К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


 Қаптама шығындарын азайту шаралары



Pdf көрінісі
бет37/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   117
Байланысты:
Кузембаева Г., Кузембаев К Қоғамдық тамақтандыру өндірісін ұйымдастыру

4.3. Қаптама шығындарын азайту шаралары 
Қаптама айналымын ұйымдастыру үрдісінде шығындар кездеседі. 
Қаптама операциялары бойынша шығындар: жабдықтау бойынша 
шығындардан, бос қаптаманы тиеу және түсіру
шығындарынан, жөндеумен 
байланысты шығындардан, тазалаумен, дезинфекциялармен байланысты 
шығындардан және немқұрайлық нәтижесі болып табылмайтын басқа да 
шығындардан тұрады. 
Қаптама бойынша шығындар қаптаманы қабылдау және қайтару бағалары 
арасындағы 
айырмашылықтан, 
қаптаманы 
өшіруден 
туындайтын 
шығындардан, немқұрайлықтан туындаған шығындардан тұрады. Сонымен 


56 
қатар қаптаманы уақытылы қайтармау және сапасының төмендеуі үшін 
айыппұлдар жатады. 
Қоғамдық тамақтандыруда қаптама бойынша шығындарды қысқарту 
мүмкіндіктері бар. Бұған ұйымдастырушылық- техникалық және экономикалық 
шаралар жүргізу ықпал етеді. 
Ұйымдастырушылық –техникалық шараларға: 
 қаптама бойынша жабдықтау келісімнің барлық шарттарын қатаң 
қадағалау; 
 қайтарыылытын қаптаманы уақытылы жөндеу; 
 тиеу, тасымалдау түсіру кезінде қаптамамен мұқият абай болу; 
 ұрлануын немесе тағайындалмауы бойынша қолдануды жоятын қаптама 
сақталғыштығы үшін қажетті жағдай туғызу; 
 ірі кәсіпорындарда өаптама шаруашылығын жүргізуге мест, құжаттарды 
рәсімдеу ережелерін жақсы білетін материалды жауапты тұлға 
қарастырылған; 
 кәсіпорын әкімшілігі жағынан қаптама шаруашылығын жүргузуді 
бақылау жатады. 
Экономикалық шараларға: 
 Әрбір қаптама түрі бойынша жеке-жеке барлық шығындарды 
экономикалық талдау; қаптама бойынша шығындарды азйту шараларын 
құрастыру; 
 Уақытылы қаптаманы есептеу, келісім шарт міндеттерін қадағалау, 
ілестірмелі құжаттарды дұрыс рәсімдеу жатады. 


57 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет