Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сейтпанов п. К., Каpтабаев а. Т., Алпысбаев а. А


 Металл кесетін станоктардың жіктелуі және сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет80/240
Дата09.10.2022
өлшемі6,14 Mb.
#41994
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   240
Байланысты:
Металл кесу

 
3.1 Металл кесетін станоктардың жіктелуі және сипаттамасы,
оларды қолдану аумағы 
Металл кесетін станоктардың даму тарихы станоктың токарлық 
станоктың суппортының пайда болуынан басталады. 1751 жылы француз 
инженер-өнертапқыш Жак де Вокансон алғаш рет токарлық кескішті бекіту 
үшін арнайы құрылғы қолданған, осылайша ол металл бетінің қалыптасуына 
адам қолының араласуын толық жойды. 
Қазіргі кезеңде металл кесетін станоктар көптеген белгілері бойынша 
жіктеледі [17]: 
1. Дəлдік класы бойынша: 
- қалыпты дәлдік (Н); 
- жақсы дәлдік (П); 
- жоғары дәлдік (В); 
- ерекше жоғары дәлдік (А); 
- ерекше дәл станоктар (С). 
2. Массасы бойынша: 
- жеңіл (m < 1 т); 
- орташа (m = 1 ÷ 10 т); 
- ауыр (m = 10 ÷ 100 т); 
- бірегей (m >100 т). 
3. Автоматтандыру дəрежесі бойынша: 
- қолмен істейтін станоктар; 
- жартылай автоматтар; 
- автоматтар; 
- сандық бағдарламамен басқарылатын (СББ) станоктар; 
- икемді өндірістік жүйелер. 
4. Арналу дəрежесі бойынша: 
а) Әмбебап станоктар. Олар жекеленген және сериялық өндірісте 
бөлшектердің үлкен номенклатурасын шағын партиялармен шығаруда, 
сондай-ақ жөндеу жұмыстарында қолданылады. 
б) Арнайыланған станоктар. Орташа және үлкен сериялы өндірісте бір 
типтес бөлшектерді үлкен партиялармен шығару үшін қолданылады. 
в) Арнайы станоктар. Үлкен сериялы және жаппай өндірісте бір 
өлшемді бір бөлшекті жасау үшін қолданылады. 
5. Орындалатын жұмыстардың жəне қолданылатын кескіш 
аспаптың түрлеріне байланысты бойынша металл кесетін станоктар 11 
топқа бөлінеді.  
1. Токарлық станоктар. Осы станоктардың көмегімен ішкі және сыртқы 
айналма беттер өңделеді. 
2. Бұрғылау және қайрау станоктары. Бұл станоктарда айналып 
тұратын кескіш аспап көмегімен дайындамадағы тесіктер өңделеді. 
3. Аяққы өңдеуге және келтіруге арналған станоктар. Мұнда кескіш 
аспап ретінде абразивті «кругтар» мен абразивті «брусоктар» қолданылады . 


106
4. Ажарлау станоктары. Кескіш аспап ретінде абразивті «кругтар», 
ленталар, ұнтақтар, пасталар қолданылады және дайындаманың әртүрлі 
беттері өңделеді. 
5. Тіс өңдеуші станоктар. Мұнда шестернялар мен тісті доңғалақтардың 
тістері өңделеді. 
6. Фрезерлік станоктар. Көпжүзді аспап көмегімен дайындаманың 
әртүрлі күрделі беттері өңделеді. 
7. Сүргілеу станоктары. Ілгері-артқа қозғалып тұратын кескіш 
аспаптың көмегімен көмегімен бөліп кесу және сүргілеу операциялары 
орындалады .
8. Бөліп кесетін станоктар. Негізінен прокат дайындамаларын бөліп
кеседі.
9. Шығару станоктары. Көп тісті кескіш аспап көмегімен 
дайындамадағы ішкі және сыртқы күрделі беттер өңделеді.
10. Ойып кесетін станоктар. Бұл топқа токарлық винт-кескіш 
станоктардан басқа барлық станоктар кіреді 
11. Қосалқы әртүрлі станоктар. Бұл топқа жоғарыда келтірілген 
станоктардың 10 тобына кірмейтін барлық станоктар жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет