154
Жан-Франсуа Лиотар
Жан-Франсуа Лиотар 1924 жылы 10 тамызда Версаль қаласында дүниеге
келген. 1998 жылы 21 сәуірде Францияның астанасы Парижде қайтыс болды.
ХХ ғасырдың кӛрнекті ойшылы, философ-постмодернист және
әдебиет
зерттеушісі.
Жан-Франсуа Лиотар Сорбонда философия бойынша білім алған. 1950
жылы шығыс Алжирде философиядан дәріс берген.
1954 жылы Лиотар француздардың «Социализм или варварство» атты
саяси ұйымына мүше болған. Бұл ұйым оның шығармашылығының дамуына
кӛп әсер еткен. Сондықтан да ол Константинде сабақ бере жүріп, кӛптеген алға
қойған жоспарларын жүзеге асырған.
1970-1987 жылдар аралығында ол «Париж VIII»
университетінде сабақ
беріп, кейін «профессор» атағын алған. Одан кейінгі он жылда әлемнің
кӛптеген елдерінің университеттерінде: Калифорнияда, Ирвинде, Берклида,
Йельский университетінде,
сондай-ақ АҚШ-ғы Сан-Диего, Канадада және
Бразилиядағы Сан-Паулода дәріс оқыды. Париждегі
Халықаралық философия
ұжымының кеңесшісі және негізін салушы болды.
1998 жылы «Постмодернизм және БАҚ теориясы» конференциясына
дайындалып
жатқан кезінде, күтпеген жерден асқынған аққан ауруымен
ауырып, дүние салды. Жан-Франсуа Лиотар «постмодернизм»
ұғымын жан-
жақты зерттеп, кӛптеген іргелі еңбектер қалдырды. Ол Париждегі «Пер-Лашез»
зиратында жерленген.
Достарыңызбен бөлісу: