74
4.
Жалпы білім беру процесінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар
балаларды қолдау бойынша педагог-ассистенттерге арналған әдістемелік
ұсынымдар
Психологиялық-педагогикалық
қолдау
–
бұл
тұтас,
жүйелі
ұйымдастырылған қызмет, оның процесінде әр баланы білім беру ортасында
табысты оқыту мен дамыту үшін әлеуметтік-психологиялық және
педагогикалық жағдайлар жасалады.
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар баланы психологиялық қолдауды
педагог-психологтың тарапынан дамыту, оқыту, тәрбиелеу, әлеуметтендіру
міндеттерін шешуде балаға, ата-аналарға және педагогтарға психологиялық
қолдау және көмек көрсетудің кешенді технологиясы
ретінде қарастыруға
болады.
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар баланы психологиялық-
педагогикалық колдау бойынша білім беру ұйымының инклюзивті қызметін
ұйымдастыру жағдайларының арасында:
1) Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялармен
(ПМПК) ынтымақтастықта болу;
2) Басқа да инклюзивті және арнайы білім беру ұйымдарымен өзара іс-
қимыл жасасу, оның ішінде технологиялармен, материалдармен, ақпаратпен
және құжаттармен өзара алмасу;
3) Инклюзивті білім беру міндеттерін іске асыру үшін
дайындалған
педагогикалық кадрлардың болуы;
4) Мамандардың және педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру
әдістері мен формаларын әзірлеу;
5) Қолдау мамандары командасында инклюзия бойынша үйлестіруші (оқу
ісі меңгерушісі), психолог, арнайы педагог, логопед, әлеуметтік педагог,
педагог-ассистент және т.б. болуы;
6) Тиісті міндеттерді анықтай отырып, мамандардың қызметін білім беру
ұйымындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумының
(ПМПк) құрамында ұйымдастыру;
7) Кедергісіз ортаны қоса алғанда, архитектуралық қайта өзгертулер;
8) Сыныптың білім беру кеңістігін өзгертетін арнайы жабдық пен
құралдардың болуы қажет.
Баланы инклюзивті білім беруге толыққанды қосу үшін жеке тәсіл қажет,
яғни оқыту әр баланың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыратындай етіп
ұйымдастырылуы тиіс. Мұндай нәтижелерге қол
жеткізуге ерекше білім беру
қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке
бағдарламасын әзірлеу көмектеседі.
Осылайша, ЕБҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау
ЕБҚ бар балалармен жұмыс істеу үшін жағдайлар жасау мәселесі бойынша
білім беру ұйымының педагогтеріне әдістемелік көмек ретінде жүзеге
асырылуы тиіс. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды
психологиялық-педагогикалық қолдау балаға жаңа әлеуметтік кеңістікте
75
бейімделуге тиімді көмек көрсету, коммуникативтік құзыреттерді және өзін-өзі
реттеу дағдыларын қалыптастыру, ата-аналар құзыретін және психологиялық
сауаттылығын арттыру, педагогикалық ұжымның
кәсіби деңгейін жетілдіру
жұмыстарын қамтиды.
Есту қабілеті бұзылған балалармен жұмыс істеу бойынша педагог-
ассистенттерге арналған әдістемелік ұсынымдар
Есту қабілеті бұзылған балалардың санатына есту қызметі толық (яғни,
қайтымсыз бұзылған, өйткені есту қабілетін қалпына келтіруге болмайды) екі жағы
да (екі құлағы) бұзылған балалар жатады, бұл ретте айналасындағылармен
қалыпты (есту арқылы) сөйлесу қиындатылған (нашар еститін) немесе мүмкін
емес (саңыраулық). Балалардың бұл санаты әртекті топтарды білдіреді.
Есту жағдайына қарай нашар еститін (кереңдіктен зардап шегетін) және
естімейтін балалар деп бөлінеді.
Нашар есту ‒ есту қабілетінің тұрақты төмендеуі, ол сөйлеу тілін
қабылдауда қиындық тудырады. Кереңдік ‒ сыбырлап сөйлеуді қабылдау
шамалы бұзылғаннан бастап қатты әңгімелесу сөзін қабылдаудың күрт
шектелуіне дейін әртүрлі дәрежеде байқалуы мүмкін. Кереңдігі бар балаларды
нашар еститін балалар деп атайды.
Саңыраулық ‒ есту қабілетінің өте тез зақымдану дәрежесі, бұл ретте сөзді
анық қабылдау мүмкін емес. Естімейтін балалар ‒
бұл ерте балалық шақта
пайда болған немесе туа біткен, есту аппаратының терең, толық екіжақты
бұзылуы бар балалар.
Есту қабілетінің төмендеу дәрежесінің әртүрлі жіктемелері бар. Біздің
елімізде едәуір көп тарағаны Л.В. Нейманның аудио-лого-педагогикалық
жіктемесі болып табылады, ол білім беру ұйымдарында кеңінен пайдаланылады
және медицина мекемелерінде пайдаланылатын халықаралық жіктеме [30].
Есту қабілетінің төмендей бастаған уақытына қарай балалар екі топқа
бөлінеді:
-
ерте естімей қалған балалар, яғни есту қабілетінен
өмірінің бірінші-
екінші жылдарында айырылған немесе естімей туған балалар;
-
кеш естімей қалған балалар, яғни есту қабілетінен 3-4 жасында және
одан кеш айырылған және салыстырмалы түрде естімеудің кеш туындауына
байланысты тілі сақталған, балалар; «кеш естімей қалған балалар» терминінің
өзі көпшілік қабылдаған термин болып табылса да, шартты сипатқа ие, өйткені
балалардың бұл тобын саңыраулық қашан пайда болғаны емес, есту қабілеті
жоғалса да, сөйлеу тілінің сақталып қалу фактісі сипаттайды.
Кеш естімей қалған балалар, өздерінің ерекшеліктеріне байланысты, есту
қабілеті төмендеген балалардың ерекше санатын құрайды.
Дамуында қосымша ауытқулардың болуы немесе болмауына қарай есту
қабілеті бұзылған балаларды мына топтардың біреуіне жатқызуға болады:
-
дамуында қосымша ауытқулары жоқ балалар;
76
-
дамуында қосымша (бір немесе бірнеше) ауытқулары бар балалар:
зердесі, көру қабілеті,
тірек-қозғалыс аппараты, эмоционалдық-ерік саласы
бұзылған.
Атап өтілгендей, есту қабілетіндегі бұзылыс, бірінші кезекте, едәуір
дәрежеде есту анализаторының жағдайына байланысты болатын психикалық
қызметті ‒ сөйлеу тілін қалыптастыруға теріс ықпал етеді.
Сөйлеу тілінің жағдайы бойынша есту қабілеті бұзылған балалардың
арасынан: сөйлемейтін (үйретілмеген балалар); сөйлеу тілінде жекелеген сөздер
ғана кездесетін балаларды (алғашқы үйрету сатысындағы);
аграмматизмі бар
қысқа фразаларды айтатын балаларды; аграмматизмі бар үлкен фразаларды
айтатын балаларды; жасына сәйкес қалыпты фазада сөйлейтін балаларды атап
өтуге болады.
Осылайша, есту қабілеті бұзылған балалар әртекті топты білдіреді, ол
есту қабілетінің бұзылу дәрежесімен (сол немесе өзге дәрежеде байқалатын
кереңдік және саңыраулық) және сипатымен (кондуктивнті, сенсоневралды
және аралас кереңдік); есту қабілеті төмендеген уақытпен; сөйлеу тілінің даму
деңгейімен; дамуында қосымша ауытқулардың
болуымен немесе болмауымен
сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: