Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сейтпанов п. К., Каpтабаев а. Т., Алпысбаев а. А

Pdf көрінісі
бет79/240
Дата09.10.2022
өлшемі6,14 Mb.
#41994
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   240
Байланысты:
Металл кесу

3 - БӨЛІМ. МАЙЛАУ-САЛҚЫНДАТУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН 
СҰЙЫҚТЫҚТАР 
 
Кіріспе 
 
"Майлау-салқындату материалдары және сұйықтықтар" модулін игеру 
барысында білім алушы теориялық білім алумен қатар майлау-салқындату 
материалдары мен сұйықтықтарын тәжірибеде қолданға дағдыланады.
Оқу мақсаттары: 
 
Осы модульді зерделеу нәтижесінде білім алушы 
білетін болады: 
- металл кесетін станоктардың жіктелуін, таңбалануын, құрылысын, 
техникалық сипаттамаларын және арналуын; 
- металл кесетін станоктардың кинематикалық схемаларын; 
- токарлық және токарлық-фрезерлік «центрлерді», олардың арналуын; 
- металл кесетін станоктардың бөлшектері мен тораптарының тозу шегі 
мен нормаларын, ақаулықтарды анықтау және оларды жою тәсілдерін
- жабдықты майлау схемасын, майлау мезгілдері мен қолданылатын 
материалдарды; 
- еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жүргізілетін іс-
шараларды, жабдыққа қызмет көрсететін персоналға нұсқаулар беруді. 
орындай алады: 
- жабдықты жоспар бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуді, ақаулар 
ведомостарын жасауды; 
- жабдықтарды майлау бойынша маршрут пен наряд-тапсырма 
дайындауды, МСС-дың белсенділігін арттыруды; 
-жабдықтарды майлау бойынша жеке технологиялық карталарды 
дайындауды, МСС толтыруды және алмастыруды. 
Алдын ала талаптар: 
Осы модульмен жұмыс жасамас бұрын студенттер сызу, математика, 
физика, химия, геометрия сияқты пәндерді оқуы керек. 
Қажетті оқу материалдары: қалам, дәптер, қарындаш, сызғыш, өшіргіш, 
калькулятор. 
 
Металл кесетін станоктарды іске қосу-баптау жұмыстары кезінде: 
- жабдықтың барлық үйкелісетін бөліктерін және подшипниктерді 
мұқият майлау керек; 
- жабдықты тиімді майлауды қамтамасыз ету үшін май құйғыштарды
пресс-май құйғыштарды, лубрикаторларды, т. б. тиісті майлармен толтыру 
керек; 
- майланатын беттерге майдың түсуіне кедергілерді жою қажет; 
- станоктың жүрісін және бос жүрісте жүргізіп жаттықтыруға (обкатка)

104
дайындығын тексеру керек.
Жабдықтың жұмыс істеу ұзақтығы көп жағдайда дұрыс таңдалған 
майлау материалдарын қолдануға байланысты болады. Оларды майдың 
немесе майлау-салқындату материалдарының сорты мен маркасы, сонымен 
қатар майлау режимдері көрсетілген станоктарды жасап шығаратын 
зауыттардың нұсқаулықтарына сәйкес пайдаланады [16].
Машина жасаудағы технологиялық жабдықтардың тиімді жұмыс істеуі 
майлау түріне және майлау режиміне байланысты болады. Сондықтан, 
жабдықты жақсы пайдалану үшін майлау-салқындату сұйықтықтарының 
қызу температурасын, олардың ластануын, оларға су мен ауаның түсуін, 
олардың ағып кетуін мұқият қадағалаған жөн.
Май жүйелерінде және технологиялық жабдықтың үйкелісетін 
түйіндерінде майдың қызып кетуі майлау сапасына әсер етеді. Майдың 
температурасы үйкелісетін түйіндер мен технологиялық процесстер 
нәтижесінде үлкен жылу бөлінуіне байланысты жоғарылауы мүмкін, 
сондықтан технологиялық жабдықты пайдалану кезінде жүйелердегі майдың 
температурасы, үйкелісетін бөліктердің қызып кетпеуі бақылауда болғаны 
жөн. Подшипниктердегі температураның артуы май сүзгілерінің, 
клапандардың және штуцерлердің бітелуіне, майдың ағып кетуіне, май 
сорғысының бұзылуына және майдың таусылуына себеп болады.
Май температурасының көтерілуінің рұқсат етілген шектік мәні 
бөлмедегі ауа температурасынан (20-25°С) 30-50°С-қа жоғары Егер қызу 
температурасы көрсетілген шектік мәннен асып кетсе, онда ыстыққа төзімді 
майлар мен майлайтын заттарды қолданған жөн.
Майдың қызып кетуі оның қызмет ету мерзімінің күрт төмендеуіне 
әкеп соғады, майдың температурасы әрбір 10°C-қа көтерілген сайын ол 2 есе 
тез тотығады, яғни пайда болған тұнбалар мөлшері артады.
Подшипниктер мен басқа да үйкелісетін тораптардың майлау 
жүйелеріндегі тығыздағыштардың ақаусыз екендігін жүйелі түрде тексеру 
майлардың тез ластануына жол бермейді.
Кәсіпорынның кейбір цехтарындағы ауада белгілі бір мөлшерде 
аэрозольдар болады. Майлау материалына судың қосылуы (майлар немесе 
консистенттік майлау материалдары) оның майлау қасиеттерін айтарлықтай 
нашарлатады. Су, әдетте, жабдықтың үйкелісетін тораптарына жабдықты 
жуу кезінде, іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу кезінде түсуі мүмкін. 
Сондықтан, үйкелісетін тораптар мен майлау жүйелеріне судың енуіне жол 
бермеу үшін әртүрлі тығыздағыштардың күйі үнемі бақылауда болуы қажет.
Ауамен араласу нәтижесінде майлар көбіктенеді де, бақылауға 
арналған шыныларға түседі, көбік май деңгейін бақылауға кедергі келтіреді 
және май сорғысының жұмысын бұзады. Көбіктену майдың тотығуын 
үдетеді және майдың қызып кетуіне себеп болады, нәтижеде майдың 
салқындату қасиеті нашарлайды.
 
105

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   240

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет