59
Қалпына келтіру нәтижесінде жаңа құрал-сайманның
қажеттілігі екі есе
азаяды.
3. Топтық және әмбебап-құрастыру саймандарын және типтік
технологиялық процесстерді қолдану аумағын кеңейту, аспапты стандарттау
және бірегейлендіру деңгейін арттыру.
4. Арнайы бір типтес аспаптарды шығару жұмыстарын кәсіпорынның
аспаптық цехында жүргізу, қалпына келтірілген қаспаптар мен саймандар
санын арттыру.
5. Жұмысшылардың кескіш аспапты алуға
және тапсыруға кететін
уақытын азайту. Бұған жұмыс орындарын құрал-саймандармен толық
қамтамасыз ету арқылы қол жеткізуге болады. Ол үшін орталық аспаптар
қоймасынан (ОАҚ) кескіш аспаптарды
жұмыс орындарына алдын-ала
жасалған кесте бойынша жеткізіп тұру керек.
6. Құрал–сайман шаруашылығының жұмысын реттеу мақсатында
қорлардың қозғалысы мен жұмыс орындарын құралдармен қамтамасыз етуді
үнемі бақылауға мүмкіндік беретін "максимум-минимум" жүйесін енгізу,
яғни айналым қорлары мен сақтандыру қорларының нормаларын сақтау,
қажетті аспаптарға немесе технологиялық
құрал-саймандарға уақтылы
тапсырыс беру.
Достарыңызбен бөлісу: