294
дәрежелеп, салтанатта бірге болған дарқан еліме, оның ақ
жүрек халқына айтар алғысым мол.
Әкемнің әншілік, адамгершілік қасиетін ардақтап,
ұмытылмас
естеліктерін ортаға салып, достық пен махаббатты
паш еткен ғалым аға, академик Әлкей Марғұланға, қадірлі
апамыз Сара Есоваға, қарт
жазушы Сапарғали Бегалинге,
Қазақ ССР-нің халық әртістері Серке Қожамқұловқа, Қанабек
Байсейітов, Жүсіпбек Елебековтерге айтар рахметім көп-ақ.
Әсіресе, жас та болса бірегей еңбек етіп, архивте жатқан әкем
даусын өз халқына қайта жеткізген өнер зерттеушісі Жарқын
інішегіме айтар алғысым мен ізгі тілегімнің шегі болмас.
Кезінде үкімет қаулысы
бойынша әкем атымен аталған
астанамыз Алматыдағы музыка мектебі елімізге көптеген
жасөспірім өнер шеберлерін беріп келеді. Соған орай айта
кетейін дегенім, Семей облысының Абай ауданындағы
«Қайнар» совхозы еңбеккерлерінің өз жерлерінде әкеме
ескерткіш орнатып, халық театрын,
пионер дружинасын
Әміре есімімен атауларына зор ризалығымды білдіремін.
Міне, бүгін өлген тіріліп, өшкен жанып, қадірлі әкемнің
асқақ үнін өз аузынан естіп отырмын. Мұндай сәт адам
өмірінде көп бола бермес.
Мен өзім де, осыдан аз жыл бұрын қайтыс болған апам
Күлән да
ата жолын қуып, театр, концерт және эстрада
сахналарында көп жылдар бойы еңбек еттік. Қазір жолдасым
қазақ эстрадасының әртісі Сейтім Жақыповпен бірге
Қостанай қаласында тұрып жатырмыз. Қолымызда Әміренің
Шәйзада, Марат, Әміржан атты жиен-немерелері бар. Оның
соңғы екеуі қазір Совет Армиясы қатарында.
Достарыңызбен бөлісу: