Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет35/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

ӘНШІ АРМАНЫ
Әміренің әрі көршісі, әрі ардақтысы – Белгібай балалары. 
Бұлар «Белгібайдың төрт қасқыры» атанған. Өңкей алып, 
шетінен балуан. Солардың ең үлкені Әйтіш Әміремен түйдей 
құрдас еді. Қазақ «Төрт аяқтыда бота тарту, екі аяқтыда 
құрдас тату» демей ме? Сол айтқандай-ақ екеуі өте тату 
болып жүрді. Құрдас жөнінде бұрынғылар: «Құрдас – құрт 
майыңды ұрлас», – деп те айтатын. Бұл мәтел «құрдасыңмен 
сырлас бол» деген мағынада айтылғанға ұқсайды.
Сол Әйтішпен кездесе кеткен жерде Әміре ішегінің 
қырындысын ақтаратын. Бір күні қалың ағаш саясындағы 
көк майсаға көрпені төсеп тастап, екеуі ұзақ сырласты. 
– Әй, Әміре, осы Мәкет екеуіңнің араларыңдағы махаббат 
қалай тынды? – деп сұрады Әйтіш Әміреден.
Әміре ойланғандай болып біраз отырды да:
– Бұл ұзақ тарих қой, – деді даусын созып.
– Тарих болса тіпті жақсы, айта бер асықпай. Немене 
қойың ығып бара ма? – деп жауап қайырды Әйтіш күле.
– Ендеше айтайын, – деді Әміре. – Орта жатақ пен 
бас жатақ қымызшыларының ойын-сауықтарынан қол 
босамайтын еді ғой. Сөздің шыны, Тыныбай жатағына көп 
бара қоймайтынмын. Боз балалардың бір қауымы «уәй, 
шіркін қымызшы Кәріптің Мәкеті-ай» дей берген соң өзімше 
барымды киіп, бақанымды қолыма алып, Кәріптікіне 
бардым. Барсам, үй толы кісі. Үйге сыймағандары ауыз үйге 
шығып, қымыз ішіп отыр екен. Мені көріп, шу ете түсті. «Уә, 
жоғары, жоғары шық», – десіп жатыр.
Кіріп барған бетте менің көзім Кәріптің қымызына емес, 
қызына түсті.
Қабығын аршыған жұмыртқадай, томпиған аппақ қыз 
аласыз қара көзін маған қарай бір төңкерді де, орнынан 
атып тұрып, жол берді. Ол маңдайына маржан шеккен көк 
кәләпешін оң шекесіне қарай сәл қисайта киіпті. Кәләпеш 
астындағы мақпалдай қара шашы құладан қақ жарыла 
бөлініп, оның ұшы қос бұрым болып тірсегіне тиіп тұр екен. 
Жаңа туған айдай жіп-жіңішке қара қасының үстін ала 
жаратылыстың өзі сыйға берген қарақаттай қара меңі ақ 
жүзіне әдейі қолмен жапсырғандай көз тартады. Оның үстіне 


121
алтын алқа, дүзбелі сырға, кавказдаған қарала білезік пен 
тасты жүзіктер қосылып, оның сұлу келбетін онан әрі көрікті 
етіп жіберіпті. Әдемілігіне таңғалдым. Өне бойым елжіреп, 
басым айналып, көзім қарауытқандай болды. Бір жақсысы – 
«төрлет, терлет» деген сөздер құлағымда, соқыр кісіше төсек 
жағалап келіп, отыра қалдым.
– Өй, өзің жай сөзге тақырлау едің, қыз әңгімесіне келгенде 
тіпті құлпырып әкетіп бара жатырсың ғой, – деп күлді Әйтіш. 
– Е
Й
, Әйтеке-ай, «басыңа түссе баспақшыл» деген емес 
пе. Адам өз басынан кешкен арманын айтқанда еріксіз бір 
шешендік пайда болады ғой. Сенің басыңа мұндай жағдай 
келмеген болар. Әйтпесе бүй демес едің, – деп Әміре Әйтішке 
әзіл айтып тастады. – Сонымен менің жағдайымды біліп 
жатқан жан болмады. Баяғы Әміре деп олар домбыра мен 
гармоньдарын іздестіріп жатыр. Аз отырып, өзіме-өзім 
келгендей болған кезде оң бүйірден «қарағым Әміре» деген 
сөз мойнымды бұрғызды. Сөйтсем, ол үй иесі – Кәкең екен.
– Әмірежан, сен осы қаладағы сары алтын сияқтысың. 
Шын ба, өтірік пе, кім білсін, алтын адамнан қашып жүреді 
дейді ғой. Айсыз қараңғыда жарқырап жатқан сары алтын
қасына адам жақындай бергенде жоқ болып кетеді деседі. 
Сол сияқты бізді маңыңа жақындатпайсың. Жоғарғы екі 
жатақтан аспайсың, мәжілісімізге шақыртып адам жіберсек 
таптыртпайсың. Әйтеуір, Әміре деген атыңа мәзбіз. Құдай 
айдады ма, дәм тартты ма, қарағым, мына мәжілісімізге 
тап болдың. Осы отырғандардың көпшілігі – әрісі әкеңдей, 
берісі ағаңдай адамдар. Үлкенді сыйлаған екі дүниеде де 
қор болмас, міне, соларға қызмет көрсет, – деп Кәкең қара 
гармонь мен ақ домбыраны айқастырып алдыма қойды. Әуелі 
гармоньды алып, «Орам» күйін ойнадым. Ол өзі созымды, 
қазақ құлағына да сіңісті, ішек-бауырыңды елжірететін 
зарлы күй ғой. Байқасам, елдің бәрі ентелей тыңдап, ауыз 
үйдегілер де келіп, қатықтай ұйып қалған екен. Гармоньды 
ойнай отырып, жан-жағыма қарағансып, Мәкетке ұрлана көз 
қиығын тастаймын.
Мәкет маған тура қарамайды. Қарамаса да іштей толқып 
отырғаны беп-белгілі. Гармонның қатар ұрған қос тілі кей 
кезде қосарлана солқылдап зарлайды. Сол уақытта ол, шыдай 
алмайды-ау деймін, екі беті албырап, қарақат көзі жаудырап, 
аппақ тісін көрсете күледі.


122
Қымыз ішіп, қызып алған жұрт мені босатар емес, менің 
де кеткім келмейді. Әнді бірінен соң бірін тек «шырқай 
берсем, шырқай берсем» деймін. Сол күнгі дауысымның 
саңқылдағанына өзім сүйсіндім. Байқасам, ол Мәкеттің 
берген нәрі сияқты. Жаратылыстың берген үні заулап 
тұрғандай, он саусағым аман тұрғанда Мәкеттен немді аяйын. 
Өнерімнің екінші түрін көрсетпек болып: 
– Кәке, – дедім, – қыздың әкесіне, – гармонь деген орыс 
пен татардың аспабы ғой. Өз ұлтымыздың аспабы өкпелемей 
ме?
– Бәле, бәле, атамыздың ақ домбырасын ал қолға енді.
– Қызығы сол емес пе?!
– Ән өрнегі, шіркін, домбырада ғой!
Гармоньды жаныма қоя салып, домбыраны қолыма 
алдым. Көкейімде де, көз алдымда да – Мәкет. Бірақ, қызға 
тіл қатар жер бұл емес, құмарлығымды оған әнмен жеткізіп 
жатырмын. Қызбен сөйлесе алмай, тек қымызды жұртпен 
ішіп-ішіп үйге қайттым. Алайда менің ойымнан Мәкет 
кетпей қойды. Сонан бастап сол үйге баруды жиілеттім. Менің 
келгенімді Кәкең теріс көрмейді: қонақтары үшін маған ән 
салғызып, қызына қымыз сапыртып қояды да, «қағанағы 
қарық, сағанағы сарық» жағасы жайлауға кетіп, мәз-мейрам 
болады да жүреді. Қымызшыға қымызының өткені керек, 
қымыз өтсе қалта тоқ, дүние түгел. Ал, менің өз есебім өзімде.
Әдеттегідей Кәкеңдікіне тағы келдім, келсек, оның ұзақ 
сапарға жолаушылай кеткен бәйбішесі келіп қалған екен. 
Қызының қия басқанын қылға тізіп отыратын кемпір тіпті 
қимылдатар емес. Тау басында тұрып, томағасын тартқан 
бүркіт сай-саладағы тас-тастың арасын, бұта-қарағанның 
ішін көзімен тінтіп шығушы еді ғой. Тап сол сияқты көзімен 
үйдің ішін, әсіресе менің қимыл-әрекетімді тінткілеп отыр. 
«Құдай ұрды» дедім ішімнен. Байқасам, қыздың қабағы да 
түсіп кетіпті.
Бір ретте Кәкең:
– Бәйбіше, сенің кетуіңе ғана қарап тұр екен. Қол жүріп 
кетті. Халық қымызды тоқтатпай қойды.
Оның үстіне мына бала, (өзің білесің ғой, әлгі атақты әнші 
Әміре) келіп, Құдай сақтасын, ел топырлады да, – дей беріп 
еді.
– Өй, сендердің тапқан тиындарың құрысын бүйтіп. Үйді 


123
жын ойнағына айналдырғансыңдар ма, қайткенсіңдер?! 
Сөйлемеңдер әрі, жынымды түсірмей,— деді бәйбіше көзі 
алақ-жұлақ етіп.
Сөз нәріне қарағанда кемпір қызына ұрсып алғанға 
ұқсайды. Әлгіден кейін үйдің іші тым-тырыс. Жетім балаша 
көрінгеннің бетіне жалтақ-жалтақ қарап мен отырмын. Біраз 
үнсіздіктен кейін кетейін деп ыңғайлана беріп едім, Кәкең:
– Қарағым, Әміре, кейін бір келерсің енді, – деп 
қипақтағандай болып басын сипап, желкесін қасыды.
Кетіп қалдым. Сол кеткеннен көпке шейін келе алмадым. 
Мәкетті бір көруге зар болдым.
Бір күні өз-өзімнен отырып ойландым. «Осы менің мұным 
не? Мәкетпен әлі тілдескенім де жоқ. Оның мені сүйетін, 
сүймейтінін де білмеймін. Жым-жырт ойнаған баладай өстіп 
жүре берем бе? «Шегірткеден қорыққан егін екпес» деген 
сияқты, кемпірдің көзінен қорқып, қызына сөйлеспегенім 
жөн бола ма? Қой, не де болса барайын...» – деп үйден 
шықтым.
Мәкеттікіне жақындағанда ойым он бөлек болып кетті. 
«Мәкет үйде болса жақсы. Олай болмай қалған күнде ше... 
Онда...» Осындай болымсыз ойдың үстінде келе жатқан мен 
ептеп басып, ақырын ғана қақпаны аштым. Қыбыр еткен 
жан жоқ. Жағалап үй алдына келдім. Үн жоқ. Терезелерінде 
перде бар. Сыртқы есікте құлып жоқ, бірақ жабық тұр. Есік 
ішкі жағынан ілінген тәрізді. Есікті ақырын қағып едім, ар 
жағынан «бұл кім?» деген жіп-жіңішке биязы дауыс шықты. 
Адамның жүрегі ақылынан жүйрік пе дедім. Жүрегім 
дүрсілдеп қоя бергені. Ә... мынау Мәкеттің дауысы болды».
– Мен... мен... ғой, Әміре, – дедім жүрегім аузыма тығылып. 
Мәкет есікті ашуын ашса да, бірдемеден қысылғандай, не 
ұялғандай болып, кейін шегіне берді. «Үйде біреу-міреу бар 
ма екен» дегендей байқасам, ешкім жоқ сияқты.
– Үйдің іші тойға кеткен, – деді Мәкет күлімдеп.
Құдай көктен сұрағанды жерден берді. «Ал енді, Әміре, сөз 
тап, сөйле», – деп өзімді-өзім қинап тұрмын ішімнен.
– Мәкетай, мен саған ғашықпын, – дедім томаға тұйық.
Сөйттім де қыздың қолынан ұстап, өзіме таман тарттым. 
Ұстаған қолымды ол босатып алды да:
– Үйге кіріңіз, жоғары шығыңыз, – деді. Кіріп барсам, 


124
үйдің іші тап-тұйнақтай, оң жақта ақ одеялмен жабулы 
ақ кереует тұр. Кереуеттің бас жағындағы қабырғада сәл 
еңкейте ілінген үлкен айна, оның басына кестелі ақ сүлгі іліп 
қойыпты. Тұскиіз орнында кішірек кілем тұр. Басқа бөлек-
салақ ештеңе көрінбеді. «Е... бұл қызға арналған бөлме екен» 
дедім ішімнен.
Үйге кіруін кірсем де қайтерімді білмей қысылып қалдым. 
Отырайын десем орындық жоқ, бата істейтін молдаларша 
жерге жалп ете түсуді ұят көрдім. Қыз төсегіне рұқсатсыз 
отыру – әдепсіздік болады. Менен сәл кейінірек кірген Мәкет 
менің дағдарып қалғанымды байқап, кереуетке отыруыма 
рұқсат етті. 
Аз үнсіздіктен кейін қыз аянышты бір үнмен:
– Аға, сізге не болған, өңіңіз қашып тұр ғой. Бір жеріңіз 
ауыра ма? – деді жақындап келіп. Жүрегімнің соғуы болым-
сыз. Мен орнымнан тұрып, оң иығына қолымды салдым.
– Мәкетай, мен ауырып тұрмын. Ауруымның емі өзіңсің, 
– дедім. Даусым дірілдеп шықты. Сол жақ қолтығымның 
астына тығыла түсті.
– Ауырмаңызшы, аға. Сіз ауырсаңыз мен де ауырамын, – 
деді төмен қарап тұрып.
Талтүс. Аспандағы алтын айнадан үйге еркелей кірген ақ 
сәуле үй ішіндегі көмескі жарықты тіліп өтіп, екеуміздің 
беттерімізді кезек аймалағандай болады. Мен ақырын ғана 
оң қолыммен Мәкеттің иегінен көтердім. Осы кезді тосып 
тұрғандай біреу есікті қағып-қағып жіберді. Құшағымдағы 
қыз ата жөнелді. Үйге Мұқан деген татар жігіті кірді. Қасында 
жолдасы бар. Келе ол:
– Һм, оңаша үйде отыруларың жарасыпты ғой. Кәкең 
қызы мен күйеуін қысырақтың үйіріндей қамап тастап, өзі 
қайда кеткен? – деді қатуланып.
– Немене, Кәкеңе күйеу болуға мен жарамаймын ба? 
Құдайға шүкір, байлығым болмаса да, шайлығым бар, – дедім 
мен ызаланып.
– Сен әніңді сатып, күн көрген Әміресің, – деді ол 
мысқылдай. Босағаға барып жылап тұрған Мәкет қолымен 
ымдап, мені далаға шақырып әкетті.
– Ренжи көрмеңізші ананың сөзіне, – деді даусы дірілдеп, 
– ақшалы ақымақ көп емес пе, ол да соның бірі. Айта берсін. 


125
Мен сізді ешкімнің ақшасына айырбастамаймын. Дүниеде 
не қуанбайтын, не қайғырмайтын адам болмайды. Сіз соның 
қуанышына да, қайғысына да ортақ болып, көңілін көтеретін 
адам дәрігері сияқты емессіз бе? Сіз енді тез кетіп қалыңыз. 
Мыналар бір ожарлау жігіттер көрінеді.
– Мәкетай, сәулем, сүйем сені. Бірақ, амал не сүйіскеніміз-
дің белгісін ала алмай, арманда қалдық-ау! – деп кетіп 
қалдым.
Бұрын қызға ғашық болып көрмеген менің түнде ұйқым 
келмейді, күндіз күлкім келмейді. Есіл-дертім Мәкет болады 
да тұрады.
Ертеңінде «көрген жерде ауыл бар» деп көзім үйренген 
көк қақпаға тағы да тәжім еттім. Келсем, қыздың шешесі 
үйде екен. Кешегі оқиғаны ол естіген болу керек, жыланша 
жиырылып отыр. Мені көрген соң, кәрі жыны тіпті қозып 
кетті. Кемпір көзі жасаурап, басы қалтақтап, оқты көзімен 
одырая қарады. Сөйтті де:
– Әй, Қашаубайдың қаңғыған қу қайыршысы. «Жаман 
үйді қонағы билейді», – деп, ең аяғы сен де бізді билегің келді 
ме? Өшір қараңды. Мұнан былай көшеммен жүруші болма! – 
деп шарқылдай жөнелді.
Амал бар ма, салым суға кеткендей сүмпиіп үйден шықтым. 
Мәкет көрінер ме екен деп жан-жағыма көз тастаймын. 
Көрінбейді. Енді қыз үйіне барудан қалдым. Мұнан былай 
оны жүзбе-жүз көруім де екі талай.
Күндер өтіп жатты, күн түгілі айлар да өтіп барады. Қыздан 
хабар жоқ. Ақыры шыдай алмай, не де болса барайын, аю 
шешесі ақылына түскен шығар деп тура үйіне келдім. Келсем, 
бұрынғыдай сапырылысып жатқан ешкім көрінбейді. Үйге 
кірдім. Үйде менің жақын жолдасым Сабыржан отыр екен. 
Шошып кеттім.
Қыз мені көріп, қуанғандай жалт беріп, өз бөлмесіне кірді 
де, сыланып-сипанып қайта шықты.
Сабыржан маған солғын ғана амандасты да, біраз отырған 
соң: «Екеуміз біраз жүріп келейікші», – деп мені ертіп 
далаға шықты. Екеуміз көше бойымен жүріп келеміз. Әлден 
уақытта ол:
– Әміре, дос едің, – деді. Дауысы дірілдеп шықты. Мәкет 
екеуіңнің араларыңда уағдалы сөз бар екен ғой. Ал, жұрт осы


126
күні мені «Шәріптің күйеу баласы» деп жүр. Міне, менің 
жайым осы, Әмірежан. Тірідей өліп тұрмын. Өлтірсең өз 
қолыңдамын.
«Енді қайтемін? Не деу керек?» Бір 
СӘТ
ой дариясына 
сүңгіп кеттім. Әлден уақытта өз-өзіме келіп:
– Сабыржан, сен қызды осы араға шақырып әкел, – дедім.
Мәкет келді. Сондай жағдайда сөз бастау қандай қиын. 
«Не десем екен» деп тұрмын. Аз ойланған соң, «Мәкетжан» 
деген сөз аузымнан зорға шықты. 
– Мәкетжан, адамшылығыңа өле-өлгенше ризамын. Бірақ 
Абай айтқандай, «қолымызды кеш сермедік». Ендігі жолыңа 
мен тікен болайын...
Қыз: «Жазығым не?» – деп жылап қоя берді.
Екі көзін басып, буыны құрып, құлап бара жатқан қызды 
қасында тұрған Сабыржан ұстай алды.
Мен: «Қош», – деп жүріп кеттім. Ұзаңқырап барып, артыма 
қарасам, Мәкет Сабыржанның иығына сүйенген күйінде әлі 
тұр екен...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет