С=ЙГЕН С6ЛУ
Бір жолы Әміре өзінің Қайнышқа қалай үйленгенін
әңгімелеп берді.
– Біздің елдің жайлауы – осы арадан үш жүз шақырымдай
тұратын Борлы деген көл, – деп бастады әңгімесін Әміре. –
Ендігі ойым – сол жайлауға тез жету. Ондай ұзақ сапарға
жүру үшін ат-тоныңды, азық-түлігіңді сайлауың керек.
Жүру жабдығына бес-алты күндей аялдадым да, қасыма
Терлікбайды ертіп, елге тарттым.
Менің астымдағы Серік әкеп берген сары ат, Терлікбайдың
мінгені – өзінің торы төбелі. Екеуміз екі-екіден төрт қоржын
азықты бөктеріп алып, қаладан шықтық.
Семей, Қарқаралы уездеріне қарасты қалың елдің қалаға
қатынасатын үлкен қара жолымен Семейтауды бетке алып,
жүріп келеміз. Жалпақтың азығына шыққанымызда
Семейтау сағымданып, бұлдыр-бұлдыр ғана көрінген еді,
Мұқыр өзенінен өтіп, Ақтастыға көтерілгенімізде оның
көгілдір түрі қоңырқайланып, шоқы-шоқыларының аралары
127
алшақтанып, «келе ғой» дегендей бізге жылы қойнын аша
берді.
Жыланша ирелеңдеген жол жетекпен отырып, бізді бір
белден асырды, дәл маңдай алдымызда Қыземшек тұр екен
шаншылып.
Шіркін, жаратылыс-ай, қандай шебер едің. Қазақтар
тұрған сұқсырдай екі қара төбе халық құрметіне бөленіп,
қараған адамның көз майын суырып тұр.
Кейінірек келе жатқан Терлікбай торы төбелін қамшылап
жіберіп, менімен қатарласа берді.
Қайқаң тартқан қара жол жоғары көтеріле берді. Артыма
қарасам, Жалпақ жатыр жап-жазық болып, алдыма қарасам,
Қыземшек тұр төстің үстінде. Жаратылыстың өзі салған
осындай сурет кімді болмасын таңдандырмай қоймайды.
Қыземшектің қилы-қилы жылғаларымен жүріп келеміз.
Оның сылдырап аққан бұлағы, бұлақ жағалай желкілдеген
хош иісті гүлдері бейнебір жұмақты елестетеді, қарап келе
жатып-ақ көңілің күй шертеді. Осы бір кең көсілген жайдары
жылға өрлей-өрлей көз ұшындағы үстіртпен ұштасып, содан
қыр басындағы Қыземшекке жалғасады.
Осылай жаратылысты тамашалап келе жатып, Қарасуға
тақап қалғанымызды байқамай да қалыппын.
Торы төбелімен тепеңдеп, Терлікбай артта қалып қойыпты,
басын өз еркіне алған сары ат сыпылдап, көз көрім жерге ұзап
кеткен екен. Ол мені қуып жетіп:
– Е, тіпті жеткізер емессің ғой, шымылдығың желпілдеп
тұрғандай, – деді.
– Уәй, Терлеке-ай, қаланың құмына қайрандап, шаңына
шашалғанша, қырдың қырмызы қызыл жібегіне тезірек
орануға асыққанымыз жақсы емес пе? – дедім.
Сонан Жанандатып, Жосалылатып, Шаған өтіп, Жайлау
тарттық. Ұзын жол үстінде кім кездеспейді. Кездескен
адаммен амандаса берсең ауылға жете аласың ба? Бірақ,
бір қызығы Терлекеңнің тор төбелі қарсы келген адамға бір
сәлемдестірмей өткізбейді. Ол қарсы келе жатқан жолаушыға
таяқ тастам жер қалғанда тұра қалады. Ықтиярсыз сәлем
беріп, жөн сұрасамыз. Атының сонысынан әбден запыс болған
Терлікбай қарсы келе жатқан кісіден аулақ қашатын болды.
Матай адырын аралап келеміз. Ел көшіп кеткен, қыстау
128
қаңырап тұр. Бұл өңірдің шөбі қандай! Жасыл жібек сияқты
жаңа қаулап келе жатқан көк майса шалғын масатыдай
құлпырып, ат аяғына оралады. Қызғалдағы мен сарғалдағы
жайнап, бозторғайы сайрап, тау жаңғырығы сылқым қыздай,
әлдебір балалық шағыңды еске түсіреді. Күн желкемдеу.
Жел лебімен ілесе келген қырдың хош иісті самалын құныға
жұтқан сайын жұта бергің келеді.
Адамның өз жері қандай ыстық көрінеді кісіге, Қара
обадан өткенде:
«Қаратаудың басынан көш келеді
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді», –
делінетін халық өлеңі есіме түсіп кетті. Оның:
«Қарындастан айрылған қиын екен
Мөлтілдеп қара көзден жас келеді», –
дейтін жерін ойлағанымда, бойым босап кетті.
Тамағымның ішінен жұдырықтай бір зат келіп, алқымымды
қыса қалғандай сезілді. Ондайда өзімді-өзім жұбататын,
көңілімнің ажары – әнім ғой.
Елсіз, ессіз тау іші. Төңірек емін-еркін жусаған малдай
тегіс мүлгіп тұр. Көкірегімді кере, мейірленіп, жұпардай
аңқыған аулымның ауасын жұтып-жұтып алдым да:
Келеді қара торғай қанат қағып,
Астына қанатының маржан тағып,
Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің,
Айрылдым қапылыста сенен нағып, –
деп, «Қара торғайға» бар даусыммен бастым кеп. Ауылды
айнала қоршаған қара таулар да менімен қосылып кетті. Жер
сағынып, ел сағынып, егіле, екілене айғайлағандікі болу
керек, тау жаңғырығы дыңылдап көпке шейін басылмай
тұрды.
Мен алда келем. Астымдағы сары ат былай да жүрісті,
оның үстіне Терлекең екеуміз кішкене шоқытып алған
соң, басын шұлғып тастап, алды аяңдап, арты желіп, есіп
отырады. Терлікбай тепеңдеп жақындай берсе, ол екі
құлағын қайшылап, көз қиығын артына тастағандай болады
да, ауыздығын қарш-қарш шайнап, ақ көбігін аузынан ағыза
алға қарай ала жөнеледі.
Көлге жақындаған сайын алдымыздан салқын самал
129
ескендей болады, тынысымыз кеңи түскен тәрізді.
Алдымыздағы бір белеске жүгіртіп шыға келсек, көл деңгейі
көкжиекпен ұштасып, көл мен көк арасының жымы білінбей,
дүние көк теңізге ұқсап жатыр екен. Көлді жағалай қонған ел
көз ұшында құж-құж қайнайды.
Көл жақтан бір салт атты бізге қарсы келе жатыр. Анау
жақындай бергенде Терлекең торы төбелін шаужайлап, қоян
қағатын кісіше, тауға қарай тартты. «Мына арам қатқыр тағы
амандастырмасын бізді», – деп қояды бұрылып бара жатып.
Мен келе жатқан аттының алдын кес-кестей жүрдім,
ЖӨН
сұрамақ болып. Арамыз жақындай түсті, жақындаған сайын
оқшия қарастық бірімізге-біріміз. Ол мені бұрын таныды ғой
деймін:
– Уа, адас! – деп атынан түсе жүгірді.
Сөйтсем – Әмірғалы. Ол мені «адас» дейтін. Meн де аттан
түсе сала қарсы жүрдім. Екеуіміздің құшағымыз айқаса
түсті.
– Кәдімгі, Шотанның Әмірғалысы ма, әлгі күлдіргі? – деді
әңгімені тыңдап отырған Әйтіш.
– Е, сол.
– Апыр-ай, тілегі дұрыс екен өзінің.
Сағынған екенбіз, сүйісіп жатырмыз. Мені құшақтап
амандасқан адамды көрген соң Терлікбай да, тепеңдеп келіп
қалды. Келе ол да атынан түсіп, Әмірғалымен қол алысып,
амандасып жатыр. Әмірғалы оған:
– Немене, қай төрелігің қысып тұр сенің. Адастан
артықпысың? Неге құшақтамайсың мені, – деп ұялтып
тастады.
Әлгі жерде Әмірғалымен амандық сұрасып, біраз отырдық
та, оның бізбен бірге болуын өтіндік. Ол өзінің тығыз
шаруамен жүргендігін айтып, көнбеді.
– Туысқан, – дедім мен енді ренжіген кейіппен, – мен
күнде келетін адам емеспін, анда-санда келгенімде көңіл
көтермесем, не болғаным. Біраз уақытыңды бізге қи. Әйтпесе
ат кекілін кесіскен жеріміз осы.
– Ойбай-ойбай, тіпті қатты кеттің ғой, шаруасы бар болсын,
болды, болды, – деп, Әмірғалы атына қарай жүгірді.
Үшеуміз келіп Сәрсен балуанның үйіне түстік. Бәріміздің
арғы атамыз Тарақты болғанымен Бөкей мен Әлі қыз
130
алысады, құдандалымыз олармен. Көл жағалай үйме-жүйме
отырған ел «Әміре келді ауылға», «Әміре келділеп» әп-сәтте
жинала қалды. Бөкей жағы «Құда баланың даусын естиміз»
деп шулайды. Сәкең отырып:
– Жарайды, шуламаңдар. Әміре ауылға келді ғой, бүгін
қайтатын емес, сусындарың қанар әлі. Кішкене дем алсын,
мазасын алмаңдар, ат қағып келді. Семей деген оңай жер
емес, – деді даусын созып.
Мал сойылып, ет асылып жатыр, шай ішіліп, өйткен-
бүйткенше күн де қызыл шапағын шаша бастады. Жиналған
жұрт киіз үйге сыймай, сыртта отыр. Біреулер домбыра
қиыстырып жүр.
Әлден уақытта бір жігіт саралалап сырланған, қақпағына
айна салынған домбыраны әкеліп, менің қолыма ұстатты.
Сол ауылда бақалшы, қаладан келген екі татар бар екен.
Сәкең оларды да шақыртып алып: «Сендер де семейлік
қонақсыңдар, Әміренің қасында болыңдар», – деп менің
жанымнан орын берді. Олар Хайролла, Ғизатолла деген
Семей татарлары екен. Хайролласы мені тани кетіп:
– Иә, Әміре әфәнді, Исанмүсіз. Біз дә қазақ ағайынлар
арасында қунақ булып ятабыз. Хұдайның биргәнінә
тәубә, алар бик хурмәтлиләр бізні, – деп амандықты да,
жақындықты да, қонақтықты да, қат-қабаттап бір-екі ауыз
сөзге сыйғызып тастады.
– Әй, осы ноғайдың да жүрмейтін жері жоқ екен, – деп
Әйтіш Әміреге қарап қалжыңдап күліп алды. Оның бір
жеңгесі татар қызы болатын.
– Әкелген домбыраның құлағын бұрап, шертіп қалып едім,
ол майда қоңыр үнмен күмбір ете түсті, – деді Әміре әңгімесін
әрі созып. – Жұрттың көзі менде, ішіп-жеп барады. Бұлардың
әуелі құлақ құрышын қандырып алайын деп ойладым да,
домбыраның құлағын шерттіре бұрап алып, «Үш досқа»
шырқадым. Жұрттың маған таяу отырғандары құлағын
басты, алыстағылары айғай салып көтермеледі. Хайролла бір
қу татар екен:
– Әй, Әміре әфәнді, алай қышқырарға ярами, алла
сақласын әйәлләрінің ішіндегі баласы ишқынып китә вит, –
деді күліп.
Біраз дүрілдетіп, желпінтіп алған соң «Көк көбелекті»
айттым.
131
Әуеде ұшып жүрген көк көбелек,
Жазайын дертің болса су себелеп.
Кеткенде аулың шалғай, ей, перизат,
Жортайын аш бөрідей тау жебелеп, –
деп қоңырлатып тоқтаттым. Сонан кейін бірде шалқыта
шырқатып, кейде балбырата баяулатып, бірнеше ән салдым.
Біраздан соң, «мен кішкене дем алайын, енді Адас айтсын»,
– деп домбыраны Әмірғалыға бердім. Әмірғалы бөгелген жоқ,
домбыраның құлағын босатыңқырап алды да,
– Мен тұтықпаның өлеңін айтайын, – деді.
«С-са-са-лғаным, с-са-сал қаратқан ж-жжаппай күміс,
Б-бі-білмеген, а-а-адам жайын а-а-адам емес», – деп
қиқылдап, шиқылдады да қалды. Аузына сөз түспегенде
тұтықпа қайтушы еді, Әмірғалы онан да асырып жіберді:
бас терісі желді күнгі толқындай тулап, алқымы кеуіп, көзі
ішіне кіріп, аузы-мұрны қисалаңдап кетті.
Ел қыран-топан күлкі, ішек-сілесі қатып жатыр.
– Тағы да, тағы! – дейді.
Әмірғалы бірнеше күлдіргі өлең айтқан соң Сәкеңнің
әйелі:
– Ал енді, дәм дайын, асты қаратып қоясыздар ма, сонсоң
түн де жетер ойынға, – деді...
Ертеңінде ауыл жастары Бейсекен деген кісінің үйіне
жиналып, бізді сонда шақыртыпты. Алты қанат ақ үйге кісі
сыймайды, ине шаншар жер жоқ. Төрден бізге орын босатып
қойыпты. Біз отырар-отырмастан-ақ ойнауға ілік таба алмай
отырған жастар сөз бастады:
– «Ұят болады, ұят болады» дегендеріңді қойыңдаршы
осы, Әміренің туыстығынан біздің ауылға құдалығы жақын.
Ән салып бермесе, қазақ атамыздың құдаға көрсететін жолын
істейміз, – деді бір жас келіншек өзінен-өзі.
– Кім сонша ұят болады деп жүрген?
– Мына Қайныш.
– Қыр мен қала халқының араларындағы тәртіп жер мен
көктей. Қырдағы бейбастақтығымызды көрсетпейік дегенім
рас, – деді Қайныш.
Бір бойжеткен білектей шүберек белбеудің ортасынан
тісімен тістеп тұрып, екі ұшын қосып есті де:
132
– Ал, кім де кім өлең айтпаса, дүре соғылады, – деп белбеуді
өзінің алдына көлденең салып қойды.
– Қонақ десең қонақ кәдесі бар, құда десең құдалық жолы
және бар, алдымен Әміре айтпағанда кім айтады өлеңді, –
деді босаға жақтағы біреу.
– Е, бәсе, дұрыс айтады, – деп бәрі де шу ете түсті.
Әмірғалы отырып:
– Қит етсе, «қазақ атамыз» деп таңдайларың тақ-тақ етеді.
Қазақ атаңыз «алдымен ауылдың алты ауызы айтылсын»
деген жоқ па еді?
Қыз-келіншектер бір сәт ұйлыға қалып, бірін-бірі
түрткілеп сыбырласты. Әлден уақытта Қайныш қоңыр үнмен
«кәллә-кулләйлім» деген ауыл әніне сызылтып қоя берді.
– Қыздың ән айтысы маған бірден ұнады. Осы сапарға
аттанарда апамның да «ойыңда болсын» дегені осы Қайныш
болатын. Мен Қайнышты өзімше сынға ала бастадым.
Сөздің шыны, өңінің қоңырқайлығы болмаса, оның басқасы
ойлаған жерімнен шығып жатты. Ауыл қызы болғанымен
мәдениеттілік, әдептілік сезімдері бар сияқты бойында.
Іркілместен ән салып қоя бергені өзінің өттілігін байқатқандай
болды маған. Кейбір сырты сәнді адамның білімі таяз,
ойы шолақ, сезімі доғал, ақылы келте келеді. Сондайдан
сақтасын. Сондықтан мен сыртын қойып, Қайныштың ішіне
үңіле бердім.
Әнді айтып болған соң Қайныш:
– «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деген, ана ағайдың айтқаны
дұрыс. Ауылдың алты аузын айту – бізге міндет. Әнші
болмасақ та міндетімізден құтылып жатырмыз, айыпқа
бұйырмаңыздар, – деді жымиып қана.
Мен домбыраны қолыма алдым да, Абайдың «Сегіз аяғын»
айттым.
Тамақ ішіп, жайланған соң түрлі ұлт ойындарын ойнадық.
Ойын алдымен «Ханым қалай» деп басталды. Хан сайлану
үшін асық иірістік. Иірген асығы алшы тұрып, Әмірғалы хан
сайланды.
Тәртіп бойынша ханның жақсылығы жағалай
отырғандардан сұралып болған соң, Әмірғалы:
– Жақсы екеніме көздерің жетсе, менің әмірімді екі
етпейсіңдер. Ең алдымен отырысты реттелік. Кәне, бір
жігіт бір қыздан отырыңдар. Сонсоң әркім бір ауыздан өлең
133
айтады. «Осы жарлығымды орындат», – деп өзі таңдап алған
уәзіріне бұйырды.
Уәзір кімді қайда отырғызу жайын ойластырып тұрды да:
– Алдымен Әміренің қасын қарайту керек, – деп ханға
жалтақтай берді.
– Әміре әнші екенін білесің, ендеше әншіге әнші лайық
шығар, маған несіне жалтақтай бересің, – деді Әмірғалы.
– Бұл дұрыс ақыл екен. Ал, Қайнышжан, мына орынға
отыр, – деп уәзір оған менің оң жағымды көрсетті.
Қайныш кейбір ауыл қыздарындай бетін басып,
қиқаңдаған жоқ. Сыпайы ғана орнынан тұрып, аяғын нық-
нық басқан күйінде келіп, менің қасымнан орын алды.
Қалғандары әрі тартысып, бері тартысып, біраз ұйқы-
тұйқы болысты да, әзер дегенде тиышталды.
Хан жарлығын іске асыра бастады. Өлең білгендері
құтылып, білмегендері тұтылып жатыр. Тұтылғандар
тоғыз кесе су ішуі керек, болмаса, жылқы болып кісінеп,
сиыр болып мөңіреуі керек. Белбеуден қорыққан жұрт осы
шаралардың таңдағанын орындап жатыр. Кезек Қайнышқа
келді. Қайныш менің арт жағымда, жүкке сүйеулі тұрған
домбыраны алды да, оған даусын қосып, «Гауһар тасты»
айтты. Оның ән иінін әдемі келтіргені сонша, өзім де шыдай
алмай, қайырмасына қосылып кеттім. Өнерді біртіндеп, шым-
шымдап шығарып отырған Қайнышты шын ықыласыммен
жақсы көре бастадым. Осы тәртіппен біраз ойнаған соң,
«Ханым қалай» ойыны аяқталды. Енді, «орамал тастамақ»
ойыны басталды.
Одан кейін «тақия жүгіртпек» ойнадық. Ойын тәртібі
бойынша аяқтарының ұштарын тиістіріп, дөңгелек айнала
отырған жұрт, тақымдарының астынан тақияны сездірмей
жүгіртіп, бірінен-біріне беріп отырады. Ортада отырған адам
«тақияны ұстаймын» деп азаптанады, қашан ұстағанынша
ол тақия таяғын да жеп бағады. Бұл – шуы көп, күлкілі,
жақсы ойын.
Келгеннен бері Қайныштың әр қимылын қалт еткізбей,
оның ой-өрісін, мінез-құлқын, іс-әрекетін қылға тізіп отырған
мен, оның әсіресе орынды жерде жарқылдаған жайдары,
орынсыз жерде түксиген тұйық мінезін ұнаттым. Жаны таза,
пейілі түзу адам екенін аңғардым. Осы бір сезім бірте-бірте
ұлғая түсті. Оның үстіне қыр қыздарының домбыра тартып,
134
ән салатыны некен саяқ кездесуші еді, ал енді Қайныштың
ән салу өнері өз жүрегімнің тынысынан үндестік тапқандай
болды.
– Үй ішіндегі ойын осымен тоқталсын, дала ойынын ойнап,
біраз бой сергітелік, – деді бір жігіт.
Екі үйдің белдеуінің екі жерінен арқан керіп, ортадағы
алаңға «соқыр теке» ойнадық. Сонан кейін «серек құлақ»,
«жиен-жиен» ойындары ойналды.
«Серек құлақ» ойынында қыз-келіншектер қой болып,
жайылып жүреді, жігіттер екі тақияны қасқырдың
құлағындай екі шекесіне серейтіп байлап алады да, қойға
шабады, қойларды алып кетеді. «Жиен-жиенде» де сол
сияқты жігіт жиен болып келіп, қой болып жүрген қыз-
келіншектерді алып қашады.
Ойынның осындай бір ығы келіп қалғанда, мен Қайнышты
алып қаштым. Қойшы – Әмірғалы болатын. Ол ойбайын
салып, қала берді. Ауылдан алысырақ бір ойпатта қалың
ши бар еді, біз соған келіп жасырындық. Сол кезде самалдай
болып тұрған айдың бетіне ақсұр бұлт ілініп, ши іші қара
түнекке айналып кетті. Оңаша жерге алуын алып келсем де,
қасымдағы қызға бір ауыз бөгде сөз айтуға шамам келмеді.
Дегенмен не де болса жүректегіні айтуға бел байладым.
– Қайныш, – дедім оның оң қолынан ұстап, – біз сендермен
алыста жүрсек туыс, жақында жүрсек құдамыз. Бір-бірімізді
білмейтін жай жоқ. Өзің білесің, менің жалғыз шешем бар,
жасы болса келді, «көзімнің тірісінде келінді болсам» деп
армандайды. Бүкіл Семейден қыз таба алмай жүргенім жоқ.
Апамның да, өзімнің де ойымыз «өз еліміз, өз туысымызбен
үйлессек» деген еді. Жасырып жабары жоқ, елге келгендегі
ойым осы. Менің саған ұнар, ұнамасымды өзің айтарсың, ал
мен сені ұнатып отырмын. Менімен өмірлік жолдас боламын
десең, осы арада уағдаңды бер.
Қайныш қапелімде қысылып, не айтарын білмей қалды.
Төмен қарап, ойға кеткендей болды. Әлден уақта басын
көтеріп:
– Қайдан білейін, қазақ қыз туса, «қырық жеті» деп
қуанбай ма? Біз сол қырық жеті емеспіз бе. Басымда билік
бар ма. Әкем мені мына Атан Ахметтің баласына атастырып
отыр. Ата-ана сөзін бұзу деген де қиын, қалың мал есебіне
135
осы жайлаудың өзінде бірқауым мал алып қойды олардан.
Басым бос болса, сізбен бірге жуа теріп жесем де арманым
болмас еді, – деп әлсіз бір дем шығарды аузынан.
– Ойың ойлаған жерімнен шықты, Қайныш, бірақ... сенің
тағдырың сырттай шешіліп қойған екен. Бұл батаны бұзып
шығу бізге қиын. Енді бір-ақ амал бар, не де болса тәуекелге
бел байлап, бірге кету керек, – дедім. – Қайныш, мен әкеден
ерте айрылдым, мақтанар мал менде жоқ, мал орнына
өнерім бар. Әке орнына шешем бар, ал бақыт деген алдағы
өмірге байланысты. Іздегенім өмірлік махаббат еді, қайталап
айтайын, онымды таптым ба деп отырмын. Ол – өзің. Ендігісін
сен ғана шеше аласың. Маған салсаң айтқаным айтқан, осы
сапардан қалмай кетуіміз керек.
– Мал дейсіз, – деді Қайныш күліп, – мал деген жолдас емес,
ол – бір жұттық емес пе, махаббатымды малға айырбастайтын
болсам, мен сізге бүйтіп уағда бермеген болар едім. Жалғыз-
ақ қиыншылық өмір бойына тәрбиелеген, «менің табаныма
кірген шөгірді маңдайыма кірсін» деп oйлаған әке-шешемді
қалай ғана жылатып тастап кетемін? – деп жылап жіберді.
Сол түні Қайныш екеуміз кетуге уәделесіп тарастық.
Ертеңіне өз ауылымызға барып, Қайнышты қалаға алып
кету қамына кірістік. Ауыл арасы көп алыс емес еді, ат-
тұрманымызды сайлап, үш-төрт күн аялдаған соң Қайныштың
дайындығын білуге кісі жібердік. Ол хатта «бүгін түн ортасы
ауған кезде үй сыртындағы үлкен обадан тос» деген сөйлем
ғана жазыпты.
Терлікбай екеуіміз бір атты жетекке алып, түн қараңғысын
жамылып, тартып келеміз Қайныштың аулына.
Ауылдан алысырақ сайға аттарымызды бекітіп, айтылған
обаның сыртына екеуіміз жаяу келдік.
Тықырды құлағы қырымнан шалатын тайыншадай
төбеттер тұс-тұстан андыздап, обаны қоршап алды.
Қысылғанымнан: «Енді қайттік!» – деп Терлікбайға
тығылдым. Ол:
– Қорықпа, жата қал, үндемесең өзі кетеді, – деді. Біраз
абалап, айнала жүрді-жүрді де, иттер жөніне кетті. Әлден
уақытта қақырынып, түкірініп үйден біреу шықты да, тура
біз жатқан обаға қарай жүрді. Үш қанат үйдің көлеміндей
дөңгелене қаланған обаның ішіне кірді. Біз обаның сыртында
136
тасқа жабыса жатырмыз. Ол жан-жағына қарап, біздің
үстімізге бір-екі түкірді де, ештеме көрінбеген соң ізінше
қайта қайтты. Сондағы қысылғанымды сұрама.
Сөйтіп, Қайнышымды сарғая тосып жатқанымда бір елес
бізге қарай келе жатқандай болды. Өз көзіме өзім сенбей,
көзімді уқалап қайта қарадым. Қарайған жақындай түсті. Ол
дәл қасыма келіп: «Әміре, бармысың?» – дегенде, жүрегім
жарылып кете жаздады.
– Қайныш! – дедім тура жүгіріп.
– Өмірлік сүйгенім! – деді Қайныш құшағын жая беріп.
Құшағымыз айқаса кетті, ерніміз жабыса түсті. Бұл біздің
бірінші сүйісуіміз еді.
– Бақытты болыңдар, – деп Терлікбай екеуіміздің
құшағымызды жазды.
Мұндайда көп аялдауға болмайды, жығыла-сүріне сайдағы
аттарымызға келіп, аман-есен аттанып кеттік. Түнделетіп
тартып келеміз. Бетіміз Семей.
– Әміре, тыңдашы, біреу айғайлай ма? – деді Әйтіш.
– Әй, серілер! Жүріңдер үйге, шай дайын, – деп айғайлап
келе жатқан Дінәкеш екен.
– Ал, жүр, шай ішелік.
– Сонымен не болды?
– Сонымен аман-сау Семейге жеттік. Кейін өкпе-наз
айтылып жатты. Қайныш үшін де, мен үшін де ойдағыдай
болып кездестік. Әзіліміз де жарасты, – деп Әміре әңгімесін
аяқтады.
СЕМЕЙДЕ
Ақкөңіл, әзілшіл, әнші Әміре Ертістің аржақ-
бержағындағы елді аузына қаратты. Оның әншілігі өз
алдына, адамшылығын айтсаңызшы. «Ауырмаса қоң етін
кесіп береді» дейтіннің тап өзі. Кедейлігіне қарамай сондай
мырза, аңқылдаған ақ көйлек. Кісі көңілі қалсын демейді,
арамдық пікірден түйір жоқ.
Әмірені халықтың ерекше еркелетуіне бірінші себеп оның
әні болса, екінші себеп осы мінезі еді.
Әміре өнерді үйренген үстіне үйрене беруден жалықпайтын,
бір үйге келсе, сол үйдің кесесі дейсіз бе, стаканы дейсіз бе
137
сол сияқты ыдыс-аяғын столға тізіп қойып, оларды ағаш
қасықпен қағып әнге келтіретін.
Адамның бала күнінде көргені ұмытылмай ма деймін,
қайта оның есейе түскендегісі есінде көп сақтала бермейтін
сияқты. Өйткені, көргені көбейген сайын олар бірімен бірі
шатасып, тұмандана беретін тәрізді.
1915-1916 оқу жылдары мен Жаңа Семейдегі екі кластық
орыс-қырғыз мектебіне түстім. Анық білем, ақырғы алтыншы
бөлімде Қамза Нахынжанов, Ыдырыс Мұстамбаев дейтін
екі қазақ баласы оқыды. Екеуі де шұбар еді. Біз оларды қос
шұбар дейтін едік. Екеуі де өте зерек болды.
Сол Ыдырыстың әкесі Мұстамбай өте кедей болды. Үйі
біз оқыған мектептен алыс емес-ті. Кәсібі жоқ, пима жамап
үйде отыратын. Не себеп екенін білмеймін, сол Ыдырысқа
Әміре үйір болды. Бір күні менің көзімше: «Мынаны балаң
кисін, оқып жүр ғой, аяғы тоңар», – деп жап-жаңа пимасын
аяғынан шешіп берді Мұстамбайға.
Әміре бертін келгенше бала сүймеді, бұрынғы әйелінен
де бала қалмады, ал енді өзінің балажандығы керемет
еді. Ерінбей-жалықпай балалармен ойнап, олармен өтірік
төбелесіп жүретін. Бір күні мен келсем таман баланы жиып
алып, қамбасының ішінде солармен жұмбақ айтысып отыр.
Әміре жұмбақ айтса, балалар шешеді, ал балалар айтса,
Әміре шешеді. Заты көп айтысқан болу керек, жаттамалы
жұмбақтары бітіп қалғанға ұқсайды, ыңыл көбейіпті. Бір
қара бала:
– Мен айтайын, – деді.
– Ал айт, – деді Әміре.
– Уащамси, уалқамари, уассамаи, уальарзи. Бұл не? – деді
әлгі бала.
– Әй, сен орысшылама!
– Орысша емес.
Әптиек оқып көрмеген Әміренің құран сөзіне шамасы
қайдан келсін. Оған мен болыстым.
– Ол күн мен ай, аспан мен жер деген арабтың сөзі, – дедім.
– Уәй, ит! Сөйтпесең молданың баласы боласың ба?! – деп
Әміре қара баланың басынан сипап жатты.
«Әзілің жарасса, атаңмен ойна» деген мақал бар. Әміренің
әзілі үлкенге де, кішіге де ұнап тұратын. Оның сондай бір
138
әзілін келтіре кетейін. Әміре бір қымызшыдан шығып келе
жатса, ауылдас жігіт Баймағамбет жолыға кетеді.
Әміренің киім киісіне, жүріс-тұрысына қарағанда, оны
ешкім де кедей деп ойламайды. Бір байдың солқылдақ
мырзасы екен деп ұғады. Үстінде көк шұға костюм қара
желетке, қатырма жаға шатырдай ақ көйлек. Аяқта
қонышынан бет көрінетін лакты етік. Оның үстіне қымыздың
қызуынан саршабдарлау бетіне алқызыл қан жүгірген соң
Әміре гүл-гүл жайнай түседі.
Әлгі арада Баймағамбет Әміренің осы түрін көріп аңырып
тұрып қалады.
– Бәке, қашан келдің? Немене, жай ма? – деп Әміре
бастырмалата жөнеледі.
– Иә, Әміре, тіпті жай да емес, қалаға келіп, біраз кәсіп
істейін бе деген ойым бар еді. Соған бір пәтер таба алмай
сандалып жүргенім, – дейді ренжіп.
– Қой, халық көп емес пе, неге табылмасын.
– Әй, болмады ғой. Шаршатып тұр.
Әміре аз ойланғандай болып:
– Апыр-ай, қиын болған екен. Онда біздің үйге тұр, – дейді
қынжылған пішін көрсетіп.
Баймағамбет қуанып, мекенжайын жазып алу үшін
қалтасынан қағаз-қарындашын ала бастайды.
– Өй, Бәке-ау, адрес жазбақпысың? Оның керегі не?
Әміренің үйі қайсы десең кім білмейді бұл қалада? Қазақ
зиратының жанындағы астылы-үстілі көк төбел үйді көрген
жоқсың ба? Міне, сол үй, мына дөдеңдікі, – дейді бармағымен
өзінің кеудесін түртіп.
– Ендеше ертең барайын, – дейді Баймағамбет рахметін
айтып.
Ертеңінде Баймағамбет қазақ зиратына жақындай
бергенде-ақ көк төбел үй анадайдан көз тартады. «Бәсе,
айтса айтқандай, анадайдан-ақ атой беріп тұр ғой үйі»,
– деп ойлайды Баймағамбет ішінен. Баспалдақпен баса
көктей үстіңгі үйге тартады. Бір есікті қағады, ешкім
дыбыс бермейді. Екінші есікті қағады, дыбыс жоқ. Үшінші
есікті қаққанда барып аржағынан беті табақтай, ұзыны мен
көлденеңі бірдей былшиған сары қатын есік ашады. Көзінің
былшығын кимешегінің ұшымен сүртіп, Баймағамбетке
бедірейе қарайды.
139
– Сізге кім керек?
– Әміре.
– Әмірең кім?
– Осы үйдің иесі.
– Мұнда ондай кісі тұрмайды, – деп сарт еткізіп жауып
алады есікті әйел.
Баймағамбеттің қуанған жүрегі су сепкендей басыла
қалады. Ол қайтерін білмей кішкене тұрады да, көшедегі
кісілерден әлгі үйдің иесін сұрайды. Сөйтсе, бұл үй – Мұсатай
деген байдікі болып шығады.
– Алда құдай-ай! Әміре мені қатырған екен ғой, – деп
Баймағамбет санын бір соғып, ізінше қайтып жүре береді...
ПАРИЖДЕ
Екі Семейдің маңдайындағы жұлдызы, сүт бетіндегі
қаймағы болған Әміренің атағы бара-бара бүкіл Қазақстанға
жайыла бастады.
Бір күні «Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев Парижде
болатын Жержүзілік көрмеде қойылатын этнографиялық
концертке қатысуға келісім бере ме екен. Соның хабарын тез
білдіруіңізді сұраймын. Жол қаражаты, гонорары төленеді.
Мерзім – маусым, шілде айлары. РСФСР Халық ағарту
комиссары – Луначарский» деген Семейдің губерниялық
халық ағарту бөліміне жедел хат келді. Ол кезде мекемелер
алашордашыл, байшыл оқығандардан арылып болған жоқ-
ты. Солардың олай-бұлайымен жүргенде бірсыпыра уақыт
өтіп кетсе керек. «Әнші қазақ Әміре Қашаубаев туралы менің
берген жедел хатыма жауапты тездетулеріңізді сұраймын.
Парижде болатын біздің концерт мәселесінің мемлекеттік
маңызы бар» деген А.В.Луначарскийдің қолымен тағы жедел
хат келді. Бұл 1925 жылдың жазы болатын.
Парижде болатын концертке қатысу үшін Мәскеуге
басқа ұлт республикаларынан бірнеше өнерпаздар келді.
Дүниежүзілік концертке дайындық есебінде Мәскеудің Үлкен
театрында байқау өткізілді. Бұл жөнінде «Правданың» 1925
жылғы 26 маусым күнгі нөмірінде:
«Башқұрттың қурайшысы Исенбаев, қазақтың әншісі
140
Әміре Қашаубаев, өзбектің бишісі және әншісі Тамара Ханум,
армянның асбап триосы Сукиясов, Харибекишвили және
Қахаров шын мәнісінде Одақтық республикалардың халық
артистері, олардың шығармашылық өнері көркемдік сатысы
мен орындаушылық жағынан еуропалық шеберлердің тәуір
деген нөмерлерінен кем түспейді», – деп жазылды.
Осы сапар жөнінде Әміре бізге былай деген еді: «Еліміздің
астанасы Мәскеуге барып түскенде, бейнебір бөтен дүниеге
келгендей болдым: қаланың құмырсқадай қайнаған халқы,
зәулім биік үйлер, зуылдаған машина, айнадай жарқыраған
асфальт.
Мәскеуге таныс қайдан табылсын. Қаланы жатырқағандай
елеңдеп елегізи бердім. Есіл-дертім Александр Викторович
Затаевич. Өйткені, ол кісі менің ән тамырым емес пе. Енді
былай қарағанша болмады, – дейді ол, – бір мезгілде ауыр
қол оң жақ иығыма сарт ете түсті. Жалт қарасам Затаевичтің
өзі, бізді қарсы алуға келген беті екен. Әкем Қашекең тіріліп
келгендей қуандым. Жаным жадырап, жүрегім жай тапты
да, тек оның артынан ере бердім. Қысқасы, қашан концерт
болғанша Затаевич менен екі елі айырылмады. Бәйгеге
қосатын аттай тәрбиелеп, маған ән салудың барлық амалын
үйретті. Қазақ халқының мәдениеті мен өнерін зерттеп, сол
үшін жан-тәнімен аянбай еңбектеніп жүрген кезі болатын.
Үлкен театрға халық лық толды, танитыным – тек
А.В.Затаевич пен жуырда танысқан А.В.Луначарский.
Кезегім келіп, сахнаға шыққанымда таяқ тастам жерден
бір пенсне көзіме оттай басылды. Ол Анатолий Васильевич
Луначарскийдің көзәйнегі екен. Ең алдымен «Қанапияны»
айттым, екі көзім сол көзәйнектінің қимылы мен қас-
қабағында. «А-а...» деп әнді көтергенімде-ақ Анатолий
Васильевич пенснесін қолына алды да, жан-жағына қарап,
бір қозғалып қойды. Тыңдаушыларға дауысымның ұнап
кеткенін сезіп қалғандай болдым. Әнді аяқтағанымда қол
шапалақтаумен бірге «Бис-бис!» деген дауыстар естіліп
жатты. Халықтың шақыруымен сахнаға қайта шығып,
«Ағашаяқты» айттым. Бұл әннің көпшілікке сөзі түсініксіз
болғанымен оның мәнеріне мән бермейтін кісі болмайды.
Е...е...е...й... қалдау, қалдау...!» деп еңіреп қоя бергенімде,
залдың іші менімен қоса күңіреніп кетті. Біреулер күліп
141
жатыр, біразы жылаған да болу керек. Өйткені алдыңғы
ретте отырғандардың ішінен мұрындарын қос-қостан тартып
емсінген біреулерді байқап қалдым. Концерт аяқталғаннан
кейін сахнаға Анатолий Васильевич келді. Қолымды ұстап
құттықтады.
– Парижде де осындай табысқа жетуіңізге тілектеспін, –
деді.
Профессорлар, композиторлар бас қосып, Парижде
берілетін концерттің бағдарламасын жасады. Менің
репертуарымды А.В.Затаевичтің өзі жасап берді. Біз орыс,
украин, түркмен, башқұрт, кавказ халықтары өкілдерімен
бірге Парижге жүріп кеттік.
Париждің үлкен театрларының бірінде дүние жүзі
өнерпаздарының концерті берілді. Сахнаға совет делегациясы
шығады деген күні театрдың ішіне ығы-жығы кісі сыймай
кетті. Мен осынысына таңдандым, ежелден бақ күндес ел
болған соң, бұлар қайтер екен, қара білек жұмысшылардың
қандай өнері бар екен деп әдейі сынамаққа жиналып жүр ме
деп те қалдым.
Концерт орыстың көп дауысты халық хорымен басталды.
Би, жеке ән, тағы басқа өнерлер бағдарлама бойынша
көрсетіліп жатты. Кезек өзіме келгенше домбырамды
дауысыма дәлдеп, зар күйіне келтіріп алдым.
Бір уақытта концерт басқарушы жігіт сахнаға шығып:
– Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев қазақтың ұлттық құралы
домбыраға қосып, «Қанапия» дейтін халық әнін орындайды,
– деді.
Мен міз баққаным жоқ. Александр Викторович қорықпа
деген. Үстімде ұлт киімі, қолымда қара домбыра, қаптап
отырған француздарды кісі құрлы да көргем жоқ. Кердеңдей
басып сахнаға шықтым да, орындыққа отыра қалып, мұнан
бірнеше күн бұрын ғана Мәскеу халқын таңғалдырған
«Қанапияға» бастым. Қайта-қайта биске шақырған соң
«Ағашаяқты», тағы бірнеше ән айттым. Концерт біткен соң
сахнаға Франция халқының жазушылары Ромен Роллан,
Анри Барбюс келді. Таныстық. Олар мені құттықтады.
Сонымен біз Парижде он шақты рет концерт бердік. Meн
екінші орынға ие болып, күміс медаль алдым», – деп аяқтады
ол әңгімесін.
142
Әміре еш уақытта өтірік айтпаған адам, өзі өтірік
айтқан адамды иттің етінен жек көретін. Оның осы айтқан
әңгімесінде бір түйір қоспа жоқ. Оған «Париж апталығы»
газетінің 1925 жылғы 31 шілдедегі мақаласы дәлел. Газетте
былай деп жазылған:
««Комедия» залында өтіп жатқан орыстың этнография-
лық өнері әдеттегі біз болып жүретін концерттерден
ерекше. Біз аса жоғары, қызықты сахна көрдік, біз
Түркістанның, Украинаның, Оралдың, Кавказдың таза
шынайы қалпында тұрған, жүрек қылыңды қозғайтын
музыкасын естідік. Олардан гармониялық мелодиялық
бұрмалау, дыбыс құрылыстарын өзгерту сияқты өзінің
ерекшелік характерін бұзатын нәрселерді таба алмайсың.
Қазақтардың, башқұрттардың, орыстардың әндері олардың
төл интонациялары арқылы, ал аспаптық пьесалар өздерінің
қолдан жасаған аспаптарында орындалды... Қазақтың әншісі
Әміре Қашаубаев өзінің халықтық манерада айтылатын
емін-еркін дауысына ұлт-аспабы домбыра сүйемелін қосып,
өз елінің жанын толқытатын әндерін орындады...»
Достарыңызбен бөлісу: |