Бақыт пенен дәулеттің ұстайтұғын қазығы. Кердері Әбубәкір Қымбатты ханымдар! Әлемде бақытты әйелдер ӛте кӛп! Неге олар бақытты ? Иә, бұл сұраққа алысқа бармай-ақ: «Оның жолы болғыш»



Pdf көрінісі
бет16/25
Дата18.10.2022
өлшемі0,75 Mb.
#43844
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Байланысты:
Әйел бақыты

Калиева Куралай - www.kuralay.kz 
15 
рухани жүктілік болу керек деген мәселе кӛтеріліп жүр. Сонда ғана қайтпас 
қайсар данышпан, нағыз кӛшбасшы, жеңімпаз ұрпақ дүниеге келеді. бұл 
ұстанымды ұл ӛсіріп, қыз ӛсіріп отырған біздер мен сіздер есімізден 
шығармағанымыз абзал.
 
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» 
Халық мақалы 
Қалай десек те, баланың бірінші тәрбиеленетін орны – отбасы. Баланың 
тұлға ретінде қалыптасатын жері де осы отбасы. Дүниеге келген бала - ең 
бірінші әке-шешесіне қарап ӛседі, әке-шешесіне қарап бой түзейді.
Шал ақын:
Бір жаста, екі жаста бесіктемін, 
Бес жаста Тәңірі берген несіптемін. 
Алты жаста қайыңның тозындаймын, 
Жеті жаста ойпаң жердің бозындаймын, 
Он жасымда сүт емген қозыдаймын, 
Он бесте жарға ойнаған лақтаймын, - деген ӛлең шумағында бала 
сана-сезімінің даму жолдары, бой мен ойдың қоса дамуындағы әр жастың 
ӛзіне тән ерекшеліктері, әртүрлі ішкі-сыртқы жағдайларда баланың жан 
дүниесінің біртіндеп нәрленіп, жаңа мазмұнға ие болып отырғандығы 
байқалады. Міне, ӛсіп келе жатқан ұрпақ ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін 
ақтау – ӛз болашағыңды сақтау. Ендеше, баланың бойына білім ұрығын 
сеуіп, ғылым-білімге махаббаттандыру ең бірінші отбасынан басталуы керек. 
Ойымызды қорыта айтар болсақ, балаға бірінші үлгі 
– ата-ана.
Бала – ата-
ананың кӛз нұры, кӛңіл қуанышы.
Ата-анасының сӛзін сыйлап, оларға құлақ 
асу, пікірлес болу – отбасы тіршілігінің бір ғанибеті ғой, шіркін! 
Бірақ бала 
отбасында ғана тәрбиеленіп қана қоймайды ғой. Оның тең құрбылары 
болады. Сондықтан баланың ойнайтын құрбысы жақсы болу керек деген 
сӛзге салқынқанды қарамаңыз.
Жақсымен бірге жүрсең, жақсы боларсың, 
Жаманмен бірге жүрсең, жын ұрып бақсы боларсың
Халық мақалы 
Отбасынан қанаттанып, құрбысынан қуат алып , алып-ұшып бала 
ұстаздың алдына келеді. Алдына келген балаға сенім қалыптастырып, ата-
анасымен бірге оның рухын шыңдап отыру, нағыз ұстаздың ісі. 
Қымбатты аналар, баланың тұлға болып қалыптасуына қажет үштікті 
білдіңіздер ғой? Ендеше, балаларыңызға ана болумен қатар, құрбы, ұстаз 
бола біліңіздер. 
Ал білімге келер болсақ, бала басында білімге құштарлықпен бас бұра 
қоймайды. Ол үшін бала ғой алдаңыз, алдауға кӛнбеген жерде күштеңіз. Ал 
білімге құштарлықты әдетке айналдырсаңыз, балаңыз білімді бола отырып, 
ӛмірдегі орнын белгілейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет