Калиева Куралай - www.kuralay.kz 20
табандылықпен қозғалуда. Дәл осылай еңбектің, табандылық пен
талпыныстың арқасында сіз ӛз отбасыңыздың, бақытты отбасыңыздың
ханымы бола аласыз.
24.Ер азаматыңызды хан санаңыз! Кез келген иісі қазақ отбасы мүшелерінің отбасында ӛзі атқаратын рӛлі
болуы керек. Сіз ханым болғыңыз келсе, ер азаматыңызды хан санаңыз.
Есіңізде болсын, бір-біріңізді сүйіп қосылғаннан кейін отбасындағы еркек
пен әйелдің энергетикасы үйлесімділікте болуы керек. Ер адамның
психологиясында жақсы кӛрген адамының кӛңілінен шығу үшін ӛзінің
еркектік энергиясын әлсіретеді екен.Түсінікті болу үшін мысал келтірейін,
отбасындағы маңызды мәселелердің шешімін шығарарда, сіз кӛшбасшылық
танытып былай болсын десеңіз, ер азаматыңыз сізге деген сезімнің жетегінде
сіздің шешіміңізбен келісе салады, уақыт ӛте береді, сіз маңызды шешімдерді
қабылдай бересіз .Ал ер азаматыңыз сіздің қалтарысыңызда қала береді. Осы
жерде не еркек емес, не әйел емес адамның қасында ӛмір сүргіңіз келмесе,
отағасын №1 адам ретінде дамытыңыз. Бұл бала тәрбиесі үшін де, ӛзіңіз үшін
де, туыстарыңыздың алдындағы ер азаматыңыздың беделі үшін де ӛте
маңызды. Еріңіздің беделін кӛтере отырып, оның ӛмірге деген, отбасына
деген құлшынысын арттырасыз. Құлшыныс бар жерде энергия бар. Энергия,
бұл - ӛмір. Сіз білесіз бе, неге Марс планетасына үнемі каметалар құлайды.
Ал жерге құламайды. Себебі Марста ядро жоқ, яғни энергия жоқ. Ал жерде
ядро бар, яғни энергия бар. Сол үшін жерде тамаша ӛмір бар. Ӛмірде
табиғаттан таптырмайтын нәрселерді үйренуге болады.
25.Ер адам - мықты жан. Ол нәзік жанды әйелден қолдау күтпейді. Қымбатты ханымдар, ер адамның басына іс түскенде, оның шешімін
бірге табуға ұмтылмаңыз. Жағдайдың шешімін табуға оған сенімділік таныта
отырып, ӛзін жіберіңіз. Оның ӛзіне деген сенімділігі жоғалса да, сіздің ер
азаматыңызға деген сенімділігіңіз жоғалмасын. Ештеме жоқ, бұдан да қиын
кезде жол тапқансыз. Бұл жолы да жол табасыз. Мен сізге сенемін!
Сенім –табыстың болсын, қарым –қатынастың болсын бірінші және
соңғы баспалдағы. Адам қатты ізденсе, кез-келген істің шешімін табады.
Отағасының ойын кезіккен кедергіге емес, оны шешу мүмкіндігіне бұрыңыз.
Құраннан: «Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер бір-бірлеріне кӛмекші, ӛкіл» («Тәубе», 71-аят) деген аятты оқығанда Алла Тағаланың Ӛз жаратылысындағы даналық-хикметі жанұядағы ердің де, әйелдің де тең дәрежеде бақытты ғұмыр кешуін және әйелдің ер адамның қамқорлығында болуын, оған бойұсынуын айтқанын аңғарамыз. Әйел адам сабырды ерінен алады. Ері оған сабырлы болу – мұң-мұқтажыңды Алладан басқа ешкімге тіс жарып айтпау керектігін ұғындырады. Әйел адам басына қиын іс түскенде, үнсіздікке жүгініп, Алладан алақаны арқылы жәрдем сұрайды. Әйел жаны күйзеліске ұшыраған сәтте, байбалам салмайды, Алланың разылығы үшін барынша байыптылық танытады. Сӛйтеді де ӛзінен асқан