Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет83/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

останай аласы.
(“Семей таы” газетінен, 14 апан, 1976 ж.)
Ны мет МА*АУИН
А*АШАЯ - ӘМІРЕНІ? 6СТАЗЫ
Әміренің әншілік өнерін зерттеушілер «Ағашаяқ» әнін 
көп айтып, көп дәріптейді. Ағашаяқ тарихта болған ба, 
болса кім, қалай өмір сүрген деген сұрақтарға осы уақытқа 
дейін айтарлықтай мән берілмей келеді. Атақты музыка 
зерттеушісі, этнограф А.В. Затаевич: “Әміре Қашаубаев 


295
«Ағашаяқ» әнін орындап қоймай, оны өңдеп, қайта 
жаңартып, ажарландыра түсті”, – деген. Жазушы Николай 
Анов «Ағашаяқ» әніне үлкен ықылас білдіреді. Ән сұлу дейді. 
Мұндай пікірді бір кезде шетел баспасөзі де айтқан.
Сонымен Ағашаяқ кім? Ендігі сөз соның төңірегінде 
болсын. Ағашаяқ – Абай ауданы жеріндегі Шұнай тауы 
бөктеріндегі Қособа деген жерде қырық жыл өмір сүрген, руы 
– Көкше. Олжабай деген адамның Жұмажан деген қызына 
үйленген. Одан Тілеуқан, Жаңыл деген екі қыз туған, олар 
қазір де тірі. Ағашаяқты ауылы аралас, қойы қоралас отырған 
Мәмбетей, Құлық, Есболаттың азаматтары жақсы біледі. 
Бекбатыр, Мұратбек деген қарттар Ағашаяқтың Әміреге 
ұстаздық еткенін, көп жылдар бойы екеуінің жұп жазбай 
бірге жүргенін, ел ішіндегі жиын-тойдан қалмайтынын 
айтады. Әміре Дегелең деген жерде туған. Ағашаяқ арқылы 
жоғарыда аталған адамдармен қарым-қатынаста болған.
Ағашаяқты менің де көріп, мәжілістес, дастарқандас 
болғаным бар. Ақшатау бойындағы Сұркезең деген жерде 
сабан тойы өтті. Соған арнайы шақырылған Ағашаяққа атшы 
болып бардым. Мәжіліс қызған кезде жан-жақтан жиналған 
және сол елдің адамдары «Ағашаяқтың әнін айтып бер» деп 
Әміреге қолқа салды.
– Ән иесінің өзі отырғанда менің айтқаным әбестік болады, 
- деп Әміре азарда-безер болған соң, домбыраны Ағашаяқтың 
өзі алды. 
«Атанып Ағашаяқ жырақ кеттім, 
Көрінсе қыз-келіншек шырақ деппін. 
Әніммен қыз қайдалап, қызық қуып,
Парижге Шыңғыстаудан бір-ақ жеттім», – 
деп қолындағы домбырасын Әміреге ұсынды. Әміренің 
асқақ даусы Ақшатаудың аспанынан асып, Балқыбек, 
Байқошқарды шарлап кетті. 
Көп жиында өткір тілді, өлеңді қолма-қол құрастыратын 
адамды ақын десек, Ағашаяқ та сондай суырыпсалма ақын. 
Өлеңге сай ән шығарады. Сөзді ән ырғағына дәл келтіреді. 
Оның халық арасына кең тарай қоймаған 17 әні бар. Ақын 
Шәкер Әбенов Ағашаяқтың «Ой, қызық-ай, қыздар-ай», 
Қабыш Кәрімқұлұлы «Кертайлақ» әндерін шебер орындайды. 


296
Ағашаяқты халық табиғи әртіс, күлдіргі ойыншы 
ретінде бағалайды. Ол ән салғанда әуен ырғағы мен сөз 
мәнері жымдаса байланысып, өзінің бет-бейнесін, отырыс-
тұрысын мың құбылтып, түрлі саққа жүгіртіп, маңайындағы 
жұртшылықты қыран-топан күлкіге батырушы еді. Оның 
«Ағашаяқ» әнін дәл өзіндей мәнеріне, мимикасына келтіріп 
айтатын адам жоқ. Ол «Ой, қалқам-ай, ойыңа ал» дегенде 
бет пішінін өзгертіп, мұңая жалбарынып, шағым айтқандай 
болса, «Мен де өлер деймісің» дегенде, жыламсырап, 
төменшіктеп, көз жасын қолына сарқып, қыз-келіншектер 
отырған жаққа қарай лақтырғандай қимыл жасағанда 
отырғандардың ішек-сілесі қатады. Ағашаяқ әндерінде 
(әсіресе жас кезіндегі шығармаларында), ол өңдеген ұлт 
ойындарында күлкі шақырмайтын қимыл жоқ. 
Адалбақанға аяғын асып алып, зар желген атқа ілесетіні, 
жеті атан түйені қатар тұрғызып қойып, солардың үстінен 
секіріп, арғы жағына дік ете түсетіні, семіз жылқының 
жаясына ырғып шығып, билейтіні, одан домалап түсіп, ор 
қояндай секіріп, көзден әп-сәтте ғайып болатыны көрермен 
қауымды қайран қалдырмай қоймайды. Кемпір-шал 
болып керісе қалып, артынан жайма-шуақтанып жуып-
шаятыны да қызық. Мұндай қимылдарды Жидебай басында 
тұратын Қабыш Кәрімқұлұлы мен «Бірлік» совхозындағы 
Жұмақұлбай Базарбайұлы жақсы жасайтын. 
Ағашаяқ – шебер күйші. Өзі шығарған кейбір күйлерді 
ұлт ойындарын сүйемелдеуге бейімдеген. «Бүркіт биі», 
«Бозайғыр» күйлері өлеңмен де, қарасөзбен де айтыла 
беретін. Домбыраны алды-артына орағытып, басына 
шығарып, аяғының арасына қойып, бақайымен де шертеді. 
Оның «Бүлкілдек» деген күйі естіген адамды күлдірмей 
қоймайды. Менің білерім - Ағашаяқтың тоғыз күйі бар. Олар 
Құрманғазы атындағы консерваторияда сақтаулы. Қабыш 
ақсақал «Салт атты», «Қосбасар» деген екі күйін тартады. 
Шәкер Әбенов те оның бірнеше күйін біледі. 
Қорыта айтқанда, Әміренің ұстазы Ағашаяқ мұраларын 
зерттеп, бүгінгі өскелең ұрпақ игілігіне ұсынатын кез жеткен 
сияқты. Көнекөз қариялар тірі тұрған кезде олар білетін 
деректерді қағазға түсіріп алса да артық болмас еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет