Калиева Куралай - www.kuralay.kz
12
Шығарамын сӛзімнен.
Міржақып Дулатұлы
Егер сіз ӛз бақытыңыз ӛзгелерге тікелей байланысты деп ойласаңыз,
онда сізде проблема бар. «Ӛз ӛміріңіз – ӛз қолыңызда». Иә, бұл ұстанымға
біреу сеніммен, біреу күдіктеніп қарайтыны рас. Егер сіз бақытты болуды
армандасаңыз, ӛміріңіз ӛз қолыңызда екеніне ӛзіңізді сендіре отырып,
бақытқа қарай нық қадамдар жасауға міндеттісіз. Мақсатына жету үшін
ӛзін-ӛзі дамыта білген адамға алынбайтын асу, берілмейтін белес болмайды.
Есіңізде болсын, жауапкершілікті ӛз басыңыздан ысырып тастап,
ӛзгелерді кінәлау арқылы еш нәрсе ұтпайсыз. Егер бақытты болғыңыз келсе,
бүгінгі күнгі бақытыңыз бен бақытсыздығыңызға ӛткен уақыттарда ойлаған
ойыңыздың, қабылдаған шешіміңіздің, істеген ісіңіздің нәтижесі екендігін
мойындаңыз. Кінәлі сіз, басқа ешкім емес.
16. Отбасыңызға жұмысқа тұрыңыз.
Сіз не деп отырсыз деп, таңданып отырсыздар ма? Таңданбаңыз.
Шынымен де ӛзіңіздің отбасыңызға келіп, жұмыстан кейін, әбден
шаршағанда қызмет атқару керек екенін ұмытпаңыз. Ұнамай ма? Ендеше
тыңдаңыз. Сіз жұмысқа әдеміленіп дайындаласыз, кешікпей уақытында
барасыз. Барған бетте міндеттеріңізді бастығыңыздың кӛңілінен шығатындай
орындайсыз. Нәтижеге жұмыс істейсіз. Жұмыстағы әріптестеріңізбен жақсы
қарым-қатынаста болуға тырысасыз. Себебі сізге жұмыста бет-бедел керек.
Бір сӛзбен айтқанда, қасықтап бедел жинайсыз. Сол жинаған беделіңізді
біреудің немесе бір жағдайдың шашып кетуіне жол бермейсіз. Енді
ойланыңыз, әрине, жұмыс маңызды. Дегенмен, отбасынан маңыздырақ па?
Ал сіз үйде әдемі болып жүруге, жұмыстан кешікпей келуге, ер
азаматыңыздың кӛңілін табуға, сүйікті жардың, асыл ананың міндетін
қалтықсыз орындауға, отбасы мүшелерімен: ата-енеңіз , жарыңыз,
балаларыңыз олардың алдында неге құлшынбайсыз? Неге отбасы алдында
бет –бедел жинамайсыз? Жұмыстан шаршап келдім деген сылтауды айтып,
отбасыңызға салқынқандылықпен қарасаңыз, бақытты әйел, бақытты
отбасын қалай армандайсыз? Жұмыстан кейінгі жұмысты шын ниетіңізбен,
жүрегіңіздің кӛзімен жақсы кӛріп орындаңыз. Сіз одан ләззат алмасаңыз,
қиындық кӛрмейсіз. Сонымен, бақыттың алтын кілтін қолында ұстаған
ханым, 24 сағат еңбек сізге бақыт әкеледі. Тек қана алға!
Достарыңызбен бөлісу: |