Калиева Куралай - www.kuralay.kz 22
норфенефринге толтырады. Осы кезде ағзамыз ұйықтай алмай, тіпті тәбетіміз
тӛмендеп кетеді. Одан кейін әйелдерге қарағанда, ер адамдарда бұл
кӛрсеткіш жылдамырақ тӛмендейді. Сонан соң қалыпты жағдайға түседі.
«Ертеде біреу бір ғұламадан: - Үйленгенде менің әйелімнен асқан сұлу жоқ сияқты еді деп. Сонда ғұлама: әлемдегі бар сұлу әйелді жинап үйленсең де, уақыт ӛте келе, олардан да ондай сұлулық кӛрмейсің деп» Міне, ащы да
болса, шындық. Лапылдаған сезім іздеудің қаншалықты қажеті бар екенін
енді түсінген боларсыздар. Отбасы тек лапылдаған сезім мен гүл сыйлаудан
тұрмайды. Алғашқы бірнеше жылдан кейін лапылдаған сезімнің орнына,
қорғаушымыз бар екеніне, отбасымыз мықты екеніне сенімділік сезімі келеді.
Бұл күй бізге оңтайлылық пен кішкене жалқаулық әкеледі. Мұнда тұрған
ешқандай жаман нәрсе жоқ. Лапылдаған сезім ӛз шегіне жеткенде терең де,
ӛміршең махаббатқа айналады. Ӛмірде де солай емес пе, табиғаттан бәрін
үйренуге болады. Лапылдаған от тез жанады, ал одан қалған ыстық кӛмір
ыстық қалпын сақтап жанады.
28.Оң зарядтағы ханым болыңыз. Нағыз ер азаматтар ханымдардың ішкі энергетикалық жағдайына кӛңіл
аударады.Әйелдерді оң зарядтағы , бейтарап , теріс зарядтағы деп бӛлуге
болады. Олар:
+ Еркектің беделін кӛтеретін Еркек туралы басын қатырмайтын - Еркектің беделін түсіретін Нағыз еркектер ханымдармен сӛйлескеннен кейін шабыты кемігенін
қаламайды, керісінше, кӛңіл күйлері кӛтерілгенін, шабыттана отырып жұмыс
істегенді қалайды. Нағыз еркектер ӛзіне жауапкершілік алады., қатерге басын
тіге отырып, ӛзін аямайды, проблемадан қашпайды, керісінше, оны шешеді.
Сондықтан олар: + зарядты әйелдерді іздейді.
Ал жолы болмайтын еркектер проблемасымен бӛлісетін, шағымдана
отырып ақша қарыз ала тұратын, жолы болмайтын әйел іздейді, яғни олар:
– зарядтағы әйелдер.
+ зарядтағы әйел ӛзін нағыз ханыммын деп айтуына болады.