184
Еңбек тәсілдерін білікті, тәжірибелі жұмысшыларбы бақылау арқылы
анықтайды. Ең оңтайлы әдістер мен тәсілдерді таңдау негізінде рационалды
еңбек үрдісін жобалайды, оны сәйкес ұйымдастыру құжатында (картада,
сызбада және т.б.) бекітеді.
Жетілдірілген еңбек әдістері мен тәсілдерін енгізу жолдары әртүрлі. Ең
тиідісі тікелей жұмыс орнында өндіріс новаторларының көрсетуі, мастер-класс
жргізу болып табылады. Ең жақсы нәтижені көрнекті құралдарды қолдану
береді: тақырыптық кино- және видеофильмдер, диапозитивтер, плакаттар,
сызбалар, альбомдар, модельдер, көрмелерге, үлгілі кәсіпорындарға бару.
Тұрақты қабылдау үшін нақты жұмыс орнында еңбекті ғылыми
ұйымдастыру картасын құрастырады, орындаушыларға нұсқау жүргізеді, оның
меңгеруін басқарады. Еңбектің озық әдістерін оқытуды үлгілі кәсіпорындарда,
учаскелерде, арнайы біліктілікті арттыру курстарында, тақырыптық семинарда
ұйымдастырады.
Достарыңызбен бөлісу: