196
197
БЕЙнЕ Бір БҰлақ сУы
Мінеки, аспанды өрлеп,
бұлтты жарып,
Жеткендей күшті дауыс күнге барып.
Таң ата шырылдаған бозторғайша,
Түрлентіп күн шашырай әнге салып.
Біресе тамылжиды жазғы таңдай,
Бейне бір бұлақ суы – мейірің қанғай.
Біресе қиялыңды қытықтаған,
Кешкі бір көз ұялтып жаққан шамдай.
Тау кезіп бұлттан өтер күнмен ойнап,
Әдемі ән салады құлақта ойнап.
Біресе
елестейді жасыл жайлау,
Құлпырып жатқан жота гүл-гүл жайнап.
Көтерсе шыңда қыран байланғандай,
Қайырса шақыруға айналғандай.
Жүректі шымшып алып үзіп жейді,
Дегені, беу, шіркін-ау, Қанатталды-ай!
Насыр Ноғаев
қаДірлі ЖүсЕКЕ!
Сен әдемі алпыс деген жастасың,
Өнеріңмен
қатарыңнан асқасың
Әсет,
Естай,
Ақан,
Біржан,
Әміре,
Әншілердің іздерін сен басқансың.
Ес білгелі еліңменен біргесің,
Күні кеше жау түргенде іргесін,
Домбыраңды көкке сермеп, ән шырқап,
Жауынгер боп жанған отқа кіргенсің.
Ашық көңіл, таза жүрек,
әсем саз,
Есіткенде еріткендей ерке наз.
Қалауыңды өзің тауып халқыңнан,
Сол табыстан мәңгі танба, өнерпаз.
Құттықтаса ел қуанып жамырап,
Сарыарқадан ақ домбыраң аңырап.
Әдемі әнің алты әлемге жайылса–
Оған ортақ осы қара шаңырақ!
Достарыңызбен бөлісу: