234
Ұлт театры шаңырағын бірге көтеріскен Социалистік
Еңбек Ері, халық әртісі Серәлі Қожамқұлов 1974 жылы маған
айтқан естелігінде: «Бүкіл халық қошеметіне бөленіп, атағы
жер жүзіне кеткен Әміре Парижден аса көңілді де шатты
оралды. Арада бір-екі ай өтпей жатып, бір күні бет әлпеті
көгерген, көзі ісінген күйі жұмысқа келді. Не болғанын
сұрадық. Ол: «Сұрамаңдар, мен айтпаймын», – деді. Оның
осы көрінісі арасына айлар салып, қайталанып жүрді. 1929
жылы ұлт театры Алматыға көшті. Мұнда келген соң да
Әміреде сол күй үзілген жоқ. Ұмытпасам, 1931
жылдың
көктемі еді. Бір ойын-сауықтан соң Иса, Әміре үшеуміз айлы
түннің аспанында үйді-үйімізге бірге тарастық. Сонда Әміре:
«Мына пәлелердің менде не ақысы бар екенін білмеймін, түн
жамылғысында қара киінген екеу үйден әкетіп, таң сәріге
дейін ұстап қоя береді. Сондағы сұрайтыны: «Мұстафа не
деді?» – дейді. – Айтқан әнімді тыңдап, көзіне жас алып, елге
деген сағынышын білдіргеннен басқа естіген ештеңем жоқ,
– десем, сенбейді. Сенген былай тұрсын, бірі ұстап тұрып,
екіншісі қол жұмсап, көгала қойдай етеді», – деп көзіне жас
алып, қиналып жүргенін жайып салды.
Бәрінен де сорақысы: «Осынымызды бір адамға айтушы
болсаң, отбасыңа зияны тиеді», –
деп әбден қорқытатынын
айтып, еңкілдегені естен кетер ме. Қайран Әміренің сол сөзі
әлі құлағымда», - деген еді. Осыны Серағаң ішіңде жүрсін
дегендей құлағыма сыбырлаған болатын. Ол кезде бұл туралы
айту, жазу мүмкін емес-ті. Енді ойласам, Әміре жайлы
шындық кейінгілер есінде жүрсін дегені екен.
Әміренің ендігі өмірінің көңілсіз кейпін оның фото-
суреттері дәлелдегендей. Мәселен, Семейден шығып 1917
жылы төңкеріс тұсында Петроградта болған, оқыған азамат
Мұсағали Қаңлыбаевпен (атақты ғалым, дәрігер Жамал
Қаңлыбаеваның әкесі) 1921 жылы түскен фотосуретінде Әміре
жайдары–жарқын, көңілді көрінсе, 1926 жылы сүйген жары
Оразкемен, Иса Байзақовпен және сол жылдар шамасында
Қалыбек Қуанышбаевпен, Қажымұқанмен, т.б.
ұлт театры
шаңырағын көтерісушілер
мен түскен фотосуреттерінде
Әміре жүзі қатулы, күдіктің қара көлеңкесі бірге жүргендей
сезіледі», – деп алғаш рет жазғанымды 1998 жылы жарыққа
шыққан «Абай» журналының 2-ші санының 73-75 беттерінен
оқуларыңызға болады.
235
Арада алты жыл өткенде Серағаң айтты деп, менің
жазғанымды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің отставкадағы
полковнигі Әмірхан Бәкірұлы нақтылай түсті.
* * *
Әмірхан Бәкірұлы 1974 жылы Серке Қожамқұлов
маған сақтана отырып айтқан әңгімелерінің шындыққа
айналғанына көзімізді жеткізіп, дәлелдеп берді. Әмірханға
рахмет айтамыз. Ән атасы
Әміре жайлы шындықтың беті
ашылып, ендігі жерде осылайша ашық айтуға мүмкіндік
алдық.
Бүгiнгi таңға дейiн мерзiмдi баспасөз беттерiнде
айтылмай келген шындықты жария еткен бiрлi-жарымды
мақалалар да жарық көрiп үлгердi. Мәселен “Алтын Орда”
газетiнiң 2002 жылдың 21 ақпан күнгi санында “Қазақтың
ұлы әншiсi” деген атпен Ерлан Мұқатайұлының менiмен
әңгiмелескендегi көлемдi мақаласы шығып, 1974 жылы
менiң Серке Қожамқұловтан естiгенiмдi алғаш рет батыл
жазды. Ерлан бауырымыз Әмiре жайлы ерекше толғаныспен
шын жанашырлықпен және жан-жақты шолу жасай отырып,
жақсы жазған.
Шындықтың бетiн одан әрi аша түскен тағы бiр әңгiменi
белгiлi ақын Маралтай Райымбекұлының қойған сұрақтары
бойынша Республикалық тәуелсiз “Алтын Орда” газетiне
жариялаған “Ұлтын әйгiлеген Әмiренi жұрты да аялауы
керек” деген сұхбатымызда да жайып салған болатынбыз.
Онда:
– Лермонтовтың дуельде
оққа ұшқанын естiген Иран
бекзадасының өкiнгенi бар едi ғой. “Орыстарда таланттар көп
қой, көп болғасын өлтiре бередi де…” – деген. Дәл осы сөз
бiздiң ұлттың жүрегiне шөңге болып қадалатын қасiреттi де
қозғай кетедi…
Онда етек-жеңiне iнжу-маржан таққан Еуропа, Орта
Азия түгiлi, ормандай орыстың мәдениетiне мұрнын
шүйiре қарайтын. Күнпарақта жиырмасыншы ғасырдың
жиырма бесiншi жылы болатын. Арғы тегiнiң төрiне ән
түнеген қазақтың Әмiре Қашаубайұлы атты баласы күмiс
көсiп отырған француз жұртын тiкесiнен тiк тұрғызып,
таңғалдырып қайтқан сол жылы. Париж көшелерiне сыймай,
перiштенiң құлағына жеткен Әмiренiң әнi екiншi ендiкте әлi
әуелеп жүрген көрiнедi…
236
Оғландарын отқа айдап,
оққа байлап берген тұстағы
ақтаңдақ тарихында Әмiренiң ажалы Құдайдан емес,
қаҺарлы жүйеден келгендiгiн ендi ел бiлуi керек. “Алтын
Орда” ән падишасы Әмiре Қашаубайұлы туралы жұртқа
беймәлiм жайттардың бетiн ашқан – танымал күйшi,
Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi Жарқын Шәкәрiм:
“Ұлтын әугілеген Әмірені жұрты да аялауы керек...”, – деп
сұхбатын бастаған.
Достарыңызбен бөлісу: