Механикаландырылған тарту желісі жұмысын ұйымдастыру.
Тұтынушылар ағыны сспаты мен кәсіпорын қуатына байланысты үздіксіз және
периодты
әрекеттегі
түскі
астарды
жинақтау
және
жөнелту
механикаландырылған желілері қолдану мүмкін.
158
Тұтынушылар ағыны үздіксіз асханаларда түскі ас залына тікелей
шығатын конвейерлі желілерді қолданған жөн: ЛККО «Поток», МЛКО
«Прогресс», «Ритм-2», «Темп».
Бұл механикаландырылған желілер салқын тісбасардан, бірінші және
екінші тағамнан, тәтті тағамнан және сусыннан тұратын кешенді түскі астың
бір нұсқасын жинақтап жөнелтеді.
«Поток» желісі (ЛККО) жылжымалы тарату жабдығымен (бірінші және
екінші тағамдарға арналған мармиттер, тәрелке, подностарға арналған арбалар)
жабдықталған түскі астарды жинақтау мен жөнелтуге арналған транспортерден
тұрады. Транспортер жанында тарату жабдықтарын блоктармен орнатады.
Әрбір блок бір жинақтаушымен қызмет көрсетілетіне маманданған рын болып
табылады. Желіде үш немесе алты жинақтаушы қызмет көрсете алады, бұл
сағатына 300-400 (6.40-сурет) немесе 600-800 (6.41-сурет) түскі астарды
жөнелтуді қамтамасыз етеді.
«Поток» және «Прогресс» желілерінің жұмысы ұқсас. Бірақ,
тұтынушыларға қызмет көрсету кезінде айырмашылық бар. Егер «Поток»
желісінде тұтынушы түскі аспен подносты алуға үлгермесе, транспортер
соңында ажыратқыш іске қосылып, желі толық тоқтайды. «Прогресс» желісінде
транспортерден алынбаған поднос төменгі таспа бойынша қайтып келеді.
6.40-сурет. Үш жұмыс орнына арналған ЛККО-2 желісінің жалпы түрі
159
Кейбір
кәсіпорындарда
«Ритм-2»
механикаландырылған
желілер
қолданылады. «Ритм-2» тарату желісі жұмыс басталар алдында подностармен,
ас аспаптарымен, нанмен, таза стақандар мен дайын тағамдармен
жабдықталады. Тұтынушы подносты конвейерге қойып, конвейер бойымен
жүріп, түскі асты өзі жинақтайды. Алдымен жинақтағаш арбадан салқын
тісбасар алады, содан соң жылытылатын сөрелерден бірінші және екінші
тағамды алады. Желі соңында нан мен сусын алады. Залда қолданған
ыдыстарды жинауға арналған желі орнатылады.
Тұтынушылар ағыны үздіксіз асханаларды кешенді түскі астарды жөнелту
үшін «Темп» диск типті тарату қолданылу мүмкін. Тарату диаметрі 2,5м және
биіктігі 0,8 м механикаландырылған дөңгелек үстел болып табылады, онда
кешенді астармен подностар қойылады. Үстелдің бір бөлігі тікелей залға
шығып тұрады, ал екінші – таратушы жұмыс орнымен жанасады.Диск
құрылғысы электроқозғаушыдан қозғалысқа түседі, дисктің толық айналым
уақыты -1,5 минут. (6.42-сурет)
6.41-сурет. «Прогресс» МЛКО кешенді түскі астардың конвейерлі желісі
Тұтынушылар ағыны периодты (циклді) асханаларда кешенді түскі
астарды жинақтау және жөнелту үшін (Эффект) ЛКНО қолданылады,
жинақтағыш тұрағынан және түскі астарды жинақтауды арналған
транспортердан тұрады. Желі үш түрде шығарылады (6.6-кесте).
160
6.6-кесте
Негізгі параметрлер
аты
ЛКНО-1
ЛКНО-2
ЛКНО-3
Залдағы орын саны
100
150
200
Өнімділігі,
түскі
ас/сағ
500
750
1000
Сағатына
тұтынушылар
ағынының
циклдылығы, аз емес
4
4
4
Жинақтаушы саны
5
6
8
Жинақтағыш
тұрақта жинақталған
астарды максималды
сақтау уақыты, мин
30
30
30
6.42-сурет. 200 орынды асханада «Темп» диск типті механикаландырылған таратудың
жабдықтарының орналасу сызбасы:
1-диск қондырғылары; 2-ас аспаптарға арналған сөре; 3-подностарға арналған сығымдағыш
қондырғысымен арбалар; 4-салқын тісбасарлар мен сусындарға арналған стеллаж; 5-бірінші
тағамдарға арналған сөре-мармит; 6- екінші тағамдарға арналған электрлі жылжыалы
мармит; 7- ыстық сусындарға арналған сөре; 8- буфет (тоңазытылатын сөре-витрина); 9-
бақылаушы кабинасы; 10- қолданылған ыдыстарға арналған таспалы транспортер; 11 және
12- тәрелкелерді қыздыруға және сақтауға арналған арбалар
«Эффект» желісі жинақтағыш-тұрақтан және жылжымалы тарату
инвентарьмен жабдықталған кешенді түскі астарға арналған транспортердан
тұрады. Жинақтағыш-тұрақ түскі ас салынған подностарды жинақтау мен
161
сақтауға (30 мин дейін) арналған. Ол жеке төрт қабатты секциялардан тұрады
оның әрқайсысынат 16 поднос сияды.
Түскі астар пластмасса подностарда жинақталып жіберіледі. Олардың
түбіне электрқыздыру элементтеріне орнату үшін екі металл диск жалғанған.
Дискке бірінші тағамдармен көже табақтары, екінші тағам салынған
баранчиктер қойылады; салқын тісбасарлар, тәтті тағамдар подноста
қыздырылмайды. Бұл желінің тиімділігі саудалық залда қанша орын болса,
сонша тұтынушылар қызмет көрсетілуден көрінеді (6.43-сурет).
6.43-сурет. «Эффект» ЛКНО желісі
Достарыңызбен бөлісу: |