Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


қарама-қарсы ластану және жағымсыз салдарлар тәуекеліне



Pdf көрінісі
бет69/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

қарама-қарсы ластану және жағымсыз салдарлар тәуекеліне әкеледі. Өмірдің бастапқы 
кодын бұзу осы саладағы зерттеулер мен әзірлемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 
басқарушы органдар ынтымақтасу және өзара іс-қимыл жасау қажет болатын осындай 
ауқымды салдарларға әкелуі мүмкін. Саланы жеткіліксіз реттеу туралы алаңдаушылық үшін 
«қолдан жасалған» биохакинг жағдайларының жиілеуі, сондай-ақ генетикалық түрлендірілген 
организмдердің қоршаған ортаға белгісіз шығарылу тәуекелдерінің артуы маңызды себеп 
болып табылады. Бұл қызықты тарауда синтетикалық биологияның көптеген сын-қатерлері 
мен артықшылықтары қарастырылады.
Биоалуантүрлілікті сақтаудың компенсациялық механизмі (biodiversity offsets).
 
Бірыңғай емес, бірақ әлемдік қоғамдастықта танылған және ЭЫДҰ ұсынған табиғи 
ортаны сақтау үшін шешім экологиялық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету 
жөніндегі жобаларға (6 қызмет стандарты) халықаралық стандарттарға негізделген 
биоалуантүрлілік үшін өтемақылар (biodiversity offsets) болып табылады (6 қызмет стандарты: 
Биоалуантүрлілікті сақтау және тірі табиғи ресурстарды тұрақты басқару»).
Осы тетікті жоспарлау мұнай мен газ өндіру жөніндегі жобаларды әзірлеудің бастапқы 
кезеңінде қажет. Бұл ретте өтемақы шараларын дайындау ғалымдар дайындаған ғылыми 
негіздемелермен, бақылаулармен (ботаниктер, топырақтанушылар, жануарлар мен құстардың 
түрлері бойынша тар мамандар) бекітілуге тиіс.
Өтеу тетігінің мақсаты биологиялық әртүрлілік пен экожүйелердің жоғалуын барабар 
өтеуді қамтамасыз ету және олардың ысыраптарын болдырмау және қалпына келтіру жөнінде 
шаралар қабылдау болып табылады. Өтемақы тетігінің негізгі қағидаттарының бірі төменде 
көрсетілгендей иерархиялық қағидатты сақтау болып табылады:
1) 
шығынның алдын алу: жобалық циклді іске асырудың ең бірінші кезеңдерінен 
биоалуантүрлілік компоненттеріне кез келген әсерді болдырмау үшін бағытталған шараларды 
қабылдау;
2) 
шығындарды барынша азайту: болдырмау мүмкін болмайтын әсер ету ұзақтығын, 
қарқындылығын және/немесе дәрежесін (тікелей және жанама) қысқарту бойынша шаралар 
қабылдау;
3) 
шығындарды жұмсарту (қалпына келтіру): толығымен болдырмау немесе барынша 
азайту мүмкін емес әсерлерді жеңілдету жөніндегі шаралар қабылданғаннан кейін тозған 
немесе жойылған экожүйелерді қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау;
4) 
шығындарды өтеу: салдарларынан құтылуға болмайтын кез келген қалдық қолайсыз 
әсерлерді өтеу жөніндегі шаралар биоалуантүрлілікке «жалпы нөлдік ысырапқа» немесе 
«жалпы оң әсерге» қол жеткізу мақсатында барынша азайтуға және/немесе оңалтуға тиіс. Өтеу 
іс-шаралары биологиялық әртүрліліктің жоғалуы орын алатын немесе болжанатын аудандарда 
азып-тозған тіршілік ету орындарын қалпына келтіру, тозу процестерін тоқтату немесе өзге де 
107
ЮНЕП баяндамасы "2018/19 жылдың алдыңғы шептері"
(
https://www.unenvironment.org/ru/resources/doklad-
peredovye-rubezhi-201819-goda-namechayuschiesya-problemy-imeyuschie-ekologicheskoe)


135 
тәуекелдерді төмендету, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру түрінде іске 
асырылуы мүмкін.
Халықаралық табиғат қорғау қоғамдастығында биоалуантүрліліктің жоғалуын өтейтін 
объектілерді (biodiversity offsets) құру идеясы мен тәжірибесі әлі күнге дейін көптеген дауларды 
тудырады. Негізгі қауіптер табиғат қорғауды бақылаушы органдардың биоәртүрліліктің жай-
күйіне қайтымсыз әсер ететін жобаларды іске асыруға рұқсат беруді ереже ретінде қабылдауы 
мүмкін екендігімен байланысты, мұндай жобаларды негіздеу кезінде, егер бұл компаниялар 
басқа аудандарда өтемақы объектілерін құруға кепілдік берсе, өндірістік компаниялардың 
жобалық қызмет салаларында кез-келген әсер етулеріне рұқсат бере отырып, объектілердің 
бірдейленуінің орнын толтыратын нысандарды құру ұсынылады.
Мысалдар:
Ресей. Өтемақының бір мысалы ретінде екі жұмыс істеп тұрған қорықшаның базасындағы 
132000 га «Бурейский» ЕҚТА-ны және Ресей Федерациясының Амур облысындағы Болашақ су 
қоймасының айналасында Нижне-Бурейский ГЭС-ін салу кезінде биоалуантүрлілік үшін 
өтемақы ретінде құру болып табылады. ГЭС құрылысы үшін жануарлардың, құстардың және 
өсімдіктердің мекендейтін жері болған 15000 га жуық аумақты су басу қажет болды. Осы 
аумақтың биоәртүрлілігін сақтау үшін құрылған «Бурейский» табиғи паркінің аумағында 
қоректендіретін кешендер, ұя салуға арналған тіректер және өсімдіктерді қайта отырғызуға 
арналған іс-шаралар жүргізілді. Осылайша, іс-шаралар жиынтығы осы аумақтың 
биоәртүрлілігін сақтауға және сонымен бірге ГЭС құруға мүмкіндік берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет