Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет70/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

Мадагаскар. Мысалдардың бірі Мадагаскардағы Rio Tinto кен орнында ильменит 
(ilmenite) кен орнын игеру болып табылады. Биоалуантүрлілікке жағымсыз әсер шамамен 1,665 
га литоральды орманның жоғалуы (Мадагаскардың литоральды ормандарының жалпы тіршілік 
ету ортасынан 3,5%) болды. Орман биоәртүрлілігінің шығындарын өтеу үшін Rio Tinto 
шамамен 6000 га литоральды және литоральды емес ормандар отырғызды.
Канада. Өтемақы тетігі – экологиялық қорды құру және негізгі түрлерді көшіру. Terasen 
компаниясы халықаралық нарықтарға, сондай-ақ Шығыс Канада мен Солтүстік Америкаға 
экспортты ұлғайту мақсатында Trans Mountain газ құбырын кеңейтуді жүзеге асыруға тиіс 
болатын. Бірақ бұл газ құбыры екі ЕҚТА - Jasper ұлттық паркі және ЮНЕСКО-ның 
дүниежүзілік мұра нысандарының тізіміне кіретін Mount Robsen штатының паркі арқылы өтті. 
Мақсат-нөлдік жоғалтуға және биоалуантүрліліктің өсуіне қол жеткізу. Газ құбырын кеңейту 
барысында сирек кездесетін өсімдіктер мен топтардың, жабайы жануарлардың, орман 
алқаптарының сезімтал тіршілік ету орындарын қорғау бойынша шаралар, сондай-ақ шу 
деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылданды. Компания жоба аяқталғаннан кейін бес 
жыл ішінде экожүйелердің жай-күйіне және газ құбырын кеңейту кезінде қозғалған 
аумақтардың биоәртүрлілігіне мониторинг жүргізу міндетін өзіне алды. Компания сондай-ақ 
газ құбырын кеңейту бойынша жобаның әсеріне кешенді экологиялық бағалау жүргізді
Өтемақы сомасы 3 млн.долларды құрады, оның 2,3 млн. доллары Trans Mountain мұра 
қоры деп аталатын экологиялық қорды құруға жұмсалған болатын. Trans Mountain мұра қоры 
жыл сайын екі саябақтың аумағында табиғат қорғау іс-шаралары мен зерттеулерді жүргізеді.
Бекітілген биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі ұлттық стратегия мен іс-қимыл жоспарының 
(БСҰСІЖ) болмауына байланысты Қазақстанда биоәртүрлілікті сақтау немесе ерекше 
қорғалатын табиғи аумақтар желісін дамыту мәселелеріне басты назар аударылатын 
қолданыстағы стратегиялық құралдар жоқ. БӘК 6-ббына сәйкес, әр тараптан биоәртүрлілікті 
сақтау және теңгерімді пайдалану бойынша ұлттық стратегияларды, жоспарларды немесе 
бағдарламаларды жасауды талап етеді.
2011-2020 жылдарға арналған БӘК Стратегиялық 
жоспарының №17 мақсатты міндеті былай деп жазылған: «2015 жылға қарай әрбір тарап тиімді, 
бірлескен және жаңартылған ұлттық стратегия мен іс-қимыл жоспарын әзірлеп, саяси құрал 
ретінде қабылдады және оларды іске асыруға кірісті».
БӘК жоғарыда көрсетілген базалық 
талаптарын сақтау тұтастай алғанда Қазақстанның халықаралық міндеттемелерді, оның ішінде 
орнықты даму саласындағы 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Күн тәртібінің 11.4 және 15.5-
міндеттерін орындауына ықпал ететін болады.
Осыған байланысты: 
(a) тиімді, бірлескен және жаңартылған ұлттық стратегия мен биоәртүрлілікті сақтау 


136 
жөніндегі іс-қимыл жоспарын тиісті дәрежеде КБР-ның қолданыстағы стратегиялық 
жоспарлары мен тиісті жұмыс бағдарламаларын ескере отырып әзірлеу, қабылдау және жүзеге 
асыруға кірісу; 
(b) экожүйелер мен биологиялық түрлерді сақтау жөніндегі іс-қимыл жоспарларын және 
(немесе) бағдарламаларды әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыруға кірісу; 
(c) ұзақ мерзімді перспективада осындай іс-қимыл жоспарларын іске асыруды қамтамасыз 
ету үшін жеткілікті ресурстарды тарту қажет.
108


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет