Практикалық тапсырма 1. Кәсіпорында құрал-саймандарды пайдалану тиімділігін арттыру
мақсатымен жүргізілетін іс-шараларға маркетингтік зерттеулер жүргізу.
Жұмыстың мақсаты: Құрал-саймандарды пайдалану тиімділігін
арттыру саласындағы маркетингтік зерттеулердің ерекшеліктерін игеру.
Орындау тəртібі: - технологиялық құрал-саймандар шығаратын кәсіпорынды таңдаңыз;
- импорттық жабдықтарға арналғана технологиялық құрал-
саймандарды шығару және пайдалануды зерттеңіз;
- кәсіпорынның құрал-саймандарға техникалық сервис көрсетуін
талдаңыз;
- құрал-саймандарды пайдалануда техникалық жәрдемдесу бойынша
орындалған жұмыстарды зерттеңіз.
Практикалық тапсырма 2. Өндірістің технологиялық құрал-саймандармен қамтылуы туралы
аналитикалық ақпаратты қалыптастыру.
Жұмыстың мақсаты: технологиялық құрал-саймандар туралы
аналитикалық ақпаратпен танысу.
Орындау тəртібі: - өндіріс түрі жекеленген немесе кіші сериялы кәсіпорынды таңдаңыз;
- жеке жұмыс орнында технологиялық құрал-саймандардың
айналымын қадағалаңыз;
- жеке жұмыс орнында технологиялық құрал-саймандардың
айналымының тиімділігін бағалаңыз.
Бақылау сұрақтары 1. Құрал-саймандарды пайдалану тиімділігін арттыру саласындағы
маркетингтік зерттеулердің негізгі компоненттерін атаңыз.
2. Технологиялық құрал-саймандар туралы аналитикалық ақпаратты
қалыптастыру үшін не істеу керек?
3. Құрал-саймандарды пайдалану тиімділігін арттыру үшін қандай
мәселелерді шешу керек?
4. Аспап шаруашылығының тиімділігін арттырудың негізгі жолдары.
2.2 Технологиялық жабдықтарды монтаждау, реттеу, баптау және жөндеу Ғылыми-техникалық прогрестің даму қарқыны машина жасау өндірісін
жоғары өнімді технологиялық жабдықтармен, Автоматты желілермен,
сандық басқарылатын станоктармен, роботтармен және манипуляторлармен
және т.б. үздіксіз қанықтырумен қатар жүреді. Күрделі және алуан түрлі
жабдықты пайдалану оған қызмет көрсетуге, сапалы және уақтылы жөндеуге
қойылатын талаптарды арттырды. Жабдықты жөндеу шығындары цехтың
жалпы шығындарының 12 ÷18% құрайды [11].
Сондықтан технологиялық жабдықты монтаждау, реттеу, баптау және
жөндеу құны өндіріс рентабельділігінің құрамдас бөліктерінің бірі болып
табылады.