Калиева Куралай - www.kuralay.kz 21
рухани бай адам жоқ екенін дәлелдейді. Алла Тағала әйелге ері арқылы ӛзгесі құлдилап құрып бара жатқанда, қаймықпай алға ұмтылсын деп ерік-жігер берді. Міне, мұның барлығын әйел адам жанында мықты қорғаны, қамқоршысы болғанда ғана жасай алады. Отбасының берекесі мен тыныштығын, бақытын ойлаған, ерінен бір саты тӛмен тұруды ақылдылық деп ұққан, ең мықты тірегі бар әйел қауымына сүйсініп қарамау мүмкін емес!» Халық даналығында: «Жақсы әйел жаман еркекті хан етеді, Жаман әйел жақсы еркекті ез етеді» - деген ғой.
26. Жолы болмайтын еркекке ғашық болмаңыз. Еркектерді тӛрт сапалық құрамға бӛлуге болады.
1.Нағыз еркектер. Бұлар ірі және орташа деңгейдегі кәсіпкерлер. Бұндай
еркектер тарих жасайды. Олардың мақсаттары ӛміршең. Олар батыл,
айналасындағы болып жатқан құбылыстарға жауапкершілікпен қарайды.
2.Жәй еркектер. Бұлар ұсақ кәсіпкерлер, ірі ұйымдастырушылар,
директорлар, орынбасарлар. Бұлардан болашақта нағыз еркек шығады. Тек
уақыттары әлі келген жоқ, дамыту керек.
3.Еркектер . Олар біреуге жалданып, жұмыс істейді, ӛйткені ӛзіне
жауапкершілік алуға, ӛзіне қызмет етуге дайын емес. Ендеше оларда бәрі
жете бермейді, бала тәрбиесіне уақыттары болмайды. Бірақ, оларды
ӛзгертуге болады.
4.Еркек?.. Маскүнемдер, наркамандар, ӛз ойы жоқ, паразиттер, біреудің
арқасында ӛмір сүретіндер. Ең қорқыныштысы, бұларды кӛрген оның
балалары солай болып ӛсуі мүмкін. Мұндай еркектің қасында ӛзіңіз жолы
болмайтын ханымға айналуыңыз ғажап емес.
27. Өткенге өкінбеңіз! Өткенге өкінген адам болашағына кедергі келтіреді. Кешегі күнін армандап немесе ӛткен ӛміріне налып жүрген адамның
болашағы болмайды. Кӛптеген ханымдар кеңеске келгенде, махаббатпен
күйіп-жанып тұрмысқа шыққан едім,енді ондай сезім қайда кеткенін
білмеймін деп, бір-бірімен ақылдасып алғандай басын ұстап қапаланып
отырады. Білесіз бе, бұл - шынында да үлкен проблема. Кӛптеген отбасы осы
себептен ажырасып жатады.
Құрметті ханымдар, енді осының тӛркініне тереңірек үңіліп
қарайықшы. Бұл жерде олар отбасына деген жауапкершілік, үйдегі
міндеттері, қамқорлық бар бола тұра, лапылдаған сезім жоқтығын айтып
тұрған жоқ па?!. Алғашқы кездегі лапылдап тұрған сезім шынымен керемет,
сондықтан да біз ӛмір бойы бірге болу үшін, бір-бірімізге кӛп бақыт сыйлау
үшін үйленеміз. Мен сіздерге айтайын, лапылдаған сезім бар, бірақ ол -
уақытша сезім. Махаббаттың әртүрлі кезеңдері бар, оның температурасының
тӛмендеуі отбасының тарихы бітті деген сӛз емес, әрине. Лапылдаған сезім
адамның миын айналдыратын, эйфория жағдайға түсіретін допамина мен