Әмірені 1925 жылы Парижде профессор Перно жазып
алан әндерін ола тсіре алмай, ардаты аса әншіні
даусына зар болып жргенде, 1974 жылы бір уанышты
жадай болды. Ол қуанышты халқымызға сыйлаған жас
зерттеуші Шәкәрімов Жарқын болды. Осы бір жолың болғыр
жас талмай, Әміренің 1925-1927 жылы фонограф валигіне
жазылып, ораулы өнер қоймасында сақтаулы жатқан әндерін
тауып, қазір пластинкаға түсірді. Бұл өлген тіріліп, өшкен
жанғандай өте құнды табыс болды. Сөйтіп, Әміре әні қазақ
даласына қайтадан оралды, туған аспанында қайтадан қанат
қақты.
Әміренің асқақ әнінің жан жүйені балқытар лебін ұрпақтан
ұрпақ алтын мұра етіп, әлі де сүйсіне мақтана мадақтар, жыр
етер. Өнер өшпейді. Талантты тат жасыра алмайды. Әміре әні
аспан әлемінде шарықтай бермек.
...Әміренің әлемге әйгілі ән қанатын Еуропа төрінде
Париж сахнасында сермегені газет-журналдарда сан рет
жазылып, жеке кітаптарда да ерекше мадақталып айтылған
ғой. Әміренің онан басқа да ерекше көзге түскен сәттері
болған екен. Әміре 1919 жылы Иркутск қаласында бір сауық
кешіне қатынасып, бүкіл бурят халқын таңдандырған. Осы
бір ерекше естелікті сол күні Әміренің қасында болған Ақыш
баласы Қаби айтқан еді.
Ол кездесу, яки сауық кешіне қатынасу мынадай
жағдайда болыпты. Иркутск қаласында тұратын Идаятолла
деген татардың оқымысты азаматы Қабимен таныс екен.
Сол танысы арқылы Иркутск қаласынан кездеме, шай,
сол сияқты саудалық заттар алып қайтуға Қаби баратын
болып, Әмірені серік жолдас етіп ертеді. Олар Иркутск
қаласына келіп, өздерінің сауда-саттығына кіріспес бұрын
Идаятоллаға жолығады. Идаятолла Қабидің үйінде қонақта
болғанда, Әміренің әнін тыңдап, сүйсіне танысқаны бар екен,
ол Әміреге ерекше ілтипатпен амандасып:
– Әміренің келгені бек яхшы болған, - деп Қабиға бір тосын
хабар айта бастады:
– Қаби, сен біле бермессің, бұл Иркутск қаласында сан алуан
75
ұлттар тұрады ғой. Осында тұратын халықтың көпшілігі деп
айтуға боларлық – бурят-монғол тайпалары. Сол елдің оқыған
ғалым азаматы Турбашеев дейтін кісі бар. Сол ертең кешке
Иркутск сахнасына өз елінің сауық кешін қоюға әзірленіп,
бізді шақырып еді. Ол кісінің маған айрықша бір тілегі
болған еді. Ол біздің татар жыршысын жырлатсақ деп еді.
Мен соған жақсылап жыр айтар адамды таппай сасуда едім.
Біз енді Турбашеевке Әміренің әнін айтқызуды ұсынамыз.
Егер сіздер рұқсат етсеңіздер, мен оған кеште хабарлаймын,
- деп өтінгені. Мен Әмірені өзін билеген кісі болмай: – Әнші
осында отыр. Сауық кешіне баралық, ән салалық десе, өзі
айтар, - дедім. Әміре әдеттегі елгезек мінезіне салып:
– Әнді мен айтармын-ау. Олар түсінбей жүрмесе. «Мен бас
дедім, ол құлақ деді» деп ертеде бір саңырау айтқан, солай
болып жүрмесе, - деді. Идаятолла қуана сөйлеп:
– Әміре абзи, сіздің әнді ұқпас құлақ, сезбес жүрек болмас.
Тек айтуға уәде берсеңіз, мен қалған жағын өзім білем, - деді.
Бізді ертеңіне ертесімен Идаятолла Турбашеевке апарып
таныстырды. Турбашеев қуана қарсы алып, Әміренің аты-
жөнін жазып алып, қазақ халқының қысқаша тарихын,
Әміренің қайдан келгенін сұрап отырып:
– Ермековті білесің бе? – деп сұрады. Біз білетінімізді
айттық. Сонан сөз қозғап:
– Мен Томск қаласында Ермековпен танысқан едім. Ол
сонда оқыды ғой. Мен де сонда оқығам, - деп түсіндірді.
Уәде бойынша кешкілікті ойын қойылатын клубқа келсек,
Идаятолла бізді қарсы алып:
– Сіздерден Турбашеев Ермековті білесіңдер ме деп
сұрап еді ғой. Сол Ермековтің жұбайы Рахила деген апай
болатын. Ол кісі де сол Томскіде оқыған еді. Сол кісілер
бүгін бізге қонаққа келіпті. Келісімен ол кісі Турбашеевті
сұрап, дидарласқысы келді. Мен Турбашеевтің сауық кешін
ұйымдастыру жұмысымен шұғылданып жүргенін айттым.
Ол кешке сіздерді шақырғанын да айттым. Әлекең оған тіпті
көңілденіп кетті. Рахила апай екеуі ойын кешіне келеді, - деп
бір жаңалық айтты. Бірлі-жарым болса да қазақ азаматының
сол кеште болуы бізге де көңілді болды.
Кеште Турбашеевтің әйелімен таныстық. Аты Мария, өңі
де, аты да біздің елімізбен үйлесіп тұрған, өзі де бір ашық
76
мінезді, сауатты адам екен. Енді біраздан соң Идаятолла
бастап Әлекеңді әйелімен ертіп келді. Сол жерде бас қосылып,
Турбашеев мектептес досын қуана қарсы алып, бізді сауық
кешіне шақырғанын айтып еді. Әлекең ерекше құптай
сөйлеп, Әміренің асқақ әншілігін жеткізе сөйлеп кетті.
Турбашеев онан сайын қуанды.
Сонан, қысқартып айтқанда, сауық кеші басталды. Бурят
халқының музыка аспаптары әнші, күйшілерінің қолында,
сыбызғысын тартып өнер көрсетті. Бір кішкене үзіліс кезінде
Турбашеев сахнаға шығып:
– Туысқан қазақ халқының атақты әнші азаматы біздің
осы сауық кешімізде қонақ болып отыр. Сол кісінің айтуынан
туысқан халқымыз – қазақтың әнін тыңдасақ, оған қалай
қарайсыздар, - деп ұсыныс жасады. Клубта отырған жұрт
дуылдай қол соғып, сахнаға шақырды. Домбырасы жоқ,
гармоньға жатық ойнайтын Әміре 18 баспалы гармоньды
ала шығып, ән шырқады. Алдымен күлдіргі де көңілді
«Ағашаяқ» әнін айтты. Отырған халық дуылдай қол соғып,
өздерінше тағы да айтыңыз, сұраймыз деп клубты басына
көтерді. Халық тілегі қабылданды. Әміре «Екі жиренді»
айтты, отырған тыңдаушы жұрт онан сайын дуылдап қол
соғып отырып алды. Сонан Әміре «Жиырма бес» әніне
басты. Әннің құйқылжи төңкерілген әуенінен толқығандай
клубтың ішінен үздіксіз «бис-бис» деген, «ой чуер» деген
үндер шығып, жібермей қойды. Енді Әміре Майраның әнін
шырқады. Әннің аяғын тоспай дуылдап айтылған қошемет,
шартылдай соғылған алақандар тоқталмады.
Бұл Әміренің өзіне тілі таныс емес, тіршілік, өнер саласы
бейтаныс бөгде ұлттың сахнасында тұңғыш ән шырқауы еді.
Өзінің ана тілінде шырқаған әніне тілі, әуені басқа елдің
адамынан естіген тұңғыш құрметі еді. Әміренің осындай
бір кездейсоқ ән шырқауы халқымыздың әсем ырғақты
асыл әнімен бөгде қауымның жан жүйесін тебіренткен бір
көрініс еді. Әрине, Әміренің осы сауық кешіне қатынасып,
халқымыздың әсем әнін бауырлас бурят халқына
таныстырғаны ешбір баспасөз бетінде жазылған емес. Бірақ,
көзімен көріп, сол кеште болған адамның сүйсіне айтқаны
менің қойын дәптерімде жазулы еді. Бурят халқының атақты
перзенті Турбашеев Әміренің әнін ерекше бағалап, өзіне
77
таныс қазақ азаматтарынан Әміренің амандық-саулығын
сұрап, сахна саңлағы болғанын, Парижге барып дүние жүзіне
аты әйгіленгенін естігенде сондай қуанған екен.
Достарыңызбен бөлісу: |