Калиева Куралай - www.kuralay.kz
11
жұмыс істейді.Тек оларға дұрыс сұрақ қоя отырып, дұрыс бағдарлама беру
керек. Қазір кӛпшілігімізде ол нейрондарда қандай бағдарлама тұр, айтайын
ба? Күйеуіңді немесе жігітіңді қызғану, телефонын аңду, енемен немесе
құрбымен аңдысу, инстадағы елдің ӛмірін аңду, коментарии жазу, сериалдар
кӛру, ақша жоқ, жетпейді, бәрі қымбат, шаршадым . Міне, миыңыздағы
нейрондар осындай бағдарламамен тәулік бойы 24 сағат жұмыс істеп жатыр.
Себебі сіз осының кез келгенін күні-түні ойлайсыз. Жамандық - миға кіретін
вирус, жақсылық та - миға кіретін вирус. Жақсылық айтсаңыз, миыңыздағы
нейрондарға жақсылықтың бағдарламасын құрасыз. Сол үшін ешқашан
жаман ойға жол бермеңіз.
Керемет, орынды болды. Армандадық, мақсат қойдық, нәтижесі бізге
белгілі болды. Енді сол мақсатқа жету үшін талпынамыз, әрекеттенеміз,
ерінбейміз!
Осы жерде сіздерге айтарым, адам арманын мақсатқа айналдыра
отырып, оның нәтежиесіне сеніп , қиялында кӛре отырып, ерінбей
әрекеттенсе , АРМАНЫНА жетпей қоймайды!!!
Ол жәй арман ғой, арман орындалмағанымен арман, арман деген қиял ғой
деген пікірдегі ханымдарға айтарым: отырып алып армандап, әрекеттенбесек,
қандай арман болса да орындалмайды.
15. Бақытты әйел көйлегін киіп жүріңіз
Қазір ХХІ ғасыр болса да, бұндай кӛйлек сатылмайды.Енді оны қайдан
аламын дейсіз ғой? Ӛзіңіз тігесіз... Қазір бәріміз әртүрлі мекемеде жұмыс
істейміз, құдайға шүкір бала үшін, ер азаматымыздың бір шетінен шығайық
деп жұмыс істеп жүрміз. Біреу біреуге жалданып істейді, біреу бір жерде
бастық, біреу бір жерде ӛзінің кәсібін жүргізеді , ӛте жақсы тамаша! Керемет
лидерсіздер! Енді үйге келгенде, босағадан аттай бергенде, сол жұмыстағы
мінездеріңіз бен болмыстарыңызды сыртта қалдырып, бақытты әйел рӛлінде
үйге кіру керек. Ер азамтыңыздың қасына барып амандасыңыз, нағыз әйел,
адал жар ретінде. Балаңыздың қасына барыңыз, мейірімді ана болып. Тағы
басқа ӛмірде қандай рӛлде болуыңыз керек, шатастырмай кӛйлегіңізді
ауыстырып ала қойып, ӛз орныңызды, ұстанымыңызды ұстай қалыңыз.
Бұның ӛзі бір - ӛнер. Иә, бақытты әйелдің ӛмірі қызыққа толы. Егер де
жұмыстағы бастық кӛйлегіңізбен үйге кіріп кеттіңіз бе, бітті , сізді әйел
ретінде, ана ретінде, әпке немесе сіңілі ретінде, келін ретінде қабылдамайды.
Отырасыз да қаласыз. Сонан соң күйеуім біртүрлі, бала тыңдамайды, әпке,
сіңілілерім мені жақсы кӛрмейді, қайын жұртыма тіпті керек емеспін деп
налисыз. Сізде нағыз ер азаматтың қасында болу үшін лидерлік қасиет болу
керек. Лидер ол су сияқты .Кез келген қалыпқа құюға болатын адам.
Кӛйлегіңіз құтты болсын!
Жақсылық кӛрсем ӛзімнен,
Жамандық кӛрсем ӛзімнен.
Тағдыр қылды дегенді ,
|