болып,
өзімен ілесе қасап арнасына кіріп, әкесіне тері жайысып,
тері шендеп, серік болады. Әміренің қырда, өз ауылдарында
болған кезінде құмарта әуестенген бір өнері болды. Ол – аздап
домбыра тартып, ән айту. Әмірені оған баулап, бауырына
тартқан немере ағасы Серік Тергеубайұлы ойынан өлең
шығарып айтатын, домбыра, гармоньды бірдей тарта, ойнай
білетін жігіт еді. Сол Серік Әміренің қаршадай күнінен әнге,
домбыра сазына құмарлығына қызығып, әдемілеп ән айту,
домбыра тарту өнеріне баулыған. Қашаубай Семейге қарай
көшкенде, Серік қолына ұстатқан кішкене домбыра Әміренің
ертелі-кеш қолынан түспейтін. Ол кей кездері:
– Серік ағамның әнін айтамын, -деп «Шұбартаудың
басында қос барабан» деп бастайтын. Әміренің әнге деген
талабына шешесі Тойған ерекше қуанатын. «Әмірежан
ағасы ерке жігіт сияқты әнші, ақын болады», - деп баласын
көтермелеп қоятын.
Әміре әкесімен Қаражан байдың қамбасына барып жүрген
кезінде байдың қасап басқаратын адамы тері жайып жүрген
Қашаубайдың қасына келіп:
– Қашеке, мына қасыңдағы бала өз балаңыз ба? Өзіңе серік
64
болып қалыпты ғой. Немене оқи ма? – деп сұрады. Қашаубай
әдеттегі әзілқой мінезін істеп:
– Бала өзімдікі деп жүрмін. Әлде танып тұрсың ба? – деп
күле жауап берді.
– Ойбай-ау, кішкене ғой. Түнде мына қамбада жалғыз
қорқады ғой.
– Қашеке, қорқатын ондай қауіпті еш нәрсе жоқ. Мына
қамба қақпасының қасындағы кішкене үйде отырады.
Ішінде темір пеші бар. Кәресін шам қоямыз. Тек күзет барын
білдіріп, тақылдақты соғып, қамбаның ішін ара-тұра аралап
қойса – болғаны. Әсіресе, осы қамбаның қан-жынына ұялап
алған иттер бар. Соларға абай болса болғаны. Ол иттер күзет
жоқ екенін білсе, қамбаның іргесін қазып, кіріп кетеді.
Ал, тақылдақтың дабылы шығып тұрса, маңайламайды.
Алғашқыда бір-екі күндей өзіңіз бірге болып, бойын
үйретіңіз, - деп бәрін өзі айтып береді. – Сіз ақшадан күліп
отырған адам емессіз ғой. Егер күзетке келіссек, балаңыздың
айлығы 8 сом болады. Сонда өздеріңе жап-жақсы табыс
болмай ма? - деп мөлдіретеді.
Ақшаның аты аталғанда Әміре қуанып кетті. Жоқтықтың,
жетпегендіктің тақсіретін үздіксіз көріп келе жатқан ол
әкесіне жаутаңдай қарап:
– Әке, мен күзетем, - деді.
– Қорықпайсың ба?
– Қорықпаймын, тақылдағым болады. Қақпаны бекітем,
домбыраны алам, ән саламын. Ана Шакіманның гармонын
сұрап алам, - деп әкесін мүлде көңілдендіріп қойды.
– Ал, онда келістік, ертеңнен бастап күзет сіздердікі.
Айлық жүреді.
– Баймен өзім келіскем, – деп қамба бастығы жүріп кетті.
Айтқандай ертеңіне күзетті тапсырып, тақылдақты, күзетші
үйшігінің кілтін, ішіндегі аспаптарын көрсетіп, қолдарына
берді. Міне, сол күннен бастап «күзетші бала» атанды.
Алғашқыда Қашаубай өзі қасында болып, баласының бойын
үйретті, өзі күндіз тері кептіріп, кешке қайтады.
Серік ағасы берген кішкене домбырасын безілдетіп, өзінің
үнемі ыңылдап айтатын әнін барынша шырқай айтып, үнін
жаттықтырып, әнге жан-тәнімен берілді.
Бірде Шәкіман Әмірені үйіне ертіп келді. Үйде қырдан
65
келген қонақ бар екен. Шәкіманның шешесі Әміренің ән
салып, Шәкіманның кішкене гармонын ойнап, әнге келтіріп
жүргенін жақсы көріп, қызықтады.
– Ой, Әміре, жақсы келдің. Сен әнге құмарсың, талабың
бар. Біздің мына отырған қонағымыз – ел ішіне аты шыққан
әнші. Менің қайным, атын атамаймын. Сен ана үйіңдегі
кішкене домбыраңды алып кел. Мына кісіге ән салдырамыз.
Сен ән үйренесің, - деді.
– Апатай, қазір әкелем, - деп тұра жөнелді. Әміре үйге
келгенінде әкесі тері сарайынан келген бойы екен.
– Әке, мен бүгін күзетке жайырақ барам. Мына
Шәкіманның үйіне бір әнші келіпті, менің домбырамды
сұрады. Содан ән үйренем, – деді, Әміре әкесіне еркелей
қарап. Қашаубай күні бойы тері шендеп, оны керіп, кептіріп,
шаршап келсе де баласының бетін қайтармады.
– Бара ғой, шай-пұй ішіп, өзім барып отырармын. Бірақ,
таң атқанша отырып қалма, – деді.
– Жарайды, әке, жарайды, – деп, Әміре кішкене қоңыр
домбырасын алып, Шакіманның үйіне жөнелді. Әміре
келгенде, Шакіман үйінің қонағы шайды ішіп, шынтақтап
жайланып отыр екен. Әміре алып келген домбыраны алып,
азырақ құлақ күйіне келтіре бұрап, қолын жаттықтырды.
Шакіман мен Әміре екеуі ауыздарын аша домбыра ішегінен
шыққан ән ырғағына ұйып отыр. Біраздан соң ауыз үйдегі ас-
суын жөндеп, Шакіманның шешесі келіп:
– Ал, әнші қайным, әніңді естімегелі не заман, үніңді
сағындық қой. Ағаң қайтқалы келгенің де осы. Мына балалар
да тыңдасын, ән салшы, - деді.
– Ә, жеңгесі, қалағаныңыз ән болса, айтайын, - деп
дөңгелек сақалын бір сипап қойып, арықтау сұр кісі тамағын
кернеп, ән шырқады. «А» дегенде даусын бір көтеріп алып:
Ой, Ардақ, сен ақ қоян секектеген,
Қолымда бір тазым бар жетектеген.
Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің
Айрылып сенен, сәулем, кетем деген,-
деп «Ардақты» құйқылжыта тоқтап еді. Осы кезде
баласының Шакіманның үйіне әнші келіпті дегеніне ән
тыңдауға Әміренің шешесі Тойған да келді. Ол кісімен аман-
есен айтысып танысты. Тойғанның сұрағына:
66
– Менің атым – Нұрта, мына көршіңіздің қырдағы ағайыны
боламыз. Қоянкөз тұрым деген елден боламын, - деді.
– Онда бөтен емес екенсіз. Біз де Дегелең елінің тарақты
деген атадан боламыз. Балаларды қуантып, ән айтқаныңызға
рақмет. Мына бір алдыңызда отырған бала біздің бала еді,
ән дегенде жанын үзеді. Тәуір әніңізден бір-екі ән үйретіп
кетіңіз, - деп тілек айтты.
– Олай болса, үйрене берсін, -деп Нұрта «Гауһартас» әнін
шырқады. Әміре аузын аша тыңдап ұйып отыр. Біраз дем
алып, Нұрта өзі жақсы көріп айтатын Жаяу Мұсаның «Ақ
сиса» әнін, онан кейін «Құлыбай бай» деген күлдіргі ән
айтты. Әннің бәрін бірден ұғып алмағанымен, Әміре бір-екі
әннің жобасын көкірегіне тоқып қалды. Ол күні Нұрта әнін
тыңдау осымен тоқтап, Әміре әкесіне кешірек барды.
Нұрта Шакіман үйінде бірнеше күн болды. Әміренің ән
құмарлығына қызығып, өзі айтқызып үйретіп, Әміреге екі
ән үйретті. Бірі – «Ардақ», екіншісі «Ақ сиса». Бұл әндерді
өзі кімнен үйренгенін де айтты. Бірақ, балаң әнші әннің
айтуын ұққанымен, кімнің әні екенін ұғына қойған жоқ.
Нұртадан үйреніп алған әндерін Әміре түрлендіре айтып, сол
айналадағы шілдеханаларда шырқап, әншілік атқа ие бола
бастады.
Шакіманнан сұрап алған гармонына қосылып,
Қаражанның қасап сарайының қақпасын татар, қазақ
әндеріне ұя қылып алды. Бірде қырдан Серік ағасы келіп,
өзі домбыра беріп, ән тіл ашарын жасаған Әміренің келістіре
айтқан әндерін естіп, қуанып, орасан ықылас көрсетті. Серік
қырдан келгенде, Байдалы баласы Исабек саудагердің үйіне
түскен-ді. Ол бір күні Қашаубайға айтып, Әмірені Исабектің
үйіне ертіп келіп, әнін айтқызды. Серіктің өзінің ән айтып,
өлең шығарып жүретінін мақұлдамай, «жаяу сері» деп
кекете тыңдайтын Исабек Әміренің әнін «а» дегенде онша
елемеген-ді. Әміре «Ақ сисаны» төгілте айтқанда: «Мына
Қашаубайдың жайын ауыз ұлының көмейі бүлкілдейді ғой.
Тағы, қайта айтшы», - деп сүйсіне тыңдады.
– Исеке, сіз байлық амалының ақылын тапқан кісісіз.
Әнді қошеметтей қоймаушы едіңіз. Мына Жаяу Мұсаның
күйіне айтқан әнін Әміре сайрандатқанда, таңдай қақтыңыз.
Осы әнші балаңызды Қаражанның қорасын күзеттіргенше,
67
атыңыздың делбесін ұстатып, ән айтқызып отырмайсыз ба?
–деді.
– Өзі сен сияқты әу-әумен жүріп, ат жегуді, делбесін
ұстауды біле ме екен? – деді Исабек нығырлана сөйлеп.
– Исеке, әу-әу ат жегіп, делбе ұстауға бөгет болмайды,
қайта ат делбесін кербездеп ұстап, Исекеңнің әнші делбешісі
деген атыңызды шығарады, - деді Серік.
– Онда ана Қашаубай ағаңа айт. Ертеңнен бастап баласын
өзі ертіп әкелсін, -деді.
Сол айтқан күннен бастап Әміре Исабек атының делбесін
ұстайды. Бұл үйдегі бір Әміреге ұнаған нәрсе Исабектің
балаларына сән үшін алып берген 18 баспалы гармоны
болды. Сұлыға семіріп, жеңіл тарантасқа жегіліп, делбенің
ауыздығымен алысқан ат, еркіндей жортар жүріс Әміре әніне
қанат байлағандай, ат делбесін қолына алғанда ән толқынына
бөленді.
Исабек сияқты бай саудагердің үйінен қонақ үзілмейді.
Кейде қыр қазақтары, кейде қала саудагерлері, татар жастары
болып қалады. Солардың көңіл көтерер әнші, гармоншысы -
Әміре. Біраздан Исабек үйіне қатынасы бар Семей қаласының
жастарына Әміренің әншілік өнері танылып, кейде қымызшы,
сырашы үйлеріне барып, ән шырқап жүрді. Осындай бір бас
қосуда Әміре Ақымның Нұрлан дейтін баласымен танысты.
Оның қасында бірге болған Жақып дейтін жігіт Әмірені сол
көргеннен бастап мүлде өзіне тартып алды. Ол өзі, бір жағы,
қалаға байланысты, негізгі тұрағы қырда екен. Өздерінің
елдерінен қыз алып, қыз беріп отырған Абралы болысына
қарайтын Жалықпас тайпасынан екен. Тіпті, сұраса келе бір
жылы туған, төл құрдас болып шықты. 1888 жылы туған екі
жас үйлесіп кетті.
Осы күннен бастап Әміре Нұрлан, Жақып арқылы қаланың
жігіт-желеңінің көбімен танысты. Әміренің ойын-тойға
салына бастауы ағайын тартып қолына ұстаған Исабекке
ұнай қоймайды. Өйткені, аттың күтімін, өзінің ауыр денесіне
сүйеу болып, көлеңкесіндей қасында ербиіп жүруін қалайтын
Исабек бір күні:
- Қашаубайдың жайын ауызы, сен қоныс таппайтын
әуейі болып барасың-ау. Мен сені Серік айтқан соң, жаттың
есігінде болғанша, жақыным ғой, өз маңымда болсын деп
68
ойлап едім. Олай болатын түрің жоқ қой, - деп жазғыра,
кінәлай сөйледі. Оған Әміре ешқандай қарсыласқан жоқ. Тек
ішінен: «Тегінде, мені құлданбақ ойы бар ма өзінің. Ол бола
қоймас», - деп түйді.
Осы кезде көптен сырқаттанып жүрген Қашаубай қайтыс
болды. Ол кісіні жөнелту жағдайында да Исабек ондай
ағайындық көрсете қоймады. Ендігі жесір шешенің, бой
жетпеген үрпе-шүрпе қарындастың тіршілігі Әміренің
мойнына жүктелді. Исабектің там-тұмдап берген айлығы
күнкөріске дәнекер бола алмады. Арқа сүйері сонау танысқан
ер көңілді замандастары болды.
* * *
Әмірені ең алғаш 1918 жылдың жазында көрдім. Сол
жазда «Қазақтың атақты алыбы Қажымұқан Семейге келеді
екен, ойын көрсетеді екен», - деген лақап тарап, Семей халқы
ынтыға күтуде болды. Мен бұл кезде осы күнгі Жаңа Семей
қаласының тұрғыны Әбдікәрім Нұрабаев деген жиен ағайдың
үйінде тұратын едім. Бұл жиен ағай жаны сері, ел ішінде
жауырыны жерге тимеген балуан адам-ды. Өзі содан бір
жыл бұрын ғана Шәуешектен көшіп келген болатын. Жаңа
Семейдің тұрғындарының сауықшыл, белгілі бірнеше әнші,
гармоншы жігіттері болатын. Солардың бірі - Әміре біздің
жиен ағаймен таныс екен. Олардың, көбінесе, бас қосар жері –
қымызшы үйлері. Демалыс күндерінде аралға шығып кетеді.
Жел қайықпен Ертісті өрлей құлдилап, саяхат жасайды.
Бір күні жиен ағай үйге көңілдене келіп:
- Әлгі Қажымұқан деген қазақтың алыбы келіпті. Өзі айтса,
айтқандай-ақ екен, - деп сүйсіне сөйледі. – Мына Бейсекенің
балаларымен Омбыда кездесіп, танысқан дос көрінеді.
Солар ана қымызшы Мәкеттің үйіне апарды. Біз де сонда
отыр едік. Олар Әмірені шақыртып алған екен, бір тамаша
болғаны. Қажымұқан өзі осы бір жақта ойын көрсететін
көрінеді. Оған дейін ана достарының үйінде болмақ. «Ертең
аралға шығамыз, балуанға қаламыздың тамаша жерлерін
көрсетеміз», - деп мүлде көтеріліп алыпты. Сөйтіп, ертең
аралға мені де шақырды. Егер барғың келсе, алып барамын,
- деп жиен ағай маған ұсыныс жасады.
Мен оған қуанып кеттім. Өйткені, сонау 1913 жылғы
69
«Айқап» журналынан Қажымұқан балуанның алып күші
туралы оқып, өзін көруге ынтық едім. Тіпті ойламаған
жерден сәті түсті. Келесі күні асыға күтіп, жиен ағаймен
ілесіп, аралға келдік. Біз келгенде аралдың саялы ағаш, сазды
көгалы қайнаған адам базары. Осы думанды көпшіліктің орта
жеріне әкеліп төселген кілем, жайылған дастарқан, сары
тегененің сағасына жете мөлтілдете толтырылған қымыз.
Дастарқан басында нар түйедей алып тұлғалы Қажекең отыр
екен. Оның айналасы өзіміз көріп жүрген Слабодкенің сері,
сылқым жігіттері. Сары керсендегі сары қымыздың иісін
бұрқырата құлаштай сапырып отырған сымбатты сылқым
бойжеткен – Мәкет қыз. Біздің жиен ағайды жергілікті
жігіттер құрметтей қарсы алды. Ол кісінің арқасында маған
да орын тиді.
Осы мәжілісті беделінің бедері артып, еркін сөйлеп
отырған Жақып:
– Әнсіз мән бола ма, Қашекемнің далбауызы, шырқап
жібер, - деп қасында отырған аласа бойлы, сұр жігітке әмір
ете сөйледі.
Әлгі жігіт қасындағы бір жәшіктің сыртында сүйеулі
тұрған домбыраны алып, құлақ күйін безілдетіп шырқай
жөнелді. «А» дегенде оның шырқап жөнелгені «Қарға»
болды. Сол әннің қайырмасын құйқылжытқан кезіндегі
оның жанары қымыз сапырып сызылып отырған ана қызды
жеп қоя жаздады. Қыздың да ақ құба бетінде қызыл рең
ойнап, қабағында қан толқыны ойнатқан сүйсіну сызықтары
көрінді. Содан кейін Қажекеңнің сұрауымен «Ғалияны»
да өз мәнерімен құйқылжыта, құбылта соқты. Енді біразда
Нұрлан өзінің сыпайы да сызылып шығатын үнімен:
– Қажекеңе бұрын естімеген әнін шырқап жіберерсің. Әлгі
бір жылап айтатын әнің бар еді ғой, - деп құлақ қағыс етті.
– Е, оны айтпаса Әміренің ән құмары басыла ма,
шырқайды, – деп Жақып киіп ала жөнелді. Әміре азырақ
тыныстап, таңдайын жібітіп, домбырасын, серпе-серпе
қағып жіберіп, «Ағашаяққа» баса жөнелді. Бұл әнді айта
бастағаннан Әміре мүлде өзгеріп, бір құлпырған сипат тапты.
Әсіресе, «Алсаң ал, алмасаң қой. Мендағы өлер деймісің», -
деген жеріне келгенде, Мәкет қызды жыламсыраған көзімен
жеп, күйзеліп кетті.
70
Бұл күнгі мәжіліс мен үшін ерекше жаңалық, жан
тебірентер жақсы әсер үйірді. Өйткені, сонау «Айқап»
журналынан оқыған алып күш иесі Қажымұқан балуанды
көрдім, әнімен бүкіл Слабодке жұртшылығын аузына
қаратқан Әміренің әсем де аспандаған әнін қатар отырып
тыңдадым. Сол сияқты уақыт өнерінің озықтарымен
дидарласып, жүз таныстым. Мәжіліс аяқталып, үйге
оралғаннан кейін, жиен ағайыма бар ықыласыммен алғыс
айттым.
Мен осы кездесуді өмірімнің ерекше бір сәті деп жүрген
кезімде Әміремен ат үсті тағы бір кездестім. Бұл 1922 жылы
жаз айында болды.
Біздің Дегелең болысына қараған ел Семей уезінің Шаған,
Бұғылы болыстарына қарайтын тобықты руларымен қоныстас
болатын. Қыстаулары іргелес, күзекте де, жайлауда да
қанаттас көшіп-қонады. Осы көршілес елдердің арасында ат
сайысы, балуан бәсекесі, аңшылық бәсекесі болып отырады.
Осы бір жылдарда халқымыз еркіндеп, Октябрь нұрының
сәулеті қыр елдерінің мерейін шалқытқан жылдар еді. Менің
сол жылдары Дегелең болыстық атқару комитетінің бастығы
болып сайланып, қызмет істеп жүрген кезім.
Ел жайлауға көшіп, үйлерін тігіп, үйіріле өріс кернеп
отырған. Біздің көшпелі кеңсе де жайлаудағы ел орталығына
келіп орныққан болатын. Бір жауапты науқанды атқарып,
демалыс тәрізді мәжіліс жасап жатқанымызда, менің хатшы
серігім Шашым Жайлыбаев басқа бір ауылда еді, сол келді.
Ол көңілді, сөйлеп тұрған, жаны серілеу әрі оқығаны бар
жігіт болатын.
– Болыстық атқару комитетінің төрағасы, мен бір жаңа
хабар әкеліп отырмын. Кішкене бой сергітіп, ат бәйгесін
көруге қалай қарайсыз? – деді ол. “Қайдағы ат бәйгесі?”
деген біздің сұрағымызға:
– Ана біздің Сылдырбай ағайдың Шимайқара атанған
бәйге аты бар ғой. Сол қара атпен мына тобықты атбаздары
сондай бәсеке болатын. Солар көктемнен бері сөз байлап,
осы жайлауда ат жарыстырмақ екен. Соған хабар айтып,
Көксеңгір деген жерде бас қосып, ат шаппақ көрінеді. Сол
жиынға ана Сылдырбай ағай сізді де шақырады. Көтермеші
емес, мына атын алып, топты бастап барсын дейді. Соған
барып, қызық көрсек деп ойлап тұрмын, -деді.
71
Ат бәйгесін естігенде желікпейтін, елегізіп елеуремейтін
қазақ бола қоймаған шығар. Бізге де осындай көңіл көтеріс
болып отырғандай еді. Тамылжыған шілденің айы, Мейзек
жонының самал желі ескен жасыл жайлау, айдыны шалқып,
аспанға төсін керген Бөріліқақтың айна көлі. Осы көлдің
сағасында отырған Сылдырбай ауылына біз келгенде,
Сылдырбай ағай әзілді әсем күлкісімен қарсы алды.
– Уа, азаматтарың бәйгелі, абыройларың әйгілі болсын, -
деп тақпақтай сөйледі. Сол жерден бәйге бәсекесіне баратын
топ аттандық. Ат мәресінің сөресі шаншылған Көксеңгір
шоқысының басы толған халық екен. Ел ішінің ежелгі
дәстүрі бойынша, топтың бір жағынан біз де дөңгелене түсіп
отырдық. Бәсекелес бәйге аттар іріктеліп, айдаушылардың
алдына түсті. Балуандар балтыры жарқырап, майданға
шықты.
Екі жарыла отырған ат бәсекесінің жұртшылығы аттар
бәйге өрісіне кеткенде, балуандар кезектесіп айқасқан кезде
ғана тіл қатысқаны болмаса, араласа, сөйлесе, біреуге-біреу
таныса, араластық болған жоқ. Біздің шағын тобымыз
өзімен-өзі. Тобықты жағы аса көп келіпті. Қызылордадан да,
Көкшеден де, Шыңғыстан да ер азаматы түгелге жақын десіп
жатты.
Бір кезде алыстан жіберілген аттардың да қарасы
бұлдырап, будақтаған ат тұяғының шаңы бұрқылдап,
үздік-создық көмбеге жақындаған кезде өңге аттан қара
үзе, ұйытқи ойнақтаған Сылдырбайдың Шимайқарасы
шыға келді. Ат тартусыз. Тек отырған жұрт ұран шақырып,
айғай салуда болды. Онан кейінгі аттар да өз ретімен келіп
жатты. Бір-екі жылдан бері кезене де, кіжіне де бәсекеге бел
байлап, барынша бабымен барып қамданған Шаған, Бұғылы
байларының лебі басылып, үстемдік біздің жаққа ауысып,
қырлана күлісіп тұрғанымызда: «Ассалаумағалейкум,
ағалар, ардақты, аруақты ауылым», - деп астында жұпыны
құла бестісі бар, басында жеңіл ноғай бөркі бар Әміре
атынан ырғып түсіп, Сылдырбайдың қолын алды. Сонан
кейін бізбен амандасты. Біз Әміренің ол топта отырғанын
білгеніміз де жоқ-ты. Қуаныса амандасып, қайдан, қашан
келгенін сұрасып жатырмыз. Ақкөңіл, сөзге олақ Әміре
күліп: «Менің жүріс-тұрысым қызық қой. Мына Шағанның
жаңа Семейде тұратындары бар емес пе, жайлауға барамыз,
72
ел қызығын көреміз деген соң, солармен бірге мына Әмзенің
аулына келгем. Оның Смағұлы оқыған жігіт қой. Қызметтен
демалысқа шығып еді. Солармен бірге отырғанда, жаңа қара
аттың үстіндегі бала елінің ұранын айтқанда, тұла бойым
шымырлап, орнымда отыра алмадым. Содан тұра сіздерге
сәлемдесе келдім. Ел аруағын шақырған қиын екен», - деп
біраз ойға келіп тұрғандай болды.
Ойда жоқта қолымызға түскен Әмірені босатпадық.
– Ал, сүйегің қызып, біздің топқа келген екенсің, бізбен
жүр, – деп қолқаладық.
– Туысқандық құрметтеріңізге қуанам, төбем көкке
көтерілгендей мақтанып қалдым ғой. Ал, бүгін сендермен еріп
кетпеймін, әлі де олардың тобына барайын. Бүгін Семейден
келген досыммен бірге болып, ертең мына Сылдырбай
ағайдың ауылына келейін. Сол жерден жолығалық, - деп,
бізден рұқсат алып, Әміре Семейден бірге келген тобына
барып қосылды. Бас бәйгені алып, Шаған мен Бұғылы
болыстарының алқынып келген атбегілерінің сәйгүліктері
ұршығын сылқылдатып тілерсегіне соқтырып, біз де ауылға
оралдық.
Біз сол күні қайта оралып, Сылдырбай ауылына келіп,
өзімізше сауық құрып, қара ат пен Исмақ балуанның
белдескен жерде мерейімізді үстем еткен өнерлерін мадақтап,
думандадық. Ертеңіне күткен уақытта, айтқан уәдесі
бойынша, Әміре де келді. Әмзе аулынан ертіп келген атқосшы
жігіт Әміреге:
– Әнші аға, аулыңызға келдіңіз, байқауымша, әзірге
осында болатын түріңіз бар. Егер рұқсат етсеңіз, мен
қайтайын, - деді.
– Иә, мен біраз осы елде болам. Смағұлға айтқамын. Сәлем
айт, - деп жолдасын қайтаруға кірісті. Қонақтарын күткізіп,
үнсіз отырған Сылдырбай:
– Әміре, сен ел сағынып, жер сағынып, ағайын ортасына
келдің. Ана мініп жүрген атың өзіңдікі емес шығар. Оны да
қайтар. Тарақты деген бір қауым елміз ғой, сен мінетін тай
табылар, - деп күлді.
– Сіз қайтар десеңіз, қайтарайын. Серік деген ағамның бір
ауыз өлеңін естігенім бар еді. Сол есіме түсіп, жаяу қалам ба
деп сенбей отыр едім, - деп күлді. Мына жерде әзіл-қалжың
аяқсыз қала ма, біз де қандай өлең деп жабыса кеттік.
73
– Ой, ол Серік ит менімен құрдас болатын. Ат қоңайсын
дегенге шыдай алмай жүргені ғой, -деп, Сылдырбай әдеттегі
сөзшеңдігіне салып, ол өлеңнің айтылмағанын ұнатты. Оған
біз боламыз ба, Әміреге қоймай айтқыздық.
Достарыңызбен бөлісу: |