Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуінің іс-шараларын іске



Pdf көрінісі
бет3/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

1. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуінің іс-шараларын іске 
асыру және көрсеткіштеріне қол жеткізу 
1.1 Су ресурстарын тұрақты пайдалану 
 
Ағымдағы жағдай және нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу.
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамада су тапшылығының қаупі және су 
ресурстарын тиімсіз басқару Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуі мен әлеуметтік дамуы 
үшін негізгі кедергі болу мүмкіндігі атап өтіледі. Су ресурстарының өсіп келе жатқан 
тапшылығының проблемаларын ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылығында суды пайдаланудың тиімділігін арттыру жолымен, сондай-ақ 
трансшекаралық өзендер ағынының сенімділігін арттыру жөніндегі халықаралық іс-шаралар 
есебінен шешу болжанып отыр. 
Қазақстанның тұщы суының жалпы қоры 429 км
3
мөлшерінде бағаланады, оның ішінде: 
- 80 км
3
мұздықтарға тиесілі; 
- 190 км
3
көлдерде шоғырланған; 
- 101 км
3
- өзен ресурстары; 
- 58 км
3
- жер асты суларының болжамды қоры.
ҚР ЭГТРМ Су ресурстары жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасы өзендерінің 
орташа көпжылдық ағысы 90,0 км
3
мөлшерінде деп белгілейді. Олардың 50,8 км
3
шектес 
мемлекеттерден келіп түседі, 54,5 км
3
Қазақстан аумағында қалыптасады, 47,1 км
3
(оның ішінде 
3,70 км

қайтарылатын ресурстар) шектес мемлекеттерге ауысады, 15,5 км
3
сүзуге және 
булануға жұмсалады. Алайда, бұл сандар тұрақты болып табылмайды және жыл сайын жылдың 
сулылығына және климаттық өзгерістерге байланысты өзгереді. Мәселен, соңғы жылдары 
судың біршама ұлғаюы байқалады (орташа көпжылдық мәндермен салыстырғанда), бұл 
климаттың жылынуына және тау мұздықтарының еруінің жылдамдауына байланысты судың 
қысқа мерзімді молаю мүмкіндігі туралы климаттық болжаммен сәйкес келеді. 
Атап айтқанда, Мемлекеттік су кадастырының
5
деректері бойынша Қазақстан 
Республикасындағы жер үсті су ресурстарының сомасы 2018 жылы 110,7 км
3
құрады, мұның өзі 
108,5 км
3
тең келетін нормамен салыстырғанда орташа су көлемін білдіреді. 
Тұщы судың қосымша көздері жерасты сулары, олардың қорлары пайдалануға бекітілген 
15,4 км
3
құрайды, ал тұщы жер асты суларының болжамды ресурстары жылына 40,4 км
3
жетеді 
(оның ішінде қазіргі уақытта жылына 1,2 км
3
өндіріледі)
6
, тұщы теңіз сулары және басқа да 
көздер болып табылады.
Жер асты суларының негізгі қорлары Балқаш-Алакөл және Ертіс 
бассейндерінде (қорлардың жалпы көлемінің 66%-ы). 
Жер асты сулары кен орындарының қорларын түгендеу жыл сайын жер асты сулары 
қорларының мемлекеттік балансын жасау жолымен жүргізіледі. 2018 жылы мемлекеттік 
теңгеріммен 42,6 млн. м
3
/тәулігіне қоры бар 3544 кен орны есепке алынды. 2019 жылы 42,9 
млн.м
3
/тәулігіне бекітілген пайдалану қоры бар 3922 кен орны есепке алынды.
Нысаналы мақсаты бойынша пайдалану қорлары мынадай болып бөлінеді: шаруашылық-
ауыз сумен жабдықтауға арналған – 15,4 млн. м
3
/тәул (35,9%); өндірістік-техникалық сумен 
жабдықтауға арналған – 2,2 млн. м
3
/тәул (5,1%); жерді суаруға арналған – 18,9 млн. м
3
/тәул 
(44%) және кешенді пайдалануға арналған – 6,4 млн. м
3
/тәул (14,9%).

Мемлекеттік су кадастры. Жер үсті және жер асты суларының ресурстары, оларды пайдалану және сапасы. 
2018жыл. Жылдық басылым. 
6
Қазақстанның су ресурстарын басқару 2020-2030 жылдарға арналған бағдарламасы жобасының 
тұжырымдамасы 



Жер асты суларының аумақтық ресурстары әркелкі бөлінген, бұл елдің жекелеген 
өңірлерінің қорларымен қамтамасыз етілуіне әсер етеді: ресурстардың шамамен 50% елдің 
оңтүстігінде, 30% орталық, солтүстік және шығыс өңірлерде және 20% батыста шоғырланған.
Жерасты сулары ресурстарымен (млн. м
3
/тәулік) : Алматы (16,7), Шығыс Қазақстан (6,5), 
Жамбыл (4,7), Павлодар (3,9), Қарағанды (2,8), Оңтүстік Қазақстан (2,1), Ақтөбе (1,9), Қостанай 
(1,1), Қызылорда (1,5) облыстары қамтамасыз етілген.
Жерасты сулары ресурстарымен шектелген (тәулігіне млн. м
3
): Солтүстік Қазақстан (0,2), 
Атырау (0,3), Батыс Қазақстан (0,3), Маңғыстау (0,4) және Ақмола (0,5) облыстары (1.1.1-
кесте.). 
1.1.2-кесте. Су бассейндерінің қамтамасыз етілуі 
Бассейннің атауы 
Жергілікті су 
ресурстары, км
3
Трансшекаралық су 
ресурстары, км
3
Жерасты сулары, 
км
3
Басқа көздер, 
км
3
Барлығы, 
км
3
Арал-Сырдария 
3,4 
14,6 
0,2 
3,2 
21,4 
Балқаш-Алакөл 
15,4 
12,2 
0,4 
0,4 
28,4 
Ертіс 
25,9 
7,8 
0,2 

33,9 
Есіл 
2,5 
0,1 
0,1 

2,6 
Жайық-Каспий 
4,1 
7,1 
0,2 
0,3 
11,7 
Нұра-Сарысу 
1,4 
0,1 
1,5 
Тобыл-Торғай 
1,6 
0,3 


1,9 
Шу-Талас 
1,6 
2,6 
0,1 

4,3 
ҚР 
бойынша 
барлығы 
55,9 
44,7 
1,3 
3,9 
105,8 
Дереккөз: Мемлекеттік су кадастры 
Қазіргі уақытта жер асты суларынан жалпы су алу тәулігіне 2,4 млн. м
3
(баланстық 
қорлардың 15,3%) құрайды және шаруашылық-ауыз су қажеттіліктері үшін резервте 13,3 
млн.м
3
/тәул. қор тұр. Алматы (1,1) және Оңтүстік Қазақстан (0,3) облыстарында жер асты 
сулары ең көп алынады (млн. м3/тәулік), ең азы-Атырауда (0,001). 
Су ресурстарын пайдалану үшін кепілдік берілген жалпы көлемі 
7
табиғат қорғау 
мақсатында пайдалану және шектес мемлекеттерге міндетті ағындарды қамтамасыз ету үшін 
қажетті суды есепке алмағанда жылына 23,2 км
3
құрайды.
Су ресурстары тапшылығының проблемасы судың уақыт пен кеңістікте біркелкі 
бөлінбеуіне байланысты, жер бетіндегі судың 90%-ына дейін көктемгі айларға келеді және су 
ресурстары елдің шығысы мен оңтүстік-шығысының тау бөктеріндегі және таулы 
облыстарында шоғырланған. Қуаң жылдары сумен қамтамасыз ету деңгейі 60%, ал жекелеген 
өңірлер (Орталық Қазақстан) бойынша барлығы 5 - 10% құрайды, бұл ретте тапшылық 
негізінен суармалы егіншілікке келеді. Ерекше қиын жағдай мына трансшекаралық өзендер 
бассейндерінде қалыптасады: Сырдария (тапшылық - 1,2 - 3,5 км
3
), Орал (тапшылық - 1,7 км
3
дейін), Іле, Шу, Талас. 
Қолайсыз климаттық және трансшекаралық гидрологиялық жағдайлар кезінде 
перспективада 2040 жылға қарай Қазақстан бойынша жер үсті ағынының жылына 11,4 км

азаюы болжануда. 
Су ресурстарының сапалық жай-күйі туралы ақпарат тоқсан сайын және жыл сайын 
Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаның жай-күйі туралы «Казгидромет» РМҚК 
шығаратын ақпараттық бюллетеньдерде жарияланады. 
Қазақстан Республикасында тұщы суды жалпы тұтыну тұрақты түрде 2013 жылы 22,5 
км
3
бастап 2017 жылы 25,3 км
3
-ге дейін, 2018 жылы 23,5 км
3
-ге дейін өсуде, 2019 жылы – 25,4 
7
Қазақстанның су ресурстарын басқару 2020-2030 жылдарға арналған бағдарламасы жобасының 
тұжырымдамасы 



км
3
. Сондай-ақ тасымалдау кезінде ысыраптар 2013 жылы 2,5 км
3
-тен 2017 жылы 3 км
3
-ге 
дейін, 2018 жылы 3,3 км
3
, 2019 жылы 3,2 км
3
-ге дейін өсуде (1.1.2-кесте және 1.1.1-сурет).
Суды пайдаланудың негізгі үлесі 2019 жылы ауыл шаруашылығы өндірісіне тиесілі — 
елдегі су тұтынудың жалпы көлемінің 62,4%. 
1.1.2-кесте. Тұщы су алу
8
Көрсеткіштер 
Бірлік 
Жылдар 
2017 
2018 
2019 
Жерүсті суларын алу * 
млн. м³ 
21422 
22522 
22495,1 
Жерасты суларын алу ** 
млн. м³ 
22454 
23542 
23516 
Тұщы су алу (барлығы) 
млн. м³ 
929 
172 
911 
Үй шаруашылығына тұщы су алу 
млн. м³ 
929 
172 
911 
Ауыл шаруашылығына, орман шаруашылығына және балық 
шаруашылығына тұщы су алу
млн. м³ 
16272 
14968 
13178 
Оның ішінде ауыл шаруашылығында суландыру 
мақсатында пайдаланылған су 
млн. м³ 
713 
11974 
10300 
Өңдеуші өнеркәсіптің тұщы су алуы және электр 
энергетикасы кәсіпорындарының тұщы су алуы 
млн. м³ 
5421 
5536 
4222,8 
Экономикалық қызметтердің басқа түрлерінің тұщы су алуы 
млн. м³ 
521 
2866 
1909,2 
Тасымалдау кезіндегі су шығыны 
млн. м³ 
2993 
3719 
3295 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет